kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айтыс. Айтыс түрлері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект урока по казахской литературе для седьмого класса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айтыс. Айтыс түрлері.»

Сабақтың тақырыбы: Айтыс. Айтыс түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: айтыс туралы түсінік беру. Оқушыларды ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың айтыс туралы білімдерін , ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын молайту.

Тәрбиелік: оқушыларға айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, шешен сөйлей білуге, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: іздендіру, баяндау, мәтінмен жұмыс, салыстыру, талдау, сұрақ-жауап әдісі, пікірлесу, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: мәтін, үлестірмелі материалдар, презентация,парақшалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жылу лебіздерін білдіреді.

Сабағымызды бастамастан бұрын жасыл, қызыл түсті кәмпитпен 2 топқа бөлінеміз.

І-топ. «Өнерпаздар»

ІІ-топ «Ізденушілер»

Үй тапсырмасын тексеру.

І-топ. Әбу Насыр әл- Фараби туралы сұрақ-жауап дайындап келу.

1-оқушы мұғалім болып топтағы басқа оқушыларға сұрақтарын қояды.

2-топ. Әл- Фараби туралы аңызды мазмұндап береді.

1-топ сұрақтары мен жауаптары.

  1. Әл-Фарабидың толық аты-жөні қалай?

Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби 

  1. Әбу Насыр әл –Фараби кім? 

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик,физик, астроном,

 ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. 

  1. Әбу Насыр әл-Фараби қай жылы туған?

Әл-Фараби сегіз жүз жетпісінші жылы туған

  1. Әбу Насыр әл-Фараби қай жерде дүниеге келген?

Ол Отырар қаласында дүниеге келген

  1. Ол қай елдің азаматы?

Әл- Фараби Түркістан елінің азаматы.

  1. Қандай отбасында дүниеге келген?

Әскербасыныңотбасындадүниегекелген.

  1. Әбу Насыр әл-Фарабиді халық қалай атаған?

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп атаған

  1. Қандай жерлерде білім алған?




Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.



Жаңа сабақ:

  1. Бүгін сабақта біз халық ауыз әдебиетінің бір түрі - айтыспен танысамыз.

  2. Сабақтың эпиграфы: «Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік»



Айтыс туралы түсінік беру.

Айтыс-ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында, табан астында суырып- салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

Айтыста халықтың әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, дүние танымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихы байқалады.

Балалар, ал енді осы айтыс түрлерімен сызба бойынша танысайық.

Бәдік айтысы

Жануарлар мен адамның айтысы

Жұмбақ айтысы

Салт айтысы

Айтыстың ең көне түрі.Бәдік айтысы адамның, табиғаттың сырын түсінбеген кезінде,шаманизм діни нанымына байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген.

Қазақ халқының күн көрісі , тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болды.Сондықтан әр жануардың иесі бар. адамның төрт түлік мал жайындағы ойы, көзқарасы, арманы мен тілегі көрінеді.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне , әдет-салтына байланысты туғанайтыс өлеңі. Бұл айтыс ойын-сауықта айтылатын болған.Жұмбақ айтысы тапқырлықты,білгірлікті, білімділікті, шапшаңдықты талап етеді. Жұмбақ өмір шындығынан алынады.

Қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы болып бөлінеді.

Қыз бен жігіт айтысы әдетте, екі жастың амандасуынан басталып,жұртты күлдіру үшін әзіл-қалжың ретінде, айтыла береді, бір-бірінің бойындағы кемшіліктер де сөз болады.

Ақындар айтысы- айтыс жанрының ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделі.




Осы күнгі айтыстар

Бүгінгі күн талабына сай.

Әлеуметтік мәселелер қозғалады.

Тәуелсіздік құдіретін жырға қосу.

Шебер сөз шеберлері.

1-топ. Ой қозғау. «Айтыс дегеніміз не?»

Әр түрлі тақырыпты қамтиды Халық ауыз әдебиетінің бір түрі





Ұлттық өнер Айтыс Екі ақынның өлеңмен

тартысы



Халық өмірінің көрінісі

Өнер жарысы


Сөз сайысы


2-топ. «Венн» диаграмма. Бұрынғы айтыс пен осы күнгі айтыс.

Айтыс музыкасы ойналады.

Қазақтың айтыс өнері - өнер жарысы, сөз сайысы. Айтыс- халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Ақындар айтысының ең үздігі- Біржан мен Сара айтысы. Бүгін сабағымызда Біржан мен Сара өмірі мен айтысы туралы әңгімелесеміз.

Жаңа сөздермен жұмыс.

«Қайталай отыра жаттау» ойыны арқылы жаңа сөздермен еске түсіру.. Бұл 10 жаңа сөзді алдын ала үйде оқып келуге тапсырылды. Сабақта кез –келген 10 оқушыны тақтаға шақырып, қайталай отыра жаттау ойынын жүргізіледі. Бірінші оқушы 1сөзді аудармасымен айтады, келесі оқушы алдыңғының сөзін аудармасымен және өзінің сөзін аудармасымен айтады, сөйтіп әрі қарай жалғаса береді.

Мәтінмен жұмыс. Топпен жұмыс жасалады.

Біржан мен Сара айтысы

Біржан Қожағұлұлы 1834 жылы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекші ауданында, Ермол деген жерде дүниеге келген. Біржан үш ағайынды еді, ағалары Ержан мен Нұржан ата кәсібі мал бағумен айналысқан.Ал Біржан болса, тәңірдің берген өнерімен елден ерекше болған. Өз әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған. Біржан 25 жасында ән шығара бастаған. 1865 жылы ұлы Абаймен кездеседі.

1871 жылы Жетісуға келіп, Сара ақынмен айтысады. Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Жетісу өңірінде Сара атты әрі әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын ақын Біржан естиді. Ал Біржан жайын, оның қандай әнші, ақын екендігін Сара да естіген. Бұлар бір-бірін көрмесе де, сырттай таныс, көрісіп, айтысуды арман етіп жүреді. 
Біржан бір жолы қасына шәкірттерін, жолдастарын ертіп, Сараның еліне келеді. Бүкіл қазақ баласы білетін «Біржан – Сара айтысы» атақты екі ақынның өнер жарысы ғана емес, әлеуметтік теңсіздікті, әйел теңсіздігін көтерген саяси мәні бар өнер туындысы болып саналады. Біржан мен Сара айтысының негізі тақырыбы - әйел теңсіздігі. Феодалдық заманда қазақ қыздарының малға сатылуы. Сараның өзі соның құрбаны болған. Біржан мен Сара айтысының негізінде композитор Мұқан Төлебаев «Біржан–Сара» операсын жазды. 

«Біржан» тобы
1. Біржан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Әкесінің аты кім?
3. Біржан неше жасында ән шығара бастаған?
4. Біржан Сарамен қай жылы айтысты? 5. Біржан мен Сара айтысы айтыстың қай түріне жатады?
6. Біржан қай жылы ұлы Абаймен кездесті?

«Сара» тобы
1. Айтыстың неше түрі бар?
2. Сара қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Біржан мен Сара айтысының негізгі тақырыбы қандай?
4. Сара қай өңірдің қызы?
5. Айтысты Сарадан алғаш кім жазып алған?
6. «Біржан- Сара» операсын кім жазды?





1-тапсырма. Біржан мен Сара айтысы мен осы күнгі айтыстар. Венн диаграмасы.

2-тапсырма. Ой қозғау.

1-топ . Біржанға сипаттама береді.

2-топ. Сараға сипаттама береді.


Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?





Сабақты қорытындылай келе:

Біржан сал - туған дара, ақындарын.

Арнаған алқалы елге татымды әнін

Сара да бостандыққа шықты жырмен

Ежелден сүйген елміз ақындарын

Өнердің үлгісі бұл дара лайым,

Белсенді оқушыны бағалайын.

Сабақты жыр жолымен асқақтатып

Қошдесіп, осымен доғарайын.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма: 1. Осы күнгі айтыстар, 2. Бұрынғы айтыстар туралы мәлімет жинау.







































« Н.К. Крупская атындағы № 10 орта мектеп» КММ







Айтыс. Айтыс түрлері

(қазақ әдебиетіпәнінен сабақ жоспары )

7- сынып













Мұғалім:

Даниярова Қайыржамал Сыздыққызы























Петропавл қаласы 2017 жыл.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Айтыс. Айтыс түрлері.

Автор: Даниярова Қайыржамал Сыздыққызы

Дата: 04.05.2017

Номер свидетельства: 413176

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Айтыс ?нері. Айтыс т?рлері -?айым ,т?ре  ж?не с?ре. "
    ["seo_title"] => string(53) "aitys-onieri-aitys-turlieri-k-aiym-turie-zh-nie-surie"
    ["file_id"] => string(6) "245348"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446119857"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Айтыс жанрыны? ?зіндік еркешелігі"
    ["seo_title"] => string(37) "aityszhanrynynozindikierkieshielighi2"
    ["file_id"] => string(6) "289561"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454838180"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Айтыс?а дайындал"
    ["seo_title"] => string(17) "aitysk-a-daiyndal"
    ["file_id"] => string(6) "307018"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458233819"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "А?ындар айтысы"
    ["seo_title"] => string(15) "ak-yndar-aitysy"
    ["file_id"] => string(6) "321439"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461294691"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Айтыс  ?нері, айтыс  т?рлері. ?н  жаттау – ?айым, т?ре  ж?не  с?ре "
    ["seo_title"] => string(63) "aitys-onieri-aitys-turlieri-n-zhattau-k-aiym-turie-zh-nie-surie"
    ["file_id"] => string(6) "191059"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427266098"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства