Көрнекіліктер: үнтаспа, түрлі – түсті қарындаш, ребус
Тыныштық сәті:
Оқушылар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отыру. Ауаны жұтып, еркін тыныс алып, теледидарға қарайық. Видеоролик «Ұстазым – менің ұстазым» әнін көруді ұсынамын.
Әңгімелесу:
«Ұстаз» деп кімдерді айтамыз?
Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз деп санайсындар?
Ұстаздарынды қалай қуантасындар?
Мұғалім жауабы:
Дұрыс айтасыңдар. Тәлім – тәрбие, білім, ақыл беретін адамдарды «ұстаз» дейміз. Ата – ана – ұстаз, мұғалім – ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өсуімізге көмектеседі.
Ойын:
Ұстаз – еңбектің мәнің рөлік ойын арқылы ашуға болады.
«Жас тілші» атты рөлдік ойында балалар «Айгөлек» журналының жас тілшілері рөлінде мұғалімнен сұхбат алады.
Әрбір бала тақтадағы фотомантаж бойынша мұғалімге өзі қалаған сұрақтарын қояды, Мұғалім ең соңында осы мамандықты не үшін тандағаны туралы айтып береді.
Ия, балалар, менң басты мақсатым-мектепте білім-тәрбие беріп, адамгершілік нұрын шашу, Сендер сияқты жас ұрпақтарға өз өнеріңді, білімді, тәжірибемді
үйрету, Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыру, өмірге деген сенімдерін арттырып, өз жолдарын табуына көмектесу.
Дәйек сөз
«Ұстазы жаксының – ұстамы жақсы» Осы дәйек сөзді дәптерімізге жазып алайық.
Тапсырма
Төменде айтылған ойларды түсіндіру
Мұғалім Білім беруші
Көмекші
Қамқоршы
Ақылшы
Сенімді дос
Мәтінмен жұмыс
«Бақша ағаштары» Ы.Алтынсариннің әңгімесін айтып беру.
Бақша ағаштарының түзу және қисық өсулерінің себебі неде?
Әкесі баласына қандай әңгіме айтты?
Осы әңгімеден кейін қандай қорытынды жасауға болады?
1 Тапсырма
Суреттерге қарап «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрау.
2 тапсырма
Берілген сөздерді орындарына қойып, сөзжұмбақты шешу. Керекті сөздер: ұстаз, сағат, ата, кітап, қарбыз.
Шығармашылық жұмыс
«Түңгі аспан» атты шығармашылық жұмыс төмендегідей жүргізіледі. Мұғалім тақтаға түңгі аспанды бейнелейтін қою көк түсті плакатты іледі. Өзі сары түсті қағазда айды қиып, плакатқа жапсырады.
Ал әр оқушы фольгадан жұлдыздарды қиып алып, тақтадағы плакатқа шетінен орналастырады.
Мұғалім оқушылардың орындаған тапсырмасына ризашылығын білдіреді.
Жарайсыңдар! Біздің «Түңгі аспанды» жарық еткен- ай мен жұлдыздар. Ай-
мұғалім, ал жұлдыздар - оның шәкірттері.
Қорытындылау.
Ия, шәккірттерінің тек қана жақсы жақтырынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі - ұстаз үшін үлкен қуаныш.