kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?бділда Т?жібаев «Тола?ай» ?деби ертегісі/5-сынып/

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?бділда Т?жібаев «Тола?ай» ?деби ертегісі/5-сынып/

Білімділік - ?деби ертегі туралы т?сінік беру, «Тола?ай» ?деби ертегісіні? мазм?ны, негізгі идеясымен таныстыру;

Дамытушылы? – о?ушыларды? тіл байлы?ын арттыру, с?здік ?орын молайту, ?деби ертегіні халы? ертегісінен ажырата білуге ?йрету, ?зіндік ойын д?лелдеуге, т?жырымдама жасау?а жетелеу,

Т?рбиелік – ту?ан жерге, Отан?а деген патриотты? сезімдеріне ?сер ету, с?йіспеншіліктерін арттыру, ?айырымдылы??а, жанашырлы??а, ра?ымшылды??а т?рбиелеу.

Т?рі: жа?а білімді ме?герту.

Типі : д?ст?рлі емес.

 ?діс-т?сілі: топтастыру, талдау, салыстыру, ой ?орыту, «ми?а шабуыл», ой тол?ау

 К?рнекілігі:  интербелсенді та?та, слайдтар

П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, тарих, география,

Саба?ты? барысы.

         I.?йымдастыру. О?ушылармен с?лемдесу, т?гендеу.

Топ?а б?ліп отыр?ызу:

           I топ

         II топ

         III топ

         ІV топ

  II. ?й тапсырмасын с?рау:

Балалар, ?йге ?.Т?жібаевты? «Тола?ай» ?деби ертегісіні? мазм?нын біліп келу тапсырыл?ан болатын.

Мен ?азір с?ра?тар ?оямын. Сол с?ра?тар?а жауап беру ар?ылы ?р топ ?зіні? б?гінгі саба??а даярлы?тарын к?рсете біледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?бділда Т?жібаев «Тола?ай» ?деби ертегісі/5-сынып/»

Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі/5-сынып/

Білімділік - әдеби ертегі туралы түсінік беру, «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны, негізгі идеясымен таныстыру;

Дамытушылық – оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету, өзіндік ойын дәлелдеуге, тұжырымдама жасауға жетелеу,

Тәрбиелік – туған жерге , Отанға деген патриоттық сезімдеріне әсер ету, сүйіспеншіліктерін арттыру, қайырымдылыққа, жанашырлыққа , рақымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді меңгерту.

Типі : дәстүрлі емес.

Әдіс-тәсілі: топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту, «миға шабуыл», ой толғау

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география,

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.


Топқа бөліп отырғызу:

I топ

II топ

III топ

ІV топ

II. Үй тапсырмасын сұрау:

Балалар, үйге Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұнын біліп келу тапсырылған болатын.

Мен қазір сұрақтар қоямын. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы әр топ өзінің бүгінгі сабаққа даярлықтарын көрсете біледі.


І топ:

- «Толағай» әдеби ертегісінің авторы кім?

- Толағай қандай ерлік көрсетеді?

- Толағай ұйықтап жатқанда әкесіне қандай аң тап береді?

ІІ топ:

- Толағайдың әкесінің аты кім?

-Анасының қай жердің суы мол жер екендігін айтқан жерін мәтіннен тауып бер.

- Толағай халқына көмектесу үшін не іздеп шығады? /жаңбыр/

ІІІ топ:

  • Толағайдың анасының аты кім?

  • Толағай қандай бала болып өседі? /алып/

  • Толағайға байланысты қандай бағдарламаны білесің?

ІV топ:

  • Толағайдың арқасына неше бала мінсе де белі қайыспай көтереді?

  • Толағайдың атымен не аталады?

  • Әкесі Толағайды қандай қасиеттерге баулиды?

ІІІ. Жаңа тақырып:

  1. Ой толғау:

Балалар, «Толағай» әдеби ертегісінің қысқаша мазмұнын сұрақтар арқылы анықтай алдық деп ойлаймын. Енді сендерге тапсырма: осы шығарманы оқығанда қандай әсер алдыңдар, не түйдіңдер, сол туралы шағын ой толғау жазып беріңдер.

Тапсырманы орындап болсақ, өзара бір-біріңе оқып, іштеріңнен ең үздік, ең жақсы жазылған шығарманы таңдап алыңдар. Таңдап болған соң, сол бала өз шығармасын бізге оқып береді.


Балалар, бұл шығарманы жақсы түсінген екенбіз. Сондықтан «Толағай кім?» деген сұраққа жауап беруге қиналмайтын шығармыз. Толағайға қарап әр бала өз еліне жақсылық жасап, нағыз азамат болғысы келеді.

2. Сендерге топ бойынша тапсырма:


І топ: Толағайға мінездеме беру.

ІІ топ: Сюжеттік жоспар құру.

ІІІ топ: Ой толғау жазу: «Егер сіз автор болсаңыз, бұл әдеби ертегіні қалай аяқтар едіңіз?»

ІV топ: Шығарманың құрылысына талдау.


  1. РАФТ- хат жазу:

«Толағайға хат» деген тақырыпта ой толғау жазу. Бұл тапсырманы топ болып бірігіп орындау қажет.

ІV. Бағалау:

«Сабақтан қандай әсер алдыңдар, шығарма ұнады ма?» Осы сұраққа өз пікірлеріңді білдіріп және өз топтарыңда қай балаға қандай баға қоятындарыңды алдарыңдағы парақшаға жазып, оны тақтаға іліңдер.

VІ.Үйге тапсырма беру:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы- жастардың қолында» деп жас ұрпаққа сенім артады.

-Сендер «Толағай» шығармасын оқығаннан кейін, қазіргі заманның балалары, мына сендер қандай болуымыз керек деп ойлайсыңдар? Толағай сияқты болғыларың келе ме, әлде басқа адам болғыларың келе ме?

-Осы пікірлеріңді қорытып, үйде қазіргі заманның жастары қандай болу керек деген сұраққа жауап беріп, топтастыру құрып келесіңдер.

Үйге: «Қазіргі заман балалары қандай болуы керек?» деген тақырыпта постер жасау.

V. Қорытындылау:

«Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді,»- деген мақал бүгінгі сабағымыздың қорытындысы болмақ. Еліміздің сенім артып отырған бүгінгі Толағайлары сендерсіңдер. Осы атқа әрқашан лайық болыңдар.


Шаттық шеңберін құру: Енді бір-бір ауыз сөзбен бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Тек біріміздің айтқанымызды екіншілеріміз қайталамауға тырысайық.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?бділда Т?жібаев «Тола?ай» ?деби ертегісі/5-сынып/

Автор: Сайдуллаева Камалхан Токбасыновна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279875


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства