kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дос - өмірлік нұсқа

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі. 7-сынып. Қысқа мерзімді жоспар. Жас мамандарға көмек ретінде өз тәжірибелерінде қолдану үшін ұсынылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дос - өмірлік нұсқа»

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

4-бөлім:Сүйіспеншілік пен достық

«Дос – өмірлік нұсқа»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.1.1.1 -мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;

7.1.5.1 - проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

ӘТН 3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Бағалау критерийлері:

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіне алады;

  • Факті мен көзқарасты ажырата алады.

  • Мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшелігін түсінеді..

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология: 

Достық туралы ойлар, мақалдар, көзқарас

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: 

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Осыған дейін меңгерілген білім

Дос, достық

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы

2 минут


5 минут














Сабақтың ортасы


3 минут












3 минут















































10 минут


10 минут


Оқушылар «1-2-3» санау тәсілі арқылы сыныпты 3 топқа бөлінеді.

Тыңдалым алды тапсырма

Әр топқа сөзжұмбақ шешу ұсынылады. Шешімімен бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылып, мақалдар құрастырылады. Берілген мақалдың мәнін ашып, оған қатысты ой айтылу керек.

СӨЗЖҰМБАҚ

1-топ: Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді.

2-топ:Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

3-топ: Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар

ҚБ «2 жұлдыз, 1 тілек»

Тыңдалым тапсырмасы

Оқушыларға «Достық уақытпен сынала ма?» атты мақала тыңдатылады.

«Достықты кім қалай түсінеді?» сурет арқылы постер

Дескрипторлар:

  1. Тыңдалым материалын түсінеді;

  2. Әр топ өздерінің жұмысына берілген бағалауды талқылайды. Өз ұстанымдарын дәлелдейді.

ҚБ. «Бас бармақ»

Тыңдалым соңындағы тапсырма

ТЖ

Топтаға ұлылар айтқан тұжырымды ойлар ұсынылады. Оқушылар келісу немесе келіспеу себептерін айтады. Өзінің пікірін фактілер келтіріп дәлелдейді. Сөйлеу барысында интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданулары тиіс.

1.А.Шопенгауэр «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді».

2. Парсы жазушысы Кабус «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы».

3..Даниель Дефо «Доссыз қалу - бақытсыздық ең үлкені»
Дескриптор:

  1. Берілген ойдың мәнін түсінеді;

  2. Пікірін фактімен дәлелдей алады;

  3. Сөйлеуде логикалық екпінді дұрыс қолданады.

ҚБ «Үш шапалақ»


Оқылым тапсырмасы

3 топқа 3 тапсырма беріледі.

1-топ: 5-тапсырма мәтіні (оқулықта)

2-топ: Достар

3-топ: Екі дос

Жоспар құру

ҚБ «Бағдаршам»

Оқылымнан кейінгі тапсырма

«РАФТ» әдісі арқылы суреттер топтамасын пайдалана отырып, ақпаратты түрлі формада интерпретациялап жазыңыз (ЖЖ). Көлемі шамамен – 30-40 сөз.

Р - рөл

А – аудитория

Ф - түрі

Т – тақырыбы

1-топ Оқушы

Ең жақын досыма

Хат

Балалық шағымның куәсі

2-топ Оқушы

Болашақтағы өзіме

Күнделік

Балалық шақтан болашаққа

3-топ Блогер

Көпшілік қауымға

Email

Достық пен қастық

Дескрипторлар:

Оқу мақсаты

Дескрипторлар

7.О1. Мәтіндікжәнеграфиктік (кесте, диаграмма, сурет, шарттыбелгілер)ақпараттыинтерпретациялау;

-Тақырыптан алшақтамады;

-Графиктік мәтінге интрепритация жасады;

-Грамматикалық нормаларды сақтады.



Презентация





http://wiki.iteach.kz/images/b/b6/Dostar6.pdf





















Тыңдалым материалы










http://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/21979/






























 http://massaget.kz/layfstayl/bilim/negeli-mir/1524/


Сабақтың соңы

2 минут

Кітаптағы 9-тапсырма

С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін бірігіп шырқау.

Рефлексия

Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы

  1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

  3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)





Достар

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

Екі дос

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»,- деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дос - өмірлік нұсқа

Автор: Кошкенбаева Меруерт Амановна

Дата: 04.06.2018

Номер свидетельства: 472141

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Адал дос-т??ірді? сыйы "
    ["seo_title"] => string(23) "adal-dos-t-n-irdin-syiy"
    ["file_id"] => string(6) "151447"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420708594"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Досты? бірлікте"
    ["seo_title"] => string(16) "dostyk-birliktie"
    ["file_id"] => string(6) "295370"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455807354"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Дос ?адірі" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(27) "dos-k-adiri-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "276030"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452672222"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Конспект к внеклассному мероприятию на тему "Достык кымбат омирде". "
    ["seo_title"] => string(71) "konspiekt-k-vnieklassnomu-mieropriiatiiu-na-tiemu-dostyk-kymbat-omirdie"
    ["file_id"] => string(6) "199650"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428603470"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Саба?ты? та?ырыбы   Мені? досым "
    ["seo_title"] => string(32) "sabak-tyn-tak-yryby-mienin-dosym"
    ["file_id"] => string(6) "216249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432911626"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства