kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Беріліс қорабы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

втомобильдерде орнатылған қозғалтқыштар энергия көзі ретінде автомобильді қозғалысқа келтіруге және басқада жұмыстарды орындауға қажетті механикалық энергиямен қамтамассыздандыратын құрылым міндетін атқарады. Олар бір энергия түрін механикалық энергияға ауыстырады. Мысалы электр энергиясын электрқозғалтқыштарда механикалық энергияға ауыстырса, іштен жану қозғалтқыштарында жанар қоспаның жануынан пайда болған жылу энергиясының біраз бөлігін механикалық энергияға ауыстырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Беріліс қорабы.»

Дәріс 13 Газ және электрмен дәнекерлеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі


Газбен дәнекерлеу жұмысындағы негізгі қауіпсіздігі: инфрақызыл сәулелену; ацетилин мен кислород баллондарының жарылу қауіптілігі, зиянды заттардың бөлінуі.

Гапзбен дәнекерлеу постын жертөледе орналастыруға рұқсат етілмейді. Уақытша дәнекерлеу постары ширма немесе қалқанмен қоршалуы тиіс. Дәнекерлеу постына 5 м жақын орналасқан ағаш қабырғалар кірпішпен қаланып немесе металмен қапталуы тиіс. Газбен дәнекерлеушінің жұмыс орнында стол, өңделетін детальдарға арналған жабдықтар болуы тиіс.

Оттықты салқындатуға арналған су толтырылған ыдыс болуы тиіс. Тұрақты жұмыс орнында жұмыста үзіліс кезінде оттықты (кескіш) ілуге арналған ілгіш болуы тиіс. Егер дәнекерлеушінің тұрақты жұмыс орнының едені бетон немесе асфальттан болса, оның үстінен ағаш торлар салынуы қажет.

Монометрлер мен редукторлар тек стандартты болуы тиіс. Шлангалар стандарт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Оларды зақымданудан, жоғары температураның әсерінен, от пен жалыннан қорғау керек. Шлангілерді бұрап, шатастырып, айналдыруға рұқсат етілмейді. Олар арнайы қамыт көмегімен біріктіргіш ниппельге бекілуі тиіс.

Газ таратқыш құбырлар гермиттелген, ауа кірмейтін және жерге қосылған болуы тиіс. Жер бетіндегі (үстіндегі) ацетилен құбыры ақ түске, ал кислород (оттек) құбыры ашық көк түске боялуы тиіс.

Газ құбырларының тығыздығын тексеру үш айда бір рет жүргізіліп, акт жасалынады. Ацетилин және кислород редукторлары техникалық тексеруден өткізіліп, дәнекерлеу аппаратурасын қолдануға жауапты жұмысшы сынақтан өткізілуі тиіс.

Ацетилинді генераторлар тек жеке бөлмеде орналастырылады. Мұндайда рұқсат етілген минималды кубатурасы ацетилиннің өнімділігіне қарай таңдалынады: ацетилин 10 м3/с өнімділігіне, минималды рұқсат етілетін кубатура 60 м3/с болуы тиіс. Егер 20 м3/с - 80 және 30 м3/с, 100 м3. Айырғыш бөлмеден тыс жерде орналастырады.

Уақытша жұмыстарда бөлмеге тек бір ғана жалғамалы газ генераторын орнатуға болады, мұндайда мынадай шарттар сақталуы тиіс: карбид пен кальцийдің тиелуі 10 кг аспауы керек;

Бір мезгілде қуаттылығы 2 м3/с екі оттықтан артық қолдануға болмайды, газ генераторларын газбен дәнекерлеу жұмыс орнынан 10 м алыс орналастыру қажет. Генераторларды су қақпақтары түзетілген, генератор корпусына тығыз бекітілген және тігінен тұруы тиіс. Жұмыс алдында және жұмыс барысында су қақпаларының дұрыстығы, су деңгейі тексеріліп, қажет болса толтырылады.

Газ генераторымен жұмыста:

- қоңырауға қосымша жүк салынбайды;

- генератордың жүкке арналған жәшігіне кальций мен карбидті генератор құжатында көрсетілген мөлшерден төмен тиеуге болмайды;

- генераторға ашық отпен жақындауға, темекі тартуға болмайды;

- ацетилинді шлангіні мыс трубаға қосуға болмайды, ацетилинді мыстан жарылыс болуы мүмкін;

- жұмыс уақытында генераторды қараусыз қалдыруға рұқсат етілмейді.

Тасымалды генераторларды тексеру мен сынағы жылына 1 рет өткізілуі тиіс.

Газбен дәнекерлеу жұмысында оттықты (кескіш) тұтатқан кезде басында 1/4-1/2 айналымға кислород қақпағы ашыңқырайды, содан кейін ацетилин немесе басқа газдарды ашыңқырайды. Шлангілер оттыққа қосылмас бұрын алдын ала газбен үрленуі тиіс.

Дәнекерлеуге ұсынылған заттар мен детальдар бояуынан, майынан, басқада қатып қалған кірлерінен тазартылады. Көлемі үлкен ауыр заттарды дәнекерлеу немесе кесу кезінде жүк көтеруге арналған құралдарды қолдану қажет.

Электрмен дәнекерлеу жұмыстары

Электрмен дәнекерлеу жұмысында жұмысшыларға қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етеді. Олар мынадай, электр тогы, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелендіру, температураның көтерілуі, еріген металл және зиянды бөліністер (газдар мен шаң).

Электр тогынан зақымдану қауіпі әсіресе электродтардың ауысуы кезінде, онда электродтар 50-70 Вт қуат-қысымдылығында болады және ток жүретін желінің бүлінген тұсына жанасқанда және қатты қысымдағы жабдықтың бөліктерінде.

Электр доғасы жарық сәулелерінің жарықтығы көзге қатысты нормадан 103 рет жоғарылаған. Ультракүлгін сәулелер көздің қатынуына әкеледі (электроофтальмия). Көрінген сәулелер көз торлары мен тамыр қабатына әсер етеді, ал инфрақызыл сәулелері көздің мөлдір қабығы мен көз бұршағына әсер етеді.

Электр доғасы температурасы 4000 0С-қа жетеді, және дәнекерлеушінің жұмыс зонасындағы ауа 6-10 0С қызады да желдетуге жеткіліксіз, бұл дәнекершенің организмнің қызуына әкеледі.

Жұмыс орнында доғалық дәнекерлеу болады. Шудың шығу көзі негізінен дәнекерлеу доғамен қорек көзі саналады. Шудың адам организміне әсері дыбыстық қысым деңгейі мен спектральдік деңгейіне байланысты.

Металды пісіру мен кесу процесінде қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмауынан балқыған металдан жарақат алып, күюі де мүмкін. Сонымен қоса, электр доғасы мен металл балқытуда өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақталмауынан өрт шығуы да мүмкін.

Жоғары қысымдағы жүйені қолданғанда жарылыс қауіпі туындайды: дұрыс транспортирлеп немесе эксплуатацияланбаудан соққы әсерінен де жаралыс қауіпі туындайды. Сондай-ақбаллондардың қызуынан; жанғыз заттың буы мен ауада жарылғыш қосындылар пайда болуынан, жоғары температура мен ашық алаудың әсерінен.

Жоғары биіктікте дәнекерлеу жұмысын жүргізу, тиісті қорғаныс құралдарын қолданудан адамдар жарақаттанып, жұмысшылар биіктіктен құлауына әкеледі.

Жылжымалы машиналар мен өндіріс құралдарының жылжымалы бөлігі, қорғаныс құралдары болмаған жағдайда жылжытатындарда дәнекерлеушінің жарақаттануына әкеледі

Дәнекерлеу агрегаттары мен автоматты дәнекерлеу қондырғысы арасындағы өткел 1,5 м, бір постылы дәнекерлеу трансформаторлары немесе дәнекерлеу генераторы арасындағы өткел 0,5 м, ал қабырға мен бағана және дәнекерлеу автоматы арасы 1 м. Нүктелік және жіктік дәнекерлеу арасындағы өткел егер жұмыс орыны бір-біріне қарама-қарсы болса, онда 2 метр, ал ұштастырып дәнекерлеу машинасы арасы 3 м.

Зиянды заттарды аулау үшін, дәнекерлеу құрылғысына жалғасқан жергілікті желдеткіш қолданылужы ұсынады. Газбен дәнекерлеуде қолмен дәнекерлеуге қарағанда зиянды заттар аз бөлінеді деген пікір қалыптасқан. Шындығында әрбір жанған сымның 1 килограмынан, шамамен 2 есе аз дәнекерлеу шаңы бөлініп шығады.

Электрмен дәнекерлеу корпусы агрегаттар дәнекерлеу үстелі, кері өткізгіш қысқыштар сымдардың ұшы жерге қосылған болуы тиіс.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК-042.14.4.05.1.20.42/03-2010

пәні-нің студенттерге арналған оқу бағдарламасы

№2 басылым 30.09.10 ж

















ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



3-ші БӨЛІМІ

050731 мамандығы үшін



студенттергеАРНАЛҒАН

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ







Семей

2010





Мазмұны

1.Глоссарий

2. Дәрістер

3. Тәжірибе сабақтары

4. Өздік жұмыстар тақырыбы

5. Әдебиет

6. Емтихан сұрақтары







* ГЛОССАРИЙ



Еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жаса-ған еңбек жағдайлары;

жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім;

жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкім-дер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері;

қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;

өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;

өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдай-ларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;

ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;

еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу;





* ДӘРІСТЕР



Д-1. КІРІСПЕ ДӘРІС.



Қарастырылатын сұрақтар:

1.Пәннің мақсаты мен міндеттері.

2.Қауіпсіздікке байланысты негізгі ұғымдар.



Машина механизмдер мен технологиялық жабдықтарды жобалау, жасау кезінде, айтылған машиналар мен жұмыс істеп, қызмет көрсететін адамдардың қауіпсіздігін ойлауға қойылатын талаптарды және айтылған құрылғылардың сенімділігі мен оларды қауіпсіз пайдалану талаптарын ескеру қажет.

Сондықтан, қандай да болмасын жабдық жобалау, одан әрі пайдалану кезінде қауіпсіздік сұрақтары бойынша сараптамадан өтуі қажет.

Құрылғыларды ойластыру әзірлеме, келісілу,сараптау және жобалық- сметалық құжаттарын бекіту Санитарлық норма және тәртіпке Типтік жобалау нұсқауларына сәйкес орындалады. Сонымен қатар құрал-жабдықтың істен шығу, жарақат, кәсіби ауыру тудыру себебтерін анықтап, оған қарсы қауіпсіздік шарттары ойластырылып, ережелер дайындалынып, тиісті қауіпсіздік көрсеткіштері, олардың мәндері белгіленеді.

1. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

1.1.Пәнді оқытудағы мақсат: пәнін оқытудағы мақсат өндіріс жабдықтарын, технологиялық процестерді жобалаудан бастап оны іске асыру барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

1.2.Пәннің міндеттері: техника мен өндіріс технологияларына қойылатын еңбек қауіпсіздігі стандарттарының талаптарын оқып - білу, технологиялық жабдықтардың кауіпсіздігін бағалау әдістерін үйрену, жабдықтарды пайдалану кезіндегі қазіргі қорғау құралдарымен танысу және оларды қолдануды үйрену.

Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес 050731 мамандығы студенттері, айтылған пәнді оқу барысында мыналарды білуі және істей алуы қажет:

Төмендегі сұрақтарды шешуге құзіретті болулары керек:

* техника мен технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нормативтік - құқықтық базасы сұрақтары бойынша;

* қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірістік процестерді жобалау сұрақтары бойынша;

* қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі әрекеттерін белгілі сәйкестік дәрежеге жеткізуді мүмкін болдыратын техникалық құралдар мен тәсілдерді қолдану сұрақтарында;

* потенциалды қауіпті өндірістік процестер мен өндірістік технологиялардың қауіп деңгейіне баға беру сұрақтарында.

2.Қауіпсіздікке байланысты негізгі ұғымдар:

* еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

* еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

* еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жаса-ған еңбек жағдайлары;

* қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

* өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;

* өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдай-ларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

* Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі-өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындау кезінде нормативтік-техникалық жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларға сәйкес және қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

* Өндірістік процестің қауіпсіздігі- өндірістік процестің нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

* Өндірістік процес- белгілі бір өнім өндіру үшін атқарылатын іс-әрекеттің (операциялардың) жиынтығы;

* Өндірістік операциялар- өндірістік процеске кіретін іс-әрекеттің бір түрі.

Тізбекті

Параллелді



Өндірістік процес





Параллелді тізбекті

Қабаттасқан





Өндірістік операциялар













Транспорттық

Технологиялық

Көмекші

Дайындық









* Жеке қорғау құралдары- қызметкерлерді зиянды немесе қауіпті өндіріс факторлары әсерінен қорғауға арналған құралдар.

* Ұжымдық қорғану құралдары- жұмыс істейтін екі және одан көп адамдарды зиянды және қауіпті өндіріс факторлардың әсеріне бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

* Қауіпті аймақ- машинаның, құрылғының құрамындағы қызметкерлерге уақытша немесе тұрақты зиянды және қауіпті факторлар туғызатын кеңістік.



Бақылау сұрақтары.

o Пәннің мақсаты мен міндеттері?

o Тақырыпқа байланысты негізгі ұғымдар қандай?

o Өндірістік операциялар қандай құрам бөліктерден тұрады?

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 2,4,9,15.





Д-2. Өндірістік процестің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі.



Қарастырылатын сұрақтар:

* Қауіпсіз, денсаулыққа зиянсыз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің нормативті-техникалық құжаттары мен заң актілері

2.Техникалық құрылғыларға қойылатын қауіпсіздікталаптары.

3.Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі.



1. Еңбек қорғаудың нормативті- техникалық құжаттарына (НТҚ) төмендегілер кіреді:

* Қауіпсіздік техникасы ережелері

* Санитарлық нормалар мен ережелер (СНжЕ)

* Еңбек қорғаудың нұсқаулары

* Еңбек қауіпсіздігі стандарттар ж үйесі (ЕҚСЖ)

Санитарлық нормалар мен ережелер (СН және Е)-барлық салаға ортақ, салааралық және салалық болып бөлінеді.

Барлық салаға ортақ- халық шаруашылығының барлық салаларына бірдей еңбек гигиенасы мен қауіпсіздіктің кепілді шарттарын бекітеді.

Салааралық- әртүрлі сала еңбеккерлері үшін ортақ мәселелерді немесе бөлек жұмыс түріндегі қауіпсіздік мәселелерін қарастырады.

Салааралық қауіпсіздік мәселелері түсінікті болу үшін әр саланы бақылауға арналған мемлекеттік органдарды тізіп көрейік.

* Қазақстан Республикасының Денсаулық Минстерствасы

* Қазақстан Республикасының Әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек қорғау Минстерствасы

* Мемлекеттік құрылыс жұмыстарын бақылау

* Мемлекеттік тау-кен өндірісі мен өнеркәсіптегі еңбекті қауіпсіз ұйымдастырып қадағалау инспекциясы

* Стандарттар Минстерствасы

* Энергетика және электр жұмысының қауіпсіздігін бақылау

* Мемлекеттік өрт инспекциясы



2.Өндірісте қауіпті жағдайды тудырмас үшін онда пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға төмендегідей талаптар қойылады:

* Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалуы.

* Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кездерінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.

* Құрал-жабдықтың құрылғысы, қорғау, сақтандырғыш бөлшектермен жабдықталған, автоматтандыруға, механикаландыруға ыңғайлы, эргономикалық және көркемдік талаптарға сай болуы қажет.

* Құрал-жабдық - оған сыртқы ортаның зиянды әсеріне төтеп беріп, жарылғыштық, өрт қаупін тудырмайтын болуы қажет.

* Құрал-жабдықтың жасалған материалдары белгілі беріктік, төзімділік дәрежелерін қамтамасыз етіп, оны алыстан басқару, белгі беру, өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі керек.

3.Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ)- стандарттары мемлекеттік, салалық, кәсіпорын, ұйым стандарттары болып бекітіледі. Кез-келген стандарт көпшілік бақылау (кәсіподақ) және мемлекеттік бақылау органдарымен келісумен өтеді.

Мысалы, кез-келген технологиялық процестің жобасын жасағанда (кіргізгенде, іске асырғанда) мына салааралық нормативті-техникалық құжаттармен санасу қажет.

Олар:

*

*

* Электр қондырғыларын құру (ПУЭ)

* Жүк көтергіш крандарды құру және қауіпсіз пайдалану ережелері

* Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жасау және пайдалану ережелері т.с.с

Салалық еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің (ЕҚСЖ) құрылымы немесе жеке, бөлек өндірістік процесті ұйымдастыруға қойылатын қауіпсіздік шарттары

Өндірістік процестердің қауіпсіздігінің талаптары, стандарттары кіріспе бөліммен төмендегідей (бөлімдерден), нұсқаулардан тұрады:

І.тарау. жалпы ережелер, ұғымдар

ІІ.тарау. техникалық процестерге қойылатын талаптары

ІІІ.тарау.тарау. Өндірістік бөлмелерге, өндірістік алаңдарға, өндірістік бөлімдерге қойылатын талаптары

IVтарау. Жұмыс орындарын ұйымдастыруға және құрал-жабдықты орналастыруға қоылатын талаптары

V.тарау. Пайдаланатын материалдарға, оларды тасуға, сақтауға қойылатын талаптары

VI.тарау. Машиналардың техникалық жағдайына, күйіне қойылатын талаптары

VII.тарау.Өндірістік процеске қатысатын қызметкерлерге қойылатын талаптары

VIII.тарау. Қызметкерлерді санитарлық-гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етуге қоылатын талаптары

IX.тарау. Еңбеккерлердің қорғау құрал-жабдықтарды пайдалануына қоылатын талаптары

X.тарау. Қауіпсіздік шарттарының орындалуын бақылау әдістері

Стандартқа басқа тараулар да кіруі мүмкін немесе біріктірілуі мүмкін. Негізгі шарты- стандарт белгілі жұмыс түрі немесе түрі немесе өндірістік процестің ерекшеліктерін көрсете білу қажет.



Бақылау сұрақтары.

1.Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің нормативті-техникалық құжаттары мен заң актілері қандай?

2.Техникалық құрылғыларға қойылатын негізгі қауіпсіздікталаптары ата?

3. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің құрылымы қандай?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 2,3,6,7.





Д-3.Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ.-гі талаптары.



Қарастырылатын сұрақтар:

1.Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ.-гі талаптары.

2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.

3. Техникалық қорғау құрал-жабдықтары.



Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ.-гі талаптары:



* Технологиялық процестерді басқаруға, онымен жұмыс істеуге, сол процесті кәсіби игерген, денсаулығы жақсы және қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқан адамдар жіберіледі.

* Технологиялық тізбектер мен жұмыс орындарындағы жағдайлар санитарлық-техникалық, көркемдік, гигиеналық талаптарға сай болуы қажет (микроклимат, жұмысты ұйымдастыру, жарық, шу, діріл, асхана, демалыс, жұмыс уақыты, т.с.с.)

* Әкімшілік еңбекті дұрыс ұйымдастырып (дем алу, жүк көтеру, бірқалыптылықты азайту), ұжымдық қорғау, еңбекті механикаландыру, автоматтандыру әдістерін іске асырып, еңбеккерлерді арнайы киім, ж/б қорғау құралдары қамтамасыз етулері қажет.

* Технологиялық құрылғылардың орналасуы, шикізат, өнім, қалдықтардың орналасуы қолайлы болып, еңбеккерлердің қауіпсіздігіне әсер етпеуі қажет.

* Технология бойынша бір-бірімен жалғасқан екі цех (бөлімше) арасында екі жақты ақпарат алмасу немесе хабар беру жүйелері болуы қажет



* Қауіпті, зиянды өндіріс факторларының топтастырылуы.

Физикалық

химиялық

Биологиялық

Психофизиологиялық



2

3

4

Машиналардың қозғалатын бөлшектері,шаң, шу, діріл, ылғалдылық,электр кернеулігі, жарықтың жетпеуі, өткір-үшкір заттар т.б.

Адамның организміне әсеріне қарай- уландырғыш, жүйкеге әсер етуші, тыныс органына әсер етуші, тітіркенткіш т.б.

Патогенді микроорганизмдер, бактерия, вирус, таз ауруы және олардың өсіп-өнген бөлшектері.

Адам организміне әсері бойынша: а) денежұмысы-шаршау, б)жүйкенің шаршауы, в) А+Ә, г)ақыл-ой.



* Қорғаудың техникалық құрал жабдықтары.

Еңбек қауіпсіздігін төмендететін құрал - жабдықтар болады :

* Қоршағыш құрылғы - адамның болмаса оның киімінің бөлшектерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі , қоршау ретінде жасалады . Олар үш түрге бөлінеді : тұрақты ,алмалы - салмалы , жылжымалы .

* Сақтандырғыш қорғау жабдықтары қауіпті факторларды қас қағым сәтте тоқтатады .

* Тосқауылшы құрылғылар адамның қауіпті аймаққа баруын болдыр-майды , не болмаса қауіпті факторлардың әсерін жоғалтады . Олар механикалық , электрлі ,фотоэлектрлі , гидравликалық , ауа қысымымен істейтін және құрама болып әр түрге бөлінеді .

* Б е л г і беруш і : а ) дыбыс арқылы , ә ) түрлі - түсті жарықтар арқылы , б ) қауіпсіздік белгілері .

* Қашықтықтан басқару ( алыстан басқару ) .



Бақылау сұрақтары.

1. Технологиялық процестерге қойылатын қауіпсіздік талаптарынане кіреді?

2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары қалай жіктеледі?

3. Техникалық қорғау құрал-жабдықтарының әр түрінің қорғау принципі неге негізделген.?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

2,3,4,8.





Д-4. Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру кезіндегі еңбек қауіпсіздігі.



Қарастырылатын сұрақтар:

* Өндірісті механикаландыру, автоматтандырудың қоршаған ортаға әсері.

* Механикаландырылған, автоматтандырылған ағымдарға, бөлімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптары.

* Роботталған бөлімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптары.



1. Ғылыми - техникалық жетістік, еңбекті жеңілдетіп,оның өнімділігі мен қауіпсіздігін көбейгенімен,еңбек қорғау және қоршаған орта қорғау мәселе-лерін толық шешпейді.Бұларға төмендегі объективті және субъективті жағдайларды жатқызамыз.

* өндіріс күштерінің бір орынға шоғырлануы, өндіріс көлемінің артуы - қоршаған ортаға зиянды заттардың көп мөлшерде бөлінуіне әкеледі;

* өндірістік технологиялардың қарқынды дамуы - өндіріс ритімінің жылдамдауына;

* құрал-жабдықтардың күрделене түсуіне;

* жаңадан туындаған қауіпті,зиянды факторлардың алдын алу немесе олар-ды жою ақпаратының жетіспеуі;

* гиподинамикалық жүктемелердің өсуі және еңбек процесінің бірқалып-тылығы.

Өндірістік автоматтарды қолдану адамның жұмысының түрін өзгертіп, қол жұмыстарын азайтып, еңбек жағдайларын жақсартады және босаған жұмысшылардың көпшілігін қолайлы жұмыстарға ауыстыруға мүмкіндік береді.Автоматтар мен роботтар кәсіпорындағы жарақаттануды азайтады.

Бірақ роботтар жұмысы кезінде еңбеккерлерге қауіпті өндірістік жаңа факторлар әсері бар.

Оларға:

* роботтарды жөндеу,реттеу,жұмысшыларды үйрету кезінде,олардың жұ-мыс органдарының күтпеген қозғалысы;

* роботтың жұмыс аймағындағы авариялық жағдай;

* робот автоматты режимде жұмыс істеп тұрғанда немесе оны рет-теу,жөндеу кезінде оператордың байқаусыздағы қате іс-қимылы;

* эргономика немесе қауіпсіздік талаптары бұзылған кездерде адамдардың жарақат алуын жатқызамыз.



* Механикаландырылған,автоматтандырылған технологиялық ағымдар(тізбектер) төмендегідей еңбек қорғау талаптарына сай болулары қажет:



Тізбектің орналасуы. Автоматты тізбектер арнайы жобаланған цехтарда орналасып, басқа тізбектерден, қабырғадан, кірер жолдарын- белгілі ара-қашықтықта орналасуы керек.

Екі жағынан да күтілетін автоматты тізбектерде өтетін жолдар болмағанда көпірлермен жабдықталуы керек.Көпірлердің ені мен қоршау биіктігі 800-1000 мм кем емес, едені тайғақ болмауы керек.

Басқару органдары.

Тізбекті басқару органдары байқаусызда қосылып немесе өшіп қалудан сақталып, әрбір 10 м сайын орналасуы қажет. Оларда анық белгілер мен жазулары болуы керек. Басқару органдарының орналасуы талапқа сай болып, белгілі ескерту символдарымен жабдықталуы қажет.

Оператордың жұмыс орны қауіпті, зиянды әсерден сақтайтын арнайы жабдықталған кабинада болуы қажет.

Қоршау.

Тізбектегі машиналар мен механизмдердің қауіпті аймақтарының қоршалуға қажетті бөліктері:

* барлық айналмалы, қозғалмалы бөліктері;

* материал немесе жабдықтың ұшуы мүмкін жерлері;

* жоғарғы қауіптегі аймақтар (жоғарғы температурадағы, кернеуліктегі,

Автоматты ағымдар және жабдықтар тосқауылшы құрылғылармен жабдықталуы қажет.

Олардың іске қосылу сәттері:

* станоққа, жабдыққа материал бекітілмесе немесе олар дұрыс орналаспаса, жабдықты іске қосу мүмкін болмауы керек;

* адам қауіпті аймаққа кірген сәтте құрылғы өшіп, тоқтап қалу үшін;

* кенеттен энергия көзі, ауа, сұйық қысымы тоқтаған кезде жабдыққа бекітілген дайындама, кескіш, бұрғылары ұшып кетпес үшін оны ұстап қалу қажет болғанда.

Электроқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:

* бүкіл ағымды қауіпті жағдайда токтан ажыратуға арналған ажыратқыш көрнекі, ыңғайлы жерге орналасуы керек;

* өшіп қалған кернеу қайта берілген кезде электрожетектің өздігінен қосылып кетуі мүмкін болмауы қажет;

* құрылғылардың ток жүруі мүмкін бөліктері жерге немесе нольдік сымға қосылуы керек;

* электр сымдары пайдалану мақсатына байланысты әр түрлі түске боялауы қажет.

Белгі бергіш құрылғылар - дыбыстық, жарық арқылы болып бөлінеді. Белгі беруге дыбыс қысымы 90-100 ДБ және 125-500 Гц толқын пайдаланылады. Жарық белгілерінің қызылы-тиым салушы, сарысы-ескерту, жасыл-жұмысқа дайындық режим немесе қалыпты жұмыс режимі, көк-арнайы ақпарат беру үшін, ақ түс-көмекші әрекетті көрсетеді.

Тізбекті шу, жарық. МЕСТ-ке сәйкес болуы керек. Автоматты тізбектер, бөлінген шаң, газ, т.б зиянды заттарды сорып әкететін, тазартатын қондырғылармен жабдықталады. Жұмыс бөлмелері желдеткіш құрылғылармен ереже, МЕСТ-ке сай жабдықталады.

Автоматтық ағымдар алдын-ала тексеруден, сынақтан өтеді. Сынақ алдымен бос режимде, соңынан жұмыс режимінде өтеді.

Бақылау сұрақтары.

1. Өндірісті механикаландыру, автоматтандырудың қоршаған ортаға, адамдарға қандай жақсы және жаман әсерлері бар?

2.Механикаландырылған, автоматтандырылған ағымдар қандай еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай болуы керек?

3.Роботталған бөлімдер қандай тексеруден, сынақтан өтеді?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

2,4,6,12.



Д-5.Металдарды пісіру, дәнекерлеу өндірісінің негіздері



Қарастырылатын сұрақтар:

1.Металдарды пісірудің физикалық негізі.

2.Металдарды пісіру тәсілдерінің жіктелуі.

3.Металды пісіру кезіндегі қауіпті және зиянды факторлар.



Кіріспе.

Металдарды пісіру ісін ойлап тауып, жетілдіріп, өрбіткен орыс ғалымдары-ның үлесінде.1802 жылы академик В.В.Петров электр доғасы құбылысын ашып, сол арқылы металдарды қыздырып, балқыту мүмкіндігін айтты.1882 жылы орыс инженері Н.Н.Бенардос балқымайтын көмір электродымен электродоғалық пісі-ру тәсілін ойлап тапты. 1888-1890 жылдары инженер Н.Г. Словянов электродоғалық пісіруді балқитын металл электородымен жасауды ұсынды.

Ұлы Отан соғысы кезінде флюс қабаты астында пісірудің автоматтандырылған әдісі іске асырылды.



1.Материалдарды пісіру процессі деп оларды атомдарының әрекеттесу күші арқылы жалғауды айтамыз. Егер екі таза металл бөлшегі беттерін атом аралық күш әсер ететін қашықтықта қосса, олар бірігіп тұтас бөлшекке айналар еді. Бірақ екі металл бөлме температурасында қарапайым жанасқанды қойып, бірталай күшпен сығымдағаннан да қосыла қоймайды. Оған металдардың қаттылығы мүмкіндік бермейді. Екіншіден металл беттерінің кірі оған көп кедергі келтіреді. Металл беттері атмосфераның әсерінен қа-қағым сәтте тотық, май және басқа су, газ қабықтарымен қапталып, ластанады. Металл бетінің таза болу жағдайы тек өте терең вакуум жағдайында ғана мүмкін (Мысалы космоста металл бөлшектері жанасса өте берік қосылыс пайда болады).

Ал жер жағдайында металдарды қосу, біріктіру үшін оларды қыздыру және қысым әсері қажет.Қызған металл жұмсарады, ары қарай қыздырсаң балқиды. Тек балқыған метал көлемдері ғана араласып, бірігіп кетеді.Қатты қысымнан да метал жұмсарып, ағады. Метал балқыған кезде де оның беті тотықтармен ластанады. Оны жою үшін флюс, шлак, вакуум, қорғағыш газдарды пісіру аймағына үздіксіз беріп отыру қажет. Сонымен қатар балқып қосылған метал тігісі (шов) маңайында кристалдану азоттану, т. б метал қасиеттерінің өзгеруіне әкелетін процестер орын алады. Сондықтан металдарды балқытып қосу тәсілдері де әртүрлі және қосымша материалдар мен тігіс тазалығын, мықтылығын сақтауға бағыттылған шараларды қажет етеді.



2.Барлық металдарды пісіріп қосу әдістерін екі топқа бөлеміз:

1)Балқытып қосу (қысымсыз пісіру);

2)Қысыммен қосу (балқытпай пісіру);

Бірінші топтың ерекшелігі-қосылатын бөлшектер қысымсыз сұйық күйінде біріктіріледі. Темірді темірге қосу үшін екі темір бөлшегін балқытып, арасына қосымша балқыған метал құйылады. Бұның тағы бір түріне қосылатын темірді балқытпай, жұмсақ балқыған металды арасына құйып біріктіру де жатады, оны дәнекерлеу дейміз (пайка).

Екінші топтың ерекшелігі қосылатын металл бөлшектері қатты қысымның әсерінен бір тұтас бөлікке айналады.(мысалы электрлік контактілі пісіру және роликті тігістьі пісіру).

Сонымен қатар пісіру кезіндегі металды қыздыру үшін қолданылатын энергияға байланысты да жіктеледі.





Металдарды пісіру әдістерінің энергетикалық жіктелуі.

Металдарды пісіру









Электрлік

Химиялық

Механикалық

Сәулелік









контактілік

доғалық

плазмалық

электрошлактық

газдық

термиттік

Көріктік (Ұста)

үйкелістік

ультра

электрондық

фотондық





















Металл пісіру жүйелерін флюстің берілуі, материалдарды дайындау, қызу процесін басқаруға байланысты:

* Қолмен басқарылатын;

* Жартылай автоматты;

* Автоматтан деп бөлеміз.







Материалдардың пісіріліп қосылуының жіктелуі



Материалдарды пісіріп қосу әдістері



Балқытып пісіру















Электр доғалық

Плазмалық

Электрошлакті

Газбен

Сәулемен









Қысыммен пісіру











Термомеханикалық

Механикалық





Диффузионды





Жарылыспен

Газ қысымымен





Индукциялық



Үйкеліспен







Контактілі

Суық түрде



Көріктік (Ұста)







Ультро дыбыспен



Термиттік







Бақылау сұрақтары.

1. Металдарды пісіріп қосудың физикалық негізін ойлап тапқан қай ғалым. ?

2.Металдарды пісіру тәсілдерінің энергетикалық жіктелуі қандай ?

3.Металды пісіру кезіндегі қауіпті және зиянды факторлар?

4.Металдарды пісіріп қосудың балқыту әдістері нешеге жіктеледі ?

5. Металдарды қысыммен пісіріп қосудың әдістері нешеге жіктеледі ?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

4,9,10,20.









Д-6.Электр, газбен пісіру, дәнекерлеу жұмыстарының қауіпсіздігі.

Қарастырылатын сұрақтар:

* Дәнекерлеу, пісіру өндіріс орындарына қойылатын қауіпсіздік талаптары.

* Материалдар мен дайындамаларға, оларды сақтау, тасымалдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

* Жұмыс орындарын ұйымдастыру, жабдықтарды орналастыруға оны пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

* Өрт-жарылыс қауіпсіздік талаптары.

* Жұмыс орындарын желдету әдістері.

Дәнекерлеу, пісіру өндіріс орындарына қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Құрастыру-пісіру, дәнекерлеу жұмыстарына арналған цехтар СН және Е-дің талабына сай болуы керек.

Электродоғалық пісіру цехының ішкі қабырғаларын, ондағы жабдықтарды ашық бояулармен бояу керек (сұр, сары, көгілдір). Бұл шара электродоғалық сәуленің жарқыл қуатын азайтуға доғамен қоршаған орта арасындағы контрасты азайту үшін қажет. Мысалы мырыш және титан түсті бояуларды жарықта шашыратады, ал сары түс ультракүлгін сәулелерді шашыратады.

Бөлмелер едені жанбайтын материалдардан жасалып, әр технологияның гигиеналық, технологиялық, пайдалану талаптарына және СН және Е-ге сай болуы керек.

Электродоғалық пісіру жұмыстарын жүргізетін орын жанбайтын қалқалармен қоршалуы тиіс. Кіші және орта мөлшердегі бұйымдарды пісіру үшін арнайы кабиналар жасалады.

Дәнекерлеу ( пайка ) жұмыстары жүргізілетін орындарды бөлек бөлме-лерге орналастыру керек. Бөлме ішінің өңделуі, ауа жүретін жолдардың сыртқы беттері, жылу қондырғыларының, комуникациялардың сыртқы беттері жуып алуға мүмкін болуға қажет.

Лазерлік пісіру жұмыстары жүргізілетін цех, бөлім арнайы жабдықталып бөтен адам кірмейтіндей, сыртқы есіктерді ішкі құлыппен жабылуы және қауіп белгісімен жабдықталуы тиіс.

Бөлмелердегі табиғи және жасанды жарық шамасы СНжЕ-ге сгәйкес болуы қажет.жарықтандыруды жобалаған кезде ауаның шаңды болуына байланысты мөлшерге қосымша коэффициентті қосу керек.

Жабық ыдыстар ішінде пісіру жұмыстарын жүргізген кезде жарық бағыттағышы бар шамдары немесе қорғағыш торлы, қолға алып жүретін шамдарды пайдаланады. Мұндайда автотрансформаторларды қолдануға тиым салынады.

Пісіру аймағындағы ауадағы зиянды заттар мөлшері (ШРК) шекті рұқсат етілген коцентрациядан аспауы керек. Бөлме микроклиматы орташа жұмыс ауырлығына сай (II а және II б), МЕСТ- ке сәйкес болуы керек.



Материалдар мен дайындамаларға, оларды сақтау, тасымалдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Пайдаланылатын материалдар (пісіруге қажетті сым, электродтар, дәнекерлеу қалайысы, флюстар, газдар және сұйықтар) технологияда көрсетілген маркаларына, талаптарға сәйкес болулары керек. Радиоактивті зат бөлетін, вольфрамды (ВТ) сымдарды, санитарлық- техникалық байқаудан өтпеген басқа материалдарды пайдалануға болмайды.

Пісірілетін дайындамалар беттері, бөлшектер кірден, таттан басқа да ластанудан, майдан, қақтан тазартылып, құрғақ болуы тиіс. Пісіру, дәнекерлеу үшін материалдарды майсыздандыруға өрт және санитарлық бақылау органдары рұқсат еткен ерітінділерді қолдану керек. Бұл мақсатқа дихлорэтан, трихлорэтилен және басқа хлорлы көмірсутектерді пайдалануға және қызған бұйымдарды ерітіндімен сүртуге тиым салынады.

Пісіру және керсу жұмыстарына пайдаланылатын қысылған газдар 40 литрлік баллондарда сақталады. Баллондарды сақтау, тасымалдау, пайдалану- қысылған газдар сақталатын ыдыстарды пайдалану ережесіне сай болуы қажет. СН және Ереже бойынша әр баллонның ішіндегі затының аты жазылған, арнайы ескерту бояуымен боялған болуы керек.

Қысылған газдарды жанғыш газдармен, оттегі баллонымен бірге сақтауға болмайды.

Баллондарды, оларды сақтауға лайықталмаған бөлмелерде, жылу қондырғыларына 1 метрден жақын, ашық от көзіне 5 метр жақын жерлерде сақтауға тиым салынады.

Толық баллондар бос баллондардан бөлек сақталуы керек. Зауытқа өткізілетін бос баллондарда қалдық(0,05МПа) қысым болуы қажет. Оттегі және ацетилен бірге тасымалдауға болмайды.

Жұмыс орындарын ұйымдастыру, жабдықтарды орналастыруға оны пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Өндірістік жабдықтардың бір-бірінен ара-қашықтығы, қозғалып келе жатқан механизмдерден, бөлшектерден, қоректендіру көздері шоғырынан (источники питания) ара қашықтықтары 1,5 метрден кем емес, ал автоматты пісіру қондырғылар арасы 2м кем болмауы керек. Жабдықтар мен дайындамалар, бұйымдар жинайтын орындар арасы 1-1,6м болуы керек.

Жанғыш материалдар сақталған жерден, пісіру орындары 4-10 м қашықтықта орналасуы керек.(Қашықтық мөлшері пісіру әдісіне, жабдықтың түріне, өндірістің өрт-жарылыс қаупіне байланысты)

Электрмен пісіру, кесу, дәнекерлеу жұмыстарын атқару кезіндегі, жұмысшыға ең аз физикалық жүктеме түсуін қамттамасыз ететін, тұрақты жұмыс орындары параметрлері 1ші және 2ші суретерде берілген.



2958465203835



1ші сурет. Пісіру жұмысын отырып(а) және тұрып(б) істегендегі тұрақты жұмыс орнының размерлері.



-48958550802ші сурет. Жұмыс орны размері.

а - контактілі пісірудегі орындық пен аяқ асты тіреуішінің биіктігі(с1,в1); және рельефті пісіру кезінде электродтың тұрақты 1100 мм биіктікте болғандағы (с,в)

2367915544830б - контактілі пісіру (а1,с), релефті пісіру (а,с) үшін және қысқыштың оптимальді іліну биіктігі Һ











Дәнекерлеушінің бойы а) Дәнекерлеушінің бойы б)







Пісіруге қатысы жоқ адамдарды ультракүлгін, инфрақызыл сәулелердің әсерінен қорғау үшін пісірушінің жұмыс орыны 1,6м кем емес, жанбайтын материалдан жасалған экраннан немесе қалқанмен қоршалуы тиіс. Пісіру жұмыстарын жерден биікте атқарған уақытта темірден және жанбайтын, қиын жанатын материалдардан жасалған сәкілер, тұғырлар (леса) жасалуы керек. Бірнеше пісіруші бір вертикалда әр деңгейде жұмыс істегенде, төмендегі адамды балқыған металл ұшқынынан қорғау шарасы ойластырылуы керек.

Жаңбыр, қар жауған сәте ашық аспан астындағы электр пісіру жұмыстары тоқтатылуы керек.Жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін жауын-шашыннан қорғайтын, жанбайтын материалдардан жасалған лапастар болуы керек.

Пайдалануда болған тұйық ыдыстарды пісіру дәнекерлеу жұмыстары, оны мұқият жуып кептіргеннен соң және қақпақ, кіретін ойықтары ашық күйінде жүргізілуі тиіс.



Пісіру, дәнекерлеуге қойылатын өрт-жарылыс қауіпсіздік талаптары.Жұмыс орындарын желдету әдістері.

Пісіру, дәнекерлеу және басқа от - жалын жұмыстары СН және Е, өндірістік кәсіпорындардағы типтік өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек. Электродоғалық пісіру, оттегі-ацетиленмен металлдарды кесу цехтары мен бөлімшелері өрт және жарылыс қаупі бойынша I-ші дәрежелі өндіріске жатады.Мұндай цехтар мен бөлімшелерге қажетті отсөндіргіштер мен бастапқы өрт сөндіру құрылғылары жоғарыдағы типтік ережелерге сәйкес таңдап алынады.

Газбен дәнекерлеу және кесу жұмыстары атқарылған ғимараттардың құрылым элементтері өрт қауіпсіздігі жағынан IV дәрежеге сәйкес болуы керек (отқа төзімділігі 2 сағаттан кем емес). Бояуы кеппеген құрылымдарды, кернеумен, қысыммен жұмыс істеп тұрған ыдыс, аппарат, құбырларды, жанар-жағармаймен, улы затпен толтырылған ыдыстарды пісіруге, дәнекерлеуге тиым салынады.

Карбид кальциі сақталған қойма жанында құм, көмірқышқылды, тетрахлорлы, ұнтақты то сөндіргіштері бар бастапқы өрт сөндіру құралдары болуы керек. Және қойма айналасында , деген ескерту плакатары көрнекі жерлерде ілініп тұруы керек.



Бақылау сұрақтары.

1.Дәнекерлеу, пісіру өндіріс орындарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын ата ?

2.Материалдар мен дайындамаларға, оларды сақтау, тасымалдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары қандай ?

3.Жұмыс орындарын ұйымдастыру, жабдықтарды орналастыруға оны пайдалануға қандай қауіпсіздік талаптары қойылады ?

4. Дәнекерлеу, пісіру жұмыстарына қойылатын Өрт-жарылыс талаптары. ?

5. Дәнекерлеу, пісіру жұмыс орындарын желдету әдістерін ата ?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

4,6,15,20.



Д- 7. Жүк көтеру,тасымалдау машиналары.

Оларға қойылатын қауіпсіздік талаптары. ( 2 сағ)



Қарастырылатын сұрақтар.

1.Жүк көтеру машиналарының,жүкті тасымалдау машиналарының топтастырылуы.

2.Жүк қорабына,жүкті тиеу-түсіру орындарына қойылатын талаптар.



1.Халық шаруашылығындағы құрылыстағы тиеп-түсіру,тасымалдау үшін көптеген құрылғылар мен машиналар пайдаланылады. Оларды пайдалану мақсаттарына байланысты 4 түрге бөлуге болады.

- жүкті көтергіш машиналар ( жүкті жоғары-төмен бағытта көтеріп-түсіретін).

- жүкті тасымалдаушы машиналар (жүкті горизонталь, көлбеу, жоғары-төмен бағытта тасымалдаушы ).

- жүкті тиеуші машиналар.

- жүкті рельспен немесе рельссіз тасуға арналған құрылғылар.

Жүкті көтергіш машиналар, құрылғылар құрылысы жағынан :

-Домкраттар;

-Лебедкалар ( жүкті темір арқанмен қозғалтатын )

-Жүкті көтеріп-түсіретін тұрғылықты құрылғылар (таль, телфер; 1 тоннаға дейін)

-Крандар (автомобиль, төрт тағанды, аралықты, мұнаралары, жебелі т.с.с )

Барлық құрылғылар мен машиналар жетек түрлерінен (қол, механикалық күш арқылы/, жүкті қозғалту бағытымен және жүк көтеру мөлшерлерімен де жіктеледі)

Жүкті тасымалдаушы машиналар, құрылғылар, транспортерлер - жүкті үздіксіз тасымалдайтын машиналар-ленталы, қалақты, шөмішті, винт тәріздес (шнек), тербелмелі, ауамен тасымалдайтын, жүкті өз салмағымен тасымалдайтын болып бөлінеді.

Жүк тиеуші машиналар - тиеу жұмысы кезеңмен істелетін [(периодты автотиегіш)], тиеужұмысы үздіксіз (қар тиейтін машина) деп екіге бөлінеді.

Жүкті үздіксіз тиеуге арналған машиналардың транспортер-лерден айырмашылығы, олар өздіктерінен қозғалады және жүктерді өздікте-рімен жерден көтереді.(бидай тиейтін,қар тиейтін машиналар)

Рельссіз транспортқа - қол, тіркемелі, өздігінен жүретін арба-ларды жатқызамыз. [ (қол арба,машина трактор тіркемелері т.с.с) шөп, ағаш өнімдерін тасымалдаушы, өздері жүкті аударатын тіркемелер]

Рельспен жүретін транспорт - жүретін жолы рельстен және телешка немесе платформадан тұрады. Олар аспалы рельсті,жіпке, тросқа асылған түрде болады.



2.Жүктердің қорабына, жүктермен жұмыс істеугеқойылатын талаптар.

Жүктерді тасымалдауда жәшік, контейнер , орамдарды пайдалану жүк транспортын тиімді пайдалануға, тиеп-түсіру жұмыстарын механика-ландыруға, жүктерді сақтау кезінде олардың қорғалуын жақсартады. Жүктердің орамы, контейнер, жәшіктері жүкті механикалық зақымда-нудан және атмосфералық жауын-шашын әсерінен де қорғайды.

Жәшіктерді, бөшкелерді және басқа жеке жүктерді көлікке тиегенде араларына саңылау қалтырмай, тығыз орналастыру қажет. Орамдағы (пакет) жүктерді бір қатардан артық тиеуге болмайды. Шыны ыдыстағы қышқыл, сілтілердің сырты талдан тоқылған шарбақ немесе ағаш жәшікпен қапталады.Шарбақ,жәшіктің ұстағыш тұтқасы болуы қажет.Шыны ыдыстың тығыз қақпағы болуға тиіс.

Қысылған газдарды таситын баллондардың вентилі темір қақпақпен жабылуы қажет.

Сұйық метан мен этанды, олардың сұйық қоспаларын,сұйық этиленді тек қана цистерналармен тасымалдайды. Сұйық оттегіні тасымалдайтын авто-мобильдер от сөндіргішпен және қызыл жалаумен жабдықталады. Жанғыш сұйықтарды тасымалдайтын ыдыстардың (цистерна) желдету бөлігі және ыдыс ішінде бөлгіш қалқаншалары болуы керек.

Жәшіктегі жүктерді көлік қорабына бірнеше қатар биіктікте тиеуге болады. Бірақ жүк құлап кетпес үшін оны байлау қажет.

Қысылған, сұйытылған немесе қысыммен ерітілген газдарды тасымалдайтын ыдыстарды биіктен тастауға немесе бір-біріне ұры-луына жол бермеу керек.

Жүкті тиеп-түсіру орындары мен алаңдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Тұрақты жүк тиеп-түсіру орындары мамандандырылған, қажетті құралдармен жабдықталған, жүк тиеп-түсіру жұмыстары механикаландырылған болуы керек. Алаң көлемі, қажетті транспорт санынан жүкті тиеп-түсіруді қамтамасыз ететіндей,кең болуы қажет.

Жүк түсіретін-тиейтін орындарға, алаңдарға келетін жолдардың қатты қабаты болып және ұдайы жақсы қалыпта ұсталуы керек. Еңістігі немесе жоғары көтерілетін жолдары,қысқы уақытта мұздан тазартылып,шлак немесе құм себілген болуы керек. Транспорт бір бағытта жүрсе,жолдың ені 3,5 м, ал екі бағытта жүрсе жол ені 6,2 м-ден кем болмауы керек. Жолдардың темір жолмен, ормен, траншеялармен қиылысатын жер-лері арнайы көпірлермен, өткелдермен жабдықталуы қажет. Қараңғы уақытта мұндай жерлер жарықтандырылып,жол белгілерімен жабдықталуы керек.

Жүкті түсіруге немесе тиеуге келген көліктердің (бірінің артынан бірі келгенде) арасы 1 м, ал екі қатардағы арасы 1,5 м-ден кем болмауы керек. Жүк көлігі мен ғимарат ара қашықтығы 0,5 м-ден кем емес, ал шта-белденген жүктен ара қашықтығы 1 м-ден кем емес болуы керек.

Жеке жүктерді қоймадан тиеп немесе түсіру үшін (бөшке,жәшік) көлік қорабымен жүк алынған жерді бір деңгейге келтіретін эстакада, алаңша болуы қажет немесе көлбеу құрылғы болуы керек.



Бақылау сұрақтары.

1. Жүк көтеру машиналарының жіктелуі ?

2. Жүк тасымалдау машиналарының топтастырылуы.?

3.Жүк қорабына, орамына қойылатын талаптар.?

4. Жүкті тиеу-түсіру орындарына қойылатын талаптар?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

2,4,5,11,12.





Д-8.Жүк тасымалдау,көтеру машиналары мен өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын қауіпсіздік талаптары.



Қарастырылатын сұрақтар:

1.Жүк тасымалдау машиналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

2.Жүк көтеру машиналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары.



Жүк салмағы 50 кг асқанда, көтеру биіктігі 3 м асса көтеру-түсіру жұмыстары механикаландырған жолмен атқарылуы керек.

Шаңданатын жүктерді тиеп-түсіру үшін машинист көзәйнек және респи-ратермен қамтамасыз етіледі.

Жәшік,бөшке,жабдықтарды,ағаш өнімдерін тиеп-түсіретін көтергіштер аша,жақ тәріздес қосымша құрылғылармен жабдықталады. Жұмыс алдында олардың қалыптарын, шынжырларын, цилиндрлердің бекітілуін, басқару органдарын тексеріп алу керек. Жүк ашаға тең ілінуі тиіс. Жүкті көтерген кезде артқы дөңгелектер көтерілсе, жүкті қайта түсіру қажет. Ауыр жүкті жерден аз ғана көтеріп,төменгі беріліспен тасымалдау қажет.

Авто және аккумуляторлы тиеуіштерді қауіпсіз пайдалану.

Тиеуіштерді басқаруға 18 жасқа толған,медициналық тексеруден өткен,кәсіптік білімі бар,емтихан тапсырып,осы көліктерді басқаруға рұқсат алған тұлғаның ғана құқы бар болып саналады.Жұмыс басталар алдында жүргізуші жұмыс орнында техника қауіпсіздігі туралы ережелерден өтуі тиіс.

Тиеуіштер тек қатты және тегіс бетті территорияда ғана жұмыс әстей алады.Қыс мезгілінде сол территорияның мұздан,қардан тазалануын қатаң қадағалау қажет;тайғақ кезде жұмыс орнына құм төгілуі тиіс.

Жолдар бөгде заттардан таза және жарық болуы керек.Рельсті жолдар арқылы тасымалдау үшін рельс деңгейінде төсем (настил) қойылуы қажет.

Жылына бір реттен кем емес, ағымдағы жөндеуден кейін 10%-дық жүк ауырлығында,егер толық жөндеуден өтсе 25%-дық ауырлықта,тиеуішті сынақтан өткізу керек.

Жұмыс алдында тиеуіште мына нәрселерді тексеруден өткізу керек:

Барлық сыртқы бекітпелер;

Жүк котерушінің түзулігі;

Қол және аяқ тежегіштердің дұрыстығы;

Негізгі цилиндрдегі тежегіш сұйықтығының мөлшері,сондай-ақ шлангілердің дұрыстығы;

Дыбыстықсигналдардың қызметі,жарық,тоқтату-сигналының,артқы фонарьдің қосылуы;

Дөңгелектердің қысымы мен жалпы жағдайы."

Электртиеуішпен жұмыс істеу кезінде,айына екі рет контактіні тексеріп,тазалап отыру қажет. Элетртиеуіште электрқозғалтқыштың беті ашық күйінде және аккумулятордың қақпағы ашық күйінде жұмыс істеуге болмайды.

Қозғалыс жылдамдығы қойманың негізгі жолында 6 км/сағ; бұрылыстарда және жанға жүргенде 3 км/сағаттан аспуы қажет.

Бұрылыстарды төменгі жыламдықта жасау керек, Қатты бұрылыстар әсіресе, тайғақ жолда көлікті істен шығаруы,авария жасауы мүмкін.Қатты қозғалыс кезіндегі тез тежеу мүмкін емес.

Тұрақ кезінде қол тежегішті пайдалану қажет.

Бұрылыстарда, қақпадан,есіктен өткенде рельс жолдарының қиылысында қозғалысты ақырындатып, сигнал беру керек.

Электролитті аккумуляторға құйғанда арнайы ыдысымен қорғаушы көзілдірікпен,резеңке алжапқышпен, қолғаппен болу қажет. Аккумулятор клеммдерін ол тоғынан ажыратылып тұрғанда ғана жалғау керек.

Батареяны тоққа жалғау және аккумулятормен жалғау үшін резеңке қолғап пен аяқ киік кию керек.



Жұмыс барысында төмендегідей іс-әрекетке тыйым салынады:

- жабық қоймаларда, бөлмелерде іштен жану қозғалтқышы бар машинаны пайдалануға;

- қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған, жұмыс органы көтеріліп тұрған машиналарды тастап, байқаусыз қалдыруға;

- жүкті машинисті қорғауға арналған құрылғыдан биік тиеуге;

- машинаның пайдалану мақсатынан тыс жұмыстарды орындауға;

- жүктің астында арнайы саңылау болмаған кезде оны ашамен көтеруге;

- көтергіштің ашасына жүкті бірден кранмен әкеліп қоюға;

- көтерілген жүктің астында тұруға;

- жүк көтеру мүмкіндігінен артық жүкті көтеруге;



Жүк көтеру крандарын пайдалану қауіпсіздігі.

Барлық жүккөтергіш крандар техникалық бақылау органдарында тіркелгеніне немесе тіркелмегеніне қарамастан пайдаланар алдында міндетті турде техникалық куәландырудан өтуі қажет.

Алғашқы куәландыру кранның жасалып шыққынан кейін иесіне жіберілмес бұрын өндіруші-заводта жасалады.

Мерзімдік (периодтық) куәландыруды кранға ие мекеме (сол мекемедегі кранның дұрыс жұмыс істеуіне жауапты тұлғаның қатысуымен бақылау бойынша инженерлік-техникалыққызметкері) пайдалану процесінде келесі мерзімдерде атқарады:

Жеке - жылына бір реттен жиі емес (тек қарап шығу);

Толық - үщ жылда бір реттен жиі емес (қарап шығу, статикалықжәне диамикалық сынақ);

Кезектен тыс куәландыру келесілерден кейін жүргізілуі тиіс:

* басқа орныға ауыстырудан туған мұнаралық, төрт тағанды (козлового) және көпірлік крандарды монтаждаудан кейін;

* реконструкциядан кейін кранның тораптарына және жұмыс элементтеріне жүктемелердің артуынан немесе орнықтылықтың төмендеуінен кейін;

* металл конструкцияларына және жүкті көтеру механизмдеріне жасалған күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін немемсе ақырғысын ауыстарғаннан кейін;

Статикалық сынақта кранды беріктікке және орнықтылыққа 25%-ға жүккөтергіш шегінен асатын жүктеме беру арқылы тексереді.

Динамикалық сынақ кранның механизмдерін және тежегіштерін тексеру үшін кранның жүккөтергіш шегінен 10%-ға асып түсетін жүк (маркерленген жұмыс жүгін қолдануға болады) ілу арқылы іске асады.Жүккөтергіш крандардың қауіпсіз пайдалануын бақылау мақсатында кәсіпорын басшылары инженерлік-техникалық қызметкерді тағайындау керек.

Электр жетегімен жұмыс істейтін мұнаралы және жебелі өздігінен жүретін крандар машинистерінің біліктілік дәрежесі 2-ші қауіпсіздік тобынан кем болмауы қажет.

Жүкті ілетін жабдықтар мен болат арқандар мезгілімен тексеріліп отырылулары тиіс. Жеке, ұсақ жүктерді салатын ыдыстар да мезгілімен куәландырылып отырылуы тиіс.

Жазатайым оқиға болмас үшін крандармен жұмыс істеу кезінде төмендегідей іс-әрекетке тыйым салынады:

- ақауы бар, арнайы белгісі жоқ, техникалық байқау уақыты өткен,ыдыс пен жүк ілгіш жабдықтарды пайдалануға;

- массасы кранның жүк көтергіштігінен артық жүкті ілуге және оны көтеруге;

- кранның көмегімен аязға қатып қалған,жерге көмілген, жерге құйылған, болтпен бекітілген жүктерді көтеруге;

- монтаж ілгектері үзілген, ақауланған темірбетон құрылымдарын көтеруге;

- жүкті тұрғын, қызмет ғимараттары үстімен, адамдардың үстімен алып өтуге;

- наряд-допускасыз крандарды электр желісінің қорғау аумағына орналас-тыруға тыйым салынады.



Бақылау сұрақтары.

1.Авто және электрлі тиегіштерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары қандай?

2. Жүк көтеру машиналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары қандай?

3.Жүк көтеру машиналарын пайдалану кезінде қандай іс-әрекеттерге тиым салынады?

4. Жүк көтеру машиналары қандай техникалық сынақтардан өтеді?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

2,4,5,11,14.



Д-9. Жүктердің жіктелуі, және әртүрлі жүктерді тасымалдау ережелері.



Қарастырылатын сұрақтар:

1.Жүктердің топтарға жіктелуі.

2.Әртүрлі жүктерді тасымалдау ережелері.



Халық шаруашылығында жүктерді физика-механикалық қасиеттеріне, тасымалдану, жинау және тиеп-түсіру принциптеріне байланысты 3негізгі дәрежеге бөледі: аударылатын (навалочные), жеке жүктер және құйылатын жүктер(наливные).

Ал тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіптілік дәрежелері бойынша жүктер 7 топқа бөлінеді: аз қауіпті , жанғыш жүктер, шаңды және ыстық жүктер, күйдіргі жүктер, баллондағы сығылған газдар, көлемі бойынша қауіпті жүктер және аса қауіпті жүктер.

1-ші топтағы - аз қауіпті жүктерге-құрылыс материалдары, тағам өнімдері, жеміс жидектер және машина бөлшектері жатады.

2-ші топтағы - жанғыш жүктерге - бензин, керосин т/б өрт қауіпті мұнай өнімдері жатады.

3-ші топтағы - шаңды және ыстық жүктерге -цемент, минералды тыңайтқыштар, асфальт, битум сияқты арнайы ыдыстармен тасымалданатын және тиеп-түсіруге сорап немесе басқа арнайы механизмдер пайдаланатын жүктер жатады.

4-ші топтағы - күйдіргі жүктерге - шыны ыдыстағы қышқыл, сілті және басқа да күйдіргі сұйықтар жатады.Мұндай жүктермен жұмыс істеуге өте тәжірибелі жұмысшылар жіберіледі және олар жеке қорғану құралдарын пайдаланулары қажет.

5-ші топтағы - баллондағы сығылған, қысылған газдарды - тиеп- түсіру жұмыстарын жүргізген кезде өте мұқият болу қажет.

6 -ші топтағы - көлемі бойынша қауіпті жүктерге - көлемі үлкен, ұзын жүктер жатады. Оларды тиеп-түсіру механикалық жолмен іске асырылуы керек.

7 -ші топтағы - аса қауіпті жүктерге - улы және коррозиялық заттар және өтеауыр жүктер жатады.



2.Әртүрлі жүктерді тиеу, тасымалдау және түсіру ережелері



1-ші топтағы - аз қауіпті жүктерге- құрылыс материалдары, тағам өнімдері, жеміс жидектер және машина бөлшектері жатады. Ондай жүктерді орамдарымен, ыдысымен немесе ыдыс ,орамсыз тасымалдайды.

1.Жәшіктегі, бөшкедегі және басқа да жеке жүктерді тығыз қою қажет, қозғалу кезінде машинаның жүк салатын қорабында қозғалмауы үшін, араларына төсем салу керек;

2.Машинаның жүк салатын қорабының қабырғасынан асып тұратын жеке (жәшік,орамды) жүктерді, мықты арқан немесе жіппен байлау керек ( металл арқан және сымды қолдануға тиым салынады). Жүк биіктігі көпірден өту кезіндегі жол бетінен жүктің жоғары нүктесіне дейін 3,8м-ден жоғары болмауы керек;

Жанғыш жүктерге (2-ші топ) - бензин, керосин т/б өрт қауіпті мұнай өнімдері жатады.

Жанар май құйылған бөшкелерді көлікке тиеу кезінде олар бір бірімен соғыл-мас үшін араларына төсем қойып және тығындарын жоғары қарату керек. Тиеп-түсіру жұмыстарын жүк тиегіштермен, бөшке тиегіштермен немесе көлбеу траптармен атқару қажет. Бөшкелерді транспорттан көлбеу жазықтықтармен домалатып түсірген кезде, қарсы бағытта арқанмен ұстап ақырын түсіреді. Көлбеу траптар мықты болып, тайғанақ болмауы керек. Олардың көлбеулігі 30 градустан аспауы керек.

Бөшкелерді, барабандарды домалатып қозғалтқанда жұмысшы жүктің артында болуы керек, және жүктің домалау жылдамдығы адамның қозғалыс жылдамдығынан аспауға тиіс.Жүкті тек орта тұсынан итеріп домалату қажет.



Шаңды және ыстық жүктерге (ІІІ топ) минералды тыңайтқыштар, әкті материалдар, цемент, асфальт, битум және тағы басқа жатады. Оларды көліктермен, насостармен, арнайы механизмдермен түсіріп, автоцистерналармен тасымалдайды.

Ыстық жүктерді ( асфальт, битум) автосамосвалдармен тасымалдау керек. Күйіктің алдын алу үшін жүк тасымалдаушылар арнайы киім кию керек. Респираторлармен жұмыс істегенде жұмысшылар кезеңді түрде демалу керек. Хлорлы әкті қолмен түйеу кезінде респираторлар мен фильтрі бар газқағалар кию керек.







Күйдіргіш сұйықтықтарды (төртінші топ) екі адам тиеу мен түсіру керек. Тоқылған тығыз корзиналарға салынған шыны тарадағы қышқылдар, сілтілер және басқа сұйықтықтарды қолмен тиейді. Бұл жұмысты тек қауіпті жүктермен жұмыс істеуге оқытылған жұмысшыларға тапсырады. Мұндай жүктерді абайлап тасымалдау керек. Ережелермен қарастырылған қорғаныс киімдермен жұмыс істеу керек. әрбір дананы тиемей тұрып жақсылап қарау керек. Шыны ыдысты сыртқы жәшігіне ағаш жоңқалармен немесе опилка-лармен салу керек. Бутылкасы бар корзинаны көтермей тұрып, түбі мен корзина ұстағышының беріктігіне көз жеткізу керек. Көліктің кузовындағы сұйықтықпен толған шыны тараны мықтылап бекіту керек, қозғалыс кезінде және кенет тоқтағанда ол жылжып түспеу үшін, қышқыл және сілтіден қалған бос бутылкаларды тасымалданғанда еңкейтпеу керек, себебі

сұйықтық қалдығы адамға құйылып, жарақаттауы мүмкін.









5 топтағы жүктерді тиеу және түсіру жұмыстарын орындаған кезде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтамау- жарылыс пен жазатайым оқиғаға әкеледі.

Қысымды, сығылған газы бар баллондардытиеу және түсіру жұмыстарынекі жұмысшы атқаруы керек. Газы бар баллондарды вентильдерін металл колпактармен жауып тасымалдайды, түсірген кезде вентилі төмен қарамауы керек, боллондарды бір біріне соқпау керек, жерге лақтыруға болмайды. Оттегі және ацетилен баллондарын көлікке тиегенде, арнайы ұяшыққа орналастырып, үш қатарға дейін ғана тиейді және машина бортынан аспауы керек.

Агрессивті және өрт қаупі бар сұйықтар ашық автокөліктерде тасымалдануы керек. Қысылған, сығылған және жарылыс қаупі бар сұйықтардытасымалдау кезінде тиым салынады:

* Кабинада және автөкөліктің қасында, сонымен қатар жүктердің орналас-қан жерінде, тиеу және түсіру орнында(қашықтығы 10 м-ден кем емес)темекі шегуге.

* Елді мекендерде, қоғамдық орындарында- жауапты органдар мүшелерінің рұқсатынсыз, фторлы және бромсутек қышқылдары, күкірт сутегі, фосген, хлор, күкірт қос тотығы және азот қос тотығы сияқты заттарды тиеу және түсіру жұмыстарын атқаруға.

Көлемі бойынша қауіпті жүктерді( алтыншы топ) механикаланды-рылған әдіспен тасымалдайды; Қолмен сирек тиейді, оны көлікке немесе трактор принципіне көлбеу қойылған жазықтық арқылы, жіп көмегімен орын-дайды.

Ағаштарды немесе басқа ұзын жүктерді тиеу кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек;

- көтергіш механизмнің ілмегін жүктің ауырлық ортасына қою керек; - жүкті екі жерінен тең ілу қажет; жүк ілетін арқандарды бекіту, ағытуды- жүк толық тоқтағанда және арқандар босағанда ғана орындау керек.

- жүк арқандарын тақтай, бөрене байламдары астынан арнайы ілгектермен өткізу қажет.

548640763905Егер көлік немесе автоприцеп платформаларының тіректері болса, ағаш, құбырларды тиегенде араларына төсем қою керек. Тіректерді, жүкті тиеген соң жоғары жағынан сыммен байлайды. Бөрене және құбырларды тиеу,түсіру кезінде көлбеу жазықтықпен домалатады. Жұмысшылар тиеу және түсіру кезінде көлік кузовынан немесе прицептен алшақ тұрулары керек.

Ұзын заттарды түсіру кезінде берік ұстағыштарды пайдалану керек. Ұзын жүктерді тасымалдағанда жұмысшылар иық жапқыш кию керек. Түсіргіш көліктер арасындағы қашықтық 5 метрден кем болмау керек.















Пиломатериалдардың штабильдерін қою кезінде келесі қауіпсіздік шараларын орындау керек;

- көтерілетін пакеттен,оныңқозғалысына қарама қарсы 3 метрге қашық тұру ; - пакетті ілгекпен бағыттау, оның сабы 1 метрден қысқа болмау керек; - ұстаушы құралдарды жүкті штабильге түсірген соң ғана алу;

- пакет астындағы темір арқанды тек қолмен суырып алу.

Бөрене штабелінің биіктігі 6 метрден, үлкен диаметрлі темір құбырлардан жасалған штабельдер - 1,2 м, кіші диаметрлері - 2,2 м; шойын құбырлары - 1 м.аспауы керек. Бөренелердің домалап түсуін алдын алу үшін қалыңдығы 40 мм-ден кем емес аралық төсемдерді және сыналарды қолдану керек.

Орман штабелдерінен бөренені түсіру үшін жұмысшыларға штабель үстіне көлбеу жазықтық арқылы немесе бөренелердің бас жағына қойылған баспалдақ арқылы шығуға рұқсат етіледі.6 баллдан асқан жел кезінде, нөсер жаңбыр, тұман кезінде штабельдерді жинауға немесе алуға тиым салынады.







Ауырсалмақты жүктер. Ауырсалмақты жүктерді тиеу, түсіру, және тасымалдау кезінде қауіпсіздік шаралардың ерекшелерін сақтамау, үлкен қауіп әкеледі. Оларды келесі шарттарды сақтап, тасымалдау керек. Жүктерді тасымалдайтын катоктар мықты, ұзындығы жеткілікті болу керек; катоктардың шеттері тасымалдайтын жүктен 30 см ден артық шықпау керек, катоктарды жүктің астына әкелгенде ломдарды және рейкалық доикраттарды қолдану керек.

Жүкті көлбеу жазықтықпен төмен тасымалдағанда, ұстаушы құрылғыларды қолдану керек. Ауыр жүкті байлау және астына темір арқандарды әкелу тек арнайы ломдар немесе рейкалық домкраттар көмегімен жүзеге асырады. Осы мақсатта кез келген бөгде заттарды қолдануға тиым салынады.

Аса қауіпті жүктер (жетінші топ) тек жарақат қаупі болып қоймай, умен улану қаупін тигізеді. Сондықтан өте абай болу керек. Тиеу және түсіру тек арнайы оқыту және инструктаждан өткен тәжірибелі жұмысшыларға тапсырылады. Қатты әсер ететін улар мен улылығы жоғары пистицидтер орамы мен ыдыстарының деген жазу бар маркировкасы болуы керек. Егер химикаттар өрт қауіпті болса, - деген жазу болу керек. Пестицидтермен жұмыс кезінде тыныс алу мүшелерін қорғау - уланудың алдын алуының негізгі шарасы болып табылады. Жұмысшылардың респираторлары және противагаздары болуы керек. Улы химикаттармен бірге басқа заттарды тасымалдауға тиым салынады.











Улы заттарды механикаландырылған әдіспен тиеу мен түсіруді арнайы қоймада немесе платформаларда жүргізу керек, олардың едені вагонның еденімен бір деңгейде болу керек. Жүк тиеуші құрылғының машинисі және жұмысшылар нормада көрсетілген арнайы киімдермен , жеке қорғану құралдарымен қамта-масыз етілулері қажет.



Бақылау сұрақтары.

1.Халық шаруашылығында жүктер неше топқа жіктеледі.?

2.Көлемі жағынан қауіпті және ауыр жүктермен жұмыс істеу ережелері қандай?

3. Газ баллондарын тиеп-түсіру, тасымалдау ережелері қандай?

4. Аса қауіпті жүктермен жұмыс істеу ережелері қандай?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

4,5,6,10.





Д-10.Транспорттық көліктермен (құрылғылармен) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды ұйымдастырудың қауіпсіздігі.



Қарастырылатын сұрақтар:

* Жолаушыларды тасымалдау ережелері.

* Жолаушы тасымалы транспортына қойылатын талаптар.

* Лифтілерді қауіпсіз пайдалану ережелері

* Жолаушыларды тасымалдау ережелері.

Жолаушыларды тасымалдаушы транспорттық жабдықтарға қойылатын талаптар.

Тасымалдау құрылғысының тежегіші ақаусыз, сенімді және техникалық көрсеткішіне сай болуы қажет.

Транспорттық құрылғының қол тежегіші құрылғының салмағы мен ұзындығына байланысты, 16-31%-дық еңістікте, орнында қозғалтпай ұстап тұратындай болуы керек. Жүріп келе жатқан транспортты тоқтату кезінде барлық дөңгелек тежегіштері бірдей жұмысқа қосылуы керек.

Жүк машинаның кабинасындағы, автобус салонындағы, жеңіл машина қорабы ішіндегі ауаның құрамындағы зиянды заттар санитарлық мөлшерден аспауы қажет. Жарық ьергіш шамдардың орналасуы, реттелуі, бұрылғанда белгі беретін шамдар, тежегіш іске қосылғанда жанатын шамдар техникалық талаптарға сай болулары қажет.

Жолаушы тасымалдауға арналған жүк машиналарын жүргізетін адамның 3 жылдық жүгізуші өтілі болуы керек. Машина қорабының жиектері биіктетіліп, орындықтармен және баспалдақпен жабдықталады. Отыратын орыннан артық жолаушыларды алуға болмайды. Түрегеп тұруға болмайды. Жүргізуші жолаушылар толық отырған соң ғана транспортты қозғауы керек. Балаларды отырғызғанда, міндетті түрде 2 ересек адам бірге отыруы қажет. Кабинадан тыс жерде отсөндіргіш болуы міндетті.

Жолаушыларды тасымалдаушы транспорттың қозғалыс жылдамдығы 60 км/сағаттан аспауы керек. Балаларды тасымалдайтын транспортта деген ескертпе белгі болуы қажет.арнайы жабдықталмаған басқа жүк транспортымен адамдарды тасымалдауға тиым салынады.



2.Жолаушы тасымалдайтын автобус және жеңіл машиналарға қойылатын талаптар.

Жолаушылар тасымалымен айналысуға D дәрежедегі куәлігі бар жүргізушілерге ғана құқық беріледі.

Жүргізуші жолаушыларға қауіпсіздік пен жайлылықты мейілінше қамтамасыз етуге тиіс. Автобус есіктерінің ашылып, жабылуын жүргізуші өз орнынан басқарады. Жолаушылардың отырып-түсуін бақылап отыратын автобуста қосымша айналар болады. Жүргізуші аялдамаға келгенде жол жиегіне, тротуарға мейілінше жақын тоқтауға тиіс. Есікті автобус толық тоқтаған соң ашып, ал қазғаларда есікті жапқан соң ғана орнынныа қозғалуы тиіс.

Мөлшерден артық жолаушы алуға болмайды. Орнынна қозғалғанда, тоқтағанда баяу сырғып қозғалып, ақырын тоқтау қажет. Жедел қозғалыстан жолаушылар құлап, жарақат алуларын мүмкін. Немесе мөлшерден тыс тиелген адамдар автобус бұрылған сәтте, оның ауырлық күшінің ауытқуынан аударылып калуына әкеп соғуы мүмкін.

Кондуктор мен жүргізуші арасында байланыс, белгі реті болуы қажет. Жолаушылар мен жүргізуші радио арқылы ақпарат алмасатын жағдай болыу қажет. Автобус ішіне қозғалтқыш түтіні кірмес үшін түтін шығаратын құбыр автобус габаритінен 3 - 4 сантиметр асып тұруы керек.

Балаларды тасымалдайтын автобус мандайшасында және артында деген белгі болуы міндетті. Барлық автобустар медециналық дәрі кобдишасымен және екі отсөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Оның бірі кабинада, екіншісі салонда болуы керек.

Жеңіл машиналарға да мөлшерден артық кісі алуға тиым салынады. Жүргізуші қатарына 1-ақ адам отырады. Жолаушылар сақтық белбеуін тағып отырулары тиыс. Жеңіл автомобильдер ұнтақты немесе көмірқышқыл газды от сөндіргіштер мен және медециналық дәрі қобдишасымен жабдықталуы тиіс.

3Лифтілерді қауіпсіз пайдалану ережелері.



Бақылау сұрақтары.

1. Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің негізі қандай?

* Жолаушы тасымалы транспортына қойылатын талаптарды ата?

3. Лифтілерді қауіпсіз пайдалану ережелері талаптары қандай?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

6,13,14,15.









3. Тәжірибе сабақтары



№ 1. Сабақ тақырыбы:Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі(ЕҚСЖ).



Сабақ мақсаты:Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесімен танысып, оның құрылымын түсіну.

Оқу құрал-жабдықтары:

1. Методикалық нұсқау.

2. Анықтама жинағы.

3. ЕҚСЖ жинағы.

Жұмыс реті:

Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, Ауыл шаруашылығы өндірісінің Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесін пайдалана отырып,тәжірибе ретінде әртүрлі мамандық иелеріне жолнұсқа дайындауды меңгеру. Әр студент бір технологиялық процесті алып сол мамандық қызметкеріне жолнұсқа дайындауы керек.









Мысал ретінде келесі беттегі



жолнұсқа берілген.





































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

Кәсіподақ комитетімен Институттың бас инженері

_____________ __________ В.В.Яковлев





















Электржетекті құрылыс машиналарын, құрылғы-ларды пайдаланудың қауіпсіздік ережелері





Жолнұсқа

АК.65000.00.830.ИТ









Келісілді

Институттың бас энергетигі

А.Абановичев

















СЕМЕЙ-2010









Мазмұны

* Жалпы қауіпсіздік талаптары...............................................................

* Жұмыс алдындағы қауіпсіздік талаптары...........................................

* Жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптары.......................................

* Жұмыс аяқталғандағы қауіпсіздік талаптары.....................................

1. Жалпы қауіпсіздік талаптары

1.1 Электржетектегі құрылыс машиналармен, құрылғылармен жұмыс істеуге 18 жастан асқан, тиісті біліктілік куәлігі бар, оқыған және төмендегідей білімі тексерілген:

- істелетін жұмыс бойынша;

- еңбекті қорғау және өндірістік санитария, жұмыс орнындағы қауіпсіздік техника нұсқауларын өткен адамдар жіберіледі.

1.2 Жұмысшы жұмыстың басталуына дейін электр қауіпсіздігінен білімі тексерілуі қажет. Құрылыстық машиналармен және электржетегі бар құралдармен, бірінші классты қол электрлі машиналармен жұмыс істейтін адамдардың электр қауіпсіздік квалификациясы II кем болмауы керек. II және III классты қол электрлі машиналармен жұмыс істейтін адамның электр қауіпсіздік дәрежесі I топқа сай болуы керек.

1.3 Электржетекпен жұмыс істейтін құралдармен жұмыс істеу үшін еңбек қорғау туралы нұсқаулықты тоқсан сайын өтуі керек. Ал жылына бір рет электр қауіпсіздік туралы білімі тексерілуі тиіс.

1.4 Қандайда бір электр құралдарын электр желісіне қосу, жөндеу жұмыстарын, профилактикасын және оларды сынақтан өткізу тек қана электро техникалық қызмет адамдары орындауы керек.

1.5 Жұмысшыларды электр тоғы соғу мүмкіндігі жоғары ғимарат сыртында істелетін барлық жұмыстар кезінде және ғимарат ішінде тек II және III кластағы қол электр машиналарын пайдалану керек. I және II класс қол электр машиналарын пайдалану кезінде жеке қорғау құралдарын пайдалану керек ( диэлектрлік қолғап, галош, төсеніш ).

1.6 Жұмысшыларды электр тоғы соғу мүмкіндігі жоғары ( тұйық ыдыс, темір сауыт және т.б.) болса және де аса қауіпті жағдайда құрылыс монтаж жұмыстары кезінде III класты электр құрылғыларын пайдалану керек. Бұл жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалану керек.

1.7 Электржетектегі машиналарды өздерінің паспорттарына сәйкес сақтау және орын ауыстыруы керек.

1.8 Адамдардың тоққа түсу мүмкіндігі жоғары бөлмелерде электр жарығы 42В аспау керек.

1.9 Электр тоғын төмендету үшін автотрансформаторлар, дроссельді катушкалар және реостаттарды қолдануға тыйым салынады.

1.10 Жарылыс қаупі бар немесе химиялық активті заттары бар жерде электр қол машиналарын қолдануға тыйым салынады.

1.11 Жаңбырдан немесе қардан қорғалмаған жерлерде қол электр машиналарын пайдалануға тыйым салынады.

1.12 Электржетекті құралдың кабельдері қоршаған орта зақымдануынан қорғалуы тиіс ( ылғалдан, қызған заттардан, майдан ). Кабельдерді бұрауға, созуға, бүктеуге, үстіне жүк қоюға және кабельдің троспен, газбен дәнекерлеу құрылымы қиылысуына тыйым салынады.

1.13 Электржетекті құралдардың корпустарында интервал номерлері және сынақ күні жазылуы тиіс.

1.14 Электржетекті құрылғымен электр желілері сылақ астындағы ғимараттарда жұмыс істеу үшін өнеркәсіп жауабы адамдарынан арнайы рұқсат алғанда ғана жұмыс орындалады. Кез келген, төбе бұзумен байланысты жұмысты бастамас бұрын, сол мекеменің электротехникалық қызметімен келісім жасалуы керек. Жоғарыдағы жұмыстарды атқару үшін допуск толтырылады.

2. Жұмыс алдындағы қауіпсіздік талаптары

2.1 Электр құрылғымен жұмысты бастамас бұрын тексеру қажет:

- барлық құрам бөлшектердің орнында болуын, қосылыстардың беріктігін;

- кабельдің ақаусыздығын, орамының бүтіндігін, штепсельді айырудың ақаусыздығын, сыртқы қораптың бейтараптандыру бөлігінің, щетка ұстағыштың, тұтқаның ақаусыздығын, қорғау қабатының ақаусыздығын;

- өшіргіштердің жұмысының сенімділігін;

- мерзімді тексеру күнін;

- 0; 01; 1 класты электр құралдарының жерге қосу құрылғысының ақаусыздығын;

2.2 Жоғарыдағы берілгендердің біреуі табылса, ол құрылғыны жұмысшыға беруге тыйым салынады.

2.3 Құрылыс машиналары және электржетекті құрылғыны алдымен электротехникалық қызметкер тексеруі керек, ең бастысы құрылғының тұтастығына және жерге қосу құрылғысына назар аудару керек.

3. Жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптары

3.1 Жұмыс барысында электржетегі бар құрылғы кенеттен жұмыс істемей қалса, онда ең алдымен оны өшіріп, тоқтан ажырату керек. Одан кейін ғана жұмыс істемеу себептерін тексеру керек. Оныы білу үшін электр жөндеушіні шақырту керек.

3.2 Электржетектегі құралмен жұмыс істеуге тыйым салынады, егер мына ақаулары орын алса:

- штепсельді түйісу жеріне, кабельге зақым келгенде;

- шетка ұстағыштың қақпағына зақым келгенде;

- өшіретін бөлігі дұрыс жұмыс істемесе;

- шетка коллекторында қысқа тұйықталу кезінде, ашық от шығу кезінде;

- редуктордан және желдеткіш каналдардан май ағып кеткенде;

- бейтараптандыру бөліктерінен күдікті йіс, түтін шықса;

- әдеттен тыс йілу, діріл, соққы дыбысы болғанда;

- құралдық жұмысшы бөлігі зақымданса;

3.3 Электржетектегі құрылғыны қараусыз қалдыруға және басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

3.4 Электржетекті құрылғыны өз бетінше жөндеуге, бөлшектеуге тыйым салынады.

3.5 Егер жұмыс кезінде қандайда бір қиындық туындаса, онда жұмыс істеуді тез тоқтату керек те, электржетекте жұмыс істейтін құрылғыны тексеруге өткізу керек.

3.6 Электржетекті құрылғының патронына жұмысшы бөлікті орнатужәне оны алу немесе оны реттеу аспапты желіден өшіріп, ол толық тоқтаған соң іске асыру керек.

3.7 Электр құрылғымен сайбы ағашта тұрып жұмыс істеуге тыйым салынады.

3.8 Аспаптың жқмысшы бөлігіне оралған темір, ағаш жоңқасын алу үшін аспапты өшіріп, ол толық тоқтаған соң арнайы шетке немесе ілгіштен алу керек.

4. Жұмыс аяқталғандағы қауіпсіздік шаралары

4.1 Жұмыс аяқталған соң құрылғы шаңнан, кірден тазартылуы тиіс, одан кейін оны тексеретін адамға тапсырылуы керек.

4.2 Электржетекпен жұмыс істейтін құрылыс машиналары жабдықтары жұмыс аяқталған бойда тоқтан ажыратылуы тиіс. Олардың сақталуын қамтамасыз етілуі керек.

4.3 Электржетектегі құралдармен жұмыс аяқталған соң электротехникалық қызметкер құралдың толық өшірілуін тексеріп, құралдың өздігінен немесе байқаусызда қосылып кету мүмкіндігін болдырмауға тиіс ( өшіру нүктесінің дұрыстығын тексеріп қосымша рубильникті де ажырату ).



Бақылау сұрақтары.

1. Жолнұсқа қандай бөлімдерден тұрады?

2. Жалпы қауіпсіздік талаптарына қандайы жатады?



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

4,6,17.





№ 2. Сабақ тақырыбы:Техникалық қорғау құрал жабдықтарының пайдалану мақсаты және түрлері.

Сабақ мақсаты: Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтар-дың қауіпті аймағын анықтай біліп, оларды қауіпсіз пайдалануды іске асыра-тын жабдықтардың түрлерімен, қорғау принциптерімен танысу.

Оқу құрал-жабдықтары:

1. Методикалық нұсқау.

2. Анықтама жинағы.

3. Плакаттар. Машиналар макеттері.

Жұмыс реті:

Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегібақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Қауіпті аймақ дегеніміз не?

2. Қоршағыш,сақтандырғыш,тосқауылшы,белгі бергіш құрылғылардың қорғау принціпін( қалай іске қосылады) түсіндіріңіз?



Қауіпті аймақ және технологиялық жабдықтары туралы түсінік.

Қауіпті аймақ - деп машинаның, кұрылғының айналасындағы еңбеккерге тұрақты немесе құбылмалы, қауіпті, болмаса зиянды жағдай туатын кеңістікті айтады.Қауіпті аймақ тұрақты немесе айнымалы болады.

Сондықтан жоғарыда көрсетілген әсерлердің мөлшерін азайтуға немесе болдырмауға арналған қорғау құралдары: қоршағыш, сақтандырғыш, тосқауылшы, белгі беруші, машинаны алыстан басқару жүйесі, арнайы құрылғыларболып бөлінеді.

Қорғау құралдарының баршасына қойылатын талаптар төмендегідей: жұмыс орнындағы қауіпті және зиянды әсерді барынша азайту: қорғау жабдықтары, машинаны пайдалану кезінде жұмысқа кедергі болмай, оңтайлы болу қажет, сенімді және берік болу керек7

Қоршағыш құрылғы - адамның, болмаса оның киімінің бөліктерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі-қоршау ретінде жасалады. Олардың кұрылымы әр түрлі, және барлығы да берік те оңтайлы болу керек. Олар түрақты, алмалы-салмалы, уақытша болып үш түрге бөлінеді.



8- Сурет. Станоктардың тұрақты қоршағыштарының түрлері;

а -- толық қоршау(құндақ); б -- кескіш құралды жартылай қоршау; в -- -- кесу аймағын жартылай қоршау; 1 -- бұрылмалы экран білігі; 2 -- рамка; 3 -- әйнекті экран.



Сақтандырғыш қорғау жабдықтары - қауіпті факторды қас қағым сәтте тоқтатуға арналады. Авариялық жағдай туған кездерде - (қысымның, температураның, жұмысшы жылдамдықтың, ток күшінің, айналу моментінің артуы) сақтандырғыштың іске қосылуы нәтижесінде, құрылғы, машина, жарылыстан, сынудан, өртенуден аман қалады.



9- Сурет. Серіппелі фланецсті сақтандырғыш клапан

Герметикалық нормасы ТУ 3742-004-07533604-95.







Машиналардың тетіктерін сынудан сақтау мақсатында қозғалуды шектегіш немесе тежегіш механизмдер қолданылады. Тежегіш механизмдер тасымал және көтергіш транспорт машиналарында кеңінен пайдаланылады.

Тосқауылшы құрылғылар - адамның қауіпті аймаққа баруын болдырмайды, не болмаса қауіпті фактордың әсерін жоғалтады,қауіпті жағдайдың алдын алады. Олар механикалық, электрлі, гидравликалық, ауа қысымымен істейтін, құрама болып әр түрге бөлінеді.

Фотоэлементті тосқауылдар соңғы кезде пайдаланылады. Мысалы, адамның дене мүшесінің бірі қорғау аймағына барса, онда фотоэлементке көлеңке түседі де, ол машинаның, құрылғының қозғалтқышын өшіріп тастайды. Бұған көтергіш механизмдердің (лифт), электр құрылғыларының белгілі бір көрсеткіштерінің дұрыс болмаған кезінде іске қосылмауын мысалға келтіруге болады.







11- Сурет. Электронды (радиациалық) тосқауыл.



Айтылған құрылғылармен қатар еңбеккерге технологиялық процестердің барысын көрсететін немесе қауіпті не зиянды жағдай жөнінде белгі беретін құрылғыларда кеңінен пайдаланылады. Мысалы: жол тәртібі белгілері (знаки) дыбыс белгілері, жарық арқылы белгі беру, немесе түрлі ескерту бояулары. Қауіпсіздік белгілері ескерту,міндеттеу,тиым салу және рұқсат ету немесе көрсету белгілеріне бөлінеді. Олардың бояу түстері,белгінің сырт пішіндері әртүрлі болады. Мысалы: қызыл түс-қауіп түсі, көк түс- міндеттеу, жасыл түс-рұқсат ету немесе көрсету, сары түс-улы дегенді білдіреді.



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

4, 15,18,19.





№ 3. Сабақ тақырыбы:Электрмен дәнекерлеу, пісіру жұмыста-рын атқаратын қызметкерге жолнұсқа.

Сабақ мақсаты:Электрмен дәнекерлеу, пісіруші қызметкерге арналған жолнұсқамен танысу.Технологияның қауіпті-зиянды факторларын білу.Қауіпсіздік іс-шараларымен танысып,оларды меңгеру.

Оқу құрал-жабдықтары:

1. Методикалық нұсқау.

2. Анықтама жинағы.

3. Плакаттар.

Жұмыс реті:

Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегібақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1.Жолнұсқа үлгісі стандарттар жүйесіне сәйкес жасалған ба?

2. Электрмен дәнекерлеу жұмыстарындағы қауіп-қатерлер толық көрсе-тілген деп есептейсізбе?

3. Электрмен пісіруші, дәнекерлеуші жұмыс барысында қандай опера-цияларды атқарады?

4.Тұйық ыдыстарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін қандай қауіпсіздік шарттарын сақтау қажет?

5.Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде қандай әрекеттерге тыйым салынады ?



І. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер.

1.1. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде сәулелі энергияның қуатты ағыны: көрінетін ( жарықтық) және көрінбейтін ( ультракүлгін және инфрақызыл ) сәулелер пайда болады.

Көрінетін жарықтық сәулелер қысқа сәулелену кезінде (бірнеше секунд) көзге шағылысып көрсетпей тастаса, ал ұзақ сәулелену кезінде көру қабілеттілігінің жоғалуын тудырады.

1.2. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде неше түрлі электр жабдықтар және электр қондырғыларының үлкен саны пайдаланылады. Оларды пайдалану ережелері бұзылған кезінде дәнекерлеуші электр тоғымен зақымдануы мүмкін.

1.3. Электрлік доға түзілетін орындардағы пісірілетін және балқымалы бөлшектер бірнеше мың градус Цельсий температураға дейін қызады; қызған орындарға (бөлшектерге) байқаусыз жанасқан кезде адам күйіктер алу мүмкін. Дәнекерлеу процессі кезінде жеке басты қорғау құралдарынсыз жұмыс істеу, дәнекерленетін бұйымдардың балқытылған металының шашырауынан күйіктер алуға әкеліп соғады.

1.4. Дәнекерлеу процесстері кезінде зиянды газдар мен шаңның үлкен мөлшерінің бөлінуі болады, олар адам ағзасына түскен кезде ауру мен улануды тудыруы мүмкін.

Дәнекерлеушілер осы нұсқауда берілген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаған кезде электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер олардың денсаулығына әсер етпейді.

ІІ Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

2.1. Электрмен дәнекерлеушілердің қауіпсіздік техникасы бойынша біліктілігі ІІ дәрежеден төмен кем болмауы керек.

2.2. Электрмен дәнекерлеушілердің жұмыстарды жүргізуге құқық беретін арнайы біліктілік куәлігі болуы қажет.

2.3. Электрмен дәнекерлеушілер үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар үш айда бір өткізілуі қажет.

2.4. Биіктіктегі дәнекерлеу жұмыстарына медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдар жіберілмейді.

2.5. Жұмысшы жұмысты орындау алдында қорғау жабдықтары мен құрылғылардың болуын және ақаусыздығын тексеру керек, сонымен қатар тұйықтаушы өткізгіштердің қосылуының сенімділігін тексеруі керек.

2.6. Жұмысшыға дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін ақысыз жеке басты қорғау құралдары беріледі: арнайы киім, арнайы аяқ киім, бас киім және қорғау құрылғылары. Олармен қамтамасыз етілмесе, дәнекерлеуші жұмысқа жіберілмейді.

2.7 Дәнекерлеушінің жұмыс орынында шылым шегуге тыйым салынады- кәсіпорындарда бұл үшін арнайы орындар беріледі.

ІІІ. Жұмысқа дайындық кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

3.1. Жұмысты бастау алдында электрмен дәнекерлеуші арнайы киімді (брезентті костюм, аяқ киім, диэлектрлік қолғаптар) киюі керек және қорғау құрылғыларын (шлем, қорғағыш) қалыпқа келтіруі керек. Арнайы киім және қолғаптар құрғақ, май сіңбеген болуы керек.

3.2. Дәнекерлеу доғасының сәуле шығаруының зиянды әсерінен көз бен бетті сақтау үшін дәнекерлеу тоғы күшіне байланысты арнайы жарық сүзгілерімен қорғалған шлемдерді қолдану қажет

3.3. Бір құрылғының тұйықталған корпусын басқа құрылғыны тұйықтау үшін пайдалануға тыйым салынады. Әр аппараттың тұйықтаушы өткізгіштерін жалпы тұйықтауға жеке қосу керек.

3.4. Жұмыс орнының жарықтандыруының ақаусыздығын тексеру керек. Дәнекерлеу орнының жеткіліксіз жарықтандырылуы кезінде 36В кернеуліктегі электрлік шамды қолдануға рұқсат етіледі.

3.5. Электрмен дәнекерлеуші жұмысты бастамас бұрын төменгі әрекеттерді атқаруға міндетті:

а) желдету жүйесін іске қосуға ( желдету жүйесінде ақау болса, жұмыс істеуге тыйым салынады );

б) жалпы өндірістік орындардағы дәнекерлеу орнын тасымалы қорғағыштармен немесе қалқаншалармен кем дегенде үш жағынан қоршауға алуға;

в) электр жабдықтарында ақауларды анықтаса, электромонтерді шақыруға міндетті. Ақауларды өздігінен қалпына келтіруге тыйым салынады.

3.9. Шатыр жоқ болған жағдайда қар, жаңбыр кезінде электрмен дәнекерлеу жұмыстары тоқтатылуы қажет.

3.10. Электр дәнекерлеу өткізгіштер сымдарын ацетилен және оттегі түтіктерінің және құбыр өткізгіштердің жанына орналастыруға тыйым салынады.

IV. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары.

4.1.Тек қана ақаусыз электродұстағыштармен жұмыс істеу. Электродұстағыштардың тұтқасы ток өткізбейтін және отқа төзімді материалдан жасалуы керек.

4.2.Электрдәнекерлеуші өздігінен электржелісіне дәнекерлеу транс-форматорын және т.б дәнекерлеуші қондырғыларды қосуына тыйым салынады. Бұл жұмысты электр жөндеуші іске асыру қажет.

4.3. Тұйық ыдыстардың сыртындағы және ішіндегі электрмен дәнекерлеу жұмыстары, сонымен қатар сұйық жанар-жағармай, жеңіл тұтанатын сұйықтар, газдар және т.б. болған металлды сауытты жөндеуді, оларды алдын-ала және жете тазалаудан кейін кейін жүргізілуі керек. Ыдыстар ішіндегі дәнекерлеу кезінде тек қана төмен вольтты, 12 В кернеулікті жарықтанды-руды қолдану керек.

Дәнекерлеу жұмыстары кезінде міндетті түрде қақпақтар, тығыңдар, ауыз-дар ашық болып, желдету жүйесі іске қосылуы қажет .Электрдәнекерлеуші жұмыс кезінде әлсін-әлсінүзілістер жасап, резервуардан шығуы қажет.

4.4. Металлды жабық тұйық ыдыстарда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде механикалық немесе электр блокировкалы электрод-ұста-ғыштар қолдану керек. Оларэлектроток қосылып тұрған жағдайда элек-тродтың ауысуын болдырмауды қамтамасыз етеді.

4.5.Жабық ыдыс ішінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгенде дым-қыл бөлмелерде және ауа райы дымқыл болса , жұмыс кезінде резеңкелі төсеніштер, резеңкелі етік және т.б. қорғағыш заттар қолданылады.

4.6. Басқа орынға электрдәнекерлеуші өткізгіш сымдарды тасымал-дау кезінде міндетті түрде оларды орап алу қажет. Электрөткізгіш сым-дарды жермен немесе еден бойынша сүйретуге тыйым салынады.

4.7.Жұмыс биіктікте жүргізілсе астыға ештеңе лақтырылмауы қажет және биіктікте бекітілмеген заттарды қалдырмау керек. Биікте сақтық белбеусіз, жабдық салатын, электродтар, электрод қалдығын салатын сөмкелерсіз жұмыс істеуге болмайды.

4.8.Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде тыйым салынады :

а) электрдәнекерлеуші және көмекші жұмысшыларға шлемсіз, қорға-ғыш қалқаннемесе жарық сүзгісісәйкес келмейтін көзілдіріксіз жұмыс істеуге;

б) жабдықтардың ток жүретін бөлігінің қоршауын ашып, жабуға неме-се шешуге;

в) дәнекерлеу қондырғысына жөндеу жүргізуге;

г) қысыммен тұрған аппараттар ыдысын, құбырларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге;

д) тез тұтанатын немесе өртке қауіпті заттардан 6 метрден жақын жерде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге.



Электрмен дәнекерлеуші жазатайым оқиға кезінде адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері мен тәсілдерін білуге міндетті.

VII Өрт қауіпсіздік шаралары.

7.1. Электрмен дәнекерлеуші және көмекші жұмысшылар өрт сөндіру құралдарының орналасуын білуге міндетті және оларды қолдана алуы қажет.

7.2. Жұмыс кезінде жанатын құрастырмаларға және материалдарға балқытылған металдың шоқтарының түсуін және электрод бөлшектерінің шашырауын болдырмау қажет. Дәнекерлеу жұмыстары орынында электрод қалдықтарын сақтауға арналған арнайы металл жәшік болуы қажет.

7.3. Дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін бөлмелерде от қауіпті материалдарды (бензин, спирт, ацетон, лак, сырлау материалдары және т.б. ) сақтауды болдырмау қажет.

7.4. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын қарап шығу қажет және жану ошағының пайда болу мүмкіндігін жою үшін шараларды қолдану керек.

7.5. Өрт пайда болған жағдайда тез арада өрт тобын шақыру қажет және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жану ошағын жою шараларын жасау керек.



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

4,6,7,19.



№ 4. Сабақ тақырыбы:Электрмен пісіру, металды кесу жұмыстары кезінде жұмыс орнындағы ауаны желдету мәселелері.



Сабақ мақсаты:Электрмен пісіру, металды кесу жұмыстары кезінде жұмыс орнындағы ауаны желдетуге қойылатын қауіпсіздік талаптарымен, тәсілдерімен танысу, оны есептеу әдістерін меңгеру.

Оқу құрал-жабдықтары:

1. Методикалық нұсқау.

2. Анықтама жинағы.

3. Плакаттар.

Жұмыс реті:

Дәрісте, өздік жұмыста және методикалық нұсқаудағы берілген материал-дармен толық танысып шығып, жұмыс орнын желдетуді есептеуге берілген тапсырманывариант бойынша орындау: және төмендегібақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Жұмыс орнындағы ауаны желдетуге қойылатын қауіпсіздік талап-тары қандай ?

2. Электрмен пісіру , кесу жұмысы кезіндегіжұмыс орнындағы ауаны желдету тәсілдері қандай ?

3. Электрмен пісіруші тұйық ыдыстың ішінде жұмыс істесе ауаны алмастыру қалай ?



Электрмен металды пісіру, кесу, дәнекерлеу кезінде еңбеккердің дем алу аймағына зиянды шаң, аэрозоль және газдар бөлінеді. Сондықтан жұмыс аймағында бөлінген зиянды заттардың мөлшерін зиянсыз концентрацияға келтіру үшін ауаны алмастыру немес желдетуді ұйымдастыру қажет.

Желдетудің екі әдісі бар:

Біріншісі - пайда болған зиянды заттарды жұмыс орнынан сорып сыртқа әкету.

Екіншісі - дәнекерлеушінің жұмыс орнына таза ауаны беру.

Электрдоғалық әдіспен металды дәнекерлеу, пісіру үшін тұрғылықты сору құрылғыларын пайдаланады.

114300850901-сурет. Ауа сорғыш құрылғы.



3 5 1- дәнекерленетін бұйым

2- ауа қабылдағыш панель

6 3- ауа жүретін құбыр

4 4- вентилятор

5- ауаны сыртқа шығаратын бөлік

6- таза ауа келетін құрылғы.





1 2



Сорғыш құрылғы арқылы ауыстырылатын ауа көлемін төмендегі формуламен анықтайды.

L=3600∙Fo∙υo

Мұндағы Fo - ауа қабылдағыштың ауданы, м2;

υo - ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с.

Ауа қабылдағыштың ауданы металды пісіру мен кесудің түріне, пайда-ланылатын жабдыққа байланысты алынады.

Ауа қозғалыс жылдамдығы:

Қолмен пісіру кезінде 0,5 м/с аспауы керек; инертті газдарды пайдаланса - 0,3 м/с; газбен, плазмамен кесу кезінде - 1...1,4 м/с болып қабылданады.

Мысалы, лас ауаныжанынан сорып әкететін құрылғылар үшін υ=3-4 м/сек - тан 6-8 м/сек дейін қабылданады. Ауыстырылатын ауа көлемі 2000 м3/сағаттан - 4000 м3/сағ дейін барады.

Цехтың көлемі үлкен және онда жалпы ауа алмастырғыш жүйе болғанда дәнекерлеушінің жұмыс орнына таза ауа беріледі. Бұл жүйедегі ауа қозғалысы да 0,5 м/с аспауы керек. Қыс мезгілінде сырттан берілетін таза ауа жылытылып беріледі.

Үлкен көлемдегі бұйымдарды пісіру, кесу кезінде ауа қабылдағыш бөліктер реттелмелі, бұрмалы болып жабдықталады. Ал тұйық ыдыс ішіндегі жұмыстар кезінде ауа сору бөліктері, ауа жолдары қозғалмалы, жұмсақ материалдар істелген болып келеді. мұндай кезде ауа сору жүйесінің өнімділігі жоғары болуы қажет.



Электрмен дәнекерлеу, пісіру кезіндегі жеке бірліктік зиянды заттардың бөліну мөлшері.



Кесте-1



Технологиялық операция



Пісіру электродтары, материалдары, түрлері



Жеке бірліктік зиянды заттардың бөліну мөлшері

г/кг

Зиянды зат концентрация-сын азайту үшін берілетін таза ауа мөлшері

L, м3/кг







Зат аты



Мөлшері





Қол электр доғалық пісіру

Электродтар материалы

АНО-1, АНО3;4



Марганец



0,43; 0,85; 0,59.



8600; 1700;

11800.

Конструкциялық көміртегі аз болаттар үшін



МР-3, МР-4







1,32; 1,08.



24000, 21600.



Шалуға төзімді болат

Фторлі кальцийлі электрод ЦЛ-17, К-8

Хромды ангидрид көміртегі тотығы



0,166



17,8



16600



900

Металды балқитын жабыстыру



ОЗН-250, НР-70



Марганец



1,63; 3,9.



32600, 78000.



Альюминиді қолмен пісіру



ОЗА-1, ОЗА-2



Альюмини тотығы



20, 28.



10000, 14000.

Темірді газбен кесу

Қалыңдығы 5мм,

қалыңдығы 10м

Марганец және оның тотығы

0,7 г/1м

1,1 г/1м

14000

2200

Темірді ацети-лен-оттегі қос-пасымен кесу.

1 кг ацетиленге

/1 гр

Азот тотығы

22

4100



Яғни механикалық желдету жүйесін есептеу дегеніміз сағатына ауаға қанша зиянды зат бөлінуіне байланысты алмастырылатын ауаның көлемін тауып, осы жүйені қамтамасыз ететін вентиляторды өнімділігіне қарай таңдап алу деген сөз.



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

4,6,10,17.



№ 5. Сабақ тақырыбы:Арнаулы киім, жеке қорғану құрал-жабдықтарымен қызметкерлерді қамтамасыз ету.



Сабақ мақсаты: Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының түрлерімен жұмысшыларды қамтамасыз ету ретімен танысу.Салалық нормативке сәйкес жүк көтеру, тасымалдау жұмыстары қызметкерлеріне берілетін арнаулы киім мен жеке қорғану заттарын таңдап алуды меңгеру.

Оқу құрал-жабдықтары:

1. Методикалық нұсқау.

2. Анықтама кітап.

Жұмыс реті.

Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегібақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының жіктелуін жазып алу. 2. Арнаулы киім,аяқ киім,қорғау жабдықтарының сақталуы,берілуі және қол-данылуы жөніндегі ережені оқып-білу.

3. Жүк көтеру, тасымалдау жұмыстары қызметкерлеріне берілетін арнаулы киімдерді таңдап алу.

Арнаулы киім, және жеке қорғану заттарының жіктелуі.Арнаулы жұмыс киімдеріне қойылатын талаптар.

Арнаулы киім - қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім,аяқ киім,бас киім қолғап,өзге де нәрселер.

Жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар,соның ішінде арнайы киім.

Ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

Арнаулы киім тұрмыстық және өндірістік киім болып екіге бөлінеді.

Өндірістік арнаулы киімдер 4-ке бөлінеді:

Жұмысшы киім - денені былғаудан және жарақаттан сақтауға арналған халықшаруашылығының барлық салаларында қолданылатын киімдер.

Арнаулы киімдер - сыртқы ортаның адамға қауіпті, зиянды әсерлерінен қорғайтын,былайша айтқанда арнайы материалдардан тігілген немесе арнайы ерітіндіге суарылып , белгілі бір қасиет алған киімдер жатады.

Ведомствалық(салалық) киімдер - белгілі бір министрліктерде өз еңбеккерлеріне арнап,бір үлгімен тіктірген киім жатады.Мысалы: теміржолшылар формасы,орман шарушылығы қызметкерлері формасы,әскери форма,т.с.с.

Технологиялық киімдерге - өте жоғары дәлдікпен істеліп өнеркәсіптік орындардағы мамандыққа тән ерекшеліктері бар киімдер жатады.

Жеке қорғау заттары, қолданылуына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

1.Айырушы костюмдер - ішіне жел толтырылған костюм-дер,скафандрлер.

2.Тыныс жолдарын қорғау жабдықтары - противогаз, респираторлар.

3.Арнаулы киімдер - комбинезондар, кеудеше, шалбар, костюмдер, сулық, жамылғылар, қысқа тон, тұлыптар, алжапқыш, жеңғаптар.

4.Арнаулы аяқ киімдер - етік, қысқа қонышты етік, туфли, галош, ботылар.

5.Қолды қорғайтын жабдықтар - қолғаптардың әр түрі.

6.Басты қорғайтын жабдықтар - дулығылар, малақай, қалпақ, т.с.с.

7.Бетті қорғайтын жабдықтар - бетперде,қорғаушы маска.

8.Есту органдарын қорғайтын жабдықтар - шуға қарсы киетін бас киім,құлаққа киетін аспап.

9.Көзді қорғайтын жабдықтар - әр түрлі көзәйнектер

10.Жоғарыдан құлаудан қорғайтын және басқа қорғау жабдықтары - сақтық белбеу, тоқ өткізбейтін кілемше, тізеге, шынтаққа, иыққа арналған қорғау жабдықтары.

11.Теріні қорғайтын заттар - сабын,арнайы ерітінділер,әр түрлі жағатын майлар.

Еңбеккерлерді арнаулы киіммен,аяқ киіммен қорғау жабдықтарымен уақытында қамтамассыз ету жауапкершілігі мекеме, кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі.

Өндірістегі зиянды шаңнан,улы заттардан еңбеккердің тыныс жолын қорғау үшін противогаздар немесе тұмылдырықтар беріледі.Өндірістік противогаздардың әскери (Азаматтық қорғаныс ұйымдарындағы) противогаздардан айырмашылығы,олар тек бір ғана затты сүзіп алуға арналған.Ал әскери противогаздар әмбебаб (универсальный) болып келеді



Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1,3,16,17.





№ 6. Сабақ тақырыбы:ЖҮК КӨТЕРГІШ МЕХАНИЗМДЕРДІ ТЕХ-НИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТКІЗУ, КУӘЛАНДЫРУ РЕТІ.



Жұмыс мақсаты: Жүк көтергіш механизмдерді құрылымына және оларды пайдалануға қойылатын талаптарды оқып білу. Жүк көтергіш механизмдерді техникалық байқаудан, куәландырудан өткізу жолдарымен танысу.

Оқу құрал-жабдықтары:

1. Методикалық нұсқау.

2. Анықтама кітап.

Жұмысты орындау реті:

Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегібақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:



1. Жүк көтергіш машина, механизмдерді пайдалануға қойылатын талаптар.

2. Жүк көтергіш машина механизмдерді статикалық және динамикалық байқаудан өткізу жолдары.



Жұмыс орындарда жүк көтергіш механизмдерді пайдалануда арнайы осы жұмысқа бекітілген жандар, анда-санда жүк көтергіш механизмдерді қарап, тексеріп отыруы тиіс. Мұндай тексеріс кемінде 10 күнде 1 рет жүргізілуі керек.

Жұмыс орындарда арнайы журнал болуы тиіс, олар - крандар мен жүк көтеруші механизмдерді тіркеуге алу үшін, қосалқы бөлшектерді тіркеуге алып тексеру үшін, жұмысшылардың білімін бағалау үшін қолданылады.

Мемлекеттік бақылау органдарында барлық типтегі крандарды тіркеуге болады, мынадан басқалары: қолмен жұмыс істейтін крандар, көпірлік типтегі немесе консолдық бұрылмалы 10 т дейінгі жүк көтергіш крандар; қосалқы бағыттық және мұнаралық 1 тоннаға дейін көтеретін жүк көтеруші крандар, бағыттық крандар, тоқпен (электрмен) немесе қолмен жұмыс істейтін, адамдар мен жүкті лебедкамен көтеру, аккумуляторлық және автомобильдік тиеу сияқты жұмыстарға арналған көтергіштер.

Жұмыс орынның администрациясының қаулысымен жүк көтеруші механизмдерді техникалық куәландырудан өткізу үшін арнайы комиссия тағайындайды: бастығы - бас инженер, құрамдағы адамдар - жұмысшылар (цех басқарушылары), жүк көтеруші механизмдерді қауіпсіз пайдалануға жауапты адамдар, мамандар (аумақтың мастерлары), тексерілген жұмыс аумағында істейтіндер, кран жүргізушілері, еңбек қорғау инженері.



Жаңа крандарды құру үшін жүк көтергіш механизмдерді алғашқы куәландырудан өткізеді. Сонымен қоса, 12 айда кемінде бір рет крандардың жаңа орынға ауысуында, күрделі жөндеуден өткенде кезексіз техникалық куәландырудан өткізу тиіс.

Толық емес куәландырудан статистикалық және динамикалық сынақ жүргізбейді.

Жүк көтергіш арқанға дұрыс күтім жасамаса, оны ашықаспанда көп пайдаланса ол іштен тот басады. Осындай құбылысты алдын алу үшін арқанды жылына бір рет ыстық графитті балқымамен сіңдіру қажет. Ішінен тот басып қалған және де көп пайдаланылған арқандарды ерекше тиянақты тексеру керек. Ол үшін сымдарды кірден, тоттан тазалап, тот басудан қорғайтынмен тазартып, ал содан кейін көп пайдаланылған және тот басқан сымдарды микрометрмен өлшеп, тозған пайыздық өлшемін есептеу қажет.

Егер де тозу сымның алғашқы диаметрінен 40%ға жетсе, онда арқан пайдалануға келмейді.



Жүк көтергіш механизмдері статистикалық байқаудан өткізу реті.

Техникалық жөндеуден өткен жүк көтергіш механизмдер ғана статистикалық байқауданөтеді. Жүк көтеруді тежейтін, пайдалануды тоқтататын құрылғылар тәжірибе жүргізгенде уақытша тоқтатылады. Тәжірибені 3 рет жүргізеді.

Куәлікте берілген жүк көтергіш құрылғыныңтехникалық көрсеткішінен артық жүкті ілгішке іледі, жаңа кран-сырықтарда 25%ға, бұрын пайдаланылғандарда - 10%ға, ол дегеніміз Qтәж - 1,25 QН, жаңа механизмдерге Qтәж - 1,1 Q Н бұрын қолданылғандарында.

Жүкті еденнен 100 ммге көтеріп, 10 мин ұстайды. Осыдан кейін екінші белгі қойып, жүкті шешеді. Содан сырықтың иілу бағытын көреді (Л сырық ұзындығының қатынасы L). Индикатор бағытының толық үлкен айналымы 1 мм-ге сәйкес.

Салмақты алғаннан кейін сырықта кемшіліктер қалмауы тиіс. Бағыт бірінші белгісіне қайта оралуы керек. Орнына келмеген жағдайда кемшілікті тауып, жою қажет. Кемшілікті жойғаннан кейін, сырықты пайдалануға болады.

Динамикалық сынақты құрылғының жүк көтергіштігінің ең кіші көрсеткішінен 10%дан артпауы тиіс. Жүкті бірнеше рет 300 мм биіктікке көтеріп, жіберу арқылы оның механизмдерінің және тоқтатқыштарының дұрыстығын тексереді.

Тоқтатқанда жүк өз салмағымен мықты тұру керек. Егер жүк өздігінен түсіп қалса, жүк көтергіш механизмдер пайдалануға жіберілмейді.

Жүк ілетін құрылғыларды техникалық куәландырудан 6 айда кемінде бір рет өткізеді. Жүк ілетін мықты арқандар мен шынжырлардан жасалған құрылғыларды сынақтан өткізу үшін, мөлшерлі көрсеткішінен 2 есе үлкен жүк көтергіштік салмақ түсіру арқылы тексеріледі. Куәландырудың нәтижесін журналға толтыру қажет.







5.ӘДЕБИЕТТЕР

негізгі әдебиеттер

1. 15.05.2007 ж.

2. Қ.Р заңы.

3. М.Б. Базаршин Семей 1984ж.

4. С.В Белов и др. Спра-вочник. Москва 1995г.

5. М.П.Александров. М.1979г.

6. М. 1996г.

7. МЕСТ 12.0.001-82 ЕҚСЖ. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Негізгі қағидалар.

8. МЕСТ 12.0.003-74 ЕҚСЖ. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Топтастырылуы.

9. МЕСТ 12.2.061-81 ЕҚСЖ. Өндірістік жабдықтар.

10. МЕСТ 12.3.002.75 ЕҚСЖ Өндірістік процестерге қойылатын қауіпсіздік талаптары.

11. МЕСТ 21112-87. Көтеру-тасымалдау жабдықтары

12. МЕСТ 12.2.022-80 Конвейерлер, қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

13. Салов А.И. , М-1985г.

14. МЕСТ 22011-95 Жолаушы және жүк тасушы лифттер.

15. Б.И.Зотов и другие.Безопасность жизнедеятельности на производстве. Москва.Высшая школа, 2000г.жизнедеятельности . М.2000г.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Беріліс қорабы.

Автор: Асхатұлы Ернат

Дата: 23.05.2018

Номер свидетельства: 470748

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Конспекты по технологий на тему: "Фасонды б?лшектерді жону" "
    ["seo_title"] => string(65) "konspiekty-po-tiekhnologhii-na-tiemu-fasondy-bolshiektierdi-zhonu"
    ["file_id"] => string(6) "173912"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424065852"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Ащық сабақ тақырыбы "Қозғалыс беру механизмдері. Машина және оның бөлшектері""
    ["seo_title"] => string(80) "ashchyk_sabak_tak_yryby_k_ozg_alys_bieru_miekhanizmdieri_mashina_zh_nie_onyn_bol"
    ["file_id"] => string(6) "386541"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485958814"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "5-сынып саба? жоспары 1-токсан"
    ["seo_title"] => string(26) "5synypsabakzhospary1toksan"
    ["file_id"] => string(6) "303764"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457601854"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Автокөлікке техникалық қызмет көрсету"
    ["seo_title"] => string(38) "avtokolikke_tekhnikalyk_kyzmet_korsetu"
    ["file_id"] => string(6) "513188"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1559532052"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Іштен жану қозғалтқыштары"
    ["seo_title"] => string(28) "ishten_zhanu_kozgaltkyshtary"
    ["file_id"] => string(6) "513189"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1559532950"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства