kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Ақпарат құралдары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақпарат құралдарына нелер жатады, олардың қоғамдағы орны мен рөлі туралы сабақта әңгіме өткізіледі. Ақпарат -журналистиканың әсерлігі мен тиімділігін арттыратын фактор, сондықтан ақпараттың журналистикада алатын орны еркеше туралы сұхбаттасу. Қазақстандағы атақты  журналистері туралы мәлімет.Телевидение, интернет, баспасөздің оң және теріс ықпалымен танысу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Ақпарат құралдары"»

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат құралдары

Сынып : 9

Сабақтың мақсаты: бұқаралық ақпарат құралдары туралы білімдерін бекіту, өмірдегі орнын ұғындыру, функционалдық сауаттылығын арттыру.

Міндеттері:білімділік- оқушылардың сабақ барысында жұмыстарын ұйымдастыру, жұмыстарын талдай білу, білімдерін кеңейту.

дамытушылық-түсіну, қабылдау, меңгеру қабілеттерін арттыра отырып шығармашылыққа баулу. Дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, тіл дамыту.Қызығушылықтарын ояту, белсенділікке ынталандыру.

тәрбиелік -ұйымшылдыққа, бір-бірінің пікірін сыйлауға, жан-жақты білімді болуға, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың ұраны: «Жаңа технологиялар ақпаратты алу мен таратудың кең мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, оны байыптайды» (Я.Засурский)

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, талдау, сөйлестіру, сұрақтар стратегиясы, іздену жұмысы, ой толғау, ішіне-сыртына стратегиялар

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызба,тақырыпқа байланысты материалдар, презентациялар,семантикалық карта, слайдтар, флипчарт

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, тарих

Сабақтың өту барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық сәт « Көңіл шеңбері»

ІІ Үй жұмысын тексеру.Кіріспе тест «Ақпарат құралдары»

1.Тұңғыш қазақ газеті қай жылы шықты?

А) 1870 ж. В) 1912 ж. С) 1900 ж

2. “Үлгі аларлық тұлғаларды теледидардан көрсеткендіктен,жастар жақсы тәрбие алады.”

А) мезгіл бағыныңқылы сабақтас

В) себеп бағыныңқылы сабақтас

С) шартты бағыныңқылы сабақтас

3. Интернет қайда пайда болды?

А) Еуропада В) Ресейде С) АҚШ-та

4. Қазақ тұңғыш журналистері?

А) А.Байтұрсынов,Р.Дүйсебаев

В)Е.Абылайханов,Д.Сұлтангазин

С) М.Сералин,Ы.Алтынсарин

5.Радио байланысты алғаш ойлап тапқан кім?

А)А.С.Попов В) Ә.Байжанбаев С) В.Радлов

6.Публицистикалық стиль қайда қолданылады?

А) ғылыми еңбектерде

В) көркем әдебиеттерде

С) бұқаралық ақпарат құралдарарында

7.”Интернеттің ... шексіз.” А) уақыты В) мүмкіндіктері С) байлығы

8.”Слово найдет правду” А) Орынсыз сөз-өзіңе тиер. В) Сөз сүйектен өтеді.

С) Сөз шынды табар.

9. Тұңғыш қазақ газеті? А) “Түркістан уәлаяты” В) “Қазақ” С) “Айқап”

10. “Ақпарат” сөзіне синоним табыңдар:А) қағида, ереже В) мәлімет, мағлұмат С) мерзім, кезең

Слайд.«Жаңалықтар» бағдарламасының басталатынын күйі. –Осылай күнде үйімізге ақпараттар келеді.

ІІІ кезең. Ой шақыру.

1.Ақпарат деген не?

2. Ақпарат құралдарына не жатады?

3. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы не білуге болады?

4. Бұқаралық ақпарат құралдары дегенде қандай сөздер еске түседі? (Оқушылар өз ойларын айтады)

-Дұрыс, қазіргі «Ақпарат ғасырында» бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік қажеттіліктердің қатарынан бастау алады. Ақпарат құралдары бүгінде әрбір үйдің күнделікті қонағына айналды.(мұғалім сөзі)

Сабақты топтық түрде өткіземіз.«Телевидение»,«Интернет», «Баспасөз» топтары.

-Топтағы рольдер:журналист, тайм-пикер,координатор, секретарь және әр топтың өз бағалау парағы бар.

Слайд.1тапсырма: «Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы алатын орны мен рөлі» тақырып бойынша әр топ дайындап келген презентацияларын қорғайды, ал тыңдаушылар презентациясын қорғаған топқа екі сұрақтан дайындап отырады( жалпақ және жіңішке сұрақтар)

2тапсырма -Сұрақтар бойынша сұхбат құрастыру( әр топтың ішінде жұптық жұмыс )

1.Сен білесің бе, Интернеттің мүмкіндіктері күшейіп келеді?

2.Интернетте қандай жұмыстар жасап жүрсің?

3.Ақпарат –іздеу порталдарынан не таба аласың?

4.Ұялы телефон арқылы Интернет жүйесіне қосылуға бола ма?

5. Интернет арқылы кіммен танысуға болады?

6. Теледидарды көп қарайсың ба? 6.Балаларға арналған жеке бағдарлама болу керек пе?

7. Қазақстан Республикасында қандай телеарналар бар?Атап беріңдер.

8. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылады?

9.Өзің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады? Оқып тұрасың ба?

10. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай?

Слайд.3 тапсырма- Мәліметтің дұрыс, бұрысын анықтаңдар!(интерактивті тақтада семантикалық картамен жұмыс)


Дұрыс

Бұрыс


1.Газеттерден көп мағлұмат, ақпарат аламыз.



2.Газетте ауа райы жайында мәлімет берілмейді



3.Интернет арқылы дүниежүзінің кезкелген нүктесінде ақпаратқа ие болу мүмкіндік бар.



4.Телевидение адамның психологиясына әсер етпейді.




5. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді туғызады.




6.Теледидар мен компьютердің адамға зияны жоқ




(Әр топтан 1 оқушы тапсырманы орындауға шығады)

- Рахмет,балалар! Баспасөз, телевизия және интернет тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілікке ұсынылатын материалдарын түсіндіреді. Кім ақпаратқа ие болса, сол кезкелген мәселенің шешімін табады.

Слайд.4 тапсырма-Ақпарат- журналистиканың әсерлігі мен тиімділігін арттыратын фактор, сондықтан журналистикада ақпараттың орны ерекше деуге болады.

-Ол қандай факторлар екенін тірек сызба арқылы дәлелдеңдер.

( тірек сызбалар б/ша журналистика туралы баяндау)

жаңа көзқарасты

Журналистика жаңа ұғымды қажет етеді

Жаңаша ойлауды

Журналистердің

ой тереңдігіне

сөздің өткірлігіне ықпалы тиеді

қабілеті мен шеберлігін

дамытуда


Шындықты айту

Қажетті,өзекті фактілерді таба білу үлкен жауапкершілікті

Оны зерттеп халыққа ұсыну талап етеді


Ой толғау.

-Журналист қандай болу керек деп ойлайсыңдар? (жоғары мәдениетті адам, сабырлы, тартымды, шетел тілін меңгерген, үлкен жауапкершілікті түсіну, өмірге қызығушылығы, тән қасиет, мейірімді, ақылды, өз Отанын сүйетін,қоғамның тыныш, қалыпты өмір сүруін қалайтын адамдар болғаны жақсы. )

-Қандай журналистерді білесіңдер? Олар қандай бағдарламалар жүргізеді?

Слайд «Белгілі Қазақстан журналистері»



-Қандай бағдарламаларды қарайсыңдар?( «Бетпе-бет», «Жаңалықтар», «Аналитика», «Жеті күн», «Арнайы хабар»)

-Мүмкін болашақта біреуіңіз осы мамандықты таңдап аларсыз.

-Сонда Эрнст Генридің рецебі пайда болар. Эрнст Генри кім деп ойлайсыңдар?


Слайд.5 тапсырма- Кеңестерді қазақша, ағылшынша айтып беріңдер.

( Рецепт журналистам против старения. Э.Генри )

  1. Всегда глядеть на окружающий мир с любопытством.

  2. Ни в коем случае не бросать писать, даже когда нет заданий.

  3. Больше читать, писать и задумывать, меньше выступать.

  4. Ни в коем случае не позволять себе скучать.

  5. Чаще встречаться с молодежью.

  6. Поменьше говорить о болезнях.

  7. Строжайше беречь свой сон.

-Әр журналистің өз стилі мен сөз шеберлігі болса да, сауаттылық бәріне де қажет.

5тапсырма-Грамматикалық тапсырмаларды орындап, сауаттылығыңызды көрсетіңдер.

Сатылай кешенді талдау- (әр топ өз тапсырмасын орындайды)

Синтаксистік талдау ( «Телевизия» тобына) сөйлем:

Ақпарат елдің тұрмысына, көңіл-күйіне, мінез-құлқына әсер етеді.

Морфологиялық талдау: Көңіл-күйіне («Интернет» тобына)

Фонологиялық талдау: Тұрмысына («Баспасөз» тобына)

-Қоғамға әлеуметтік әсері жағынан аудиовизуалды БАҚ: радио мен телевидение, интернет пен баспасөз күшті әрі ықпалды болып отыр.

Слайд.6 тапсырма- «Ішіне-Сыртына» стратегия бойынша:Телевидение, баспасөз, интернеттің «Ішіне» - оң, ал «Сыртына»-теріс ықпалын жазу( оқушылар интернетке шығып, қосымша материалдар пайдаланады)

Ішіне Сыртына






Мысалы, Баспасөздің оң ықпалына- өзіңмен алып жүруге, кез-келген жерге, ыңғайлы уақытта, айналадағыларға кедергі келтірмей оқуға мүмкіндік береді,теріс ықпалына -ақпараттық фантомдарды жатқызамыз. Тұлғаның ұстанымының қалыптасуы мен өзгеруіне ықпал ететін тексерілген, тексерілмеген және толық емес ақпараттардың үйлесуі. Көбінде фантомдар адамдарға теріс әсер етеді.

Телевидениенің оң ықпалы- көңіл көтеру, ақпараттық, рухани дүние мен мәдени құндылықтарды беру, тәрбиелік қызметтерін атауға болады т.б.

теріс ықпалы- үйдегі вампир дос. Оны көріп отырған адам бар назарын аударады, ал ол белгілі бір ойларды, идеяларды гипноз күйінде сендіреді.

Интернеттің оң ықпалы- жаһандық, ашықтық, интерактивтік сипаттары.

теріс ықпалы- агрессивті мінез-құлқы ойын тудыратын кейбір компьютерлік ойындарды, жасөспірімдердің өмірге деген қызығушылығының азаюын, өз әлемін құруға ұмтылуы, өзімен қатарластарынан гөрі компьютермен қарым-қатынасқа түскенді қалауы.

Слайд.7 тапсырма-Логикалық қатарлар

«Не артық?» жауабыңызды дәлелдеңдер

1. Мақала, оқиға, мүсін, қызықты

2. «Түркістан уәлаяты», «Айқап», «Егеменді Қазақстан», «Қазақ»

3. Хабарламалар жіберу, үш мезгілді ас дайындау, достармен сөйлесу, ақпарат алу

«Не ортақжауабыңызды дәлелдеңдер

1. Ақпараттық, ағартушылық, сын, бақылау

2. Е.Абылайханов, Н.Иманғалиұлы, Д.Сұлтанғазин, А.Трухачев

3. Құжаттарды қабылдап алу, тауар сатып алу, қонақ үйге тапсырыс беру

Ой толғау- «Сөз шынды табар» деп тегін айтылмаған, себебі журналистердің басты құралы-сөз. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларыңды ортаға салыңдар.

1.Журналист болу оңай ма?

2.Әйел адамның журналист болуына көзқарастарың қандай?

3.Сұхбаттың мазмұнды, қызықты болуы журналиске байланысты ма?

Қазақ мақалдарында сөйлеудің алуан түрлі сипаттары тамаша бейнеленген.

Абайлап сөйлеу-ақылдылық, инабаттылық белгісі.

-Сөзге байланысты қандай қазақ мақалдарын білесіңдер? (оқушылар тілге, сөзге байланысты мақалдарды айтады)

ІҮ.Рефлексия кезеңі.

Бүгін сабақ саған ұнады ма?

Немен ұнады?

Қандай жұмыс түрі ұнады?

Не қиын болды?

-Бүгін сабақта ақпараттың қоғамдағы орны мен ролін анықтадық па? Қалай ойлайсыңдар?

Ү.Сабақты қорытындылау. Бағалау. -Балалар, қорыта айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары адамдардың санаға және мінез-құлқына идеологиялық, саяси, экономикалық және т.б. арқылы әсер ету құралы болып табылады. БАҚ-тағы ақпараттар психологиялық әсер етудің ақпараттандырудан, оқытудан, сендіру мен үгіттеуге дейінгі барлық секторын қамтиды. Бүгін бәрін жақсы жұмыс істедіңдер, ал топтағы бағалау парағына қойған бағаларыңды дәлелдеңдер.

ҮІ. Үйге тапсырма. Ақпарат құралдары туралы әңгімелеу және эссе жазу «Мен тілші болсам»









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ашық сабақ "Ақпарат құралдары"

Автор: Жалпакова Байдраган Жалгаспаевна

Дата: 28.11.2016

Номер свидетельства: 363297

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""?аза?станны? жер байлы?ы" ашы? саба?ы "
    ["seo_title"] => string(43) "k-azak-stannyn-zhier-bailyg-y-ashyk-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "222627"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1436556315"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Информатика  ж?не  а?парат "
    ["seo_title"] => string(29) "informatika-zh-nie-ak-parat-1"
    ["file_id"] => string(6) "239109"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444723389"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Конспект Информатика  ж?не  а?парат "
    ["seo_title"] => string(37) "konspiekt-informatika-zh-nie-ak-parat"
    ["file_id"] => string(6) "239533"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444815860"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "А?парат  ж?не  информатика "
    ["seo_title"] => string(29) "ak-parat-zh-nie-informatika-1"
    ["file_id"] => string(6) "239535"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444816110"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "А?парат. А?паратты ?ор?ау"
    ["seo_title"] => string(28) "ak-parat-ak-paratty-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "284356"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453973276"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства