Б?л 2015 - 2016 о?у жылына арнал?ан 6 сыныпты? саба? жоспарлары. Ба?дарламаны? авторлары ?.Байбосынова, А.Райымбергенов, С.Райымбергенова. Б?л жоспарда музыка мен суретті?, музыка мен таби?атты? ?аншалы?ты ты?ыз байланыста екендігін к?рстепі т?рады. О?ушылар?а ?те ?ыз?ылы?ты ?рі мазм?нды етіп жеткізілген. ?стаздарды? ?здеріне де ?те к?п к?мек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың тақырыбы: Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Динаны таныстыру, меңгерту
Дамытушылық: Орындаушылық шеберліктерін дамыту, көркемдік талғамын қалыптастыру
Тәрбиелік: Елін, жерін, Отанын сүюге, қайратты болуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет; тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: компьютер, музыкалық орталық, суреттер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II.Жаңа материалды меңгерту.
Қазақ халқының мәдениетінде сөз бен саз өнері ерекше орынға ие болған. Қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы көшпелі өмір салтын ұстанған. Сол себепті халқымыз көшіп қонуға ыңғайлы киізден, теріден, ағаштан жасалған дүние мүліктер мен түрлі үй бұйымдарын қолданатын болған. Мұндай өмір салты сөз бен саз өнерінің дамуына көп ықпалын тигізді. Ал сәулет өнерінің сақталуын мазарлар мен балбал тастардан көруге болады. Бұл балбал тастар мен мазарлар өмірден өткен ата-бабаларға ескерткіш әрі өткен тарихтың белгісі іспетті. Қазақ халқында сурет салу, сахналық қойылым жасау немесе би билеу өнері жоқтың қасы. Десе де әрбір қазақ домбыра тартып, бір шумақ өлең шығара алатын өнерге ие болған.
Сөз бен саз өнері бірінен – бірі бөлінбес бір тұтас өнер. Сал-серілер қазақ халқының композиторлары атанып, әннің сөзін де, әуенін де өз жанынан шығарып өздері орындаған, сегіз қырлы бір сырлы өнер иелері болған. Ал ақын-жыраулар болса, ел-халыққа өсиет-нақыл айтып, қобыз, домбыра, сырнай аспаптарымен сүйемелдеп тыңдаушыға жеткізе білген. Иә, сөзге аса құрметпен қараған қазақ халқы «Өнер алды қызыл тіл» деп бір ауыз сөзге тоқтаған емес пе?!
ХХ ғасырда сөз бен саз өнерінің дәстүрін жаңа ғасырға жалғастырған қазақтың ұлы тұлғалары ақын Жамбыл мен күйші Дина болды. Жамбыл мен Динаның өмір сүрген кезеңіндегі болған оқиға олардың шығармашылығынан көрініс тапты. 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына арналған Жамбылдың совет жауынгерлерінің рухын көтеріп «Ленинградтық өрендерім» атты жыр жолдары халықтың да еңсесін көтеріп, жігеріне жігер қосты.
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін. ....
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі! –
Жасағамын өмірді
Жау біткенді жеңгелі;
Саудыратып сүйегін,
Топыраққа көмгелі.
Қазақстан жерінен,
Тұтанғандай ел кегі,
Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі,
Нева алабын қорыңдар,
Ленинградтың ерлері,
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі! ....
Ленинград ұл, қызы,
Қайыспаңдар өренім!
Ал Дина болса соғыстағы совет жауынгерлерінің жеңісіне куә болып шаттықпен «Жеңіс» күйін паш етті.
III.Сабақты қортындылау.
Қазақ халқы қандай өмір салтын ұстанған?
Не себепті үй бұйымдары киіз, тері немесе ағаштан жасалған?
Сегіз қырлы, бір сырлы деп кімдерді атаймыз?
Жыр алыбы кім деп ойлайсың?
Не себепті Динаның күйі «Жеңіс» деп аталды?
IV. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
V. Үй тапсырмасы.
1. Жамбыл туралы мәлімет әкелу;
2. Дина Нұрпейісова туралы мәлімет әкелу;
3. «Құлагер» әнін жаттау
Сынып: 6 Сабақ № 2 Мерзімі: _____________
Сабақтың тақырыбы: Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Динаны таныстыру, меңгерту
Дамытушылық: Орындаушылық шеберліктерін дамыту, көркемдік талғамын қалыптастыру
Тәрбиелік: Елін, жерін, Отанын сүюге, қайратты болуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу; карточкалармен жұмыс
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық – топтық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет; тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, компьютер, музыкалық орталық, суреттер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта әр қатарға бір – бір өнер иелері туралы мәлімет әкелуге тапсырдым. Сол бойынша, араларындағы кейбір оқушылардың орындарын ауыстырып отырғызу. Екі топқа алдын – ала дайындалып қойған А4 парақтарын тарату (топтың аты, топ басшысы, топ мүшелері, соларды бағалау) парағы. А3 форматты парақ беру, оған тапсырманы орындау үшін.
1 – тапсырма: Мәтінді оқып шығу
2 – тапсырма: Топта талқылау
3 – тапсырма: Берілген өнер иесін суреттеу, ұқсату, (сурет салу немесе кесте арқылы көрсету)
4 – тапсырма: Жұмыстарын талдау, қорғау
III. Сабақты қортындылау.
Топтар бір – бірлеріне сұрақтар қояды:
Ж.Жабаевтің тағы шығармаларымен таныстың?
Д.Нұрпейісованың өмірінде қандай ауыр жағдайлар болған екен?
IV.Бағалау.
Өзара топ ішінде топ басшысы топ мүшелерінің сабаққа қалай қатысқаны бойынша бағалау
V. Үй тапсырмасы.
«Құлагер» әнін жаттап келу
Сынып: 6 Сабақ № 3 Мерзімі: ______________
Сабақтың тақырыбы: Қайран, Нарын.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Қайран, Нарын атты тақырыбымен таныстыру, меңгерту.
Дамытушылық: Оқкшылардың шығармашылық қабілеттерін, орындаушылық шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Қиындықтарға мойымайтын, өз елін, жерін, Отанын сүйетін азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Жаңа материалды меңгерту.
Қисамединов М. Махамбет.
Қайран елі-жұртым, қалың қазағым деп ет бауыры езіліп, халқы үшін аттан түспей күресте болған Махамбетті білмейтін қазақтың баласы болар ма?! Махамбет - жауынгерлердің рухын көтеріп жыр айтқан жорықты бастар қол басы батыр, хан– сұлтандардан қаймықпай сөз айтқан от ауызды, өткір тілді аруақты жырау.
Қазақты өзге халықтың билігінен құтқару жолындағы Махамбет пен Исатайдың орыс патша әскеріне қарсы жасалған ұлт азаттық көтерілісі көп жағдайда жеңіліске ұшырап отырады. Осындай бір сәтсіз аяқталған күресте Махамбет Исатайдай батыр серігінен айрылып, елден кетіп нағашыларының ауылын паналайды.
Қазақ жерін биліктің астына алған орыс патша әскерімен олардың ескегін есіп, сөзін сөйлеген Баймағамбет сұлтан Махамбеттің соңына түсіп тыныштық бермейді. Махамбет бір күні ел ішінде болатын бір үлкен асқа келеді. Бұл аста Баймағамбет сұлтанмен де жолығудың сәті түседі. Махамбет өзіне тігілген ақ боз үйге түспей тікелей Баймағамбет сұлтанның отырған үйіне келіп кіреді. Батыр көңілді Махамбет сұлтаннан да қаймықпай ашық-жарқын сөйлеп, өзін емін-еркін ұстайды. Баймағамбет сұлтан Махамбеттің мұндай еркінсуін өзін басынғандай сезініп әбден ашуға булығады. Сонда Баймағамбет сұлтан: «Өзің елден қашып-пысып жүріп еркінсіп сөйлеуің не теңің», - дейді. Сонда Махамбет: «Тілім улы жыланның тіліндей екі айыр. Бірі сізге тисе, бірі өзіме тиеді», - деп жауап береді. Истайынан айрылған қам көңілді ер Махамбет дәл осы жерде Баймағамбет сұлтанға арнап жырын төгілте жөнеледі:
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің,
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім...
Сонда Баймағамбет сұлтан: «Осылай айтпаса, ол Махамбет бола ма? Оның айтқанына шыдай алмасам мен Баймағамбет болам ба?», - деп өзінің ісінен де, сөзінен де ұтылғанын мойындайды. Орталарында отырған бидің біреуі Махамбетке риза болып: «Игі жақсылардың алдында аянбай бар өнеріңді ортаға сал. Тарт, көргенің мен білгеніңді», - дейді. Сонда Махамбет «Қайран Нарын» деген күйін төгілте жөнеледі. Жаралы көңіл Махамбет Исатайдан айрылып, елден шет айналып өзінің іштегі ащы зарын күймен шығарған екен.
Жыр мен күй тыңдайық:
Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім» атты толғауын Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауында тыңдап көрелік!
Махамбеттің «Қайран Нарын» аты күйін Қаршыға Ахмедияровтың орындауында тыңдап көрелік!
Біліп ал !
Махамбет Өтемісұлы – (1803-1846) Бөкей ордасы Нарын құмы Бекетай аймағы (қазіргі Бат. Қазақстан обл. Жәнібек ауд) дүниеге келген. Махамбет – ақын, батыр, жырау, күйші. 1836-38 жылдары болған Исатай Тайманұлы бастаған ұлт азаттық көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. 10 жасынан өлең жазған. Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай», «Атадан туған ардақты ер», «Арғымақ сені сақтадым», «Азамат ердің баласы», «Еріскендей ер болса» т.б. шығармаларында халықтың тағдыры мен арман-мұңын жырлаған.
III. Сабақты қортындылау.
Не себепті Баймағамбет сұлтан Махамбетпен қастасады?
Махамбет «Мен, мен едім, мен едім» атты толғауын кімге арнайды?
«Қайран Нарын» атты күйі дүниеге қалай келді?
Махамбеттің қандай толғауларын білесің?
IV. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
VI. Үй тапсырмасы.
Махамбет Өтемісұлы туралы оқып келу;
«Құлагер» әнін жаттау
Сынып: 6 Сабақ № 4 Мерзімі: ______________
Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы жайлы бір толғау
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Құрманғазы жайлы бір толғау атты тақырыбымен таныстыру, меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық шеберліктерін шыңдай түсу
Тәрбиелік: Өз Отанына адал болуға, құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта қандай адаммен таныстық?
Не себепті Баймағамбет сұлтан Махамбетпен қастасады?
Махамбет «Мен, мен едім, мен едім» атты толғауын кімге арнайды?
«Қайран Нарын» атты күйі дүниеге қалай келді?
Махамбеттің қандай толғауларын білесің?
III.Жаңа материалды меңгерту.
Құрманғазы өмірі сан соқпақты тарихтың ащы тағдырымен астасқан арпалыс. Құрманғазы қазақ үшін ұлы күйші, ғаламат қайрат пен жігердің иесі. Құрманғазы бүтін ұлттың ұйтқысы. Құрманғазы аты халықтың жоқшысы ел мұңының жаршысы іспетті. Ол сөйлемеді, ол айтпады, оның домбырасы ел тағдырын сөз етті, халықтың жоғын жоқтап, мұңын айтты. Сол үшін күресті, өмірін арнады. Құрманғазыны халық аңыз етті оны күйшіге, ақынға, батырға балады. Оның ерлігін ақындар жырлады. Ақындардың өлең-толғауларына арқау болған ұлы тұлға өмірі, оның ғаламат күйлері аңыз болып аңқыды. Біз айтқалы отырғанымыз «Құрманғазы» поэмасы. Иә, Құрманғазы жайлы бір толғау.
Қазаққа белгілі ақын Хамит Ерғалиевтің «Құрманғазы» атты поэмасы ұлы күйшінің шығармаларына тіл бітіріп қайта сөйлетті. Қазақ даласын ақ патшаның әскері билеп – төстеуге бел буған уақыт. Құрманғазы ел-халқынын зорлық-зомбылыққа түсерін сезіп, бойын ашу кернеп, қолынан келер дәрмен жоқ, халқының күш-қайратын, намысы мен жігерін домбыраға салды. Мұндай алай-дүлей дауылды күйлердің күшінен сескенген орыс жендеттері, ел ішіне «бүлік салушы» деген айыппен түрмеге жабады. Бір күні Орынбордың генерал-губернаторы Перовский барлық ұлықтарын жиып мерекелік жиын жасайды. Сол жиынға түрмеде жатқан Құрманғазыны да алдыртады. Құрманғазының күшін сынағандай күй тартуға бұйырады. Сонда Құрманғазы қолына домбырасын алып, бір күйді тарта жөнеледі. Ал ақын Хамит Ерғалиев осы тартқан күйді былай деп толғаған екен:
Сөз берді домбыраға жыласын деп,
О да бір торға түскен лашын деп,
Саудаға көздің жасын салатұғын,
Обадай осы да бір рас індет.
«Танып қал, табиғатым, қулығымды!»
Ішінен түйді қазақ бұл ұғымды.
Шалқыта «Балбырауын» күйін тартып,
Шаттыққа душар етті ұлығыңды.
Қадала талай ұлық көп қарады,
Ызғарлы бұған деген леп бар әлі.
Бір ғана бейтаныс жан ынтызардай,
Күйшіні сұқты көзбен жеп барады...
Ақын Құрманғазының күймен айтқан ойын сөзбен жеткізеді. Құрманғазының генерал – губернатор мен ұлықтарының алдында қаймықпай көзіне – көзін қадап қайсарлана түскен жігерін дәл бейнелейді. Сол уақыттағы Перовскийдің халін ақын былайша жырлайды:
Дәл өзі сыры жұмбақ виртуоздың,
«Сен бәлкім бұзықтарды ертіп оздың:
Осынау өнер үшін қуылғансың,
Айтып тұр лапылдаған өртті көздің»
Тоқтатты шырқап барып қазақ күйді.
Ұлықтар бәлкім оны аз-ақ түйді.
Генерал жылы қарап жымиды да,
Бастатты басқаларға азат биді...
Иә, ақын Хамит Ерғалиев осылайша ұлы күйшіні жырға қосты, Құрманғазы күйлерін өлеңмен өрнектеді. Күй мен күйшіні тыңдаушымен тілдестіре алды. Ақынның «Құрманғазы» поэмасы осылай дүниете келді.
Ой түйін!
Күй - белгілі бір ойға құрылған, мазмұндық желісі бар сөз бен саз бірге өрілген ғажайып шығарма.
Күй тыңдайық:
Құрманғазының «Балбырауын» күйін Құрманғазы атындағы
қазақ ұлт аспаптар оркестірінің орындауында тыңдап көрелік.
Ойлан да айт!
Құрманғазы күйлерін тыңдай отырып, қандай ой мен сезімге бөленесің?
Сен күймен тілдесе алар ма едің?
Біліп ал!
Хамит Ерғалиев (1916-1997)-Атырау обл, Махамбет ауд. Аққыстау аулында дүниеге келген. Белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы. 30-ға тарта жыр жинақтарының авторы. Әлемдік әдебиеттегі Д.Байронның, В.Шекспирдің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың т.б. ақындардың озық туындыларын қазақ тіліне аударған. Ақынның шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Осындай еңбектері үшін 1982 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болады. Ақын көптеген ордендер мен медальдардың иегері. Х.Ерғалиевтың «Әке сыры», «Күй дастан», «Құрманғазы», «Жайық жырлары», т.б. көптеген өлеңдер, балладалары мен поэмалары бар.
Білесің бе?
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданындағы, Жиделі аулында дүниеге келген. Қазақтың ұлы күйші-композиторы. Құрманғазының ұстазы Ұзақ дейтін күйші болған. Құрманғазының күйлері өз заманының тарихын бейнелеген. Оның алғашқы күйлерінің бірі «Кішкентай» деп аталады. Ол күйді Исатай мен Махамбет күресіне арнаған. Сол сияқты, «Кісен ашқан», «Ақбай», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Адай», «Сарыарқа», «Төремұрат» сынды күйлері ел арасына кеңінен тараған.
IV. Сабақты қортындылау.
Не себепті Құрманғазының аты аңызға айналды?
Құрманғазыға орыс патшалығы қандай айып тағады?
Хамит Ерғалиевтың «Құрманғазы» атты поэмасында қандай уақиға бейнеленген?
«Балбырауын» күйінен генерал-губернатор қандай әсерде қалады?
Күй қандай шығарма?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
VII. Үй тапсырмасы.
«Құрманғазы жайлы бір толғау» тақырыбын оқып кел.
«Алатау» әнін жаттап келу
Сынып: 6 Сабақ № 5 Сабақтың мерзімі: ____________
Сабақтың тақырыбы: Аңыз болған Құлагер
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Аңыз болған Құлагер тақырыбымен таныстыру, меңгерту
Дамытушылық: Музыкалық біліктерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекі – құралдары: Домбыра, компьютер, музыкалық орталық, суреттер,
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Жаңа материалды меңгерту.
Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық.
Не қою, не болмаса емес сұйық.
Бұтының арасынан ел көшкендей,
Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық.
Шүйделі, щоқтығы өргек, шідерлігі.
Серке сан, желмаядай тілерсегі.
Тау желін тартса жұтқан талыс танау,
Тынысты, кеңде жатыр кеңірдегі.
Жүрсе де жаздай құры, болмайды тоқ.
Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ.
Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ,
Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ, -
деп аты ен қазаққа аңыз болған Құлагер ат ақын Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» атты поэмасына арқау болды. Құлагер ат қазақ халқының еркелетіп төбесіне көтерген Ақан серінің жан серігі еді. Ақан серіні Құлагерден бөліп алып қарау мүмкін емес. Қазақ жерін, елі мен халқын әнімен баурап, қойнына басқан Ақанға жан серігі Құлагерден айрылуы басына түскен ауыр әрі орны толмас қаза болды. Ақанның басына түскен бұл ауыр қайғыны ақын Ілияс Жансүгіров өзінің «Құлагер» атты поэмасында кеңінен толғайды.
Қазақтың дәстүрімен өмірден өткен белгілі адамдарды еске алып, оның дақпыртын тағы бір ел-халыққа таратпақ ниетпен Сағынай деген кісіге үлкен ас беріледі. Осы аста ат бәйгесі де болады. Ат бәйгесіне 1300 тұлпар тіркеледі. Соның ішінде Құлагер де бар. Бірақ Құлагерді алып келген Ақан серінің қас жауы Батыраш байда өзінің Көктұйғын деген атын қоспақ еді. Батыраш бай Ақанның халықтың сүйіспеншілігіне айналған сері аты мен Құлагеріне деген қызғанышын жасыра да алмайды. Батыраш бүкіл байлық, бақ-дәулет, атақ-даңқ, тіпті аттың жүйрігі де менде ғана болу керек деген оймен Құлагерге қастандық жасауды ойлайды. Құлагерін бәйгеге қосып жіберген Ақанның ойында ештеңе жоқ. Ол жиылып қалған халыққа әнін салып мәз-мәйрам болуда. Мыңдаған атты баса озып жалғыз шауып келе жатқан Құлагерді көрген Батыраштың көңілі ашу мен кекке толады. Оның ойында тек қана Құлагерді жеткізбей көзін жою. Иә, Батыраш Құлагерді мерт қылады. Ақан жалғыз серігі Құлагерден айрылады.
Ақын Ілияс Жансүгіров:
Көргенде ол мынадай сұмдық істі.
Үстіне Құлагердің құлап түсті.
Білмеді не болғанын, айрылды естен,
Аймалап Құлагердің басын құшты.
Құлагер қорқырайды қаныменен.
Ақан да шырқырайды жаныменен.
Егіліп, төгіледі Ақан сері,
Зарлаған Құлагердің әніменен...
деп Ақан зар қылады:
Осылай Ақан зарлап жылап жатты.
Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты.
Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,
Айырылды ол, аттан - жақсы, достан - тәтті.
Аспанда күн күйігіп, күйді қатты.
Өкіріп жел мен жер де жылап жатты.
Ереймен бұлақтары көлге жылап,
Серіге көл күрсініп көңіл айтты...
Қазақтың жиылған халқы тіпті тау мен тасы, жері мен көлі, ұшқан құсы да ақынның тілімен Ақан үшін зар қаққандай әсерлі бейнеленеді. Құлагердің қазасы Ақанның әнін туғызбай қоймайды. Ақан Құлагерім деп жоқтау әнін төге жөнеледі. Бұл ән естіген халықтың жанын қайыстырғандай болады. Ел аузында Ақан мен Құлагер ат аңыз болып мәңгіге сақталады. Ақын Ілияс Жансүгіров:
Аты өліп, астан Ақан шаршап қайтты.
Ауылға оның әнін малшы ап қайтты.
Ел-елден Ерейменге жиылған жан,
Еліне «Құлагер» деп ән сап қайтты...
Ән тыңдайық: Ақан серінің «Құлагер» әнінҚайрат Байбосыновтың орындауында тыңдап көрелік!
Ойлан да айт!
«Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдағанда құлақтың тесері бар», -
деген ұлы ақын Абайдың өлең сөздерін қалай түсінесің?
Ақанның «Құлагер» әні жайлы өз ойыңды қалай жеткізер едің?
Біліп ал!
Ілияс Жансүгіров – (1894-1938) Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ілияс жасынан әкесі мен ауыл молдаларынан сауат ашқан. Ол 1928 жылы Мәскеудің журналистика институтын оқып тауысады. Ол алғашында мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Кейін келе көптеген қазақ баспаларында қызмет етеді. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесіледі. Ілияс Жансүгіров нағыз Отаншыл, елі мен жерін шынайы сүйген қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын. Ол өзінің соңында көптеген өлеңдер мен поэмалар, пьессалар мен романдар жазып қалдырды. Әсіресе оның «Күй»,
«Күйші», «Құлагер» поэмаларын халық сүйіп оқиды.
Білесің бе!
Ақан сері – (1843-1913) бұрынғы Көкшетау облысында өмір сүрген. Ақанның шын аты- Ақжігіт Қорамсаұлы. Ол жасынан ауылдың молдасынан, сонан соң Қызылжардағы Уәли молдадан оқыған. Ол Біржан салды ұстаз тұтқан. Халықтың ел еркесіне айналып ол сері атанған. Ол өзінің ізінде көптеген әндер қалдырған. Атап айтсақ, «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Балқадиша», «Қараторғай», «Құлагер» т.б.
III. Сабақты қортындылау.
Ақан серінің Құлагер атын жырға қосқан кім?
Не себепті Батыраш бай Ақан серімен өштеседі?
Ақан сері Құлагер атынан қалай айрылады?
Ілияс Жансүгіров Құлагердің өлімін қалай бейнелейді?
IV.Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
V. Үй тапсырмасы.
1. Ілияс Жансүгіров туралы мәлімет әкелу;
2. «Алатау» әнін жаттау
3. Қазанғап жайлы оқып келу
Сынып: 6 Сабақ № 6 Сабақтың мерзімі: ___________
Сабақтың тақырыбы: Күйге тіл бітірген Қазанғап
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Күйге тіл бітірген Қазанғаппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрістерін дамыту, шыңдау
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекі – құралдары: Домбыра, компьютер, музыкалық орталық, суреттер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ілияс Жансүгіров туралы мәліметті оқыту;
III.Жаңа материалды меңгерту.
Қазанғап өмірін күймен бейнелеп, сазбен сөйлеткен, ойын алысқа бойлатып, тыңдаушысын қиялдың тереңіне жетелей білген қазаққа белгілі күйші-композитор. Қазанғап күйлері сазбен өрнектелген сөз іспетті әңгіме желісімен астасып жатады. Ақын Бәкір Тәжібаев өзінің «Торы аттың кекіл қақпайы» атты толғауында Қазанғаптың күйін былайша жырға қосқан екен:
Торы атым, әлпештеген, пырағым-ау,
Басыңды жолға салдым, шырағым-ау!
Айрылып Балжан қыздан қалғанымда,
Өлмеген күнім құрсын, - шыдадым-ау!
Жолыңнан ұшқан қанша кекілік-ай,
Шұлғысаң желкілдейді кекілің-ай!
Айрылып Балжанымнан қалғаннан соң,
Жүрмін ғой ішім күйіп, өкініп ай!
Қазанғап күйшінің қазақтың сал-серілеріне тән астына мінген Қылыш торы аты болады. Қылыш торы аты көңілі жабырқағанда сырласы, ел аралап ұзақ сапарға аттанғанда жол серігі екен. Қазанғап өзінің Қылыш торы атын мініп ел аралап жүріп Қарақалпақ жеріне келіп түседі. Қарақалпақ елінде қоныстанған Балжан атты қыздың ауылында болып, күй тартыпты. Балжанның әкесі өз заманындағы дәулетті адамдардың бірі болған. Балжанның алдында алты ағасы болса керек. Үйінің ең кенжесі болғандықтан өзі ерке, ақылды да өнерпаз болып өседі. Қазанғап осы үйде қона жатып, күй тартып, үй иелері мен ауыл-аймағын риза етеді. Қазанғап пен Балжан қыз бірін-бірі ұнатып, сөз байласады. Қазанғап бір жылдан кейін келіп құда түсіп, алып кетуге уәде етеді. Қазанғап еліне қайтатын да уақыт таяп, торы атын ерттеп жолға аттанады. Бірақ Қазанғап уәделі уақытында жете алмай арада бірнеше жыл өткеннен кейін келеді. Келіп жетсе Балжан қыздың ұзатылу тойының үстінен түседі. Қазанғаптың келгеніне Балжан қыз қатты қуанып: «Аға, сізді уәделі уақытқа күттім, хабар бермедіңіз, менің бұйрығым басқа елден болды. Енді осы айыбыңызға жылда келіп маған бір күй арнап кетіп жүріңіз», - дейді. Өзінің айыбын мойындаған Қазанғап Балжанның сөзінде тұрып, жылда келіп бір күйін арнап шығарып кетеді екен.
Ал ақын Бәкір Тәжібаев Қазанғаптың Балжан қызға арнап шығарған сыршыл сезімді күйлерін өлең жырларымен былай деп толғайды:
Домбырам – ер басында бұлғақтаған,
Мақпалмен қабын Балжан сырмақтаған.
Ауылына алып баршы сол қалқамның,
Күйімнен таусылмайтын сыр сақтағам!
Жастықтың, талай-талай көрдім сыйын,
Талмай өт ұзақ жолға – жер қиынын!
Саңлағым, баста мені жан – Балжанға,
Жүр екен қандай күйде кермиығым?!!
Қазанғап алыс шалғайда жатқан Қарақалпақ еліне Балжанның ауылына келіп-кетіп жүргенінде өзінің мұңын шағып, жабыққанда сырласы болған жол серігі Қылыш торы атын қасынан тастамайды екен. Сонда Қазанғап Балжан қызды сағынғанда ауылына жеткізетін Қылыш торы атына арнап «Торы аттың кекіл қақпайы» атты күйін шығарады.
Қазанғап Тілепбергенұлы – (1854-1927) қазақтың ұлы күйші-композиторы. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Жастайынан өнерге бейім болып өсе келе Төреш, Орынбай, Құрманияз, Үсен төре сынды атақты күйшілерден дәріс алады. Батыс өңіріне кең тараған алпыс екі Ақжелеңді түгел орындап, өз жанынан да «Ақжелең» атты көптеген күйлерін шығарған. Қазанғаптың «Көкіл», «Құсқайтару», «Домалатпай Ақжелең», «Жұртта қалған», «Кербез Ақжелең» т.б. көптеген күйлері халыққа кеңінен танымал.
Білесің бе?
Бәкір Тәжібаев – (1926-1994) ақын, драматург, әнші, сазгер. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. Ол көптеген новеллалар мен пьессалардың авторы. Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсының либреттосын жазған. Театр сахналарында актер ретінде де танымал болған. Сонымен қатар, көптеген әндер шығарған сазгер. Ақынның «Ақ бұлақ», «Гүлсің-ау», «Аппағым- ау, аппағым» әндері халыққа кеңінен танымал.
IV.Сабақты қортындылау.
Қазанғап Балжан қызбен қалай жолығады?
Не себепті Қазанғап Балжан қызға күй арнайды?
Не себепті Қазанғап астындағы атына арнап күй шығарады?
Бәкір Тәжібаев Қазанғап күйлерін өлеңмен қалай бейнелейді?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
VI. Үй тапсырмасы.
Мұхит сал туралы мәлімет әкелу
Қазанғап жайлы оқып келу
«Ұстазым» әнін жаттау
Сынып: 6 Сабақ № 7 Сабақтың мерзімі: _____________
Сабақтың тақырыбы: Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит салмен таныстыру
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, алдарынан кесіп өтпеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық – топтық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекі – құралдары: Домбыра, компьютер, музыкалық орталық, сурет
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
4. Оқушыларды топтарға бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1 – тапсырма: 1 – топқа – Қазанғапты бейнелеу (А3 форматта ақ қағазға сурет салу немесе жазып, кестелеп көрсету)
2 – топқа – Қазанғапты ұқсату (А3 форматта ақ қағазға сурет салу немесе жазып, кестелеп көрсету)
III.Жаңа материалды меңгерту.
2 – тапсырма: Екі топқа да әртүрлі мәтіндер беріледі, соларды оқып шығу
Мәтін: 1 – топ
Атақты Мұхит салдың «Үлкен
айдай» әнін тыңдағанда қазақтың
белгілі ақыны Қадыр Мырзалиевтің
өлең жолдары еріксіз ойға
оралады. Ақын өзінің «Мұхит»
атты өлеңінде әншінің асқақ
дауысын былайша толғаған екен:
Сақараның сазгері ол бір ақын,
Жер түбінен қолпаштап алдыратын.
Мына қырдан ән салса ана қырдың,
Құлағының құрышын қандыратын.
Шалқан шабыт құдайдан жасқанды ма?
Өтті дәурен, қызықтар бастан мына.
Көкжиекті итеріп төтен даусы,
Ысыратын әрірек аспанды да.
Қадыр Мырзалиев осы «Үлкен айдай» әннің құдіретін асқақтатып өзінің жыр жолдарын арнаған екен.
Өткізсе егер думансыз бір түн ақын,
Айдынына көңілдің жұрт тынатын.
Әнін салса Мұхитың, салмақ болса,
Біреулердің көмейі жыртылатын.
Таныс дауыс, даланың киігіне,
Күйік қосар іштегі күйігіне.
Мұхит қана салады Мұхит әнін,
Шырқауына жеткізіп, биігіне...
Мәтін: 2 – топ: Үлкен жәрменкелер мен той-думандарға қатысып ән салып, атағы елге ерте тарап кеткен дүлділ әнші Мералыұлы Мұхит. Мұхит 19 ғасырда қазіргі Орал облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Мұхиттың кең ауқымды, күрделі де асқақ әндерінің дүниеге келуі, сол кездегі Бөкей ордасында қалыптасқан дауылды күйшілік дәстүрдің әсері екені сөзсіз. Мұхиттің «Паң көйлек», «Зәуреш», «Айнамкөз» сынды көптеген әндері елге танымал.
Атақты әнші-композитор Мұхит атағы шыққан ақын Бала Ораз туралы көп естиді. Оның әндерін тыңдап өзін көруге құмартып жүреді. Мұхит Бала Оразды арнайы іздеп барады. Мұхитты Бала Ораздың ауылы үлкен сый-құрметпен қарсы алады.
Мұхит ұзақ уақыт Бала Оразға еріп жүріп оның айтқан әңгімелерін тыңдап, өлеңін жаттайды. Ол Бала Ораздың шығарған айтыстары мен көптеген өлеңдерін әнге қосып айтып жүреді. Мұхиттың Бала Оразбен қоштасар сәті де келеді.
Сонда Мұхит: “Ораз аға, мен сіздің үлкен ағалық құрметіңізге ризашылығымды білдіріп, үлкен өнеріңізге тәнті болып, сізге арнап бір ән шығарып едім. Сол әннің атын “Үлкен Ораз” қойдым”, - деп өзінің Бала Оразға арнаған әнін айтып береді. Сонда әнді тыңдап бола берген Бала Ораз: “Қарағым, Мұхит, рахмет. Мені жастайымнан ел еркелетіп Бала Ораз деп атап кетіп еді. Ал өзің болсаң менің өнерімді “Үлкен айдай” деп халыққа таратып жүрерсің”, - деп батасын беріп шығарып салады. Содан бастап бұл ән ел арасында “Үлкен Ораз” немесе “Үлкен айдай” болып таралып кетеді”.
3 – тапсырма: Екі топ та өзара мәтіндерді талдау
4 – тапсырма: Екі топ та мәтіннің мазмұнын ашу; (А3 форматта ақ қағазға сурет салу немесе жазып, кестелеп көрсету)
5 – тапсырма: Жасаған жұмыстарын тақтаға шығып талдау
Қосымша мәлімет:
Қадыр Мырзалиев – ақын (05.01.1935) Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты аулында дүниеге келген. 40 астам жыр жинақтарының авторы. Қадыр Мырзалиевтің 200 – дей өлеңіне ән жазылған. Драматургияда Алдаркөсе туралы «Сақалдың саудасы» сатиралық комедия мен Махамбеттің соңғы күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» драмасын жазды. Ақынның шығармалары көптеген басқа халықтардың тілдерінде жарыққа шыққан. Балаларға арналған жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегілері мен балладалары кеңінен танымал.
IV.Сабақты қортындылау.
Мұхит деген кім екен?
Мұхит кімнен бата алады?
Не себепті Мұхиттың әні «Үлкен айдай» болып аталып кетеді?
Ақын Қадыр Мырзалиев Мұхит өнерін қалайша жырға қосады?
V. Бағалау.
Өз – өздерін бағалау. Топ басшысының бағалауы
VII. Үй тапсырмасы.
«Ұстазым» әнін жаттау
Қадыр Мырзалиев туралы мәлімет әкелу
Сабақ №8 Сынып: 6 Сабақтың мерзімі: _____________
Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті»
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Күйдің құдіретімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және музыкалық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Музыка арқылы, күй тыңдау арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, суреттер көрсету, күй тыңдау
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: сурет, тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: суреттер, домбыра, компьютер, музыкалық орталық
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұхит деген кім?
Мұхит кімнен бата алады?
Не себепті Мұхиттың әні «Үлкен айдай» болып аталып кетеді?
Қадыр Мырзалиев деген кім?
Ақын Қадыр Мырзалиев Мұхит өнерін қалайша жырға қосады?
III.Жаңа материалды меңгерту.
Адам бойындағы жан сезімі бірде сөзбен, бірде сазбен үндесіп тіл қатады.(«Абыл» күйінің суреттері тақтада ілініп тұрады). Алпыс екі тамырыңды иітер күй құдіретінің тереңіне бойлап өлеңмен толғаған ақын Әбділда Тәжібаев қазақтың әйгілі күйші-композиторы Абылдың күйін тыңдап:
Барады тартқан сайын омыраулап
Тұтқынның жүрегінің оты лаулап.
Жайлауын түркпеннің кетті кернеп,
Толқынды бір ғажайып үн сорғалап... -
деп жыр жолдарын жалғай түседі. Иә, Жаугершілік заман. Бір кезекті жорықта көп жауынгердің ішінде күйші Абыл да түрікпендердің қолына түсіп қалады. Оның атақты күйші Абыл екенін кім білсін. Түрікпеннің бір би ағасы өзінің әшекейлі домбырасын алдыртып, араларында отырған біріне домбыра тартуын сұрайды. Әдемі күй домбыраның ішегі үзіліп тоқтап қалады. Қайта күйге келтірмек болғанда тұтқындардың арасынан бір қазақ тұрып: «Домбыраны маған беріңіз. Күйін мен келтірейін», - дейді. Барлығы тына қалып, қолындағы кісенін шешіп, домбыраны әлгі қазаққа ұсынады. Қолы босаған бойда домбыраны қолға алып тарта бастайды. Алғаш домбыраны қағып бастағаннан-ақ тыңдап отырған дүйім халықты ұйытып ала жөнеледі. Сол кезде Түрікпеннің би ағасы «Сен қазақтың күйшісі Абыл ма едің?», - дейді. Сонда Абыл: «Болсақ болармыз», - деп күйін тарта береді. Абылдың күйіне абден ұйыған халық бір-бірімен қастасу емес, достасудың, жауласу емес, елдесудің сөзін сөйлейді. Қазақ пен түрікпен бір-бірімен қауышып, төс қағыстырып бір бітімге келеді. Сөйтіп, күйдің ғажайып құдіреті адамның жан сезімін тербеп, бір-біріне деген құрметі мен адамгершілік қадір-қасиетін биікке көтерген екен. Абылдың күйіне тек тыңдаушы халық емес тіпті табиғат, жан-жануардың өзі елтіп бір ғажайып сезімге бөленеді. Ал, ақын Әбділда Тәжібаев өзінің «Абыл» деген поэмасында осындай күй құдіретін өзінің жыр жолдарымен:
Кіре алмай ұясына күн байланды.
Шұғыласы домбыраны шыр айналды.
Балқытқан ұясынан көтеріп бас,
Айда ерте күндегіден шыға қалды.
Жер дағы жер бауырлап шөгіп алды.
Күбірлеп күймен бірге демін алды,...
Теңіз де толқынданбай тына қалды.
Жәй ғана желден бір сөз сұрап алды.
Айдында айдай жүзген жалғыз аққу,
Сұңқылдап шыдай алмай жылап алды.
Аруана қысыр қалған о да ыңыранды.
Күрсінді, еміренді, шыдамады,
Желінін тастай қатқан уыз кернеп,
Бауырынан жануардың сүт парлайды.
Жолбарыс атылуға жатқан дайын.
Жылтылдап қос шырағы жұлдыздайын.
Иреңдеп бауырын төсеп ыңырсиды,
Шымырлап жанына күй батқан сайын...
Күй тыңдайық:
Шәміл Әбілтаевтың орындауында
Абылдың «Абыл» атты күйін тыңдап көрелік!
Қысқаша мәлімет беру:
Абыл – (1820-1892) – күйші-композитор. Маңғыстау аймағы, Оймауыт-Желтау мекенінде дүниеге келген. Абыл Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Жасынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді ұстаз тұтқан. Абыл көптеген күйлер шығарып артына мол мұра қалдырған. Оның: «Абыл», «Ақжелең», «Нар ату», «Ақсақ құлан» т.б. күйлері сақталған. Абылдың Есбай, Өскенбай, Құлшар, Есір т.б. шәкірттері күйшілік өнерін жалғастырған.
Әбділда Тәжібаев – (1909-1998) ақын, драматург, ғалым. Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы атағына ие болған. 1933 жылдан бастап ақынның шығармалары жинақ болып жарыққа шыға бастаған. Ақынның “Оркестр», «Абыл», «Күй атасы» т.б. көптеген поэмалары бар. Көптеген шығармалары шет ел халықтарының тілдеріне аударылған. Әбділда Тәжібаевтың сценарийі бойынша 1954 жылы «Жамбыл» кинофильмі түсірілген. Атақты орыс жазушылары А.С.Пушкиннің, Т.Г.Шевченконың, А.Н.Островскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
IV.Сабақты қортындылау.
Әбділдә Тәжібаев деген кім екен?
Абыл деген кім?
Түрікпендер күйші Абылды қалай таниды?
Не себепті түрікпен мен қазақтар бір бітімге келеді?
Ақын Әбділдә Тәжібаев Абылдың күйін өлеңмен қалай бейнелейді?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді түрде қатысқан оқушыларды бағалаймын.
VI. Үй тапсырмасы.
Абыл туралы толық мәлімет әкелу;
Әбділдә Тәжібаев туралы мәлімет әкелу;
Жұмекен Нәжімеденов туралы мәлімет әкелу;
Тәттімбет туралы мәлімет әкелу.
Сабақ №9 Сынып: 6 Сабақтың мерзімі: _____________
Сабақтың тақырыбы: Сары даланы сазбен тербеткен Тәттімбет
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Сары даланы сазбен тербеткен Тәттімбетпен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық – топтық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекі – құралдары: компьютер; музыкалық орталық; суреттер; карточкалар;
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
4. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Абыл туралы мәлімет;
Әбділдә Тәжібаев туралы мәлімет;
III.Жаңа материалды меңгерту.
Оқушыларды топқа бөлемін. Әр топтың басшысын тағайындап, топ атауларын қою. Әр топқа мәліметтері бар карточкалар таратамын, бір – бір А3 бет таратамын, тапсырманы түсіндіремін.
Тапсырма: Карточкадағы мәліметті оқып шығып, өзара талқылау. Бір – біріне түсіндіру. Келесі топқа түсінікті болу үшін суретпен немесе кестемен көрсету. Кейін тақтаға шығып әр топқа берілген мәліметтерді топтарға түсінікті етіп жеткізу.
I – топ: Тәттімбеттің атағы бүкіл қазақ халқына жайылған кез болатын. Ол ел аралап алыс сапарларда көп жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып қайтып келе жатқан сапарында бір ауылда айтысып жатқан екі ақынның үстінен түседі. Сонда ақынның бірі тұрып: «Бұл дүниеде не өлмейді» дегенде, екіншісі: «өлмейтін тау, су, ай, күн, жер»,-дейді. Екінші ақынның жауабына риза болмаған Тәттімбет сөз сұрайды. Сонда Тәттімбет: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», - деген екен. Айтысып отырған ақынның екеуі бірдей тұрып Тәттімбеттің қолын алады. Екі ақын келген жолаушының Тәттімбет екенін білгеннен кейін біраз аялдап қонақ болып кетуін сұрайды. Сонда Тәттімбет: «Елден ұзап шыққаныма көп болып еді. Елім мен жерімді аңсап сағынып келем. Мені жолымнан қалдырмаңыздар», - деп рұқсат сұрап көп аялдамай жол жүріп кетеді. Тәттімбет көп кідірмей өз еліне де жетеді. Бір төбенің басына шығып, қолына домбырасын алып өзінің Малайсары жайлауына арнап күй шығарады. Ол күй «Сарыжайлау» деген атпен ел арасына таралып кетеді. Ақын Жұмекен Нәжімеденов өзінің «Сарыжайлау» атты өлеңінде күйді сөзбен өрнектеп, жыр жолдарын жалғай түседі:
Жайлау – сары, жалқын гүлі,
Сары даламен сыңсып ақты.
Көлеңкенің салқындығы,
Жылылығы күншуақтың;
Жапырақтың сарғайғаны,
Күзгі құстың сайрағаны
Жылқышы әні шалғайдағы,
Үйде қазан қайнағаны,
Қосылды да бәрі,бәрі,
Исі, түсі күйге сіңген,
Жыр жолы да ағылады,
Күй секілді үйлесіммен...
II – топ: Қазақтың кең даласы, жазық жайлауы талай ақындар мен сал-серілерге, әншілер мен күйшілерге ән болып ағылып, жыр болып төгілген. Сары арқа, Сары жайлау, Сары дала деп туған жер мен атамекенге теңеу айтып толғаумен болған. Ақын Жұмекен Нәжімеденов шертпе күйдің шебері атақты Тәттімбет күйшінің «Сарыжайлау» күйін тыңдап отырып жыр жолдарын төгілте жөнеледі:
Күй сөйледі – тынды бәрі,
Соқты теңіз көлкіп жарға.
Жапырақтың сыбдырлары,
Араласты толқындарға.
Жата кетті бар дүние,
Иегін сүйеп домбыраға...
Иә, күй сазын ақын сұлу сөзбен өрнектейді. Сары даланы сазбен тербеген Тәттімбеттің күйі шертілгенде жер дүние, тіршілік тына қалып күйшіні тыңдағандай әсер қалдырады.
Күй тыңдайық:
Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестірінің орындауында
Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйін тыңдап көрелік!
Ойлан да айт!
Қалай ойлайсың, қазақтар неліктен «сары дала» немесе «сары арқа» деп жерге атау берген?
Қысқаша мәлімет:
Тәттімбет Қазанғапұлы – (1815-1862) күйші-композитор. Қарағанды облысы, Егінді бұлақ ауданында дүниеге келген. Арқа өңіріндегі шертпе күй мектебінің негізін қалаушы. Алғашқы домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйренеді. Анасы Ақбөпе де өнерге жастайынан баулып өсіреді. Тәттімбеттің 40-тан астам күйлері бар. «Қосбасар», «Сары жайлау», «Көкейкесті», «Сылқылдақ», «Бес төре» т.б. көптеген күйлері ел арасына кеңінен таралған.
Жұмекен Нәжімеденов – (1935-1983) ақын. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ аулында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылдан бастап жарық көре бастаған. Көптеген өлең, поэма, роман, повестердің авторы. Шығармалары шет ел халықтарының тілдеріне аударылған. Ақынның «Сарыарқа», «Сарыжайлау», «Қызыл қайың» сынды өлеңдері, Дәулеткерей, Құрманғазы, Дина сынды күйші-композиторлардың шығармаларына арналған «Күй кітабы» атты өлеңдер жинағы бар.
IV.Сабақты қортындылау.
Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйі дүниеге қалай келді?
Тәттімбеттің басқа да қандай күйлерін білесің?
Не себепті Тәттімбеттің күйі «Сарыжайлау» деген атпен танымал болды?
Ақын Ж.Нәжімеденов Тәтімбеттің «Сарыжайлау» күйін қалайша өлең жолдарымен өрнектейді?
V. Бағалау.
Топ арасында оқушылар өздерін бағалайды
VI. Үй тапсырмасы.
«Сары даланы сазбен тербеткен» тақырыбын оқып кел.
Домбырада «Құс қайтару» күйінің соңғы буынын жатта.
Сынып: 6 Сабақ №1 Сабақтың мерзімі: ____________
Сабақтың тақырыбы: Таңбалы тастар сыр шертеді
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Таңбалы тастар сыр шертеді тақырыбымен таныстыру, меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардың көркемдік талғамдарын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: сурет
Сабақтың көрнекі – құралдары: суреттер, компьютер, музыкалық орталық
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Жаңа материалды меңгерту.
Бапановтар. Саяхаттау. Гобелен.
Сонау ғасырлар қойнауынан жеткен өнердің ең көне түрі таңбалы тастардағы бейнелер. Ерте замандардағы аңшылар таңбалы тасқа арқар мен бұқаның, аттар мен құландардың, көптеген бұғылар мен түйе малын бейнелеген. Уақыт пен заман өте келе суретшілер ғұрыптық билердің қимылын, қолдарына түрлі қару ұстанған аңшылар мен жауынгерлердің шайқасын, ат үстіне, түйе мен бұқаға мінген жасақшылардың бейнесі мен күн басты құдайларды таңбалы тасқа қашап кеткен.
Таңбалы тастағы суреттерді әуелде таспен, кейін келе темірден жасалған арнайы құралдармен салатын болған. Таңбалы тастардағы бейнелер жай ғана сурет емес. Ол адамдар үшін қасиетті, киелі саналған аңдар мен жануарлардың, өмірдің ғажайып құбылысы мен оның құрылымын бейнелейтін көріністер. Ежелгі өнер саналатын таңбалы тастардағы бейнелер, аңыз-күйлер, әдет-ғұрыптар – ғасырдан ғасырға жалғасып, бүгінгі күнге төл мәдени мұрамыз болып бізге жетті. Бүгінгі таңда таңбалы тастардағы бейнелері бар таулар қасиетті де киелі саналады.
Ғасырлар өте келе музыка, поэзия, сурет және сәулет өнері әр қайсысы дараланып жеке өнер түріне айналды. Ал қазіргі заман суретшілері ежелгі туындылардың терең сырын түсінуге талпынып, олардың сюжеттік желісін қайта ой елегінен өткізуде.
Суретші Сәуле және Әлібай Бапановтар таңбалы тастағы түйе бейнесін қазіргі замандық гобелендерінде өте ұтымды пайдалана білді. Түйе – көшпелі өмір салтының символы іспетті. Сол себепті суретшілер өмірдің үш жолын әр түрлі бояумен бейнелейді. Олар: сары – көшпелілердің көне жолы, көк - өмір ағымы, жасыл – адамдардың өмір жолы. Ал түйенің өзі болса, көк пен жерді немесе өткен мен бүгінді қосып тұрған алып тау секілді. Гобеленге салған Әлібай мен Сәуле Бапановтардың бұл суреті жаңа мазмұнға ие болды.
Қасиетті Қаратаудан шыққан атақты Сүгір күйші де киелі саналатын түйе малын өзінің күйлері арқылы бейнеледі. Түйе образы ежелгі замандардан көптеген күйлерге арқау болды. Мәңгілік өмір іздеп шар тарапты айналған Қорқыттың «Желмаясы», ботасын іздеп боздаған «Нар идірген» сынды көне аңыз күйлер Сүгірдің «Боз інгеннің бүлкілі» атты күйінің туындауына себеп болғандай. Сүгірдің бұл күйін тыңдап отырып оның ырғағынан түйенің желісін, ал әуені болса оның жұмсақ та байыпты жүрісін көз алдыңа елестеткендей әсер қалдырады. Күй түйенің жүрісін ғана бейнелеп қоймай, көңілдің мұңы мен шерін де толғағандай.
Біздер өнердің үш түрін – таңбалы тастардағы бейнелер, гобеленге салған суреттер және күй жайлы әңгіме қозғадық. Тарихи кезеңдерге қарамастан ғасырдан ғасырға жалғасып жатқан көркемдік образдар мен тақырыптар бүгінгі күнде де өз жалғасын тауып келе жатыр.
Әлібай (1953) және Сәуле (1956) Бапановтар Қызыл-Орда облысында дүниеге келген. Суретшілердің шығармашылығындағы басты бағыт гобелен өнері. Олар өз жұмысында сан ғасырлық қазақ халқының дәстүріндегі алаша тоқу өнерін негізге алды. Ә және С Бапановтардың гобелендері тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де кеңінен танымал болды. Бапановтардың көптеген туындылары Қазақстанның және Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Польша, Франция мұражайларында да орын алған.
Білесін бе?
Қазақстанның аймағында 140-қа тарта таңбалы тастардағы бейнелер сақталған. ХІХ ғасырда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда ең ірі таңбалы тастар табылды. Ал, ХХ ғасырдың орта тұсында Шығыс Қазақстан мен Қаратау және Тарбағатай тауларында таңбалы тастардағы бейнелермен толыға түсті. Бүгінгі таңда республика бойынша Ертіс, Балхаш бойларындағы және Маңғыстау мен Ұлытауда табылған көне мәдениет ескерткіштерін ғалымдар зерттеу үстінде.
Түсініп ал! Гобелен- жібек жіптерден немесе жүннен тоқып жасалған кілем түрі.
III. Сабақты қортындылау.
Қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде түйе малы қандай қызмет атқарды?
Аңшылар ертедегі таңбалы таста нені бейнелеген?
Суретші Бапановтардың гобеленіндегі суреттер қандай мазмұнды береді?
Түйе малына арналған қандай күй аңыздарын білесің? Қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде түйе малы қандай қызмет атқарды?
Аңшылар ертедегі таңбалы таста нені бейнелеген?
Суретші Бапановтардың гобеленіндегі суреттер қандай мазмұнды береді?
Түйе малына арналған қандай күй аңыздарын білесің?
IV. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
V.Үй тапсырмасы.
«Таңбалы тастар сыр шертеді» тақырыбын оқып кел.
Cынып: 6 Сабақ № 2 Мерзімі: ________________ Сабақтың тақырыбы: Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесімен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың шеберліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды қиындықтан қашпай соңына дейін күресуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Таңбалы тастар сыр шертеді» атты тақырыпты оқып, әкелген мәліметтерді тексеру
«Жайлаукөл кештері» әнін жатқа орындау
III.Жаңа материалды меңгерту.
Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Көрұғлы, Қарасай сынды қазақ батырларының есімдері ғасырлар бойы ұлттың мақтанышы болып ел есінде сақталуда. Неліктен дейсің ғой?! Қазақ батырлары мыңдаған жылдар бойы ұлан - байтақ туған ата мекенімізді жаудан қорғап, халықтың жауынгерлік рухын асқақтатты
Батырлардың ерлігін мадақтап жырлаған қазақ жыраулары болды. Қазақ жыраулары батырлармен бірге жауға аттанып олардың рухын көтеріп жыр айтты. Батырлардың ерлігін баяндау қазақ өнерінің барлық саласынан көрініс тапты. Дегенмен, музыка және сурет өнерінде батырлар бейнесін сомдауда өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Күйші өзінің күйіне батырдың бүкіл болмыс-бітімін 2-3 минуттан тұратын шығармасына сыйғыза білді. Ал, суретшілер болса өзінің бір ғана суретінде батырдың ер жүрек келбетін бейнелей алды. Бұл өнер түрлері бір ғана көркемдік бейнені сомдай отыра, әр түрлі қырынан аша түсті.
Дәулеткерей «Көрұғлы» атты күйінде батырдың өжет әрі қайсар мінезін бейнелегендей әсер қалдырады. Күйді тыңдай отыра ер жүрек батырдың рухын, намысы мен жігерін көруге болады.
Ал, «Қарасай» күйін тыңдағанда қан майдандағы ұлы шайқас көз алдыңа келгендей әсерде боласың. Күйде батырдың өзі емес, оның жаумен күресі көбірек бейнеленген. Бұл шығарма шайқас үстіндегі талас-тартыс, біріне –бірі беріспей жатқан күрес, аттың дүбірі мен қиян-кескі қырғын жанталас сияқты көңіл-күйді білдіреді.
Батырлар бейнесі Евгений Сидоркиннің шығармашылығында кеңінен орын алған. Суретші эпостық жырлардағы батырлардың бейнесін сомдайды. Е.Сидоркин өзінің суреттерінде батырлардың жаумен щайқасы, аттың шабысы, үркіп ұшқан құстарды бейнелей келе, асқан жауынгерлік рухты көрсете білді. Барлық образдар қимыл үстінде болғанымен, бір сәтке тына қалғандай әсер қалдырады.
Сидоркин Е. Жекпе-жек
Суретшінің мұндай нәтижеге жетуі оның гравюра техникасын шеберлікпен қолдана білуінде. Ең басты гравюрада батырдың образы сомдалады. Суретші батырлар мен жауынгерлердің шайқас алдындағы көңіл-күйі мен ішкі жан тебіренісін, оның қимыл-қозғалысын бейнелеуге талпынады.
Күйді тыңдасаң да, суретті көріп тамашаласаң да нақты бір көркемдік бейнені көресің. Күйде аттың шабысын көбірек тыңдасаң, суретте жауға қарсы кұстай ұшуға даяр тұрған сақадай сай сәйгүлік аттарды көресің. Иә, қазақ батырларының бейнесін сомдаған музыка және суреттегі қимыл-қозғалыс бір сәтке тына қалып, өткен мен бүгінді жалғастырар мәңгілік ескерткіш іспетті болмақ!
Евгений Сидоркин (1930-1982) — график-суретші. Қазақстанның халық суретшісі атағына ие болған. Суретшінің басты бағытылитография және линогравюра. Е. Сидоркиннің көптеген жұмыстары кітаптарды суретпен безендіруге арналған. Суреттерінің тақырыбы: «Қазақ халық ертегілері», «Көңілді алдампаздар», «Қазақ эпосы», «Қазақ халық ойындары», «Сәкен Сейфулинді оқығанда», «Абай жолы» т.б.
Е. Сидоркиннің жұмысы қазақ халқының арасында кеңінен танымал болды. Себебі, Сидоркин еңбектері ұлттық нақышқа толы. Е. Сидоркиннің гравюралары техника жағынан қазақ текеметтері мен сырмақтарында падаланатын ақ және қара түстерді қолдануымен ерекшеленеді.
Е.Сидоркиннің көптеген суреттері Мәскеу, Лейпциг, Краков, Венеция, Будапешт сынды қалалардағы халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
Түсініп ал!
Графика – тушьпен немесе қарындашпен салған сурет өнерінің түрі.Суретті салуда 1 немесе 2 ғана түсті қолданады.
Гравюра – графиканың бір түрі. Сурет кескінін ағаш, линолиум, тас немесе металдан ойып оны қағазға басып
салу арқылы жасалатын сурет түрі.
Литография – үгітілмелі жұмсаз тасқа сурет кескінін қашап салып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
Линогравюра – линолиумде сурет кескінін ойып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
V.Сабақты қортындылау.
Таңбалы тастардағы суреттерді графика түріне жатқызуға бола ма?
Күйші батырлар бейнесін өз шығармаларында қалай бейнелейді?
Әдебиеттегі батырлар есімін білесің бе?
VI. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны бағалау
VII. Үй тапсырмасы.
«Жайлау көл кештері» жаттау.
Сөздік жаттау
Cынып: 6 Сабақ № 3 Мерзімі: _______________ Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат көрінісі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Музыкадағы табиғат көрінісі деген тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін шыңдау
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: география
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, муызкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (оқу – құралдарының барлығын)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жайлау көл кештері» жатқа орындау
Сөздікті жатқа сұрау
III.Жаңа материалды меңгерту.
Қазақ халқы үшін адам өмірі табиғаттан бөлінбей біте қайнасып жатқандай! Көшпелі халықтардың өмір тіршілігі табиғаттың түрлі құбылыстарына байланысты болған. Адамдар тіршілік ету үшін табиғаттың барлық тосын құбылысына дайын болу керек еді. Мысалы, жазғы құрғақшылық пен аптаған ыстық, жаңбырлы күз бен қарлы да боранды қатал қыс т.б. Иә, қазақ халқы жазын жайлауда, қысын қыстауда өткізіп, табиғатпен тілдесе отыра, сұлулығын тамашалап оның рахаты мен ләззәтіне бөлене білген.
Қазақтың көптеген күйші-композиторлары табиғатты музыка тілі арқылы бейнелейді. Күйді тыңдай отыра табиғатқа жан біткендей әсерде қаласың. Табиғаттың ұлылығы мен күш-қайраты, бірде жадырап, бірде тұнжырап мұңая қалуы сияқты көңіл-күйін композиторлар күй арқылы көрсете біледі. Құрманғазының «Алатау» күйінде аспан мен жерді байланыстырып тұрған алып таудың салмақты да өр мінезі бейнеленген. Ал, «Сарыарқа» күйінде мыңдаған аттың дүбірінен елес беретін қазақтың кең байтақ сары даласын суреттейді. Күй тыңдаушыға күш-қайрат пен жігер бергендей. Боғданың «Жем суының тасқыны» атты күйінде Жем өзенінің бұйра толқындары мен иірімдерін көз алдыңа елестеткендей. «Өмір өзен» деп ақындар өлең арқылы суреттесе, композитор адам өмірі мен қилы тағдырын күймен бейнелегендей. Сүгірдің «Қаратау шертпесі» атты күйін тыңдай отыра, күйшімен бірге өткінші өмір жайлы ой толғайсың. Ал Мағауия Хамзин өзінің «Жайлау» атты күйі арқылы сұлу табиғат пен көк шалғынды суреттегендей. Күй тыңдаушыға қуаныш пен шаттықты сыйлағандай көңіл-күйді сездіреді.
Әлемнің және қоршаған ортаның сұлулығын жасау бейнелеу өнерінде ең басты тақырыпқа айналыр отыр. Қазақстанның қыл қалам шеберлері музыкалық мәдениеттің дәстүріне сүйене отыра, пейзаж, табиғаттың суреті арқылы адамның ішкі жан сезімін бейнелейді
Әбілхан Қастеевтың «Қарлы Алатау» атты суретінде таудағы қыстың бір күнін көреміз. Қарға оранған тау шыңдары күн сәулесімен шағылысып жатқандай. Пейзаждың ерекшелігіне назар салайық! Суретшімен бірге біздерде тау шатқалына мініп, табиғаттың ғажайып сұлулығын тамашалағандаймыз. Көз алдымызда аспанмен тірескен тау шыңдары, тамылжыған табиғат, шексіз кеңістік тұрғандай. Тек қана таудың арасынан бір уыс қызыл –сары шөп тіршіліктен елес бергендей. Ә.Қастеевтің бұл суреті адамға «Жадыраған жаз келіп, табиғат тіріліп, өмір қайта оралады» дегендей ой салады.
Әбілхан Қастеевтің бірнеше жылдардан кейін таудағы жазғы жайлауды бейнелеген суреті дүниеге келеді. Біз тағы да суретшімен бірге тау басына шығып, жазғы табиғаттың сұлулығын көре аламыз. Көз алдымызда бірнеше километрге созылып жатқан кең дала. Иіріліп аққан өзен, жайқалып жатқан кең жайлау, жайылып жүрген жылқылар мен жалғыз киіз үй алып тауға арқа сүйегендей жайдары қалпы. Ал, Алатаудың қарлы шыңдары тіпті жаз келсе де еритін емес. Әбілхан Қастеевтің бұл пейзажында адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігі табиғатпен біте қайнасып жатқандай.
Күйші Құрманғазы мен суретші Ә.Қастеев әр дәуірде өмір сүрген. Олар өз шығармалары арқылы таудың әсем табиғатын суреттейді. Күйші музыка тілімен бейнелесе, суретші ғажайып пейзажы арқылы жеткізе білген.
Күй тыңдайық:
Құрманғазы ат. халық ұлт аспаптар оркестірінің орындауында Құрманғазының күйі «Алатау».
Біліп ал!
Әбілхан Қастеев (1904-1973) - кәсіби сурет өнеріне өмірін арнаған қазақтан шыққан алғашқы суретші. Алматы облысы, Жаркент ауданында дүниеге келген. Ә.Қастеев қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалаушы. Қазақстанның халық суретшісі. Оның 1000-нан аса суреттері бар. Ә.Қастеев жер бетіндегі ат төбеліндей қазақтың болмысы мен тарихын картиналар галлереясына айналдырған сұңғыла талант. «Сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім», - деген ұлы суретші Ә.Қастеевті ұлттық бейнелеу өнеріміздің бәйтерегі деп айта аламыз. Суретшінің ең танымал туындылары: «Колхоздың сүт фермасы», «Бие сауу», «Колхоз тойы», «Сатып алған қалындық», «Алтын дән», «Медеудегі мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас далалығы», «Қапшагай су электр станциясы». Ол портреттер галлереясын жасаған: Кенесары Касымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл. Әсіресе, «Амангелді Имановтың портреті» ең мықты туындысы болып саналады. Ұлы суретшінің есімі Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайына берілген.
Түсініп ал!
Пейзаж – бейнелеу өнеріндегі жанр. Табиғатты немесе бір аймақты бейнелеген сурет (дала, тау, орман, ауыл, қала)
Тұрмыстық жанр - адамның қоғамдағы және күнделікті өмірін бейнелейді.
IV.Сабақты қортындылау.
Табиғатты бейнелейтін күйлер мен әндерді ата?
Ә.Қастеевтің «Қарлы Алатау» суретінің мазмұнын қалай түсіндіресің?
Суретші жазғы жайлауды қалай бейнелейді?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны бағалау
VI. Үй тапсырмасы.
Ә.Қастеев туралы реферат
«Алатау» әнін жаттау
Cынып: 6 Сабақ № 4 Мерзімі: ________________ Сабақтың тақырыбы: Ой толғау
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Ой толғау тақырыбын түсіндіру, меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды күй тыңдап, табиғатқа қарау арқылы ойларын шынықтыруға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: өзін – өзі тану
Сабақтың көрнекі – құралдары: музыкалық орталық, компьютер, суреттер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (оқу – құралдарының барлығын)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ә.Қастеев туралы рефератты тексеру
«Алатау» әнін жатқа орындау
III.Жаңа материалды меңгерту.
Әлібай және Сәуле Бапановтар. Ойға шому.
Композиторлар мен суретшілер әр түрлі музыка шығарып, көптеген суреттер салады. Кейбір суреттер белгілі бір адамдарға арналса, келесі бірі табиғатты кескіндейді. Үшіншісі адамдардың күнделікті өмір тіршілігін бейнелейді. Музыкалық шығармалар мен көркемдік суреттердің үлкен жиынтығы мазмұны жағынан түрлі жанрларға бөлінеді.
Өнердегі жанр – шығармалар жиынтығы. Олар образдық мазмұны мен көңіл-күйіне және көркемдеуші құралы мен орындау техникасына байланысты ерекшеленеді. Түрлі жанрлар әр түрлі тарихи кезеңдерде қалыптасып, дамып отырған. Кейде олар өзгеріске ұшырап, жаңа жанрларға ауысып тіпті ұмытылып та кетеді.
Әрбір халықта өздеріне тән жанрлық ерекшелігі бар. Қазақ мәдениетінде сондай ерекше жанрлардың бірі – күй. Күй – адамның терең сезімі мен ой толғауын жеткізе алатын музыкалық шығарма. «Той бастар» атауымен аталған күйлер мен әндер мерекелік көңіл-күйді көрсетсе, «Ақжелең» жанрындағы күйлер тобы әйел образындағы лириканы бейнелейді. Ал, «Қосбасар» атты күйлер мұң мен шерді толғайды. «Қайран, өттің дүние!» - адамның өмірмен қоштасуы немесе өткінші дүниеге арналған күйлер.
«Толғау» күйлер - ежелгі аспаптық музыкамыздағы өмір жайлы фәлсафалық ой қозғайтын жанрлардың бірі. Қобыз аспабында орындалатын Ықластың «Кертолғау» атты күйі қас-қағым өмірдің ағымын бейнелейді. Қазақ халқы «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр» немесе «Бес күндік өмір» деп теңеу айтқан. Бұл күйде көзді ашып жұмғандай өте шығатын өмірді елестеткендей әсер қалдырады. Созылмалы мұңды әуен, салмақты да сабырлы ырғақ, қарт қобыздың қоңыр дыбысы адамның қайғы-шерінен тіл қатқандай.
Күйдегі «Толғау» жанры көптеген күйші-композиторлардың шығармашылығынан орын алған. Себебі, кез-келген адам өмірді сүре келе ой толғауы заңды құбылыс. Адам өз өміріндегі жақсы мен жаманын, дұрысы мен бұрысын сараптайтын кезеңге жетеді. Сондықтан болар, «Толғау» жанры бүгінгі күндегі композиторлар мен суретшілердің шығармашылығында да өз жалғасын тапты.
Қазақ мәдениетінде сурет өнері ХХ ғасырдың басында пайда болды. Сол себепті, дәстүрлі музыка көптеген суретшілердің шығармашылығына арқау болды.
Әлібай және С.Бапановтардың «Ойға шому» гобеленінде табиғаттың тынысын бейнелегендей: аспанға керіле ұмтылған ағаштар, аспан мен суға шағылысқан қызыл-сары, жасыл түсті жапырақтар арасынан елес болып көрінген сәукелелі қыз бейнесі. Бұл суреттен адамның ішкі әлемін, оның ой-арманын, көңіл толқынысы мен ой-толғауын көруге болады. Бұл суретке зейін салып қарасаң, сурет әуендетіп тұрғандай әсер қалдырады.
Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шығармасын «Толғау» жанрына жатқызуға болады. Прелюдияда дыбыстар тылсым тыныштықтан туындап жатқандай: әуелі – бір дыбыс, онан соң екінші, үшінші. Бірте-бірте әуен пайда болып, өте жәй екпінде, минорлы ладта дыбыстала бастайды. Ғ.Жұбанованың «Прелюдиясы» өмірге қайта келген күй іспетті. Ғасырлар керуені көшіп өтті. Ал, фортепианоға арналған бұл «Толғау» қазіргі заманның тыныс-тіршілігін толғап жатқандай!
Қазақ мәдениетінің терең тамырына бойлай білген композиторлар мен суретшілер қарт заманнан үлгі алып, ғасырлдар бойы жалғасқан арман мен қиялдың шексіздігін танытқандай!
Біліп ал!
Ғазиза Жұбанова (1927-1993) – қазақтың әйгілі композиторы. Қазақстан халық әртісі. Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Ғазиза Жұбанованың шығармашылығына әкесі Ахмет Жұбанов ықпал еткен. Ол «Еңлік Кебек», «Жиырма сегіз» және «Құрманғазы» опералары, «Аққұс туралы аңыз», «Хиросима», «Қарагоз» атты балеттері, «Жігер», «Ақсақ құлан» атты симфониялық поэмаларын жазды. Көптеген фортепиано мен скрипкаға арналған шығармалар, поэмалар мен квартеттер, фантазиялар
мен әндер т.б. музыкалық туындылардың авторы.
Музыка тыңдайық: Төлеген Момбековтің орындауында Сүгірдің күйі«Кертолғау».
Түсініп ал!
Жанр – музыка, әдебиет және сурет өнеріндегі шығарма. Мазмұны мен көркемдеуші құралдары жағынан ортақ туынды.
Күйдегі жанрлар: Той бастар, Ақжелең, Қосбасар, Толғау.
Пейзаж – сурет өнеріндегі жанр, табиғатты бейнелеу.
Прелюдия – фортепиано музыкасындағы жанр. Бір көңіл-күйдегі қысқа шығарма.
V.Сабақты қортындылау.
«Өнердегі жанр» деген ұғымды қалай түсінесің?
Күй өнеріндегі жанрларды ата?
«Толғау» жанрындағы күйлер нені баяндайды?
«Толғау» жанрындағы суретшілер мен композиторлар нені толғайды?
VI. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны бағалау
VII. Үй тапсырмасы.
«Толғау» жанрындағы суретшілер және күйшілер туралы мәліметтер әкелу
Сынып: 6 Сабақ № 6 Сабақтың мерзімі: _____________
Сабақтың тақырыбы: Музыка жəне сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Музыка жəне сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі тақырыбымен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Сурет пен музыканың үйлесіміне жаңа көзқарастармен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: сурет
Сабақтың көрнекі – құралдары: компьютер, музыкалық орталық, сурет
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (оқу – құралдарының барлығын)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Л. Хамиди туралы мәліметті сұрау
Әнді музыкалық аспап (синтезатор) сүйемелдеумен орындау
III.Жаңа материалды меңгерту.
Қазіргі заман қыл қалам шеберлері өз заманындағы мемлекеттік қайраткерлер мен халықтың ұлы тұлғаларын портрет жанрында бейнелеуді дәстүрге айналдырған. Бірақ адамның суретін салып жатқанша фотосуретке түсіріп алмай ма деп те ойлайтын боларсың. Арине, бірде-бір суретші фотосуреттегідей адам бейнесін сала алмайды. Дегенмен фото сурет пен көркемдік суреттің үлкен айырмашылығы бар: фото сурет адам бейнесін дәлме-дәл қайталаса, ал суретші өзінің портреті арқылы адамның жеке тұлғасын, оның ішкі жан дүниесін барынша ашуға тырысады. Портрет адамның өмір сүрген кезеңі мен жеке тағдыры жайлы әңгіме іспетті.
КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың портретіне назар салайық! Суретші Гүлфайрус Ысмайылова әншінің тек сырт келбетін ғана емес оның рухани болмысын көрсетуге талпынған. Бибігүл Төлегенова әнін аяқтап, әннің сезімінен шыға алмай көз жанарын алысқа тігіп, біріне-бірі айқасқан сұлу да сүйріктей саусақтары мен күлімсіреген ай жүзі сол бойы тынып қалғандай. Әншінің сәнді ұлттық киімімен театр сахнасында тұрған қалпы бейнеленген. Суретшінің қызыл да алтын түсті таңдап алуы тектен-тек емес, яғни суреттің бояуы арқылы әннің көтеріңкі көңіл-күйін көрсеткендей әсер қалдырады. Гүлфайрус Ысмайылова әншінің дауысы мен оның әсем әніне тәнті болғандай! Бұл портретте екі бірдей талант иелерінің басы тоғысқандай – бірі белгілі суретші болса, енді бірі - ұлы әнші.
Әрбір әншіде өзінің өмірлік бойтұмарындай болып кеткен сүйіп орындайтын шығармасы болады. Бибігүл Төлегенованың ең сүйікті шығармасына айналған «Гаухар тас» әні. Бибігүл бұл әнді алғаш сахнада орындағанда тыңдаушы халықтың әнге деген ықыласы мен әншіге еткен қошеметі аса зор болды. Бибігүл шырқаған әндегі сұлу қыздың бейнесі мыңдаған көрерменнің көз алдында тұрғандай ғажайып әсер қалдырды. Содан бастап, «Гаухар тас» әні бұлбұл дауыс әнші Бибігүл Төлегенованың өміріндегі музыкалық бейнесін жасаған басты әнге айналады.
Ән тыңдайық: Бибігүл Төлегенованың орындауында халық әні «Гауһар тас»
Ойлан да айт! Фотошоптың көмегімен жасалған жәй фото суретпен портретті қалай ажыратуға болады? Фото суретті нағыз өнер туындысы деп айтуға бола ма?
Біліп ал!
Гүлфайрус Ысмайылова (1929) – кескіндемеші, театр және кино суретшісі. Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері. Суретші өзінің жарқын да санқырлы шығармашылығын театр және кино өнері мен портрет салуға арнайды. Көптеген жылдар Гүлфайрус Ысмайылова Абай ат. Қазақ ұлттық опера және балет театрында сахна безендіруші – суретші болып қызмет атқарады. Ол «Ер Тарғын», «Жұмбақ қыз», «Алпамыс» операларын, «Қозы Көрпеш», «Баян сұлу» балетін және «Қыз Жібек» кинофильмінің декорациясы мен киім үлгілерінің эскизін жасады. Сонымен қатар, Гүлфайрус Ысмайылова белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері – Шара Жиенқұлова, Күләш Байсеітова, Дина Нүрпейісова, Мұхтар Әуезов т.б. портреттерін жасаған.
Білесің бе?
Бибігүл Төлегенова (1929)- әнші. Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан және КСРО халық әртісі. Социалистік еңбек ері. Әншінің репертуары сан түрлі тақырыптарды қамтиды. Бибігүл Төлегенованың орындауында «Гауһар тас», «Жиырма бес», Қазақстан композиторлары Л.Хамидидің «Бұлбұл», Е.Брусиловскийдің «Қос қарлығаш», Н.Тілендиевтің «Кел, еркем Алатауыма» сондай-ақ П.И.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.И. Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыс Еуропа композиторларының шығармалары бар. Ол опера өнерінде де елеулі үлес қосты. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек, Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» операсындағы Гүлбаршын, Ғ.Жұбанованың «Еңлік» операсындағы Еңлік, Дж.Россинидің «Севиль шаштаразы» операсындағы Розина т.б. көптеген арияларды орындаған. Бибігүл Төлегенова гастрольдік сапармен Польша, Чехия, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ т.б. көптеген шет мемлекеттерде қазақ өнерін паш еткен.
IV.Сабақты қортындылау.
Фото сурет пен көркемдік суреттің айырмашылығы неде?
Гүлфайрус Ысмайылова әншіні қалай бейнелейді?
Бибігүл Төлегенованың музыкалық бейнесін жасаған әнді ата?
«Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі» тақырыбын оқып кел.
Сынып: 6 Сабақ № 7 Мерзімі: ______________ Сабақтың тақырыбы: Тоғысқан екі өнер
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Тоғысқан екі өнер атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Екі өнердің табысуы арқылы оқушының бойында танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Сурет пен музыканың үйлесіміне жаңа көзқарастармен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
II.Жаңа материалды меңгерту.
Кенжебаев Ш. Кешкі ән.
Кез келген халықтардың мәдениетінде өнердің барлық түрлерінің арасында байланыс орнайтыны ақиқат. Ғасырлар бойы қазақ халқының мәдениетінде сөз бен саз өнері бірін-бірі толықтыра отыра қатар дамыды. Х1Х ғасырда Абай шығармашылығынан бастап сөз бен саз өнері жеке өнер түрі ретінде дараланып шықты. Сол кезеңнен бастап біздің мәдениетімізде еуропа халықтарына ұқсас жазушылар, ақындар мен композиторлар және әртістер дараланып шыға бастады. Қазіргі уақытта да ақындар мен сазгерлер бірлесе отырып опера, хорға арналған шығармалар, романстар мен әндер шығарып келеді.
Қазақстанда бейнелеу өнері ХХ ғасырдың басында дами бастады. Сурет өнерінің ең негізгі: тарихи сурет, тұрмыстық жанр, пейзаж, портрет, натюрморт сынды көркемдік жанрлар аса қарқынмен дамыды. Суретшілер орыс және еуропа халықтарының мәдениетінде қалыптасқан сурет салу тәсілдері мен оның көркемдеуші құралын қолданады. Дегенмен, суреттің негізгі мазмұны мен оның көркемдік бейнесін қазақтың сөз және саз өнерінің рухани бастауларынан алады. Тарихи және тұрмыстық суреттер қазақтың жыраулық өнеріне тән эпикалық және фәлсафалық терең мазмұнымен ерекшеленеді. Көне замандардан көк тәңірге табынған қазақ халқы өмірін табиғатпен байланыстырып тіршілік еткен. Сол себепті, пейзаж жанрындағы туындыларда толғау күйлеріне тән дархан даланың тынысы есіп тұрғандай. Ал, кешкі тылсым табиғатты бейнелейтін пейзаж жанрынан сұлу сазды халық әндерінің әуенін сезуге болады. Әсіресе, батырлар тақырыбына арналған күйлердегі жігерлі де қарқынды екпін, аттың дүбірі мен шайқас үстіндегі талас-тартысты бейнелеу қыл қалам шеберлерінің суреттерінен кеңінен орын алады. Суретшілер ең алдымен оның ырғағын, екпінін, жылдамдығын сурет арқылы көрсетуге талпынады. Көптеген суреттер қазақ күйлерінің дыбысымен үндесіп жатады.
П. Омарова. Қожа Ахмет Ясауи. П. Омарова. Қорқыт-ата.
Соңғы он жылдықта халықтың қол өнеріне деген қызығушылығы арта түсті. Қазақтың қол өнерін жасаудағы көне тәсілдерді қолдана отыра,
суретшілер теріден, шиден және киізден жасалған жаңа туындыларды жасай бастады. Ал, шыны мен фарфордан жасалған түрлі бұйымдар мен қуыршақтар қазақ өнеріндегі жаңалық болды.
Береговая З. Ақын. Береговая З. Дина Нуұрпеисова
Өнер қанша жаңарғанымен суретшілер халық әндері мен күйлерінен сусындап, халық даналығының қайнар көзіндей жадында сақтады.
ХХ ғасырда тек қана сурет және сөз өнері өзгеріске ұшырап қана қойған жоқ. Күй өнері де жаңа заманға лайық жаңғыра түсті. Жаңа музыкалық жанрлар пайда болды. Олар – симфониялық күй, скрипка және фортепианоға арналған күйлер. Композиторлар күй арқылы жаңа техникалық дәуірді бейнеледі.
Суретші, ақын, композиторлардың мұндай туындылары бір бейнені сомдай отыра, өмірді мәнді де сәнді етуге талпынды. Тыңдаушы мен көрерменнің мәдени талғамын өсіріп, рухани байлығын асыра түсті.
Музыка тыңдайық:
Ж.Әубәкірованың орындауында Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Домбыра туралы аңыз» атты шығармасын тыңдап көрелік.
Біліп ал!
Нағым Меңдіғалиев - (1921 -2006) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,профессор. Батыс Қазақстан облысы, Жаңа қала ауданында дүниеге келген. Қазақтың алғашқы кәсіби пианисі. Қазақстандағы фортепиано музыкасының дамуында болған жетістіктері Н.Меңдіғалиевтің атымен тығыз байланысты. Ол көптеген фортепианоға арналған алғашқы туындылардың авторы. Ол 300-ден астам аспаптық пьессалар, әндер, романстар, спектакльдерге арналған музыка жазды. Оның «Домбыра туралы аңыз» атты концерттік пьесасы қазақ фортепианолық музыкасының ең танымал туындысына айналды.
III.Сабақты қортындылау.
Қазақ мәдениетіндегі сөз бен саз өнері қандай өзгеріске ұшырады?
Бейнелеу өнеріндегі негізгі жанрларды ата.
Халықтың қол өнерінде қандай жаңалық болды?
Күй өнері қалайша жаңғырды?
IV. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны бағалау
V. Үй тапсырмасы.
«Тоғысқан екі өнер» тақырыбын оқып кел.
Қосымша мәліметтер әкелу
Сынып: 6 Сабақ № 1 Мерзімі: ______________ Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның скрипка мектебі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Қазақстанның скрипка мектебі атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық аспапқа деген көзқарастарын қалыптастыру, дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды скрипка аспабымен танысу арқылы елдердің тарихы мен мәдениетіне дұрыс көзқараста қарауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
II.Жаңа материалды меңгерту.
Қазақстандағы кәсіби өнердің дамуының өзіндік тарихы бар. Алғаш рет елімізде 1932 жылы музыкалық-драмалық техникум ашылады. Бұл техникум театр әртістері мен скрипкашы, пианист, әнші-вокалист және халық музыканттарын кәсіби тұрғыда дайындай бастайды. Бұл Республикамыздың мәдени өмірі үшін үлкен жаңалық болады. Қазақ мәдениеті мен өнері жаңа қарқынмен дами түседі. Белгілі композитор Ахмет Жұбанов қазақтың халық аспаптар оркестірін құрады. Онан соң алғаш рет симфониялық оркестр ұйымдастырылып, опера және балет театры мен Алматы консерваториясы ашылады.
Халқымыз үшін өте ауыр тарихи кезең болатын. Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген мұндай кезеңге қарамастан Қазақстандағы мәдени өмір өз дамуын тоқтатпайды. Әрбір шығармашылық ұжымдар мен оқу орындары үлкен ынта-жігермен жұмыс жасайды. Алғашқы қазақ опералары мен драмалық спектакльдері пайда болады. Жаңа заман композиторларының алғашқы симфониялық шығармалары дүниеге келеді. Ал халық орындаушылары болса бір ұжымда яғни оркестр құрамында ойнау шеберліктерін меңгере бастайды.
Батыс Еуропада скрипка өнерінің тарихы ХVI ғасырдан бастау алған еді. Еуропада скрипка аспабының дамуы мен оның жетілдіруіне жүз жылдан аса уақыт кетеді. Еуропа музыканттары скрипкада орындау техникасын шыңдап, бірте-бірте аспаптың репертуарын да қалыптастырады. Аспап жасаушы шеберлер, композиторлар мен орындаушылардың ондаған ұрпағы Еуропадағы скрипка өнерінің тарихын жасауда үлкен еңбек етеді.
Ал біздер үшін Еуропадағы сан ғасырлық тарихы бар скрипка өнерін аз уақытта меңгеру міндеті тұрады. Қазақ халқы үшін еуропадан келген скрипка өнерін кәсіби деңгейге көтеру оңайға соқпайды. Дегенмен, музыканттар аз уақыттың ішінде әлемдік мәдениеттің деңгейіне жету мақсатында үлкен қарқынмен жұмыс жасап, биік жетістіктерге жетеді.
Осындай қарқынды еңбектің нәтижесінде елімізде скрипка мектебі қалыптасады. 1976 жылы Айман Мұсаходжаева Белград және Югославияда өткен халықаралық сайысқа қатысып, дипломант атанады. Айман өзінің табиғи дарыны мен қажырлы еңбегінің арқасында әлемге белгілі скрипкашы бола білді. Ол 1981 жылы Италияда, 1983 жылы Жапонияда, 1985 жылы Финляндияда, 1986 жылы Ресейде өткен халықаралық скрипкашылар сайысында лауреаттық атаққа ие болады. Айман өзінің жеке концерттерімен әлемнің ең үздік камералық және симфониялық оркестрлерімен бірге өнер көрсетіп келеді. Айман Мұсаходжаеваға халықаралық ЮНЕСКО ұйымы «Әлем әртісі» деген атақ береді. Ал 2005 жылы АҚШ-та Айман Мұсаходжаеваның есімі «Әлемнің ең үздік әйелі» атты энциклопедияға енеді.
Сөйтіп, аз уақыттың ішінде Қазақстандағы скрипка мектебі қалыптасып, әлемдік деңгейде өз орнын табады.
Музыка тыңдайық:
Айман Мұсаходжаеваның орындауында Е.Брусиловскийдің «Боз айғыр» атты шығармасын тыңдап көрелік!
Біліп ал!
Айман Мұсаходжаева 1998 жылы Астана қаласында Қазақ ұлттық музыка академиясын құрып, оның ректоры болады. Қазақстандағы бұл оқу орынында мектеп табалдырығынан бастап, колледж бен жоғары білімді кәсіби музыканттар даярланады. Қазақстанның музыка академиясы әлемдегі ең беделді музыка мектептерінің арасынан абыройлы орынға ие болады. Осы академияның студенттері мен түлектері бұл күнде халықаралық және республикалық сайыстардың лауреаттары атанып, түрлі фестивальдар мен ғылыми конференцияларға қатынасып келеді. Музыка академиясының ең үздік түлектері «Солистер академиясы» атты камералық оркестрінің құрамында өнерлерін жалғастырып келеді. 2005 жылы Айман Мұсаходжаева «Солистер Академиясы» оркестрімен бірге Вашингтондағы атақты Кеннеди орталығы мен Нью-Йорктегі әлемге танымал Карнеги-холл концерт залында өнер көрсетті.
Түсініп ал!
Лауреат – музыка сайысының жеңімпазы. «Лауреат» атауы Ежелгі Гректерде пайда болған. Осы атаққа ие болған түрлі сайыстардың жеңімпаздарын лавр жапырақтарынан жасалған тәж кигізіп марапаттайтын болған.
Дипломант – сайысқа қатысушыларға берілетін атақ. Бұл атақ жоғары деңгейде орындаған сайыскерлердің шеберлігі үшін беріледі.
IV.Сабақты қортындылау.
1. Қазақстандағы кәсіби музыка мәдениеті қалай дамыды?
2. Еуропа және Қазақстандағы скрипка өнерінің дамуында қандай ерекшеліктер бар?
3. Айман Мұсаходжаева әлемге Қазақстандағы скрипка өнерін қалай танытты?
V. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысуларына байланысты бағалау;
VI. Үй тапсырмасы.
Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория туралы мәліметтер әкелу.
Сынып: 6 Сабақ № 2 Мерзімі: _____________ Сабақтың тақырыбы: Өнер ордасы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Өнер ордасымен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Өнерді бағалауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қазақстандағы кәсіби музыка мәдениеті қалай дамыды?
2. Еуропа және Қазақстандағы скрипка өнерінің дамуында қандай ерекшеліктер бар?
3. Айман Мұсаходжаева әлемге Қазақстандағы скрипка өнерін қалай танытты?
III. Жаңа материалды меңгерту.
Ұлы Отан соғысы жылдары, 1944 жылы, Алматы консерваториясы ашылады. Орыс мәдениетінің өнер қайраткерлері – Галина Уланова, Юрий Завадский, Наталья Сац және Вера Марецкая Алматы қаласына қоныс аударған болатын. Олар Мәскеудегі кеңес одағының басшыларына Алматы қаласында консерватория ашу жөнінде хат жолдайды. Олардың өтініш хаттарында: «... мәдениет үшін ешнәрсе тосқауыл бола алмайды. Қай заманнан болмасын мәдениет әрдайым дамып келеді. Оны өткен тарихымыз дәлелдеуде. Қазақ халқы соғыс зардабынан мәжбүрлікпен қоныс аударған халықтарға қонақжайлылық пен кеңпейілділік танытуда. Сондықтан, қазақ халқына үлкен құрметімізді білдіре отыра, жасалар жұмыстың жауапкершілігін өз мойнымызға аламыз», - делінген. Сөйтіп, еліміздің қиын кезеңіне қарамастан одақ басшылығы Қазақстанда музыкалық жоғарғы оқу орнын ашуға шешім қабылдайды. 1944 жылдың 24 шілдесінде Алматы мемлекеттік консерваториясын ашу жөнінде Халық комиссарлар кеңесінің қаулысы қабылданады.
Консерватория «Музхоркомбинат» деп аталатын республикалық балалар музыка мектебінің негізінде ашылады. Ал, музыка мектебінің сол уақыттағы директоры И.В.Круглыхин консерваторияның ректоры болып тағайындалады. Консерватория ғимараты Сталин даңғылының бойында (қазіргі Абылай хан даңғылы) орналасады. Сол ғимараттың 8 бөлмесі консерваторияға бөлініп беріледі. Жұмысты бастау үшін басшылықтың тапсырмасымен жеке адамдардан музыкалық аспаптар сатып алынады. Олар: 1-концерттік рояль, 3 кабинетке арналған рояль, 3 пианино, 3 скрипка, 3 виолончель, 1 контрабас, 1 гобой, 2 кларнет, 3 валторна, 1 литавра. Балалар музыка мектебінің кітапханасында жоғары оқу орнына арналған нота жазбалары мен оқулықтар жоқ болатын. Соғыс жүріп жатқанына қарамастан Мәскеу мен Ленинград консерваториясы 3330 нота жазбалары мен оқулықтарды сыйға тартады. Ал, қоныс аударған орыстың мәдениет және өнер қайраткерлері консерваторияның ұстаздары болып жұмысқа қабылданады.
Оқу орнына студенттерді қабылдау қиынға соғады. Себебі, одақ басшылығы 150 адамды ғана қабылдауға қаржы бөледі. Бірінші курсқа қабылданғандардың арасында интернатта тұратын ата-анасыз қалған жастар да болатын. Олармен бірге, КСРО халық әртісі Күләш Байсеиітова, ҚазССР-інің халық әртісі Қанабек Байсеиітов, белгілі композиторлар Мұқан Төлебаев пен Бақытжан Байқадамов, композиторлар одағы қазақ бөілімінің хатшысы, композитор Борис Ерзакович те болды. Олар халық әртісі бола тұра консерваторияның 1 – курсына оқуға қабылданады.
Осылайша Алматыда алғаш рет ашылған консерватория өз жұмысын бастап, қазіргі таңда Орталық Азияда музыкалық білім беретін ең мықты жоғары оқу ордасына айналып отыр.
Музыка тыңдайық:
Тілес Қажығалиев. «Қыз қуу». Орындайтын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттер оркестрі.
Біліп ал!
Тілес Қажығалиев – (1949-1996) композитор. Алматы қаласында дүниеге келген. Атақты дирижёр Шамғон Қажығалиевтің баласы. Ғазиза Жұбанованың шәкірті. Т.Қажығалиевтің оркестрге арналған шығармалары көптеген шет мемлекеттерде орындалып келеді. Композитордың «Қыз куу» атты шығармасын Мариус Стравинский жетекшілік ететін Лондонның филармониялық оркестірі орындап жүр. Композитордың альт пен оркестрге арналған «Отан туралы» ороториясы, фортепиано, үрмелі және ішекті аспаптарға арналған концерт симфониясы, әндер мен романстар, спектакльдер, көркем және деректі фильмдерге арналған музыкалық шығармалары бар.
IV.Сабақты қортындылау.
Алматы консерваториясының ашылуына кімдер ықпал жасады?
Консерваторияны ұйымдастыру барысында қандай қиындықтар болды?
Алғаш рет консерваторияда кімдер білім алды?
V. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысқандарын бағалау
VI. Үй тапсырмасы.
Ришад және Мүслім Абдуллиндер жайлы мәліметтер әкелу
Тақырыпты оқып келу
Сынып: 6 Сабақ №3 Мерзімі: ____________ Сабақтың тақырыбы: Өнер ордасы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Өнер ордасы, соның ішінде У.Жүнісовпен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Өнер адамдарын бағалауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың дайындап әкелген рефераттарын тексеру, Ришад және Мүслім Абдуллиндер туралы мәлімет.
III.Жаңа материалды меңгерту.
Жергілікті композиторларымыздың бірі Уатхан Жүнісов Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны бітіріп, Зайсан қаласында, Өскемен қаласындағы өнер колледжінде жұмыс атқарды. Қазіргі кезде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – да ұстаздық етуде. Домбыра сабағынан береді. Ол адам тек қана домбыра аспабын үйретіп қоймай, сонымен қатар өнерге тұнып тұрған жастардың дарындылығын аша алады. Әр түрлі байқауларға өзі де, кейін шәкірттері де қатысып, басты жүлделерді алып жүр. Осы аты аталған университеттің аға ұстазы, қазақ халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, мықты ұстаз. Қазіргі алдарыңда тұрған мен де осы Уатхан ағаның шәкіртімін. Жылда өтіп отыратын облыстық, қалалық орындаушылар байқауының әділ – қазыларының бірі. Алдарыңа У.Жүнісовтың шығарған ән – күйлерінен және де домбыраға арналған әртүрлі жаттығулар жинағы. Осы кітаппен енді ғана бірінші сыныпқа барған оқушы да дайындалуына болады. (Оқушыларға кітапты көрсету).
Музыка тыңдау: «Ағажай Алтай» әні
Ән үйрену: «Өр Алтай» әні
IV. Сабақты қортындылау.
У. Жүнісов деген кім?
Қазір қандай қызметте жүр және қай жерде?
У.Жүнісовтың қандай атақтары бар?
IV. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысқандарын бағалау
V. Үй тапсырмасы.
1. У. Жүнісов жайлы қосымша мәлімет әкелу;
2. «Өр Алтай» әнін жаттау.
Сынып: 6 Сабақ №3 Мерзімі: _______________ Сабақтың тақырыбы: Өнерін өрлеткен топ
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Өнерін өрлеткен топ атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Өнер адамдарын бағалауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың дайындап әкелген рефераттарын тексеру
III.Жаңа материалды меңгерту.
«Қазақстан камератасы» ансамбілі 1997 жылы құрылған. Профессор Гауһар Мырзабекова консерваторияның ең мықты 16 түлегінен тұратын талантты жас музыканттардың басын қосып, камералық ішекті аспаптар ансамбілін жасақтайды. Ансамбльдің атын «Камерата» деп атайды. Камерата – италияның «camera» деген сөзінен шыққан яғни «бөлме» немесе «палата» деген ұғымды білдіреді. Бұл ансамбльдің ерекшелігі әрбір музыкант жеке солист болуымен қатар өте шебер орындаушы болып саналады.
«Қазақстан камератасы» жас музыканттардың ұжымынан тұрса да олар өздерінің жоғарғы кәсіби деңгейін көрсете білді. Ансамбльдің репертуарының ауқымы кең. Ансамбль көне классикалық шығармалардан бастап, жаңа заман туындыларын орындап келеді. Оркестр әртістерінен ең жоғарғы орындаушылық шеберлік талап етіледі. ХVIII ғасырдың көне скрипкаға арналған шығармаларын орындау үшін ансамбль музыканттары ақсүйектер заманынан жеткен аса сыпайылық пен тәрбиелілікті ұстана отырып, сол уақыттағы музыка орындау шеберлігін көрсетуге талпынады. Тыңдаушылар мен көрермендер болса, ұлы Вивальди мен Гайднның туындыларындағы ішкі сезім әлеміне бойлап, сол заманның көңіл-күйін сезіне алған.
Неміс композиторы Франц Шуберттің «Ажал мен қыз» атты шығармасы орындаушыдан ерекше психологиялық көңіл-күйді талап етеді. Музыканттар ауыр оқиғаны бастарынан кешіріп, өздері жан-тәнімен сезінгендей шығарманы терең тебіреніспен орындайды.
Ал, ХХ ғасырдың жаңа заман композиторы Альфред Шниткенің күрделі Сонатасын орындағанда музыканттардың келбеті мүлде өзгеріп қоя береді. Скрипка аспабы осы заманның алай-дүлей қарқынын сезінгендей бірде қатқыл, бірде шапшаң, бірде баяу, бірде бәрін жайратып салғандай әсерге бөлейді.
«Камерата» ансамбілінің репертуарында – Тілес Кажғалиев, Мансұр Сағатов, Алмас Серкебаев, Қуат Шілдебаев, Серік Әбдінұров сынды қазақ композиторларының шығармалары бар. Ансамбль бүгінгі заманның шығармаларын үлкен ықыласпен орындап келеді. Қазақ композиторларының шығармалары тек Қазақстан тыңдармандарын ғана емес, шет мемлекеттердің де тыңдармандарының қызығушылығын арттыруда.
«Қазақстан камератасы» ансамблінің жоғарғы деңгейдегі орындау мәдениеті оларды тек қана Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінде танымалдылыққа жеткізді. Ансамбль Венгрия, Чехия, Германия, Македония, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Жапон мемлекеттерінде өнер көрсетіп үлкен абыройға ие болды.
Музыка тыңдайық:
«Қазақстан камератасының» орындауында Серік Әбдінұровтың ішекті аспаптар оркестріне арналған «Шертпе» атты шығармасын тыңдап көрелік!
Біліп ал!
XVI—XVIII ғасырларда Еуропа мәдениетінде «камералық музыка» дейтін ұғым ақсүйектерге ғана қатысты болған. «Камералық музыка» екі немесе онан да көп музыканттар орындайтын аспаптық және вокалдық музыка болып табылады. Көбіне-көп камералық музыка бөлмелерде немесе кішігірім залдарда орындалатын. Сол себепті «камералық музыка» яғни «бөлме музыкасы» деп аталып кеткен.
XVII ғасырдан бастап камералық музыка ақсуйектердің қонақ бөлмелерінде шағын тыңдаушылардың ортасында орындалатын болған. Камералық ансамбльдер дуэт түрінде - скрипка мен фортепианоның, трио – скрипка, альт, виолончель және квартет яғни төрт аспаптың қосылуымен орындалған. Концерт залдары үлкейе келе ансамбль құрамы да ұлғайып квинтет – бес аспаптан құрылған ансамбль, секстет – алты аспаптан және септет – жеті аспапқа дейін жетеді. XIX—XX ғасырларда камералық оркестр пайда болады. Оркестр құрамы 15-20-ға жуық музыканттармен толықтырылады.
IV. Сабақты қортындылау.
«Қазақстан камератасы» ансамбілі қашан құрылды?
Ансамбльдің құрамында кімдер болды?
Ансамбль қандай шығармаларды орындады?
Не себепті «Камералық музыка» деп атайды?
IV. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысқандарын бағалау
V. Үй тапсырмасы.
1. Қазақстан еліндегі тағы да қандай камералық, т.б. оркестрлер бар? (Мәлімет әкелу)
Білімдік: Оркестрмен тілдескен дирижер атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Дирижердің міндеттерімен таныстыру арқылы, қандай қиын жұмыс екенін көрсету, еңбекті бағалауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың дайындап әкелген рефераттарын тексеру
III.Жаңа материалды меңгерту.
Бүкіл әлемде дирижерге аса құрметпен қарайды. Оркестрді табысқа жеткізетін дирижер болып табылады. Қазақстанда тұңғыш рет оркестр құрып оған дирижерлік еткен әйгілі композитор, ел мақтанышы – Ахмет Жұбанов болды. А.Жұбанов шеберлермен кеңесе отыра халық аспаптарын оркестрге лайықтап қайта өңдеп шығарды. Ол көптеген халық композиторларының әндері мен күйлерін оркестрге түсіріп, кеңінен танымал етті. Композитор әрі дирижер Ахмет Жұбанов өз жанынан да көптеген шығармалар жазды.
Ахмет Жұбанов ерекше дарын иесі болатын. Ол ел ішіндегі халық орындаушыларының басын қосып, оркестр ұйымдастырады. Нота сауатын білмейтін халық орындаушыларымен жұмыс жасау оңайға түспейді. Елден келген орындаушылардың тілін тауып, қысқа мерзімде яғни 2-3 жылдың аралығында оркестр жасап шығарады. Жаңа оркестр Ахмет Жұбановтың дирижерлік етуімен 1936 жылы Мәскеуде өткен декадада үлкен қошеметке ие болады. Осы оркестр арқылы Ахмет Жұбанов қазақ дәстүрлі музыка мәдениеті мен Еуропаның классикалық музыка мәдениетінің басын тоғыстыра білді. Сөйтіп, қазақ елінде алғаш рет ұлттық оркестр дүниеге келіп, оның тұңғыш дирижері Ахмет Жұбанов болады.
Ал, біздің заманымызда Ахмет Жұбановтың жолын қуған ұрпағы Алан Бөрібаев болды. Ол бүгінгі таңда әлемге танылған жас дирижерлардың бірі. Алан Бөрібаев Швеция, Голландия және Ирландияның симфониялық оркестіріне бас дирижерлық қызметке шақырылады. Еуропаның ең ірі үш мемлекетінің ұлтық оркестірінде дирижерлық ету үлкен жауапкершілік әрі абыройлы іс болатын. Иә, әрбір оркестрдің сан ғасырлық мәдени тарихы бар. Әбден орнығып өз орнын тапқан мұндай оркестрлермен жұмыс жасау жас дирижерға оңайға түспейді. Дирижерге өзге халықтың тілін, ұлттық дәстүрі мен мәдени тарихын білу қажет болады. Алан Бөрібаев мұндай үлкен сынақтан сүрінбей өтеді. Сондықтан болар жас дирижердің таңдаған репертуар көлемі де өте ауқымды әрі қомақты болып шығады. Алан Бөрібаев Еуропаның ең танымал классикалық симфонияларынан бастап, қазіргі заман композиторларының шығармаларын толық меңгере білді.
Жас дирижер Алан Бөрібаев еуропа елдеріне қазақ халқының да өнері мен мәдениетін дәріптеп келеді. Ол Ахмет Жұбановтың «Тәжік билері» мен композитор Латыф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың бірігіп жазған «Абай» операсынан «Симфониялық сюита» жасап, оны оркестрге өңдеп түсіріп Германия тыңдармандарына ұсынады. Ал, Швецияда Алан Бөрібаевтың дирижерлік еткен оркестірімен бірге ағылшынның талантты пианисті Фредди Кемпф Ғазиза Жұбанованың «Фортепианолық концертін» орындайды. Бұл концерт үлкен қошеметке ие болады.
Ата дәстүрін жалғастырған жас дирижер Алан Бөрібаев қазақ музыка мәдениетіне өз үлесін қосуда.
Музыка тыңдайық:
Құрманғазы атындағы қазақ аспаптар оркестірінің орындауында Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін тыңдап көрелік. Дирижері – Ахмет Жұбанов.
Астана Филармониялық оркестрінің орындауында А.Жұбанов және Л.Хамиди «Абай» операсынан Қыздар биі. Дирижері – Алан Бөрібаев.
Біліп ал:
Ахмет Жұбанов - (1906-1968) композитор, музыкатанушы-ғалым, дирижер. Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Ахмет Жұбановтың «Құрманғазы», «Қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы», «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Ән-күй сапары» т.б. музыкалық ғылыми зерттеу еңбектері бар. Ол «Төлеген Тоқтаров», «Абай сюитасы» т.б. көптеген симфониялық шығармалары мен «Құрманғазы», «Абай» сынды опералары бар. А.Жұбанов көптеген спектакльдер мен кино фильмдерге музыка жазды. Композитордың «Ақ көгершін» және «Қарлығаш» әндері ел арасында кеңінен танымал.
IV. Сабақты қортындылау.
Қазақстанның тұңғышдирижерін ата?
Не себепті Ахмет Жұбановты ерекше дарын иесі дейміз?
Ахмет Жұбановтың жолын қуған кім?
Алан Бөрібаев қазақ мәдениеті үшін қандай үлес қосты?
IV. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысқандарын бағалау
V. Үй тапсырмасы.
1. Алан Бөрібаев туралы мәліметтер әкелу;
2. Қазақстан дирижерлары жайлы жалпы мәлімет әкелу.
Білімдік: Бақтағы бұлбұл дауысы атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әр бір өнер иесінің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың дайындап әкелген рефераттарын тексеру
III.Жаңа материалды меңгерту.
Әншілік өнер әр заманда өзінің жарық жұлдыздарын тудырып келеді. Көптеген әншілер бұлбұл даусымен ел есінде сақталып, қазақ мәдениеті үшін өздерінің зор үлесін қосуда. Әншілік шеберліктің негізін қалап, ұлтымыздың мақтанышына айналған Күләш Бәйсейітова мен өнерін екі дәуірге жалғастырып, халқымыздың сүйікті әншісіне айналған Роза Бағланова және «Қазақтың бұлбұлы» деп халқы еркелеткен Бибігүл Төлегенова. Ал бүгінгі таңда жезтаңдай әншілердің жолын қуып, елімізге танымал болған Майра Мұхамедқызын ерекше атауға болады.
Майра Мұхамедқызы әлемдік деңгейдегі опера әншісі. Әншінің ұлттық спектакльдердегі кейіпкерлердің партиясын орындауы мен классикалық шығармалардағы бейнелерді ерекше сомдауы Қазақстанның кәсіби өнеріне қосқан зор үлесі болды. Әнші өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сахнадағы әрбір көркемдік бейнені шыншыл да, асқан шеберлікпен орындайды. Майра Мұхамедқызы әлемге танымал көптеген опералардағы негізгі партияларын орындап келеді. Ол «Травиата» операсынан Виолетта, Дж. Вердидің «Риголетто» операсынан Джильда, Ж. Бизенің «Кармен» операсынан Микаэла, П.Чайковскийдың «Орлеан қызы» операсынан Иоанна және Г. Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсынан Лючия бейнелерін сомдаған. Сонымен қатар, Майра Мұхамедқызы халқымызға кеңінен танымал Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек және А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар партияларын орындауда асқан шеберлік танытты.
Майра Мұхамедқызы ТМД мемлекеттерімен қоса Еуропа, АҚШ және Шығыс елдерінде гастрольдік сапармен өнер көрсетіп келеді. Майра Мұхамед қызы өміріндегі ең маңызды оқиға әлемге танымал Париждің Гранд-опера театырмен ұзақ мерзімді келесім шартқа отыруы болатын. Бұл оқиға қазақтың опера өнерінің биік деңгейде екенін дәлелдей түсті. Әнші әлем сахналарында жиырмадан астам классикалық опералардың басты партияларын асқан шеберлікпен орындап жүр.
Дегенмен, әнші үшін Абай атындағы опера және балет театры ең сүйікті сахнасы болып есептеледі. Өйткені Майра Мұхамедқызы өз халқының тыңдармандарын аса құрмет тұтады.
Музыка тыңдайық:
Майра Мұхамедқызы орындауында қазақтың халық әні «Ағажай, Алтай».
Ойлан да айт:
Қалай ойлайсың, не себепті Астана қаласында Күләш Бәйсейітова атындағы екінші опера және балет театры ашылады?
IV. Сабақты қортындылау.
Не себепті Н.Үсенбаеваны әлемдік деңгейдегі опера әншісі деп атаймыз?
Н.Үсенбаева қандай шет мемлекеттерде өнер көрсетті?
Әнші қазақ операларындағы қандай бейнелерді сомдады?
Қандай опера әншілерін білесің?
IV. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысқандарын бағалау
V. Үй тапсырмасы.
Майра Мұхамедқызы туралы толық мәлімет әкелу, оқып келу;
«Наурыз» әнін жаттау.
Сынып: 6 Сабақ №10 Мерзімі: _____________ Сабақтың тақырыбы: Күйдің Қаршығасы
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әр бір өнер иесінің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың дайындап әкелген рефераттарын тексеру
III.Жаңа материалды меңгерту.
ХХ ғасырда домбыра дәстүрінде үлкен жаңалықтар болды. Ғасырлар бойы күйшілік дәстүр жеке орындауда ғана сақталып жеткен болатын. Ал ХХ ғасырда қазақ күйлері ансамбль мен оркестрлердің орындауында кеңінен тарады. Оркестрдің зор дыбысы күйлерге күш, жігер бергендей рухын аша түсті.
Ерте замандарда күйші өзі композитор әрі орындаушы болған.Ал, қазіргі таңда композитор музыкасын шығарса, домбырашылар немесе оркестр күйлер мен музыкалық шығармаларды нақышына келтіріп орындап келеді.
XXIғасырдың дәулескер күйшісі - Қаршыга Ахмедияров. Қ.Ахмедияровтың репертуарында 300-ден аса күйлері бар. Қаршыға Батыс Қазақстан дәстүрлі күйшілік мектебінің белгілі композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Махамбет, Есір, Есбай, Құлшар күйлерін асқан шеберлікпен орындайды. Сонымен қатар, күйші шертпе дәстүріндегі күйлерді де жетік меңгерген ерекше дарын иесі.
Қаршыға тек қана домбырашы ғана емес, ол өз жанынан көптеген күйлер шығарған талантты композитор. Ол 60-қа жуық күйлердің авторы. Әсіресе, Қаршыға шығармаларының ішінде арнау-күйлер маңызды орынға ие болған. Көптеген күйлері қазіргі заманның белгілі тұлғаларына арналған. «Хамаң-толғау» атты шығармасы ақын Хамит Ерғалиевке арналса, ал «Би» күйінде қазақтың әйгілі бишісі Шара Жиенқұлованың мың бұралған ғажайып өнерін бейнелеген. «Нұрғиса» атты күйі өнерде де, өмірде де бауырдай болған қазақтың біртуар азаматы композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевке арналады. Ал, «Ғазиза» деп атау берген шығармасы композитор Ғазиза Жұбанованың рухына бағышталса, «Шамғон-Ақжелең» күйі өзінің ұстазы, атақты дирижер Шамғон Қажығалиевтың 70-жылдық мерей тойына тартуы болатын.
Қаршыға шығармашылығы қазақтың күй өнерінің жаңа бір белесі іспетті. Ол қазақ халқының күйші-композиторларының дәстүрін жалғастырған ізбасары. Қаршыға Ахмедияров халық композиторларының күйлерін шеберлікпен орындап қана қоймай, қазіргі заманға лайық қоңыр домбырасын сөйлете білді. Ол жаңа заманға лайық жаңа күйлерді тудырушы – күйші-композитор.
Күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровты қазақтың күйшілік дәстүрін XXI ғасырға жеткізіп, ұрпағына мұра еткен ерекше дарын иесі деп мақтанышпен айта аламыз.
Музыка тыңдайық:
Қаршыға Ахмедияровтың орындауында «Нұрғиса» атты күйін тыңдап көрелік!
IV. Сабақты қортындылау.
ХХ ғасырда күйшілік өнерде қандай жаңалықтар болды?
Қаршыға Ахмедияров күйшілік өнерге қандай үлес қосты?
Қаршыға Ахмедияровтың «Арнау-күйлерін» ата?
IV. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысқандарын бағалау
V. Үй тапсырмасы.
Қаршыға Ахмедияров туралы мәлімет әкелу, күйлері жайлы мәлімет әкелу;
Білімдік: «Ақмаңдайлымды» əуелеткен Роза Бағланова атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әр бір өнер иесінің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: домбыра, суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың дайындап әкелген рефераттарын тексеру
III.Жаңа материалды меңгерту.
XX ғасырдыңортасынан бастап Қазақстан мәдениетінде жаңа заман әндері дүниеге келе бастайды. Қазақстанда Еуропа мәдениетінен бастау алған эстрада жанры пайда болады. Эстрада әндері тыңдауға жеңіл, бір ырғақта жүретін, мазмұны жағынан әр түрлі тақырыптарды қамтиды: табиғат, махаббат, патриоттық, лирикалық т.б. Дәстүрлі әндерде бір адам сөзін де, әнін де өзі шығарып, өзі орындайтын болса (Ақан сері, Біржан сал), жаңа заман әндерінде композитор музыкасын жазып, ақын сөзін шығарған. Ал, жаңа әнді халықтың жүрегіне жеткізіп, ел арасына тарататын әнші-орындаушылар болған. Осындай жаңа бағытта көптеген жаңа заман композиторлары мен әншілер қаулай өсті.
Қазақтың эстрада жанрын қалыптастыруда халықтың ыстық ықыласына бөленіп, биік бағасын алған, әндерін әрбір қазақ баласы шырқай кететін әйгілі композитор – Шәмші Қалдаяқов болды. Ал Шәмшінің көптеген әндерін елге танымал еткен Роза Бағланова еді. Қазақ эстрадасының көшін бастаушы Роза Бағланова деп аса мақтанышпен айта аламыз. Роза Бағланова көптеген жаңа заман әндерін алғаш рет ел арасына таратып, өзінің ізінен жаңа буын әншілердің шығуына зор ықпалын тигізді. Ол осындай қажырлы еңбегі үшін «Халық қаһарманы» атағына да ие болады.
Ал, енді Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әнінің қысқаша шығу тарихына құлақ түрелік!
Күз мезгілінің жайма шуақ жадырап тұрған күндерінің бірі болатын. Алтын бақтай қызыл-сары жапыраққа оранған ағаштарды тамашалап, арман мен қиялға шомған жастар бір-бірімен сырласып барады. Сая бақты аралап жүргендердің ішінде Шәмші де бар. Ол сезімімен сырласып алабұртқан жастарды көзінің қиығымен бір шалып терең ойға батады. Көңілін көптен бері мазалаған бір әуен бар. Ойы сәл саябырлап барып қайыңның түбіндегі бір орындыққа жайғаса кетеді. Сол уақытта әлгі әуен жүрегінің түбінен тұрақтап, асау көңілі орнына түскендей сезінеді.
Жаңа ғана тұрақтаған әуен жан дүниесін әлдилей жөнелді. Осы ырғақтың ықпалынан шыға алмай біраз отырды да тұрып кетті. Жұрт жұмыстан қайтатын кез еді. Шәмші Қалдаяқов сол бойда өлеңдерін жиі оқитын ақын Мұзафар Әлімбаевты «Балдырған» журналының редакциясына арнайы іздеп барады. Барған бойда жаңа туған әніне мәтін жазып беруін өтінеді. Ыңылдап әуенін айтып береді. Шәмшінің әуеніне сүйсінген Мұзақаң жас талаптың өтінішін жерге қалдырмай «Ақмаңдайлым» өлеңін жазады. Ертеңіне екеуі «Бұл әнді кімге ұсынамыз?», - деп кеңеседі. Сөйтіп бұл әнді Шәмші ағамыз Мұзафар Әлімбаев екеуі Роза Бағлановаға ұсынады.
Ал, Роза Бағланова «Ақмаңдайлым» әні жайлы былай деп баяндайды: «1953 жылдары Мұзафар Әлімбаев пен Шәмші Қалдаяқов үйге келді. «Сізге өлең жазып едік. Қалай болар екен?»,- деп күй сандыққа отыра қалып «Ақмаңдайлым» әнін тартып берді. Үш күннен кейін-ақ бұл әнді жаттап, «үкімет» басшыларының қатысуымен болған концертте орындадым. Ойпырмай, халықтың қошеметін айтсаңшы! Әсіресе,
Айналдым ақмаңдайлым
Ақылдым бал таңдайлым
Жалында жас дәуренде
Ұялма жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ сәулем ерте кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші, -
деп қайырмасын айтқанда қайта-қайта қол соғып, сахнадан жібермей қойды». Сөйтіп, Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні дүниеге келіп, әлі күнге дейін халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді.
Шәмші Қалдаяқов – (1930-1992) қазақтың белгілі композиторы. Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. Эстрадалық ән жанрында өзіндік қолтаңбасын жасаған талантты сазгер. Оның «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Кешікпей келем деп ең», «Бахыт құшағында», «Қайықта», «Ақ бантик» т.б. көптеген әндері кеңінен танымал. Әсіресе, Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әні халықтың жүрегінен орын алып, Мемлекетіміздің «Ән ұранына» айналды. Шәмші әндерін қазаққа әйгілі әншілер: Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Зейнеп Қойшыбаева, Роза Рымбаева және қазіргі таңда көптеген жас буын эстрада әншілері орындап келеді.
Роза Бағланова – (1922) қазақтың әйгілі әншісі. Қазақстанның және КСРО халық әртісі. Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі «Жеңіс» концертіне қатысқан. Әнші Венгрия, Германия, Қытай, Польша, Ауғаныстан, Үндістан, Австрия, Бельгия, Бирма, Швеция, Канада т.б. көптеген шет мемлекетерде өнер көрсетіп, қазақ әнін бүкіл әлемге паш еткен. Осындай мәдениет пен өнердегі ерен еңбегі үшін «Халық қаһарманы» атағына ие болған.
IV. Сабақты қортындылау.
Қазақстанда эстрада жанры қай уақытта қалыптаса бастады?
Эстрада әндерінің дәстүрлі әндерден ерекшелігі неде?
Қазақ эстрадасының қалыптасуына ықпал еткен композитор мен әншіні ата?
Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні дүниеге қалай келді?
IV. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысқандарын бағалау
Сынып: 6 Сабақ №2 Мерзімі: 09.04.2014 ж. Сабақтың тақырыбы: «Туған жерін» əн еткен Ескендір Хасанғалиев
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: «Туған жерін» əн еткен Ескендір Хасанғалиев атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әр бір өнер иесінің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Ашық сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
4. Оқушыларды топтарға бөліп отырғызу
5. Сабақтың мақсатын түсіндіру
6. Топ басшыларына бағалау парақшасын тарату
7. Бағалау жайлы түсіндіріп өту
8. Топтардың аттарын таңдап, айту
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Роза Бағлановнаның орындауында «Ах самара городок» әнін тыңдату;
Бұл кім болды? Қандай ән тыңдадыңдар?
Тақтаға алдын – ала бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямын, үстіне сұрақтарды қойып астындағы жазуларды жасырамын.
Тақтаға сұрақтарды жасырып қою (10 сұрақ);
Сұрақтар:
Шәмші Қалдаяқов кім? Қандай әндерін білесіңдер?
Шәмші Қалдаяқовтың қандай атақ – даңқы бар?
Қазақстанда эстрада жанры қай уақытта қалыптаса бастады?
Эстрада әндерінің дәстүрлі әндерден ерекшелігі неде?
Қазақ эстрадасының қалыптасуына ықпал еткен композитор мен әншіні ата?
Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні дүниеге қалай келді?
Роза Бағланова деген кім?
Роза Бағланованың туған жері, туған күні мен қайтыс болған жылдарын ата.
Роза Бағлановнаның атақтары жайлы айт.
Роза Бағланова қай елдерде өнер көрсетті?
III.Жаңа материалды меңгерту.
Өмірге келген әрбір әннің тарихы бар. Сұлу ән бар сезімді бойлап, жүректің түкпірінен шығып жүрекке жететіні сөзсіз.
Әннің де естісі бар есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар...
- деп ұлы Абай жырлағандай есті ән елдің жадында мәңгі сақталып, көкірегіне нұр болып құйылады.
Осындай ел-халықтың ыстық ықыласына бөленген қазіргі заман композиторлары Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным», Н.Тілендиевтің «Өз елім», «Сары жайлау», К.Дүйсекеевтің «Сәлем саған туған ел», С.Бәйтерековтың «Сары арқа», Ж.Тұяқбаевтың «Атамекен» сынды көптеген әндерін мақтанышпен айта аламыз. Туған жерге деген қайталанбас туындыны дүниеге келтірген танымал әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні де тыңдаушысының көңілінен шығып, жүрегінен орын тапты. Олай болса,халықтың ән ұранындай болған«Атамекен» әнінің қысқаша шығу тарихына құлақ түрелік.
«Атамекен» әні дархан даланы жалпағынан басып, қалың елдің бауырында өскен нағыз қазақтың баласының жүрегінен шыққан жарқын да жасампаз туынды.
1970 жылы Қазақ ССР-інің құрылғанына 50 жыл толады. Осы мерекені тойлауға үкімет басшыларының қатысуымен өтетін арнайы салтанатты концерт дайындалады. Бұл концертте туған ел, жер туралы патриоттық жаңа ән шырқалуы керек болатын. Ескендір Хасанғалиевтің де аты халыққа танылып қалған уақыты еді. Әнші әрі композиторға туған ел мен жердің рухын асқақтатар ән жазуы жайлы ел басшыларынан ұсыныс түседі. Композитор үшін бұл үлкен жауапкершілік болатын. Ел алдындағы борышым деп қабылдаған Ескендір Хасанғалиев тез арада ән жазуға кіріседі. Әннің әуені дайын болғанда композитор белгілі ақын Қадыр Мырзалиевке сөзін жазуға қолқа салады. Әннің әуенін тыңдаған ақын оның буынына лайық сөзін жазып шығады. Сөйтіп, қазақтың екі өнер майталмандарының пікірі тоғысып, халықтың жүрегінен жол тапқан мәңгі өшпес туынды дүниеге келеді.
Ескендір Хасанғалиев өзінің «Атамекен» әнін алғаш орындағандағы сезімі жайлы былай деп баяндайды:
Республика сарайында үкімет басшылары қатысқан Қазақ ССР-інің құрылғанына 50 жыл толуына орай үлкен мерекелік концерт өтіп жатты. «Атамекен» әнін айтудың да кезегі келеді. Бұл әнімді алғаш рет Нұрғали Нүсүпжановпен бірге симфониялық оркестірдің сүйемеліндеуімен орындадық. Әнді орындап тұрып тыңдаушының жүрегін тербеп, көздеріне жас үйірілгенін сезгендей болдық. Әсіресе,
Қайда жүрсең, Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен, -
деп әннің соңғы сөздері айтылып жатқанда халық ду көтеріліп орындарынан тұрып кетті. Ұзақ уақыт халықтың қол шапалағы тоқтамай тұрып алды», - дейді.
Иә, белгілі әнші-композитор, өнер майталманы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні әрбір қазақ баласының жігерін қайрап, туған елі мен жеріне деген махаббатын арттыра түскендей. Қазақ даласын шарлап шырқалған бұл ән халықтың жүрегінің түкпірінен орын алып мәңгі жасай бермек!
Ән тыңдайық:
Әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің өзінің орындауында «Атамекен» әнін тыңдап көрелік!
Ойлан да айт!
«Әннің де естісі бар, есері бар» деген сөзді қалай түсінесің?
Біліп ал!
Ескендір Хасанғалиев – (1940) әнші-композитор. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аулында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. 200-ден аса әндер мен романстардың және хорға арналған шығармалардың авторы. Оның «Асыл арман» «Өмірімнің жазы», «Атамекен», «Бозторғайым» атты бірнеше ән жинағы жарық көрген. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген әндер жазды. Е.Хасанғалиев гастрольдік сапармен Монғолия, Болгария, Югославия, Алжир, Сирия, Ливан, Швеция, Финляндия т.б. көптеген шет мемлекетерде өнер көрсетіп, қазақ әнін бүкіл әлемге паш еткен. Бүгінгі таңда Орал қаласында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» атты халықаралық ән сайысы өткізіліп келеді.
IV. Сабақты қортындылау.
Туған ел жайлы қандай әндерді білесің?
Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні дүниеге қалай келді?
Не себепті «Атамекен» әні халықтың көңілінен шықты?
Білімдік: «Армандастар» əнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов атты тақырыппен таныстыру, меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардыңорындаушылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әр қашан да достарына адал болуға, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет; тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: компьютер, музыкалық орталық, суреттер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Туған ел жайлы қандай әндерді білесің?
Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні дүниеге қалай келді?
Не себепті «Атамекен» әні халықтың көңілінен шықты?
Ескендір Хасанғалиев туралы қосымша мәліметтерді тексеру.
III. Жаңа материалды меңгерту.
Әр заман өзінің тарихи оқиғаларымен есте сақталады. Сол тарихи оқиғалар ән-жырмен өріліп, күй болып өрнектеліп отырған. Сонау «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманынан жеткен «Елім-ай» әні мен «Ел айрылған» күйі халықтың ашы зарын еске түсірсе, Динаның «Он алтыншы жыл», «Жеңіс» күйлері мыңдаған халықтың басынан өткерген соғыс заманынан хабар бергендей. Ал, Семей палигонынан зардап шеккен ауыр қасірет Төлеген Мұхамеджановтың «Заман-ай» әні арқылы әлі де халықтың жадында сақталуда. Осындай бір заманның оқиғасынан хабар берер әндердің бірі Әсет Бейсеуовтың «Армандастар» әні.Олай болса, «Армандастар» әнінің тарихына құлақ түрелік.
Кеңестік дәуір кезеңі болатын. Өнер адамдары концерттік сапармен өндіріс орындарын жиі аралайтын. Ондағы мақсат еңбек етіп жүрген еңбекші жастарды жігерлендіру еді. Сол кезде қазақ радиосында жұмыс істеп жүрген Нұрғали Нүсіпжанов тамаша композитор Әсет Бейсеуовпен бірге кен өлкелерін, мақталы алқаптар мен бидайлы өңірлерді көп аралайды. Жүрген жерлері ән мен күйге бөленіп, ойын-сауыққа да ұласып жататын. Жастардың сол замандағы биік мақсаты мен арманын, болашаққа деген сенімін көріп қуана қайтқан әнші мен композиторға бір ой келеді. Олар көзімен көрген осындай жастардың көңіл-күйін халыққа жеткізбек мақсатта тамаша бір ән арнауды жөн көреді. Сөйтіп композитор Әсет Бейсеуовтің көңіліне бір әуен келеді. Жүрегінен шыққан бұл әуенді Нұрғали Нүсіпжановпен бірге қуаныштары қойнына симай, ақын Нұрсұлтан Әлімқұловқа тыңдатады. Нұрсұлтан Әлімқұловтың көңіліне бұл әуен қона кетіп әннің сөзін жазуға кіріседі. Бұл ән «Армандастар» деген атпен жастардың арасында тез арада-ақ тарап кетеді. Ал әнді алғаш орындаған Нұрғали Нүсіпжанов өз сезімін былайша баяндайды:
«Әннің сөзі дайын болған бойда өзім орындап радиоға жаздырттым. Бұл ән өте ойымызға қонымды, жүрекке жағымды болып шықты. Ол, тіпті, бүгінгі күнменен болшағымызға жоспар жасағандай. Қазіргі жас ұрпаққа да жігер беретіндей тамаша ән болып әлі де жалғасып келеді»
Әсет Бейсеуов – (1938-1996) композитор. Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Қазақ эстрада музыкасының дамуына зор үлес қосқан. Әсет Бейсеуовтің «Шақырады көктем», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Жұлдызым», «Армандастар» т.б. көптеген туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Ол С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде», А.Тауасаровтың «Аса құрметті Икс» сынды спектакльдер мен «Көр тышқан мен қоян» кино фильміне, «Алдар көсе», «Жаздың соңғы күні» т.б. телефильмдерге музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрген.
Білесің бе?
Нұрғали Нүсіпжанов – (1937) әнші. Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Қазақ эстрада жанрының қалыптасуына зор үлесін қосқан. Н.Нүсіпжановтың ән қорында қазақтың халық әндері «Алқоңыр», «Япурай», «Дедімай-ау» және қазақ композиторларының «Кешікпей келем деп ең», «Маржан қыз», «Маралдым», «Көп қарадым суретіңе», «Сағындым еркем» сынды көптеген әндері бар. Концерттік сапармен көптеген шет мемлекеттерде Моңғолия, Франция, Ангола, Сирия, Югославия, Ауғанстан, Йемен, Португалия, Грекияда қазақ әнін насихаттап келеді.
IV. Сабақты қортындылау.
Қандай тарихи әндерді білесің?
Ә.Бейсеуовтың «Армандастар» әні қалай туды?
«Армандастар» әнінің сөзі өзіңе қандай ой салды?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
VI. Үй тапсырмасы.
Рамазан Елебаев туралы мәлімет оқып келу
Сабақ №4 Сынып: 6 Сабақтың мерзімі: 23.04.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Жас қазақ» деп жырлаған Рамазан Елебаев
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: «Жас қазақ» деп жырлаған Рамазан Елебаев атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардыңорындаушылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әр қашан да достарына адал болуға, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет; тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: компьютер, музыкалық орталық, суреттер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Рамазан Елебаев туралы мәлімет сұрау
III. Жаңа материалды меңгерту.
В. Панфилов. Гвардияшыл панфиловшылар ерлігі.
Ұлы отан соғысы жылдары болатын. Қан майданда жүрген жауынгерлердің көңілін сергітіп, рухына жігер беру үшін Қазақстаннан он шақты өнер адамдары концерттік сапармен майданға аттанады. Сол өнер адамдарының ішінде әнші Жүсіпбек Елебеков пен жазушы Ғабиден Мұстафин де болатын. Қырғын соғысқа қарамастан өнер адамдары күнделікті концерттерін беріп жатады. Қазақ жауынгерлерінің арасында Рамазан Елебаев та бар екен. Рамазан Елебаев соғысқа дейін Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ драма театрында жұмыс істеген, өзінің ән шығаратын да өнері болған. Ол Жүсіпбек Елебековтың келгеніне қатты қуанып: «Ой, Жүсеке, жақсы келдің-ау. Төлеген Тоқтаровтың қазасына арналған «Жас қабірдің қасында» деген әнім бар еді. Соны сізге үйретуім керек. Сол әнді елге алып кетуіңіз керек. Мен бір күні келем. Қазір асығып тұрмын», - деп кетіп қалған екен.
Шығармашылық топ қайтатын күні Рамазан Елебаев 8 - гвардияның штабына әрең дегенде аяғына шаңғы байлап, бір иығына мылтығын, бір иығына сырнайын асқан күйі малақайын оқ тесіп кеткеніне қарамастан үлгеріп келеді. Рамазан Елебаев әуенді бір-екі рет ойнап берісімен Жүсіпбек әнді қағып алып домбырасына түсіреді. Қоштасар сәтте Рамазан Елебаев: «Жүсеке, бұл әнді елге осы қан майданда жүрген ер жүрек жауынгерлердің атынан сәлем ретінде жеткізсең арманым жоқ. Екеуміздің жанымыз жақын ғой. Жетпеген тұсын өзің толықтырарсың», - деп аманатын табыстайды.
Поезға мінгеннен кейін Жүсіпбек Елебековтің ойынан әлгі ән кетпей тұрып алады. Қсындағы жазушы Ғабиден Мұстафинге осы әнге сөз жазыңыз деп қолқалайды. Сонда Ғабиден Мұстафин: «Ойпырмай, Жүсеке, мен қалай сөз жазам? Мен ақын емеспін ғой», - дейді. Сонда Жүсіпбек Елебеков: «Жоқ ақын болмасаңыз да жазасыз. Өйткені сіз мына қырғын соғысты көзіңізбен көрдіңіз. Сіз жақсы жазуға тиістісіз», - дейді. Сөйтіп, Рамазан Елебаевтың әніне Ғабиден Мұстафин жол бойы жеткенше сөзін жазып та үлгереді.
Майданнан оралғаннан кейін Жүсіпбек Елебеков бір концертке шығайын деп тұрғанында жайсыз хабар келеді. Бір адам келіп: «Жүсеке, Рамазан Елебаев қан майданда қаза тапты», - дейді. Сонда Жүсіпбек Елебеков екі көзі жасқа толып сахнаға қалай шығып кеткенінде сезбей қалады. Сахнаға шыққан бойда қолына домбырасын алып, Рамазанның аманат етіп кеткен әнін алғаш рет орындайды. Сөйтіп, бұл ән ел арасына «Жас қазақ» деген атпен тарап кетеді.
Сол заманнан жеткен Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ» әнін Мемлекеттік хор капелласы, опера және эстрада әншілері орындап өмірін жалғастырып келеді.
Рамазан Елебаев – (1910-1943) композитор. Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген. Р.Елебаев аз ғұмырында өнер үшін өз үлесін қосып кеткен. 1942 жылы майданға аттанады. Ол Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде соғысқа қатыса жүріп, әскер қатарындағы әнші-өнерпаздардан концерттік бригада ұйымдастырады. Р.Елебаев ерлікпен қаза тапқан майдандас досы Төлеген Тоқтаровқа арнап «Жас қазақ» әнін шығарған. Сонымен қатар, композитордың скрипка мен фортепианоға арналған сюитасы, «Талғар полкінің маршы», «Жиырма сегіз батыр», «23 полктің маршы» т.б. көптеген әндері бар. Ол Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
Білесің бе?
Жүсіпбек Елебеков – (1904-1977) әнші. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Алғашқы өнерге баулыған әнші Жақыпбек Балғабайұлы. Кейін Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақовтармен бірге жүріп өнерін ұштайды. Жүсіпбек - Мәди, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Абай сынды халық композиторларының әндерін сақтап бізге жеткізуші. Ол Қазақстан композиторларының әндерін асқан шеберлікпен орындады. Гастрольдік сапармен Мәскеу, Қытай, Монғолия, Үндістанда қазақ ән өнерін насихаттаған. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Төлеген бейнесін сомдаған. Ол Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
IV. Сабақты қортындылау.
Жүсіпбек Елебеков пен Рамазан Елебаев қалай кездеседі?
Рамазан Елебаев Жүсіпбекке қандай аманат табыстайды?
«Жас қазақ» әнінің сөзін жазған кім?
Жүсіпбек «Жас қазақ» әнін орындағанда қандай сезімде болады?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
VI. Үй тапсырмасы.
Ұлы Отан Соғысы жайлы мәліметтер әкелу, сол кездегі композиторлар туралы мәліметтер әкелу.
Сабақ №5 Сынып: 6 Сабақтың мерзімі: 30.04.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Əлияны» əлемге паш еткен Роза Рымбаева
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: «Əлияны» əлемге паш еткен Роза Рымбаева атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардыңорындаушылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Ерте кездерде қазақ халқына қалай ауыр болғандығына көздерін жеткізе отырып, қазіргі таңға риза болып, достықты, елді, жерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет; тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: компьютер, музыкалық орталық, суреттер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
ҰОС жайлы мәліметтер сұрау
III. Жаңа материалды меңгерту.
Көшпелі өмір салтын құрған қазақ халқы қай заманнан болмасын баласын аттың үстінде, жазық даланың төсінде тәрбиелеген емес пе?! Дала заңына бағынған дархан көңіл ата-бабаларымыз қызы мен ұлын бірінен-бірін, бөлмей еркін тәрбиелеп өсірген. Сол себепті болар ұлан байтақ қазақ даласын жаудан қорғаған ер жүрек батырлар ана құрсағында тәрбиеленіп, халықтың мәңгілік жадында сақталар ұлы мен қызына айналып отырды. Халық «Алып анадан туады», - деген емес пе? Иә, халқымызда небір даналар мен ойшылдар, өнегелі жыраулар, елдің еркесі сал-серілер мен ақындар жау жүрек батырлар ғасырдан-ғасыр ұласып өтіп жатты. Асқан даналыққа тәрбиелеген ұлы Абайдың анасы Ұлжан, қайрат пен жігерін тасытқан Құрманғазының анасы Алқа болса, халықтың мақтанышына айналған аналарымыз бен қазақ қыздарын аңыз етіп айтуға болады.
Иә, біз әңгіме еткелі отырған қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлова және оның батырлығын жыр еткен композитор Сейдолла Бәйтереков жөнінде болмақ. Композитор Сейдолла Бәйтереков - елі мен жерін сүйген нағыз патриот адам. Оның «Әлия» атты әнінің дүниеге келуінің өзі жәйдан-жәй емес. Композитор Ұлы Отан соғысы аяқталған кезең 1945 жылдың 10 мамырында дүниеге келген екен. Сейдолла Бәйтерековтің дәл осы уақытта дүниеге келуі әннің тууына себеп болды дейді.
1975 жылы Ұлы Отан соғысының 30 жылдық мерекесі тойланады. Композитор Сейдолла Бәйтерековті осы үлкен тарихи оқиға толғантпай қоймайды. Қан майданда қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің ерлігіне арнап бір ән шығармақ ой келеді. Арада бір жыл өтеді. 1976 жылы Бәкір Тәжібаевтің өлеңдер жинағы қолына түседі. Өзі іштей ізденіп толғанып жүрген Сейдолла сол жинақтың ішінен батыр қыз Әлияға арналған өлеңді көзі көреді. 19 жасар жас қыздың ерліктеріне таңқала отырып, көзіне жас алады. Өзінің ішкі үніне өлеңнің мазмұны да сай келеді. Ақын Бәкір Тәжібаевпен келісе отырып, өзінің ойында жүрген әуенге лайықтап «Әлия» әнін шығарады.
Сол кездері жас әнші Роза Рымбаеваны әлі халық тани қоймаған еді. «Гүлдер» ансамбілінің жетекшісі Тасқын Оқапов «Әлия» әнін құлағы шалып, бұл әнді Роза Рымбаеваға ұсыну жайлы қолқа салады. Сөйтіп, осы әннің бағын сынамақ үшін Роза Рымбаеваны Москвада өткен Бүкілодақтық әншілер сайысына жібереді. Қазақ қызының ерлігін паш еткен ән жеңіске жетеді. 19 жасар сол батыр қыздың өзі айтып тұрғандай бұл ән өте әсерлі шығады. «Әлия» әнінің жеңісі мұнымен тоқтамайды. 1978 жылы «Әлия» әнімен Роза Рымбаева Болгарияда өткен халықаралық «Золотой орфей» атты әншілер сайысында бас жүлдені иеленеді. Қазақтың батыр қызы Әлияның ерлігі әнші Роза Рымбаеваны өнер майданында да жеңіске жеткізеді. Сөйтіп, композитор Сейдолла Бәйтереков пен хылқымыздың сүйікті әншісі Роза Рымбаева мыңдаған ұлттардың ішінен жарып шығып, қан майданда ерлікпен қаза тапқан қазақтың қаршадай қызы Әлия Молдағұлованың ерлігін тағы бір әлемге паш етеді.
Сейдолла Бәйтереков – (1945-1998) композитор. Шымкент облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. С.Бәйтереклвтың кино және мультфильмдерге, театр спектакльдеріне, хорға арналған шығармалары бар. Ол Қадыр мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Шөмішбай Сариев сынды көптеген ақындардың өлеңдеріне әндер жазған. С.Бәйтерековтың «Әлия», «Жан досым», «Өмір-өмір», «Дос туралы жыр» «Күнге табыну», «Түркістан», «Кентауым», «Аралдан ұшқан аққулар», «Ақ тілек» т.б. әндері бар. С.Бәйтерековтың әндерін Р.Рымбаева, Е.Хасанғалиев, Е.Серкебаев т.б. әншілердің ән қорынан орын алған.
Білесің бе?
Роза Рымбаева – (1957) әнші. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Әнші халық әндері мен қазіргі заман композиторларының әндерін орындайды. 1977 жылы Болгарияда өткен эстрада әртістерінің дәстүрлі халықтар байқауына Қазақ елінен тұңғыш рет қатысып, бас бәйге «Алтын орфей» жүлдесін жеңіп алған. Гастрольдік сапармен Болгария, Венгрия, Германия, Куба, Польша, Чехословакия, Ауғанстан, Америка, Франция т.б. шет мемлекеттерде қазақ әнін паш еткен. Өнердегі еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталған.
IV. Сабақты қортындылау.
«Алып анадан туады» деген сөзді қалай түсінесің?
«Әлия» әнінің дүниеге келуіне не себеп болды?
«Әлия» әнін алғаш сахнада орындаған кім?
Қазақтың қандай батыр қыздарын білесің?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
VI. Үй тапсырмасы.
«Қазақ елі» әнін жаттап келу
Сабақ №6 Сынып: 6 Сабақтың мерзімі: 07.05.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Сырлы əндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Сырлы əндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардыңорындаушылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әр қашан да туған жерді ұмытпауға, оны құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет; тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: компьютер, музыкалық орталық, суреттер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Роза Рымбаева туралы сұрастыру
«Қазақ елі» әнін жатқа сұрау
III. Жаңа материалды меңгерту.
Өнер мен өнегеге толы Қызыл сай ауылында өскен Алтынбек Қоразбаев бала кезінен әртіс болуды армандаған. Кезінде сал деген атаққа ие болып, еліне танылған нағашыларының өнері жиендеріне дарыса керек. Кішкентай сары баланың бойындағы зеректігін ерекше қабілетін байқаған нағашылары Алтынбекті өнерге баулиды. Жастайынан баланың өнерге деген талпынысын байқаған әкесі 1959 жылы Алтынбекке патефон сатып алып береді.Патефонмен қоса Алтынбекке қазақ алыптарының бірі Кенен атаның әндері жазылған күйтабақты сыйға тартады. Күйтабақтан төгілген әндерді күндіз-түні тыңдаған Алтынбек, әншінің өнеріне әбден тәнті болады. 1974 жылы Кенен атаның 90 жылдығына арнап «Жүз жасаңыз, Кенен ата» әнін сыйға тартады. Бұл әнді тыңдаған Кенен абыз: «Айналайын, балам, осы әнің ұрпаққа аманат болсын!», - деп батасын береді. Сонан бері Алтынбек өзін Кенен атаның шәкіртімін деп есептейді. Содан бастап Алтынбек Қоразбаев «өнер» деген ұлы жолға түседі.
Алтынбек Қоразбаевтың тағы бір ерекшелігі - оның ақындығы. Әндерінің сөзін өзі жазғаныменен ақындарға көрсетіп ой бөлісіп, әбден пісіріп барып орындайды. 80-ге жуық әндері бар Алтынбек Қоразбаев еңбек етуден, үнемі ізденуден жалықпайды. Бұл күнде өзі баулыған шәкірттері де халыққа танымал болып, Алтынбек әндерін асқақтата шырқап, қаланы да даланы да әнмен тербеп келеді.
Өзінің әндері жайлы Алтынбек Қоразбаев былай деп баяндайды: «1983 жылы Болгарияға бардым. Сол барған сапарда елден ұзақ уақыт шалғай қалғанымда елді, жерді Қызылсай ауылымды қатты сағынып:
Жұпар исің аңқыған
Туған жерді сағындым,
Әнмен жыры шалқыған
Думанды елді сағындым.
Жетелеген мың арман
Бала кезді сағындым,
Тал шабықтай бұралған
Қара көзді сағындым, - деп әнге қостым. Сондай сапарлардың бірінде даламды да, Алматыдай әсем қаламды да сағына жүріп шығарған «Сағындым Алматымды» әнім. Бұл әнім бүкіл Алматыға келген қазақ жастарының әні болып кеткендей. Иә, Алматы қаласына қалай ән шығармасқа «Жер жәннәті жетісу» деген емес пе?! Сол сұлулыққа сән беріп, халқының бойына нәр беріп тұрған қасиетті қала. Ауылдан оқу-білім іздеп келген қазақ жастарын бауырына басқан бауырмал қала емес пе? Бұл күнде осы «Сағындым Алматымды» әнім әлі күнге дейін халықтың жүрегінен орын тауып шырқалумен келеді».
Иә, қазақ даласын сұлу да әсем әуенімен өрнектеген Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды» әні биік тұғырдан түспей қалықтап келеді. Бұл ән ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өз тыңдарманын табуда.
Ән тыңдайық:
«Музарт» тобының орындауында Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды» әнін тыңдап көрелік.
Біліп ал!
Алтынбек Қоразбаев – (1948) әнші-композитор. Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Композитордың көпшілікке танымал «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай», «Шашбаулым», «Сағындым Кенен атамды», «Ақмоншақты аруым» т.б. көптеген әндері бар. Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтың иегері.
IV. Сабақты қортындылау.
Алтынбек Қоразбаев өнер жолына қалай түседі?
Композитордың ерекшелігі неде?
«Сағындым Алматымды» әні қалай дүниеге келді?
Алтынбек Қоразбаевтың тағы қандай әндерін білесің?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
VI. Үй тапсырмасы.
«Шашбаулым» әнін жаттау
Сабақ №7 Сынып: 6 Сабақтың мерзімі: 21.05.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев атты тақырыппен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардыңорындаушылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет; тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: компьютер, музыкалық орталық, суреттер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеріп, сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Алтынбек Қоразбаев кім?
«Шашбаулым» әнін жатқа сұрау
III. Жаңа материалды меңгерту.
Композитор Нұрғиса Тілендиевті білмейтін қазақ баласы болар ма?! Ата-бабаларымыз айтқан «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген атау Нұрғиса ағамызға арналғандай. Нұрғиса Тілендиев - күйші, ән мен күйді қатар шығара білген ғажап сазгер. Қазақтың халық өнерін әлемге танытуда зор үлесін қосқан «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамбілің дирижері. Композитор атақты «Қыз Жібек» кино фильмін түсіргенде өзінің ғажайып күйімен аққуларды көлге қондырған қасиетті өнер иесі. Ел аузында осы бір оқиға жайлы аңызға айналған бір әңгімені тыңдап көрелік. Әйгілі «Қыз Жібек» кино фильмі түсіріліп жатады. Төлеген мен Жібектің махаббатын бейнелейтіндей, көлде жүзген қос аққудың қосылып келіп сырласқан сәтін түсірмек болады. Қос аққуды алып келіп көлге жібереді. Алайда түрлі жарық түсіретін сәуле аппараттары мен кино камераларды қосқанда қос аққу үркіп екі жаққа ұша жөнеледі. Режиссер не істерін білмей әбігер болады. Сол сәтте Нұрғиса ағаға бір ой келеді. Дыбыс күшейтетін аппараттарды алғызып сол жерде «Аққу» күйін орындай жөнеледі. Күй аяқталғанша қос аққу күйдің сазына елтіп бір-біріне сезім сырын ақтарғандай жұптары жазылмай көлдің бетінде жүзіп жүреді. Осы сәтті пайдаланып, оператарлар тез арада түсіріп те үлгереді. Ал режисер Абдолла Қарсақбаев болса Нұрғиса ағаның мұндай ғажайып өнеріне тәнті болған екен.
Осындай ғажап талант иесі Нұрғиса ағаның көптеген әндері халықтың ыстық ықыласына бөленіп, әлі күнге дейін ауыздан түспей шырқалумен келеді. Сондай әндерінің бірі «Әжеме» атты әнінің тарихына құлақ түрелік!
Иә, композитор Нұрғиса Тілендиевтің «асыл әжем» деп шырқалатын әні алыста қалған әжесінің ұлағатты әңгімелерін аңсаудан туған еді. Нұрғиса Тілендиев осындай терең ойда жүріп, кеудесін бір әдемі әуен кернейді. Бұл әуен жүрегінен орын тауып, бойын әбден билеп алғандай болады. Жүгіре басып көршісі Қадыр Мырзалиев ақынға барады. Үйіне ертіп келіп: «Маған бір әуен келді. Осы әуенді тыңдап көр. Сосын әже туралы өлең жаз», - дейді. Нұрғиса аға әуенді толғана отырып орындайды. Сол мезет Қадыр ақынның да көз алдына жайықта қалған әжесі оралады. Дәл жанында сары майды кертіп, шәйіна салып, асықпай ішіп отырғандай болады. Кейбір иірімдері әжесінің ұршықпен қоса уақытты иіріп отырып, әңгіме айтқан сәттерін елестетеді. Ақынның жаны сол сәтте-ақ әжеге деген сағыныш жырын төгіп салады.
Алтын әжем, асыл әжем аңсаған
Сағынышым сары ормандай самсаған
Әке болып жүргенімде ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған...
дейтін Қадыр ақынның өлең жолдары Нұрғиса Тілендиевтің жүрегінен жарып шыққан әуенмен үндесіп, халықтың да жүрегінен орын табады. Бұл ән ел арасында «Асыл әжем» деген атпен кеңінен таралып кетеді.
Нұрғиса Тілендиев – (1925-1998) – композитор, дирижер,домбырашы. Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Оркестрге арналған «Ата толғауы», «Алтын дән», «Махамбет», «Арман», «Аққу» т.б. поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты увертюралары бар. 400-ден астам әндер мен романстардың авторы. 50-ден астам драма спектакльдеріне, 19 көркем фильмге, 17 мультфильмге, 14 деректі хроникалық фильмге музыка жазған. Осындай өнер мен мәдениеттегі еткен еңбеңі үшін Қазақстанның Халық Қаһарманы атағаны ие болған. Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау», «Алатау», «Өз елім», «Құстар әні», «Куә бол» т.б. көптеген әндері халыққа кеңінен танымал.
IV. Сабақты қортындылау.
Не себепті композитор Н.Тілендиевті «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтамыз?
Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі жайлы әңгімелеп бер?
Н.Тілендиевтің «Әжеме» әні қалай дүниеге келді?
Ана туралы тағы қандай әндер білесің?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жақсы бағалау
VI. Үй тапсырмасы.
«Саржайлау» әнін жаттау
Сабақ №8 Сынып: 6 Сабақтың мерзімі: 14.05.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Жылдық бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жыл көлемінде алған білімдерін тексеру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: бақылау парақшалары
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың көрнекі – құралдары: бақылау парақшалары
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу – құралдарын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Жамбыл Жабаев деген кім?
а. әнші б. ақын в. жазушы г. биші
2. Дина Нұрпейісова деген кім?
а. күйші б. әнші в. ақын г. биші
3. Дина Нұрпейісованың күйі қайсысы?
а. «Әсем қоңыр» б. «Құлагер»
в. «Балбырауын» г. «Серпер»
4. Махамбет Өтемісұлы деген кім?
а. әнші, биші б. ақын,жырау, батыр, күйші
в. жазушы, күйші г. биші, сазгер
5. Махамбет «Мен, мен едім, мен едім» атты толғауын кімге арнайды?
а. Исатайға б. Баймағамбет сұлтанға
в. өз еліне г. дұрыс жауап жоқ
6. Құрманғазы деген кім?
а. әнші б. күйші в. жазушы г. биші
7. «Құрманғазы» атты поэманы кім жазды?
а. Хамит Ерғалиев б. Дина Нұрпейісова
в. Еркеғали Рахмадиев г. Ахмет Жұбанов
8. Құрманғазының қандай күйін генерал – губернатор тыңдап, әсер алды?
а. «Адай» б. «Сарыарқа»
в. «Балбырауын» г. «Қызыл қайың»
9. Ақан серінің тұлпарының аты қалай?
а. Тұлпар б. Алатау
в. Құлагер г. дұрыс жауап жоқ
10. Ақан сері қай жерде туып – өскен?
а. Көкшетау облысы б. Атырау облысы
в. Ақмола облысы г. ШҚ облысы
11. Ілияс Жансүгіров Ақан серінің тұлпарының өліміне арнап қандай пэма жазды?
а. «Тұлпар» б. «Алатау»
в. «Құлагер» г. дұрыс жауап жоқ
12. Қазанғап деген кім?
а. күйші б. әнші в. ақын г. биші
13. Қазанғап қай жерде дүниеге келді? а. Қарағанды облысы б. Ақмола облысы
в. Ақтөбе облысы г. Оңтүстік Қазақстан обл.
14. Бәкір Тәжібаев деген кім? а. күйші, әнші б.биші, сазгер в. ақын, драматург г.композитор, ақын
15. Мұхит сал деген кім?
а. күйші, әнші б.биші, сазгер в. ақын, драматург г.композитор, ақын
16. Мұхиттың «Үлкен айдай» атты әні кімге арналған? а. Қазанғапқа б. Баймағамбет сұлтанға
в. Бала Оразға г. Ата – анасына
17. Қадыр Мырзалиев деген кім? а. әнші б. ақын в. жазушы г. биші
18. Абыл деген кім? а. әнші б. ақын в. жазушы г. биші
19. Абылдың қандай күйімен таныстық? а. «Тұлпар» б. «Абыл»
в. «Сарыарқа» г. «Ақжелең»
20. Тәттімбет деген кім?
а. әнші б. күйші в. жазушы г. биші
21. Тәттімбеттің қандай күйлерін білесің?
а. «Серпер» б. «Сарыжайлау»
в. «Балбырауын» г. «Түрмеден қашқан»
22. Гобелен деген қандай өнер түрі?
а. ән б. күй в. бейнелеу г. би
23.Қай ғасырда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда ең ірі таңбалы тастар табылды?
а. IX ғ. б. XIX ғ. в. XX ғ. г. XXI ғ.
24. Әлібай және Сәуле Бапановтар қай облыста дүниеге келген?
а. Қарағанды облысы б. Қызылорда облысы
в. Атырау облысы г. Оңтүстік Қазақстан обл.
25. Қазақстанның аймағында қаншаға жуық таңбалы тастардағы бейнелер сақталған? а. 170 б. 140 в. 40 г. 1400
26. «Көрұғлы» кімнің күйі? а. Қазанғап б. Махамбет
в. Дәулеткерей г. Құрманғазы
27. Ғазиза Жұбанова деген кім? а. сазгер б. күйші в. композитор г. ақын
28. Ғ.Жұбановнаның қандай шығармасын «Толғау» жанрына жатқызуға болады? а. «Серпер» б. «Прелюдия»
в. «Жігер» г. «Легенда»
29. КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың портретін ең алғаш салған суретшіні ата.
а. Евгении Сидокин б. Гүлфайрус Ысмайлова
в. Әбілхан Қастеев г. Сәуле Бапанова
30. Алғаш рет елімізде қай жылы музыкалық-драмалық техникум ашылады? а. 1930 ж. б. 1932 ж. в. 1934 ж. г. 1936 ж.
31. Айман Мұсаходжаева қай жылы Астана қаласында Қазақ ұлттық музыка академиясын құрып, оның ректоры болады?
а. 1999 ж. б. 1998 ж. в. 2000 ж. г. 1997 ж.
32. Алматы консерваториясы қай жылы ашылды? а. 1945 ж. б. 1942 ж. в.1944 ж. г. 1946 ж.
33. Ахмет Жұбанов деген кім? а. әнші, ақын б. композитор, музыкатанушы в. жазушы, дирижер г. биші, күйші
34. Майра Мұхамедқызы деген кім? а. әнші б. күйші в. жазушы г. биші
35. Шәмші Қалдаяқов қай жерде туып өскен? а. Отырар ауданы б. Атыру облысы