kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная работа представляет собой доклад, направленный на раскрытие связи уроков казахского языка и литературы с народной педагогикой.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру»

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫН ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАМЕН ҰШТАСТЫРУ


Г.С.Акимжанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Абай атындағы №4 мектеп-лицейі,

Сәтбаев қ...


Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Оның екі қыры бар.

Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. [4,2]

Қазақтың аса бай әдебиеті халықтың ой-арманы мен мақсат-мүддесін білдіреді, әрі адамгершілік, имандылық, әсемдік тәрбие беруде, жаңа адамды рухани жағынан байытып отыруда үлкен маңызы бар. Халық шығармаларында бейнеленген бағалы педагогикалық идеялар балалар мен жастарға моральдық-эстетикалық және адамгершілік, имандылық жағынан олардың ой-өрісін дамытып отыруға жәрдемдеседі.

Халықтық педагогика мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерін, Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларына сүйенбей өте алмаймыз.

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығында оқытудың білімділік және тәрбиелілік мақсатын ұлттық тәрбиеге негіздегенде ғана оның сапалы білім беріп, жастардың санасын көтеруге жәрдемі тиетіндігі айтылады. [1,48]

Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиеттанытқыш» еңбегінде, кемеңгер де ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармаларында халықтың бай дәстүрі жете сипатталады.

«Тәрбие ережеден емес, өнегеден тұрады» деген сөзді басшылыққа ала отырып, тәрбие бағытының жолы сан тарау екенін естен шығармағанымыз жөн. [5,12]

Қазақ халық педагогикасында адамгершілік-имандылық, музыкалық-эстетикалық, этикалык тәрбие үлкендердің, ата-аналардың жеке басының жақсы істерін үлгі ету, тәрбиеге «ұят», «ар», «намыс» ұғымдарын кең пайдалана отырып сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, мақұлдау, жазалау әдістерімен жүзеге асырылып отырды.

Халық педагогикасының мақсаты – оқушыларды адал еңбекке, парасаттылыққа, туған еліне деген сүйіспеншілікке, туған-туысқандарына, дос-жарандарына деген бауырмалдыққа, халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеуге үйрету. Демек, халықтық педагогика элементтерін пайдалану - мазмұндық тұрғыдан білім көздерінің бірі. Сондықтан әрбір сабақтың тиісті жеріне мұны байланыстырып отыру орынды.

Ал қазақ тілі сабағында мұны қолданудың мүмкіндіктері мол. Сондықтан халық педагогикасымен суарылып, күні бүгінге дейін берер тәрбиесі мол тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, нақыл сөздер, тыйым сөздер, батырлар жыры, аңыз-әңгімелер, ертегілер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерінің әрқайсысына кең көлемде тоқталып, халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген бай мұрасын оқушыларға жеткізе білу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елжандылық, отансүйгіштік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі басты шындық болып табылады.[3,34]

Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленгендіктен, онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен-үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады.

Мақал-мәтелдер – шешендік өнердің үлгісі. Олар сөздік құрамның байлығын, тереңдігін байқататын тілдік көрсеткіштердің қатарына жатады. Мақал-мәтелдер әр алуан тақырыптарды қамтиды. Отан, достық, ынтымақ, махаббат, ерлік, еңбек, адамгершілік, халық, табиғат, мамандық, жануарлар, аңдар т.б. көптеген мақал-мәтелдер тілімізде кеңінен қолданылады.

Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті жанрының бір түріне жатады. Жұмбақ айту және оны шешу адамды жинақтылыққа, тапқырлыққа жетелейді. Баланың тілін жаттықтырып, ойлау қабілетін дамытады, тілге деген қызығушылығын арттырады.

Жұмбақ - белгісіз зат, ал оны ойлап шешу қызықты ic. Бұл жұмыс жаңа өтілген сөздерді бекітуге, сөздің негізгі және жасырын мағынасын ашуға мүмкіндік береді, оқушылардың ойын ширатады, сергітеді, белсенділігін көтереді, демалуға әсер етеді.

Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр – жаңылтпаш.

Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. Жаңылпаштарды тіл дамыту құралы десек, мүғалімнің міндеті оларды балалардың жас ерекшеліктеріне, сауат алу сабақтарының мазмұнына сәйкес лайықты, орынды қолдана білу. Бұл міндетті жүзеге асыруда мүғалімнің өзі қазақ халқында өзге халықтарда көркем сөзді қандай жаңылпаштар бар екенін білуі, әрбір ақынның жыр қоржынынан қарапайым да ойлы сипатымен бала жанын баурап алатын тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем де қуатты құралы жаңылпаштардың әр түрін сараптап талдай алатындай болуы шарт.

Сабақ үрдісінде жаңылтпаштарды оқулықтағы мәтін мазмұнына және грамматикалық, фонетикалық тапсырмаларға байланысты қолданамын. Жеке дыбыстарды таныстыру сабақтарында coл дыбыстарға сәйкес жазылған жаңылтпаштарды балаларға жаттатып, сабақты бекітерде бой сергіту сәтінде қолдануға болады.

Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған. Бала тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысы мен «с» дыбысын шатастыру байқалады. Сондықтан жаңылтпаштар да осы дыбыстарды айтуға құрылады.

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында жүргізілетін ұжымдық жұмыс түрінің бірі – ертегілермен жұмыс. Табиғат, жан-жануар, хайуанаттар тақырыптарын өткенде жаңа сөздерді меңгертіп, оны сөйлеу тілінде қолдану оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады. Ол үшін арнайы осы тақырыпта қысқа ертегілер алып, рөлдер бойынша оқушылар алдын ала дайындалып, ертегілер қойылады. Мысалы; «Қозылар мен қасқыр», «Қасқыр мен жеті лақ», «Мақтақыз бен мысық», «Ешкі мен түлкі».

Ертегілерді септік жалғауларын қайталап, бекіту сабағында ұтымды пайдалануға болады. Пәнаралық байланыс жасау мақсатын көздей отырып, орыс халқының «Шалқан», «Бауырсақ» ертегілері мазмұны бойынша сызба нұсқа салып, сол бойынша сөздер, сөз тіркестерін, сөйлемдер құру арқылы ертегі мазмұнын ашып, айтып беру жұмысы жүргізілсе, ертегіні мазмұндау кезінде оқушылар aca көп қиындық көрмейді. Өйткені ертегі мазмұны таныс, сондықтан олардан тек қазақ тілі грамматикасының ережелеріне сүйене отырып, керекті жалғау, шылау сөздерді қою талап етіледі. Мұндай жұмыс уақытты үнемдейді, оқушы ынтасын, тілге деген қызығуын арттырады.

Ертегілермен жұмысты үй тапсырмасы ретінде де беремін. Оқушылар үйден бір ертегі мәтінін дайындайды, оның мазмұнын ашатындай етіп әңгіме желісін ретімен бейнелейді. Сабақта сол суреттердегі кадрлар бойынша әңгімелеп, мәтін мазмұнын ашады.

Халық ауыз әдебиетіндегі ауқымды жырлардың бірі – тұрмыс-салт жырлары. Бүл жырларды сабақта грамматикалық тақырыптармен байланыстырамын. Мысалы, сын есім, етістік, етістіктің шақ, рай категориялары, демеуліктер және сөз мағыналарын оқытқанда «Бесік жыры», «Тұсау кесер», «Беташар» жырларын пайдалану тиімді.

Ұлт ойындары халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың тәжірибелерін кеңейтуде, дүниені танып-білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне көмектесетін aca қажетті тәрбие құралдарының бірі. Қазақ тілі сабағында қазақтың «Қыз қуу», «Бәйге», «Көкпар», «Жорға» сияқты ұлттық ойындарын ойнатамын. Ойында жеңілгендер мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар айтып, тақпақ-өлеңдер орындайды. Мұның өзі біртіндеп оқушының санасынан орын ала бастайды. Сөйтіп білгендерін әр уақытта да ойға ұстауға әзір болуға машықтана береді.

Сан есімді өткенде көңілді санамақтар жаттату оқушының пәнге деген қызығушылығын, танымдық қабілетін, жылдам, жаңылмай оқу шеберлігін арттырары сөзсіз.

Сонымен қатар киелі сандарға тоқталып кетуге болады. Мысалы, бір «жеті» санының өзіне тоқталсақ «Жеті қабат жер», «Жеті ғаламат», «Жеті қат көк», «Жеті қазына», «Жеті шелпек» тағы басқа ұғымдарды бала санасына сіңіруге болады.

Ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабаларымыздың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел баласына үйрету, санасын ояту – сынып жетекшілердің, мұғалімдердің, ата-аналардың ең үлкен парызы болмақ.[2,16]


Әдебиеттер:

  1. Жұмабаев М. Педагогика. «Жұлдыз» журналы, 1992 ж.

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, №7, 2007 ж.

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, №2, 2008 ж.

  4. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, 2017 ж.

  5. «Тәрбие сағаты» журналы, №3, 2007 ж.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру

Автор: Акимжанова Гаухар Сауалхановна

Дата: 25.11.2019

Номер свидетельства: 528561

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) "Бандама:?аза? тілі мен ?дебиет саба?тарында тіл дамыту ж?мыстарын халы?ты? педагогикамен ?штастыру. "
    ["seo_title"] => string(112) "bandama-k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-tarynda-til-damytu-zhu-mystaryn-khalyk-tyk-piedaghoghikamien-u-shtastyru"
    ["file_id"] => string(6) "162545"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422368049"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) "?аза? тілі мен ?дебиет саба?тарында тіл дамыту ж?мыстарын халы?ты? педагогикамен ?штастыру. "
    ["seo_title"] => string(104) "k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-tarynda-til-damytu-zhu-mystaryn-khalyk-tyk-piedaghoghikamien-u-shtastyru"
    ["file_id"] => string(6) "162546"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422368779"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу"
    ["seo_title"] => string(61) "k_yz_balalardy_u_lttyk_piedaghoghika_nieghizindie_t_rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "401709"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489984530"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства