Просмотр содержимого документа
«"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы"»
Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесіне өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді. Бала мен жеткіншекті ойнатып қана қоймай, бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, тапқырлық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б секілді адами қасиеттерді сіңіретін негізгі құрал-ұлттық ойындар.
Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгі беру жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Балалар ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асыруға дүниені танып білуге, өзінің күш-жігерін және адамдар мен араласуға үйренеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адам сезімтал болмақ.
Ұлттық ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, ақсүйек, арқан тарту, асық, аттамақ, әуетаяқ, белбеу тартыс, қыз қуу, күміс ілу, тепе-теңдік, соқыр теке, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген орамал, жасырынбақ, орын тап, тақия тастау, ұшты-ұшты, тоғызқұмалақ, аударыспақ, т.б. түрлері өте көп.
Осы ойындардың ішінен сабаққа, іс-әрекетке, жағдайға, баланың жас ерекшелігіне байланысты таңдап, керектісін қолданамын. Ойындарды ойнату арқылы балалардың ақыл-ойын дамытып, ұжым алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге үйретемін. Ал кейбір ойындар тек дене қимылын ғана емес, жылдамдықты, батырлықты, табандылықты, дәлдікті, икемділікті талап етеді. Бұл баланың тән саулығына оң әсерін тигізеді. Мысалы: балалардың асық ойнауы кезінде құралайды көзге ататын мерген болуына басты себепшіде осы ойын. Бірнеше бала болып ойналатын ойын болғандықтан әр баланың ойында өзгелерден озып, қатарымның алды болсам екен деген ой талпынысын арттырып, намысын жігерлендіре түседі. Әрі бұл ойында баланың барлық мүшесі қозғалыста болмақ. Яғни үнемі отырып-тұрып, бүгілу, ширығу сынды қимылдар баланың денесін шынықтырып, қан айналымын жақсартады. Педагог ретінде балаларға тәрбие мен білім беруде, құндылықтарды үйретуде халық ойындарының маңызы өте зор екендігіне көзім жетіп отыр.