kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?АЗА? ТІЛІ. ДИДАКТИКАЛЫ? МАТЕРИАЛДАР

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай атында?ы жалпы білім беру орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

?АЗА? ТІЛІ.

ДИДАКТИКАЛЫ? МАТЕРИАЛДАР
 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

?аза? тілі п?ніні? м??алімі: А.М. Бейсенова

 

 

 

 

2014-2015 о?у жылы

 

 

 

Кіріспе

   Жатты?у ж?мысын ж?ргізу ?шін о?ытушы е? ?уелі оны? т?рлі ма?сатын ай?ындап алады. Содан кейін о?ушылар?а жатты?у ж?мысыны? ?лгісі к?рсетіліп, орындау т?сілдері т?сіндіріледі. 
   Жатты?у ж?мыстары белгілі бір ж?йеге ??рылып, жа?аша т?сілдермен ж?ргізіледі. М??алім о?ушыларды? жатты?у ж?мыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін т?зетіп отыруы, о?ушыны? сауатты жазуына ы?палын тигізеді. Жатты?у т?рлері ар?ылы о?ушыларды? о?у материалын ?алай т?сінгендері ай?ындалады, я?ни жатты?у ?дісі о?ыту ісіні? теориясын практикамен байланыстыруды ж?зеге асырады. 
   Саба?та?ы жатты?у ж?мысы о?ушыларды? ?андай тілдік материалмен ж?мыс ат?ар?анына ?арай фонетикалы?, лексикалы?, морфологиялы?, синтаксистік, т.б. болып б?лінеді. 

   Ш?кірттерді? ал?ан білімдерін бекіту ма?сатында ж?ргізілетін жатты?уларды орындауда келесі талаптар ?ойылады. 
1.Белгілі бір  жатты?уды орындау ?шін о?ушыларды? сол жатты?уларды орындай алатындай білімі болуы шарт. 
2.Жатты?у о?ушыны? тілге деген ?ызы?ушылы?ын, ынтасын арттыруы тиіс. 
3.Жатты?у белгілі-бір ж?йеге с?йкес ??рылуы керек. 
4.?з бетінше ж?мыс істеуге да?дыландыру ?ажет. 
5.Шы?армашылы?ты талап ететін жатты?улар к?бірек болуы керек.
   Жатты?уды іріктеу барысында шамамен мынадай талаптар ?амтылуы тиіс: 
1) жатты?уды? ?тілген та?ырыпты пысы?тау?а, бекітуге ба?ытталуы; 
2) жатты?у талаптарыны? т?рлі болуы о?ушыларды? бойында т?рлі да?дыларды ?алыптастыратыны ескерілуі керек. 
   М??алімні? о?улы? жатты?уларымен шектеліп ?оймай, шы?армашылы? ба?ытта?ы тапсырмаларды ?з тарапынан беруі т?жірибеде кездеседі. ??растыру, салыстыру, талдау, табу, топтау, д?лелдеу, ?орытынды шы?ара білу да?дыларын ?алыптастыратын жатты?уларды? ?р саба?та ж?ргізілуі м??алімні? шеберлік ?абілетіне байланысты. 
   ?рбір ?стаз о?ушылар?а керекті да?дыларды ?алыптастыратын немесе ?алыптас?ан да?дыны тілді? бас?а да ??сас ??былыстарында ?олдана алатын жатты?у ?дістерін білгені ж?н. Жатты?у ар?ылы балаларды? ал?ан білімдері ны?айтылып, на?тыланып ?ана ?оймайды, сонымен ?атар ?з беттерінше ж?мыс ат?ару?а, ойлау ?абілетін дамыту?а да?дыланады.

 

 

 

Жатты?улар топтамасы

 

 

Ø  Фонетикалы? жатты?улар

Ø  Фонетика саласы бойынша тестік сауалдар

Ø  Лексикалы? жатты?улар

Ø  Лексика саласы бойынша тестік сауалдар

Ø  Морфологиялы? жатты?улар

Ø  Морфология саласы бойынша тестік сауалдар

Ø  Синтаксистік жатты?улар

Ø  Синтаксис саласы бойынша тестік сауалдар

Ø  Логикалы? тапсырмалар

Ø  Дидактикалы? ойындар.
 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?АЗА? ТІЛІ. ДИДАКТИКАЛЫ? МАТЕРИАЛДАР »












































Абай атындағы жалпы білім беру орта мектебі












ҚАЗАҚ ТІЛІ.

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР















қазақ тілі пәнінің мұғалімі: А.М. Бейсенова





2014-2015 оқу жылы




Кіріспе

   Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең əуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тəсілдері түсіндіріледі. 
   Жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тəсілдермен жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай түсінгендері айқындалады, яғни жаттығу əдісі оқыту ісінің теориясын практикамен байланыстыруды жүзеге асырады. 
   Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс атқарғанына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді. 

   Шəкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда келесі талаптар қойылады. 
1.Белгілі бір  жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт. 
2.Жаттығу оқушының тілге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруы тиіс. 
3.Жаттығу белгілі-бір жүйеге сәйкес құрылуы керек. 
4.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет. 
5.Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.
   Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынадай талаптар қамтылуы тиіс: 
1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 
2) жаттығу талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек. 
   Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тəжірибеде кездеседі. Құрастыру, салыстыру, талдау, табу, топтау, дəлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың əр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне байланысты. 
   Əрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу əдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс атқаруға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады.

 



Жаттығулар топтамасы



  • Фонетикалық жаттығулар

  • Фонетика саласы бойынша тестік сауалдар

  • Лексикалық жаттығулар

  • Лексика саласы бойынша тестік сауалдар

  • Морфологиялық жаттығулар

  • Морфология саласы бойынша тестік сауалдар

  • Синтаксистік жаттығулар

  • Синтаксис саласы бойынша тестік сауалдар

  • Логикалық тапсырмалар

  • Дидактикалық ойындар.



























Фонетикалық жаттығулар

 
   Фонетикалық жаттығулардың міндеті– оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын жəне оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
   Фонетикадан алған білімдері мен жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймайды, сонымен қатар оқушыларды əдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін қолдануға болады.
   Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады. Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек.
 
№ 1. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.
 
Қаза...станның оңтүстіг...нде Отырар деген қала болған. Оны Шы...ғыс хан басып алғыс... келеді. Қала тұрғ...ндары Отырарды ерл...кпен қор...айды. Отырарды қорғауш...лардыңерліг...н хал...қ ешқашан ұм...тпайды.
 
Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
 
№ 2. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.
 
Б...з к...ршілерімізбен тату-тəтті тұрам...з. Көршілер...міз
– жақсы к...сілер. Олар бізге ...немі көмектеседі. Мен күнде аулада көрші балаларменойна...мын. Мен...ң ор...с, қаза..., татар, ...йғыр көршілер...м бар.
 
№ 3. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.
 
Мақта жазда гүлде...ді. Күзде мақтаның қауашақтары жарылады. Одан үлпілдеген ақ мақта көрін...ді. Мақтаның ашылмаған қауашағын қоза де...ді. Мақтадан көп нəрсе жасал...ды. Одан жіп иіріл...ді. Жіптен мата тоқыл...ды. Матаның шитінен май шығ...ды.
Мақта өте бағалы болғандықтан оны «Ақ алтын» деп те ата...ды.
 
Етістіктердің жасалу жолын көрсет.
 
№ 4. Көп нүктенің орнына д, т әріптерінің тиістісін қой, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
1. Жаңа ...əуір жастары өсіп келеді. Мен науқасымнан ...əуір болдым. 2. Сынып бөлмесі адамға ...олы екен. Оның көршісі - ...олы кісі. 3. Бұл поезд ...ақ күндері жүреді. Менің ақ көйлегіме ...ақ түсіпті. 4. Ғани мен Талғат екеуі мектептен ...ос. Сен əжеңді ...ос.
 
№ 5. Берілген сөздерді буынға бөл, буын түрін анықта.
 
Осы сөздермен сөз тіркестерін құра.
 
Қалам, сызғыш, ұштағыш, желім, өшіргіш, күнделік.
 
№ 6. Жуан түбірлі сөздерді теріп жаз.
 
Мектеп, оқушы, ұстаз, мұғалім, шəкірт, бала, қыз, үлгілі, тəртіпті, дарынды, сауатты.
 
№ 7. Сөз тіркестерін көшіріп жаз, дауысты дыбыстардың астын сыз.
 
Үлгілі оқушы, жақсы бала, білімді ұстаз, мəдениетті адам, əдемі қыз, талапты шəкірт, сауатты əже.
 
№ 8. Жіңішке түбірлі сөздерді теріп жаз.
 
Отан, ел, мемлекет, тəуелсіз, астана, əдемі, сұлу, халқы, ұлты, қорғайды, сүйеді.
 
№ 9. Жіңішке дауысты дыбыстарды бір, жуан дауысты дыбыстарды екі сызықпен сыз.
 
Күз түсті. Айнала сап-сары алтындай. Астық тиеген машиналар тізіліп келеді. Алтын дəн – ел ырысы.
 
№ 10. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз.
 
Кітапхана, мектепте, сыныпта, тақтада, бормен, терезенің, есіктің, оқушының, мұғалімнің, балаға, қыздарда.
 
№ 11. Берілген мəтіннен жуан түбірлі сөздерді бір бағанға, жіңішке түбірлі сөздерді екінші бағанға көшіріп жаз.
 
Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен қарсы алды. Абайлар кеш бата ауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.
 
№ 12. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, көшіріп жаз.
 
Қа...ты жел тұрды. Тең...здің толқыны к...шейді. Асп...нды қара б...лт қор...ады. Бір кезде с...л қ...йып ж...берді. Біз қайы...ты жағаға т...стай бердік. Панала...ға жер іздед...к. Ол күні жа...ын ашылмады. Балы... аула...ға шыға алма...ық.
 
№ 13. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған? Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
Панама, Колумбия елдерінде «таупа» деп аталатын пальма ағашы өседі. Жаңғақтарының салмағы 10 килограмға жететін бұл ағаш100 жыл жасайды екен. Жаңғақтың ішінде 6-10 дəннен тұратын бірнеше қауашақтары бар. Қаттылығы піл сүйегімен теңдес. Осы дəндерден түймелер, моншақтар жасалынады.
 
№ 14. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жаз.
 
Талапты, қолөнер, көпшіл, қаламгер, атамдікі, өнерлі, ағар­тушы, күрекпен, кемпірқосақ, ғарышкер, шыдамды, əжелер, айлакер, терезе.
 
№ 15. Əр топтан артық сөзді тап.
 
1. Ата, аға, қалам, құлын, əке, оқу.
2. Құттықтау, немере, шеше, мақала, таза, тамаша.
3. Мұғалім, шілдехана, қазақ, кітап, жаман, қалам.
 
№ 16. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.
 
1. Ш...кірттер өс...п қанат қақты. 2. Б...з тапсырманы орындадық. 3. Қысқа дайындық жақсы ж...ріп жатыр. 4. С...зім – шекер, тіл...м – бал. 5. Жанат газетті үзбей оқ...ды. 6. Б...лекті б...рді жығады, б...лімді мыңды жығады. 7. Ол Қанат пен Н...рбибінің үй...н нұсқады.
 
№ 17. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
1.Жерді трактормен жыртады. 2. Егінді комбайнмен жинайды. 3. Бригада жұмысқа қызу кірісіп кетті. 4. Мен одан сөзді тоқтатуды талап еттім. 5. Ұжым тамаша табыстарға жетіп келді. 6. Ұстаздан шəкірт озар. 7. Жиналыста оқу-тəрбие жұмысын жақсарту туралы сөз болды. 8. Өзі қазақ тілінде судай сөйлейді. 9. Жəнібектің мұрны да, көзі де, бет-бейнесі де, басы да атасына тартқан.
 
№ 18. Мына мақал-мəтелдерде берілген сөздерді буынға бөліп, буынның түрін ажырат.
 
1. Су – диханның қаны, жер – диханның жаны. 2. Еңбек – ердің сəні. 3. Еңбек түбі – береке. 4. Халықтың ортақ үйі – Отан. 5. Бірлік – бұзылмас қамал. 6. Білім – таусылмас бұлақ, өнер – өмірлік мұрат. 7. Өнерлі өрге жүзеді. 8. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 9. Ер дəулеті – еңбек. 10. Ырыс алды – ынтымақ.
 
№ 19. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз. Мəтінді аудар. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
Ине бұдан 10 мың жыл бұрын .... Ине ағаштан, сүйектен, қоладан, содан соң темірден .... Ал бай адамдар күмістен .... Болаттан істелген тұңғыш инені Еуропаға арабтар .... ХVІ ғасырда Францияда сым созатын машина ойлап табу ине, түйреуішжасау ісіне үлкен жаңалық ....Қазірине химиялық құрамы өте күрделі, сапалы болаттан ....
 
Қажетті сөздер: жасалады, жасалған, жасатқан, пайда болған, енгізді, əкелген.
 
№ 20. Мəтінді оқы, аудар. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді тауып буынға бөл.
 
Қағазды біздің заманымыздың І ғасырында қытайлықтар ойлап тапты. VІІ ғасырда қағаз Парсы еліне, одан Арабияға тарады.  Кейін арабтар оны Еуропаға əкелді. Тəжікстандағы Муг тауынан табылған VІІ ғасыр мұрағатының көптеген құжаттары қағазға жазылған.
Ресейде бірінші қағаз фабрикасы ХVІ ғасырда Мəскеу маңындағы Ивантеевка селосында салынды. 1716 жылы І Петр астанаға таяу жерден ірі қағаз фабрикасын салдырды.
Қазір қағаздың 600-ден астам түрі бар.
 
№ 21. Əр топтан артық сөзді тап.
1. Қасық, табақ, шанышқы, сурет, шəйнек.
2. Студент, институт, дəліз, қонақ, талапкер.
3. Қуыршақ, тəулік, кітап, қаймақ, жəшік.
 
№ 22. Көп нүктенің орнына қ, кдыбыстарының тиістісін қой, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
1. Жеріміз енді ...өбейгелі тұрған жоқ па? 2. Басшысы болмаған елде елді... бар ма? 3. Ары... адамның ...өзі өт...ір болады екен-ау! 4. Баянауылсия...ты жерді ...ім сүймейді? 5. Бұл ...ыздың жасы он жетіге жаңа толды. 6. Бала атасының бетіне таңдана ...арады. 7. Анау ...езде отырғызылған жас шыбы...тар кө...теп қалыпты. 8. Өзінің жа...сы ...өретін о...ушыларының бірі Əділ е...ен. 9. Бү...іл ауылдың малы сол ...ұдықтан суарылады. 10. А...ыры асыға күт...ен ұшу сəті де жетті.
 
№ 23. Көп нүктенің орнына н, ң дыбыстарының тиістісін қой, көшіріп жаз.
 
1. Үзілмей, қатаймай соққан, бір қалыппен желпіп соққан қо...ыр салқы... жел қа...дай рақат! 2. Мырзасы... қарай гөр! – деді біреу мысқылды ү...мен. 3. Мы... –мың рақмет, атажан! 4. Ой байғұс бала-ай! Қарғадай баламды тағы шырылдатты...-ау, қанішер Майбасар! 5. Ана көк шөпке бауыры...ды төсеп жатар ма еді! 6. Бұл туралы кеше айтпаға... да екенсің! 7. Айнала... а қарашы! Қа...дай тамаша! 8. Ол неғылған о...баған адам! 9. Мұ...дай сөздің кімге керегі бар?
 
№ 24. Сөздің бір əрпін өзгертіп жаңа сөз құра.
 
Бар-       қас-     бес-
лақ-       тар-     шың-
 
№ 25. Əріптерді орнына қой, сөздерді дұрыс жаз.
 
Текмеп, алқма, пткаі , ысбды, ріпə.
 
№ 26. Көп нүктенің орнына ұ, ү, у дыбыстарының тиістісін қой, көшіріп жаз.
 
Дам...ы, р...лық, дə...ірін, к...нделікті, алыс..., отыр...мен, р...хани, а...ыз, м...ра, қырк...йек, к...ні, респ...блика, т...ралы, т...рақталып, ...лттық, дамыт..., қолдан..., т...рақтандыр..., атқарыл...да.
 
№ 27. Жіңішке түбірлі сөздерді теріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Алматы алғаш сақ,  кейіннен үйсін тайпаларының мекені болған, орта ғасырларда салына бастаған қала. Қазақстан Ресейдің қол астына қарағаннан кейін Алматы тұрған жерге 1854 жылы «Верный» деген бекініс салынып, Алматы «Верный» деп аталып кетті. Ол 1867 жылы Жетісуəкімшілігінің орталығы болды. 1921 жылы наурыз айының 14-і күні қалаға бұрынғы Алматы аты қайта берілді. Алматы – 1939 жылғы желтоқсан айының 5-і күнінен бері республикамыздың астанасы болды. Бүгінгі күні Алматы – ғылым мен өнер, өндіріс пен демалыс орталығы.
 
№ 28. Көп нүктенің орнына ө, о дыбыстарының тиістісін қой, көшіріп жаз.
 
Б...лме, ...лең, ж...лдас, ...қулық, б...с, ...рны, ...тбасымыз, т...рт, ж...қ, ...лардың, к...йлек, қ...нақ, ...тыр, д...п, ...т, ...рындық, ...рал, к...з, Ж...март, б...лсын, ...блыс.
 
№ 29. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, буынның түрін анықта.
 
Солтүстігінде, табиғаттың, қолайлы, өлкенің, айдындарын, көлдерді, пайдаланады, үстіне, қара, өсімдіктерін, құюдың, қызуы, жергілікті, қолшатырды, елдерінде, тастармен, гүлдерімен, қауырсындарымен, əсемделген, жауыннан.
 
№ 30. Əр топтан артық сөзді тап.
 
1. Қыс, көктем, қала, жаз, күз.
2.  Дəрігер, ғалым, мұғалім, халық, аспаз.
3. Құлақ, мойын, мұрын, қол, көйлек. 












Фонетика саласы бойынша тестік сауалдар


1-нұсқа
1. Тек жуан дауыстылар қатарын анықтаңыз.
А) а, о, ы, ұ  в) ə, і, и, ө  с) ұ, ү, і, е  
д) а, о, ө, ү  е) а, о, ү, е
2. Ұяң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді анықтаңыз.
А) кереге  В) баға  С) алма  Д) ине  Е) көк
3. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
А) бұлт  В) өрт  С) жұрт  Д) іні  Е) қант
4. Қатаң дауыссыз дыбыс болмайтын дыбыстарды көрсетіңіз.
А) ч, х, щ  В) п, ф, к  С) т, с, ш  Д) һ, ц, ж  Е) ғ, г, д
5. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
А) ол, қазір, осында  В) орташа, тау, уақыт  С) қар, қуаныш, бала
Д) құрмет, жауын, ғарыш  Е) дəулет, іні, біз
6. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.
А) нүкте  В) белес  С) жомарт  Д) жалғыз  Е) жеңіс
7. Тек қатаң дауыссыз дыбысы бар сөздерді анықтаңыз.
А) күндіз  В) сабақ  С) қоңырау  Д) Айша Е) шашу
8.      Ашық буынды күрделі сөзді табыңыз.
А) қалада В) отбасы  С) он бірінші  Д) бүге-шіге  Е) үш машина
9.       «Ө» қандай дыбыс?
А) жуан, езулік  В) езулік, жуан  С) жіңішке, еріндік      
Д) жуан, қысаң  Е) жіңішке, езулік
10.  Қатаң дыбысты көрсетіңіз.
А) з  В) ң  С) ғ  Д) у  Е) қ      
11. Бірыңғай ашық буынды сөзді табыңыз.
А) əуестену  В) шұғылдану  С) аластату  Д) секіру  Е) талпыну
12.  Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз.
А) астана  В) дəрігер  С) түлкі  D) көлік  Е) көбелек
13. Қатаң дауыссыздан басталған сөзді көрсетіңіз.
А) ғарыш  B) орман  С) байлық  D) құрлық  Е) үміт
13.  Бітеу жəне ашық буындары бар сөзді көрсетіңіз.
А) əже  В) жазда  С) үй  D) үлкен  Е) ел
14.  Мыс. Сөзде неше буын бар екенін белгілеңіз. 
А) екі В) бір  С) төрт  D) үш  Е) бес
 
2-нұсқа
1. Тұйық буынды сөзді табыңыз. 
А) сауда  В) қаржы  С) өрт  Д) жалақы  Е) өндіріс
2. Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.
А) азан  В) тау  С) қарақат  Д) қарт  Е) сахара
3. Тек жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз. 
А) а, ə, і, ұ  В) а, о, ы, ұ  С) ұ, ү, и, ы  Д) о, ө, ы, і  Е) а, ə, ө, и.
4. Бірыңғай үнді дыбыстардың қатарын анықтаңыз.
А) б, в, н, й, у  В) ə, ө, ұ, ү, і  С) ж, з, м, ə, ы  Д) р, л, й, м, н  Е) п, қ, ғ, ң, ұ
5. Б, в, г, ғ, д, ж, з. Дауыссыз дыбыстардың түрін анықтаңыз.
А) жуан дыбыстар  В) қатаң дауыссыз дыбыстар  С) ұяң дауыссыз дыбыстар 
Д) жіңішке дыбыстар  Е) үнді дауыссыз дыбыстар
6. Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын белгілерді көрсетіңіз.
А) ъ, ь  В) ь, о  С) а, е  Д) ъ, е  Е) ъ, ю
7. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) бастық  В) жағы  С) наным  Д) көкжиек  Е) отбасы
8. Қатаң дауыссыз дыбыстардың қатарын көрсетіңіз.
А) р, й, в, ч, щ, ң  В) а, ə, б, р, һ, ж  С) о, ө, в, л, ч, і  Д) у, й, г, ч, с, ұ   Е) п, ф, к, қ, х, ц
9. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
А) қарға  В) қаршыға  С) қарағай  Д) қасқыр  Е) құмырсқа
10. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
А) сауда  В) қаржы  С) өрт  Д) жалақы  Е) өндіріс
11. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз.
А) үйге  В) талапты С) мектепте  D) балалар Е) ағаштікі
12. Қысаңдауыстыдыбыстардыкөрсетіңіз.
А) у, е, о В) о, и, е  С) ə, о, е  Д) о, а, и  Е) ы, і, ү.
13. Үнді дыбыстардан құралған сөздерді көрсетіңіз.
А) машина, уақыт  В) əдемі, ұстаз  С) ұлан, маймыл  Д) аққу, суық  Е) күзетші, мақсат
14. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) сұлу, жұқа, кіші  В) кісі, таза, үн  С) əн, ас, ал
Д) мереке, үлгі, аула  Е) дəптер, мектеп, гүл
15. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз.
А) көлдер, өзендер  В) қаламдар, қыздар  С) тауды, ұшқыш
Д) жазушы, суретші  Е) қаламгер, баламен.
 
3-нұсқа
1. Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
A) сөз тіркесін  B) тіл байлығын  C) сөз мағынасын  D) сөз құрамын  E) тіл дыбыстарын
2. Бірыңғай жуан дауысты сөзді атаңыз.
A) келді  B) пісті  C) егін  D) ыстық  E) өмір
3. Қатаң дауыссыздан басталатын сөздерді көрсетіңіз.
A) зерек, арман, жұмбақ  B) жаға, мақсат, бақыт  C) дала, бөлме, ғарыш  D) тау, хат, сабақ
E) жүрек, дəн, нөсер
4. Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз.
A) дастархан  B) тамыр  C) тамаша  D) арқар  E) шам
5. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.
A) дүниеқор  B) жолдастар  C) ескерткіш  D) талапты  Е) көңілді
6. Ашықдауыстыдыбыстардыкөрсетіңіз.
А) а, ү, ұ  B) а, о, е C) е, ө, й  D) у, і, ы  Е) у, и, і
7. Ашықбуыннанғанатұратынсөздітабыңыз.
А) достық  В) тамыр С) балаша  D) арқар E) шар
8. Үндестікзаңынабағынбайтынқосымшасыбарсөздітабыңыз.
А) дүние  В) жолдастікі  С) естелік  D) мұрағат  E) көңілді
9. Буын үндестігінде маңызды рөл не ойнайтынын көрсетіңіз.
A) буын  B) дауысты дыбыс  C) дауыссыз дыбыс  D) екпін  E) қосымша
10. Тек жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
A) а, е, о  B) е, ұ, ы  C) ү, ы, э  D) ə, ө, і  E) і, ұ, у
11. Түбірі жуан сөздерді көрсетіңіз.
A) аула, ағаш  B) кереует, пəтер  C) өзіміз, бөлме
D) гүл, терезе  E) ешкі, сиыр
12. Қазақ тіліне тəн дыбысы бар сөзді көрсетіңіз.
A) барамын  B) жазды  C) алды  D) мектеп  E) өмір
13. Үнді дауыссыз дыбыстарды атаңыз.
A) к, қ, с  B) р, д, ғ  C) м, ң, л  D) б, в, г  Е) ж, д, ш
14. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.
A) шығыс  B) əділ  C) ғарыш  D) рухани  E) қоғам
15. Тұйық, ашық жəне бітеу буындары бар сөзді табыңыз.
A) жұмыс  B) мереке  C) сынып  D) отбасы  E) автобус
 
4-нұсқа
1. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
A) жазушы  B) мектептер  C) дəрісхана  D) өнер  E) орман
2. Ə, ө, і, ү, е дыбыстарының түрін анықтаңыз.
A) ашық  B) жуан  C) жіңішке  D) еріндік  E) езулік
3. Пəлеқор. Буын үндестігіне бағынбай тұрған:
A) жұрнақ  B) жалғау  C) туынды сөз D) түбір сөз  E) біріккен сөз
4. Қ əрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
A) көрі...ті  В) кө...тем  C) кəсіп...ер  D) бере...е  E) бай...ау
5. Сөздің түбірі тұйық буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Шалқарда  B) ұлттар  C) оқушының  D) кереге  E) сумен
6. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
A) мектеп  B) орман  C) ғарышкер  D) дəптер  Е) оқушы
7. Қазақ тіліне ғана тəн неше дыбыс бар екенін табыңыз.
А) 5  В) 7  С) 3  D) 9  Е) 10
8. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар екенін табыңыз.
А) 15  В) 7  С) 3  D) 9  Е) 10
9. Ы əрпі қойылатын сөзді көрсетіңіз.
A) кəр...  B) м...нез  C) бөр...к  D) д...мді  Е) жазғ....
10. Бір дауысты дыбысы бар сөздерді көрсетіңіз.
A) қыс, қар  B) ілгіш, өрік  C) аула, жылқы  D) сабақ, лақ  E) егін, қора, шаш
11. Негізі жіңішке сөздерді көрсетіңіз.
A) Астана, отар  B) жыл, бақша  C) көше, келін  D) қармақ, бор  E) мейрам, бақ
12. Қатаң дауыссыздан басталатын сөздерді көрсетіңіз.
A) мұра, орта, ғалым  B) дəстүр, жер, заман  C) бағыт, гүлдену, əлем
D) қуат, тұлпар, кеме  E) дербес, заң, бұлақ
13. Бітеу буыннан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
A) қызық, жарық, қалың  B) өмір, кітап, ұстаз  C) жаңа, ескі, оқу
D) тіл, кең, сөз  Е) жарыс, көрме, жалаң
14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
A) көрші  B) жанкүйер  C) үміткер  D) шəкірт  Е) мамандық
15. О дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
A) езулік дауысты  B) ашық дауысты  C) жіңішке дауысты  D) жуан  E) қысаң дауысты.
 
5-нұсқа
1. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
A) б, в, к, с, д  B) л, д, р, м, п  C) к, с, т, ш, л
D) д, з, һ, т, в  E) в, б, г, ғ, ж
2. Бірғанабітеубуыннантұратынсөздітабыңыз.
A) мақал  B) ел  C) күш  D) білім  E ) ғалым
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
A) -ны, -ні, -н  B) -лар, -лер  C) -тың, -тең  D) -кер, -гер  E) -а, -е, -нда
4. Жіңішкедауыстыдыбыстысөздітабыңыз.
A) сауыскан  B) қора  C) лəззат  D) қауіп  E) білім
5. Жіңішкедауыстыдыбыстыкөрсетіңіз.
А) ү В) у  C) ы  D) о Е) ұ
6. Қазақ тілінетəндыбыстардытабыңыз.
A) а, е, ы  B) ғ, қ, һ  C) ж , ң, н  D) й, і, ə E) р, д, у
7. Ңəрпіжазылатынсөздікөрсетіңіз.
A) мі...дет  B) оры...дық  C) қо...ақ  D) қо...ыр  E) ө...ер
8. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.
A) жүздеген  B) дауылпаз  C ) емен  D) қанағат  E) рақымды
9. Ұяң дауыссыз дыбыстар жоқ сөзді көрсетіңіз.
A) игілік  B) кемеңгер  C) жұмбақ  D) ғажап  E) ойын
10. Жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз.
A) мектеп  B) оқушы  C) қымбат  D) қыркүйек  E) жиын
11. Буынның жуан, жіңішкелігіне қарай болатын үндестікті көрсетіңіз.
A) кейінді ықпал  B) үндестік заңы  C) буын үндестігі
D) ілгерінді ықпал  Е) дыбыс үндестігі
12. Үндестік заңы неше түрге бөлінетінін анықтаңыз.
А) 3  В) 2  С) 5  D) 1  E) 4
13. Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелетін түрлерін атаңыз.
A) қатаң, жуан  B) еріндік, езулік  C) жуан, жіңішке 
D) қысаң, ашық  E) үнді, ұяң
14. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді табыңыз.
A) көмір  B) мұнай  C) өлке  D) жол  E) ағаш
15. Жұп бола алмайтын дыбыстарды көрсетіңіз.
A) п-б  B) к-г  C) ғ-қ  D) с-ш  E) ф-в.






Лексикалық жаттығулар

Тіл дамытуға арналған жаттығулар жүйесін жинақтауда жаттығу жұмыстарына қойылатын мынадай негізгі əдістемелік талаптар ескеріледі:
1) жаттығу мəтіні оқушының жас ерекшелігіне сай келуі тиіс;
2) жаттығу мəтінінің тəрбиелік мəнінің болуы;
3) жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындығы;
4) лексикалық тақырыптың грамматикамен байланыстылығы.
Бұл жаттығу түрлері үш топқа бөлінеді:
1) лексикалық тақырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар;
2) меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушылардың өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар;
3) лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулары.
Жаттығу жұмыстары негізінде шəкірттер əрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тəуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.
 
№ 1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
 
Кімде дəптер бар?                                          Көктемде
Кітаптар қайда қойылған?                            Кітапта
Олар қашан келеді?                                       Елтаңбада
Өскемен туралы қайда жазылған?               Əлияда
Қашан күн ұзарады, түн қысқарады?          Қыста
Неде қыран құс бейнесі жоқ?                       Сөреде
 
№ 2. Берілген сөйлемдерді көшіріп, жақшаның ішіндегі сөздерді аударыңыздар.
 
(В моем доме) төрт бөлме бар. Кілем  (на полу) жатыр. (У кого) артық қалам бар? Алманың үйі  (на проспекте Сатпаева) орналасқан. Біз Алматыға  (летом) барамыз. Екінші сабақ қашан басталады? Анам (в институте) оқытушы болып жұмыс істейді.
 
№ 3. Сөйлемдерді қазақшаға аударыңыздар.
 
Тетрадь ученика, житель села, угол комнаты, квартира моего друга, дом брата, главный инженер завода, профессия Александра, имя его друга, школа Болатбека, мяч детей, платье твоей тети, дочери моей сестры, Резиденция Президента Республики Казахстан, отрывок поэмы Абая, его название, конец работы; самое главное вопроса, характер твоего друга.
 
№ 4. Атаулы күндерді қазақша жазыңыздар.
 
Үлгі: Наурыздың сегізі – Халықаралық Əйелдер күні.
 
Девятое мая – День Победы. Первое сентября – День Знаний. Пятое июня – Всемирный день Защиты окружающей среды. Двадцать второе марта – Праздник Наурыз. Первое января- Праздник Новый год. Шестнадцатое декабря – День Независимости. Тридцатое августа – День Конституции.
 
№ 5. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой, мақал-мəтелдерді аударыңыз.
 
Құс ... ұшады, ... қонады.
 ... дос бол, үйіңе береке кіреді.
 ... дос бол, қадіріңді біледі.
 ... дос бол, сасқанда ақыл береді.
Ағаш ... , адам ... мықты.
 
Қажетті сөздер: тамырымен, азаматпен, құйрығымен, əйеліңмен, қанатымен, білімдімен, досымен.
 
№ 6. Мəтінді оқып мазмұнын айт.
 
Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, əке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең əуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы, су болғанша, құралды, құралсыз кəрі-жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тəсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған... Ал қазіргі ел бұрынғы көр балалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді...Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де дүниенің асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста.
 
№ 7. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?
 
Қазақстанның мемлекеттік туы аспан түстес көгілдір. Туымыз бір түсті, қоспасы жоқ. Ол халқымыздың бірлігін, тұтастығын білдіреді.
Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті жəне ұлттық өрнек бейнеленген. Күн байлық пен берекенің нышаны болып есептеледі. Ал қанатты бүркіт – далалықтар үшін еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу. Ою-өрнектар – қазақ халқының өмірлік серігі.
 
Алтын күнсөз тіркесінде алтын сөзі тура мағынасында қолданылған ба? Бұл сөзбен ауыспалы мағынада сөз тіркесін құрастыр.
 
№ 8 Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?
 
Панама, Колумбия елдерінде «таупа» деп аталатын пальма ағашы өседі. Жаңғақтарының салмағы 10 килограмға жететін бұл ағаш 100 жыл жасайды екен. Жаңғақтың ішінде 6-10 дəннен тұратын бірнеше қауашақтары бар. Қаттылығы піл сүйегімен теңдес. Осы дəндерден түймелер, моншақтар жасалынады.
 
Мына сөздерді тəуелдік жалғауының 3-жағына қойып қандай дыбыстар өзгеретіндігін көрсетіңдер: сабақ, жапырақ, бұтақ, жаңғақ, салмақ, терек, шөп, қабық.
 
№ 9. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?
 
Əжем екеуіміз көшеде келе жатып жерде жатқан жарты күлше нанды көрдік. Əжем еңкейіп нанды алды да, оң қолының саусағын алдымен нанға тигізді, сонан соң маңдайына бір тигізді.
 - Қазір кейбір балалар тоқшылықтың қадірін білмейді, – деді əжем ренжіп.
 - Нанды кез келген жерге лақтырып тастайды.
Сосын əжем нанды алып, қол орамалына орады. Үйге келді де, əлгі нанды қайда  қоярын білмей сəл ойланып тұрды да:
 - Таптым! Ең болмаса торғайлар жесін, – деп əжем нанды үгітіп тақтайға салды да, терезенің сыртына қойды.
 
Мəтіндегі етістіктерді теріп жазып болымсыз түрге айналдырыңдар.
 
№ 10. Берілген сөз тіркестеріне қарсы мəндес сөз тіркестерін жазыңдар, олармен сөйлем құрастырыңдар.
 
Жеңіл жұмыс – ... ; көңілді əн– ... ; терең су – ... ; баяу жел – ... ; қалың шөп – ... ; шалғай жер – ... ; қысқа мерзім – ....
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
№ 11. Төмендегі тіркестерде қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағыналарды білдіретінін айт.
 
1. Қалың дəптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім.
2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы.
3. Қисық ағаш, қисық мінез.
4. Суық күн, суық сөз, суық хабар.
5. Жылы су, жылы сөз, жылы қабақ.
6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр мінез.
 
№ 12. Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі сөздердің лайықтысымен қатарластырып сөз тіркесін жаз.
 
Сирек, селдір  (шаш, кездесу).
Қысқа, келте, шолақ  (мұрын, көйлек, ақыл, күртеше).
Көп, мол, қыруар  (ақша, тамақ, адам, жылқы).
Мықты, берік, күшті  (еден, ағаш, суретші).
 
№ 13. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаз.
 
Бірлік, татулық, ынтымақ. Бейбітшілік жақтаған жұмыр жердің бетіндегі кез келген халық осы қасиетті үш ... қадірін жақсы біледі. Халықтардың аңсаған ... , көздеген ... – ең бірінші осылар. Қазақстан – жүздеген ... басын біріктіріп отырған мемлекет. Біздің жас мемлекет үшін халықтың ... ауадай қажет.
 
Қажетті сөздер: бірлігі, арманы, ұғымның, мақсаты, ұлт өкілдерінің.
 
№ 14. Жақша ішіндегі сөзді қазақшаға аудара отырып, сөйлемдерді аяқта. Баяндауышқа сұрақ қой.
 
Көк Туымыз төбемізде (развевается). Елтаңбамыз барша əлемге (известен). Елбасымыз өз Жолдауында халқымызға ХХІ ғасырдың бас кезіндегі атқарылатын жұмыстардың жауапкершілігінің зор екенін  (напоминает). Тіл тазалығы мен дене тазалығын сақтауға  (старайтесь).
 
№ 15. Сөйлемдерді қазақшаға аударыңдар.
 
Мой отец – учитель. Он учит детей. Мать – врач. Она работает в поликлинике. Бабушка и дедушка не работают. Они – пенсионеры. Я и моя старшая сестра учимся в школе. Мы учимся хорошо.



























Лексика саласы бойынша тестік сауалдар

1-нұсқа
1. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) ащы, тұщы  В) кітап, оқулық 
D) ағайын, туыс  Е) жақсы, дұрыс  С) береке, бірлік
2. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А) жылы жүрек  D) жылы лебіз
В) жылы жүз  Е) жылы су  С) жылы сөз
3. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) аласа, ұзақ  В) биік, зəулім  С) əдемі, жақын
D) жақсы, жаман  Е) құрметті, күшті
4. «Атақты» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) даңқты  В) баяу  С) ақылды  D) білімді  Е) қызық
5. «Мейрам» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) демалыс  В) дана  С) күн  D) мереке  Е) жаз
6. «Қуаныш» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) мереке  В) қайғы  С) шаттық  D) ұят  Е) қуат
7. «Дұшпан» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз.
А) кəрі, қария  В) қауіп, қатер  С) аман, сау
D) қас, жау Е) дауыл, боран
8. «Дос» сөзініңантонимінкөрсетіңіз.
А) қос В) дұшпан  С) ағайын  D) бауыр  Е) құда
9. «Көп» сөзініңантонимінкөрсетіңіз.
А) жоқ  В) мол  С) аз  D) бар  Е) кел
10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) мөлдір су  В) терең сай  С) өткір көз  D) алтын  уақыт  Е) өткір тіл
11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) өткір, қымбат, бағалы  В) қарт, кедей, жас  С) биік, аласа, жақын
D) алыс, шалғай, жырақ  Е) шаттық, қуаныш, өкініш
12. «Жылдам» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) жай  В) тез  С) жақсы  D) алыс  Е) үлкен
13. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) дəрі, дəріхана, аурухана  В) ауыл, дала, аймақ  С) үй, мектеп, баспана
D) жас, құрдас, көрші  Е) ауру, сырқат, кесел
14. «Алғашқы» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) бастапқы  В) алдыңғы  С) соңғы  D) бірінші  Е) ортаншы
15. «Ену» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) айту  В) бару  С) салу  D) сөйлеу  Е) шығу.
 
2-нұсқа
1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) сабырлы, төзімді, шыдамды  В) жаяу, жүгіру, жүру
С) күлу, жымию, жылау             D) ата, əке, туыс  
Е) ер, батыр, жау
2. Тура мағыналы сөзді табыңыз. 
А) күміс көмей                       В) күміс алқа                        С) күміс күлкі
D) күміс той                Е) күміс су
3. Антоним сөздерді көрсетіңіз. 
А) бейне, сурет           В) мұғалім, оқытушы          С) жас, кəрі
D) əдемі, сұлу              Е) той, думан
4. Синоним болмайтын сөздерді көрсетіңіз. 
А) күш, қуат                В) қас, жау                С) ұстаз, шəкірт
Д) еріту, балқыту        Е) құрбы, құрдас
5. Турамағыналытіркестітабыңыз.
А) ашық қол    В) ашық мінез           С) биік арман
D) құрғақ сөз   Е) құрғақ тас
6. «Үлгі» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз
А) амандасу, есендесу           В) өнеге, ғибрат       С) мысал, есеп
D) қайнар, бұлақ                    Е) сұрау, білу
7. Турамағыналытіркестітабыңыз.
А) күміс күлкі                         В) биік тау                 С) жібек мінез
D) көңілді жаз                         Е) қаралы хабар
8. Антоним сөздерді көрсетіңіз. 
А) қорқақ, батыр        В) көру, есту             С) ана, нағашы
D) сау, саламат                       Е) айту, жеткізу
9. «Биік» сөзінің антонимін көрсетіңіз. 
А) ұзын                        В) аласа                     С) алыс
D) ілгері                       Е) жоғары
10. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) жылау, еңіреу        В) басталу, аяқталу              С) келді, кірді
D) күлді, жымиды      Е) ақыру, айқайлау
11. Мақалды толықтырыңыз.
Отан .... отқа түс.
А) туралы                    В) бірге                      С)   үшін
D) да                             Е) мың
12. Мақалды толықтырыңыз.
Оқу ....... құдық қазғандай.
А) күрекпен                В) инемен                  С) қолмен
D) қайшымен              Е) кетпенмен
13. Мақалды аяқтаңыз.
Мектеп кеме, білім – .... .......
А) теңіз                        В) мұхит                    С) көл
D) өзен                                     Е) бұлақ
14.  «Төбесі көкке жету» тұрақты тіркесінің мағынасын
көрсетіңіз.
А) ұшу                         В) ұйықтау                С) ойнау
D) өкіну                       Е) қуану
15. Мақалды аяқтаңыз.
Бірінші байлық – .... .... ....
А) ақша                        В) денсаулық            С) адамдық
D) тазалық                   Е) білім
 
3-нұсқа
1. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің антонимін
табыңыз.
А) момын                    В) ақылды                 С) тентек
D) жуас                                    Е) баяу
2. Мақалдың жалғасын табыңыз.
Басқа пəле .... .... ...... 
А) тілден                      В) көзден                   С) ауыздан
D) қолдан                    Е) аяқтан
3. Мақал-мəтелден антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.
А) Сыйлап берсе, сусын іш.             В) Берген жомарт емес, алған жомарт.
С) Көппен көрген – ұлы той.                       D) Жері байдың елі бай.
Е) Қолы ашықтың жолы ашық.
4. Мақалды көрсетіңіз.
А) Асанның ішек-сілесі қатты.         В) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 
С) Ой түбіне жетпеу.                         D) Тамырына балта шабу. 
Е) Ол сөз өнері туралы көп біледі.
5. Мақалды толықтырыңыз.
Қызым, саған айтам, .... , сен тыңда. 
А) балам                      В) анам                      С) келінім
D) айналайын             Е) ұлым
6. Мақалдың тақырыбын көрсетіңіз.
 Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса кішіден сұра.
А) ынтымақ, бірлік туралы               В) достық туралы    
С) еңбек пен кəсіп туралы                D) батырлық, ерлік  туралы
Е) өнеге-білім туралы
7. Мақалды толықтырыңыз.
....ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
А) үш                В) екі                                    С) тоқсан
D) бір                Е) барлық
8. Мақалды толықтырыңыз.
Отан оттан да .... . 
А) ыстық                     В) қымбат                  С) жылы
D) жақсы                     Е) артық
9. Мақалды аяқтаңыз.
Батыр туса – ел .... . 
А) дəстүрі                    В) жақсылығы          С) ырысы
D) қуанышы                Е) байлығы
10. Мақалды толықтырыңыз.
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты .... бұзар. 
А) дүние          В) көңіл         С) сөз             D) су              Е) ақша
11. Мақалды толықтырыңыз.
Бірлік бар жерде .... бар. 
А) өмір                         В) ырыс         С) жақсылық                        D) тыныс       Е) тірлік
12. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) ырыс алды – ынтымақ  В) бойшаң қыз  С) түйме тағу   
D) ат ізін салмау                Е) туған жер
13. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
А) Мен жалғыз жатып қалдым.  В) Бала тəтті ұйқыда жатыр. 
С) Қалың ел ұйқыда жатыр. D) Ана түн ұйқысын төрт бөлді. 
Е) Ұйқың келсе, қара жер болар мамық.
14. «Тез» деген сөзді тұрақты сөз тіркес түрінде қалай айтады?  
А) ит өлген жер          В) дегбір таппау       С) ауызға іліну
D) қас пен көздің арасында   Е) еті тірі
15. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
А) он шақты сынып   В) көзді ашып-жұмғанша    С) Алматының жері
D) орманды өлке        Е) кең алқап.
 
4-нұсқа
1. Мақалды толықтырыңыз.
Тіл .... жарады. 
А) сөз    В) білім         С) отын         D) ақыл         Е) тас
2. Мақалдың тақырыбын көрсетіңіз.
Білімді өлмес, қағазда аты қалар.
Ұста өлмес, істеген заты қалар. 
А) өнер-білім   В) денсаулық            С) адамгершілік
D) ерлік            Е) достық
3. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз. 
А) дауыссыз дыбыс    В) күн көзі     С) айызы қану
D) нашар кісі               Е) күллі ғалым
4. Мақалдың тақырыбын көрсетіңіз.
«Ұлық болсаң, кішік бол». 
А) ерлік            В) ынтымақ-бірлік    С) тіл            
D) үлгі-өнеге, тəлім-тəрбие               Е) өнер-білім
5. Мақалды толықтырыңыз.
Өнер алды – .... тіл. 
А) көл   В) шешен       С) қызыл        D) ақ   Е) жасыл
6. Антонимді тап. 
А) жақсы, жаман        В) таза емес   С) əдемі, сұлу
D) қысқы, келте          Е) ұзын, ұзақ
7. Синоним сөздерді анықта:
А) ел, халық    В) кітап, дəптер        С) биік, аласа
D) кең, тар       Е) əңгіме, өлең
8. Лексика нені зерттейді?  
А) сөздік қорын          В) сөз тіркесін           С) дыбыстарды
D) түбірді         Е) сөз құрамын
9. Көп мағынасы бар сөзді белгіле:
А) түс   В) ауа            С) ағаш          D) қоңырау   Е) тақта
10. Синонимдік қатарды тап.
А) ұл, қыз, аға В) қарт, кəрі, қария С) көк, қызыл, ақ D) ана, ата, тəте Е) ұят, ой, ақыл
11.Фразеологизмді тап. 
А) киелі шаңырақ       В) түркі тілдес мекені          С) белгілі күйші
D) қоңырау кестесі     Е) қас пен көздің арасында
12. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?  
А) кішкентай   В) кедей         С) қорықтар D) бір үлтты Е) тəуелсіз
13. Қазақстанның табиғаты қандай?
А) тамаша        В) қызық        С) жаман       D) мықты       Е) сары
14. Отан туралы мақалды тап. 
А) Денсаулық – зор байлық. В) Бір тал кессең, он тал ек.
С) Ел іші – өнер кеніші.         D) Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. 
Е) Отан  үшін отқа түс.
15. «Асар» сөзінің синонимін тап. 
А) қуаныш       В) шаттық      С) көмек        D) сабақ        Е) салық
 
5-нұсқа
1. Туыстық атауды тап. 
А) балта           В) қайың        С) нағашы     D) уық            Е) арыстан
2. Мемлекеттік рəмізді көрсет. 
А) ту     В) халық        С) тарих         D) отан          Е) қала
3. Қазақтың ұлттық ойынын ата. 
А) футбол        В) теннис       С) дойбы       D) шахмат      Е) ақсүйек
4. «Родная земля» қазақ тілінде. 
А) менің мектебім      В) сенің ауылың       С) оның қаласы
D) сіздің үйіңіз            Е) туған өлке
 
5. Омоним бола алмайтын сөзді тап. 
А) шығыс         В) кіріс           С) сасу           D) тете           Е) алыс
6. Синоним сөздерді көрсет. 
А) жеңіл, таяз В) мықты, берік        С) қағаз, ағаш                       D) ақ, қара
Е) кесек, ұсақ
7. Антонимдік жұпты тап. 
А) құрбы-құрдас         В) жоғары-төмен      С) сəлем-сауқат
D) ауру-сырқау           Е) тап-таза
8. Мемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі?
A) күн   B) жұлдыз     C) су   D) аспан         E) жер
9. Жаз айларын көрсет.
A) қазан, қараша, желтоқсан             B) маусым, шілде, тамыз
C) қаңтар, ақпан, желтоқсан             D) наурыз, шілде, мамыр
E) наурыз, сəуір, мамыр
10. Наурыздың қандай мейрам екенін көрсет.
A) жастар мейрамы    B) ардагерлер мейрамы       C) еңбек мейрамы
D) жаңа жыл мейрамы           E) адамзат мейрамы
11. Сөйлемді толықтыр.
Алматыдағы Мемлекеттік академиялық опера жəне балет театры ... атында.
A) Шəкен Айманов    B) Күлəш Байсейітова         C) Əміре Қашаубаев
D) Абай                       E) Қалибек Қуанышбаев
12. Əлия Молдағұлованың кім болғанын көрсет.
A) мерген          B) əнші          C) күйші        D) ақын          E) биші
13. Тұрақты сөз тіркесін тап.
А) сыбырлап сөйлеу В) əдепті оқушы       С) тіс жармау
Д) өмір сүру                Е) меншік үй
14. «Биік, аласа» қандай сөздер:
А) бір мағыналы сөз   В) антоним    С) синоним  
Д) тұрақты тіркес       Е) омоним
15. Еркін сөзтіркесін тап. 
А) тісі батпау              В) тіс қаққан             С) тісін қайрау         
Д) тісін тазалау           Е) тісі тісіне тимеу. 




































Морфологиялық жаттығулар

Морфологиялық жаттығулардың міндеті – ана тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:
1) сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;
2) сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:
1) алдымен негізгі түбірлерді, одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды;
2) белгілі-бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу  үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі;
3) туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығу түрлері төмендегідей сараланады:
1) мəтіннен керекті сөздерді тапқызу;
2)  керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату;
3) сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету;
4) мағына мен тұлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.
 
№ 1. Берілген зат есімдерге жатыс септігінің тиісті жалғауларын жалғаңыздар.
Түс... , тау... , досым... , сен... , бөлмесі... , дүкен... , үйің... , ат... , жаз... , олар... , үйі... , үстелім... , бас... , уақыты... , əжеңіз...
 
№ 2. Жатыс септігінің тиісті жалғауларын жазыңыздар.
 
Менің үйім орталық  (де, те, та). Сенің жұмыс орның Тəуел­сіздік даңғылы  (нде, та, нда). Сіздің мекенжайыңыз Лихарев көшесі (де, нда, нде). Мен көктем (те, нде, д Е) Астанаға барамын. Лəззат демалыс  (да, та, де). Асан  (та, нда, д А) қызық кітапбар.
 
№3. Көп нүктенің орнына жатыс септігінің жалғауын жалғап, жақшаның ішіндегі сөздердің біреуін таңдап жазыңыздар.
 
Көктем...  (гүлдер, адамдар) өседі. Үстел...  (кітап пен қалам, орындық) жатыр. Мен...  (қызық, қисық) кітаптар көп. Біз бүгін Русланның үйі... кездесеміз.  (Наурыз..., қаңтар... ) күн жылы­нады.  (Сəрсенбі мен дүйсенбі..., түн... ) сабақ болмайды. Батыр...  (найза, садақ, қылыш, күшік) болады. Əсет...  (жаңа, кəрі) шапан бар. Мектебіміз...  (дарынды, алтын) оқушылар көп. Ол менің  (ойым..., қалтам... ) жүреді.
 
№ 4. Берілген зат есімдерге барыс септігінің тиісті жалғау­ларын жалғаңыздар.
 
Бөлме... , Асан... , жігіт... , қызы... , орталық... , əжем... ,  жұмысыңыз ... , аптасы ... , көрпе..., үйің... , шəкірттеріміз... , сыны­бың... , ұстазым ... , дəптері... , қала... , жүзім... , күрес... , бетім...
 
№ 5. Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіздер.
Үлгі: Су  (вода), ішу  (пить) – су ішуге  (чтобы воду попить)
 
Кітап  (... ), алу  (... ) – ...  (... ).
Үй  (... ), қарау  (... ) – ...  (... ).
Ол неге келе жатыр?
Ақша  (... ), беру  (... ) – ...  (... )
Сүт  (... ), сатып алу  (... ) – ...  (... )
Есік  (... ), ашу  (... ) – ...  (... )
 
№ 6. Берілген сөйлемдерді көшіріп, жақшаның ішіндегі сөз­дерді  аударыңыздар.
 
 (В мой дом) достарым келді.  (Тебе) жауапты тапсырма бере­міз. Мен  (к тебе домой) қарай келе жатырмын. Ты  (в магазин) қарай барасың ба? Сізге  (к дому Дины) дейін бару керек. Салтанат пен Əсет  (к нам на работу) қарай қашан келеді? Бізге  (на задание) назар аудару керек. Саған  (громко разговаривать) бол­майды.
 
№ 7. Берілген зат есімдерге шығыс септігінің тиісті жалғау­ларын жалғап, оларға сұрақтар қойып аударыңыздар.
Үлгі: ата ... - атадан  (кімнен?) – от дедушки
əңгімесі ... -əңгімесінен  (неден?) – из его рассказа
 
Қағаз ... , хат... , сурет... , баласы... , əжем... , ұн... , баяндамаң ... , өлең ... , үйі ... , құлын ... , түйе... , Атырау... , балық... , жаз... бері.
 
№8. Сөйлемдерді аударып, шығыс септігінің жалғаулары бар сөздерге сұрақтар қойыңыздар.
 
Я пришел со школы. Моя бабушка смотрит из окна. Самал из теста приготовила вкусный пирог. Мы с речки принесли краси­вые камни. Его младший брат боится воды. Мастера из золота и серебра изготовили дорогое украшение. Моя мама приготовила варенье из черной смородины. Айгуль от тебя ушла днем? По радио во сколько передают новости?
 
№ 9. Көп нүктенің орнына тиісті шығыс септігінің жалғауын жазыңыздар.
 
Мен Əлияның сөмкесі... қалам алдым. Өзен... көп балық ау­ладым. Əжем маған сүт... ірімшік жасап берді. Ол көршім... үш орындық алды. Біз теледидар... жақсы кино көрдік. Анам қызылша... салат жасайды. Айша қатты дауыс... оянды. Біз ал­тын адамды қай мұражай... көрдік? Бақша... алма, алмұрт, жүзім тердік. Автобус Өскемен... Астанаға дейін бір күн жүреді.
 
№ 10. Берілген зат есімдерге табыс септігінің тиісті жалғау­ларын жалғаңыздар.
 
Болат... , темір... , мысығым... , күші... , ай... , кітап... , не­мере... , атасы... , мемлекет... , жаз... , күз ... , зауыты... , көше... , ескерткіш... , жағажай... , сөздігің... , тайпа... , заң... , жылы... , құстар ... , тілі... , апта... , ел... , халық...
 
№ 11. Сөйлемде келтірілген сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіздер.
 
Үлгі: Мен  (кого?) қатты сағындым. – Мен сені қатты сағын­дым. Сіз бұл (что?) оқыдыңыз ба? – Сіз бұл кітапты оқыдыңыз ба?
 
Сен тез  (что?) жəне  (что?) палауға кес. Ол маған əдемі  (что?) сыйлауға əкеле жатыр. Оқушылар қазақ тілінің  (кого?) ықыласпен тыңдап отыр. Əке-шешем «Бəйтерек» мейрамханасына Жаңа жылды бірге қарсы алуға  (кого?) шақырды. Ағаларым үлкен  (что?) салып жатыр. Баласы кеше байқаусызда  (что?) жəне  (что?) жыртып алды.
 
№ 12. Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіздер.
 
Үлгі: Біз кімді шақырдық? – Біз көршіні шақырдық.
 

Сен нені оқып отырсың?

пияз

 

Анар нені кесіп жатыр?

қонақтар

 

Ол кімді жақтайды?

ет

 

Ол кімдерді сыйлайды?

үйлер

сөйлем

Əжем нені пісіріп жатыр?

мұғалімдер

 

Қалада нелерді салып жатыр?

кітап

 

Біз кімдерді шақырдық?

баласы

 

 
№ 13. Берілген зат есімдерге ілік септігінің тиісті жалғауларын жалғаңыздар.
 
Дүкені... , аймақ... , ұғым... , мөлшер... , аң... , тұрғын... , теңіз... , елік... , жасөспірім... , көшбасшы... , сарбаз... , алып... , Ертіс... , күй... , Абай... , көшелер... , əжелерім....
 
№ 14. Көп нүктенің орнына қажетті ілік септігінің жалғау­ларын қойып аудырыңыздар.
 
Үлгі: Бөлменің терезесі – окно комнаты
 
Астана қаласы – Қазақстан... астанасы –
 
«Евгений Онегин» - Пушкин... романы –
Өскемен қаласы... тұрғыны – ___________
Əпкем... үйі – ________________________
Бөлім... қызметкері – __________________
Жылқы... төлі – _______________________
 
№ 15. Иелік форма жұрнақтары мен ілік септігі жалғауларын дұрыс жазыңыздар жəне сөйлемдер құрастырыңыздар.
 
Үлгі: доп баланікі – баланың добы  (мяч ребенка) Бұл доп баланікі – баланың добы көшеде жатыр.
 
Бақ ата... – Ата... ба...ы  (... )
Қап атам... – Атам... қа...ы (... )
Етік се... – Се... ет... і (... )
Кітап Самат ... – Самат... кіта...ы (... )
Жапырақ ағаш ... – Ағаш... жапыра...ы (... )
Жастық əже... – Əже... жасты...ы (... )
Білезік сіздер... – Сіздер... білезі...і (... )
Жіп сіңлің... – Сіңлің ... жі...і (... )
 
№ 16. Көмектес септігінің тиісті жалғауларын жазыңыздар.
 
Алма пышақ  (пен, бен) нан турады. Мен Нұрлан  (пен, мен) бірге өлең айттым. Үйге автобус  (бен, пен) барасың ба? Атам (мен, бен, пен) жайлауға барайық. Мінезі (мен, бен) ұнады. Апайым кəмпит  (мен, пен) шай ішіп отыр. Терезені қағаз  (мен, бен) сүрттік. Сен филармонияға Жұмабаев  (пен, мен) бірге барған жоқсыңба?
 
№ 17. Сөйлемдерді екінші бағанда берілген тиісті бөлігімен толықтырыңыздар.
 
Үлгі: Адамдар баспен ойлайды. Люди думают головой.
 
                  көз .  .  .                сезеді
                   құлақ .  .  .            естиді
                   қол .  .  .                дем алады
                   аяқ .  .  .                 домбыра шертеді
Адамдар    мұрын .  .  .           сөйлейді 
                   тіс .  .  .                  жүреді
                   тіл .  .  .                  ұстайды
                   ауыз .  .  .              тамақ ішеді
                   саусақ .  .  .           тамақ шайнайды
                   жүрек .  .  .            көреді
 
№ 18. Берілген зат есімдерге көмектес септігінің тиісті жал­ғауларын жалғаңыздар.
 
Ит... , қар... , мені... , тарақ... , күрек... , теңіз... , пойыз... , ұшақ... , досы... , Ілияс... , той... , доп... , аяқ... , адам... , шаңғы... , көше... , тұлға... , сноуборд... , археолог....
 
№19. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздердің орнына сұрау есімдіктерін қойып, сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен қарсы алды. Абайлар кеш бата ауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.
 
№ 20. Мына сөйлемдерді көшіріп, баяндауыштардың қандай етіс тұлғасында берілгенін айт.
 
Мұғалім бізді Түркістан қаласымен таныстырды. Біз Қожа Ахмет Йасауи кесенесін тамашаладық. Бұл кесене 1396-1404 жылдары тұрғызылды. Оны Ақсақ Темір салғызды. Түркістан қаласытуралы біз көп əңгімелестік.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
№ 21. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
 
Үлгі: гүл-гүлді – гүлді өсімдік
 
Орман, жапырақ, шырша, қарағай, шөл, көлеңке, алма, бала, ағаш, салмақ, терек, пайда.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
№ 22. Жақша ішіндегі етістіктерді өзгелік етіс тұлғасына қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.
 
Көктемде біз Наурыз мейрамын  (өт) .... Апай бізге əн  (айт) ... , би  (биле) .... Ол бізге құттықтау  (жаз) ... , кейбір балаларға сурет  (сал) .... Апам бізге наурыз көже  (іш) .... Мен əпкеме ба­уырсақ  (пісір) ....
 
Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
 
№ 23. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді қалау рай тұлға­сына қойып, өзгертіп жазыңдар.
 
Мен үйдің қасына гүл отырғызамын. Гүлге су құямын. Гүл қайтадан жақсы өсе бастайды. Мен жақсы адам боламын. Кеш­ке далада серуендеймін. Атам үйде демалады. Ертең Алматыда ауа райы суық болады. Кешке жақын жаңбыр жауып, қатты жел соғады.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
№ 24. Сөздерге жіктік жалғауын жалғап, сөйлемдер құрап жаз.  (I жақ, жекеше)
 
Жиырмада, жас, үлкен, бала, əке, Өскеменнен.
 
№ 25. Тəуелдік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
 
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау:
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Бау-бақша тосады,
Тосады достарым.
Дастарқан толған дəн,
Жайдары аспаным.
 
№ 26. Кім, кімдер, не, нелер сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
 
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағайынды Қапановтар бар. Беттері қызара бөртіп сырғанақ тебуден жалыққан емес.
 
№ 27. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған? Мəтінге бірнеше сұрақ қой. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
Жылда төрт маусым бар, əр маусымда үш ай, яғни тоқсан күн болады. Көшпелі халық əр маусымға қарай мал жайылымын өзгертіп, қоныс аударып отырған. Оны көктеу, жайлау, күздеу, қыстау деп атаған.
Ерте кезде малшылар көктем айларында қыстаудан алыс жерге көктеуге көшіп малын төлдететін. Содан кейін жайлауға көшіп, маусым, шілде, тамыз айларын сонда өткізетін. Жай­лау – қыстаудан алыс жатқан жердегі жазғы қоныс. Оны шөбі жақсы, суы мол жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында да ешкім болмайды. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойынып, семіреді. Мал ғана емес, адамдар да рақаттанады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік əзірлейді.
 
№ 28. Мəтінді оқып, тəуелдік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
 
Өскемен қаласы – Шығыс Қазақстан облысының орталығы. Өскемен қаласының іргесі 1820 жылы Семей облысына қарайтын уездік қала болып белгіленді. 1939 жылы ол Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып бекіді. Мұнда өнеркəсіп орындарынан Қорғасын-мырыш, титан-магний комбинаты, Өскемен су электр стансасы т.б. бар.
Қалада мəдениет сарайы, Жамбыл атындағы театр сияқты мəдени орындар көптеп саналады.
 
№ 29. Мəтінді оқып аудар, мазмұнын айт. Берілген сан есімдерді сөзбен жаз, қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
 
Семей қаласы– Ертіс өзенінің екі жағына орналасқан. Семейдің тұрған жері ерте замандардан бастап ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Ғалымдардың айтуынша, 1600 жылдары Семейде жеті шатыр  (семь палат) тұрғызылған. 1718 жылы Ресейден Чередов деген адам Семей қамалын жаңадан тұрғызуға жіберілген. Сол жылдың өзінде-ақ Семей бекінісінің іргесі қаланды. 1782 жылдан ол уездік қала болған. Кеңес үкіметі кезінде бұл өлкеде халық шаруашылығы өркен жайды. 1934 жылы Семейде ет-консерві комбинаты, 1935 жылы жүн өңдеу фабрикасы т.б. өндіріс орындары жұмыс істей бастады.
Семей қаласы – ұлы ақын Абай, данышпан жазушы Мұхтар Əуезов білім алған қала. Бұл ХIХ ғасырдың 50 жылдарында Ш.Уəлиханов əскери қызметте болған жер. Семей қаласының тарихы шежіреге өте бай.
 
№ 30. Берілген сөздерге ілік септігінің тиісті жалғауларын жалғаңыздар.
 
Болат... , темір... , мысығым... , ай... , кітап... , немере... , атасы... , мемлекет... , жаз... , күз... , зауыты... , көше... , ескерткіш... , жағажай... , сөздігің... , тайпа... , заң... , жылы... , құстар... , тілі..., апта... , ел... , халық.... 



























Морфология саласы бойынша тестік сауалдар

1-нұсқа
Зат есім 
1. Жұрнақ жалғанған зат есімді көрсетіңіз. 
А) мұғаліммін  В) үйдің  С) Атыраудан  D) сандықша  Е) баласы
2. Дара зат есімді табыңыз.
А) ауа райы  В) Екібастұз  С) ҚТЛ, ТМД  Д) ата-ана  Е) етікші
3. Босорынғасəйкескелетінкөмекшіесімдіқойыңыз.
Ауылдың -------тереңсай.
А) маңы  В) үсті  С) асты  D) арты  Е) алды
4. Жұрнақжалғануарқылыжасалатын зат есімқалайаталады.
А) жалпы В) дерексіз  С) туынды  D) деректі  Е) негізгі
5. Зат есімніңсұрақтарынкөрсетіңіз.
А) кімде? қалай?  В) қанша? неше?  С) қай? қандай? D) кім? нелер?  Е) қайтті?қалай?
6. Жанаматолықтауышқызметіндегі зат есімдікөрсетіңіз
А) Мен əкеме қызмет көрсетемін.  В) Мен əкемді сыйлаймын. 
С) Атасы ұлын орнына қалдырды. D) Сіз осы кім боласыз?  
Е) Ол баласын оқуға жіберді.
7. Жалқы есім қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Қазір қалалар көркеюде.  В) Көз қорқақ, қол батыр.
С) Адамдар жайлы мекендерге қоныстануда. D) Есілдің бойында жолығамыз. 
Е) Оқушылар сыныптарына кірді.
8. Дерексіз зат есім дегеніміз не?
А) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттардың атауы.
В) Бір ғана түбірден тұрады.  С) Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы.
D) Бөлшектеуге келмейтін түбір.  Е) Біртектес заттардың жалпы атауы.
9. Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табын не дейміз?  
А) етістік  В) есімдік  С) зат есім  D) сын есім  Е) сан есім
10. Тура толықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.
А) Мектептен ерте келдім.         В) Көктемгі жаңбырдың пайдасы бар. 
С) Əли кітапты қызыға оқыды. D) Дина – сыныптың ең үлгілі қызы. 
Е) Айнаның алдында тарақбар.
11. Жалпы мағынада қолданылып тұрған есім сөзді белгілеңіз. 
А) Арыс өзені  В) кісі  С) Мұхтар Əуезов  D) Алатау  Е) «Егеменді Қазақстан»
12. Басқа сөз табынан жасалған зат есімді көрсетіңіз. 
А) Ақтау  В) кітап  С) қала  D) арман  Е) күрек
13. Жалпы есімді табыңыз. 
А) өзен  В) Көкшетау  С) Ертіс  D) арман  Е) Алатау
14. Етістіктенжасалған зат есімдікөрсетіңіз. 
А) шайхана  В) кеңшілік  С) шаруашылық  D) қойшы Е) тарақ
15. Деректі зат есімдікөрсетіңіз. 
А) қорқыныш  В) қайғы  С) қуаныш  D) қалам  Е) қиял.
 
2-нұсқа
Сан есім
1. Емлеге сай жазылған сан есімді белгілеңіз. 
А) 1-қыркүйек В) екіеу  С) 2009-жыл  D) 1-сынып   Е) X-сынып
2. Бөлшектіксанесімдітабыңыз. 
А) жүздеген  В) бесеу С) он-оннанD) бірінші  Е) екіжарым
3. Реттіксанесімқайқатардадұрысжазылған?
А) XX-ғасыр  В) X-сынып  С) бесалмаалды  D) 25-пəтер  Е) 2009-жыл
4. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге жалғанатын жұрнақтарды табыңыз.
А) -ыншы, -інші  В) -нан, -нен  С) -ау, -еу  D) -тай, -тей  Е) -дар­да, -дерде
5. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсетіңіз.
А) -ау, -еу  В) -ыншы, -інші  С) -даған, -деген  D) -дай, -тей  Е) шақты, жуық
6. Қай сан есімдердің арасына дефис қойылмайды?
А) отыз үш  В) отыз қырық қой  С) төрт бес  D) 7 сынып  Е) бес бестен
7. Күрделісанесімдібелгілеңіз.
А) екіжүз  В) алпыс  С) жүз  D) жетеу  Е) оныншы
8. Санесімніңсөйлемдегі негізгі қызметіне?
А) пысықтауыш  В) анықтауыш  С) баяндауыш  D) толықтауыш  Е) бастауыш
9. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз. 
А) қашан? қай?  В) қандай? қай?  С) қалай? қайдан?
D) кім? не?  Е) қанша? неше?
10.«-еу» жұрнағыжалғанатынсанесімдікөрсетіңіз?
А) жеті  В) онекі  С) тоғыз  D) он  Е) сегіз
11. «Шақты, жуық, тарта» дегенсептеулікшылауларыментіркесіп келетін сан есімнің түрін көрсетіңіз.
А) топтау  В) жинақтық  С) болжалдық  D) реттік  Е) бөлшектік
12. Екі түбірден жасалған сан есімді белгілеңіз. 
А) мыңдаған  В) отыз үш  С) алпысыншы  D) жетеу  Е) бесінші
13. Есептік сан есімді табыңыз. 
А) жиырмабес  В) қырықыншы  С) екіденбір  D) отыздарда  Е) үш-үштен
14.«Нешеден?» дегенсұраққажауапберетінсанесімдібелгілеңіз. 
А) он бесінші  В) бестен  С) үш-төрт  D) бесеу  Е) екінің бірі
15. Дара сан есімді табыңыз. 
А) екі жүз  В) он бір  С) екі-үш  D) екі жарым  Е) мың.
 
3-нұсқа
Сын есім
1. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді көрсетіңіз. 
А) тап-таза  В) қызылдау  С) қараторы  D) шыдамды  Е) сұлу
2. Сын есімнің мағыналық тобына жататынын көрсетіңіз. 
А) қатыстық  В) жіктеу  С) реттік  D) болжалдық  Е) топтау
3. Бір-бірінеқарама-қарсымағынадағысынесімдердітабыңыз. 
А) аласа, тəтті  В) ащы, тұщы  С) жақсы, жаман
D) ұстамды, шыдамды  Е) ұзын, ұзындау
4. Негізгі сынесімдікөрсетіңіз. 
А) ұзын  В) адамгершілік  С) үшқыз  D) саудагер  Е) өнерлібала
5. Күшейтпелішырайдыбелгілеңіз. 
А) терең  В) қызыл-сарыС) қып-қызыл  D) ақшыл Е) жақсыданүйрен
6. Сынесімніңсұрақтарынбелгілеңіз.
А) кімнің? ненің?  В) қандай? қай?  С) қайдан? қайтіп?
D) қанша? неше?  Е) қалай? қайдан?
7. Сынесімненболғанбаяндауыштыкөрсетіңіз. 
А) Мұғалімсыныпқакірді.  В) Олбүгінкөңілдіжүр.  С) Сенүйдіңүлкенісің.
D) Жақсыданүйрен, жаманнанжирен.  Е) Қырдағықызыл-сарыгүлдеркөздің жауыналады.
8.Зат есімненжасалғансынесімдікөрсетіңіз. 
А) шыдамды жігіт  В) ашық мінез  С) қабаған ит  D) орманды өлке  Е) ұялшақ қыз
9. Күрделісынесімдікөрсетіңіз. 
А) тұщы  В) жасыл  С) тереңкөл  D) тəтті  Е) тап-таза
10. Заттың түрін, түсін, көлемін, сапасын білдіретін сөз табын табыңыз. 
А) үстеу  В) сын есім  С) зат есім  D) сан есім  Е) шылау
11. «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөз.
А) еденді жуды  В) су тамды  С) кітап оқыған  D) оқыған бала  Е) үйді жинады
12. Дара сын есімді белгілеңіз.
А) сары ала  В) үп-үлкен  С) өте əдемі  D) үлкендеу  Е) қып-қызыл
13. Сынесімніңсөйлемдегі негізгі қызметіне?  
А) бастауыш  В) пысықтауыш  С) баяндауыш  D) толықтауыш  Е) анықтауыш
14. Негізгі сынесімдікөрсетіңіз. 
А) бойшаң  В) көшпелі  С) биік  D) өнерлі  Е) əлсіз
15. Екітүбірденжасалғансынесімдікөрсетіңіз. 
А) биік  В) сабырлы  С) ақ  D) өнерлі  Е) көпбалалы
 
4-нұсқа
Есімдік
1. Сілтеу есімдігі берілген қатарды белгілеңіз. 
А) мен, сен, ол  В) күллі, барлық  С) сол, ол, мынау
D) анау, біз, əне  Е) өзі, осы, бұл
2. Сұрауесімдігінтабыңыз. 
А) бұл  В) əлдекім  С) дəнеңе  D) кімдер  Е) олар
3. Барыссептігіндегіесімдіктітабыңыз. 
А) оған В) өзің С) оны D) менде  Е) сенен
4. Қайқатаресімдіктіңбірмағыналықтүріемес?
А) мен, сен  В) өзім, өзіне, өзін  С) неше? қанша?  
D) барлық, біреу, кейбіреу  Е) сол, мына, міне
5. Белгісіздікесімдігінтабыңыз. 
А) өздерің  В) əлдекім С) оның  D) күллі  Е) ешбір
6. Сұрауесімдігінтабыңыз. 
А) мынау  В) ешкім  С) мен  D) кейбіреу  Е) өзім
7. Бос орынға сəйкес келетін есімдікті қойыңыз.
...«Абай жолы» кітабын оқыдым.
А) ешқашан  В) сіз  С) мен  D) өзің  Е) кім
8. Белгісіздік есімдігін табыңыз. 
А) өздері  В) кімде-кім  С) мыналар  D) бүкіл  Е) ешбір
9. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.
А) анықтауыш  В) толықтауыш  С) бастауыш  D) баяндауыш  Е) пысықтауыш
10. Жалпылау есімдігін табыңыз. 
А) міне  В) барлық  С) қайда  D) ештеңе  Е) əркім
11. Біртүбірденжасалғанесімдіктітабыңыз. 
А) қайсыбір  В) ешқашан  С) бəрі  D) кейбіреу  Е) əлдеқайда
12. Қай жерде «еш» сөзі бөлек жазылады?  
А) ешуақытта  В) ешқайда С) ешқашан  D) ештеңе Е) ешкім
13. Есімдіктіңмағыналықтобынажатпайтынынкөрсетіңіз. 
А) жалпылау  В) сұрау  С) сілтеу  D) болымсыздық  Е) бөлшектік
14. Жалпылауесімдікқатысқансөйлемдітабыңыз.
А) Ешкімге тіл қатушы болма.  В) Үлкенге құрмет, кішіге ізет. 
С) Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.  D) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды.  Е) Саған кітап сыйлаймын.
15. Септік жалғауындағы есімдікті көрсетіңіз. 
А) аналар  В) дəнеңе  С) менің  D) өзім  Е) кімдер.
 
5-нұсқа
Етістік 
1. Болымсыз етістікті табыңыз. 
А) қалам бар (ма)  В) бұл шығар (ма)  С) сабақтан қал (ма)
D) қызық жарна (ма)  Е) атым Ал (ма)
2. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2  В) 5  С) 3 D) 6  Е) 4
3. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз. 
А) Олар сабақ оқып отыр.  В) Балалар мектепте жүр.  С) Сенкешке келесің бе?
D) Ол келмеді.  Е) Сізді күттім.
4. Етістік заттың несін білдіреді?
А) заттың атын  В) заттың сапасын  С) заттың іс-əрекетін
D) заттың санын  Е) заттың көлемін
5. Күрделі етістікті табыңыз.
А) қоштасу  В) əңгімелескенмін  С) əуре-сарсаңға түсті
D) болдырды  Е) жоғалмайды
6. Етістіктің сұрағын табыңыз
А) қалай?  В) қайтті?  С) қайтіп?  D) қайда?  Е) қалайша?
7. Болымсыз етістікті табыңыз. 
А) Ол тез арада пайда болды.  В) Менен енді алмассың.
С) Оқушылар жиналысқа барған.  D) Маған бүгін келерсің. 
Е) Бізосы жерге əлі де барармыз.
8. Етістіктің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі қандай?
А) бастауыш  В) баяндауыш  С) толықтауыш  D) анықтауыш  Е) пысықтауыш
9. Дара етістікті табыңыз. 
А) барып кел  В) баста  С) уəде берді  D) отыр екен   Е) көрсетіп бер
10. Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз. 
А) -а, -е, -й  В) -са, -се  С) -ба, -бе, -ма, -ме 
D) -ған, -ген, -қан, -кен   Е) -ғыр, -гір, -дыр, -дір
11. Көмекші етістікті табыңыз.
А) жазда  В) отыр  С) оқы  D) бар  Е) кел
12. Дара етістік бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Марат жаңа келді. В) Балалар ойнап жүр. 
С) Оның түсі сары бола қалды.  D) Оның киімі əдемі екен.
Е) Төрт жерде төрт– он алты.
13. Болымсыз етістікті табыңыз. 
А) Шөп шабылды (ма).  В) Ол келіп (пе).  С) Жамандыққа
жуы (ма). D) Жақсылықтан қаша (ма).  Е) Өтірікке жол жоқ.
14. Туынды етістікті табыңыз.
А) күз, ақыл  В) кел, көр  С) ойна, санат  D) мен, оған  Е) сен, саған
15. Болымсыз етістікті табыңыз. 
А) ешкім, əлдене  В) оқыған жоқ, ішкен емес  С) жетінші, үш
D) оқыған, келген  Е) сегіз, төртке

































Синтаксистік жаттығулар

Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрмалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты  жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:
1) белгілі-бір жаттығуды орындау  үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, біліктілігі болуы шарт;
2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барын түсініп орындағаны абзал;
3)  жаттығу оқушының тілге  қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс;
4)  жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі-бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;
5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт;
6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы;
7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.
Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.
 
№ 1. Төмендегі мəтінді оқы, сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
 
Бұл өсімдіктің гүлдері дəрі  үшін пайдаланылады. Қазтабан мамыр-маусым айларындагүлдейді. Қазтабан өсімдігінің бойы шамамен 10-25 сантиметрдей. Гүлінің əдемі хош иісі болады. Гүлдері ақ түсті болып келеді.
Қазтабан Қазақстанның шығыс аудандарында жиі кездеседі. Ол егістік жерлерде, үй айналасында, бақшада жабайы өсетін өсімдіктер қатарына жатады.
 
№ 2. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астық себілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл.
 
«Мұхтар – жазушы» деген тақырыпқа өзара мағыналық байланыста екі-үш сөйлем құра.
 
№ 3. Сөйлемдерді оқып: Қарамен жазылған сөздердің орнына сұрау есімдіктерін қойып, сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен, қарсы алды. Абайлар кешбатаауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.
 
Бір-екі сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№ 4. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 
І. 1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, ....  8. Əрсен жерге   жатса, .... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....
ІІ. 1. ... , менде барамын. 2. ... , балалар далада ойнайды. 3. ... , тез табамын. 4. ... , інім де əн айтады. 5. ... , олар да мектепке бармайды. 6. ... , сендер келіңдер. 7. ... , біз сізді түсінеміз. 8. ... , көкөніс алар едім. 9. ... , олар не істейді? 10. ... , біз қуанышпен қарсы аламыз. 11. ... , ерте тұрамыз.
 
№ 5. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астықсебілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл. «Мұхтар – жазушы» деген тақырыпқа өзара мағыналық байланыста екі-үш сөйлем құра.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. Бір-екі сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№ 6. Төмендегі сөйлемдердің соңынан ма, ме, ба, бе, па, пе демеуліктерінің тиістісін қой да, сұраулы сөйлем етіп жаз, тыныс белгісін қой.
 
1. Үлкен жігіт болдың .... 2. Оқушылар түгел жиналды .... 3. Асқар сөйлейтін сөзіне əзір .... 4. Роза, өзіңе міндеттелген істі бітірдің .... 5. Аспан ашық .... 6. Уəделескен уақытқа келесің ....    7. Оны көрдің ....
 
Сен оқушымысың? деген сөйлемнен сұрау мағынасын тудырып тұрған қосымшаны тап.
 
№ 7. Берілген сөйлемдерді оқы, жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
 
Қыс түсті. Қар жауды. Күн суытты. Аулаға шықты. Қолғап киді. Күрек алды. Жол салды. Тымағы қар. Тымағын қақты. Оспанкірді. Жуынды. Тамақ ішті.
 
Жайылма сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелердің астын сыз. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
 
№ 8. Төмендегі сөйлемдерді оқы, көп нүктенің орнына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.
 
1. Кел, балалар, оқылық ... Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық .... 2. Өлеңім, шарла ауылды, Тыңда, дала Жамбылды ... Тыңда, Қастек, Қаскелең... 3. Шіркін, Ақмоншақ... Көркі ғой біздің ауылдың .... Ақылы қандай ... Мінезі қандай ... Адамгершілігі қандай ... Нағы еңбек сүйгіш адам ғой .... 4. Түу ... Бұл не деген əсем əн еді ... 5. Ол қандай кемеңгер, адал жан ....
 
Мəтіннен қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді тауып, тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндір.
 
№ 9. Төмендегі жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғаларын өзгертпей салалас құрмалас сөйлем жаса, қалай байланысып тұрғанын анықта.
 
Нұрланның мұны шал дейтін жөні бар. Өйткені оның бойынан жастықтың ешбір нышаны көрінбейтін еді. Сіздің қолыңыз босай қоймас. Босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер. Ол Маратпен сөйлесіп тұрды. Марат əлденеге қуанғандай ниет білдерді.
 
Əр салалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, олардыңбайланысын айт.
 
№10. Төмендегі жай сөйлемдерді оқы, олардан құрмалас сөйлем жаса.
 
Үлгі: Қатты жел тұрып, теңіздің толқыны күшейді.
       Қатты жел тұрды да, теңіздің толқынык үшейді.
 
Қатты жел тұрды. Теңіздің толқыны күшейді. Аспанды қара бұлт қоршады. Бір кезде селдете құйып жіберді. Біз қайықты жағаға тастай бердік. Паналауға жер іздедік. Ол күні жауын ашылмады. Балық аулауға шыға алмадық.
 
№ 11. Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөзді жаз, берілген сөздермен сөз тіркестерін құра. Сөздердің қалай байланысып тұрғанын айт.
 
... жолдас; ... су; ... кеңес; ... ағайын; ... шелек; ... күресу; ... кездесу; ... отыру; ... сатып алу; ... жету; ... бітіру.
 
№ 12. Берілген сөздерден жай сөйлем құрастыр. Екінші сөйлемді сұраулы, төртінші сөйлемді лепті сөйлем етіп жазыңдар.
 
1. Соңында, қарлы, қар, қыстың, астынан, өсіп шығады, бəйшешек.
2. Бəйшешектер, неліктен, өседі, қардың, астында.
3. Гүлдер, жақсы көреді, өте, күн сəулесін.
4. Тезірек, бəйшешек, екен, көрінсе.
5. Бармақшымыз, бəріміз, бəйшешек, тауға, теруге.
 
№ 13. Жай сөйлемнің түрлерін анықта.
 
1. Аспанда қарлығаш ұшып жүр. 2. Үсті ырыс, асты қазына – Қазақстан. Уа, шіркін, өлкемдегі өмір қандай?! 3. Ағашты кескен кім? 4. Бұл барып тұрған тəртіпсіздік! 5. Бөлме ысып кетті. 6. Маған əсіресе қалампыр ұнайды! 7. Ғарышқа тұңғыш ұшқан кім? 8. Мен Ғанимен бірг оқимын. 9. Жеріміз неткен бай!
 
1 жəне 8-сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№14. Төмендегі сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
Қаланың көрікті жерінде зəулім үй тұр. Бұл үйге үнемі балалар келіп-кетіп жатады. Бұл зəулім үй «Оқушылар сарайы» деп аталады. Балалар мұнда сурет салады, би үйренеді, шахмат ойнайды. Компьютермен жұмыс істеп, əртүрлі бағдарламалар құрастырады. Мұнда расытхана да бар. Онда нағыз телескоппен аспан əлемін көруге болады.
 
№ 15. Түбірлес сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңдар.
Əн, сурет, өнерпаз, əнші, суретші, əншілік, өнер, ұшқыш, өнерлі, ұшты, суреткер.
 
№ 16. Мына сөйлемдерді бір-бірлеп көшір, анықтауыштың сұрағын жақшаның ішіне жазыңыз.
 
1. Желсіз түнде жарық ай. 2. Біздің топта 12 студент бар. 3. Бүгін біз опера театрына барамыз. 4. Іссапарға жүретін адамдар вокзалға келді. 5. Менің досым қол сағат сатып алды. 6. Бөлменің дəл ортасында дөңгелек үстел тұр. 7. Кішкене үйдің қасында биік жаңа үй тұр. 8. Менің інім биыл оныншы сыныпты бітіреді.
 
№ 17. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
 
1. Сіз жақта қыс қандай болады?  (ұзақ па, қысқа ма?).
2. Сен қандай ауа райын ұнатасың?  (жылыны ма, суықты ма?).
3. Мынау нешінші бөлме?  (сегізінші ме, тоғызыншы ма?).
4. Қандай жаттығуды орындап отырсың?  (қиынын ба, оңайын ба?).
5. Қандай сүт ішесің?  (жылы ма, суық па?).
 
№18. Көп нүктенің орнына қажетті пысықтауышты қойыңыз.
 
1. Менің əжем … жүреді. 2. Саған … барамын. 3. Мəтінді … жаттап ал. 4. … қар ериді.       5. Мен … жылы тудым. 6. Біздің … базар бар. 7. Мен … жақсы сөйлеймін. 8. Біз Жаңа жылды … қарсы алдық. 9. Киім сататын дүкенде … адам бар. 10. Мен оған… айттым. 11. Ол мұнда … келді. 12. … жауап бер.
 
№ 19. Мына сөйлемдерді көшіріп жаз. Пысықтауыштың астын сызыңыз жəне жақшаның ішіне сұрағын жазыңыз.
 
Кеше біз жиналыс өткіздік. Студенттер көп жиналды. Аудиторияның ішінде мұғалімдер де, студенттер де отырды, жиналыс өте қызықты өтті. Жиналыс кеш бітті. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жатақханаға бəріміз бірге келдік, бөлмеде отырып көп əңгімелестік. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысамыз.
 
№ 20. Мына сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге, ал хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыр.
 
І. 1. Сен баяндамаға дайындалдың ба? 2. Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па? 3. Басшысы болмаған елде елдік бар ма? 4. Арық адамның көзі өткір болады екен-ау? 5. Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді?
ІІ. 1. Бұл қыздың жасы он жетіге жаңа толды. 2. Бала атасының бетіне таңдана қарады. 3. Анау кезде отырғызылған жас шыбықтар көктеп қалыпты. 4. Өзінің жақсы көретін оқушыларының бірі Əділ екен. 5. Бүкіл ауылдың малы сол құдықтан суарылады. 6. Ақыры асыға күткен ұшу сəті де жетті.
 
№ 21. Төмендегі мəтіннен бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын анықта. Мəтінді аудар.
 
Киіз үй – Орталық жəне Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дəуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, Сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден көруге болады.
Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан шопандар да, туристтер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
 
№ 22. Төмендегі сөйлемдерден баяндауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын айт.
 
1. Ауыл жайлауға көшті. 2. Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады. 3. Көрдім деген – көп сөз, көрмедім деген – бір сөз. 4. Еменнің иілгені – сынғаны, ердің екі сөйлегені – өлгені. 5. Натальяның қалағаны – Днепрдің Киевке жақындау бойындағы бір үлгілі балалар үйі.                         6. Əлкей басқа балалар сияқты ойынға көп елікпейді. 7. Қасындағысы – жыртық шапанды, жүдеу жүзді, жалаң аяқ, аяғын қалың күс басқан 10-11 жасар бала. 8. Бізді ешкім таныстырмады, өзіміз танысайық. 9. Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек. 10. Əскери адамның өңі суық, сөзі қысқа. 11. Біз топта бесеуміз. 12. Басқаға үлгі болатын сен. 13. Жылқыда өт жоқ. 14. Ұлан-байтақ жеріміз бар. 15. Біздің баратын жеріміз əлі алда.
 
№ 23. Мына мақал-мəтелдердің тыныс белгілерін қойып, көшір.
 
1. Су диханның қаны, жер диханның жаны. 2. Еңбек– ердің сəні. 3. Еңбек түбі береке. 4. Халықтың ортақ үйі– Отан. 5. Бірлік бұзылмас қамал. 6. Білім таусылмас бұлақ, өнер өмірлік мұрат. 7. Өнерлі өрге жүзеді. 8. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 9. Ер дəулеті еңбек. 10. Ырыс алды ынтымақ.
 
№ 24. Мəтіндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
 
Кеше біз үлкен жиналыс өткіздік. Оқушылар көп жиналды. Жиналыс өте қызықты өтті. Қызықты тақырыптар талқыланды. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жиналыс кеш аяқталды. Үйге бəріміз бірге қайттық. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысуымыз керек.
 
№25. Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.
 
1. Күз келді. 2. Күн суық. 3. Сабақ басталды. 4. Оқытушы кірді. 5. Мен оқушымын. 6. Сабақ ұнады. 7. Біз тамақтандық. 8. Тапсырма көп. 9. Мен шаршадым. 10. Сен келесің бе?
 
№ 26. Мəтінді оқы, аудар. Мəтін ішіндегі жалаң сөйлемдерді жайылмаға, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге ауызша айналдыр.
 
Əр халықтың амандасу салттары əртүрлі. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса, жапон, қытай, үнді халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасқан. Ал мұсылман халықтарында ертеде оң қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандасу салты болған. Сондай-ақ мұсылман халықтарында амандық салты «Ассалаумағалейкүм!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген сөз. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен қос қолын ұсынады. Ал сəлем алушы қария: «Уағалейкүмассалам!» деп оң қолын береді. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге екі есе жаусын!» деген сөз. Осылай сəлемдесуден кейін амандасушылар бір-біріне:
Деніңіз сау ма? Мал-жаныңыз аман ба? Еліңіз тыныш па? – сұрақтарын қойып,
-Деніміз сау. Мал-жан аман. Ел тыныш. – деген жауаптар қайырады.
№ 27. Мына сөйлемдерді «да», «де», «та», «те», «жəне» жалғаулықтары арқылы ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
 
1. Күн жылынды. Қар еріді. 2. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. 4. Суық күз жақындады. Жəндіктер азая бастады. 5. Мұғалім келмеді. Сабақ болмады. 6. Сəуірдің ортасы болып қалды. Қыс аяқталды. 7. Салтанат «Əсем» тұрмыс үйіне барды. Аяқкиімін жөндетіп əкелді. 8. Сəкен жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп тұр. 9. Мен үйге келдім. Менің шешем шəй дайындады. 10. Ұшақ қонды. Жолаушылар ұшақтан шықты.
 
№28. Мына сөйлемдерді «бірақ», «сонда да», «əйтсе де» жалғаулықтары арқылы қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
 
1. Көктем келді. Күн əлі суық. 2. Мен ағамның үйіне келдім. Үйде ешкім жоқ екен. 3. Ернар киноға кетті. Билет жоқ екен. 4. Мен саған хат жаздым. Сен маған жауап қайтарған жоқсың. 5. Қар жауып тұр. Күн суық емес. 6. Жолдасым ауырып қалды. Дəрігерді шақыртпады. 7. Мен сіңліме ойыншық алдым. Ол онымен ойнамады. 8. Менің қарным ашты. Мен асханаға барған жоқпын. 9. Дүкеннен азық-түлік сатып алайын деп едім. Дүкен ашық емес. 10. Қайрат сағатын жөндетуге кетті. Ақшасын үйде қалдырыпты.
 
№ 29. Мына түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жаз.
 
1. Сөздің қысқасын айтайын сіздің үстіңіздегі киіміңіз Петербургке лайық көрінбейді. 2. Сіздерге де айтарым сол адал болыңдар. 3. Сенен бір тілегім атүсті асығыс қорытынды жасай көрме. 4. Соққыға жығылған Кенжетайға қарап отырған Асқардың басындағы ой бұл таяқтың тыйылар күні бар ма əлде сорлы халық таяққа құри ма? 5. Оқжетпестің шығыс жағында, Бурабай көлінің жағасында, көлге төне өскен шың бар, аты – Жұмбақтас.
 
№ 30. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 
І. 1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, .... 8. Əрсен жерге жатса, ... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....
ІІ. 1. ... , мен де барамын. 2. ... , балалар далада ойнайды. 3. ... , тезтабамын. 4.... , інімдеəнайтады. 5.... , олар да мектепке бармайды. 6.... , сендер келіңдер. 7.... , біз сізді түсінеміз. 8.... , көкөніс алар едім. 9.... , олар не істейді? 10.... , біз қуанышпен қарсы аламыз. 11.... , ерте тұрамыз. 
























Синтаксис саласы бойынша тестік сауалдар

1-нұсқа
1. Сөйлемніңтұрлаусызмүшелері
А) бастауыш  В) баяндауыш  С) толықтауыш  D) еліктеуіш  Е) есімше
2. Сабақтасқұрмалассөйлемдікөрсет.
А) Сабақ аяқталды, оқушылар үйлеріне қайтты  В) Бүгін күн суық
С) Сен қайда барасың?  D) Досым кеше келді
Е) Күн жылы болғандықтан, сыртқа шықтық
3. Толықтауыштытап. 
А) ақынды  В) кеме  С) қаланың  D) қайықтың Е) көктем
4. Хабарлысөйлемдітап. 
А) Қандайғажап.  В) Меніңарманым– дəрігерболу  С) Бұлне?
D) Жазғы демалыс қызықты өтті.  Е) Кім кезекші?
5. Сөйлемніңтұрлаулымүшелерінтап. 
А) бастауыш  В) пысықтауыш  С) еліктеуіш  D) есімше  Е) толықтауыш
6. Салаласқұрмалассөйлемдітап.
А) Құнанбай үндеген жоқ.  В) Күн ыстық болғандықтан, біз шомылуға кеттік. 
С) Таң атып келеді. D) Мен айтып болдым, енді сіз айтыңыз. 
Е) Туыстарым сізге ертең барар.
7. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғауларын тап:
А) сондықтан  В) немесе  С) жəне  D) біресе  Е) алайда
8. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді тап.
А) Мұғалім келді, сабақ басталды.  В) Сабақ аяқталды, алайда оқушылар сыныптан шыққан жоқ.  С) Əжеміз үйге келді. D) Маған қазақ тілі өте ұнайды.  Е) Күн ұзарды, түн қысқарды
9. Жайылма сөйлемді көрсет. 
А) Таң атты.  В) Күн шықты.  С) Мұғалім көңілді.  D) Оқу басталатын уақыт та жетті. 
Е) Мектеп тап-таза.
10. Құрмалас сөйлемді көрсет. 
А) Өмірді, еңбекті сүй.  В) Ел іші – өнер кеніші.  С) Ол аспай-саспай киіне бастады.
D) Ажал алыс болса, ақша жақын.  Е) Жақсы сөз – жарым ырыс.
11. Төлсөзді сөйлемді белгіле:
A) Сен дегенде сөз бар ма?  B) Əй дер əже, қой дер қожа жоқ .
C) Балалардың соңғы ермегі –“Ақсүйек”, “Соқыртеке”. D) “Келешек – өткен тарихты қорғау” – дейді Олжас Сүлейменов.
E) Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
12. Атаулысөйлемдікөрсет. 
А) Жаз.  B) Күнертешықты.  C) Мұғалім көңілді.  D) Оқу басталатын уақыт та жетті.
E) Мектеп тап-таза.
13. Жақсыз сөйлемді тап.
А) Құттықтау қағазын алдым. 
В) Əжем ауылға кетті.  С) Оған уақытты өткізу керек.  D) Сəби жылай бастады. 
Е) Қоңырау соғылды.
14. Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықшаны тап.
А) Сулық жаңбырда киетін киім.  В) Қар жауды.  С) Екі жерде екі төрт.
Д) Оның əке-шешесі бар.  Е) Отбасымыз төртеу еді.
15. Ыңғайластық жалғаулықты тап. 
А) себебі  В) пен  С) не  D) алайда  Е) егер.
 
2-нұсқа
1. Сөйлемдерде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.
Кітапта Жанкелдіқызы Ұлыбике мен Көшерұлы Күдерінің айтысына орын берілген. 
А) септеулік  В) шарттық  С) талғаулық  D) демеулік  Е) жалғаулық
2. Тұрлаулы мүшені табыңыз. 
А) анықтауыш  В) бастауыш  С) толықтауыш  D) пысықтауыш  Е) одағай
3. Қабысудың анықтамасын табыңыз. 
А) Сөздердің өзара септік жалғауларының біреу арқылы байланысы.
В) Баяндауыштың бастауышпен байланысы.
С) Ілік жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы.
D) Сөздердің жалғаусыз орын тəртібі арқылы байланысу түрі. 
Е) Табыс, жатыс септіктері арқылы байланыс.
4. Лепті сөйлемді көрсетіңіз. 
А) Бүгін біз өсімдіктер туралы оқыдық.
В) Қалай, емтиханға дайынсың ба С) Ертең жолдасым Алматыға барады
D) Өзеннің жағасы қандай ғажап  Е) Сен барарсың
5. Жайылмасөйлемдікөрсетіңіз. 
А) Уақытбітті.  В) Олоқыпжүр.  С) Менмектепкетезжиналдым.
 D) Жастармерекесі.  Е) Уақыт жоқ.
6. Ыңғайлассалалассөйлемдікөрсетіңіз. 
А) Мен əн айтуды ұнатамын, бірақ оған дауысым келмейді. 
В) Биылжайлаудаболдымжəнеағаларымныңүйінебардым. 
С) Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. D) Қаржаусада, балалартоңбады.  Е) Менсабаққабармадым, себебісырқаттаныпқалдым.
7. Төлсөзді табыңыз. 
А) Алмасменіңатымдысұрады.  В) Мұратəнніңөзінікіеместігінайтты. 
С) Жылқыларсуішугетоқтады. D) Олқашанкелетінінайтты.  Е) Балам, – дедіол, – сеніңатыңкім?
8. Атаулысөйлемдітабыңыз. 
А) Сағанертеңмектепкебармауғатуракеледі. 
В) Қыс. Сары аяз.  С) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді.
D) Бізнарықтықэкономикағабетбұрдық.  Е) Бізнарықтықэкономикадаөмірсүреміз.
9. Сабақтасқұрмалассөйлемдітабыңыз. 
А) Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.  В) Ол жақсы оқиды, бірақ адамгершілігі аз. 
С) Қоңыраусоғылдыда, сабақбасталды.  D) Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.  Е) Тезірек жұмысты аяқтау керек, əйтпесе жаңбыр жауады.
10. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз. 
А) «Абай жолы» романы – құнды шығарма.  В) Ақкөңіл Ақан «баланың» сырғытпасын сезген жоқ.  С) Оспан – əдепті бала. D) - Енді не істемекшісің? – деді ана.
Е) Ол ештеңе дей алмады.
11. Сөйлемді толықтырыңыз.
«Мақал-мəтелдер – біздің халық ауыз əдебиетінің ұрпаққа қалдырған ... байлығы».
A) мұра  B) көркемдік  C) əдемі  D) тұңғыш  Е) рухани
12. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
A) бастауыш  B) толықтауыш  C) пысықтауыш  D) баяндауыш  E) анықтауыш
13. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар екенін анықтаңыз. 
А) 4  В) 3  С) 1 D) 6  Е) 214
14. Төл сөзді табыңыз.
A) -Қызым, – деді ол, – сенің атың кім?  B) Жылқылар су ішуге тоқтады.
C) Ол ертең келетінін айтты.  D) Мұрат əннің өзінікі еместігін айтты.
E) Алма менің атымды сұрады.
15. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің санын табыңыз. 
А) 3  В) 5  С) 2 D) 4  Е) 6.
 
3-нұсқа
1.Ол 1894 жылы туды. 1894 жылы
сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз.
A) баяндауыш  B) анықтауыш  C) толықтауыш  D) бастауыш  E) пысықтауыш.
2. Сен «Абай жолы» романын оқыдың ба? Сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.
A) бұйрықты  B) хабарлы  C) лепті  D) сұраулы  E) жай
3. Даратолықтауыштыкөрсетіңіз.
A) табиғатты қорғауды  B) ластанып жатыр  C) су тапшылығына  
D) экология жайында  E) анасын
4. Жайылма сөйлемді табыңыз.
A) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді. 
B) Мектеп тап-таза.  C) Күн шықты.  D) Сабақ басталды.  E) Таң атты.
5. Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ербол кеше сабаққа кешігіп келді.  B) Меноғанренжиқарадым.
C) Немересі қатты қуанды.  D) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ. E) Шешесі кызына сүйсініп те, мақтанып та қарады.
6. Анықтауышы есімдіктен жасалған сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) біздің мектеп  B) тоғыз адам  C) жазған кітап  D) белгілі жазушы  E) сұлу жер
7. Тұрлаулы мүшелердің санын белгілеңіз. 
А) 1  В) 4  С) 2 D) 3  Е) 68
8. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді.  B) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді. C) Қыс. Сары аяз. D) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
 E) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.
9. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жаңа кітаптар алмақ болып мен дүкенге бардым.  B) Ғылым таппай мақтанба.
C) Сабақты жақсы оқыса, озат оқушы болады.  D) Мен келген кезде қоңырау соғылды.
E) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.
10. Төлсөзавторсөзінен кейінтұрғандадұрысқойылғантынысбелгінікөрсетіңіз.
A) Авторсөзі: «Төлсөз».  B) Авторсөзі, Төлсөз.  C) Автор сөзі Төл сөз.  D) Автор сөзі: Төл сөз. E) Автор сөзі, - төл сөз.
11. Атаулысөйлемдітабыңыз.
A) Су жылы екен.  B) Сəлем жолдады.  C) Сізге сəлем деді.  
D) Қараңғы түн.  E) Мəдени-демалыс паркі.
12. Тұрлаусыз мүшелерге жататын сөзді табыңыз.
A) бастауыш  B) баяндауыш  C) толықтауыш  D) етістік  E) одағай
13. Қабысу – бұл
A) ешбір жалғаусыз орын тəртібі арқылы байланысы B) баяндауыш пен бастауыштың байланысы  C) ілік жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы  D) сөздердің өзара септік жалғауларымен бірігуі арқылы байланысы
Е) толықтауыш пен бастауыш байланысы
14. Айша Ғалымбаева – атақты суретші. Сөйлемдегі Айша Ғалымбаева сөзі қандай сөйлем мүшесі екенін көрсетіңіз.
A) баяндауыш  B) толықтауыш  C) пысықтауыш  D) бастауыш  E) анықтауыш
15. Лепті сөйлем соңында қандай белгі қойылатынын табыңыз.
A) сұрақ белгісі  B) нүкте  C) леп белгісі  D) үтір  E) қос нүкте.
 
4-нұсқа
1. Бастауышы тəуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Біз Қазақстанда тұрамыз.  B) Інім маған көмектесті.  C) Ертең жаңбыр жауады.
D) Келе жатқан үшеу екен.  E) Нұрлан мектепте оқиды.
2. Жалаң сөйлемді табыңыз.
A) Мен мектепке жиналдым.  B) Таң атты.  C) Оқу басталатын уақыт та тез жетті.
D) Бүгінгі мереке маған ұнады.  E) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.
3. Баяндауыштары антоним болатын салаластың түрін табыңыз.
A) талғаулы салалас  B) қарсылықты салалас  C) ыңғайлас салалас
D) себеп-салдар салалас  E) кезектес салалас
4. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Жазғы демалысты Раушан ауылда өткізді. 
B) Жазғы демалыста, Раушан, қайда барасың? 
C) Раушан жазғы демалыста ауылда болды.
D) Жазғы демалыста Раушан ауылға барады.
E) Жазғы демалыста Раушан ауылда болды.
5. Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қойылатын белгіні көрсетіңіз.
A) нүкте  B) сызықша  C) дефис  D) үтір  E) қос нүкте
6. Сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) қып-қызыл  B) ащы, тəтті  C) ол бақытты  D) қып-қызыл доп  E) алыс, төмен
7. Жалаң сөйлемді табыңыз.
A) Тақтаға жазды.  B) Сен шақыр. C) Кешірек кел. D) Бүгінгі мереке маған ұнады.
E) Еңбек танымды арттырар.
8. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Қоңырау соғылды, окушылар үзіліске шықты. 
A) жай сөйлем  B) аралас құрмалас сөйлем  C) сабақтас құрмалас сөйлем
D) лепті сөйлем E) салалас құрмалас сөйлем
9. Сөйлемнің түрін белгілеңіз.
Біз Абай көшесінде тұрамыз.
A) лепті  B) бұйрықты  С) хабарлы  D) сұраулы  Е) құрмалас
10. Қыстырма сөздің дұрыс қойылған тыныс белгісін көрсетіңіз.
A) Озық техникаға шіркін, ешнəрсе жетпейді. 
B) Озық техникаға ешнəрсе, шіркін жетпейді.
C) Шіркін, озық техникаға ешнəрсе жетпейді.
D) Озық техникаға еш, шіркін нəрсе жетпейді.
E) Озық шіркін, техникаға ешнəрсе жетпейді.
11. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма?, деп сұрады ол. 
B)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? Деп сұрады ол.
C)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? – деп сұрады тəлімгер.
D)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? деп-сұрады ол.
E)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? деп, сұрады ол.
12. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мына кісі неткен білімді.  B) Пайда ойлама, ар ойла.
C) Е, жақсы болыпты. D) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен.
E ) Даналық халық сөзінде екен.
13. Пысықтауыштың түрін анықтаңыз. Мен бүгін жолға шықтым.
A) қимыл-сын  B) мезгіл  C ) мақсат  D) себеп  E ) мекен
14. Атаулы сөйлемді табыңыз.
A) Бұл жерде суға түсуге болмайды. 
B) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді.
C) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді.
D) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.
E) Кеңдала. Кеш.
15. Сабақтасқұрмалассөйлемдітабыңыз.
A) ЕртеңдопойнауғаяБейсенбарады, яменбарамын. 
B) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.
C) Ұшақ сағат бесте ұшуы керек еді, алайда ұша алмады.
D) Менің мектепке келгеніме жарты сағат болды, бірақ жиналыс əлі басталған жоқ. 
Е) Əн басылды, бірақ домбыра сазы тоқталған жоқ.
 
5-нұсқа
1. Толықтауыштың түрлерін көрсетіңіз.
A) тура, жанама  B) мезгіл  C) қос сөз  D) мекен  E) мезгіл, себеп
2. Жанасу – бұл:
A) сөздердің өзара алшақ жəне іргелес тұрып байланысуы. 
B) ілік жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы.
C) баяндауыш пен бастауыштың байланысы.
D) сөздердің жалғаусыз орын тəртібі арқылы байланысы.
E) толықтауыш пен бастауыш байланысы.
3. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Айту, менің парызым.  B) Жастар – еліміздің мақтанышы.
C) Талап талмас – қанат.  D) Ақылды қария ағып жатқан – дария.
E) Ақылды қария – ағып жатқан – дария.
4. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн. 
B) Кітапты жыртуға болмайды.  C) Қыс. Сары аяз.
D) Мен осы үйдің баласымын.  E) Біздің жақсы оқуымыз  керек.
5. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Бүгін біз төрт сабақ оқыдық жəне оқушылар жиналысы болды.
B) Күн суық, əрі қар борап тұр.  
C) Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып сынып жетекшісін іздедім.
D) Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.
E) Күз түсті, күн салқындады.
6. Қаратпасөздісөйлемдітабыңыз.
A) Шаңқай түс.  B) Күн нұрын төгіп тұр. C) Жаңбыр жауды. D) Олар асығыс жүріп кетті. E) Ботагөз, сен бүгін киноға барасың ба?
7. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A) Машиналартоқтаған жоқ қой?  B) Сізменітыңдамадыңыз.
C) Оспандеген – əдептібала. D) Күнбүгінашық. E) Олештеңедейалмады.
8. Дарабаяндауыштысөйлемдітабыңыз.
A) Олкелугетиісекен.  B) Оларсуретөнерінжақсыкөретінадамекен.
C) Кележатқанүшеуекен.  D) Олбарлықсыныптытазалады.
E ) Машинабаяужүріпкележатыр.
9. Аяқталған бір ғана ойды білдіретін сөйлемнің түрін белгілеңіз.
A) құрмалас сөйлем  B) аралас құрмалас сөйлем  C) сөйлем мүшесі  
D) сөз тізбегі   E) жай сөйлем
10. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз.
Мектепжақтанбіреукележатыр. 
A) зат есім  B) сын есім  C) есімдік  D) үстеу  E) етістік
11. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Əн басылды, – домбыра сазы тоқталған жоқ. 
B) Мен мектепке келдім, бірақ жиналыс əлі басталған жоқ.
C) Ертең доп ойнауға я Бейсен барады, я мен барамын.
D) Олар сағат бесте ұшуы керек еді, – ұша алмады.
E) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.
12. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Алма сурет салды.  B) Жеңісгүл, келесің бе?
C) Гүлді олар отырғызды.  D) Астық жинады.  E) Тақтаны сүрт.
13. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A)  – Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі. 
B) ”Аққу көлі” балетін көрдің бе?
C) ”Ат” – көп мағыналы сөз.
D) Өлең – сөздің патшасы....  (Абай) .
E) Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.
14. Не мақсатпен, кім үшін, не үшін сұрақтары пысықтауыштың қай түріне қойылатынын анықтаңыз.
A) себеп-салдар  B) тура  C) мекен  D) мезгіл  Е) мақсат
15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Кəсіпкерлікжылдамдамыды.
A) сабақтас  B) салалас  С) жақты  D) атаулы  E) жақсыз. 


Логикалық тапсырмалар

   Қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгерту  үшін логикалық тапсырмалар қолдану да көзделеді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін қазақ тілі пəнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аудару қажет.
   Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп, есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып, оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

 
Ойнайық та ойлайық. 
 
1-жаттығу. Əріптерден сөз жина:
өкз, лоқ, мала, оыйн.
 
2-жаттығу. Жаңа сөз құрау
Қ. . 
Қ. . . 
Қ . . . . 
Қ. . . . . 
 
3- жаттығу.Сандарды сөзбен жаз.
 
18 орындық, 7 оқушы, 2 кітап, 36 дəптер, 50 алма, 10 терезе.
 
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына н, ң əріптерін қой, көшіріп жаз.
 
Адамны... , ананы... , қошақаны... , алақанны... , ауылды... , сананы... , жаманны... , түнні... , қолымны... , сезімі... , атаны... , баламны... , оқушымсы... , перзентімні... , балапаны... , арманымны.... .
 
5-жаттығу. Жұмбақты оқы, шеш.
 
Ыдыста бар,
Сарыда бар.
Кітапта жоқ ,
Қарада жоқ .
Тиында бар,
Арыстанда бар.
Тиінде жоқ ,
Пілде жоқ .
 
6-жаттығу. Берілген сөздерді əліпби ретімен жаз.
 
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.  
Ə) Əсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дəптер, өшіргіш, сызғыш
А) __________________________________________
Ə) __________________________________________
Б__________________________________________
 
7-жаттығу. «Кімге не керек ?» екенін табыңдар. Суреттер бойынша сəйкес сөздерді тауып жаз.
 
Кірпіш, ағаш, дəрі, мұғалім, қалам, нан, қағаз, ақша, тəрелке, нан, қызанақ, құм, ұшақ, аспан, ұшқыш, қасық, тұз, дəріхана, көкөніс, сатушы, аурухана, емдейді, оқытады, пісіреді, алады, сатады, мектеп, шеге, кітап, ұшады.
                
 
 
8-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.
 
Дыбысы жоқ болсада,
Əліпбидеорныбар.
Оқылмайтынжазсада,
Қайбелгіол, табыңдар.
Шешуі _______ ____ 
 
9-жаттығу. Өлеңді оқып, əр дыбыстың өз орнын тап.
«А» дегенің – Ана,
«Б» дегенің – бала.
«Б» дегенің – баға,
«Бестен» басқа алма.
 
10-жаттығу . Біріккен сөз болатын сурет атауын тауып жаз.
                     
  
 
11-жаттығу. Ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.
Үлгі: Ұ дыбысы: Ұядан, ұмытшақ, ұлу, ұшқыш, ұзартқыш, ...
        Ү дыбысы: Үйге, үйірсек, үкі, үстел, үн жария, ...
 
12-жаттығу . Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой.
 
…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, гəу...ар, …адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, кон...ерт, ....ифр, ...абар.
 
13-жаттығу. Анаграмма «К» əрпіне
 
К
К
К
К
К
К
К

Тағамтүрі
 ... білім бұлағы
Жерқазатынқұрал
Қыстаұйықтайтынжануар
Спорттүрі
Жəрдемжасау
Машина, автобус, трамвайдыңжалпыатауы
 
14-жаттығу. Суреттегі қай затта ң əрпі жазылады.
 
                              
 
15-жаттығу. Берілген сөздерді əліпби ретімен жаз.
 
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.  
Ə) Əсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дəптер, өшіргіш, сызғыш
А) ________________________________________
Ə) ________________________________________
Б) ________________________________________
 
16 –жаттығу. Ребусты шеш.
 


17-жаттығу. Берілген сызба бойынша сөйлем құра.
__________ __________ __________.
__________ __________ __________?
__________ __________ __________!
 
18-жаттығу. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
 
1. Айжан, бара жатты, Мəрия, мен, фермаға. 2. Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3. Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4. Ұяда, жатыр, жеті, жұмыртқа. 5. Олар, алмады, жұмыртқаны.
 
19-жаттығу . Қайсысы қазақтың ұлттық тағамына жатпайды?
 

  
 
20-жаттығу. Қайсысы оқу құралдарына жатпайды?
 
     
 
 
21-жаттығу . Сөзжұмбақты шеш.
 

қ

қ

қ

қ

қ

қ

қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қ

қ

қ

қ

қ

қ

қ

 
1) Ұлт
2) Ыдыс
3) Сүт тағамы
4) Суда жүзетін көлік
5) Дене мүшесі
6) Сан
7) Қорғауға алынған аумақ
 
22-жаттығу. Бос тор көзге тұсындағы сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер тауып жаз.

тар

 

 

 

 

жаңа

 

 

 

 

 

жақсы

 

 

 

 

 

 

жуан

 

 

 

 

 

 

 

жарық

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
23-жаттығу. Сөздерді оқы, топта.Қандай белгісіне қарай топтадың? Екі топтың айырмашылығы неде?
 

 
24-жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып сипаттау мəтінін құрастыр
 
 
                                                                             түрі
         Дәмі                  түсі
 
 
25-жаттығу. Суреттегі заттардың алғашқы əріптерімен сөз құра.
Шыққан сөзбен сөйлем құра.
 
       
 
26-жаттығу. Ханталапай сөзінен бірнеше сөз ойлап тап.


 
27-жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең мақал шығады.
 


28 –жаттығу. Берілген суреттердің ортақ белгісі мен айырма­шылығын тап.
 

 
29-жаттығу. Құрамында сан келтірілген, сөз бен жаз.
 
К+2+лік, 7+к, тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан. 
 
30-жаттығу. «Етістік» сөзінен баспалдақ жаса. Осы əріптерден басталатын етістік сөз ойлап торкөздерді толтыр.
 

е

 

 

т

 

 

 

і

 

 

 

 

с

 

 

 

 

 

т

 

 

 

 

 

 

і

 

 

 

 

 

 

 

к

 

 

 

 

 

 

 

 
Сəйкестендірутесті



1. Кім?  
а) Сəкен,
ə) Ертіс
б) Байшұбар
2. Кімдер?
а) домбыра
ə) гүл
б) əжелер
3. Не?  
а) оқушы
ə) Ертіс
б) ана
4. Нелер?  
а) əндер
ə) бұлт
б) əке
 
5. Жалқы есім түрі
а) оқушылар
ə) аналар
б) Асан
6. Жалпы есім түрі
а) Өскемен
ə) əн
б) Аяулым
7. Қандай?  
а) аспан
ə) бес
б) таза
8. Негізгі сын есім
а) білімді
ə) қара
б) ақылды
 
9. Туынды сын есім
а) отыр
ə) бас
б) ойлы
10. Қанша? Неше?  
а) алтыншы
ə) жиырма сегіз
б) бесеу
11. Нешінші?  
а) алты
ə) оныншы
б) екеу, жетеу
12. Нешеу?  
а) жиырма бір
ə) төртеу 
б) жеті, он бір.
13. Дара сан есім
а) қырық бес
ə) он алты.  
б) жүз
14. Күрделі сан есім
а) елу
ə) сексен сегіз
б) бесінші
15. Не істеді?  
а) қызыл
ə) алма
б) ұшты.






Дидактикалық ойындар.



Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Бұл – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал.
“Ой – ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын – ойын.

“Моншақ”ойыны
Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.
“Қалалар” ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері: қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент.

“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?

Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.

“Соңы кім?” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады.
Ойынды жургізу тәртібі:

Жаз
|
ыстық
|
жазғы каникул
|
тамыз
|
күнге күю
|
шомылу

“Сиқырлы ағаш” ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.

Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:
Сұрақтар:

1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?

“Асхана” ойыны.

Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау.
Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып шығады.
Керекті сөздер:
Аспаз------------Балық
Шанышқы-----Тұшпара
Палау------------Ботқа
Тәрелке---------Кесе
Сүт---------------Шәйнек
Ет-----------------Қасық
Дәмді-----------Сорпа
Тәтті-----------Ас
Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.

“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

“Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран

к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

“Қожанасыр қоржыны”ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады.
Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.

Тапсырмалардың үлгілері: сөздерді қазақшаға аудар:
Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.

Сөзді септе: жолбарыс

Сандарды сөзбен жаз:

25 + 7 = 32
150/30 = 50
10 + 3= 13
43 – 20 =23
90 – 40 =50
80 + 25 =105
5
Жұмбақтың шешуін тап: “ Үйіңнің ол тұрағы,
Беті - қолын жуады,
Жолбарысқа түсі ұқсас,
Екі көзі қырағы.”
( мысық )

Сөйлемдерді қазақша жаз:
Это школа. Она большая, высокая, красивая, двухэтажная. В школе много учеников. Они учатся. Их учат учителя. Учителя дают ученикам знания.

“Аукцион” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Ойынның шарты: қатты қағаздан 40 карта жасау. 20 картада сұрақтар, қалған 20 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен жүреді. Келесі оқушы сұраққа жауап беретін картамен басады.

“ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

“ Сиқырлы қоржын” ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.

Ойынның шарты: тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне сұрақтар салу. Оқушылар бір - бірден шығып қоржыннан сұрақтарды алып оқиды.
Сұрақтар: Сен қайда тұрасың?
Сенің Отаның қай ел?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Елтаңбада не бейнеленген?
Әнұранның авторлары кімдер?
Солтүстік Қазақстан неге бай?
Сен қай көшеде тұрасың?
Сен неше жастасың?
Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
Кім нан пісіреді?
Кім етік тігеді?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?АЗА? ТІЛІ. ДИДАКТИКАЛЫ? МАТЕРИАЛДАР

Автор: Бейсенова Анарг?л М?рат?ызы

Дата: 13.11.2014

Номер свидетельства: 130473

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "Мектепке даярлы? тобында геометриялы? пішіндерді ?йретуге арнал?ан дидактикалы? материалдар"
    ["seo_title"] => string(106) "miektiepkie-daiarlyk-tobynda-ghieomietriialyk-pishindierdi-uirietughie-arnalg-an-didaktikalyk-matierialdar"
    ["file_id"] => string(6) "276633"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452771686"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(212) "Баяндама "?аза? тілі ж?не ?дебиеті саба?тарында ?зге ?лт ?кілдеріні? шы?армашылы? де?гейлерін дамытуды? тиімді жолдары". "
    ["seo_title"] => string(136) "baiandama-k-azak-tili-zh-nie-diebiieti-sabak-tarynda-ozghie-u-lt-okildierinin-shyg-armashylyk-dien-ghieilierin-damytudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "156291"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421405446"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Қазақ тілінен дидактикалық материалдар мен ойындар"
    ["seo_title"] => string(54) "k_azak_tilinien_didaktikalyk_matierialdar_mien_oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "466245"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1523788697"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Баяндама "МАТЕМАТИКА САБА?ЫНДА ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ  ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ" "
    ["seo_title"] => string(119) "baiandama-matiematika-sabag-ynda-didaktikalyk-oiyndardy-k-oldanu-ark-yly-ok-ushylardyn-p-ngie-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "190922"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427228111"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "Баяндама"Саба?тарда  ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ  ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ""
    ["seo_title"] => string(91) "baiandamasabaktardadidaktikalykoiyndardykoldanuarkylyokushylardynpngiekyzygushylygynarttyru"
    ["file_id"] => string(6) "283621"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453863960"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства