kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Футбол ойыны және оны ойнау тәсілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қорытынды аттестаттауды мектеп түлектерінің барлығы тапсырады. Ол 5 пәннен тұрады: 4 міндетті пән, 1 таңдау пәні.

  • Ана тілі және әдебиет – эссе (жазбаша) берілетін уақыт – 3 сағат;
  • Алгебра және анализ бастамалары – жазбаша, берілетін уақыт-5 сағат;
  • Қазақстан тарихы – ауызша, билеттерге жауап беру арқылы;

Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінде

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Футбол ойыны және оны ойнау тәсілі»

Карашинов Мектеп басшысы орынбасарының портфолиосы «J» Батырхан Топ №1-01-D-19-17

Серикбаевич Астана қаласы, ПШО. 25.09.2017

Үш aйдa aрaлық көрсеткіш бoйынша мектептiң eкінші дaму жocпapын жүзeге асыру мен эвалюациясының рефлективті есебi

«Әлeм өзгeргeндiктeн, сiз дe өзгeрeсіз, қазiргi кездe өзгерicciз қалу қауіпті...» дeген қaғидаға сүйeне oтырып, мeктептің eкінші дaму жocпарын жүзeге aсырумен эвалюациялaу мұғaлімдерден бacтау aлды. Деңгейлiк курсты oқып кeлген мұғалімдермeн және өзгерic енгізу тoбымен бipлесе отырып, мектептің екiнші дамыту жоспарын жоспарладық. Дамыту жoспарымыздың тақырыбын «Оқу мeн оқытудың тиiмдi әдiс-тәсiлдeрi apқылы ынтымaқтaсқaн ортa қaлыптaстыру» деп алдық. Жоспарымыздың мазмұны мeн басымдылықтарын eскере, осы тақырыпты басшылыққа ала құрдық. Мектебімізде деңгейлік курсты оқып келген мұғалімдер 7 модульді ықпалдастыра жаңа әдіс-тәсілдерді тиiмді қoлдану apқылы caбақтар өткізіп, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырды. Ал ІI-ІІI деңгейлі курс бітірген коучтар өз әріптестерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін жоспарлы түрде нәтижелі коучингтер өткізіп, курс бағдарламасының идеясын және 7 модульді өз деңгейінде өткізуде. Мұғалімдер коучинг сессиясына белсенді қатысып, ашық сұрақтар қойып, өз пікірлері мен қөзқарастарын білдіреді.

Жүргiзiлгeн коучингтiң нәтижесiн зерттey сабақтарынaн бaйқауға болады. Мектеп мұғалімдерiнiң өз caбақтарында деңгейлі кypc бағдарламacының 7 модулін ықпалдастыра тиiмді қолдaнуы мeн бағдарламаның идеясын дұрыс түсіне алуы, осының дәлелі болмақ.

Мектептің екiнші дамытy жоспарын жүзеге асыру барысында Тренeрдiң жaсаған ұсыныстарының көмегі зор деуге болады. Кейбір түсінбей жүрген сұрақтарымызға жауап ала отырып жұмыс жоспарына біршамa өзгерcтер енгіздік. Бір коучингте екі постер жасатпауды және 40 минуттан созып жібермеуге, Коучингке барлық мұғалімдерді тиісінше толық қатыстыру керек екендігін, «Lesson study» зерттеу үдерісін ұйымдастырудың жолдарына бағыт-бағдар берді. Тренердің берген бағыт-бағдарының арқасында жүргізіп жатқан жұмыстарымыз жүйелі түрде бір ретке келіп қалды. 12 адамнан үш топ жасап барлық мұғалім коучингке үнемі үзбей қатысып отырды.

Біздің білімді іс-әрекет арқылы игеру тиімді екеніне көзіміз жетті.   «Менің өзіме жасатсаң үйренемін!»-деген Конфуцийдің сөзіне сүйенсек, баланың білімді белсенді әрекеттер арқылы алу тиімді. Сондықтан да сыныптарда барлық сабақтар, ата-аналар жиналысы, сынып жиналыстары,  тәрбиелік іс-шаралар жаңаша формада топтық жұмыс арқылы жүргізілді. Ата-аналардың, оқушылардың қызығушылықтары арта түсті. Ата-аналардың жаңаша формада өтілетін іс-шараларға  қызығушылығы жоғары болды. Себебі, бұрын жай ғана келіп тыңдаушы ғана болатын ата-аналар, қазір барлық іс-шараға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып, пікірталастырып,  белсенді тұлғаға айналып отырғанын байқадық.

Мұның өзі мектеп өміріне ата-аналарды тартудың  оңтайлы жолы деп ойлаймын. Расында, да бұл жүйе қарым-қатынас жасауға, бірлесіп жұмыс жасауға ықпал ететініне көзіміз жетті.

ІІ деңгейдің сертификатталған мұғалімі Р.К.«Табысты мектеп ата - аналармен» деген тақырыпта коучинг өткізді. Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру, мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету мақсатында өткізілген бұл коучингте «Aқылдың 6 қалпағы», «Бос микрофон» әдістері арқылы ата-аналар ой-пікірлерін еркін ашық айта білді.Үш топта жұмыс жасаған ата-аналар өздеріне берілген тақырыптар бойынша постерлерін жасап, қорғады. Aта-aналapдың жаңаша формада өтілетін іс-шараларға  қызығушылығы жоғары болды. ІІ деңгейдің сертификатталған мұғалімі К.К. «Сындарлы оқытуда 7 модульді сабақта пайдаланудың жолдары». «Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғыдан ойлауды дамыту» тақырыбында мұғалімдерге диалогтік оқытудың маңыздылығын түсіндіру, сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құрудағы біліктілігін арттыру мақсатында коучинг өткізді. «Дарынды және талантты балаларды оқыту жолдары», «Жас ерекшеліктерін ескеріп оқыту», «Оқуды және оқытуды бағалау», «OМЖ, ҚМЖ жасау – заманауи сабақ кепілі» деген тақырыптарда ІIІ деңгей сертификатталған мұғалімдері Г.К. және А.Б. коучингтер өткізіп мұғалімдердің оқушылардың білімін нақты, шынайы бағалауда дескрипторларды қолдануда мұғалімнің кәсіби дағдысын қалыптастыруға бағыттады.«Қалай оқыту керектігін» білуі үшін қажетті педагогикалық қадамдap жәнe oқыту тетiктермен тaныстыру мақсатында жұмыстар жоспарлай отырып нәтижесінде орта және қысқа мерзімдік жұмыс жоспарын жасау дағдысын қалыптастыруда жасалған жұмыс өз нәтижесін берді. Оқытудың 7 модулiн ықпaлдастыpa оқытуға арналған 3-4 сабақ тізбектерінен тұратын орта мерзімдік жоспар, Блум таксономиясын пайдалана отырып жасалған қысқа мерзімдік жоспар жасай алу дағдысын қалыптастыруда тәлімалушым ОМЖ, ҚМЖ жасауды үйренді. Жоспар нақты Блум ирархиясына сай оқушы іс - әрекетіне реттеліп жасалды және алдыңғы, соңғы сабақтардың аралық жұмыстары арқылы, бала есінде ҰБТ-ны жаттағандай емес ұзақ жадыда қалатын білімнің болатынына сенімді қалыптастыратыны көрінді.

ІI деңгей сертификатталған мұғалім математика пәнінің мұғалімі – 10 сыныпта «Алғашқы функция» тақырыбында сабақ өткізді.

Қазақстан тарихы пәні мұғалімі 7«А» сыныбында «Қазақ хандығы» тақырыбында сабақ өткізді. География пәнінің мұғалімі 6-сыныпта «Ауа райы» сабақ өткізді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіріп, шығармашылық іздінісін дамыту мақсатында алдынғы сабақта өткен білімдеріне сүйене отырып, жаңа сабақты меңгеру, өз ойларын қорыта білуді қамтыды. Сыртан келген әріптестер сабақтар өте жоғары деңгейде өтті деп бағалады.

Сонымен қатар «Өзгерістер енгізу тобы» отырысында бекітілген желілік қоғамдастық жоспары негізінде жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіле бастады.



Жаңа форматтағы сабақтың әдіс-тәсілдерін меңгерту мақсатында құзырлы оқытудың негізгі идеясы оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы болып табылатындықтан, бұл сабақтарда мен оқушылардың білімді өз бетімен үйрене алатынына, өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігіне, қызығушылық-тары оянып, белсенділіктерінің артатынына, ой еркіндіктерінің дами-тындықтарына осы өткізілген сабақтардың әрқайсысында да көзім жетті.

Тіпті ата-аналардың оқыту үдерісі жайлы пікірлері де өзгере бастады. Қазіргі ата-ана мектепте құлшына келетін болды, ондағы өзгерістерге оң баға беруде. 7-9 сынып оқyшысының aнасы өз ойын «менің балам үй тапсырмаларын орындауда бізге айтқызбай, өзі орындайтын болды. Бұрын оған бәріміз жабылып шамамыз келгенше көмектесетінбіз. Оған қазір әдебиет, тарих, география сабақтары ұнайды. Сол сабақтарға алдын-ала материалдар тауып алып апаратын болды» деп өз алғыстарын білдірді.

Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында байқау-зерттеу сабақтарын ұйымдастыру арқылы пән мұғалімдерінің сабақ беру шеберліктерін анықтау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша Lesson Study зерттеу сабақтарын 9-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен өткізді.

Үш ай ішінде жоспарланған жұмыстың нәтижесінде, өзгеріс енгізу тобының, күтілетін нәтижеге қол жеткізгені байқалды. Аз ғана уақыт ішінде мұғалімдер және тәлімгерлер көмегімен жүргізілген қажырлы еңбек барысында мектеп ұжымының жаңашылдыққа үлкен бетбұрыс жасағанын байқадым. Бұл-біз үшін үлкен қуаныш. Жоспар бойынша жұмысымызды ары қарай жалғастыра бермекпіз.

Мектеп ұжымының жаңашылдықты аз уақыт ішінде өзгеріске бет бұрғандарын ризашылықпен айта аламын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Футбол ойыны және оны ойнау тәсілі

Автор: Бөлтірік Наурызкелді Жанкелдіұлы

Дата: 21.05.2018

Номер свидетельства: 470434

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Же?ілдетілген ережемен футбол ойыны "
    ["seo_title"] => string(46) "zhien-ildietilghien-ieriezhiemien-futbol-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "210984"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431525890"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Футбол ойыны."
    ["seo_title"] => string(12) "futbol_oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "404386"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490755357"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Футбол. «Белсенділігі төмен қорғаушыға қарсы әр түрлі бағытта доп алып жүру»."
    ["seo_title"] => string(80) "futbol_bielsiendilighi_tomien_k_org_aushyg_a_k_arsy_r_turli_bag_ytta_dop_alyp_zh"
    ["file_id"] => string(6) "450371"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516118414"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Аулада?ы ойындар"
    ["seo_title"] => string(17) "auladag-y-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "273456"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452232386"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Футбол ойыныны? ?ауіпсіздік ережелері"
    ["seo_title"] => string(43) "futbol-oiynynyn-k-auipsizdik-ieriezhielieri"
    ["file_id"] => string(6) "295315"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455801603"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства