kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Адам абыройы" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға "абырой", "ар" ұғымын түсіндіре отырып, қиянат жасамау  құндылығының мәнін ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Адам абыройы" ашық сабақ»

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп: №10 Мерзiмі: № 9 сабақ.

Тақырып: Адам абыройы

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қайырымдылық, қанағатшылдық, ризашылық

Мұғалiм: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Сынып: 7 Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: оқушыларға "абырой", "ар" ұғымын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларға адам абыройын ар-ұжданмен байланыстыра отырып ұғындыру;

Дамытушылық: оқушыларды қайырымдылық, қанағатшылдық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды ризашылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер,

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Оқушыларды сабақ барысында сыныптағы "тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық" ережесін еске түсіріп, барлық ойымыз, сөзіміз, ісімізді осы ережеге бағындыруға шақыру.

2. Жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену Ыңғайланып отырамыз, денемізді түзу ұстаймыз. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Қолымызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Елестетіп көреміз: Күн нұры біздің төбемізден өтіп, кеудемізге қарай бойлап барады. Кеудеміздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Таза әсем гүл біздің әр ойымызды, тілек-қалауымызды шайып, жүрегіміздің қауызын ашады. Нұр сәулесі біздің бойымызға ақырын тарай бастағанын елестетеміз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарымызға түсіреміз. Қолдарымыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді. Нұр аяғымызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр біздің, тілімізге тарайды. Тіліміз тек шындықты, жақсы, ізгі сөздерді айтады. Нұрды құлағымызға бағыттайық, құлағымыз тек жақсы сөз бен әсем әуен естиді. Нұр көздерімізге де келіп жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Басымыз түгелдей нұрға бөленіп, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте шұғылана бастайды, біздің денемізден шығып, жан-жағымызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, достарымызға, бағыттаймыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаймыз. Ойша айтамыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде...».

Осындай тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем біздің жүрегімізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтайық.

Жаймен көзімізді ашуға болады. Рақмет.


3. Үй тапсырмасын тексеру.

Мамытбек Қалдыбай "Адам не үшін өмір сүреді" шығармасынан үзінді, оқып келу.


Ескертулер:


4. Дәйексөз.

"Абырой - ар еңбегі" деген мақал - бүгінгі сабақтық дәйексөзі. Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқиды. Сосын балаларға дауыстап оқуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыздар қайталап айтады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.


5. Әңгiмелеу (сұхбат).

  • Адам не үшін өмір сүреді?

  • Адамдар неліктен абыройлы, беделді болуға ұмтылады, оған жетудің жолдары қандай?

  • Неліктен біз кейбір адамдарды, абырой биігінен көрінгені үшін құрмет тұтамыз?

  • Ішіміздегі рухани бастауды қалай жарыққа шығарамыз?

Мұғалімнің сыйы:



6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1- тапсырма: Оқушылар оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды.

2- тапсырма: Оқушылар Әбіш Кекілбаевтың ой-тұжырымдамасын оқып, абырой туралы өз қорытындыларын жасауы керек.


7. Топпен ән айту.

"Адам" Сөзі: Т. Молдағалиевтікі

Әні: Ә. Бейсеуовтікі


8. Үй тапсырмасы.

Жұбан Молдағалиевтың "Кішіпейілділік" әңгімесін оқып келу.


9. Соңғы қорытынды сәт.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Денелерімізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, айналадағы барлық тіршілік иесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеміз. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рақмет айтамын!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Адам абыройы" ашық сабақ

Автор: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Дата: 08.11.2018

Номер свидетельства: 484349

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Т?рбие са?аты "?ош келді?, Наурыз!" "
    ["seo_title"] => string(36) "t-rbiie-sag-aty-k-osh-kieldin-nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "213452"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432056741"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Армысы?,?з-Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(15) "armysynznauryz2"
    ["file_id"] => string(6) "304541"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457752496"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""?ош келді?,Наурыз!""
    ["seo_title"] => string(22) "k-osh-kieldin-nauryz-9"
    ["file_id"] => string(6) "307745"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458413874"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""?ош келді?,?з Наурыз!""
    ["seo_title"] => string(24) "k-osh-kieldin-z-nauryz-7"
    ["file_id"] => string(6) "307750"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458414393"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) ""Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру""
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_tili_mien_diebiiet_sabag_ynda_ok_ushylardyn_shyg_armashylyk_k_abilietti_1"
    ["file_id"] => string(6) "369768"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481736004"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства