kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сборник изложении для 5 казахского класса

Нажмите, чтобы узнать подробности

сборник изложении  мпрольтимиьдюжзщштрол

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сборник изложении для 5 казахского класса»

КІРІСПЕ 
Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері 
Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді. 
Мазмұндама мәтіннің көлемі төмендегідей болады:

5-сынып – 100 – 150 сөз; 6-сынып – 150 – 200 сөз; 7-сынып – 200 – 250 сөз;

8-сынып – 250 – 300 сөз; 9- сынып – 300 – 350 сөз; 10-сынып – 350 – 400 сөз;11- сынып – 400 – 450 сөз.

Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.

Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.

Мазмұндама – дайын мәтін немесе оның үзіндісі бойынша жүргізілетін жұмыс түрі. Мазмұндама жаздыруға арналған мәтін ең алдымен сыныпта мәнерлеп оқылады (мұғалімнің оқып бергені жөн). Одан кейін мазмұны баяндалып, ондағы мағынасы белгісіз сөздер түсіндіріледі. Жоспар жасауға оқушылар әбден төселгенше ұстаздың көмегімен оқушылар ұжымы түзейді. Кейіннен әрбір оқушының жеке-жеке жоспар құруы талап етіледі.

Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз бетінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыруы талап етіледі. Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуға тиіс.




  • оқушының өз ойы болуы; 


  • өз жанынан қосымша оқиға қосуы; 


  • өздігінен қортынды жасау; 


  • мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни І жақ, осы шақ формасын 


дағы мәтінді ІІІ жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше

мазмұндау;




  • қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі 


мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды

қысқарту;




  • кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына аса қажетті материалдарды ойдан қосу; 


  • мәтін мазмұнына байланысты цитата және эфиграф келтіре отыру
    ;


мазмұндау; 


  • берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау. 


Мұғалім мазмұндамаға лайықты мәтінді, баяндалатын оқиғаның ауыр-жеңілдігін оқушының жас ерекшеліктеріне лайықты таңдауы тиіс.

Таңдалған материалдар бала танымына жақын, етене таныс, күнделікті қарым-қатынас жасап отырған ортаға байланысты таңдалады. Мазмұндама мәтіндері қызғылықты, қоршаған орта мен табиғатты терең тануға ықпал ететін, дүние танымын кеңейтетін, ұлттық рухты көтеретін, батырлыққа, ерлікке жетелейтін, баяндалатын іс-әрекет пен оқиғалар сабақтаса байланысқан, бірін-бірі толықтыратын болып келу жағы қарастырылады. Мазмұндама жаздыру барысында мына төмендегі материалдарды пайдалануға болады:

1) жыл мезгілдері және олардың бір-бірінен өзгешеліктері, ерекшеліктері;

2) оқушылардың өз бастарынан кешкендері;

3) оқыған кітаптары, естіген әңгімелері, көрген кинофильмдері;

4) қоршаған орта мен табиғатты бақылаудан алған әсерлері мен ой-пікірлері;

5) балалардың еңбек әрекеттері, ойындары;

6) отбасы, ауылы, туған өлкесі;

7) үй жануарлары және олардың қасиеттері;

8) жабайы аңдар және құстар;

9) түрлі кәсіп жайында;

10) туған елдің тарихы, ұлы ойшылдары мен ақын-жазушылары, билері мен батырлары т.б.

Мазмұндама тақырыптары сынып өскен сайын қайталануы мүмкін. Мәселен, «Күз», «Қыс», «Көктем» және т.б. тақырыптар сөз жоқ, әр сыныпты шәкірттің жас ерекшеліктеріне,біліміне, іс-тәжірибесіне байланысты бұл тақырыптар күрделене түседі. 5-cыныпта көктемнің өзіне тән санаулы белгілері жайында жазылса, 6-сыныпта оған тән қасиеттер тереңдей түспек.




























Түйе мен түлкі



Түйе тоғайда жайылып жүрген бір түйені көреді. Денесі ойқы-шойқы, олпы-солпы екен, мүмкін осының бірдеңесі түсіп қалар деген оймен соңынан қалмай алыстан аңдып жүреді.

Бір күні түйе өзеннің арғы жағасына өтіп кетеді.

-Уа, түйе, су терең бе екен?-деп айқайлап сұрайды түлкі.

-Терең емес, тізеден ғана,-деп жауап беріпті түйе.

Тізеден болса, таяз екен деп, түйе жаққа өтпек болған түлкі суға түседі. Суға батып, тұншығып бара жатып, түлкі түйеге айқайлайды:

-Әй, түйе, су тізеден ғана дегенің қайда? Мен батып барамын ғой?

-Е, сенің тізең мен менің тізем бірдей ме? Алдымен өз тізеңе қарамайсың ба?-деп жауап беріпті түйе. («Өлген қазан», 100 сөз).

Сөздік: олпы-солпы, тұншығу.

Мазмұндау жоспары:

  1. Түйенің бейнесі.

  2. Түлкінің ойы.

  3. Судан өту.

  4. Түйенің жауабы.


Шие тергенде



Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға

келді. Көп ұзамай қалың шиеге кезікті.

Жанат терген шиесін қолындағы ыдысына салды. Қанат өзі жинаған шиесін тойғанынша жеп, содан соң ойнап кетті.

Таза ауада әрі жақсы дем алып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды.

Жанат әдейі арнап тергенін айтып қолындағы шиесін атасына әкеліп берді. Атасы шиенің біреуін алып, дәмін көрді. Жанатқа қатты риза болып, оның өзін де шие жеуге шақырды. Жанат орманда тойғанша жегенін айтты, дегенмен, атасының көңілін жықпай, аузына бір-екі шие салды.

-Қанатжан, сен неге отырмайсың? Жанаттың шиесін же,- деді атасы босаға жақта тұрып қалған Қанатты көріп.

Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді. (М.Төрежанов, 110 сөз).

Сөздік: көңілін жықпау.

Мазмұндау жоспары:

  1. Әмина әженің немерелері.

  2. Шие теру.

  3. Атасының риза болуы.

  4. Қанат қатты ұялды.



Құлын, қозы, лақ

Жаз кезі еді. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі қандай ойын қызық екенін айтып, талқыға сала бастады.

Сөзді ақ лақ бастады.

-Ойынның қызығы-тауға шығу, тастан-тасқа секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың.

Қошақан ақ лақтың сөзін жаратпай, өз ойын айтты.

-Секіріп, атылып ойнау-ойын емес. Дүниедегі ойынның ең қызығы-қошқарлар сияқты сарт-сұрт сүзісу. Соның арқасында күшің толады. Әрі бұлшық етің қатаяды.

-Сендердің ойыңдарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң, шапқылап жарысайық. Тұра қалып тебісейік,-деді құлын екеуінің ойындарын жақтырмай.

Үшеуі қызыл кеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры ешнәрсеге келісе алмай, әрқайсысы өз жөніне кетті. (М.Төрежанов,102 сөз).

Сөздік: көңілге қонбау, қызыл кеңірдек болу.

Мазмұндау жоспары:

  1. Өрістегі кездесу.

  2. Ойынды талқылау.

  3. Лақтың ойыны.

  4. Қошақанға ұнайтын ойын.

  5. Құлынның пікірі.

  6. Ойналмаған ойын.









Сәуленің кірпіші


Қаланың күнгей жақ шеті бос жатушы еді. Жазда мал жайылатын, балалар доп ойнайтын, қыста аппақ қар басып жататын, сол жерде балалар шаңғы тебетін.

Өткен жазда бұл жерге құрылысшылар келді. Жүк көтеретін крандар пайда болды. Көп ұзамай, биік үйлер сап түзей бастады.

Сәулелер осы жерге жақын ескі ағаш үйде тұратын.Ол өзгерісті күнде терезеден көріп тұрды. Әкесінен ол үйлердің кімдікі екенін сұрады. Үйлер осындағы ескі, кішкене үйде тұратындарға салынып жатыр екен. Мұны естіген Сәуле үйлердің бітуін асыға күтті.

Бір күні Сәуле есік алдында ойнап жүр еді. Үстінде кірпіші бар машина өтіп бара жатты. Арықтан өте бергенде, сықыр-сықыр етіп теңселді де, бір кірпіш жерге түсіп қалды. Мұны көрген Сәуле қол бұлғап айқай салды. Шофер естімеді.

Сәуле түсіп қалған кірпішті көтеріп алды да, машинаның соңынан жүгіріп, құрылыс басына келді.

Арада бір сағаттай уақыт өткенде Сәуленің кірпіші жылдам биіктеп бара жатқан үйдің қабырғасынан орнын тапты. (С.Жүнісов, 140 сөз).

Сөздік: күнгей, қол бұлғау.

Мазмұндау жоспары:

  1. Қаланың бос шеті.

  2. Құрлысшылар келді.

  3. Сәуленің үйі.

  4. Сәуле үйлердің бітуін күтті.

  5. Түсіп қалған кірпіш.

  6. Орнын тапқан кірпіш.




Өзі кінәлі


Сабақтан келісімен, Оспан сөмкесін лақтырып тастады да, үстел үстінде тұрған тамақты апыл-ғұпыл ішіп, ойнауға кетті. Ол кешке дейін доп қуды. Үйдегі інісі Мұрат Оспанның сөмкесін мысықтың мойнына байлап, біраз сүйретті. Содан соң ішін ақтарды. Қарындаштарын өзінің қобдишасына салды. Кітаптардан үй жасады. Ішіндегі суреттерін қарады. Қып-қызыл алмалар оған ұнап кетті. Оны жыртып алып түкіріп-түкіріп төсегінің тұсына жапсырып қойды. Сөйтіп жүріп былғап алды, дәптердің бір-екі парағын жұлып алып, сүртемін дегенде үсті-басын, бет-аузын да былғады.

Осы сәтте ойына Оспан түсті де, дереу кітап, қағаздарды сқмкеге салды.

Оспан сабаққа дайындалған жоқ, сөмкесін ертеңгі сабақ үстінде бір-ақ ашты. Кітап былғанған, дәптер жыртылған, қарындаш жоқ.Мұны көргенде ол бақырып жылап жіберді. Үй тапсырмасын орындамағаны сол кезде есіне түсті. (С.Сарғасқаев, 113 сөз).

Сөздік: апыл-ғұпыл, дереу.

Мазмұндау жоспары:

  1. Оспанның сабақтан кейінгі тіршілігі.

  2. Оспанның сумкасы және Мұрат.

  3. Жыртылған, былғанған дәптер.

  4. Оспан сабақта.

  5. Оспанның бақыруы.

  6. Оспанның ойына не түсті.



Маңдай тер


Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.

  • Ата, «маңдай тер» деген не?-деп сұрады бірде Хамит.

Атасы ойға шомды.Көзін бір нүктеге қадады.Әжімдерітереңдеді.

Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күректі ұстатты:

  • Қане, екі-үш көшет қазып ал!

Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты.

Хамит пора-порасы шығып терледі. Үйге келген соң да атасы

жақ ашпады.

... Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма

мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!...

- Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі. Хамит атасын құшақтай алды. (Б.Досымов, 128 сөз).

Сөздік: жақ ашпау.

Мазмұндау жоспары:

  1. Атамен әңгіме.

  2. Атасы демалыста.

  3. Сұрақ.

  4. Тоғайда.

  5. Көшет.

  6. Көшет-жеміс ағашы.

  7. Қызыл алма.

  8. Маңдай тер деген не?



Құмырсқа


Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп кетіп, ара жіне қоңызбен дос болыпты. Бір күні жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Содан соң көмек сұрау үшін жаңа достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға келіп:

  • Досым, маған көмектесіп жібер,-деп өтініпті.

  • Көрмей тұрсың ба? Мен де жұмыс істеп жатырмын ғой,-деп көнбеп-

ті ара. Құмырсқа енді екінші досы қоңыздан көмек сұрапты.

  • Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын,- деп жорғалап кете бара-

ды қоңыз.

Екі досынан да күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен кездесіп қалыпты. Олар мұның түрін көріп:

  • Не істеп жүрсің?-деп сұрапты. Құмырсқа басынан кешкен жай-

ды айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бәрі бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа өз үйіріне қайта қосылады.

«Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз осыдан қалыпты. («Ел аузынан», 125 сөз).

Сөздік: еңбегі еш болу, күдер үзу.

Мазмұндау жоспары:

  1. Құмырсқаның жаңа достары.

  2. Дән.

  3. Көмек сұрау.

  4. Жаңа достардың «көмегі».

  5. Ескі достар.




Қыранның серігі-сұңқар

Бір қыран өзіне сенімді серік іздеп, әлемге жар салыпты. Құс атаулы жиылып, қыранның алдына келіпті. Қыран:

  • Кімнің бойында қандай қасиет бар?-деп сұрапты. Қаз тұрып:

  • Мен суда да жүземін, жерде де жүремін, ұша да білемін,-депті.

Жапалақ болса:

  • Менен басқа бірде-бір құс түнде ұшып көрген емес,-деп мақта-

нады.Осылайша мақтанған құстар аз болмапты. Сонда Қыран анадай жерде тұрған Сұңқарға:

  • Сен неге үндемейсің, кәне, қасиетіңді айтшы,- депті.

Сұңқар:

  • Сыпайылық сақтап тұрмын, тақсыр. Оның үстіне менде әр алуан

қасиет те жоқ. Бір ғана қасиетім бар, ол- өзіңіз сияқты талмай самғау,-депті.

Қыран:

  • Өз басыңа осы қасиет те жетеді. Ендігі жерде сен ғана менің серігім боласың,-депті.

Осыдан былай нағыз шырқау биікте Қыран мен Сұңқар ғана қалықтайтын болыпты. (Т.Қажыбаев, 120 сөз).

Сөздік: талмай самғау, шырқау биік.

Мазмұндау жоспары:

  1. Қыранның жар салуы.

  2. Құстардың мақтануы.

  3. Сұңқарға сұрақ.

  4. Сұңқардың жауабы.

  5. Қыранның шешімі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сборник изложении для 5 казахского класса

Автор: Абдиюсупова Айжан Халыковна

Дата: 19.01.2018

Номер свидетельства: 451103

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(187) "Конспект урока русского языка в10 классе казахской школы на тему  изложение  "Заповедник Кургальджино" "
    ["seo_title"] => string(111) "konspiekt-uroka-russkogho-iazyka-v10-klassie-kazakhskoi-shkoly-na-tiemu-izlozhieniie-zapoviednik-kurghal-dzhino"
    ["file_id"] => string(6) "123503"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414509803"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Изложение «Заповедник Кургальджино» "
    ["seo_title"] => string(39) "izlozhieniie-zapoviednik-kurghal-dzhino"
    ["file_id"] => string(6) "123922"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414599935"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Рабочая ррограмма по литретатурному краеведению для 5 класса "
    ["seo_title"] => string(69) "rabochaia-rroghramma-po-litrietaturnomu-kraieviedieniiu-dlia-5-klassa"
    ["file_id"] => string(6) "224087"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1438449949"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Рабочая программа по литературному краеведению для 5 класса "
    ["seo_title"] => string(68) "rabochaia-proghramma-po-litieraturnomu-kraieviedieniiu-dlia-5-klassa"
    ["file_id"] => string(6) "224089"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1438451537"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "« А.Затаевич – собиратель казахской музыки »3  класс "
    ["seo_title"] => string(49) "a-zataievich-sobiratiel-kazakhskoi-muzyki-3-klass"
    ["file_id"] => string(6) "205610"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429945351"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
1000 руб.
4000 руб.
1000 руб.
4000 руб.
3450 руб.
13800 руб.
1000 руб.
4000 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства