қағаздарды таңдау арқылы төрт топқа бөліп отырғызу.
ІІ. Кіріспе:
Жұмысымызға іріспес бұрын бүгінгі сабағымыздың мақсатымен таныстырып өтейін. Бүгін, балалар, біз ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер туралы ой қозғаймыз. Сабақ 7 модульдің ішінен Сын тұрғысынан ойлау модулі, Блум токсономиясы бойынша өтеді. Блум токсономиясы алты кезеңнен тұрады. Ол: білу, түсіндіру, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау.
Білу және түсіну кезеңінде біз Ә.Тәжібаевтың «Толағай» атты ертегісінің мазмұнын түсінеміз, Қолдану кезеңінде алынған ақпаратты бір-бірімізге айтып, сипаттаймыз. Талдау кезеңінде әдеби ертегіге талдау жүргіземіз. Жинақтау кезеңінде әдеби ертегілер мен халық ертегілеріндегі ерекше байланысты жинақтаймыз. Бағалау кезеңінде «Алда-жалда жұрт күйзелсе, біз қандай әрекет жасар едік» деп тақырыпты қорытып, бағалаймыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Ал енді үй жұмысына біраз тоқталып өтейік. Үйде Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен танысып келу және ертегінің мазмұнын біліп, үзінді жаттап келу тапсырмасы берілген болатын.
(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)
ІV. Жаңа сабақ:
Білу, түсіну, қолдану кезеңі.
Жақсы, балалар, автордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы көптеген мәлімет біледі екенсіңдер, енді «Қарлы кесек» тәсілі арқылы жұмысымызды жалғастырып, ертегінің мазмұнын меңгереміз.
Қазір А үстелі «Толағай» ертегісін ашып, 122-123 бетті оқиды. Ә үстелі 124-125 бетті оқиды. Б үстелі 126-127 жаттығу. В үстелі 128-129 бетті оқиды.
Оқып болған соң, топтың ішінде талқылап, әр топтан үш бала басқа үш топқа ауысып түсіндіресіңдер. Кірістік! Талқылап болсаңдар, ауысамыз.
Әр топтан бір оқушы ертегіден үзіндіні жатқа оқиды.
V. Талдау бөлімі:
- Жақсы, балалар, ертегінің мазмұнын біліп, түсініп алдық. Енді біз сабағымыздың талдау бөліміне кірісеміз. Қазір ертегіге әдеби талдау жүргіземіз.
1-топ. Тақырыбы мен идеясын анықтап, көркемдегіш құралдады табасыңдар.
2-топ.Ертегінің композициясына тоқталасыңдар.
3-топ. Құрылысына қарай талдау жүргізесіңдер.
4-топ. Кейіпкерлерді анықтап, оларға қысқаша сипаттама беріп, оқырман позициясын шығарасыңдар.
Өлеңнің құрылысы
Тақырыбы
Идеясы
Ә.Тәжібаев
«Толағай» ертегісі
Оқырман позициясы
Кейіпкерлер әлемі
Композициясы
VI. Жинақтау және бағалау бөлімі:
Ал, балалар, сонымен біз, тақырыпты жинақтау және бағалау бөлімдеріне жетіп қалдық.
1-топ. Әдеби ертегілер мен халық ертегілерінің арасындағы ерекше байланысты жинақтайды.
2-топ. Халық ертегісінің кейіпкері Кендебай мен әдеби ертегісінің кейіпкері Толағайдың арасындағы ерекше байланысты жинақтайды.
3-топ. «Туады ерлер ел үшін» тақырыбына өз ойларын айтады.
4-топ. «Алда-жалда жұрт күйзелсе, біз қандай әрекет жасар едік» деген тақырыпта өз ой-тілектерін айтады.
Топтағы топ басшылар топ мүшелерін бағалауға кірісіңіздер.
VII. Сабақты қорытындылау:
Қара қалпақ – сабақтың жағымсыз тұстары.
Сары қалпақ – Сабақтың жағымды жақтары.
Ақ қалпақ – Сабақта алынған қажетті ақпаратқа тоқталу.
Жасыл қалпақ – креативтілік, жаңа идялар.
Көк қалпақ – сабақтың барысына тоқталу.
Қызыл қалпақ – сабақтан алған әсер, болжам.
VIII. Үйге тапсырма: өткен тақырыптар бойынша тест құрастыру.