kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Адам және жер шары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың әлемдегі барлық жақсы жаңалықтарын және табиғатын қорғау  туралы түсініктерін  молайту.

Міндеттері:

-Жер шары ұрпағы –Адам  екендігін түсіндіру;

- сен патриот екенін- елін, жерін, әлемді қадірлеу, қастерлеуді балаға дамыту;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Адам және жер шары»»



Мектеп: Ақтөбе облысы  Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №2 орта мектеп

Мерзiм:06.05.2017 ж . өзін-өзі тану пәні

Тақырып: «Адам және жер шары»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, сүйіспеншілік,сыйластық, әдептілік.

Мұғалiм: Зинекешова Бибигуль Есбосыновна

 Сынып  : 9 қазақ

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың әлемдегі барлық жақсы жаңалықтарын және табиғатын қорғау туралы түсініктерін молайту.

Міндеттері:

-Жер шары ұрпағы –Адам екендігін түсіндіру;

- сен патриот екенін- елін, жерін, әлемді қадірлеу, қастерлеуді балаға дамыту;

-табиғат иесі адамды сүюге тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, ақпарат көздері ,интерактивті тақта )

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. . Оқушылармен сәлемдесу және «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау.

Тыныштық сәті : жәй әуен В.А.Моцарт «Балаларға арналған сыйы»

Нұрға бөлену.(музыкалық центр)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көред және күтемізі. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі жақсы ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды достарыңызға, туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

К.Ахметова «Жан дала- жәннат дала» мәнерлеп оқып

сұрақтарға жауап беру :

1.Адамдарға бейбіт өмір сүру ,жер шарына не қажет деп ойлайсыз?

2. Ынтымақ, бірлік, бейбітшілік деген- ұғымға қандай сипаттама бересіз?

Сабақ барысын талдау

Дәйексөз.

«Отаны бірдің- тілегі бір ,жүрегі бір...».

Н.Ә.Назарбаев

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Жер ана туралы.( аңыз)

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады

Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздеріні нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді.
Жер ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.


 

Ал Ж ер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз өлтірілгендерді жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңірадамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.


Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп шешіп, барлық төзімнің шегі барын ескертіп, өз күшін көрсетті. Бірақ өзара соғыстарға белшесінен батқан, алтынның зыңылынан керең болған, сараңдықтан көздерін қараңғы басқан адамдар күнәлары шамадан тыс шыққанға дейін байлық елігіне алданып, надандықтың шырқау шыңына жетіп, адамдықтың биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүре берді


 Сонда мәнсіз өктемдіктен шаршаған Жер ана бойынан барлық қаһарын шығарып, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, шегі жоқ азаптан, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңірадам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.

Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспешілігін көрсете алмаса, ал Тәңірадамға адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер ана мен Тәңірадамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталу мүмкін .


Шығармашылық жұмыс

«Менің байтақ елім - Қазақстан» тақырыбында эссе жазу

Эссе жаза отырып видиоролик «Табиғатты қорғайық»атты.


Топпен ән айту ,әуенді қосу .

«Жерім менің»

Сөзі: Н.Назарбаев

Әні: Б.Тілеуханов

Байлығы қазағымның кең даласы,

Ырыстың ұясындай сай даласы.

Туған жер қасиетіңнен айналайын,

Таусылмас ұрпағымның қазынасы.

Қайырмасы:

О-о-о, Жерім менің,

Бабадан қалған кең дала.

Анам сенсің, мен балаң,

Арым сенсің аялар,

Беу, кең далам,

Аманатым, қорғаным.

Жетісу жер жаннаты ғажабың – ай,

Думаның, Сарыарқам бар базарыңдай.

Арасы өр Алтай мен Атыраудың,

Жаратқан бұйырыпты қазағым – ай.

Қайырмасы :


Үй тапсырмасы.

Т.Рахымның «Қос ішек» мәтінін мәнерлеп бірнеше оқушыға оқыту.


Соңғы тыныштық сәтi./Баяу әуен қойылады/ . Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім самал /жәй/ дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.Сау болыңыздар !







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Адам және жер шары»

Автор: Зинекешова Бибигуль Есбосыновна

Дата: 14.05.2017

Номер свидетельства: 415193

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Адам және жер шары"
    ["seo_title"] => string(25) "adam_zh_nie_zhier_shary_1"
    ["file_id"] => string(6) "469474"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526274975"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Жер- шар т?різді дене" Д?ниетану 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(44) "zhier-shar-t-rizdi-dienie-duniietanu-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "211678"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431671388"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Жер сілкіну"
    ["seo_title"] => string(13) "zhier_silkinu"
    ["file_id"] => string(6) "394229"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487668697"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Жер ?ыртысыны? ?оз?алысы"
    ["seo_title"] => string(31) "zhier-k-yrtysynyn-k-ozg-alysy-1"
    ["file_id"] => string(6) "255747"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447994538"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Жер және оның серігі"
    ["seo_title"] => string(26) "zhier_zh_nie_onyn_sierighi"
    ["file_id"] => string(6) "461808"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521006633"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства