kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Иманды болу парызың» баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қыз балалар тәрбиесіне байланысты 8-10 сынып қыздары арасында "Иманды болу парызың " тақырыбында баяндама оқылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Иманды болу парызың» баяндама»

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы№ 11 облыстық қазақ

мектеп интернат кешені








Баяндама


Тақырыбы:





«Иманды болу парызың»

(Қыздар жұмысы)
















Куратор: Рахметова Жанар

Жумагалиевна






2017 жыл




«Иманды болу парызың» баяндама



Өткізілген уақыты: 22.11.2017

Қатысушы: 8-9 сынып қыздары,сынып кураторлары



Ата-бабаларымыз «Иман тұрған жерде ұят тұрады» деген мақалды бекерден-бекер қолданбаған ғой. Адамзаттың ең бір асыл қасиеттерінің бірі Ар, Ұят, Ұялу, парасатты тәрбиені көрген адамның ісі. Осы мақсатта міне бүгін өздеріңізбен бірге, «Иманды болу парызың»деген тақырыпта сіздермен жиналып отырмыз. Осы кешімізді өткізудегі негізгі мақсат: Иманды да ибалы ұрпақты тәрбиелеу және оны түсіну еді. Ендеше, «Әрбір ақылы бар адамға иман парыз,әрбір иманы бар адамға ғибадат парыз» деп Абай атамызда оның мәнін аша түскен.

Пайғамбарымыз: «Ұят иманнан болмаса,оның ұяты жоқ. Басқаша айтқанда иманы толық болмағанның ұяты болмайды»-деген. Бұл жастарға ғана емес,кей үлкендерімізге де қатысты нәрсе. Қазақ өзі қашанда теңіз ойдың тереңін,тұнған ақыл мөлдірін,айтар сөздің асылын тауып айтатын, «жүректен шыққан сөз,жүрекке жетеді»демекші ет жүректі селт еткізбей қоймайтын халық. Ата-бабаларымыз бір шумақ өлеңмен,нақыл сөздермен айтар ойын дөп басып айтқан.

«Ең әуелі керек нәрсе иман» -деген,

«Ақырет істеріне илан!» -деген!

«Құдай кешірер!» -деген мен іс бітпейді,

«Иман шартын білмесе, ибан» -деген,екен.

Еліміз тәуелсіздігін алып, әлемге таныла бастағалы дінімен халқымыз қайта қауышты. Өшкеніміз жанды, дінге деген көзқарас жақсылыққа қарай өзгерді. Ендігі міндет осы Алланың ақ жолымен адаспай дінімізді дамытып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру.

Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ.Әрбір қыз бала-болашақ ана. Ол өз өмірінің жалғасын, ертеңгі елді құрайтын және соған ие болатын ұрпақты өмірге әкеледі. Қыз баланың өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігін, мәдениетінің төмендігін көрсетеді.Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз- көңіліңе жақын дегендей- мейірімділік пен қамқорлыққасиеттерін, ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.

Қыз-ең қасиетті сөз.Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді.

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді.Қазіргі қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі, үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше.Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады.Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйел адам. Сондықтан да бүгін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алғандығы негізгі мақсатым: адамгершілігі мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеп шығару. Бұл бағыттағы жұмыстардың көпшілігі ата аналармен қоян-қолтық араласуды тікелей қажет етеді.
«Анасын көріп қызын ал» дейтін халық мақалы текке айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін қадірлемейтін қыздардан жақсы ана шығады деп айта алмаймын. Тілін қадірлемеген адам, ол ұлттың салтынан да,дәстүрінен де хабарсыз болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. Бойжеткендеріміз осыны ұмытпаса деймін.
Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлікпен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен, не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді,мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі-өнеге көрсетуде. Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді, тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жауапкершілігін сездіреді.

Қазақ қоғамындағы басты байлық адам болса, ақылды да иманды, парасатты да тəрбиелі қыздар-ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тəрбиелеймін десең, қызыңды тəрбиеле» деген қағиданың мəні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты. «Қыз, əйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені өмірдің бастау-бұлағы анадан адамзат тарап, ұрпақ өсіп, ұлт қатары көбейеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілі мен дінін, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін де əйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тəрбиелеу ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.

Ұлттық құндылықтарды ардақтайтын қазақтың қыздары қарапайымдылығымен, сыпайылығымен, инабаттылығымен танылып, халқымыздың үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ер-азаматты қадірлеу секілді дəстүрін ұстанады. Сондай ибалы қыздарданиманды ұрпақ өрбиді


Қыздарға ақыл кеңестер. 
Ерінің әдемі болсын десеңіз, жылы сөздер айтыңыз .

Көздерің әдемі болсын десеңіз, адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.

Сыртқы пішінің сымбатты болсын десеңіз, аш жалаңаштанбай талғамыңызды бөлісе біліңіз. 
Өз-өзіңе сенімді болу үшін әр кез өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліп жүріңіз. 
Есіңде болсын, егер бір күні сізге көмек болса сіз оны бір-біріңіздің қолдарыңыздан табасыз Есейе келе сіз бір қолыңыз өзіңізге жәрдем үшін, ал екінші қолыңыз өзгелерге көмектесу үшін екенін білесіз. 
Ал қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлты на жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін-өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті-ақ.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі-ұлттық салт-дәстүрлер.
Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек.

Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру өсіру гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек.

Қазіргі қыздар тым сәнқой. Сәнқойлығы сондай, көп қыздар жазда жалаңаш (ашық-шашық деген мағынада), қыста жалаңбас жүреді. Жылуы жоқ жұқа бешпет, капрон шұлық киіп, қалтырап сабаққа не қызметке барады. «Қарағым-ау, бүйтіп жүріп денсаулығыңды жоясың ғой!» дегің келеді оларға. Жоқ, оларға денсаулық емес, сән керек. Санасын сән билеп кетсе, не дерсің оларға?!Қазіргі қыздар тарқылдап күледі, қайқаңдап жүреді. Үлкендерге ізет жасауды білмейді-ұлттық сыпайылық жоқ.

“...Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпау керек, себебі қыздың жалаңаш денесіне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта “Есті қыз етегін қымтап ұстайды” деген мақал бар... Әсіресе, етекті қарасанға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Қазақтың жазба әдебиеті Абай, Ыбырай шығармаларынан бастау алады. Сол кездің өзінде-ақ көрнекті ағартушы Ы.Алтынсарин имандылық тәрбиесіне аса назар аударған. Имандылық тәрбиесінең бірінші орынға қойған. Алғашқы оқулық «Қазақхрестоматиясы» да осындай мазмұнда құрылған болатын.
Сөз соңын Елбасымыздың: «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей-еліміз толық түзелмейді» деген пікірімен қорытындылағым келіп отыр. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білгей.

Қыздарымыз ибалы болса, ұрпағымыз иманды болады














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Иманды болу парызың» баяндама

Автор: Рахметова Жанар Жумагалиевна

Дата: 16.04.2018

Номер свидетельства: 466389

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ата-баба м?расы Баяндама"
    ["seo_title"] => string(22) "atababamurasybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "292836"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455360381"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства