қазақ тілі орыс мектебіне Класы: 2 Тақырыбы: Дүкендер.
Мақсаты: Іштей оқу және шағын мәтіндерді түсініп оқуды үйрету. Міндеттері: Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тілін әрі қарай дамыту үшін жаңа сөздерді пайдалана отырып, сөздік қорын кеңейту; Дамытушылық: Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін дамыту; Тәрбиелік: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншлігін арттыру, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдістері: монологтік сөйлесім. Көрнелік: сурет, оқулық, аудио-таспа, тақта, бор.
Сабақтың жоспары № Сабақтың құрылымы тиімді педагогикалық технология элементтері негізінде Жұмыс түрлері уақыты 1 Пропедевтикалық практика Кім білгіш? 5 мин 2 Бағыттау Түсау кесу 5 мин 3 Пайымдау Монологтік сөйлеу 8 мин 4 Іс-жүзіндегі практика Ойлан-тап 7 мин 5 Меңгеру практикасы Ізденіс әдісі. 5 мин 6 Сергіту жаттығулары Жаттығулар өткізу 2 мин 7 Өзіндік жұмыс практикасы Зерттеу әдісі 3 мин 8 Дербес үй жұмысы практикасы Өз тірегім 8 мин 9 Бағалау Оқушыларға баға қою 2 мин
Сабақтың барысы Жұмыс түрі Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Сабақ ұйымдастыру кезеңі. 1. кім білгіш?
• Сен немен сурет саласың? • Немен өшіресің? • Қарындашты немен ұштайсың? • Мектепке немен келесің? • Осы құралдарды қайдан аласың? Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі тақырыбымызды анықтадыңдар, яғни тақырып «Дүкендер» деп аталады.
1-тапсырма. Суретке қарайды, аудио-таспаны тыңдайды және қайталайды. ДҮКЕНДЕР
Киім ойыншық кітап азық-түлік
Есте сақта! Дүкен, дүкені, үлкен дүкен, ойыншық дүкені 2-тапсырма. Тыңда, оқы, сөйле. Мынау-ойыншық дүкені. Дүкенде қонжық, қуыршақ, доп, текше, машина, айдаһар бар. Мынау- кітап дүкені. Дүкенде кітап, дәптер, қалам, түрлі түсті қарындаштар бар. Мынау-киім дүкені. Дүкенде көйлек, тон, пальто, етік, бәтеңке бар. Мынау-азық-түлік дүкені. Дүкенде нан, қант, май, кәмпит, шай бар.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру тапсырылады.
4-тапсырма. Кесте бойынша сөйле.
қонжық нан сатып алдым. Мен кітап етік
Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр. Жаттығу жасаймын. Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ Жаттығу оңай-ақ.
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру тапсырылады.
№ 2 дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
136 бет 5-тапсырманы қайталауға беру. Бағалау. Амандасады.
Балалар сұрақтарға жауап беріп, жаңа тақырыпты анықтайды. -мен суретті қарындашпен саламын. -өшіргішпен өшіремін. -қарындашты ұштағышпен ұштаймын. -мектепке сөмкеммен келемін. -құралдарды дүкендерден аламын.
Ұқыпты және дұрыс орындайды. Ойыншық дүкені Кітап дүкені Киім дүкені Азық-түлік дүкені.
Тапсырманы ұқыпты, дұрыс орындайды.
Мынау-ойыншық дүкені. Дүкенде қонжық, қуыршақ, доп, текше, машина, айдаһар бар. Мынау- кітап дүкені. Дүкенде кітап, дәптер, қалам, түрлі түсті қарындаштар бар.
Мынау-киім дүкені. Дүкенде көйлек, тон, пальто, етік, бәтеңке бар.
Мынау-азық-түлік дүкені. Дүкенде нан, қант, май, кәмпит, шай бар.
Сұрақтарға дұрыс жауап береді. бұл ойыншық дүкені. бұл кітап дүкені. бұл киім дүкені. бұл азық-түлік дүкені.
Балалар дұрыс оқып береді.
Мен қонжық сатып алдым. Мен нан сатып алдым. Мен кітап сатып алдым. Мен етік сатып алдым.
Сергіту жаттығу жасайды.
Балалар суретке қарап сұрақтарға жауап береді. -Ойыншық дүкенде: қуыршақ, доп, машина, қонжық, текше бар. -Кітап дүкенде дәптер, қалам, түрлі түсті қарындаштар бар. -Киім дүкенде тон, көйлек, шалбар, етік, бәтеңкі бар. -Азық-түлік дүкенде нан, қант, шай, кәмпиттер бар.