Мотивациялық – қозғаушылық | Мұғалім балаларды маңайына шеңберге жинайды. - Бәрің мені және бір-біріңді көре-тіндей шеңберге тұрыңдар. -Мен енді бәріңе кезекпен шеңбер-де тұрған балалармен көзбен аман-дасуды ұсынамын. -Мен бірінші бастаймын, мен бар-лық балалармен амандасып бол-ғанда, менің көршім амандасады. Мұғалім оң жақтағы көршісінен бастап, кезекпен әр баланың көзіне қарап басын изейді. Мұғалім барлық балалар мен амандасып болғанда, оң жақ көршісінің иығынан ұстап, оған балалармен амандасуды ұсынады. | Балалар шеңберге тұрады. Балалар кезекпен бір-бірінің көзіне қарап, бастарын изеп, аман-дасады. Бала барлық балалармен амандасып болғанда, оң жақ көршісі-нің иығынан ұстап, оған балалармен аман дасуды ұсынады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | -Балалар, сендерге «Бәрін білгім келеді!» сайысына қатысуды ұсынамын. Бұл сайысқа қатысу үшін екі топ қажет. Сондықтан да екі топқа бөлінуді ұсынамын. Сендердің алдарыңда екі түрлі теріс қарап жатқан бейджиктер жатыр. Әрқайсың бір бейджиктен алып, оның көмегімен қай топта екен-деріңді білуді ұсынамын. -Кімнің бейджиктерінде қарлығаш бейнеленсе олар мына үстелге, ал кімде көгершін бейнеленсе олар мына үстелге отырсын. -Мен бүгін топтар өзінің білімін, іскерлігін, тапқырлығын көрсете біледі деп үміттенемін.Өз білімінің арқасында дұрыс және тез сұрақтарға жауап берген топ жеңеді. Топтарға сәттілік тілей мін! - Сонымен сайысымыздың бірінші тапсырмасы. 1 Тапсырма: «Санды сыз». Екі бет парағында 1 ден 10- ға дейінгі сандар бейнеленген. Мұғалім сандарды атайды, ал қатысушы тез сол санды тауып сызып, қазақ тілінде атауы керек. Тапсырма соңында қай топ дұрыс сандарды сызса, сол топқа асық беріледі. Мұғалім сандарды санап, осы тапсырмада қай топ жеңімпаз болғанын анықтап, жеңімпаз топқа асық береді. 2.Тапсырма: «Мақал - сөздің мәйегі» Топтар мақалды қазақ тілінде айтады. Қай топ көп мақалды білсе, сол топ жеңеді. 3. Тапсырма: «Жалпы сөз». Әр топтан өз қалауы бойынша бір-бір қатысушы шығады. Оларға әр тақырыпты «Жануарлар» «Түстер» «Тағамдар» бейнелейтін заттардың суреті салынған карточкалар жиыны беріледі. Мұғалім қазақ тілінде тақырыпқа сай бір сөзді айтады -Аю; -Нан; -Сиыр; -Ет. Мұғалім қай топтың қатысушы тез және дұрыс карточкаларды көрсетсе, сол топқа асық береді. -Енді «Аудармашы» тапсырмасын орындайтын уақытта келді. Бұл тапсырманы орындау үшін сөз тіркестерін орыс тілінен қазақ тіліне аударуға дайын болуларың керек. Бір топқа мұғалім «үлкен», «кішкентай» ал келесі топқа «тәтті», «ащы» сөздерімен сөз тіркестерін орыс тілінде айтады. -Большое яблоко; -Горький перец; -Сладкий сахар; -Маленький заяц. Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім қай топ дұрыс барлық сөз тіркестерін аударса сол топқа асық береді. 4.Тапсырма:«Тигізіп,ата». Шаршыға әртүстер жапсырылған кесте ұсынылады. Әр шаршыда әр тақырыпқа байланысты суреттер орналасқан. Суреттерді әртүсті түстер жабады. Бір қатысушы асықты лақтырып, бір шаршыға тигізеді. Осылай ол жауап беретін тақырыбын таңдайды. Мысалы: асық «Менің жанұям» тақырыбы бар шаршыға тисе, қатысушы отбасы мүшелерін қазақ тілінде атайды. - Сайысымыздың соңғы тапсырмасы: «Артық сөз». Мұғалім қазақ тілінде сөздер айтады, ал бір сөз мағынасына сай емес артық сөз болады. Ата, әже, ақ, әке; Алма, екі, алмұрт, жүзім.; Жылқы, қасқыр, сиыр, ешкі; Бас, ата, көз, ауыз; Нан, шәй, лақ, сүт. Мұғалім артық сөздерді дұрыс атаған балаларға асық береді. | Мұғалімді тыңдайды. Балалар кезекпен бір бейджиктен алып, үстел басына отырады. Әр топтан кезекпен балалар шығып, мұғалім атаған сандарды сызып, қазақ тілінде атайды. Топ қатысушылары кезек-пен мақалдарды айтады: Өмір-үлкен мектеп; Көп сөз- күміс Аз сөз-алтын. т.б. Әр топтан бір-бір қатысушы шығады. Мұғалім атаған сөздерге сай карточканы көтереді. Топтар кезекпен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударады.
-Үлкен алма; -Ащы бұрыш; -Тәтті қант; -Кішкентай қоян.
Әр топтан кезекпен қатысушылар шығып, кестеге асық лақтырып, белгілі бір тақырыбы бар шаршыны ашады. Сол тақырыпқа байланысты сөздерді қазақ тілінде атайды. Балалар сөздерді зейін қойып тыңдап, олардың арасына артық сөзді табады. -Ақ; -Екі; -Қасқыр; -Ата; -Лақ. |
Рефлексиялық– түзетушілік | Мұғалім балаларға немесе қонақтарға екі топтың сайыста жинаған асықтарын санауды ұсынады. -Бүгін бәрің сайысқа жақсы қатыстыңдар. Асықтарды санай келе (жеңімпаз топтың аты) жеңіске жеткенін білдік. -Қалай ойлайсыңдар, неліктен олар жеңді? -Дұрыс, өйткені олар басқаларға қарағанда қазақ тілінде сөздерді біледі және дұрыс айтады. Мұғалім жеңімпаз топқа диплом береді. -Бәріңді де құттықтаймын, өйткені бәрің де тырысып өз білімдеріңді көрсеттіңдер, бірақ үздік топ жеңді. -Сайысымыз аяқталды. -Сау болыңдар! | Асықтарды санауға көмектеседі.
Балалардың кім және неге жеңімпаз болғаны туралы жауаптары. Қуанышпен дипломды, құттықтауларды қабыл алады. Мұғаліммен қоштасады. -Сау болыңыз! |