kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?атты аялайы?!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:          Таби?атты аялайы?!

 

Саба?ты? ма?саты:              1 Балаларды? «таби?атты  аялау» туралы т?сініктерін ке?ейту.

                                      2.Ту?ан жерге деген с?йіспеншіліктерін дамыту

                                      3.Таби?атты аялау?а т?рбиелеу

 

Міндеттері:

  • таби?атты аялау?а ?йрету;
  • таби?ат?а аялы ?арым-?атынастарын дамыту;
  • таби?атты с?юге т?рбиелеу.

Саба?ты? типі: Жа?а білімді ме?герту.

Саба?ты? т?рі: Кіріктірлген саба?.

Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, с?ра?-жауап, ??гімелеу, сахналау.

 

 Саба?ты?   ?оры: ?а?аздан жасал?ан г?лдер, к?белек, жер ана, ленталар.

 

                  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?атты аялайы?! »

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аялайық!


Сабақтың мақсаты: 1 Балалардың «табиғатты аялау» туралы түсініктерін кеңейту.

2.Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту

3.Табиғатты аялауға тәрбиелеу


Міндеттері:

  • табиғатты аялауға үйрету;

  • табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту;

  • табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Кіріктірлген сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.


Сабақтың қоры: қағаздан жасалған гүлдер, көбелек, жер ана, ленталар.


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылардың оқу құралдарын түгендеү.

Б) Психологиялық дайыңдық.

В) Оқушылардың қызығушылықтарын ояту.


2. Дайындық кезеңі.

Табиғат, сен – тіршілік тұнып тұрған

Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан,

Сен – көлсің, сен – ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.


Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Ол өзін-өзі тану мен дүниетану сабақтарын бірлесе отырып өткіземіз.

Енді бар көңілімізді, назарымызды тақтаға аударсақ өмірдегі барлық жылу – күннен демекші, күннің шуақтарында әріптер берілген, осы әріптерден бір гүлдің атын шығарайық.


Бәйшешек. Сөзін алған себебім ол гүлдің өзіне тән жақсы қасиеті бар.

Бәйшешек әдемі гүл ең алғаш қалың мұзды жарып шығатын өте мықты, табиғатқа әсем көрік береді.

Сондықтанда адамзат баласы табиғатты аялай білейік.

Балалар өзін-өзі тану пәнінің артықшылығы ол оқушыларды айналаға мейірімді көзбен қарауға тәрбиелеу. Әр нәрсеге көңіл бөле білуге. Сондықтан сендердің ой-өрістеріңді кеңейтетін тапсырма орындаймыз.

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін тауып көріңдер.

  • Ол өте нәзік, әдемі.

  • Ол ешкімге жамандық ойламайды;

  • Гүлдерді өте жақсы көреді;

  • Ол әдемі алқаптарда ұшып жүреді.

Ол не?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Көбелек.

  • Иә, бұл әдемі көбелек (мұғалім көбелектің суретін көрсетеді). Ендеше, осы көбелек бізге қонаққа келіпті.

Көбелек қонағымызға қошемет көрсетіп, гүлді алқап жасайық. Жасаймыз ба? Иә.

Ендеше көбелектің сендерге сұрағы бар екен соған жауап бере отырып, гүлді алқап жасайық.


  • Балалар сендер табиғатта неге ұқсағыларың келеді? Дейді.

Кезекпен шығып, алдыларындағы гүлдерді ала отырып, мына тұрған себетке салайық.

Балалар гүлдерін салып болған соң оған көбелекті қондырамыз.


Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін.

1. Амина Қ.

Мен аққуға ұқсағым келеді. Өйткені ол әдемі, сұлу құс. Аққуды атпайды.

2. Камила.

Мен гүлге ұқсап, жайнап тұрғым келеді, себебі гүл әдемі, адамға қуаныш сыйлайды.

3. Ақмарал.

Мен табиғатта бұлбұл сияқты әнші болғым келеді.

4. Амина У.

Мен күн сияқты адамдарға жарық, жылу бергім келеді.

5. Диас.

Мен табиғатта бүркіт құсқа ұқсағым келеді. Себебі ол сияқты батыл болғым келеді.

6. Әли.

Табиғатта мен ағашқа ұқсағым келеді. Себебі адамдарға көлеңке береді.

7. Нұр.

Табиғатта мен қарлығашқа ұқсағым келеді. Себебі ол адаммен дос.

8. Айдын.

Тоқылдаққа ұқсағым келеді – себебі ол орман емшісі.

9. Елнұр.

Сауысқанға ұқсағым келеді. Себебі ол сақ.

10. Алима.

Айға ұқсағым келеді. Себебі айдай сұлу болсам.

11. Әлия.

Аққуға ұқсағым келеді себебі ол – адал.

12. Аружан.

Көбелекке ұқсағым келеді, себебі көбелектей әдемі болсам.

13. Әлішер.

Тауға ұқсағым келеді, себебі таудай биік болсам.

14. Әнел.

Суға ұқсағым келеді, себебі судай мөлдір таза болсам.

15. Нұржан.

Шөпке ұқсағым келеді, себебі шөптей жасыл боп жайнап жүрсем.

16. Ляйля.

Табиғатта мен ауаға ұқсағым келеді, себебі табиғаттың бәрі ауамен демалады.

Міне балалар көбелекке әдемі алқап жасадық, енді көбелек қонағымызды гүлге қондырайық.


Ендігі кезегімізді дүниетану пәнінің мұғалімі Гүлзира Оспанқызына береміз.


Балалар, біз дүниетану пәні бойынша адам табиғат перзенті атты тақырыппен таныстық қой. Ендеше табиғатқа тамсанып бір қараңдаршы, алуан түсті сурет салып қойғандай. Осы табиғатымыз нешеге бөлінеді?

Жауабы: Өлі табиғат, тірі табиғат.

- Өлі табиғатқа не жатады?

- Тірі табиғатқа не жатады?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Осы табиғаттың ішінде балалар сендерде барсыңдар. Адам баласы табиғат перзенті. Сондықтан да әдемі табиғатымызды аялауымыз керек. Табиғат қандай әсемдей сұлу болса, бізде сондай әсем сұлумыз. Осындай сұлу дүниені жаратқан не?

- Табиғат жер ана.

Балалар енді бәріміз шеңберге тұра қояйық. Енді ортаға бәріміздің асыраушымыз табиғат ананы щақырайық. Түрлі түсті ленталардың біреуін таңдап, осы табиғат Жер анамызға өз тілегімізді айтайық.

Табиғат ананың сөзі.

Армысыздар адамдар, армысыздар балалар. Орталарыңызға жер ана келді.

Балалардың тілектері төмендегідей болуы мүмкін.

1. Аспанымыз ашық болсын!

2. Жеріміз кең болсын!

3. Суымыз тұнық болсын!

4. Ауамыз таза болсын!

Жер ана кетеді.

Сүйейік табиғатты, аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында

Жадырап жас балаша демалайық!

Қорытынды жұмыс:

Қонақтарға балалар тілек жазылған жүрекше сыйлайды.




























№1 мектеп- гимназиясының

4 «А»сынып оқушысы

Доржай Елданаға



Мінездеме



Доржай Елдана №1 мектеп-гимназиясында 2012-2013 оқу

жылында 3-сыныпты аяқтады. 2004 жылы туған.Толық отбасынан.

Сабаққа ынтасы жоқ, зейін қоймайды. Оқу техникасы өте нашар

1 минутта 25-35сөз оқиды, оның өзін ежіктеп қиындықпен оқиды.

Қазақ тілі пәні бойынша диктант, шығарма, мазмұндама жазба жұмыстарын өздігінен жаза алмайды. Сонымен қатар жаттығу жұмыстарын дұрыс орындай алмайды. Көшіргеннің өзінде көп қате жібереді. 45 минутта көшіріп үлгермейді.

Математика пәні бойынша терминдарды білмейді. Бақылау жұмысын, өзіндік жұмыс түрлерін өз бетімен орындай алмайды. Көбейту кестесін білмейді.

3- сынып стандарт талабын орындап отырған жоқ. 4- сынып оқу бағдарламасын меңгере алмайды.






Мектеп директоры: Ж.С.Бершимбекова

Сынып жетекшісі: Ж. А. Баткалова




23.08.2013 ж





№1 мектеп- гимназиясының

4 «А»сынып оқушысы

Қасен Азаматқа



Мінездеме



Қасен Азамат №1 мектеп-гимназиясында 2012-2013 оқу

жылында 3-сыныпты аяқтады. 2004 жылы туған.Толық отбасынан.

Сабаққа ынтасы жоқ, зейін қоймайды. Оқу техникасы өте нашар

1 минутта 25-35сөз оқиды, оның өзін ежіктеп қиындықпен оқиды.

Қазақ тілі пәні бойынша диктант, шығарма, мазмұндама жазба жұмыстарын өздігінен жаза алмайды. Сонымен қатар жаттығу жұмыстарын дұрыс орындай алмайды. Көшіргеннің өзінде көп қате жібереді. 45 минутта көшіріп үлгермейді.

Математика пәні бойынша терминдарды білмейді. Бақылау жұмысын, өзіндік жұмыс түрлерін өз бетімен орындай алмайды. Көбейту кестесін білмейді.

3- сынып стандарт талабын орындап отырған жоқ. 4- сынып оқу бағдарламасын меңгере алмайды.






Мектеп директоры: Ж.С.Бершимбекова

Сынып жетекшісі: Ж. А. Баткалова





23.08.2013 ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Таби?атты аялайы?!

Автор: Баткалова Жазира Абдумуталифовна

Дата: 20.08.2014

Номер свидетельства: 112302


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства