Антоним туралы т?сінік беру.................................................................................555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Антонимдер саба? жоспар»
Мерзімі: Пән: Қазақ тілі. Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Дамытушылық: оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алу қабілетін, ойлауы мен зейінін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, талдау машығын дамыту.
Тәрбиелік: ұлттық салт - дәстүрін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың типі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, тест, талдау жұмыстары
Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады. Антоним сөздер тағы былайша жасалуы мүмкін: антонимге жұрнақ жалғануы арқылы немесе емес сөзін тіркесуі арқылы. Мысалы: үлкен – үлкен емес бар – барма, сулы – сусыз.Тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізуде антонимді қолдану ұтымды тәсіл.
Шежіремен таныстыру:
Ерте, ерте ертеде Лексика деген қарт өмір сүріпті. Қарттың үш баласы болыпты. Үлкен ұлы « Омоним», ортаншы ұлы «Синоним» кіші ұлы « Антоним» болыпты. Әкесі үш ұлын шақырып алып, «Дүниеде не тәтті?» деп сұрапты. Ұлдары ойланыпты. Омоним айтыпты: Түс. Синоним айтыпты: Бал шекер, қант. Антоним жауап бермепті. Енді балалар антоним дегеніміз не? Мағыналары қарама қарсы сөздер антоним деп аталады. Балалар сендер қандай қарама қарсы сөздерді білесіңдер. ( дос - дұшпан, алыс - жақын, биік - аласа, ақ - қара)
Сергіту сәті: Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан.
Сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс:
87-жаттығу
Тақырыптардың неліктен «Өліара», «Амал» деп аталғандарын түсіндіріңдер. Мәтіндегі антоним сөздерді теріп жазыңдар да, қандай сөздермен тіркестіруге болатынын көріңдер. Жеті амалды мұғалімнің көмегімен түсініп алыңдар. Мысалы, Үркердің батуы-маусым айының басында үркердің мүлде көрінбей кетуі.Осыдан кейін 40 күн шілде басталады.
88-жаттығу
Тақырыптың мәтін мазмұнымен байланыстылығын түсіндіріңдер. Мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке-жеке топтастырып жазыңдар. Синонимдерді қатар қолданудың мәніне көз жеткізіңдер. Олардың біреуін ғана қалдырып оқып көріңдер, ой өзгере ме?
Сергіту сәті:
Көңілді шумақтар
1 - БІР
Же1 екен 1қазан:
Кей1 жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп,
Кү1 етті:
«Тойдым»,-деп.
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
2-ЕКІ
Баласына ж2ріп,
Ұрсып жатыр К2лік:
-2леніп с2ріп,
Алып қапсың «2лік».
2ншілей «2ңді»
Көрсетпе!-деп ж2ді.
К2рейіп баласы,
2ленбей таласып,
«Жоймасам ба 2мді!»
Деп б2нген с2лді.
Тестпен жұмыс 1. Зат есімнен болған синонимдер қатарын тап. А) пішін, адам, әлпет -------------------------- А) терек, мектеп, оқушы Б) мұғалім, ұстаз. оқытушы ------------------ Б) жылдам, тез арада В) көркем, сұлу ----------------------------------- В) қойшы, бақташы, шопан 2. Омоним болатын қатарды тап. А) жерді бас, таудың басы ------------------------- А) кең бөлме, кең көйлек Б) адамның тамыры, ағаштың тамыры -------- Б) Қара шалбар, маған қара В) алманы жу, алманы же -------------------------- В) кітапты қой, дәптерді қой 3. Толық мағыналы сөзді көрсет. А) дейін ------------------ А) жөн Б) білім ------------------- Б) керек В) туралы ---------------- В) оқулық ДҰРЫС ЖАУАБЫ Өзіңді тексер 1 – қатар ------------ 2 – қатар 1. Б ------------------- 1. В 2. А ------------------ 2. Б 3. Б ------------------ 3. В « Мықты болсаң, тауып көр» (Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын шығару) 1. Құпия сөздің синонимі. (ЖҰМБАҚ ) 2. « Тіс жармады» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы. (Үндемеді) 3. Мақалды жалғастыр. Татулық – табылмас... (Байлық) 4. Әрі жуан, әрі еріндік, әрі ашық дауысты дыбыс. (О) 5. Бір – біріне мағынасы жақын сөздерді...... дейді. (Синоним) 6. Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа – басқа сөзді.... дейді. (Омоним) 7. Сұлу сөзінің синонимі. (әдемі) « Сыңарын тап» ойыны Биік – аласа --------------------- Жақын – алыс ----------------- Ұзын - қысқы Тез – баяу ------------------------ Алды – арты ------------------- Ақ - қара Таза – лас ------------------------- Дос – қас ----------------------- Ыстық - суық Бар – барма --------------------- Жарық – қараңғы ------------- Іші - сырты Әдемі - әдемі емес ----------- Жуан – жіңішке ---------------- Алыс - жақын Үсті – асты ------------------------ Сүйкімді - сүйкімсіз ---------- Құрғақ - ылғалды Ащы – тұщы Кең – тар Сәнді – сәнді емес
Перфокарта бойынша жұмыс: Антонимдер -------- Сын есім --------- Етістік ---------- Зат есім ------- Есімдік ---------- Үстеу күлу - жылау анау - мынау жаз - қыс әне - міне жоғары - төмен күн - түн ерте - кеш өмір - өлім ашық - жабық қону - ұшу көп – аз
Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп – үлкен боп өседі. ( антоним сөзді тап )
«Артық болмас білгенің» ойыны Ауыр -... кең -... ыстық -... жас -... артық -... арық -... оңай -... Өтірік -... алғыс... қарғыс -... рахат -... Ерте -... жоғары -... алыс -... әрі -...
Берілген өлең жолдарынан жұп антонимді табу. Қараңғы қанша дүниеде Дүниеде қанша жарық бар Ұсақтар қанша дүниеде Дүниеде қанша алып бар Қашырар қуат - пәрменді Дүниеде небір жасық бар. Сарқылтар адам дәрменін Көз жеткізбейтін қашықтар.
«Ой атасы – жұмбақ» . Жұмбақтар шешіп антонимді табу. Асты тас, үсті тас, От астында піскен ас. (таба нан) Бүгін киген ақ тоным, Ертең болар қара тон. (жер) Үйге тапсырма беру:
89-жаттығу 42 бет
Құпия, жас, шық, үйір, тіл, ер сөздерінің омонимдес, синонимдес, антонимдес сыңарларын тауып жазыңдар.
90-жаттығу 42 бет
Шумақтарды оқып, әр шумақтан түсінгендеріңді әңгімелеңдер. Мәтіннен антоним сөздерді тауып, олар автордың ойын беруде қандай рөл атқарып тұрғанын аңғарыңдар. Мәтіндегі ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер. Осы рубайларды үлгі ете отырып, бір-екі шумақ өлең құрастырып көріңдер.