kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғатты аялайық

Нажмите, чтобы узнать подробности

                          Таза  болса  табиғат- аман  болар  адамзат 

                                                   Мақала

Қызылорда  облысы

Жаңақорған  ауданы

.

                                     

                       Табиғаттан  бабамыз  ала  берген  секілді,

                                       Дархандықты  қазаққа  дала  берген  секілді,

                                       Еркелікті, ерікті  желден  алған   секілді,

                                       Мөлдірлікті  көгілдір  көлден  алған  секілді.

                                                                                    Қ.Мырзалиев.

       Адам  мен  табиғат –қашаннан  егіз. Табиғатты  қорғау –жаһандық  мәселе.Табиғатты  қорғаушың, асыраушың  деуге  де  болады. Ата –бабамыз  «Жер–қазына, су –алтын, мал -байлық»  деген  екен. Адамзат  күнделікті 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғатты аялайық»

Таза болса табиғат- аман болар адамзат

Мақала

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді,

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Қ.Мырзалиев.

Адам мен табиғат –қашаннан егіз. Табиғатты қорғау –жаһандық мәселе.Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ата –бабамыз «Жер–қазына, су –алтын, мал -байлық» деген екен. Адамзат күнделікті тірлікте пайдаланатын су, тас, топырақ, ағаш, ауа –бәрі де табиғаттың тартуы.

Бүгінгі күні қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі-табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемі пайдалану болғандықтан, республикада қоршаған ортаны қорғау –үкіметтердің саяси экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.

Табиғат –бүкіл тіршілік атаулының құтты, қонысы алтын ұя бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат –ең қасиетті де қастерлі ұғым, өйткені адамның өзін дүниеге әкелген аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде үлкен мағына жатыр. Табиғат –адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

Мынау жарық дүниедегі әсерлі әсемдіктер мен қыруар қызықтар, таңғажайып тамашалар Жер –Ананың жүзінде өтіп жатады. Қасиетті Жер –Ана алып Күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдіреттісі.Өрнекті жер жүзінде тыныстайтын ауа, сусындайтын су, сәулеттендіретін сәуле, қайнаған өмір бар. Жер –Ана – бүкіл адамзатқа ортақ мерекелі мекені.

Қасиетті Жер –Ананың байлығы, табиғат байлықтары –жер бетіндегі адамзатқа ортақ қазына. Алла тағала о баста табиғатты қиюластырып, бір –бірінсіз өмір сүре алмайтындай етіп жаратқан. Меніңше, жер бетіндегі әр өсімдік, әрбір аң-құс, әрбір –тіршілік иесі бір–бірімен тығыз байланысты. Мысалы, қасқырды қорқау дегенімізбен, егер қасқыр өлекселерді жемесе, жер беті сасып кетер еді. Ал құрттар немесе шылаушан болмаса жер астындағы зиянды насекомдар егінге зиянын тигізер еді. Демек, табиғатты о баста тепе-тең етіп жаратқан. Ол заңдылық бұзылса, табиғат өзгереді. Ал қазіргі жер астынан қазына іздеп, жердің бетін қопарып, тауды бұзып тас алып, жерді қазып кен алып, шектен тыс артық қопарулар табиғатқа өз зардабын тигізбей ме ?

Ғалымдардың айтуынша, адам жер бетінде бұдан 1,52 млн жыл бұрын пайда болған. Алғашқы адамдар Шығыс Африкада өмір сүрген. Ол уақытта адамдар табиғатқа зиян келтірмеген. Олар отты қалай жағуды үйреніп, табиғатқа қысым түсіре бастайды. Оттан көптеген ормандар құрып кеткен. Бақташылар малға зиян келтіреді деп аңдарды құртып жіберген. Міне, адам табиғатқа қарсы іс-әрекетті осылай бастап, қазіргі күнге дейін жалғасып келеді.

Қашан да табиғатты қорғауға көңіл бөлген ата –аналарымыз ұрпағына тыйым сөздер мен ғибратты мол мақалдар айтып қалдырған: «Ағашты жастай кеспе», «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Судың да сұрауы бар», «Құс ұясын бұзба», «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын».

Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер адамзаттың назарын өзіне аударуда. Адамдар арасында қауіпті індеттердің таралуы, мүгедек адамдардың дүниеге келуі, ауа –райының құрғақшылығы –мұның бәрі экологияның әсері. Адамдардың табиғатқа жасаған салғырттығы, таза ұстамағандығы. Менің бала жүрегім содан ауырады.Бұл арада ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың жан тебірентер сөзі адамға үлкен ой салады:

«Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған жігітті қалай адамзат дейміз ? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес».

Көреген халқым табиғатқа қарап, түрлі болжамдар жасаған. Мысалы: «Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады», «Мұржадан шыққан түтін аспанға тік көтерілсе, аяз болады», «Тұман түссе, күн жылынады», «Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады» деп болжаған.

Демек, Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғатқа оны айтуға үні жоқ.

Қорыта келгенде айтарым: «Туған жерді сүю –парыз, сүю үшін білу –парыз.Табиғатты үғу –парыз. Күзетінде тұру –парыз» дегендей, барлық адамзатты табиғатты таза ұстап, қоршаған ортаны қорғауға шақырамын!

Таза болса табиғат –аман болар адамзат!


Қызылорда облысы.

Жаңақорған ауданы.

№ 56 жалпы орта мектеп тәлімгенрі

Әлібекова Гүлнара.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Табиғатты аялайық

Автор: Алибекова Гульнара Нурмановна

Дата: 22.05.2018

Номер свидетельства: 470538

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Таби?атты аялайы?" "
    ["seo_title"] => string(21) "tabig-atty-aialaiyk-2"
    ["file_id"] => string(6) "123226"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1414431825"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Блум таксаномиясы бойынша   "Таби?атты аялайы?" атты Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(58) "blumtaksanomiiasyboiynshatabigattyaialaiykattytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "258558"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448525823"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Табиғатты аялайық"
    ["seo_title"] => string(21) "tabig_atty_aialaiyk_2"
    ["file_id"] => string(6) "450387"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516122873"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Таби?атты аялайы?! "
    ["seo_title"] => string(19) "tabig-atty-aialaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "112302"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1408506288"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Таби?атты аялайы?."
    ["seo_title"] => string(18) "tabigattyaialaiyk1"
    ["file_id"] => string(6) "264936"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449814040"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства