kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Билер сөзі -нақылдың көзі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқының билері, шешендік өнері туралы қазақ әдебиетінен өтілген сабақтың қысқы мерзімдік жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Билер сөзі -нақылдың көзі»

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Билер сөзі-нақылдың көзі

Жалпы мақсат:

Оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;

Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

Мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б


Сабақта қолданылатын материалдар:

Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттерін үйрену

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайдыОртаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында өткізбекпіз. Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз. (мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды) Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып,сол қағаздағы сұрақтарға жауап бересіздер.

Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы. Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

Төле би кім?

Төле бидің қандай толғау,шешендік сөздері бар?

1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ,

Қыз өссе өріс.

2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,

Ерттеулі тұрған атың ғой.

Ел ішінде қарияң болса,

Жазулы тұрған хатың ғой.

Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.

Әйтеке би жайлы не білесіңдер?

Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?

1-оқушы: Қысқаша Әйтеке туралы мәлімет береді.

2-оқушы: Бай болса халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып еш пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе

Осылайша 3,4,5 сұрақтарға жауап береді. Мұғалім:-Біз,балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық. Ендігі біздің үшінші ауылымыз Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағаздарды ретімен алып ондағы сұрақтарға жауап береді.)

-Ал, енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз. Өзіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз. Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:

1. «Менің әжем» 2. «Туған жерім» 3. «Ана»

Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар,одан кейін бағалаймыз.


Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау.Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен - билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие - өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадіріңді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп, сөз өнерін ерекше тани білген.
Шешендік сөздер – ғасырдан - ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.
Шешендік сөздер - қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемді дидактикалық жанр. Шешендік сөздер мазмұнына қарай 3 - ке бөлінеді: Шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
Шешендік арнауға қоғам мен заман өміріне байланысты өлеңдер, бата, тілек жатады.
Шешендік толғау - қоғамды суреттейтін өлеңдер.
Шешендік даудың түрлері: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы, құл дауы.

IV.Шығармашылық жұмыс

Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу:-Егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер қазақтың ұлы ақынының атын оқисыңдар.

Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі

Ерте гүлдейтін гүл

Ел ордасы

Алғаш мектеп ашқан адам







А







Б






А









Й



Мақалдар жарысы: «Жасырынған мақал» ойыны

«Жақсы сөз жан семіртер» ...

«Досы көппен сыйлас» ...

«Отпен ойнама» ....

«Ер туған жеріне...» (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі.)

V.Қорытындылау

Би-шешендердің нақыл сөздерін оқыту, мазмұндау, әділ баға бере білуге даярлау.

VI. Үйге тапсырмасын беру

Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.



Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Билер сөзі -нақылдың көзі

Автор: Бердикулова Айжамал Бибосыновна

Дата: 11.01.2017

Номер свидетельства: 377931

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Билер с?зі -на?ылды? к?зі" Саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(41) "bilier-sozi-nak-yldyn-kozi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "252084"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447331548"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Билер с?зі-на?ылды? к?зі. Шешендік с?здер "
    ["seo_title"] => string(47) "bilier-sozi-nak-yldyn-kozi-shieshiendik-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "165959"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422892248"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Билерді? с?зі- на?ылды? к?зі"
    ["seo_title"] => string(29) "bilierdin-sozi-nak-yldyn-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "250155"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447046155"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(257) "Қазақстан тарихы пәнінен 8 сыныпқа арналған "Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_stan_tarikhy_p_ninien_8_synypk_a_arnalg_an_k_azak_khalk_ynyn_zhon_g_ar_sh"
    ["file_id"] => string(6) "457554"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518674953"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Конспект классного часа на тему: "Бастауышым- бастамам, білімге жолды баста?ан." "
    ["seo_title"] => string(82) "konspiekt-klassnogho-chasa-na-tiemu-bastauyshym-bastamam-bilimghie-zholdy-basta-an"
    ["file_id"] => string(6) "105649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1402899584"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства