Сабақ мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу, адалдық; шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; адал шыншыл болуға тәрбиелеу. Міндеттері: адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту, өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып –білуге баулу; сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу. | Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.Амандасу. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)Орманға саяхат. Арқаларыңызды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр тыныс алғаныңызда өзіңізді тыныш сезінуге тырысыңыз. Сіз сыныптың есігіне жақындадыңыз, есікті ашып, дәлізбен келе жатырсыз. Далаға шықтыңыз. Таза ауаны жұтып, самал жел мен күн нұрының сіздің бетіңізді жылытқанын сездіңіз. Орманға қарай жүріңіз. Абайлаңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минутқа тоқтап, айналаңызға қараңыз. Табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сезініңіз. Жаныңыздағы гүлдердің біріне келіп, сәл иіліп, мұқият қараңыз, қандай нәзік. Оны иіскеп, хош иісін сезіңіз. Айналаңызға зер салып, ары қарай жүріңіз. Гүлдер, гулдер мен ағаштардың хош иісі, құстардың әні және жәндіктердің баяу үні. Орманда жүріп, ағаштардың көптігіне, жақындаған сайын биіктей беретіндігіне назар аударыңыз. Күн көзі сізге жапырақтар арасынан сығалап, жасырынбақ ойнағандай, оның сылдырын естіңіз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Жазыққа шығып, бірнеше минут тынығыңыз. Өзіңіз бір сәт саясында отырғыңыз келген бір ағашты таңдаңыз. Ағаштың жанына келіп, оны құшақтаңыз. Қандай мықты ағаш. Оның күштілігі мен ондағы өмір қуатын сезініңіз. Енді оның түбіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, сөзді қоршаған ішкі тыныштық пен үнсіздікті сезініңіз (Мұғалім осы жерде бірнеше минут тоқтай тұруына болады). Біз жеңілдік пен бақытты сезінеміз. Қандай таңғажайып табиғат, біз барлық тіршілік иесін қалай аялап, сүюіміз керек екенін түсінеміз. Енді бұл сіздің ағашыңыз, кез-келген уақытта осында келе аласыз. Мектепке қайта оралуға әзірленіңіз. Орныңыздан тұрып, айналаңызға тағы да мұқият қараңыз. Жәндіктерді басып кетпей, келген жолыңызбен қайтадан мектепке оралыңыз. Міне, мектептің ауласына жеттік. Айналаңызға тағы қарап, терең тыныс алып, есікті ашып ішке кіріңіз де орныңызға келіңіз. Осы тыныштық пен қанағат сезімін сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз! 1. Оқушылар қандай әсерде болдыңыздар? Ендеше табиғатқа , туған жерді жақсы көріп оған жанашырлықпен қарайық. Үй тапсырмасын тексеру. Әңгімелесу * Адам ғаламқұпиясынашуғанеліктенқұштар? * «Көкшеңбер», «көкжиек» дегенсөздердіқалайтүсінесіңдер? * Адам өзінқоршағанәлемгеықпалетеалама? | Сабақ барысын талқылау: |
Дәйек сөз. «Адам –ғалам,ғажайып,жеке дара, Жан құмарыіздегенмәңгі сана. Өзіңдіөзіңтанысаңістің басы, Түзегенөзғаламынболған дана»-дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? | |
Соңғы тыныштық сәтi. Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады. Сонымен балалар бізжаншырлық , адал қызмет , кішіпейілділік туралы жақсы ойлар айттық . Олай болса атамекенге , туған жерге ,елге деген сриясыз сүйіспеншілік пен жақсы қасиеттерімізді естен шығармайық . Сабақ аяқталды үзіліске бірге шығайық. | |