kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өнегеге толы өмір жолы" мақала

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Өнегеге толы өмір жолы" тақырыбындағы Ұлы Жеңіс күніне арналған мақала

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өнегеге толы өмір жолы" мақала»


«Өнегеге толы – өмір жолы»


Қазақ тарихында ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 74 жыл толды. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Бұл күн – аталарымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктерінің арқасында қатал соғыста жеңіске жеткізіп, еркіндікті алып берді. Мен мақтанышпен айтқым келеді – Ұлы Отан соғысына қатысқан, ұрпақтары бөтен елдің боданында болмасын деп жанын аямаған, еліміздің жеңіске жетуіне өз үлесін қосқан, соғыс ардагері, құлыс кете оның ішіндегі қойбақ руының ақыл айтар ақсақалы болған – Мұратов Әбдіхалық атамды. Менің атам Мұратов Әбдіхалық 1917 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызында шаруа отбасында дүниеге келген. Атам соғыс басталғанда буыны қатпаған бозбала екен еш ойланбастан соғысқа аттанған. Соғыс зардабы кім - кімге де ес жиғызбаған . 1945 жылы соғыс аяқталса да, соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болған. Қаншама жауынгерлер жаралы оралса, қаншама адамдардың үйіне күн сайын қара қағаздар жіберіліп жатқан. Атам өзінің соғыстан аман есен келгеніне құдайға шүкіршілік етіп, жанарын бір нүктеге қадап қарап, бейне бір майданды кино лентасынан көріп тұрғандай... көз алдына елестетіп, бізге айтып беретін. Соғыстан кейінгі қиын қыстау кезеңдерде ерінбей еңбек етіп, ісіне адал, еңбекқор жан болған. Осы еңбекқорлығының арқасында Әбдіхалық атам Даңлыбаева Ырсалды әжеммен бас қосып, үлгілі жанұялардың бірі болып, үш қыз бала мен екі ер бала тәрбиелеп, оларды оқытып, өмірлік жолдарын дұрыс табуларына үлестерін қосқан. Қыздарын – қияға, ұлдарын ұяға қондырып, немерелер сүйді. Атам көзінің тірісінде балаларына, немерелеріне бар білгенін, ақылын аямай санасына сіңіруге тырысатын. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» - деген қазақ халқы. Атам мен әжем бар кезде ауылдың ақсақалдары мен әжелері үйімізге қонақ болып келгенде тәлімі мен тәрбиесі мол, жаныңа рухани азық болатын әңгімелерін естіп және әжемнің айтып беретін ертегілерін тыңдап сусындап өстік.

«Ешкім де – ештеңе де ұмытылмайды» - дегендей жасаған ерен ерлігін, бізге деген аталық мейірімі мен тәлім тәрбиесін ешқашан ұмытқан емеспіз. Атам тірі кезде мен мектепте оқитын оқушы едім. Жыл сайын мектепке Ұлы Жеңістің күніне арналған мерекелік кешке шақыратын. Атамның бір үлгі боларлық қасиеті – шақырған жерден қалмайтын, дәл уақытында баратын военный тәртібі бар болатын. Сол кештерге омырау толы медалін тағынып келіп, оқушыларға соғыс уақытында басынан өткерген барлық оқиғаларын жіпке тізгендей қылып айтып беретін. Кейбір оқушылар ерлігіне таңдана, ал біреулері көздеріне жас алып атамды ұйып тыңдайтын. Кеш соңында мектеп мұғалімдері, оқушылар «Катюша» әнін айтуына атама қолқа салатын. Ешкімнің көңілін қалдырмайтын, өзінің қоңыр үнімен, құлаққа жағымды естілетін даусымен, әннің қазақша нұсқасымен қоса орысша нұсқасында орындап, жас жеткіншектерге өз батасында беретін еді.

2003 жылы мен 9 сыныпты бітіріп, оқуға емтихан тапсыруға кеткенімде атам тамыз айының төрті күні қайтыс болды. Маған осы жайды естірткенде жүрегімнің бір бөлшегі жұлынып қалғандай сезімде болдым. Ата – әжем көзі тірісінде айтып отыратын – «О Аллам қор қыла көрме» - деп. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын, жылына бір рет келетін айлардың ұлысы «Рамазан» айында оразасын тұтатын, күндердің ұлысы «Қадір түнінде» тілегін тілейтін, «Құрбан айт» мерекесінде зекеті мен пітірін беретін имам молда кісі болатын. Атам мен әжем екеуінің өмір жолдары өнегеге толы, өте қарапайым, ақкөңіл, ақ жарқын, әрдайым күліп жан – жағындағы адамдарға қуаныш сыйлап жүретін еді. 2004 жылы атамның жылын беретін уақытта әжемде өмірден озды. Осылардың арқасы болар атам мен әжем өмірден қор болмай шариғаттың жолымен кете барды.

Осы айтулы мерекеде атам туралы неге жазбасқа деп – атаммен бірге өткізген күндерімнің бір бөлігін ғана айтып беруге тырыстым. Атамның есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашағымызға күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде”- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған атамның ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.

Қазақ елі - Ұлы жеңіс құтты болсын!




Немере қызы

№199 орта мектептің

педагог – психологі:

Мұратова Гүлзира Әбдібекқызы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Өнегеге толы өмір жолы" мақала

Автор: Мұратова Гүлзира Әбдібекқызы

Дата: 03.05.2019

Номер свидетельства: 509007

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Мен -?з елімні? патриотымын!" "
    ["seo_title"] => string(28) "mien-oz-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "164008"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422555441"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""?арты бар ?йді? ?азынасы бар" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(46) "k-arty-bar-uidin-k-azynasy-bar-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "257610"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448365873"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Алыстап кеткен н?р бейне "
    ["seo_title"] => string(29) "alystap-kietkien-nu-r-bieinie"
    ["file_id"] => string(6) "182831"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425621925"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "Қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін жасау және қазақ әдебиетінің білім беру мазмұнын жетілдіру"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_tilin_dien_ghieiliep_ok_ytu_zhuiiesin_zhasau_zh_nie_k_azak_diebiietinin_b"
    ["file_id"] => string(6) "366617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481044993"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Кітапхана – о?ырман мен кітап арасында?ы негізгі алтын к?пір"
    ["seo_title"] => string(56) "kitapkhanaokyrmanmienkitaparasyndagynieghizghialtynkopir"
    ["file_id"] => string(6) "339173"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1471027667"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства