kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ елі - Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт арнасымен сан қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей. Отанға деген шынайы махаббат, бүгінгі ұрпақ алдындағы ата-бабаларымыздың аңсаған еркіндігі Ұлы Жеңіске жеткізді. Қазақ елі қазақ хандығын құрудан басталған қасиетті борыш «Мәңгілік Ел» идеясына негіз болып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жол ашатын басты жоба болды. Қазақ елінің тамыры тереңге жайылған ел тарихынан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қаншама қиын қыстауларды, ашаршылық пен соғыс (әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен 1941-1945жж Ұлы Отан соғысы, 1979-1989 жж арасындағы Ауған соғысы мен қатар кешегі 1986 ж 16 желтоқсанның қанды оқиғасы) елден жыраққа кетіп тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне қаймықпастан кешегі өткен батыр аға-апаларымыз болмаса бүгінгі күнгі Тәуелсіздік жолына аман-есен жетерме едік? Болашақ ұрпақ үшін жанын аямай, өз өмірін қазақ елі үшін қасық қаны қалғанша күресіп бізге аңсаған еркіндікті алып берді. Міне, осының өзі - Мәңгілік елдің шаңырағы болып табылды.

Тәуелсіздік алып, ел болып есімізді жинаған күннен бастап, қазақтың қамын жейтін перзенті – Нұрсұлтан Әбішұлы елдің жоғын жоқтап, асылын ардақтап келеді. Бүкіл әлем қызыға қарайтын еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық – Елбасымыздың сындарлы саясаткерлігінің жемісі. 1991 жылы Қазақ елі Тәуелсіздігін әлемге паш етіп, мойындатты. Бұл күн бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам (ақ түйенің қарны жарылған күн) да болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Айдың он бес күні қараңғы болса он бесі жарық деген деп, қазақ елі барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкіршілігін айтты. Жеріміздің кеңдігіндей   көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Осы пейіліміздің кеңдігінің арқасында қазақ  жерінде көптеген көп ұлтты халықтар мекендейді. Мәселен: Жүз отызға жуық ұлттар өзбек, қырғыз, орыс, тәжік, түрік, әзербайжан т.б ұлт өкілдері мен он сегіз конфессиялық топ өкілдерінің береке-бірлігі жарасып, ынтымақтастықта өмір сүріп жатуы - еліміздің ұстанып отырған бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы ұтымды саясаты мен жүзеге асырып отырған ауқымды әрекеттерінің көрінісі. Сонымен қатар елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың нұсқауымен шет мемлекеттердегі қандас бауырларымызды шақыртып, жағдай жаратқандығы осыған дәйек. Бұл да бір Мәңгілік елдің айғағы. Бүгінгі қазақ елінің басты мақсаты - әлеуеті жоғары, экономикасы мығым, бірлігі жарасқан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған 50 елдің қатарынан көрінуі. Осы ретте, Қазақстан Республиасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» бастамасы ұлы мақсаттарға жетелейтін игі қадам болары анық. Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік - бабалар арманы. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздыққа жол бермеу қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері"»

Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың тиімді әдіс- тәсілдері

Мақсаты: өздігінен әрекет етуге ұмтылатын жеке тұлға даярлау

Міндеті:

1.Шығармашылық жұмыстың тиімді жолдарын жүйелеу.

2.Сабақ барысында оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

3. Оқушыларды өзара жиі араластыру арқылы пәндегі қиындықтарды жеңілдету.

4. Топтық жұмыстың тиімділігін арттыра отырып, кейбір оқушылардың оқу белсенділігін арттыру.

5.Оқушылардың өзара әрекеттестігін арттыра отырып, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар топта өзара араласа отырып, өздеріне деген сенімділіктері артады.

2. Ұжымдық жұмыс жасай отырып, пәндегі қиындықтарды шешуді үйренеді.

3. Үлгерімі төмен оқушылар топта араласа отырып, белсенділігі артады, өзіне деген сенімділігі нығаяды.

4.Оқушылар өз бетінше әрекет ете отырып өмірге бейімделеді, жеке тұлға қалыптасады.

5.Кез-келген істі шығармашылықпен орындауға дағдыланады.

Кіріспе:

Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.



Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын

шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:

 оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;

 бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;

 берер білімнің ғылымилығын арттыру;

 алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;

 оқушысының ой белсенділігін дамыту;

 әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту

 білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде

жоғарғы сапаға жету;



Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.



Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Буранбаева Гульмира Ирсалиевна

Дата: 14.12.2016

Номер свидетельства: 369735

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(212) "Баяндама "?аза? тілі ж?не ?дебиеті саба?тарында ?зге ?лт ?кілдеріні? шы?армашылы? де?гейлерін дамытуды? тиімді жолдары". "
    ["seo_title"] => string(136) "baiandama-k-azak-tili-zh-nie-diebiieti-sabak-tarynda-ozghie-u-lt-okildierinin-shyg-armashylyk-dien-ghieilierin-damytudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "156291"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421405446"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "??ЗЫРЕТТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДА О?ЫТУДЫ? ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫ? ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ"
    ["seo_title"] => string(80) "kuzyriettimamandaiyndaudaokytudynzhanatiekhnologiiasynpaidalanudyntiimdizholdary"
    ["file_id"] => string(6) "311689"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459246217"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "доклад на тему "Технология п?нінде а?паратты технологияны пайдалануды? тиімділігі " "
    ["seo_title"] => string(92) "doklad-na-tiemu-tiekhnologhiia-p-nindie-ak-paratty-tiekhnologhiiany-paidalanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "172007"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423751919"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "доклад на тему "Технология п?нінде а?паратты технологияны пайдалануды? тиімді жолдары " "
    ["seo_title"] => string(96) "doklad-na-tiemu-tiekhnologhiia-p-nindie-ak-paratty-tiekhnologhiiany-paidalanudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "172025"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423753671"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(224) "?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА О?УШЫНЫ? СЫН                  Т?Р?ЫСЫНАН  ОЙЛАУ  ДА?ДЫСЫН ДАМЫТА ОТЫРЫП,                  С?ЙЛЕУ М?ДЕНИЕТІН ?АЛЫПТАСТЫРУ. "
    ["seo_title"] => string(115) "k-azak-tili-sabag-ynda-ok-ushynyn-syn-tu-rg-ysynan-oilau-dag-dysyn-damyta-otyryp-soilieu-m-dieniietin-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "157154"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421562434"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства