Просмотр содержимого документа
«?аза? ?алымдары. 10 сынып. »
Гүлмира Мұхаметханқызы Ниязбекова
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қазақ тілі сабағы
10 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ ғалымдары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсат: Қазақ халқының ғалымдарының еңбектерін зерттей отырып, ашып көрсету, оқушылардың білгенін толықтыру.
2.Дамытушылық мақсат: Сөйлеу мәнерін қалыптастыру,ой-өрісін дамыту ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсат: Ұлы ғалымдардың істерінен тәрбие ала отырып, құрметтуге, қадірлеуге, патриотизмге, тарихты ұмытпауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау,пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: М.М.Жанпейісованың модулдік оқыту технологиясын қолдану, топпен, жеке жұмыс, «Блиц-турнир» оқыта үйрету ойыны, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, тіл дамыту, ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, ғалымдардың портреттері, кестелер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырады
2. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
- Балалар, біз бүгін XI - модульдің «Қазақстан ғалымдары» атты тақырыптың 5 – сабағындамыз
Сабағымызды екі топқа бөлініп өткіземіз. Оқушыларды екі топқа бөлемін.
1 топ- Алғырлар
2 топ- Білімпаздар
Топтың спикерлеріне бағалау парағы тапсырылады.
II. Үй тапсырмасын (сұрау) тексеру.
Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатпен (Алдыңғы сабақтарда өткен, меңгерілген сөздер мен сөз тіркестерін алдарына беру)
Ой қозғау. «Бұл кім?» ойынын жүргіземін, таратпа кеспесін таратамын. Мәтіндерде кім туралы айтылған?
1- кеспе
Әлемге әйгілі ғалым, орта ғасырда өмір сүрген. Оның ғылыми еңбектері әр кезде Каир, Халеб, Анкара қалаларында басылып шыққан.
2- кеспе
Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш ғалым болды. Ол Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі еді. XX ғасырдың басындағы демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді өкілі екі рет жазықсыз жазаланды.
3- кеспе
Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, өнертанушы, тарихшы, зерттеуші. География қоғамына мүше болып сайланды. Қазақ-қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинады, мақалалар жазды.
4-кеспе
Аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері. Алты жасынан бастап ауыл мектебінде оқыды. Ауыл мектебінде арабша хат танып, араб тілін үйреніп, парсы, түркі әдебиетінің үлгілерімен танысады. Алғашқы күндерден бастап оның назары геологиялық – барлау мамандығына ауады.
5-кеспе
Кеңес дәуіріндегі ғұлама ғалымдардың бірі, академик. Тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер тарихы саласында энциклопедиялық еңбектер жазған.
*Таратылған таратым кеспелер арқылы оқушылар кім екенін тауып жауап береді, сосын әр ғалымның өмірінен қысқаша мәлімет. (Портреттерін слайдпен көрсету)
Оқушыларға өткен сабақтарда берілген қосымша тапсырмалар бойынша Әл-Фарабидің, А.Байтұрсыновтың, Ш.Уәлихановтың, Қ.Сәтбаевтың, Ә.Марғұланның, өмірлерінен, еңбектері туралы деректер, пікірлер.
*Оқушылардың ықтимал жауаптары.
III. Мұғалімнің сөзі Осы Ұлы адамдар, ғалымдар туралы кімдер көп айтты, қандай нақыл сөздер білесіңдер? (қорытынды) Соның ішінде төмендегі сөздңі алып, сабақты бастайық.
«Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді»
Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?
*Оқушылар өз ойларын айтады.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?...
Осыған дәлел ретінде ғылымға қосқан еңбектері туралы мағлұматтармен танысамыз.
1. Мәтінмен жұмыс. Тыңдап түсіну. Мәтінді тыңдаймыз. Алдын ала жазылып алынған мәтінді компьютерді қосып тыңдатқызамын. Алдында таратылған параққа жаңа сөздерді, тірек сөздерді жазып отырыңдар.
* тыңдап болған соң мәтінді таратамын.
Мәтін
Қаныш тапқан қара тас
Ғұлама ғалым Қаныш Сәтпаевтың ғылымға қосқан жаңалығы қомақты да, жан-жақты. Тек геология саласында ғана емес, әдебиет, тарих, археология, типология, өнертану салаларында да қосқан үлесі орасан.
Соның бір дәлелі, 20-жылдардың басында Томск университетін бітіріп келген жас ғалым Орталық Қазақстанның кен қорларын зерттеп, Ұлытаудағы археологиялық мұраларды да жинастырады. Тастағы көне таңбалардың сырын ашып, Алашахан, Жошы кесенелерін тарихи мұра ретінде қорға қажеттігін мемлекет алдына міндет етіп қояды. Едіге тауының басындағы батырдың ел аузында аты аңызға айналған бейітіне көтеріледі. Кейін қастандықпен қиратылған Ерденнің Сарыкеңірдегі кешенін, Домбауыл қорымын құнды археологиялық мұралар деп қарайды.
Тау ішіндегі Ақсақ Темір сарбаздарына қару жасап, болат балқытқан орынды табады. Соның орны әлі күнге дейін сақталған. Дәл осы жерден бетіне араб әрпімен жазылған белгісі бар қара тасты кездестіреді. Бұл жәдігерде Әмір Темірдің 1392 жылы Тоқтамысқа қарсы жорығы кезінде Ұлытауға келіп тоқтағаны айтылады.
Қаныш Сәтпаев қара тасты тапқан кезде Қазақстан қалаларында тарихи мұражайлар болмағандықтан, өгіз жеккен арбаға мініп, оны Қызылордадағы теміржол бекетіне әкеліп, 1927 жылы поезбен Ленинград қаласына жөнелтеді. Қаныш Сәтпаев мұны Ресейдегі құнды мұралар жинақталған Эрмитажға жолдайды.
Бұл тас 1935 жылы Түркістаннан алдырылған тайқазанмен бірге Эрмитаждың арнаулы бір бөлмесіне қойылған. Мұнда Қожа Ахмет кешенінен тайқазанмен бірге әкелінген, алтын жалатып, күмістен құйған екі шырағдан да тұр. Кезінде осындай алты шырағдан болған.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
3. Грамматикалық жұмыс.
А) Сөйлемге синтаксистік талдау жасау:
Қаныш Сәтпаевтың тапқан тасын мұражайлар болмағандықтан, оны 1927 жылы поезбен Ленинград қаласына жөнелтеді.
Бұл тас.... .... Түркістаннан алдырылған тайқазанмен ..... Эрмитаждың арнаулы бір ...... қойылған. ( бөлмесіне, 1935 жылы, бірге).
IV. Білімдерімізді толықтыру мақсатпен
«Блиц- турнир» оқыта үйрету ойынын жүргіземіз. Ойынның барысы: Бұл біржақты жауаптарды талап ететін 5-10 сұрақ. Ойыншылардан тек фактілерді білуі тексеріледі. Блиц-турнирге баға: « дұрыс жауап- балл» жүйесімен қойылады.
.
1. Ғалымдардың өмірінен деректер
10
20
30
2. Ғылыми еңбектер, ғылыми жаңалықтар
10
20
30
3. Ғалымдардың нақыл сөздері, ғалымдар туралы пікірлер.
10
20
30
Сұрақтар:
1 бөлім
1. Әлкей Марғұлан қай жерде дүниеге келген?
2. Қ.Сәтбаев неше жасында ауыл мектебінде оқыды, қандай тілдерді үйренеді?
3. Шоқанды замандастары қандай тұлға деген?
2 бөлім
1. Ш.Уәлихановтың соңғы еңбектерін атаңыздар.
2. Қ. Сәтпаев қанша ғылыми еңбектердің авторы, қандай еңбегі үшін марапатталды?
3. Ғылыми жаңалықтар туралы не білесің? Мысал келтіріңіз.
3 бөлім
1. «Уәлиханов соншалықты сүйкімді, соншалық тамаша адам»,-деп кім айтқан?
2. Халыққа қызмет етудің жолдары да, амалдары да көп-ақ. Солардың мен білетін жолы
– ғылым? Қай ғалымның сөзі?
3. Мақалды аяқтаңыздар:
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң.....
V. Сабақты қорытындылау: Эссе « Ғылымды дамытатындар –ғалымдар»
VI. Үй тапсырмасы: Келесі сабақта Павлодар облысы бойынша жерлес тағы да қандай ғалымдар туралы білеміз мәлімет жинап шығарма жазу. Мысалы: А.Бектуров, А.Шокин туралы біліп келу. «Ғылым қайдан табылсын, Инемен құдық қазбаса?!»
VII. Бағалау.
Бағалау парағы
№
Оқушының аты –жөні
Үй жұмысы
5 ұпай
Мәтінмен жұмыс
5 ұпай
Граммати
калық жұмыс
5 ұпай
«Блиц-турнир» ойыны
36 ұпай
Эссе
5 ұпай
Қорытынды
48-56 ұпай -5
38-47 ұпай –4
30-37 ұпай- 3
1
Әбельдинова Әйгерім
Бекенов Темірлан
Бигалиева Раушан
Галиев Диас
Қайдарова Әсел
Кучикбаева Жұлдыз
Құдайберген Нұрдина
Рахманенко Саша
Нихаев Валера
Құралханов Алмаз
XI модуль
Лексикалық тақырыбы: Ғалымдар.
Грамматикалық тақырыбы: Жалғаулар
Сағат саны: 6
Модульдің құрылымы
Бөлімдері
Сабақтың саны
Модульдің мазмұны
Уақыты, минут
Кіріспе
1 сабақ
1. Модульдің құрылымымен таныстыру.
2. Қазақ халқының ғалымдары.
3. Жалғауларды қайталау.
4. Бекіту
45 мин
Сөйлесу
2 сабақ
1. Сабақтың мақсатын айту.
2. Ш.Уәлиханов
3. Диалог. Жұптық жұмыс
45 мин
3 сабақ
1. Сабақтың мақсатын айту
2. Қ.Сәтпаев
3. Жарыс ойыны
45 мин
4 сабақ
1. Сабақтың мақсатын айту
2. Ә.Марғұлан
3. Жеке- топтық жұмыс
45 мин
5 сабақ
1.Сөйлесу «Қазақ ғалымдары» тақырыбы бойынша
2. Мәтінмен жұмыс
2. «Блиц- турнир» оқыта үйрену ойынын жүргізу.
3. Бекіту Эссе арқылы
10 мин
10 мин
10 мин
15 мин
Қорытынды
6 сабақ
Бақылау жұмысы. Шығарма
45
Қаныш тапқан қара тас
Ғұлама ғалым Қаныш Сәтпаевтың ғылымға қосқан жаңалығы қомақты да, жан-жақты. Тек геология саласында ғана емес, әдебиет, тарих, археология, типология, өнертану салаларында да қосқан үлесі орасан.
Соның бір дәлелі, 20-жылдардың басында Томск университетін бітіріп келген жас ғалым Орталық Қазақстанның кен қорларын зерттеп, Ұлытаудағы археологиялық мұраларды да жинастырады. Тастағы көне таңбалардың сырын ашып, Алашахан, Жошы кесенелерін тарихи мұра ретінде қорға қажеттігін мемлекет алдына міндет етіп қояды. Едіге тауының басындағы батырдың ел аузында аты аңызға айналған бейітіне көтеріледі. Кейін қастандықпен қиратылған Ерденнің Сарыкеңірдегі кешенін, Домбауыл қорымын құнды археологиялық мұралар деп қарайды.
Тау ішіндегі Ақсақ Темір сарбаздарына қару жасап, болат балқытқан орынды табады. Соның орны әлі күнге дейін сақталған. Дәл осы жерден бетіне араб әрпімен жазылған белгісі бар қара тасты кездестіреді. Бұл жәдігерде Әмір Темірдің 1392 жылы Тоқтамысқа қарсы жорығы кезінде Ұлытауға келіп тоқтағаны айтылады.
Қаныш Сәтпаев қара тасты тапқан кезде Қазақстан қалаларында тарихи мұражайлар болмағандықтан, өгіз жеккен арбаға мініп, оны Қызылордадағы теміржол бекетіне әкеліп, 1927 жылы поезбен Ленинград қаласына жөнелтеді. Қаныш Сәтпаев мұны Ресейдегі құнды мұралар жинақталған Эрмитажға жолдайды.
Бұл тас 1935 жылы Түркістаннан алдырылған тайқазанмен бірге Эрмитаждың арнаулы бір бөлмесіне қойылған. Мұнда Қожа Ахмет кешенінен тайқазанмен бірге әкелінген, алтын жалатып, күмістен құйған екі шырағдан да тұр. Кезінде осындай алты шырағдан болған.
1-карточка
Әлемге әйгілі ғалым, орта ғасырда өмір сүрген. Оның ғылыми еңбектері әр кезде Каир, Халеб, Анкара қалаларында басылып шыққан.
2-карточка
Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш ғалым болды. Ол Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі еді. XX ғасырдың басындағы демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді өкілі екі рет жазықсыз жазаланды.
3- карточка.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, өнертанушы, тарихшы, зерттеуші. География қоғамына мүше болып сайланды. Қазақ-қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинады, мақалалар жазды.
4-карточка
Аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері. Алты жасынан бастап ауыл мектебінде оқыды. Ауыл мектебінде арабша хат танып, араб тілін үйреніп, парсы, түркі әдебиетінің үлгілерімен танысады. Алғашқы күндерден бастап оның назары геологиялық – барлау мамандығына ауады.
5-карточка
Кеңес дәуіріндегі ғұлама ғалымдардың бірі, академик. Тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер тарихы саласында энциклопедиялық еңбектер жазған.
Меңгерілген жаңа сөздер мен сөз тіркестері.
Ғұлама, тағайындалу, Ірі ғалым, ғылыми еңбектер, ғылымға арналған, қазба жұмыстары, ұйымдастырушылардың бірі, әлемге әйгілі, қоғам қайраткері, сегіз қырлы, 870-950 жылдары, «Жезқазған руда кеніші» еңбегі, замандастары, сәулет өнері, күш-қайрат, орта ғасырда өмір сүрген, тіл білімінің атасы, шоқы, асқақ, «Манас» жыры, Қашқария, Ыстықкөл, Мұхамедханафия, 1835 ж, саяхаттанушы, зерттеуші, алтын қазынасы, қазақ сұлтаны, қайталанбас ірі тұлға, геологиялық барлау, жарық жұлдызы,минералдық шикізат, Ұлттық ғылым академиясы, толық мүшесі, тұңғыш президенті, өңдеу, археологиялық ескерткіштер, саз балшық, ғылымды дамытатындар, менің көз қарасым, ғылымға қосқан, үлесі орасан, кен қорларын зерттеп, пайдасын тигізу, алтын алқасы.
2. Ғалымдар - өз елін, жерін.... Шоқанның еңбектері......
Шоқан кішкене кезінен.... Қаныш640- тан......
Әлкей Марғұлан – қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өнерін зерттеуге.....
1857 жылы 22 жасында..... 12 жасында Омбыдағы........
Қаныш Сәтпаев бала...... Алты жасынан.........
3. Білімді өлсе, қағазда аты қалар. Ұста өлсе, істеген заты қалар.