Мақсаты: адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Жақсы – жаман мінез – құлықты ажырата білуге үйрету;
Оқушылардың бойында жақсы мінез – құлық дамытуға ықпал ету;
Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу;
Ресурстар:
( материалдар, дереккөздер)
Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, жазушыларымыздың ой пікірлері, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 10 беттегі
Б. Тұрсынбаевтың әңгімесі «Әлім мен Жанар» әңгімесін сұрау, түсінгендерін сұрақтар беру арқылы қорытындылау.
1. Жанардың Әлімге ренжуі дұрыс па?
2. Жанардың орнында сендер болғанда не істер едіңдер?
3. Балалардың қандай қасиеттерін өз бойыңнан көргің келеді?
Оқушылардың ойын толықтыру мақсатында: оқушылар жанардың ренжіп қалу себебі мінезінің нашарлығынан емес, Әлімнің ойын түсінбей қалуында деп айтып өтемін.
Ескертулер
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы».
Х. Досмұхамедұлы
4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы)
«Тапқырлық» өсиет әңгіме
Хазрет Хасан мен Хусейннің бала кезі болатын. Олар өз қатарластарымен бірге бұлақ басында ойнап жүрген еді. Бір уақытта олардың жанына бір қария келіп, дәрет алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немерелері қарттың дәретті дұрыс алмағандығын байқап, қасына жақындайды. Алайда қателігін бетіне басып, ұялтқанды жөн көрмеді. Екеуі біраз ойланып, Хасан былай деп сөз бастайды:
– Ата, мынау менің бауырым. Бұл маған: «Сен дәретті дұрыс алмайсың», – дейді. «Екеуміз сіздің алдыңызда дәрет алып көрсетейік. Сіз дұрысын айтыңыз,» – дейді. – Жарайды, балаларым! Ал, бастаңдар, – деп келісімін білдіреді. Екеуі ақсақалдың алдында дәрет алады. Қария оларға қарап: – Балаларым! Екеуіңнің де алған дәреттерің дұрыс… Сендерге қарап, өзімнің дұрыс дәрет алмағанымды сезіп отырмын. Кішіпейіл де көркем мінездерің мені таңқалдырды. Өркендерің өссін, қарақтарым. Аллаһ сендерге разы болсын!– деп риза болыпты.
5.Шығармашылық жұмыс жеке. «Өзін – өзі тану» туралыСократтың нақыл сөзіне пайымдау жасау тапсырылады.
6.Топпен ән айту. «Балалығым – бал дәуренім»
Әні: Қ. Сақай , сөзі: А. Айтбай
Жерім бар ертегінің жұмағындай,
Елім бар нұр сәулелі шырағындай.
Сал – сері, батырлардың ұрпағымын,
Жайқалған жасыл желек құрағындай
Қайырмасы:
Бал дәуренім тәтті балдай,
Өмір деген жақсы қандай.
Еркін елім мәпелеген,
Ұланыңмын жазық маңдай.
Орындап ата – ананың өсиетін,
Баламын жасы үлкенге бас иетін.
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге,
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 13 беттегі Іңкәр Тоқаштың әңгімесі «Жақсылық шарапаты» әңгімесін оқып келу тапсырылады.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылар сабақтан алған әсерлеріменбөлісіп, бір – біріне жақсы тілектер айтып , сабақты аяқтаймын.
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 16. 09. 2015 ж № 3
Тақырыбы: Адам мінезімен танылады
Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: сенімділік, қайырымдылық, мейірімділік
Мақсаты: адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Жақсы – жаман мінез – құлықты ажырата білуге үйрету;
Оқушылардың бойында жақсы мінез – құлық дамытуға ықпал ету;
Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу;
Ресурстар:
( материалдар, дереккөздер)
Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, жазушыларымыздың ой пікірлері, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 13 беттегі Іңкәр Тоқаштың әңгімесі «Жақсылық шарапаты» әңгімесінен түсінгендерін сұрап, сұрақтар беру арқылы қорытындылау.
1. Жаңылсынның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
2. Балалар неліктен Жаңылсынға таңдана қарады?
3. Жақсылық жасау - әр адамның ісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың ойын толықтыру мақсатында: оқушыларға мінезі тұйық, онша көп араласпайтын Жаңылсын біреуге жаны ашып, көмектесуге дайын тұратын өте елгезек екендігін іс жүзінде көрсеткенін айтып өтемін.
Ескертулер
3.Сабақтың дәйексөзі.
Кісіге екі дүниеде пайдалы – Ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады. Ж. Баласағұни
4.Оқиға айту. ( Мұғалім сыйы) «Қайырымдылық».
Бұл оқиға Омар ибн Хаттабтың халифалық құрып тұрған заманында болған. Бір күні Омар ибн Хаттаб пен хазреті Әли ибн Әбу Талиб басқа да сахабалармен бірге Харам мешітін зиярат етіп жүр еді. Сол кезде олар қартайған, көзі көруден қалған, жүруге әлі жоқ бір қарт әйелді арқалап алған кісіні байқайды. Оның Қағбаны айнала жүріп өз-өзіне: “Ей, Раббым, мен анамды өмір бойы арқалап, көлігі болып өтсем де ештеңем кетпейді. Оның алдындағы қарыздарымның ең құрығанда кейбірін өтесем екен. Әміріңе бойсұндым, ия, Раббым!” — дегенін естиді. Сол кезде Омар ибн Хаттаб қасындағыларға: “Қане, біз де мына тауап етіп жүрген адамдарға қосылып айналайық. Бұл уақыт құлдарына Алланың рахымы мен мейірімі түсетін сәт.
Мүмкін, Алланың рахымы мен кеңшілігі қартайған анасына қызмет етіп жүрген мына кісінің құрметі үшін бізді де қамтыр,” - дейді.
Бұл қиссаның түйіні: Ата-анаға қайырымды бол. Сонда келешекте өз ұл-қыздарың да кейін саған қамқор болады. Ол екеуінің саған разы күйде саған разылығы ақыретте үлкен сауапқа ие етеді. Ол туралы сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: “Жәннат аналардың аяғының астында," - деген.
5.Шығармашылық жұмыс.Жеке. Жақсылық шарапаты әңгімесіндегі мінез – құлық тақырыбын бекіту мақсатында оқушыларға «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбына шағын әңгіме жазу тапсырылады.
6.Топпен ән айту. «Аңса, жаным»
Сөзі: М.Мақатаевтікі
әні :Т.Төлендиевтікі
Мен тілеймін жарқыным сен де тіле,
Орнасын де жақсылық жер бетінде.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге
Мен аңсаймын, сен-дағы аңса, жаным,
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.
Аңса, жаным, зарығып шарша, жаным,
Қанша ғұмыр қалса да қанша амалың.
Мен аңсағам, сен-дағы сағын, жаным,
Тек жақсылық адамнан табылғанын.
Алакөзсіз, ашусыз бауырлардың,
Алқам-салқам аңсаймын қауымдарын.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 17 беттегі
А.Л. Бжисканың «Сұлулық сыры» мәтінін оқып келу.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін Қ. Нақысбековтың өлең жолдарымен түйіндеп, сабақты аяқтайды.
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 23. 09. 2015 ж № 4
Тақырыбы: Адамның жан сұлулығы
Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: мейірімділік, ізеттілік, адамгершілік, қамқорлық
Мақсаты: оқушылардыңадам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Адамның «жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;
Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту;
Жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу;
Ресурстар:
( материалдар, дереккөздер)
Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, жазушыларымыздың ой пікірлері, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 17 беттегі
А.Л. Бжисканың «Сұлулық сыры» мәтінінен не түсінгендерін сұрап, сұрақтар беру арқылы қорытындылау.
1. Бейбіт Мақсұт ағайының берген ақылынан қандай ой түйді?
2. Адам өмірде өзін – өзі қалай бағалауы керек?
3. сендердің өздеріңе көңілдерің толмаған немесе өз істеріңе риза болмаған кездерің болды ма? Неге?
Оқушылардың ойын толықтыру мақсатында: осы сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай «менің бойым қысқа», «мен өте толықпын», «көзім кішкентай», «шашым жұмсақ» т.б өздеріне, өздерінің дене бітіміне көңіл толмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Осы жерде мен әр адамның өзіне тән ерекшелігі болатынын және адам осы ешкімге ұқсамайтын жеке тұлға ретінде бағалы екенін түсіндіріп өтемін.
Ескертулер
3.Сабақтың дәйексөзі.
Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандануы керек.
В. Гюго.
Оқушыларға сұрақ: нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Адам сыртқы сұлулығы толық болуы үшін адалдық, мейірімділік, сезімталдық, сыйластық, сияқты адамгершілік қасиеттерден бастау алатынын түсіндіремін.
4.Оқиға айту. ( Мұғалім сыйы)
«Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық» ( әңгіме)
Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айтқыза алмапты.
Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті.
7. Үй тапсырмасы. Жан туралы дәптерде берілген 1,2,3 – тапсырмаларды түсіндіріп, үй жұмысы ретінде орындап келу, оқулықтағы 22 беттегі «Қуаныш» мәтінін оқып келу,сұрақтарға дайындалып келу тапсырмасы беріледі.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қорытындылап, бір – біріне жақсы тілектер айтқызып, сабақты аяқтаймын.
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 2.09. 2015 ж № 1
Тақырыбы: Өзімді өзім танумен өсіп келем
Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: адамгершілік, төзімділік, сабырлылық
Мақсаты: оқушылардыңадам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін – өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
Оқушылардың «Өзін – өзі тану» пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып, өзін – өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;
Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;
Өзін – өзі рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге тәрбиелеу;
Ресурстар:
( материалдар, дереккөздер)
Интерактивті тақта, слайд, дәйексөз, жазушыларымыздың ой пікірлері, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Бастауыш сыныпта оқыған білімдерімізді қайталап келу тапсырмасы берілді. Алған білімдерін қорытындылауға арналған сұрақтар.
1. «Өзін – өзі тану» пәнінен не үйрендік?
2. «Өзін – өзі тану» сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер?
3. Әр адам қайталанбас тұлға дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушыларға «менің бойым қысқа», «мен өте толықпын», «көзім кішкентай», «шашым жұмсақ» т.б өздеріне, өздерінің дене бітіміне көңіл толмайтын жағдайларда, мен әр адамның өзіне тән ерекшелігі болатынын және адам осы ешкімге ұқсамайтын жеке тұлға екендігін есте ұстауларын және өзін – өзі түсінуін, өзін – өзі бағалай білу керек екенін түсіндіріп өтемін.
Ескертулер
3.Сабақтың дәйексөзі.
Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,
Ең қиын нәрсе – өзіңді – өзің түсіну.
Әл – Фараби
● Осы нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?Оқушылардың пікірі тыңдалады.
Адамның ең жақсы қасиеті – өз бойындағы кемшіліктерді өзі байқап, соны болдырмауға тырысу, адамның өзін – өзі түсінуі, түсіне отырып, өзін – өзі тәрбиелеудің арқасында жемісті нәтижеге қол жеткізеді.
4.Оқиға айту. ( Мұғалім сыйы)
«Таным тағлымы» ( аңыз әңгіме)
«Алыстан көруін үйренді» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер? Неге ?
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Шығыс философы Әл – Машанидің өлеңін оқып, даналыққа қол жеткізудің басты шарты – адамның өзін – өзі тануы деген бағытта топтық әңгіме жүргізіледі.
6.Топпен ән айту. «Анамның тілі – аяулы үні»
Сөзі: Ш. Смаханұлынікі, әні: Ә. Тыналиевтікі
Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол: жаным, Арайлы таңым. Самал боп желпіп, Жырымен ертіп, Үйретті тынбай Бал тілін, әнін.
Анамның тілі - айбыным менің, Анамның тілі - ай-күнім менің! Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі - өмірді думан.
Мектепке келдім, Ұстазды көрдім, Тыңдадым сөзін Табынып, сүйіп. Анамның тілі, Аяулы үні Жүрекке нұрын Жіберді құйып.
Анамның тілі - айбыным менің, Анамның тілі - ай-күнім менің! Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі - өмірді думан.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 10 беттегі Б. Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» әңгімесін оқып келу, оқушы дәптеріндегі берілген сауалнамалық сұрақтарды мұқият оқып, өз ойларын жазып келу тапсырылады.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылардың бір – біріне жүрекжарды тілектерін айтқызып, Қостанайлық айтыскер ақын Әлфия Орманшинаның «Мен де өсіп келемін» деген өлеңін хормен айтқызып, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіремін.
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 30.09. 2015 ж № 5
Тақырыбы: Жақсы көңіл күй – жан шуағы
Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: бауырмалдық, жанашырлық, сабырлылық
Мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым – қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету;
Өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға бауырмалдық, жанашырлық таныта білуге және жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу;
Ресурстар:
( материалдар, дереккөздер)
Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, жазушыларымыздың ой пікірлері, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 22 беттегі «Қуаныш» мәтінін сұрау, түсінгендерін сұрақ – жауап беру арқылы қорытындылау.
1. Ваняның қуаныштарының ерекшеліктері неде?
2. Ваняның қоршаған ортаны қуанышпен қабылдауының себебі неде?
3. Сендерді нелер қуантады?
3.Сабақтың дәйексөзі.
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.
У. Гэзлит
● Осы нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
4.Оқиға айту. ( Мұғалім сыйы)
Қызғаныш пен ашу туралы өсиет әңгіме
Жапон елінің бір қалашығында қарт самурай тұратын. Ол өз шәкірттерін білімді, ақылды етіп тәрбиелейді. Бір күні сабақ барысында өзінің тәртіпсіздігі мен қатігездігімен елге аты жайылған жауынгер келеді.
Оның өзіндік әскери тактикасы болатын. Ол қарсыласына ауыр сөздер айтып, ашуландырады. Ызаланған қарсыласы жекпе-жекке шығып, ашудың салдарында қателіктер жіберіп, жеңілетін.
Бұл жолы да жауынгер қарт самурайды ашуландыру үшін ауыр, балағат сөздерін жаудырады. Алайда самурай оған қалт етпейді. Әлгі жігіт үш рет қайталап көреді. Самурай сабағын жалғастыра береді. Ызаланған жауынгер есікті теуіп, кетіп қалады.
Мұны бақылаған шәкірттері самурайдан: «Ұстаз, неге оның мұндай тәртіпсіздігіне жауап бермедіңіз? Оны жекпе-жекке шақыру керек еді!» деп ызаланады.
Дана самурай:
- Сізге біреу сыйлық алып келіп, сіз қабылдамасаңыз, ол кімнің қолында қалады? - деп сұрайды.
- Өзінің иесінде, - деп жауап береді шәкірттері.
- Бұл қызғаныш, ашу, кемсіту мен мысқылға да қатысты. Оларды қабылдамағанша, барлығы өз иесінде қалады, - деп айтады самурай.
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.
І – топқа «Жақын адамдарыңмен кездесу кезіндегі қуаныш»
ІІ – топқа «Өз достарыңның жеңісіне деген қуаныш» сезімдерін сахналап көрсету ұсынылады.
Еуропаның бір қаласындағы атақты көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі бір туындыны көреді. Көркемөнердің бұл туындысы өте қымбат екені түсінікті. Бала сурет тұрған витринаның алдында суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпейтін болған соң, қимай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды. Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің әлі сатылмағанын көріп қуанады да, дүкенге сеніммен кіріп суреттің авторына “Сіз салған суретті ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинап келдім. Суретті маған сатыңызшы”, – деп бір уыс ақшасын суретшінің алдына төгеді.
Суретші біраз ғана ойланып, суретті әдемі қағазға орап, оны сұрап тұрған балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: “Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?” – деп сұрап еді, суретші: “Иә, бұл суретті көп адамға миллионға не одан да қымбатқа сата алар едім. Алайда солардың ішінен бұл суретті сатып алу үшін бір жыл бойы жиған ақшасының бәрін бере алатын қанша адам шығар еді?” – дейді.
5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Оқушылардың өмірінде болған ең қызықты күндерін естеріне түсіріп, «Менің көңіл күйіме әсер еткен оқиғалар» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады.
6.Топпен ән айту. «Көңілді күн»
1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,
Сыйластықтың алауын өзің жақтың.
Сенің думан тойыңның әнін естіп,
Есігіңді шыдамай өзім қақтым.
Қ-сы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.
Есігіңнен мен кіріп келгенімде
Қуандың ау балаша мені көріп.
Қ-сы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 27 беттегі«Жақсылыққа жақсылық» ертегісін оқып келу. Оқушы дәптеріндегі 2- тапсырманы орындап келу.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылардың сабаққа қатысып, өз пікірлерін білдіргендері үшін балаларды мадақтап, «Ертегі Сарай» әнін айтқызып, сабағымызды аяқтаймыз.
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 14.10. 2015 ж № 7
Тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос
Құндылық: Ішкі тыныштық, Қасиеттер: өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық
Мақсаты: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру..
Міндеттері:
Оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту;
Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
Мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуға тәрбиелеу;
Ресурстар:
( материалдар, дереккөздер)
Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, жазушыларымыздың ой пікірлері, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті.
«Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 27 беттегі«Жақсылыққа жақсылық» ертегісін сұрау түсінгендерін сұрақ беру арқылы қорытындылау. Оқушы дәптеріндегі 2- тапсырманы тексеру.
1.Сендердің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма? 2.Байсалдылық, шыдамдылық болса, адамның ішкі дүниесінде не орнайды?
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Жақсы сөз – жарым ырыс».
Халық мақалы.
4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы).
«Жақсылық жасасаң да өзіңе, жамандық жасасаң да өзіңе» аңыз әңгімесін айтып беру.
Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Аяқталмаған ертегілер беріледі, жалғасын өз ойларымен аяқтау.
І – топқа «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі
ІІ – топқа «Арыстан мен тышқан» ертегісі
6.Топпен ән айту. «Біз өмірдің гүліміз»
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев
Әні: Б. Ғизатов
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 32 беттегіС. Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін жаттап келу. Оқушы дәптеріндегі 1- тапсырманы орындап келу.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылардың сабаққа қатысып, өз пікірлерін білдіргендері үшін балаларды мадақтап, А. Асылбековтың «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін айтқызып, сабағымды аяқтаймын.
Жақсылық пен Жамандық Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып: - Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, - десе, Жамандық: - Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, - дейді. Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: - Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді. Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық: - Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді. Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады. Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол: - Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен. Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан ата ұрпағын алдына шақырып алып: - Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Жақсылық пен жаным дос өленің құрастырып көріңдер?
6.Топпен ән айту. «Жақсылықпен жаным дос!
(Ақ көгершін әніне салып орындау) сөзі: Ғазез Ж.С 1.Жақсылықпен жаным дос, Бауырмалмыз бәріміз. Үлкенге де, кішіге, Жақсылық жасаудан қалмаймыз. Дұрыс жолды таңдаймыз, Самғап ұшып талмаймыз. Жанашырлық білдіріп, Көмек беруге дайынбыз.
8.Сабақтың тыныштық сәті. Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Теңізге саяхат»
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 36 беттегі
Р.Рождественскийдің «Махаббат шуағы» өлеңін сұрау. Сұрақ беру арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.
1. «Бәрінің бастауы – Махаббат!» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді».
В. Г. Белинский
4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы). «Ана махаббаты»(аңыз әңгіме) Төле бидің алдына бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді. Екеуі де «бала менікі» деп бет бақтырмайды. Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді. Бұны пәлен жеріндегі алақандай қалынан таныдым» десе, екіншісі «Ұрлаған түгім жоқ, 9 ай көтеріп тапқан ұлым» десе керек. Сонда Төле би қолына қылыш алып «Бұл баланы екеуіңе ақ бөліп берейін» деп баланы қақ бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, «ұрлатып алдым» деген әйел «Ойбай-ай, шаппаңыз! Қайда жүрсе де аман жүрсін!» деп жер тізерлеп отыра кетеді. Сөйтіп би баланы өз анасына қайтарып береді. Сұрақтар: 1) Екі әйел Төле бидің алдына не үшін таласып келеді? 2) Төле би қолына ұылыш алған кездегі мақсаты не еді? 3) Ақыр сонында кім жеңеді?
5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Табиғатқа деген сезімдерін сурет арқылы бейнелеу.
6.Топпен ән айту. «Ана туралы жыр»
Сөзі: Ғ. Қайырбеков
Әні: Ш. Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін жинадың сен маған. Сен берген құстардың қанатын самғаған Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін, Самал жел, сая бақ, құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей, көзіңнен танимын.
Өтеуге борышын, анашым, жан сырым. Іздедім сен үшін, әлемнің асылын. Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені. Сыйлар ем ай- күнін, қолыма түспеді.
Қайырмасы:
Ете гөр қанағат, әзірге берерім. Балалық махаббат, балалық жүрегім. Бол риза, анашым, қолдағы осы бар. Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.
Қайырмасы:
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 38 беттегіӘ. Табылдының «Қасиетті туған жерді қастерле» үзінді әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.
8.Соңғы тыныштық сәті. Қолдарыңды тізелеріне немесе үстел үстіне қойыңдар, аяқтарыңды айқастырмаңдар. Арқаларыңды тік ұстаңдар... Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныс алыңдар. Менің айтқанымды іштей қайталаңдар. Бүгінгі сабақта қандай қасиеттер туралы айтылды? Жақсы көру және кішіпейілдік, жомарттық, аянбай қызмет ету, ізгілік. Ал бұл қасиеттерді біз жүрегіміздегі риясыз сүйіспеншіліктен аламыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 38 беттегіӘ. Табылдының «Қасиетті туған жерді қастерле» үзінді әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды».
Байрон
4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы). Көктем сәні
Балтабай Әділов
Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салады. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.
-Жар салдыр,-дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!
Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.
-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға жағалай қарап алып. – Көктем сәні неде?
-Жасыл желек,-деді Ақбөкен.
-Тоғай,-деді Қоян.
-Тау мен тас,-деді Арқар.
-Дала,-деді Қасқыр.
-Ашық аспан,-деді Түлкі.
Салқын самал,-деді Бұғы.
-Еңбек,-деді Піл.
-Шалқыған көңіл, деді Аю.
-Шаттық,-деді Керік.
-Күлкі,-деді Борсық.
-Жігер,-деді Қодас.
-Шуақ,- деді Саршұнақ.
Аңдар айтып біттік дегендей, іркіліп қалады. Арыстан оқты көзімен үнсіз отырған Елікке қадады:
-Сен неге үндемейсің?
Елік лып етіп орнынан тұрады да, Арыстанның алдына келіп:
Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні-осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ, көктемнің сәні шығады.
Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.
Сұрақтар:
1. Аңдардың табиғатқа деген көз қарасы қандай?
2. Елік табиғат сұлулығын қалай бағалады?
3. Табиғат сұлулығы қандай сезімге бөлейді?
4. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Үш топқа даналық сөздер беріледі, мағынасын түсіндіреді.
І – топқа: «Сүйіспеншілік – жүректен» Ш. Құдайбердіұлы
ІІ – топқа: «Махаббатсыз тіршілікте – мән жоқ» И. Гете
ІІІ – топқа: «Махаббатсыз дүние - бос» А. Құнанбаев
6.Топпен ән айту. «Бақыт құшағында» Сөзін жазған Т.Молдағалиев Әнін жазған Ш.Қалдаяқов
Көзіңнен бір ұшқын Ұшты ма, білмедім. Әйтеуір нұр құштым, Әйтеуір гүлдедім. Көктемнің бұлбұлы Кеудеме қонады. Құшаққа қыр гүлі Толғандай болады. Қайырмасы: Кел билейік, кетпе менің қасымнан, Қызғалдағым таң нұрынан ашылған. Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды, Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған. Әнбісің төгілген, Жырмысың армандай. Бір бақыт көрінген, Жақындап қалғандай. Жанарың ұшқыны Жүректе жанады. Қолыңның ыстығы Қолымда қалады. Қайырмасы:
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 40 беттегі «Отбасы татулығы» аңыз әңгімесін оқып келу.Дәптермен жұмыс.
8.Соңғы тыныштық сәті. «Сыған серенадасы» Тоқтар Серік. Балалардың ішкі сүйіспеншілік сезімдері оянады.
Ер балаларға бір бөлек, қыз балаларға бір бөлек хормен айтқызу.
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы)
5. Шығармашылық жұмыс. Жеке. Берілген мақалдарға сүйеніп , шағын әңгіме құрау.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ
Бала- жағасындағы құрақ.
Ата – бәйтерек
Бала- жапырақ.
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаңда,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
6. Топпен ән айту. «Сен бақытты ұлансың!»
М. Қуанышбеков
Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Ағаң – қамқор асқарың,
Інің – мөлдір аспаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Қарындасың – қанатың,
Ел – Отаның – жаннатың.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы42 беттегі Е. Өтетілеуовтің «Мен қазақ баласымын» өлеңін жаттап келу. Дәптермен жұмыс.
8 . Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы42 беттегі Е. Өтетілеуовтің «Мен қазақ баласымын» өлеңін жатқа сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Отан – от басынан басталады».
Халық мақалы.
Ер балаларға бір бөлек, қыз балаларға бір бөлек хормен айтқызу.
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы) «Отбасы құндылықтары» видеоролик көрсету
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық. Сахналау «Сыйластық»
Ата, әже болып ақыл айту
Әке болып еркелету, ана болып мейірімді болу.
Мақалдың жалғасын тап.
1.Атаға қарап-... ( ұл) 4.Атаның баласы болма ... (елдің баласы болма)
Анаға қарап-... (қыз)
2.Ананың көңілі балада,...(далада) 5.Анаңа ауыр .....(сөз айтпа)
3.Ата-ананың қадірін ... (Балалы болғанда білесің) 6.Ұядан не көрсе,...(ұшқанда соны ілерсің)
6. Топпен ән айту. «Әкем - әнім»
Сөзі: О. Сүттібаев
Әні: Ә. Сүлейменов
Ұшырдың баптап ұядан,
Кетпейсің ойдан, қиялдан.
Арманға биік қол созсам,
Тұрасың демеп жиі алдан.
Көңілім бүгін алаң – ды
Күттің бе, әке, балаңды?
Шаттықпен жарқын тойыңа,
Сыйлаймын сазды бұл әнді.
Адалдық әркез көксеген,
Үйрендім, әке, тек сенен.
Ардақтап өтем мәңгілік,
Ғұмырда жалғыз жетсе дем.
Қайырмасы:
Жүректі тербеп күй сынды,
Биікке ұшсам сүйсіндің.
Мойныңа көптен асылмай,
Сағындым, әке, иісіңді.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 45 беттегі М. Жұмабаевтың «Сөз және мағына» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.
8 . Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 9.12. 2015 ж № 13
Тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, татулық, мейірімділік
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы45 беттегі М. Жұмабаевтың «Сөз және мағына» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі».
І. Омаров
Ер балаларға бір бөлек, қыз балаларға бір бөлек хормен айтқызу.
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы)
Атақты ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Тарақтыда тары бар, дүниенің бәрі бар» кітабынан әңгіме оқып беру:
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген жұтшылық болып, ел шұбырғанда, мал ішіндегі сезімін сойып, жей берген екен. Сонда бір көк ала бие он бес ауылды асырауға жарапты...Иесі көз тиер, сөз тиер деп бір сайға жасырып, байлап жүріп сауады екен... Жолаушылар кеткен соң сүтті сабасына құйса, көнектің түбіндегі қара тас төрт бөлінген екен. «Адам тілі тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген сонан қлған екен. Егер ол тасты салмағанда диеге кәдік болады екен.
(Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.)
Яғни, адамның қоғамда өз орнын табуында орнымен сөйлеуі, дәмді, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады.
5. Шығармашылық жұмыс. Жеке. Мақалдың жалғасын тауып жазу.
Таяқ еттен өтеді,... (сөз сүйектен өтеді)
Жақсы сөз - ... (жан азығы)
Жылы – жылы сөйлесең ... (жылан іннен шығады)
Сөз жүйесін тапса,... (мал иесін табады)
Бір жақсы сөз, ...(мың сөгістен артық)
6.Топпен ән айту. «Бір ауыз сөз»
Сөзі: Қ. Салықов
Әні: Ш. Әбілтаев
Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,
Бір ауыз айықпас дерт жияды.
Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,
Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.
Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,
Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.
Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,
Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 48 беттегі «Не айтатыныңды ойлап ал» үнді аңызын оқып келу. Дәптермен жұмыс.
8 . Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 17.02. 2016 ж № 22
Тақырыбы: Сабырлылық пен ұстамдылық
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: мейірімділік, төзімділік, ізгілік
Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мәлiметтер,нақыл сөздер,бейне фильм, плакат)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»еске түсіріп, тәртіпке шақырып, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 77 бетегі №22 тақырыптағы аңыз әнгімелер берілген «Жан жарасы жазылмайды», «Сабыр түбі сары алтын» оқып келу. Оқушы дәптерін тексеру.
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
1. Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?
2. «Ашуды ақылға жеңгізе біл»деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3. Екі патша неліктен келіспей қалды?
4. «Сабыр түбі сары алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Сабырлы жетер мұратқа»
Халық мақалы.
Сабырлық пен ұстамдылық – адам бойындағы жағымды қасиет. Басқаның сөзін байыппен тыңдайтын,өз ашуын тежей білетін,әр ісін ақылмен шешетін адам.
Ер балаларға бір бөлек, қыз балаларға бір бөлек хормен айтқызу.
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы)
Сабырлылық дәні
Аңыз әңгіме
Ертеде арабтық шөл даласында жағдайы ауыр бір отбасы өмір сүріпті.Олар отырықшылдыққа қарағанда, дала кезіп айдалада тұрғанды ұнатады екен.Бұл отбасы өзінің күн көрісне шүкіршілік, өмірдің қиындығына сабырлық етіп ғұмыр сүріпті. Сол жылы осы өлкеде қатты қуаңшылық болып,шіліңгір ыстыққа жан баласы шыдамапты. Үйдегі бала-шағаның іштеріне ыстық түсіп,ауырып науқасқа ұшырайды.Азық та, су да таусылады.Соңында бір-екі бидайдың дәні мен тек бір адамның шөлін басатын су қалыпты.
Сонда да ерлі-зайыптылар қиыншылыққа төзімділік,шыдамдылық, сабырлық танытып үміттерін үзбепті. Бір күні алыстан бір қара көрініп, арып-шаршаған біреу келеді.Келуші шөлде адасқан,бір мүсәпір екен. Үйге жете бере «Су, су!»- деп құлап түседі. Өздері қиын жағдайға душар болған ерлі - зайыптылар «Бір адамды тірілткен, бүкіл адамзатты тірілткенмен пара - пар» деп, қалған бір жұтым суын жаңағы мүсәпірге ішкізеді. Мүсәпір есін жиып, әлденген соң өз жөніне кетеді.
Ал, аштық пен кенесесі кепкен, шөлдеп өлуге шақ тұрған үй иесі тыстан ат тұяғының дүбірін естиді. Үйге судай құаруланған бірнеше адам кіріп келеді. Киімдеріне қарағанда патшаның нөкерлері сияқты. Олар «Бұл маңда Ахмет деген кісінің үйі бар ма екен?» деп сұрайды. Отағасы «Ахмет менмін. Бұл жерде бізден өзге ешкім жоқ», дейді.
Нөкерлер «Біз осы аймақтың билеушісі ханның адамдарымыз. Хан сізге есік алдында тұрған сыйлықты жеткізуді бұйырды», дейді.
Аң – таң болған үй иесі тысқа шықса есік алдында жүк тиелген 10 түйе, 5 жылқы байлаулы тұрған екен.
Таң – тамаша болған отағасы «Бұны ол не үшін тарту етті?», деп сұрайды.
Нөкерлер «Біздің патша тұтқыннан қашып келе жатқанда су беріп, өлім аузынан алып қалғаныңыз үшін тарту етті», деп жауап беріпті.
Талқылануға берілген сұрақтар:
Мәтіндегі отбасының жағдайы туралы не айтуға болады?
Басына іс түскен адамға қалай көмек берді?
Шыдамдылықтың арқасында қандай сый - сияпатқа ие болды?
Хан бұл отбасының қандай қасиетіне тәнті болып, ризашылығын айтты деп ойлайсыздар?
Осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық. Оқушыларға«Тәубеңе кел»видио ролик көрсетіледі.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы81 беттегі Корей ертегісі «Адал бала» -атты ертегіні оқып келу. Дәптермен жұмыс №3 тапсырма ,ол 52 бет Мына криптограмманы дұрыс шешсең, «Сабыр» туралы мақалды оқуға болады.
8 . Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 03.02. 2016 ж № 20
Тақырыбы: Сенім – менің серігім
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: ұқыптылық, әділеттілік, басқалар туралы жаман ойламау.
Мақсаты: Оқушылардың адамдардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы арқылы дұрыс әрекет құндылығын ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылырды сенім арқылы ұқыптылыққа үйрету;
Дамытушылық: Өз замандастары арасында әділеттілік қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Өзі туралы , қоғам туралы, басқалар туралы жаман ойламауға дағдыландыру;
1. Сендер Ерланның сұрағына қалай жауап берер едіңдер? 2. Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай орындарды айта аласын? 3. Мәтіннен дұрыс әректетті ашып оқы.
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі». М.Жұмабаев
Ер балаларға бір бөлек, қыз балаларға бір бөлек хормен айтқызу.
1. Өзіңнің жақын адамдарынның сенімін ақтау дегенді қалай түсінесің? 2. Сенім, әдептілік, адамгершілік қасиеттерін байланыстыратын не? 3. Әрдайым айналандағы адамдарға сене аласыңба?
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы)
«Екі дос»
Аңыз әңгіме Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!» Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», – деп жазады. Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы: – Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? – деп сұрайды. Сонда досы: – Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!.. 1. Досының ұрғаны қатты батқан бала, не себепті қарсыласқан жоқ. 2. Екі достың арасындағы шынайы достықты байқадыңба? 3. Екі достың тартысып қалғаны дұрыс па?
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық.
1. 70 беттегі жағдаятты талдау 5 «Б» сынып оқушыларына мектеп мерекесіне арнап, көркем қойылым дайындау керек болды. Сынып жетекшісі оқушыларға сенім артып, өз бетінше дайындауды тапсырды. Ер балалар ұзақ ойланып, бүкіл сынып болып «Брейк – данс» биін билеуді ұсынды. Қыздар оған түбегейлі қарсы болды... 2. Осы жағдаятқа мысал келтіріңдер. 3. «Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар С - сенімді, сыпайы,сүйкімді, сыйлы, сымбатты, сұлу Е – ерен, ерекше,еркін, ержүрек, елпек Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, І – ілтипатты, ізетті, ізгілікті, іңкәр М – мәдениетті, момын, мейірімді
6. Топпен ән айту. «Сенім» Мәдина Садуақасова
1.Сездірмей жүрген, Тек өзім білген. Бір сенім бар, Жоғалмас мүлдем. Сол сенім бар да, Асығам алға, Ақ тілегім, биікке самға.
Қ-сы Тағдыр жолы көп торабы, Ақ пен қара жолағы. Сенім – маған серік болады. Ақ таңдарды мен көремін, Дауылды да жеңемін. Жүрегіммен сенемін.
Қ-сы Тағдыр жолы көп торабы, Ақ пен қара жолағы. Сенім – маған серік болады. Ақ таңдарды мен көремін, Дауылды да жеңемін. Жүрегіммен сенемін.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 73 беттегі М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін жаттау. Дәптермен жұмыс.
8. Соңғы тыныштық сәті. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерінді жүректеріне орнатып, өзгелер туралы жаман ойламауға және оларға сенім артуға үйренейік.
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 24.02. 2016 ж № 23
Тақырыбы: Адалдық пен әділдік
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: турашылдық, әдептілік, сыйластық
Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?
Оларды бірден алса, не болар еді?
Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?
Ақсақал қабылдаған шешімді қалай бағалауға болады?
3.Сабақтың дәйексөзі.
Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.
Ш. Уәлиханов
Ер балаларға бір бөлек, қыз балаларға бір бөлек, сонан соң бәріне хормен дәйексөздің мағынасын түсінгендерін сұрау.
Адамның ниеті, ойы, іс – әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
2. Өз іс – әрекетіңе ішіңнен қысылып, ұялған кезің болды ма?
5. Шығармашылық жұмыс. Жеке. «Адалдық - адамдықтың белгісі» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
6.Топпен ән айту. Әкем - әнім
Сөзі: О. Сүттібаевтікі Әні: Ә. Сүлейменовтікі
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 86 беттегі «Қаз дауысты Қазыбектің шешімі» аңыз әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.
8. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 02.03. 2016 ж № 24
Тақырыбы: Адалдық пен әділдік
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: турашылдық, әдептілік, сыйластық
Ер балаларға бір бөлек, қыз балаларға бір бөлек, сонан соң бәріне хормен дәйексөздің мағынасын түсінгендерін сұрау.
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы) видеоролик көрсету «Адал достар»
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық.
1 – жағдаят Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді. Алмагүл: - Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды. - Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз. * Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2 - жағдаят Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек. * Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
6.Топпен ән айту. «Адалдық пен әділдік »
Білім мен өнерді сүй,сусуында,
Деп айтсын ел:!Осындай ер тусында!»
Арың-адал,әділ болсаң әрқашан
Дүниенің бар бақыты уысыңда...
Түспегені абзал ғой арға дақтың,
Күйін кешпе түнде ұшар жарқанаттың
Адал адам әрқашан-еңсесі тік,
Әділдікті ту еткін,қолғанатым.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 88 беттегі «Жомарттық» қырғыздың халық ертегісін оқып келу. Дәптермен жұмыс.
8. Соңғы тыныштық сәті.
Д. Әлімжанов Адалдық өміріңе керек нәре, Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе. Халыққа өз пайдасын тигізе алмай, Адам боп, өзін - өзі меңгермесе.
Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салады. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.
-Жар салдыр,-дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!
Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.
-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға жағалай қарап алып. – табиғат сәні неде?
Елік лып етіп орнынан тұрады да, Арыстанның алдына келіп:
Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, Табиғат сәні-осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ, табиғаттың сәні шығады.
Еліктің сөзіне бәрі қолсоғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.
Сұрақтар:
1. 1. Табиғат сәні неде?
2. 2.Арыстан аңдарды жинағандағы мақсаты не?
3. 3. Еліктің табиғат сұлулығына берген бағасы?
4. 4. Табиғат сұлулығы қандай сезімге болейді?
2. 5. Табиғат сәні неде деп ойлайсың?
3. 6.Табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалай бағалайсың?
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.
Өлеңнің сөзін жалғастыру.
«Табиғат »
1.Табиғат ол анамыз,.
Табиғатқа баламыз...
....................ойнаймыз, .. саламыз.
2.Жазда аралап тауында,
......... біз бауына
............ шомылып,
.......... жауында.
6.Топпен ән айту. «Табиғат анамыз» Сөзі: Н. Жанаевтікі; Әні: С. Қаратаевтікі;
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 102 беттегі Ы. Кененбаевтың «Аққулы мекен» әңгімесінен үзіндіні оқып келу. Дәптермен жұмыс.
8. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 04.05. 2016 ж № 31
Тақырыбы: Салауаттылық – менің қалауым
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: мейірімділік, кешірімділік
● Сұлтан сияқты балалар өмірде жиі кездесе ме? Олардың ұсынысын қалай қабылдар едіңдер?
3.Сабақтың дәйексөзі.
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты.
А. Шопенгауер
Дені сау, жан – жақты дамыған, жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.
Адам тән сұлулығын жан сұлулығымен үйлестіргенде ғана өмірлік мақсатына жете алады.
Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет.
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы) «Әуетік әлегі» аңыз әңгімесін айтып беру
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Бірнеше суреттер беріледі.Суретке қарап ой толғау.
6.Топпен ән айту. «Қазақ жастары»
1.Бір кемеде келеміз, бірге жүзіп Көргеніміз күнде той күнде қызық Сұлу қыздар бар бізде, жігіттерде бар Теуіп кетсе темірді, жүрген үзіп Қайырмасы: Қазақ жастары, қия баспады Алға бастады, көзімді ашқалы Көзді жұмдағы, биле тұрдағы Қазақ халқынын қыздары, ұлдары
2.Арқа қағып ағалар інім дейді Сәлем берсем жеңгелер күлімдейді Абыз кеуде қарттардын батасын алып Біздің нардай жігіттер сүрінбейді Қайырмасы: Қазақ жастары, қия баспады Алға бастады, көзімді ашқалы Көзді жұмдағы, биле тұрдағы Қазақ халқынын қыздары, ұлдары
3.Қыздары бар дәстүрден жанылмайтын Көлге жүзген аққудай мамырлайтын Бәрімізді біріміз батырым дейік Біз біріксек қамал жоқ алынбайтын Қайырмасы: Қазақ жастары, қия баспады Алға бастады, көзімді ашқалы Көзді жұмдағы, биле тұрдағы Қазақ халқынын қыздары, ұлдары Қайырмасы: Қазақ жастары, қия баспады Алға бастады, көзімді ашқалы Көзді жұмдағы, биле тұрдағы Қазақ халқынын қыздары, ұлдары..
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 117 беттегі «Бақытқа барар жол» әңгімесін өз ойларыменаяқтап келу. Дәптермен жұмыс.
8. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 19.12. 2015 ж № 14
Тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, татулық, мейірімділік
1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы48 беттегі «Не айтатыныңды ойлап ал» үнді аңызын оқып сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді».
Халық мақалы
Ер балаларға бір бөлек, қыз балаларға бір бөлек хормен айтқызу.
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы) Сөйлеу әдептері
Тіл адам баласының көңіліндегі ашу, махаббат, жұмсақтық, қаттылық, оқу, әдеп сияқты алуан түрлі құбылысты көрсетеді. Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын. Біреуге тіл тигізіп, сөз тасып, өсек айтпаңыз. Білмеген нәрсені сөйлеуге кіріспеңіз. Біреудің сөзін бөлмеңіз. Біреу жаңылысса, сөкпей, жаймен түзетіңіз. Өзіңіз қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз. Біреудің сөзін қайталамаңыз. Үлкен кісілермен биязы сөйлесіңіз. Ата – баба, не ұстазыңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз. Біреудің сұрағанына жауап бере алмасаңыз, кешірім өтінсеңіз, айып емес. Түсінбеген сөзді әдеппен қайта сұрап, әңгімелесіңіз. Өзің сөйлегенде ойыңды анық жеткіз. Ант ішіп сөйлеме, ол – өтірікшінің әрекеті. Өзің толық білмеген сөзге таласпа. Болымсыз әңгімемен уақыт өткізбе. Заманға лайық іс қылып, халықтың жайын ойла.
М. Көшімов
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық. Оқушылар екі топқа бөлінеді.Берілген нақыл сөздерді оқып, өздеріңе ұнағандарын таңдап, мағынасын түсіндіріңдер.
1. Ақылдының сөзі – қысқа, айта қалса – нұсқа.
(Халық нақылы)
2.Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.
С. Сараи
3. Көп ойлап жақсы сөйле – нұсқа болсын,
Сұраса – жауабың да қысқа болсын. Ж. Баласағұни
4. Текті сөз текке айтылмас,
Кекті сөз көпке айтылмас. ( Мақал )
6.Топпен ән айту. «Бір ауыз сөз»
Сөзі: Қ. Салықов
Әні: Ш. Әбілтаев
Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,
Бір ауыз айықпас дерт жияды.
Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,
Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.
Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,
Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.
Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,
Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 52 беттегі И. Тоқаштың «Уәдешіл Алтай» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.
8 . Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 23.12. 2015 ж № 15
Тақырыбы: Сөз іспен көрікті
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сөзге беріктік, әдептілік, сыпайылылық
Мақсаты: оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы, ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту.
Міндеттері:
- «Сөз іспен көрікті» деген сөзінің мағынасын ашу;
- Өз сөзімен әрекеттеріне мінез – құлқына баға беру;
1. Алтайдың берген уәдесінде тұра алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
2. Әлібектің досына ренжуі дұрыс па? Неге?
3. Берген уәдеде тұрудың қандай маңызы бар?
Оқушылардың пікірін тыңдау.
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен»
А. Йүгінеки
Ер балаларға бір бөлек, қыз балаларға бір бөлек хормен айтқызу.
Осы нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Өзінің ойына, іс – әрекетіне, айтқан сөзіне берік адам өзін, өзгені сыйлайды және сенімге ие болады.
Ой мен істің бірлігі іс – әрекетте көрінеді. Ізгі ниет, ақ көңілмен берілген сөз – жақсы істің бастауы.
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы) «Сиқырлы сөз» /Орыс әңгімесі/ 1. Қарт Павликтің қандай жүзін көрді? 2. Павлик неге үйден кетемін деді? 3. Қарт Павлике қандай сұрақ қойды? 4. Павлик бұдан кейін қандай бала болады деп ойлайсыңдар? 5. Жақсы сөз естигенде адамдар қандай сезімде болады деп ойлайсыңдар?
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық. /Жақсы сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыру./ 1. Сабаққа кешігіп қалған оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді. 2. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.
3. Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым - қатынасы.
6.Топпен ән айту. «Жас ұлан»
Сөзі мен әнін жазған Ғ. Жандыбаев
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 54 беттегі «Аманат» аңыз әңгімесін оқып келу. Мәтінді өз ойларыңмен жалғастырыңдар. Дәптермен жұмыс.
8 . Соңғы тыныштық сәті.
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылулығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.!!
«Бекітемін»
Мектеп: № 199
Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзiмі: 23.12. 2015 ж № 16
Тақырыбы: Сөз іспен көрікті
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сөзге беріктік, әдептілік, сыпайылылық
Мақсаты: оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы, ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту.
Міндеттері:
- «Сөз іспен көрікті» деген сөзінің мағынасын ашу;
- Өз сөзімен әрекеттеріне мінез – құлқына баға беру;
1. Өз сөзінде тұратын адамда қандай қасиеттер болуы керек?
2. Ханның уәдесі мен жалшының уәдесі арасында айырмашылық бар ма?
Оқушылардың пікірін тыңдау.
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Жүректен шыққан сөз - жүрекке жол табады»
Халық мақалы. Дәйексөзді бір рет ұлдарға, бір рет қыздарға оқытамын. Сосын дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұраймын.
Жақсы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс. Сөйлеу мәдениетінің қандай түрлерін білесіңдер? /әдепті сөйлеу, шешендік сөйлеу, астарлап сөйлеу / Сөйлеуге қатысты әдептіліктің тағы бір түрі – орынды, әділ сөзге тоқтау. Сөз қадірін танып, мойындау да, ірілікті, кісілікті білдіреді.
4.Оқиға айту (мұғалім сыйы)
«Тіл және сөйлеу» видеосын көрсету.
5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Бір апта ішінде өзіңе, өзгелерге берген уәделеріңе талдау жасап, олардың орындалуы жөнінде шағын әңгіме жазыңдар.
6.Топпен ән айту.
Дүние – теңіз тербесін толқын болып,
Тулатқан тіршілікке српін беріп.
Сөзіңде тұр, уәде берсең әр уақытта
Жігіт бол орындайтын сертін берік... .
Халқыңның дәстүрінен өнеге ал,
Айдынға бастайтын ол кеме болар.
Кеуде ұрып өзіңді – өзің дәріптеме,
Жұрт өзі керектісін елеп алар.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 58 беттегі Ә. Хасенованың «Неге ұялды?» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.
8 . Соңғы тыныштық сәті.
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылулығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.!!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: № 199
Мерзiм:27.01.2016 № 19
Тақырып: Адам еңбекпен шыңдалады
Құндылық: Дұрыс іс-әрекет Қасиеттер: Еңбексүйгіштік, жауапкершілік
Сабақ мақсаты: Оқушыларға еңбектің маңыздылығы туралы түсінік бере отырып, дұрыс іс-әрекетті дамыту.
Міндеттері: Оқушыларға барлық адамға еңбектің қажет екендігінұғындыра отырып, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.
Үйге берілген «Еңбек жемісі» атты мәтіні бойынша сұрақтар:
- Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды? - Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді? - Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?
Дәйексөз.
Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.
Л. Н. Толстой
- Еңбектің қандай түрлері бар?
- «Ізгілендіру» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Әңгiмелеу (сұхбат)
Мәтінмен жұмыс «Грек шешені Демосфен»
Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?
Адамдар жетістікке қалай жетеді?
Адам өмірінде еңбектің қандай маңыздылығы бар?
Шығармашылық жұмыс
«Еңбек етсең емерсің» атты тақырыпта эссе жазу.
Топпен ән айту.
«Болайықшы осындай»
Сөзі мен әні: А.Меңжанов
Үй тапсырмасы
Б.Тұрсынбаевтың «Жаңа дүкенде» атты мәтінін оқу.
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».
1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 122 беттегі «Бұл дүниеде не қымбат?» татар ертегісін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру. Ертегі бойынша сұрақтар қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау.
1. Бала әкесінен алған алтынды дұрыс жұмсады ма? Неге?
2. Кейіпкер ата – анасының сенімін ақтады ма? Қалай?
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Адамның өмірде меңгерген білімі мен мақсат – мүддесі жақсылыққа бағытталған болса, оған іс – әрекет арқылы қол жеткізе білсе, ол – ең үлкен жақсылық»
Арситотель
Дәйексөзді бір рет ұлдарға, бір рет қыздарға оқытамын. Сосын дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұраймын.
4.Әңгімелеу (мұғалім сыйы) Бір жұлдызды құтқару (аңыз)
Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?
Аңыз: Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.
-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.
-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.
-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?
Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:
-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе … мына бір теңіз жұлдызы үшін.
Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі.
5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.
«Өмірден үйренерім көп менің» эссе жазу.
6.Топпен ән айту.
«Дос болайық бәріміз!»
Сөзін жазған: Х. Талғаров
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
7. Үй тапсырмасы. «Өзін – өзі тану» пәнінен үйренген құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді адамдармен қарым – қатынаста, үлкендерді құрметтеуде, достарыңмен сыйласуда көрсете біліңдер. Мен сендерге сенемін.
8 . Соңғы тыныштық сәті.
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылулығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.!!
Мектеп: Исатай
Мерзімі: 22.02.14 ж
Тақырыбы: Адалдық пен әділдік
Құндылық: дұрыс іс - әрекет Қасиеттер: турашылдық, әдептілік, сыйластық
Мұғалімі: Доскалиева Ж
Сынып: 5 Оқушы саны: 17
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру, олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
- адами қарым – қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру;
-оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктілік терін дамытуға ықпал ету.
- оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:
Компьютер,оқулық, қосымша материалдар, үнтаспа, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Адал бала (корей ертегісі)
Мазмұнын талдау, дәйексөзді жатқа сұрау
Дәйексөз: дәптерге жаздыру, мағынасын ашу
Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.
Ш. Уалиханов
Әңгімелесу
Адалдық дегенді қалай түсінеміз?
Әділдік дегенді қалай түсінеміз?
Мәтіннен не түйдік?
Мұғалімнен сыйлық
Оқулықпен жұмыс
Ұстаздың шәкірттерін сынау (аңыз әңгіме)
Сен не істер едің? атты әңгімесін талдау.
Мәтін авторлары туралы түсінік беру.
Шығармашылық жұмыс
«Адалдық - адамдықтың белгісі» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
Топпен ән айту
Сөзі: О. Сүттібаевтікі
Әні: Ә. Сүлейменовтікі
Әкем - әнім
Үйге тапсырма
Қаз дауысты Қазыбектің шешімі
Оқып , мазмұнын айтуға дайындалу.
Қорытынды
Д. Әлімжанов
Адалдық өміріңе керек нәре,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін - өзі меңгермесе.
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.