Сабақ мақсаты: Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Міндеті:
1.Әдеби ертегілермен таныстыру. «Толағай» ертегісінің мазмұнын меңгерту, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату
2. Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлей білуін дамыту, сөздік қорын молайту
3.Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу.
Ертегінің бір саласы-әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атаймыз.Бұл ертегілер аңыз әңгімелердің негізінде пайда болған. Олар өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Әдеби ертегілірге: «Жүсіп хан», «Саяхатшы бақа» т.б. ертегілер жатады.
Сондай ертегілердің бірі Әбділда Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі.
Ә.Тәжібаевтың өмір жолына шолу жасау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Әбділда Тәжібаев «Толағай» сабақ жоспары»
Сабақ№ 13
Күні __________
Сабақ тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Толағай»
Сабақ мақсаты: Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Міндеті:
1.Әдеби ертегілермен таныстыру. «Толағай» ертегісінің мазмұнын меңгерту, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату
2. Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлей білуін дамыту, сөздік қорын молайту
3.Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу.
Ертегінің бір саласы-әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атаймыз.Бұл ертегілер аңыз әңгімелердің негізінде пайда болған. Олар өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Әдеби ертегілірге: «Жүсіп хан», «Саяхатшы бақа» т.б. ертегілер жатады.
Сондай ертегілердің бірі Әбділда Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі.
Ә.Тәжібаевтың өмір жолына шолу жасау.
Туған жері
Ақмешіт «Қызылорда облысы)
Қызметі
Қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері,драматург, әдебиет зерттеушісі
1915
Әкесі қайтыс болып, 6-13 жасында қала сыртындағы Қараөзек деген жерде шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі.Ақындыққа осы кісілердің септігі тиді.
1922
Интернатта оқыды.Алғашқы өлеңдері осы жерде туындады.Шымкенттегі жеті жылдық мектепте оқыды.
1929-1932
Абай атындағы ҚазПи-да оқыды.
1953-1956
Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітірді.
Марапаттаулары
Екі мәрте Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендермен,медельдармен марапатталған.
Шығармалары
«Күй атасы, Оркестр, Қазақстан- алтын сандық, Майра, Ақ қайың, Монологтар, Сағынамын күн сайын, Толағай, Абыл»т.б
Мәтін үйде оқып келуге тапсырылған.
Енді шығарманы толық талдау үшін әрі алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін мен мынадай 4 дейгейлік жұмысты таңдап отырмын. Сабақ соңына дейін 4 деңгейді де толық орындап, мақсатымызғы жетеміз деп ойлаймын.
Шығармашылық
деңгей
Эвристикалық
деңгей
Алгоритмдік
деңгей
Оқушы деңгейі
1. Оқушы деңгейі Сұрақ-жауап әдісі
а.Ақын суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді?
ә.Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
б.Толағай секілді ер болу қолдарыңнан келе ме?
2. Алгоритмдік деңгей Оқулықпен жұмыс
Оқулықты пайдалана отырып, шығарма тілімен Толағайға сипаттама беру
.
Толағай
3. Эвристикалық деңгей Дәптермен жұмыс
«Түсініктеме күнделігін» жүргізу
1-қатар: Шығарманың тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау
2-қатар: «Толағай» ертегісінің бөлімдері бойынша жоспар құру
4. Шығармашылық деңгей
«Ел басына күн туса» тақырыбында ертегі желісімен ойтолғау жаз.
IV. Сабақты қорытындылау
Венн диаграммасы
Әдеби ертегі Ертегі
Авторы белгілі Автор жоқ
Өлеңмен жазылған Қара сөзбен жазылады
V. Үйге тапсырма
Шығарманы толық оқу. Автор шығармашылығына шолу жасау.