Просмотр содержимого документа
«Астана - елімізді? бас ?аласы »
Қостанай облысы
Ұзынкөл ауданы
Суворов орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Бейсекова Асыл Қабдолқызы
Тақырып:Астана – бас қала
Сабақтың мақсаты: Білімдері мен түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Қазақстан Республикасының астанасы туралы түсініктерін кеңейту. Тапсымаларды дұрыс,қатесіз орындауға баулу.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,өз ара сұхбаттасуда ақпарат алу үшін сұрақтар қоюға үйрету.
Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың суреттері,Қазақстан Республикасының картасы,суреттер,карточкалар, интербелсенді тақта.
Ал қазір сендермен өткен тақырыпты қайталайық.Сендер бір-біріңе сұрақ қойып, сұраққа жауап беріңдер.
Мысалы мынадай сұрақтар:
-Сенің Отаның қай ел?
-Менің Отаным Қазақстан.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстан -Тәуелсіз мемлекет.
Қазақстанның астанасы болған қалаларды атаңдаршы? – Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана.
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – ту, елтаңба, әнұран.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің астаналарын жазып келу.
Астана қаласындағы белгілі ғимараттары бойынша хабарлама дайындау.
Бағалау парағына өздері баға қояды.
ІІІ Жаңа сабақ.
Астана қаласы туралы бейнеклип. Презентация.
-Бейнеклип қай қала туралы?
- Астана қаласы туралы.
-Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда қандай болады?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Астана –бас қала».
- Астана қаласында кім болды?
- Біз Астана туралы не білеміз?
- Ал, кәне, айта отырып мына кластерді толтырайық.
-(Астана –бас қала)
Кластердің бірінші жартысы не білеміз? Ендеше, бүгін сабағымызда не істейміз, не үйренеміз, кім айтады? (оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтайды)
Енді оқулықтарыңды ашыңдар.
Сөздік жұмыс. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
А) жаңа сөздерді оқу, аудару
Ә)Сөз тіркестері мен сөйлем құрау.
Мәтінмен жұмыс. Оқылым.
Топпен жұмыс. Бірінші топ оқып, аударады.
Екінші топ сұрақ қояды.
Мәтінмен жұмыстан кейін, балалар бағалау парақтарына баға қояды.
Суретпен жұмыс. Айтылым.
«Саяхат» оқыта-үйрену ойынын ұйымдастыру.Дарынды балалармен жұмыс. Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма бойынша Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерінен слайдтар дайындап, қосымша хабарлама жасайды.
Сергіту сәті. «Қуанышты күн» өлеңінің музыкасы мен билеп сергіту жасайды.
Дәптерлеріңді ашыңдар. Бүгінгі күнді жазыңдар
Қазір деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.
Келесі тапсырмамыз - топпен жұмыс. Астана тақырыбына коллаж жасау. Сол коллаждың ішіне 5 жол өлең құрастырып жазасыңдар.
Синквейн құру тәртібі:
Зат есім Астана
2 сын есім сұлу, көркем
3 етістік жайнайды, дамиды, көркейеді,
Сөйлем Астана – сұлу қала.
Синоним Елорда
Келесі тапсырма. Сөзжұмбақ. Жауабы жазылған. Сендер сұрақ дайындаңдар
н
ұ
р
н
а
т
с
а
қ
з
Қ
а
т
О
а
н
а
т
б
н
е
с
у
қ
а
а
м
р
б
ы
т
а
м
л
А
ә
Үйге тапсырма: «Астана қаласы.» Эссе жазып келу.
Сабақты қорытындылау.
Сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік. Сабақ барысында толтыра бастаған кластерімізді толықтырайық.
Рефлексия: Бағалау парақтары бойынша оқушыларға баға қою.