Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, әділ қазылар мен келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «Бәрін білгім келеді» ойынына қош келдіңіздер!
Ал енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар (әділқазылармен таныстыру)
Кәне оқушылар енді өзімізді әділ қазылар мен қонақтарға таныстырып, бір–бірімізге сәттілік тілей отырып ойынымызды бастайық.
Ойын 4 кезеңнен тұрады:
Жоспары:
Ой қозғау - кезеңі
Тауып көр - кезеңі
Ойлан тап - кезеңі
Ақтық сын - кезеңі
Ойының барысы:Ойын 4 кезеңнен тұрады, ойынға 8 оқушы қатысады. 1-кезеңде ең аз бал жинаған бір оқушы, 2-кезеңде ең аз бал жинаған 2 оқушы, 3- кезеңде ең аз бал жинаған 3 оқушы ойыннан шығады да, ақтық сынға 2 оқушы қалып сайысқа түседі. Ең көп бал жинаған бір оқушы жеңіске жетеді.
1-Кезең: ой қозғау (ия, жоқ, әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.)
Экран мен көздің арақашықтығы 60-70 болу керек. (ия)
Ертеде адамдар есептеу құралы ретінде қолдарын пайдаланған. (ия)
ЭЕМ І буыны 1958-1964 жылдар аралығын қамтиды. (жоқ)
Компьютердің атасы аналитикалық машинаны ойлап тапқан.(Ия)
Кез келген алгоритмның басы және соңы болады. (Ия)
«Ақпарат » сөзінде 7 бит бар. (жоқ)
Тармақталу алгоритмінің 2 тармағы болады. (ия)
Паскаль тілінде квадрат түбірі sgrt командасы арқылы іске асады (ия)
Бит 0 және 1 сандарынан тұрады. (ия)
ДК- ң миы жүйелік блок болып табылады. (ия)
Байт биттен үлкен. (ия)
Әрекетттердің бірінен кейін бірінің ретімен орындалуы сызықтық алгоритм деп аталыды. (ия)
Бір байт 8 битке тең. (Ия)
Паскаль тілі 1968-1971 жылдары шыққан бағдарлама ма? (ия)
Бір әріп бір байтқа тең. (ия)
Енгізу, шығару блок-сызбалық түрі мынадай бола ма? (ия)
Алгоритм атқарушысы адам болып табылады. (ия)
Компьютердің атасы Чарльз Бэббидж. (ия)
Алгоритм бұл тек қана математикалық есептерді шығаруға арналған (жоқ)
«Адам» сөзінде 32бит бар. (ия)
Компьютердің 4 негізгі құрылғысы бар. (ия)
2-Кезең: тауып көр. (бір сөз екі ұпаймен бағаланады.)
Информатикаға байланысты сөздер жазу керек.
3-Кезең: Ойлан тап (сұрақтарға жауап беру керек. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады.)
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру
Компьютер деген не?
Компьютер дегеніміз- ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.
«Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?
«Ақпарат» сөзі латын тілінен шыққан. Түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіреді.
Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тілі.
Интерфейс
Архивтеуші программаларды ата?
WinRaR, WinZiP
4- Кезең: Ақтық сын (Әр тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.)
Тапсырма: Блок-схема құру.
Ағаш егу (мысал ретінде)
Жерде шұңқыр қазу;
Ағаш тұқымын шұңқырға салу
Шұңқырды ағашпен қоса топырақпен жабу;
Су құю.
Қосындыны есепте (мына есепті орындау)
C= a+b теңдеуінің алгоритмін жазу.
Осымен бүгінгі біздің «Бәрін білгім келеді» атты сайысымыз өз мәресіне жетті, келесі сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
Сау болыңыздар.
Оқушы аты –жөні:_____________________
Жауап парағы
1-кезең бойынша:
Сұрақтарға ия, жоқ деп жауап беру керек.
1
13
2
14
3
15
4
16
5
17
6
18
7
19
8
20
9
21
10
22
11
23
12
24
2-кезең бойынша:
Информатикаға байланысты сөздер жазу керек.
1
14
2
15
3
16
4
17
5
18
6
19
7
20
8
21
9
22
10
23
11
24
12
25
13
26
4-кезең бойынша:
Блок-схема ретінде көрсету
C= a+b берілген, С –ның мәнін табу керек.
Бағалау парағы
Ойынның барысы: ойын 4 кезеңнен түрады, ойынға 8 оқушы қатысады. 1-кезеңде ең аз бал жинаған бір оқушы, 2-кезеңде ең аз бал жинаған 2 оқушы, 3- кезеңде ең аз бал жинаған 3 оқушы ойыннан шығады да, ақтық сынға 2 оқушы қалып сайысқа түседі. Ең көп бал жинаған бір оқушы бағаланып, силанады.
№
Оқушы аты - жөні
1-кезең
(әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады)
2-кезең
(әр сұрақ екі ұпаймен бағаланады)
3-кезең
(әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады)
4-кезең
(әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады)
1
2
3
4
5
6
7
8
Қатысқан мұғалімнің аты-жөні:__________________________