kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іздегенде табылатын қасыңнан.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

 

Сабақтың тақырыбы:  Іздегенде табылатын қасыңнан.

№ 12- 13сабақ

Құндылық: «Сүйіспеншілік»   Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі:  Ботабаева Айнур Махсетовна

Сынып –

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар дос, достың қадірін білуді үйренеді.

Сабақтың мақсаты: - «дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:: - достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;

- айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;

- оқушыларды жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы:  а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (4-түрлі топқа бөлу.)

Тыныштық сәті.«Теңіз түбіне саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: А. Бейсебайдың  «Кешірімнің күші» мәтінін сұрау және талдау.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

   «Достық негізі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады» деген қанатты сөзіне  оқушылардың назарын аударту.Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Достық деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

- Дос сөзінің мағынасына үңіліп көрдіңдер ме?

- Достың көп болуы мүмкін бе?

Цицеронның қанатты сөзін оқиды және талқылайды.

4. Әңгімелесу (сұхбат)  Оқулықта ұсынылған «Екі  дос» атты аңыз әңгімені оқуға  ұсынылады.

Қорыту:

-  Аңыз әңгіменің идеясы неде?

-  Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едің?

Аңыз әңгімені оқиды. Талдау жасайды.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар оқулықта берілген жағдаттарды талдай оытып,  сол тақырып бойынша эссе жазу ұсынылады.

Баяу әуен қойылады.

Постер, маркер.

6. Топпен ән айту.      «Ертегі сарай»

                            әні: Б. Дәлденбай сөзі: С. Қалиев

Балалар деп жарқырар күн шырағы

Әй-әй апай халқымыздың шынары.

Жан апайдың салдырған Сарайынан,

Жанымызға тарайды нұр шуағы.

                    Қайырмасы:

Ертегі сарайы

Шертеді талай,

Бар ғаламның жұмбақ сырларын, ғаламат.

Көмкеріп арай,

Елтеді маңай,

Балалардың тыңдап жыр, әнін бағалап.

АКТ-ны пайдалану арқылы әнді бірге шырқайды.

7. Үй тапсырмасы. № 1  М.Әміреевтің «Қимаймын» атты өлеңді  жаттау.

Келесі сабақ. № 2 «Дос жүрегі» атты шығарманы  оқып келу.

 Қорытынды: «Бәрі сенің қолыңда» Флеш – тренинг.

Ә. Ахметовтың  өлеңін оқып келу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Іздегенде табылатын қасыңнан.»

Өзін - өзі тану сабағының жоспары


Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан...

12- 13сабақ

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Ботабаева Айнур Махсетовна

Сынып – 8

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар дос, достың қадірін білуді үйренеді.

Сабақтың мақсаты: - «дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:: - достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;

- айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;

- оқушыларды жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (4-түрлі топқа бөлу.)

Тыныштық сәті.«Теңіз түбіне саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: А. Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін сұрау және талдау.


Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Достық негізі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады» деген қанатты сөзіне оқушылардың назарын аударту.Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Достық деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

- Дос сөзінің мағынасына үңіліп көрдіңдер ме?

- Достың көп болуы мүмкін бе?

Цицеронның қанатты сөзін оқиды және талқылайды.

4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта ұсынылған «Екі дос» атты аңыз әңгімені оқуға ұсынылады.

Қорыту:

- Аңыз әңгіменің идеясы неде?

- Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едің?

Аңыз әңгімені оқиды. Талдау жасайды.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар оқулықта берілген жағдаттарды талдай оытып, сол тақырып бойынша эссе жазу ұсынылады.

Баяу әуен қойылады.


Постер, маркер.

6. Топпен ән айту. «Ертегі сарай»


әні: Б. Дәлденбай сөзі: С. Қалиев

Балалар деп жарқырар күн шырағы

Әй-әй апай халқымыздың шынары.

Жан апайдың салдырған Сарайынан,

Жанымызға тарайды нұр шуағы.

Қайырмасы:

Ертегі сарайы

Шертеді талай,

Бар ғаламның жұмбақ сырларын, ғаламат.

Көмкеріп арай,

Елтеді маңай,

Балалардың тыңдап жыр, әнін бағалап.

АКТ-ны пайдалану арқылы әнді бірге шырқайды.

7. Үй тапсырмасы. № 1 М.Әміреевтің «Қимаймын» атты өлеңді жаттау.

Келесі сабақ. № 2 «Дос жүрегі» атты шығарманы оқып келу.

Қорытынды: «Бәрі сенің қолыңда» Флеш – тренинг.



Ә. Ахметовтың өлеңін оқып келу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.
























Өзін - өзі тану сабағының жоспары.



Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп. № 14-15 сабақ

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Ботабаева Айнур Махсетовна

Сынып – 8

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар махаббат ұғымын тереңірек ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - оқушылар «махаббат» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:: - өз махаббаттарын күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;

- жаныңда жүрген адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

- сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (4-түрлі топқа бөлу)

Тыныштық сәті.«Нұрға бөлену» баяу әуен тыңдау.

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Дос жүрегі» атты шығарманы сұрау және талдау.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.


3. Дәйексөз:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты» деген ой тұжырымына оқушылардың назарын аударту.Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді?

- Жақсы көрудің мәні неде?

- «Бәрінің бастауы махаббат» -дегенді қалай түсінесіңдер?

А. Құнанбаевтың ой тұжырымын оқиды және талқылайды.

4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта ұсынылған «Жеделхат» әңгімесі оқуға ұсынылады.

Қорыту:

- Ана жүрегі нені аңсады?

- Настя сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

- Ана махаббаты шексізбе?

К. Паустовскийдің шағын әңгімесін оқиды.

Осы берілген мәтін бойынша сұрақтарды талқылайды.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға «Әріп таңдау...» атты ойынды ойнату. Ойын ойнату арқылы ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін дамыта түсу.

Баяу әуен қойылады.


Постер, маркер.

6. Топпен ән айту. «Сыр сұлуы»

әні: Н. Еспанов сөзі: З. Шүкіров

Жайраңдап жазда ағатын еді,

Есімде қайран Сыр сұлу.

Таңертең сонда баратын еді,

Толқынға құмар бір сұлу.

Қайырмасы:

Аңсатса Сыр өңірі,

Ән тербер жүрегімді,

Өзіңнен туған ұлың айналсын.

Жайқалған ақ күрішің,

Жаралған шаттық үшін,

Қайран сол, Сыр сұлуы қайдасың?!

АКТ-ны пайдалану арқылы әнді бірге шырқайды.

7. Үй тапсырмасы. № 1 «Туған жер армысың» атты өлеңді жаттау.

Келесі сабақ. № 2 «Жәмилә» атты повестен үзіндіні оқып келу.

Қорытынды: «Бәрі сенің қолыңда» Флеш – тренинг.

Күнделікке жазып алу.


Ш. Айтматовтың повесін оқып келу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.












Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мерзімі

Сабақтың тақырыбы: Адам - әлем бөлшегі.№16- 17 сабақ

Құндылық: «Ақиқат» Қасиеттер: Адамгершілікке және т.б

Мұғалімі . Ботабаева Айнур Махсетовна

Сынып – 8

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адам мен әлемнің байланысты екенін ұғынады.

Сабақтың мақсаты:«Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:: - адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

- өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып- білуге баулу;

- сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (4-түрлі жұлдыздардың атауымен топқа бөлу. )

Тыныштық сәті. Баяу әуен тыңдау.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақтарды еске түсіру және талдау.


Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Адам – ғалам, ғажайып, жеке дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана» деген өлең шумағына оқушылардың назарын аударту.Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар?

- «көк шеңбер», «көкжиек» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Ақжан әл - Машани

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Көкжиек» атты өлеңді оқып, талдау ұсынылады.

Қорыту:

- Адам өзін қоршаған әлемге ықпал ете ала ма?

- «Көк шеңбер», «көкжиек» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Д. Әбілев

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар тақырыпқа байланысты өз жұлдыздары туралы әңгімелеп берулері тиіс.

Баяу әуен қойылады.


Постер, маркер.

6. Топпен ән айту. «Адам бол, адам!»

әні: Ә.Бейсеуов сөзі: Ж. Молдағалиев


Ай, жұлдыз аспан төсін алқалаған,

Жер-ана әлдилеген, арқалаған.

Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ,

Бәрі де саған құштар, дарқан адам.

Қайырмасы:

Адам бол, адам!

Адам бол, адам!

Сұлу бол, адам!

Жылу бол, адам!

Биікте бол, адам!

Сүйікті бол, адам!

Сүйікті бол, адам!


7. Үй тапсырмасы. № 1 Д. Әбілевтің «Көкжиек» атты өлеңін жаттау.

Келесі сабақ. № 2 М. Әуезовтың «Абай жолы» роман- эпопеясының «Қақтығыста» атты бөлімінен үзінді оқу.

Қорытынды: «Бәрі сенің қолыңда» Флеш – тренинг.




8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Ақиқат, ақиқат бар жерде, ақиқат ,ақиқат» бүкіл әлемде.



















Өзін - өзі тану сабағының жоспары.


Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Адам - әлем бөлшегі.№18- 19 сабақ

Құндылық: «Ақиқат» Қасиеттер: Адамгершілікке және т.б

Мұғалімі: Ботабаева Айнур Махсетовна

Сынып – 8

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адам мен әлемнің байланысты екенін ұғынады.

Сабақтың мақсаты:«Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:: - адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

- өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып- білуге баулу;

- сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (4-түрлі жер –су атауларымен топқа бөлу. )

Тыныштық сәті.«Нұрға бөлену»

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Көкжиек» атты өлеңді жатқа сұрау және талдау.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Адам – ғалам, ғажайып, жеке дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана» деген өлең шумағына оқушылардың назарын аударту.Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар?

- «көк шеңбер», «көкжиек» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Ақжан әл - Машани

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Абай жолы» роман- эпопеясының «Қақтығыста» атты бөлімінен үзінді оқып, талдау ұсынылады.

Қорыту:

- Түнгі әлем көрінісі Әбішке қалай әсер етті?

- Өздеріңнің ай –жұлдызбен сырласқан кездерің болды ма?

- Ай сәулесінің жұмбақ кейпін аңғарған сәттерің болды ма?

М. Әуезов

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар «Таңғы шық, жаңа түскен қар, таң шапағы, кемпірқосақ т.б табиғат құбылыстарын постер бетіне суреттейді.»

Баяу әуен қойылады.


Постер, маркер.

6. Топпен ән айту. «Адам бол, адам!»

әні: Ә.Бейсеуов сөзі: Ж. Молдағалиев


Ай, жұлдыз аспан төсін алқалаған,

Жер-ана әлдилеген, арқалаған.

Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ,

Бәрі де саған құштар, дарқан адам.

Қайырмасы:

Адам бол, адам!

Адам бол, адам!

Сұлу бол, адам!

Жылу бол, адам!

Биікте бол, адам!

Сүйікті бол, адам!

Сүйікті бол, адам!


7. Үй тапсырмасы. № 1 Оқулықта берілген өнер туындыларына әңгіме құрып келу.

Келесі сабақ. № 2 Қ. Толыбаевтың «Ақ гүл» атты мәтінін оқып келу ұсынылады.

Қорытынды: «Бәрі сенің қолыңда» Флеш – тренинг.




8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Ақиқат, ақиқат бар жерде, ақиқат ,ақиқат» бүкіл әлемде.


















Өзін - өзі тану сабағының жоспары.


Мерзімі: Табиғаттан нәр алып. № 20-21 сабақ

Құндылық: «Дұрыс әрекет» Қасиеттер: өз-өзіне сенімді болу.

Мұғалімі: Ботабаева Айнур Махсетовна

Сынып 8.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар табиғатты, жер, су, ауаны таза ұстау қажеттігін ұғынады.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың«табиғат», «жер», «су», «ауа», «топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту.

Сабақтың міндеттері:: - оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;

- оқушыларды табиғатты сақтап-қорғауға, аялап-мәпелеуге баулу;

- сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (4-түрлі жер –су атауларымен топқа бөлу. )

Тыныштық сәті.«Орманға саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықта берілген өнер туындыларын сұрау және талдау.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Қыстағы қар жерге ырыс,

Жердегі ылғал – елге ырыс» деген мақалға оқушылардың назарын аударту.Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Табиғат сені қандай әсерге бөлейді?

- Адам мен табиғаттың арасында үйлесім бар ма ?


4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта берілген «Ақ гүл» атты мәтінді оқып, талдау ұсынылады.

Қорыту:

- Жер –ана деген сөздің құдіретін сезініп көрдіңдер ме?

- Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

- Табиғат пен адам үйлесімділігінің сырын қалай түсіндірер едіңдер?

Қ. Толыбаев

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың сабақтан алған білім-біліктерін іс-жүзінде көрсету үшін мүмкіндік беріледі.Оқулықта берілген өнер туындыларына қарап әңгіме құру.

1.Ә. Қастеев. «Жайлаудағы кілемшелер» 1950жыл.

2. Ә. Қастеев «Пейзаж» (этюдте) 1950жыл.

Баяу әуен қойылады.


Постер, маркер.

6. Топпен ән айту. «Туған жер»

1. Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!

Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!

Ауылымның түтіні қымбат маған,

Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Қайырмасы:

Туған жер, өзің дегенде,

Жүремін әр кез елеңдеп.

Бір сезім билеп алады-ау!

Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

2. Көзді тартып жайнайды- ау далаң гүлден

Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!

Бұл өмірде, шіркін- ай, не жетеді,

Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

АКТ-ны пайдалану

7. Үй тапсырмасы. № 1 Дәйексөзді жаттап келу және дәптердегі тапсырманы аяқтау.

Келесі сабақ. № 2 О. Бөкейдің «Алтай» атты мәтінін оқып келу.

Қорытынды: «Бәрі сенің қолыңда» Флеш – тренинг.




8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет» бүкіл әлемде.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Іздегенде табылатын қасыңнан.

Автор: Ботабаева Айнур Максетовна

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457352

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Іздегенде табылатын ?асы?нан» ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(56) "izdieghiendie-tabylatyn-k-asyn-nan-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "195728"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427958913"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Саба? жоспары "Іздегенде табылатын ?асы?нан""
    ["seo_title"] => string(49) "sabak-zhospary-izdieghiendie-tabylatyn-k-asyn-nan"
    ["file_id"] => string(6) "266516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450179588"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Іздегенде табылатын ?асы?нан... "
    ["seo_title"] => string(36) "izdieghiendie-tabylatyn-k-asyn-nan-1"
    ["file_id"] => string(6) "195404"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427904073"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Іздегенде табылатын ?асы?нан...""
    ["seo_title"] => string(31) "izdieghiendietabylatynkasynnan1"
    ["file_id"] => string(6) "298091"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456293272"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Іздегенде табылатын ?асы?нан...""
    ["seo_title"] => string(31) "izdieghiendietabylatynkasynnan2"
    ["file_id"] => string(6) "298092"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456293279"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства