Просмотр содержимого документа
«3 сынып "Мені? заттарым" »
Ашық сабақ
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы (Менің заттарым)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модуль бойынша алған білімдерін жинақтап, бекіту. Тақырып
төңірегінде қарапайым сөйлем құрастыру, әңгімелесу.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз заттарын күтіп ұстауға, ұқыпты болуға,тазалыққа, әдептілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту, қорытындылау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, суретпен жұмыс, тыңдалым, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, ойыншықтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу.
- Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса, осы кісілерге сәлем берейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге ,
Құрметпенен біз.
ә) Сыныпты түгендеу.
б)Мұғалім сөзі: - Біз бүгінгі сабақта сұрақтарға жауап береміз, әңгімелейміз, грамматикалық тақырыптарды қайталаймыз, жаттығуларды орындаймыз.
ІІ. Тіл дамыту.
Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем айлары қандай?
Көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктемде қандай мерекелер болады?
Көктемнің бірінші айы қандай ай?
Көктем саған ұнай ма?
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
б) жаттаған таппақтарын тыңдау.
ІҮ. Өткен тақырыпты қайталау.
а) Сабақтың мақсатын айту:
- Бүгін біз сабақта «Менің заттарым» тақырыбы бойынша алғын білімдерімізді бекітіп, қорытындылаймыз. Онда дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қояйық.
б) Тақырып бойынша қайталау.
- Балалар, сендердің қандай заттарың бар?
- Жақсы, заттарың көп екен. Енді осы заттарды топтастырып көрейік
(1 слайд)
Олай болса, алдымен киімдер туралы әңгімелесейік. (Сурет бойынша жұмыс, 2 слайд)
Бұл нелер? Жейденің түсі қандай? Мынау не? Оны қай кезде киеді? Жағасы бар ма? (Осы тәсілмен сурет бойынша сөйлету).
Жақсы, киімдерді жақсы игеріпсіңдер.
Енді оқулығымызды ң 177-бетіндегі 2-тапсырманы ауызша орындайық. Не үшін керек?
Келесі жұмысымыз оқу құралдары жайында. «Кімнің оқу құралы?» ойыны
(3 слайд)
(Әр қатардан бір оқушыдан шығып, құралдарды үш жаққа топтастырып жазады)
178-беттегі 3-тапсырманы орындау.
Үлгі бойынша сөйлемдер жаз.
- Енді бізде ойыншықтар қалды. Үйлеріңде ойыншықтарың көп пе? Жақсы, қазір біз «Кімде қандай ойыншық ?» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береміз.
(4 Слайд, аудирование)
Ү. Сергіту сәті. (Қимылмен орындау)
(5 слайд)
ҮІ. Тыңдалым жұмысы (аудирование)
Мәтін.
Мынау – менің бөлмем. Бөлмеде менің заттарым бар. Олар: компьютер, үстел, орындық, киімдерім, ойыншықтарым. Үстелдің үстінде кітаптар, оқу құралдары жатыр. Мен заттарымды таза және ұқыпты ұстаймын. (6 слайд)
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Сендердің бөлмелерің қандай? Бөлмелеріңде не бар? Партада қандай оқу құралдарың жатыр? Адамдар қыста қандай киімдер киеді?
Өз заттарыңды таза күтіп ұстау керек. Сонда олар ұзақ қызмет етеді.