kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Етістіктің райларын қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:  білімділік – етістікің райларларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық – етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу,жинақтау,талдау жұмыстарын жүргізу;тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,адамгершілікке,туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:  білімділік – етістікің райларларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық – етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу,жинақтау,талдау жұмыстарын жүргізу;тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,адамгершілікке,туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу,жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: аралас саба0

Оқытудың әдісі: практикалық әдіс.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.

б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Қалау райдың жасалу жолын сұрау,мысалдармен дәлелдеу. 180-жаттығуды тексеру.

ІІІ. Актуалдау кезеңі.

Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң,кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.

«Етістікті рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген  сұрақтарға жауап алынады.

             Жаңға сабаққа мақсат қою:   етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.

IV.Жаңа сабақ.

Етістіктің райларын қайталау.Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып,еске түсіру.Оқушыларды 4 топқа бөліп,топтарға райлардың атын беру.

   Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгеріп отырады,топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп,уақытылы бағалап отырады.

V. Дамыту кезеңі.

1. 162-жаттығудың етістіктерді теріп жазып,ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту,сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.

 Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай,ауыспалы өткен шақ).

Біздің бекінісіміз ойпаңдау  жерде болсын. (Бұйрық рай,ІІ жақ,анайы түрі)

Біздің бекінісіміз ойпңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).

 Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:

«Жылаған шешемен бірге жыласа,жігіттің жігіт боланы қайсы,өйтсе,кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап,жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласынының жылағанын көрген соң,үйде қалған ананың көзінен жас кете ме,көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».

2. Тапсырма а) Қалау рай,ашық рай,бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір-бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса,кештік мал жина», «Не ексең,соны орасың».

ә) Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не?» атты ойтолғау жазады.Оқушылардың жұмыстары тексеріліп,рай түрлеріне талданады.

3. Оқушыларға жеке,жұптық,топтық тапсырмалар беріледі. «Ашық рай» тобына : «Шалқар – адалдық пен адамдықтың,кііліктің алдында тік тұратын,қыздарын қыз деп қойып қалмай,қыз бала деп сыйлайтын,екіжүзділікті өлімнен де жаман деп абылдайтын жандары таза халқы бар қалашық». «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды»,

«Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп,шашын төбесіне түйіп,есікті кілттеп далаға шықты».

  Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап,бұйрық райға айналдыру.

«Шартты рай» тобына :

  «Қарадан хан болсам,халқым қалаған болар,

Айырдан нар болсам,атам жараған болар,

Көнеден дәурен озса,жасы жетуден болар,

Көнеден қамқа тозса,дәурені кеткен болар».

Ер жігіт айтпайды.

Айтса,қайтпайды.

Оқи берсең көзің ашылады,

Отыра берсең,жалқаулық басынады.

Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

Тіл тас жарады,

Та жармаса,бас жарады.

  Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып,ашық райға айналдыр.

«Бұйрық рай» тобына:

          «Арлы-ожданды бол!

           Намысыңды жастан сақта!

           Халқыңды алалама!

           Жақыныңды жаралама!

 «Құдай жарылқасын,бай қылсын,

  Төрт түлігін сай қылсын!»

 «Малды теппе,Ақты төкпе».

 «Есікті қатты қақпа,қатты серпіп жаппа».

 «Кетпес дәулет берсін,Кең пейіл берсін».

Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып,қалау райға айналдыру.

«Қалау рай» тобына:

  «Дұғай сәлем бергейсің,

   Ағам Есет беренге.

   Бекет қайда дегенге,

   Бекет кетті дегейсің

   Шықпайтұғын тереңге».

Гүлі сұлу орманды

Сусатпағым келеді.

Жүзі жылы жандарды

Құшақтағым келеді.

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұлын

Өзі билеп тұрса игі.

   Мәтіндерден қалау райды етістіктерді тауып,шарты райға айналдыру.

Досы көпті.

Елдің атын.

Айтпас жерде сөзіңді.

өнерлі жан өрге.

   Көп нүктенің орнына тиісті қалау райлы етістік қойып,көшіріп жазу.

4. «Қазымыр» ойыны.Әр топтан бір оқушы тұрып,келесі топқа сұрақ қояды.Сұраққа басқа оқушылар жауап бере алады.

  1. «Түйін түю» стратегиясы.Топ басшылары топ аттарына лайық рай түрлерінің жасалу жолдарын қолдарына берілген стрелка үлгісінде қиылған қағазға толтырып,тақтадағы «рай» деген сөздің айналасына ретімен іледі.
  2. Үйге тапсырма. 164-жаттығу.Рай түрлерін қайталау.
  3. Бағалау. Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп бағалау
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Етістіктің райларын қайталау»

«Н.К.Крупская атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
















(Семинар)

«Әр мұғалімнің технологиялық шығармашылығын ұйымдастыру, сабақтың жоғарғы деңгейде өтілуіне бағыт, бағдар беру.»


















Орындаған Аблаева Р.А.







Ұлан ауылы









Мұғалімнің күнделікті кәсіби шеберлігін арттырып, білімін шыңдай түсуі үшін күнделікті оқып-білу, тәжірибе жинақтау қажет. Осы заманғы сабақ берудің озық технологиясын меңгеру кезек күттірмейтін міндет екенін әрбір мұғалім білуі тиіс. 
Сабақ дегеніміз – оқытуды ұйымдастырудың басты формасы , екіншіден, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын ұйымдастырудың басты формасы. Кез келген сабақ: қоғаммен, оның идеологиясымен, қоғамдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен байланысты. 
Әрбір сабақтың алдында мынадай мақсаттар тұрады: білімді меңгерту, икемділікті қалыптастыру, шығармашылыққа тәрбиелеу. 
Дұрыс қойлған сабақтың мақсаты – мұғалім еңбегінің мәдениеттілігінің көрсеткіші. 
Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді: дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді. 
Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргендерін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытта ұстайды. Ол әлемді тануға , белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай , ізденісті әрман қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады., екеуі де бірлік одақта қызмет істейді. 
Елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдылық белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етіп, сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, оқушыларды ұжыммен бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын байқауға болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. 
1-кезең-Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау». «Топтастыру», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Дөңгелек стол», «Ішіне –сыртына» т. б. әдістер жинақталған. 
2-кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Олар «ІNSERT», «ЖигСО-2», «Галерияны аралау» , «Семантикалық карта» т.б. 
Тақырып бойынша «Ой толғаныс»бағдарламаның 3-кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы», «Эссе», «Дебат»т. б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. 
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт: 
1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек. 
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 
4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау. 
5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 

“ Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясы бойынша арнайы өткізілген курстардан дәріс ала отырып, өз сыныбымда осы жобамен жұмыс жасаймын. 

Сабақтың тақырыбы: Сан есім 2-сынып 
Сабақтың мақсаты: 1. Сан есім туралы ұғымдарын кеңейту 
2. Жаңа технология элементтерін пайдаланаотырып, топпен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруға жағдай жасау 
3. Сауатты оқып, жазуға тәрбиелеу 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: семантикалық карта, бес жол өлең, тірек-сызба 
Сабақтың көрнекілігі: ғарышкерлер суреті, интер белсенді тақта 
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 

А) Оқушыларды төрт топқа бөлу, басшыларын тағайындау 
Ә) Қонақтармен амандасу 
Үлкенге де «сіз» 
Кішіге де «сіз» 
Сәлем бердік сіздерге 
Құметпенен біз 
2. Үй тапсырмасын тексеру 
«Бес жол өлең» стратегиясы Төрт топқа 4 зат есім беремін 
1. ағаш 
2. бала 
3. машина 
4. доп 
3. Жаңа сабақ 
І. Қыз. Ояту 1.Семантикалық карта толтыру (инт. Бел. Тақта) 
Мына сөздерді орындарына орналастыр: 
Зат есім Сын есім Етістік 
Қандай сөздер бұл сөз таптарына жатпайды?(сөздерді оқыту) 
Осы сөздерден қандай қорытынды шығаруға болады? (оқушылар сан есімнің ережесін өздері шығару керек) 
- Ендеше бүгінгі сабақтың мақсаты: 
2. Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазамыз 
Дәптерге көркем жазу ұйымдастыру: Білекті бірді жығады, 
Білімді мыңды жығады. 
3. Жаттығулар орындау: 1- жаттығу 
- Мәтінді күбірлетіп оқытқызу 
- Инт. Белс. Тақтадағы көрнекіліктер арқылы мәтіннің мазмұнын ашу 
- Мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жазғызу 
4. Сергіту сәті 
Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ. 
Алақанды ашайық, 
Беске бесті қосайық. 
Болып шықты он саусақ 

5. Тапсырма орындату: 
1-топ Биыл Қазақстанда жетінші Азия ойындары болды. 
2-топ Азия ойындарында Қазақстан бірінші орын алды. 
3-топ Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне жиырма жыл. 
4-топ Биыл Ғарыш әлеміне елу жыл. 

Ой толғаныс: Тірек – сызба арқылы тапсырма орындату 
4 топқа төрт зат есім беремін 

Зат 

Бағалау: Топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды 
Үй тапсырмасы: 4- жаттығу Қасиетті сандар туралы мәліметтер жинау 

Дүниетану 
4-сынып 

Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: Қазақстандағы егіншілік және мал шаруашылығы туралы ұғымдарын кеңейту 
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; 
3. Табиғатты қорғауға, адам еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу; 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: INSERT, Бес жол өлең, Венн диаграммасы, тест, топтастыру 
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, суреттер, сызбалар, энциклопедиялар (5 дана) 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру (Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру) 1 мин 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . «Суқойма өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбына шағын тест алу 5 мин 
1. Өзен, көл, батпақ не деп аталады? 
А. Көл 
Ә. Су 
Б. Суқойма 
2. Мөлдір ағын сулар мен тоғандарда не өседі 
А. Гүл 
Ә. Жапырақ 
Б. Балдырлар 
3. Суда жүретін қаз, үйрек, аққу балапандарын немен қоректенеді? 
А. Балықпен 
Ә. Құртпен 
Б. Нанмен 
4. Судың тыныш жағалауын қандай аңдар мекендейді? 
А. Қоян, түлкі 
Ә. Ондатр 
Б. Қасқыр, түлкі 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту 20 мин 
1. Оқушының қызығушылығын оятып, зейінін, логикалық ойлауын дамыту мақсатында «Лото» ойынын ойнату. 2 мин 
Шарты: 
- Оқушыларға жануарлар бейнеленген карточка үлестіру; 
- Карточкадағы суреттің мағынасын ашатын сипаттау сөздер айту, ал оқушылар сол суретті фишкалармен жабу; 
- Көлденеңінен кез келген бір қатар жабылса сол жеңімпаз атанады. 
- Жеңімпаздарға сыйлықтар беру; 
Мысалы: 
1. Балапандарын балықпен қоректендіреді. Біріккен сөз. (Бірқазан) 
2. Үй жануары. Төлі-лақ (Ешкі) 
3. Өте шапшаң орман жануары, саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды кептіреді. (Тиін) 
4. Құстың ұрпағы (Балапан) 
5.Қалың шөп арасына ұя салады, киелі құс (Аққу) 
6. Ертеде бұл жануарға соқа жегіп, жер жырттқа, алып күш иесі (Өгіз) 
7. Үй құсы, шөже (Тауық) 
8. Бостандық құсы (Қыран) 
9..... қарқ етті, 
Ірімшік жерге салп етті. (Қарға) 
10. Төрт түліктің бірі, сүтінен шұбат жасалады 
11. Балапандарын басып шығарып, балықпен қоректендіреді. (Құтан) 
12Дала жануары, құйрығының ұшы қара, біріккен сөз (Қарақұйрық) 
ІІ. Мағынаны тану. Сыныпта үш орталық құру. Бұл жұмыс сыныпта жүелі қалыптасқан, оқушылар шартын біледі. Үш топта 5-6 баладан болады, орталықтың спикерлерін сайланып, бағалау парағымен таныстырылады. 
Бағалау парағы 
Оқушының аты-жөні 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма 5-тапсырма 
Әр топтың өз тапсырмалары бірнеше данадан партада дайын тұрады. 
1-орталық: «Білім» орталығы 
2-орталық: «Шығармашылық» орталық 
3-орталық: «Ақпарат» орталығы 
1-орталық – «Білім» орталығы 
1- тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау 
2-тапсырма: INSERT стр-сы Мәтіннен оқығандарын талдап кестені толтырады. 
Ү- білемін - - білмеймін + мен үшін жаңалық ? мені таң қалдырды 
2-орталық: «Шығармашылық» орталық 
1-тапсырма: Өзіңе ұнаған мақал-мәтелдерді көшіріп ал, мағынасын топта аш. 
А) Ел көркі — мал, өзен көркі— тал 
Ә) Бақпаса мал өспейді, 
Баптамаса егін өспейді. 
Б) Ат қадірін білмесең, 
Жаяушылық көрерсің. 
Ас қадірін білмесең, 
Ашаршьшық көрерсің 
2. Қауын, алма, бидай, жылқы, сиыр, түйе, тауық сөздерінің таңдаған біреуіне ребус құр 
3. “Бес жол өлең” стр-сы 
Сөздер: Күріш, қой, ешкі, тауық, жүгері 
3-орталық: «Ақпарат» орталығы 
Орталықта екі түрлі тапсырма бар 
1. Дарынды оқушыларға: Балаларға арналған танымдық энциклопедиялар «Аруна» баспасы 
2. Үлгерімі төмен балаларға: 
1.Суретті бояу 
2. Мал шаруашылығының дамуына нелер қажет? (топтастыру) 
ІҮ.Сергіту сәті: 1 мин 
Ал, балалар тұрайық, 
Алақанды ұрайық. 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз демалып алайық. 
Оңға, оңға түзу тұр, 
Солға, солға түзу тұр 
Алға қарай бір адым, 
Артқа қарай бір адым. 
Жоғары төмен қарайық 
Орнымызды табайық 
Ү. Қорытынды. Венн диаграммасы 7 мин 
Интербелсенді тақтадағы суреттерді көре отырып оқушылар ойларын жинақтап қорытынды жасайды. 
Егіншілік Мал шаруашылығы 
Ортақ қасиеті 
Бағалау: Спикерлер бағалау парағы арқылы қорытынды жасайды 5 мин 
Үйге тапсырма: 1 мин 
1.Мазмұнын айту 
2. Мал шаруашылығында, егін шаруашылығында қолданылатын машиналардың суретін салып келу. 
3. Ауылда малды қалай бағады?(Әңгіме жазу.) 
9. Пән: Ана тілі 4- сынып Бөлім: Әдептілік , ар – ұят- адамдықтың белгісі 
Сабақтың тақырыбы: Компас Б. Соқпақбаев 4-сынып 
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өздеріне мәтіннің негізгі идеясын табуға үйрету 
Оқу мен танымдық білімдерін арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру 
Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу 
Сабақтың әдісі: Жиг-Со2, Венн диаграммасы, 5 жол өлең, +|-, егерде мен 
Көрнекілігі: Ребус, карточкалар, суреттер 
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 
ІІІ. Жаңа сабақ 
І. Қызығушылықтарын арттыру Ребус шешкізу 
ІІ. Мағынаны ашу: 
-Компас дегеніміз не? 
- Дүниетану сабағын есімізге түсірейікші. Біз бағыт-бағдар деген тақырып өткен болатынбыз. Неше бағыт бар? 
- Бағыттарды не арқылы көре аламыз? 
- Дұрыс, компас арқылы 
- Бұрын компас болмағанда адамдар бағыттарды қалай айырған? 
Мәтінмен жұмыс 
- Жанұяға бөлінеміз 
- Әр жанұя жұмыс тобына бөлінеді 
- Әр топ тапсырмалар орындайды 
1- тапсырма: Мәтінді толық оқу, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау 
- спикерлер қорғайды 
- сауалдарға жауап беру 
2- тапсырма 1-топ 2- топ 
Қанат Бодан 5 жол өлең 
1. компас 
3- тапсырма: + - 
жағымды жағымсыз 
қасиеттер қасиеттер 
4-тапсырма: Пікірталас 
Проблемалық сұрақ: Бодан компасты суға лақтырғаны дұрыс па? 
Оқушылар өз пікірлерін бөліседі. Ия ---------- жоқ 
Ой толғаныс: Егер де мен ... 
Сен Боданның орнында болсаң не істер едің? 
Осы оқиғаға байланысты Мақал – мәтел жаз 
Үйге тапсырма: Өз басыңнан осы оқиғаға ұқсас оқиға болды ма? 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды: 
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады; 
- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады; 
- бұрынғы білімдеріне білім қосады; 
- оқушылардың жауапкершілігі артты; 
- мен күтпеген өзгерістер болды; 
- проблемалық ситуациялар туғыздым; 
- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады; 
Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып, үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Етістіктің райларын қайталау

Автор: Нұрғазы Айнұр Нұрғазықызы

Дата: 13.02.2018

Номер свидетельства: 456989

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Етістіктің райларын қайталау"
    ["seo_title"] => string(30) "ietistiktin_railaryn_k_aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "376900"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483959717"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Жеңіс күні. Етістіктің райларын қайталау"
    ["seo_title"] => string(40) "zhenis_kuni_etistiktin_railaryn_kaitalau"
    ["file_id"] => string(6) "527987"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1574314974"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Етістікті? райларын ?айталау"
    ["seo_title"] => string(27) "ietistiktinrailarynkaitalau"
    ["file_id"] => string(6) "336215"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466965122"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "?аза?ты? ?лтты? киімдері. Етістікті? райларын   ?айталау."
    ["seo_title"] => string(50) "kazaktynulttykkiimdieriietistiktinrailarynkaitalau"
    ["file_id"] => string(6) "310244"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458981842"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Етістікті?  райларын ?айталау "
    ["seo_title"] => string(30) "ietistiktin-railaryn-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "176800"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424494590"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства