kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астана-еліміздің бас қаласы. Мекен үстеуі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Астана-еліміздің бас қаласы. Мекен үстеуі. Бұл сабақ қазақ тілі ана тіл емес оқушыларға дайындаған сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астана-еліміздің бас қаласы. Мекен үстеуі.»


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки республики Казахстан

Павлодар техника- экономикалық колледжі

Павлодарский технико-экономический колледж










Қазақ Тілі пәнінен

сабақтың жоспары






Өткізген: А.К.Жакиянова









Павлодар қаласы.



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки республики Казахстан

Павлодар техника- экономикалық колледжі

Павлодарский технико-экономический колледж

















Өткізген: А.К.Жакиянова





Павлодар қаласы.





Астана- еліміздің бас қаласы. Мекен үстеуі.

Сабақтың мақсаты: білімдік-Астана туралы білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту.Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық-сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік-өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.

Түрі: саяхат сабағы. Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер. Әдіс-тәсілдері: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?

  • Бүгін кезекші кім?

  • Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

  • Күз айларын атаңдар?

Өткен сабақ бойынша сөздерді қайталап, сөзжұмбақты шешу.

  1. Памятник.

  2. Площадь.

  3. Гостиница.

  4. Музей.

  5. Торговля.

  6. Парк.

е

с

к

е

р

т

к

і

ш



а

л

а

ң





қ

о

н

а

қ


ү

й



м

ұ

р

а

ж

а

й




с

а

т

ы

л

ы

м




с

а

я

ж

а

й






  • Ортасында қандай сөз шықты?

  • Елорда.

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстанның елордасы-Астана».

Үй тапсырмасын тексереміз. Өздеріннің шығармашылық жқмыстарында Астана туралы шығарма, тақпақ, сурет дайындап көрсетулерің керек.

  • Кім дайын? (Оқушылардың шығармашылық жқмыстары). Слайд көрсетіледі.








Фонетикалық жаттығу. (Тақпақты дауыстап оқу, буынға бөлу, буындарды ажырату).

Слайд. Жаса, жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған!

Асқақтай бер, Астанам,

Берекеге бастаған!

Слайд. Астана-күн сайын санап өсіп келе жатқан әдемәі көрікті жерлері көп қала. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Біріншіден, Астана қаласының тархын біліп алайық.

1-тапсырма оқулықтан:

  • Ал енді, сұрақтарға жауап беріңдер. Астанада болдыңдар ма?

  • Астана қандай қала?

  • Осы уақытқа дейін неше астана болды?

  • Бірінші астанасы қай қала?

  • Екінші астанасы қай қала?

  • Үшінші астанасы қай қала?

  • Ал, төртінші астанасы?

  • Ақмола қаласы қай жылы Астана қаласы болып аталады?

  • Ақмола бұрын қалай аталған?

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  • Еліміздің мемлекеттік тілі- қай тіл?

Жаңа тақырып: (Слайд)
-
Балалар, біз сендермен Астана қаласына саяхат жасаймыз.

  • Мен сендерге билет сатып алдым, билетте сөз жазылып тұр, сендер топ-топпен жұмыс істеп, сөйлем құрастырасыңдар. (Тақтаға жазғызу),

Жазғы каникулда мен Астанаға барамын.

Төртінші астанасы- Астана қаласы. Астанада менің досым тұрады. Кеше біз Астанадан келдік. Астананың көшелері кең, таза. Мен Астананы сүйемін.

Бірінші аялдамамыз-Астана- Бәйтерек монументі.

Слайд. (Бір бала тақпақ оқып тұрады).

Бәйтерек-Астананың төріндегі

Өресі биіктіктің өмірдегі.

Аялы алақаны Елбасның-

Секілді өшпейтұғын сенім мөрі.

Самсаған қара орманым- байтақ елім,

Сынға сап сан жақсыны байқап едің.

Еңсесін елдігінің биіктеткен-

Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің.

  • Балалар, Бәйтерекке міну үшін мынадай тапсырма орындауымыз керек: Флипчарт. («Адасқақ» ойыны).

Ертегі тыңдаймыз.

Септік деген атаның жеті баласы болыпты, бірақ қайсысы бірінші баласы екенін білмейді екен. Балалары мен немерелерін дұрыс табу керек.

- Атау септік- баласы, Кім? Не? немересі.

- Тапсырманы жақсы орындадыңдар. Жарайсыңдар.

Бәйтерек – бас қаламыздың символы. Монументтің биіктігі- 97 метр.

Бәйтерек- Есілдің сол жағындағы бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. Бәйтерек- әлемдегі ең соңғы үлгідегі сәулет туындысы. Мұндай әсем ескерткіш Түркия астанасы Анкарада және Австралияның Сидней қаласында бой көтерген.

  • Міне, балалар, Бәйтерекке мініп көріп, саяхатымязды жалғастырамыз.

Келесі аялдамамыз- «Думан» ойын-сауық орталығы.

Оған жету үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.

Біріншіден, зат есімді қайталаймыз.

«Қайталау-оқу анасы»,

Мақалдың бәр данасы.

Өткенді еске түсірсең-

Ешкімнің жоқ таласы» демекші, зат есімді қайталайық.

-Зат есім дегеніміз не?

-Қандай сұраққа жауап береді?

-Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

(Мәтіннен жалқы зат есімді табу, дәптеріне жазғызу.)

Флипчарт.

Мен Астана қаласында тұрамын. Астанада қыс ұзақ болады. Есіл өзені қаланы екіге бөліп тұрады. Ақорда, Үкімет үйі, Парламент, Жоғары сот, Министрліктер үйі, «Бәйтерек» монументі, Бейбітшілік пен ынтамақтастық сарайы Есілдің сол жаңында орналасқан. Астанаға шетелден қонақтар көп келеді. Астана- біздің мақтанышымыз.

  • Осы мәтіннен жалқы зат есімдерді табыңдар.

  • «Думан» ойын-сауық орталығына келіп қалдық.

  • «Думан» ойын-сауық орталығы мұхитарал,кинотеатр,дәмханалар жүйесі мен залдардан тұрады. Ал,орталық бөлігі серуен мен тынығуға арналған.

  • Балалар,тағы қандай ойын-сауық орталығы бар?

  • «Мега» орталығы.

  • Жақсы.

  • Келесі аялдама-«Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы».

Флипчарт. Мақал-мәтелдерді толықтырыңдар.

  • Міне, балалар, Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайына да келдік.

Астанадағы Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық нысандар бүкіл әлемде жоқ. Ғажайып жобаның авторы-британ сәулетшісі Норман Фостер.

  • Ал, енді, соңғы аялдама-Қазақстан Республикасы Президентінің Мәдени Орталығы.

Флипчарт. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын табу керек.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы-Астана. Қазақстанның тарихындағы үшінші астанасы-Қызылорда. Алматыда «Думан» ойын-сауық орталығы бар. «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі 57 метр. Астана-болашағы үлкен қала. Ақмола бұрын Целиноград деп аталған. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола Астана болып өзгертілді. Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайының авторы- британ сәулетшісі Норман Фостер.

  • Жарайсыңдар, балалар!

Флипчарт. Қазақстан Республикасы Президентінің Мәдени Орталығы. Мүнда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұражайы мен Сәкен Сейфуллин атындағы Республикалық көпшілік кітапханасы орналасқан. Мұражайда қазақтың дәстүрлі әшекей бұйымдары, көне жиһаздар, сирек кездесетін кітаптар, фотоқұжаттар сақталған.

Бекіту:

  • Балалар, бүгін біз үлкен тақырыпты өттік. Астана қаласына саяхат жасадық. Енді Астана туралы бейнефильм тамашалайық(3 минут).

  • Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: Астана туралы эссе жазу.






































Парламент және оның құрамы.

Мақсаты: білімділік-парламент және оның құрамын, атқаратын рөлі мен қызмет тәртібінің жүйесін үйрету, Сенат және Мәжіліс, олардың құрамы, сайлану үдерісі, депутаттар және олардың топтарда жұмыс істеуі, Парламенттің жұмыс тәртібі, Заң жобаларының дайындалуы және қабылдануы, Парламент пен сенат қызметі туралы айту; дамытушылық- жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын дамыту, білімділігін арттыру, қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; тәрбиелік- ойларын еркін жеткізуге, жүйелі сөйлеуге баули отырып, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- адам мен адам өмірінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге үйрете отырып, оларға адамгершілік тәрбиесін беру.

Мұғалімнің міндеті: Парламент, Сенат туралы, олардың атқаратын қызметі туралы ақпарат беру.

Оқушы нені білу керек?

( Парламент сөзінің мағынасын білу керек, оның құрамын, Сенат пен мәжілістің айырмашылығын білу керек).

Көрнекілігі:ҚР-ның Ата Заңы, слайдтар, кеспе қағаздар, Венн диаграммасы.

Әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгіме- сұхбат құру, талқылау.

Түрі: кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс: құқықтану, тарих, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

ә) оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау;

б) оқушының бүгінгі сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ.

Оқушыларға Қазақстан Республикасының Парламенті және оның құрамы туралы мәлімет беру.

1) «Парламент» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2) Біздің жерлестерімізден Парламент мәжілісіне сайланған депутаттардан кімдерді білесіңдер?

«Парламент» сөзі француз тілінен аударғанда «рагІег» -«сөйлеу» деген мағынаны білдіреді.

ІV.Сөздікпен жұмыс. (Тілдесім бойынша).

Президенттік жүйемен басқару- президенской формой праления;

Тармақтардан тұрады- состоит из таких ветвей;

Заң шығару билік- законодательная власть;

Атқарушы билік- исполнительная власть;

Өзіне берілген өкілдіктер шегінде- в пределах своих полномочий.

V. « Тірілту» сөздік ойыны (Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша)

( Оқулықтағы жаңа сөздермен жұмыс).

а) Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасау.

ә) Аталған сөз тіркестерімен сөйлем құрау.

Мемлекет(гоударство), билік( власть), жүйе( система), басқару( возглавлять), атқарушы(исполнитель), өкілдік(полномочие).

VІ. Мәтінмен жұмыс. (Оқылым бойынша).

Мәтінге назар аударту:

а) Мәтінді оқушыларға оқыту;

ә) Мәтін мазмұнын баяндау.


Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.

Қазақстан мемлекеті- бүгінгі таңда Президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық мемлекет. (синтаксистік талдау). Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас.

Еліміздегі билік жүйесі мынадай тармақтардан тұрады:

Пезидент. Үкімет және Парламент. Парламент- заң шығарушы, ал Президент және Үкімет атқарушы билік болып саналады. (синтаксистік талдау).

Праламент екі палатадан тұрады: Мәжіліс- төменгі палата, Сенат- жоғары палата.

Республика үкіметі- өзіне берілген өкілдіктері шегіне ғана мемлекет атынан билік жүргізіеді.

VІІ. Мұғалімнің сөзі ( Тыңдалым бойынша).

Сенат(латын тілінен « senatus», түбірі « senex» - «қария» деген мағынаны білдіреді).

ҚР-сы Парламентінің Сенаты екі жолмен жасақталады.

Оның біріншісі- әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, екіншісі- Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Пеезиденті тағайындаған он бес депутаттан тұрады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі-6 жыл.

Мәжілістің қазіргі құрамы пртиялық тізім бойынша сайланатын 98 және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 депутаттан, жиыны-107 депутаттан тұрады. Мәжіліске жасы жиырма беске толған республика азаматы бола алады.

VІІІ. (Айтылым бойынша) Салыстыру. Венн диаграммасы.

Мәжіліс- төменгі палата. Сенат- жоғарғы палата.

Бұл екеуі жалпы нені қарастырады?

Заң шығарады.






Ел құқығын қорғайды.

Заң қабылдайды.

Республикалық бюджетті бекітеді. Оған толықтырулар мен өзгерістер енгізеді.





ІХ. ( Тілдесім бойынша сұхбат жүргізу).

( Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады).

Бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді. Мысалы:

1. Қазақстан қандай мемлекет?

2. Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы не?

3. Елімізде билік жүйесі қандай?

4. Парламент немен айналысады?

5. Парламент неше палатадан тұрады?

6. Еліміздегі билік жүйесі қандай тармақтардан тұрады?

7. Атқарушы билік деген не?

Х. (Грамматика) Мәтіннен тәуелдік жалғаудағы сөздерді табыңдар:

(Еліміздегі, мемлекеті, қазынасы, өмірі, құқықтары, үкіметі, жүйесі, мемлекетіміздің, бостандықтары, Республикамызда, шегінді).

Берілген сөздердің жекеше, көпше түрлері мен жақтарын анықтау;

ХІ. Жазбаша( тақтада) жұмыс. (Жазылым бойынша)

Синтаксистік талдау.

Республика үкіметі- өзіне берілген өкілдіктерді шегіне ғана мемлекет атынан билік жүргізеді.

ХІІ. Деңгейлік тапсырмалар. (ІІІ деңгей) № 1.4. 56-бет.

( Кеспе қағаздар). Мәтінді пайдаланып, берілген ойларды толықтырыңдар.

1. Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеті....

2. Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы...

3. Республикамыздағы билік жүйесі...

4. Біздің атқарушы үкімет болып...

(ІІ деңгей) Берілген сөздерге антонимдер жазыңдар.

(Кеспе қағаздармен жұмыс).

Қымбат- тұңғыш-

Төменгі- бейбітшілік-

(І деңгей) Сөйлемдерді күрделендіріңдер (дәптерде орындау, өздік жұмыс).

Үлгі: Мен дамытамын. Мен еліміздің экономикасын дамытамын.

1. Мен дамытамын.

2. Сен келіпсің ғой.

3. Біз өркендетеміз.

Мұғалім сөзі.( Тыңдалым бойынша).

Республика Үкіметі қызметінің бағдарламасы төмендегідей:

Конститутцияның 53- бабының 7- тармағында және 61-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Парламент үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді.

1. Республика Премьер Министрі өзі тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде Парламентке Үкімет бағдарламасы туралы баяндама жасайды.

2. Үкімет Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер- Министр екі ай ішінде Парламентке Бағдарлама жөнінде қайталап баяндама жасайды. Республика Парламентінің Үкімет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттарының үштен екісінің көпшілік дауысымен жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Республика Президенті республикалық бюджетті әзірлеу мен оны өзгертуге қатысды, Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

Республика Конституциясының 53- бабының 6- тармағында көзделген ретте Үкімет Республика Парламентіне есеп береді.

5. Республика Конститутциясының 57- бабының 6- тармақшасында көзделген ретте Үкімет мүшелері Парламент Палаталарына есеп береді.

ХІІІ. Сабақты қорыту: (Тілдесім бойынша).

  • Балалар, енді, ІNSERT кестесін толтырайық.

  • «V» - Сабаққа дейін Парламент туралы не білдің?

  • «+» -Бүгінгі сабақта Парламент туралы не білдің?

  • «?»- Осы сабақ бойынша қандай сұрақтарыныз бар?

Үй тапсырмасы: берілген сөздердің, сөз тіркестерінің мағынасын басқа сөздермен жазыңдар: бүгінгі таңда, билік біртұтас, мынадай тармақтардан, еліміздегі, билік жүргізіеді.

Оқушылардың білімдерін бағалау.





























Астана

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы ( 1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.

Қаланың байырғы атаулары- Ақмола ( 1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград- (1961-ден 1992 жылдарға дейін) , Ақмола-(1992-ден 1998 жылға дейін).



Жағрапиясы

Қала қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен Ақбұлақ.



Табиғаты

Қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдың орта температурасы 3,1 С. Жылдың жауын-шашын көлемі

300 мм. Жылдың ыстығы 40 С- тан асып кете алса, қыстың суығы-50 С-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.




Халқы

2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады- бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарыннан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндепр, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.







Қазақстан астанасының тарихы


Астан өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның Алматыдан Астанаға (ол кезе Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасқан, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өндірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы- міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды. Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозғалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Жыл өткен сайын АСтана қызмет көрсету саласы дамығанірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтар мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған жылдың ішінде халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгенді.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Н. Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.

Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдеілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталанбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.













Экономикасы


Қаланың экономикасының негізін құрайтындар: сауда, көлік, байланыс және құрылыс. Қазақстан экономикасының сада саласндағы жалпы өнімге салатын үлесі жағынан Астана еліміздің маңызы бар облыстар мен қалаалр арасында Алматыдан кейінгі екінші орынды алады. Астана мен Алматы қалаларының біріккен аймақтық өнімі Қазақстанның сауда саласының тең жартысын алып тоыр. Сондай-ақ, бөлшек сада айналымы бойынша Астана еліміз бойынша екінші роында тұр. Астана республикада құрылыс жағынан да алға озып келеді. 2009 жылы елде пайдалануға берілген құрылыс нысандарының бестен бір бөлігі осы өңірдің үлесіне тиеді. Соңғы бес жыл көлемінде қолдануға берілген үйлердің көлемі бойынша да Астана алда келе жатыр.

Қаланың өдірістік әулеті негізінен құрылыс бұйымдарын, тамақ өнімдері, сусындар және машина жасау салаларына бағытталған. Астана Қазақстан бойынша құрылысқа арналған темір бұйымдарын, бетон, қолдануға дайын бетон, бетоннан жасалған заттар шығару жағынан жетекші орынды алады. Сонымен бірге, құрылысқа арналған темір құрылғылар, радиатро, роталық жылы қазандық, көтергіш-көлік құрылғыларын жасау жағынан да басым үлеске ие.

Қаланың жалпы аймақтық өнімінің 22 пайызын шағын және орта кәсіпкелік субъектілері толықтырып отыр.

Инвесторларды тарту және бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашу үшін қалада «Астана- жаңа қала» атты арнайы экономикалық белдеу(АӘБ) құрылған АӘБ негізінде салық және кедендік жеңілдіктер қарастыратын құқықтық тәртіп енгізілген. АӘБ аймағынад әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жұмыс істейді. Қаланың дамуы өндірістің жаңа әрі ірі көлемі бойынша бәсекегеқабілетті экономика құруға, оның ішінде қаланың жалпы аймақтық өнімі мен туризм саласын дамытуға мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға бағытталған.
















Мәдениеті

Қалада бес жоғары оқу орны , Ақмола облыстық филармоиясы, мұоажай(тарихи- аймақтану мұражайы, қолданбалы өнер мұражайы), театрлар(К.Бәйсейтова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық –драмалық театры, М.Горький атындағы орыс драмалық театры) , кітапханалар жұмыс істейді.

Қаланың мәдени-ағарту орындарына, сонымен бірге, Конгремм-холл, Жастар сарайы, Президенттің Мйдениет Орталығы, «Шабыт! Шығармашылақ сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайын жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.



Қалалық геральдикалар

2008 жылдың 5 маусымында қалалық мәслихаттың 16-шы кзектен тыс сессисында Қазақстан астанасының жаңа елтаңбасы мен туы белгіленді.

Аталған елтаңбаның тұжырымдамасы мен сызбасының авторы болып Президент Нұрсұлтан Назарбаев саналады.

Елтаңбаның негізіне кемелдік пен мәңгіліктің белгісі ретінде шеңбер қойылған. Орталық элементі ретінде екі басты символ-Бәйтерек пен шаңырақ біріктіріліп көрсетілген. Ондағы суреттер жаңа Қазақстанның даму бағыттарынан хабар беріп тұр. Сонымен бірге, Бәйтеректің негізіне « құс қанаттары» орнаменттері қойылған. Ол аңыздағы Самұрық құсының бейнесінде әзірленген. Елтаңба екі сақинаға бөлінген. Оның сыртқы бөлігі Ұлы далааның терең тарихынан сыр тартады.Көшпенді халық соғыс белгісі ретінді қызыл түсті таңдаған.Сондай-ақ,қызыл түс туылу,өсу және даму деген түсініктермен астасып жатыр.Сақинаның жиектері «бөрі көз» орнаменттерімен безендірілген.Бұл көшпенді халқымыздың көк бөрі ұрпақтары екендігін әйгілеп тұр.

Ішкі сақинадан тәуелсіз Қазақстан және Астана қаласының жаңа символдарын көруге болады.Аспан түстес ішкі сақина еліміздің көк байрағын көзге елестетеді. Оның жиегіне жүргізілген жасыл түсті орнамент көктемгі молшылық пен жастықтың нышаны ретінде таңдалған.

Аталған көркемдік шешімдер жаңа Қазақстан және Астана қаласының гүлденуі мен дамуын білдіреді.








Қаланың көрнекті жерлері.

Сулы- Жасыл бульвар-Астананың жаңа алаңындағы көше.

Ақ Орда-Қазақстан Пезидентінің резиденциясы.

Бәйтерек монументі-Астананың символы және басты көрікті жері.

Тәуелсіздік сарайы- дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын.

Бейбітшілік және келісім сарайы-әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер.

Хан Шатыр- ірі сауда, ойын-сауық орталығы.

«Шабыт» шығармашылық сарайы-қаланың мәдениет және өнер орталығы.

«Қазақ елі» монументі-Қазақстан Тәуелсіздінің символы.


Спорт

2011 жылдың 30 қаңтарынан 60 ақпанға дейін Астана және Алматы қалаларында 7- Қысқы Азиада ойындары өтті.



Ірі спорттық кешендер.

«Астана-Арена» стадионы- 30 000 орынға арналған.

Республикалық велотрек(Қазақстан)- 8 000 орынға арналған .

Жабық конькиймен сырғанау стадионы-8 773 орынға арналған.

«Қазақстан» спорт сарайы – 4 050 орынға арналған, 1000 тұрып тұруға арналған орын.






















Парламент.

49-бап.

1. Парламент- Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.

2. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.

3. Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

4. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.

50-бап.

  1. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

  2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардаң құралады.Сенатта қоғамның ұлттық –мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп,Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

  3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.

  4. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.

  5. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі- алты жыл,Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі-бес жыл.

51-бап.

  1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаттын сайлау бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жысырын дауыс беру арқылы жузеге асырылады.Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлау Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардаң кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

  2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.Сайланған Сенат депутаттардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланап отырады.Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.

  3. Парламентнемесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ішінде өткізіледі.

55-бап.

Сенатың ерекше қарауына мыналар жатады:

1)Қазақстан Республикасы Президентінің Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын,(Алқалар төрағаларын-алып тасталды.)және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлауы мен қызметтен босату,олардың анттарын қабылдау;

2)Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын ,Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;

3)Республиканың Бас Прокурорын,Жоғары Сотының Торғасы мен судьяларының оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

4)Қазақстан Республикасының 2007 жылға 21 мамырдағы №254-ІІІ Заңымен 55 баптың 4)тармақшасы алып тасталды.

5)Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты,ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;

6)Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

56-бап.

1.Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

1)Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2)Палатадепутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Респубоика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келсім беру;

3)Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

4)Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

2.Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен,Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Астана-еліміздің бас қаласы. Мекен үстеуі.

Автор: Жакиянова Айжан Кабденовна

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455429


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства