kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жастарға заман талабына сай білім беріп, олардың экономикалық мәдениетін көтеру – уақыт талабынан туындап отырған мәселе. Білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі экономикалық білімді қалыптастыру болып табылады. Сондықтан жаңа экономикалық қатынастарға көшу жағдайында экономика пәнін оқытудың объективті қажеттілігі туып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Эльмира Абдрахманова

Орал гуманитарлық колледжінің қаржы және экономика пәндерінің оқытушысы



ХХІ  ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған  елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын.  Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың қолында болса, ал жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында.

Бүгінде еліміз бәсекелестікке, экономикалық өрлеудің жоғарғы қарқынына жету қабілеттілігіне ұмтылумен шектеліп қоймай, басты назарын «интеллектуалдық әлеуетке» аударып отыр.

Жастарға заман талабына сай білім беріп, олардың экономикалық мәдениетін көтеру – уақыт талабынан туындап отырған мәселе. Білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі экономикалық білімді қалыптастыру болып табылады. Сондықтан жаңа экономикалық қатынастарға көшу жағдайында экономика пәнін оқытудың объективті қажеттілігі туып отыр.

«Экономикалық теория тікелей шаруашылық саясатында қолданылатын дайын ұсыныс емес. Бұл – ілім, интеллектуалды құрал, ойлау техникасынан гөрі, әдіс болып келеді де, оны меңгеріп алуға, дұрыс қорытынды жасауға көмек береді» деп жазған Дж.Кейнс. Экономикалық  теория адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебі,  адамдар  өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндірілуі қажет. Басқаша айтқанда өмірге қажетті азық – түлік, киім, тұрғын үй, отын, т.с.с. тұтынуға жарамды заттар өндірілуі керек.

Осыған орай не өндіру, қалай өндіру, кімдер үшін өндіру деген сұрақтар адам баласының әрбір жеткеншек буындарының алдында тұрған маңызды міндет. Адамдар өмір сүру үшін тұтыну қажет. Тұтыну қалай тоқталмаса, өндіріс те солай тоқтамауы керек.  Нарық қатынастарының дамуы елімізде білім беру жүйесінің алдына айқын талаптар қойып отыр. Қазіргі заман талабына сай жан – жақты дамыған іскер, жаңашыл азаматтар дайындауы тиіс. Өскелең ұрпақтың өмірге етене араласуы мен іс - әрекетінің тиімділігі, білім деңгейі мен тәрбиесі педагогтар еңбегіне тікелей байланысты. Бұл бағытта орта білім беретін оқу орындарында экономика пәнін оқытудың рөлі ерекше. Себебі, бүгінгі түлек жаңаша өмір сүріп қана қоймай, қоғамның әлеуметтік – құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Экономикалық білім берудің  басты мақсаты – студенттердің бойында экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, қоғамдағы экономикалық құбылыстар мен процестердің  мәнін түсіндіру, қоршаған орта өзгерістеріне бейімделе білуі мен қоғамда өз орнын таба білуге үйрету. Сонымен қатар студенттерді экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық дамуының заңдылығымен таныстыру, оларды жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы негізінде  материалдық құндылықтарды өндіру мақсатында  еңбек ете білуге үйрету және өз Отанының патриот азаматын тәрбиелеу.

Экономикалық білім негіздерін меңгермей, қазіргі өмірге бейімделу мүмкін емес. Осы орайда, экономикалық білім берудің негізгі мақсаты – егемен еліміздің экономикасына өз үлесін қосатын экономикалық сауатты азаматтар тәрбиелеу.

Оқыту үрдісінде  студенттердің  өз бетінше ізденіп шығармашылықпен  жұмыс істеуіне өте тиімді «Модульдік оқыту  технологиясы». Бұл технологияның ерекшелігі  білімді жатқа меңгерту емес,  студенттің өз бетінше  меңгеруге ұмтылатындығы, есту, көру қабілетін арттыруға бағытталады. «Модульдік оқыту  технологиясы» келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Кіріспе бөлімі (модуль, тақырыпқа енгізу).

  2. Сөйлесу бөлімі (студенттердің танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру).

  3. Қорытынды бөлім (білік дағдыларын бақылау: тест, шығармашылық диктанттар арқылы өтілген тақырыпты бекіту).

Сонымен қатар, мен өз тәжірибемде  «Деңгейлеп оқыту жүйесін» де қолданамын.

Деңгейлік оқытудың ерекше тиімділігі студенттердің сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізіп, өздерінің білім – білік дағдыларын көрсете алуында.  Деңгейлеп оқыту: біріншіден, студенттің әлеуметтік – психологиялық танымы, екіншіден, оқушының ынтасы, үшіншіден, теориялық дайындығы есепке алынады.  Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытушы студенттің нені білетінін, нені меңгергенін, біліп отырады. Оқытушы тек білімді студентке беруші ғана емес,  керек жерінде бағыт беруші ретінде көмекке келеді. Соның нәтижесінде  студенттерде білуге деген құлшыныс пайда болып, басқалардан қалып қалмауды ойлап, өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады.

Деңгейлік тапсырмалар I, II,  III,  IV  — деңгейде беріледі.

І – деңгейдегі тапсырма барлық студенттер орындауға міндетті.

ІІ –ІІІ – деңгейлерде тапсырмалар бірте – бірте күрделенеді және бұл тапсырмаларды орындауға студенттер құқылы.

IV  —  деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды.

Мысалы «Ақша, ақша жүйесі» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырма беру.

І – деңгей. «Ақша, ақша жүйесі» тақырыбына байланысты кездесетін терминдер жазу.

ІІ – деңгей.  Терминдердің  анықтамалардың сәйкестігін табу.

ІІІ – деңгей. Мәтінді оқып қатесін табу.

IV – деңгей. «Ақша, ақша жүйесі» тақырыбына берілген терминдерді қолданып шағын эссе жазу.

Бүгінгі  таңда экономикалық білімді меңгеруге үлкен көңіл бөлініп отыр.  Сонымен қатар біздің заманымыз  компьютер заманы.   Экономикалық білім беруде компьютерлік технологияны да қолданамын. Оның тиімділігі мынада: компьютерлік технология бойынша оқытылған материалдар көп уақытқа дейін адамның санасында сақталады,  студентті қызықтыратын  бейне материалдар пайдалануға болады.

Жоғарыда айтылған технологиялар студентті мынадай жетістіктерге жеткізеді:

1.Әр студент өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

2.Студенттің жеке қабілеті айқындалады.

3.Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады.

4.Әр  студент өз  деңгейіне, қабілетіне бағаланады.

5.Топ студенттері толық бағаланады және әр студент өзінің алатын бағасын біліп отырады.

Сонымен, жаңа инновациялық технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану – білім сапасын  арттырудың бірден – бір жолы.  Оқыту үрдісінде студенттердің  білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға,  шығармашылық қабілетін жетілдіруге көмегі зор.





Пайдаланылған әдебиет



  1. Нағымжанова Қ.М. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.: Өркен, 2007.

  2. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: «Білім», 2008.

  3. Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2002.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор: Абдрахманова Эльмира Кайрбулатовна

Дата: 19.12.2016

Номер свидетельства: 371377

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "ГЕОГРАФИЯ САБА?ТАРЫНДА ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ Т?РЛЕРІ "
    ["seo_title"] => string(66) "gieografiia-sabak-tarynda-zhan-a-tiekhnologiiany-k-oldanu-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "146530"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419186286"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "доклад на тему "Технология п?нінде а?паратты технологияны пайдалануды? тиімділігі " "
    ["seo_title"] => string(92) "doklad-na-tiemu-tiekhnologhiia-p-nindie-ak-paratty-tiekhnologhiiany-paidalanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "172007"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423751919"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "доклад на тему "Технология п?нінде а?паратты технологияны пайдалануды? тиімді жолдары " "
    ["seo_title"] => string(96) "doklad-na-tiemu-tiekhnologhiia-p-nindie-ak-paratty-tiekhnologhiiany-paidalanudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "172025"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423753671"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) ""Баяндама" Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі."
    ["seo_title"] => string(73) "baiandama_eliektrondyk_ok_ulyk_tardy_sabak_tarda_paidalanudyn_tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "378356"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484205669"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?дістемелік баяндама"
    ["seo_title"] => string(22) "distiemielik-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "250280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447066390"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства