kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Етістіктің райларын қайталау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ "Етістіктің райларын  қайталау".

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Етістіктің райларын қайталау"»

Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

Амангельді орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

Оспанова Алма Кабдуовна



Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау

Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.

Сабақтың міндеттері: білімділік – етістікің райларларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық – етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу,жинақтау,талдау жұмыстарын жүргізу;тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,адамгершілікке,туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу,жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.

Оқытудың әдісі: практикалық әдіс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.

б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Қалау райдың жасалу жолын сұрау,мысалдармен дәлелдеу. 180-жаттығуды тексеру.

ІІІ. Актуалдау кезеңі.

Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң,кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.

«Етістікті рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген сұрақтарға жауап алынады.

IV.Жаңа сабақ.

Етістіктің райларын қайталау.Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып,еске түсіру.Оқушыларды 4 топқа бөліп,топтарға райлардың атын беру.

Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгеріп отырады,топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп,уақытылы бағалап отырады.

V. Дамыту кезеңі.

1. 181-жаттығудың етістіктерді теріп жазып,ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту,сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.

Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай,ауыспалы өткен шақ).

Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай,ІІ жақ,анайы түрі)

Біздің бекінісіміз ойпңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).

Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:

«Жылаған шешемен бірге жыласа,жігіттің жігіт болғаны қайсы,өйтсе,кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап,жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласының жылағанын көрген соң,үйде қалған ананың көзінен жас кете ме,көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».

2. 182-жаттығу. а) Қалау рай,ашық рай,бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір-бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса,кештік мал жина», «Не ексең,соны орасың».

ә) Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не?» атты ойтолғау жазады.Оқушылардың жұмыстары тексеріліп,рай түрлеріне талданады.

3. Оқушыларға жеке,жұптық,топтық тапсырмалар беріледі. «Ашық рай» тобына : «Шалқар – адалдық пен адамдықтың,кііліктің алдында тік тұратын,қыздарын қыз деп қойып қалмай,қыз бала деп сыйлайтын,екіжүзділікті өлімнен де жаман деп абылдайтын жандары таза халқы бар қалашық». «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды»,

«Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп,шашын төбесіне түйіп,есікті кілттеп далаға шықты».

Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап,бұйрық райға айналдыру.

«Шартты рай» тобына :

«Қарадан хан болсам,халқым қалаған болар,

Айырдан нар болсам,атам жараған болар,

Көнеден дәурен озса,жасы жетуден болар,

Көнеден қамқа тозса,дәурені кеткен болар».

Ер жігіт айтпайды. Айтса,қайтпайды.

Оқи берсең көзің ашылады, Отыра берсең,жалқаулық басынады.

Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

Тіл тас жарады, Тас жармаса,бас жарады.

Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып,ашық райға айналдыр.

Қорытындылау: Етістік дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Рай түрлеріне байланысты сөйлем құрау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ашық сабақ "Етістіктің райларын қайталау"

Автор: Оспанова Алма Кабдуовна

Дата: 25.12.2016

Номер свидетельства: 373172

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Етістіктің райларын қайталау"
    ["seo_title"] => string(32) "ietistiktin_railaryn_k_aitalau_2"
    ["file_id"] => string(6) "456989"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518505468"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "орта мерзімді саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(29) "orta-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "163661"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422525932"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(13) "Сазгер "
    ["seo_title"] => string(8) "sazghier"
    ["file_id"] => string(6) "151976"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420794523"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "мой открытый урок "
    ["seo_title"] => string(17) "moi-otkrytyi-urok"
    ["file_id"] => string(6) "176367"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424410046"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства