Ұйымдастыру кезеңі:1. Абай Құнанбаевтың « Ғылым таппай мақтанба» өлең жолдарымен бастайды.
2. Кезекші мәлімдемесі
Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар өткен сабағымызды тест арқылы пысықтап өтейік.
Құранда қанша сүре бар
А) 114 Ә) 116 Б) 112
2. Ең ұзақ сүре қалай аталады?
А) Бақара Ә) Ықылас Б) кәусар
3. Адам атаның шын аты?
А) Сымағұл Ә) Сапиолла Б) Салиғолла
4. Алла тағала адамды неше күнде жаратты?
А) 7 Ә) 8 Б) 6
5. Сымайлдың анасының аты?
А) Сара Ә) Ажар Б) Айманкүл
6. Алла тағала адамды неден жаратты?
А) Судан Ә) Балшықтан Б) Оттан
7. Ажар мен Сымайлды Ибраһим қайда апарады?
А) Палестинаға Ә) Құлазыған шөл далаға Б) Софа тауына
Жаңа сабақ
Әбділда Тәжібаев өмірі мен әдеби ертегі туралы қысқаша мәлімет беру, оқушыларға оқыта отырып, ертегі мазмұнымен таныстыру.
Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Анасының аты-Айманкүл. 1923 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институттын бітірген. « Жасалаш», « Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарған. 50 шақты кітаптың авторы.
« Еңбек Қызыл ту» орденімен екі рет « Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1978 жылы «Толағай» әдеби ертегісі жазылған.
« Ой қозғау» стратагиясы бойынша
1 топ: Ертегі дегеніміз не?
2 топ: Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
Қазақ әдебиетіміздегі ертегілердің бір саласы- әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің авторы болғандықтан оны әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Әдеби ертегілер де туған елін сүюді, еңбек адамын қадірлеуді, адамгершілікті, әділетті болуға уағыздайды.
Топпен жұмыс.
1 топ: « Толағай» әдеби ертегісінің екі бөліміне ат қою. Ертегінің тақырыбы мен идеясын ашу.
1 бөлім. Ерекше болып өскен Толағай.
2 бөлім: Ел үшін құрбан болған Толағай.
Ертегінің тақырыбы: Ерлік туралы.
Ертегінің идеясы: Отан үшін, ел үшін Толағайдай ерлер туса деген тілек, ниет.
2 топ: Ертегіні композициялық құрылымына талдау.
Ертегінің комиозициялық құрылымы:
Басталуы: Саржан атты мергенің ұлды болуы.
Дамуы: Толағайдың ер жетуі.
Шиеленісуі: Толағайдың халқын ойлап күйзелуі
Шарықтау шегі: Толағайдың еліне тауды көтеріп әкеліп, жаңбыр жауғызуы.
Шешімі: Толағай-елі үшін құрбан болды.
Топтастыру
Топтастыру стратегиясы бойынша Толағайға мінездеме беру.
күшті
Жанашыр алып
Толағай
Мерген
Рақымшыл батыр
Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.
Күшті.
Арқалады ауыр тауды,
Жаншып бара жатыр жанды.
Маңдайынан тер көл боп ақты,
Жеткенше деп алмаймын деп
Жарты жолда қалмаймын деп,
Шаршаса да тоқтамапты.
Алып.
Арқаласа он баланы-
Қайыспайды қабырғасы.
Рақымшыл.
« Қайтсем жаңбыр жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын»
Мерген.
Аң аулауға-кең даладан,
Құтылмайды қашқан құлан,
Жалғыз толғап тартуынан,
Жан құтқармас болды қыран.
Батыр.
« Келе қал,-деп болсаң күшті
Құйрығынан алды барып
Таяқ құрлы көрмей тіпті
Жолбарысты дөңгелетті.
Жанашыр.
Күйген жердің кіріді жаны,
Шөлдегендер суға қанды
Ауыл қайта ажарланды
Тарқалды елдің бір құмары.
Дәптермен жұмыс.
1 топ: Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін табу.
Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестері: Тәтті ұйқы, көзін тікті, ат арытып.
2 топ: Мәтіннен синонимдерді теріп жазу.
Жас бөбек, балғын бөбек. Тұлға, пішін. Айналды, толғанды.
Бекіту сұрақтары:
Әдеби ертегі дегеніміз не?
Әбділда Тәжібаев қай қалада дүниеге келді?
Әбділда Тәжібаевтың анасының аты кім?
« Толағай» ертегісі әдеби ертегіге жата ма?
Толағай кімге жақсылық жасады?
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: Ертегінің екі бөлімін оқып, мазмұндау. Ерлік, Отан туралы мақал- мәтелдер жазып келу.
Тест
Құранда неше сүре бар
А) 114 Ә) 116 Б) 112
2. Ең ұзақ сүре қалай аталады?
А) Ықылас Ә) Бақара Б) Кәусар
3. Адам атаның шын аты?
А) Сапиолла Ә) Сымағұл Б) Салиғолла
4. Алла тағала адамды неше күнде жаратты?
А) 7 Ә) 8 Б) 6
5. Алла тағала адамды неден жаратты?
А) Судан Ә) Балшықтан Б) Оттан
6. Сымайлдың анасының аты кім?
А) Ажар Ә) Айманкүл Б) Сара
7. Ажар мен Сымайды Ибраһим қайда апарады?
А) Құлазыған шөл далаға Ә) Палестинаға Б) Софа тауына
1 ТОП
ЕРТЕГІ ДЕГЕНІМІЗ
НЕ?
2 ТОП
ҚАНДАЙ ЕРТЕГІНІҢ ТҮРЛЕРІН БІЛЕСІҢДЕР?
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5 « Ә», «В»
Күні: 8.12.2015жыл
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер.
Сабақтың мақсаты: Көнерген сөздер туралы толықтай түсінік беру.
Міндеттері:
Көнерген сөздер туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін кеңейту.
Тіл байлықтарын дамыту, ауызша, жазбаша сауаттылықтарын арттыру
Тіл тазалығын сақтауға, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой жинақтау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың жабдықтары: қима-қағаздар, түрлі суреттер.
Сөздік құрам дегеніміз не? Қолданылу жағдайына қарай нешеге бөлінеді?
Мақал-мәтелдер деп нені атаймыз?
Омоним деген не?
Синоним дегеніміз не?
Антоним деп нені атайды?
Кұтілетін жауаптар
Сөздік құрам деп- тілдегі сөздердің тұтас жиынтығын айтамыз.
Мақал- тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.
Мәтел- ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобын айтамыз.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді.
Синонимдер деп- мағыналары бір –біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы көнерген сөздер оқушылар.
Көнерген сөздер деп- қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққын сөздерді айтамыз.
Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
Тарихи сөздер.
Архаизмдер.
Тарихи сөздер деп- қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан.
Қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна.
Кеңес тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл отау, отарба, қызыл әскер.
Архаизмдер- халықтың тұрмыс-тіршілігінде, салт-сана, әдет-ғұрыпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер.