kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рухани адамгершілік т?рбие негізі- толеранттылы? іспеттес

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рухани адамгершілік т?рбие негізі- толеранттылы? іспеттес

    Адамгершілік т?рбиесі жастарды? ?о?ам?а, отбасына, е?селі, білімге, Отан?а, жер бетіндегі бейбітшілікке ?атынасын ?алыптастырады. Осы заман?ы адамгершілік т?рбиесі жекелеген ба?ыттар?а емес, адамгершілік ??ндылы?тар?а негізделеді.

    Адам - е? ?уелі адамгершілігімен, парасатыны? биіктігімен к?рікті.М?дениет жо?ары адам айналасында?ылармен ?арапайым ?арым-?атынаста болады.

    Адамгершілік т?рбиесі мектепке дейінгі балаларды?  адамгершілік ??ымы, принциптері, мінез-??лы? нормалары жайында?ы біліммен кемелде?діреді. Балалар оларды о?ып ?йренумен шектелмей, о?у, т?рбие, е?бек процесінде іске асыр?анда адамгершілік оларды? сеніміне айналады. Адамгершілік т?рбиесіні? ??рамды б?лігі - ?лтжандылы?,  отаншылды? (патриотты?) ?асиеттер. Халы?та «А?аш т?зу ?су ?шін о?ан к?шет кезінде к?мектесуге болады, ал ?лкен а?аш бол?анда оны т?зете алмайсы?» деп бекер айтылма?ан. Сонды?тан баланы? бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, ?айырымдылы?, я?ни адамгершілік ??нды ?асиеттерді сі?іріп, ?з-?зіне сенімділікті т?рбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль ат?арады.

     Мен осы кезекте шыбы?тай майысып ?сіп келе жат?ан жас ?рпа?тар бойында?ы адамгершілікті? игі ?асиеттерін ?алыптастыру негізі- толеранттылы??а байланыстыра отырып, сол ?асиетті дарыту?а тырысамын.

      ?л-Фараби "Адам ?з ?міріні? ?ожасы, сонды?тан ?з ба?ытын ?зі жасауы керек. Ол не н?рсеге де ??ыптылы?пен ?арап, жи?ан-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адам?а сырын ашпай, ?зіні? ма?сат м?дделері ж?нінде достарымен ?ана б?лісіп отыруы керек. Осылайша ?мір с?рген адамны? ?ана ар-ожданы таза болады" деген.

   Абай адамгершілік, ?дептік нормалары жайында к?птеген пікірлер ?алдырды.Оны? бірінші ?оятын талабы - мораль жа?ынан ?стамды, таза болу, сыпайы мінезді, жа?сы ??лы?ты, ?ділетшіл, шыншыл болу. ?депсіз, арсыз, байлаусыз, с?рамса?, ?секші, ?тірікші, алдамшы, кеселді сия?ты жаман мінездер мен ?деттерден, жарамсыз ?ылы?тардан са?танып, ?зін одан жо?ары санап, ондай ?ылы?тарды бойына лайы?сыз к?рсе ?ана, адам парасатты болады. Абайды? ?оятын екінші талабы - т?ра?тылы?, "?ылам дегенін ?ыларлы?, т?рам дегеніне т?рарлы?, мінезде аз?ырылмайтын а?ылды, арды са?тарлы? беріктігі, ?айраты бар болсын" дейді. ?шінші талабы - ?ділетшілдік. ?леуметтік міндеті - д?ниені белсене ??рушы адамны? бірі болып, хал?ы, Отаны ?шін ?ызмет істеуі.

     Т?рбиені? негізгі ма?саты- дені сау, ?лтты? сана сезімі оян?ан, рухани ойлау д?режесі биік, м?дениетті, парасатты, ар-ожданы мол, е?бек?ор, іскер, бойында бас?а да игі ?асиеттер ?алыптас?ан ?рпа? т?рбиелеу. Ертегіні? рухани т?рбиелік м?ні зор. Ол бала?а рухани ляззат беріп, ?иял?а ?анат бітіретін, жас баланы? рухыны? ?сіп жетілуіне ?ажетті н?рсені? мол ?оры бар рухани азы?» деп атап к?рсеткен.

Бала ?міріні? ал?аш?ы жеті жылы — денсаулы?ты?, акыл-ой, адамгершілік, е?бек ж?не эстетикалык дамуды? негіздері ?аланатын ?те ма?ызды кезе?.

    Мектепке дейінгі ша? — б?л балалардын ?міріндегі елеулі кезе?, ?йткені олар ту?аннан мектепке бар?ан?а дейін дамуды? ?лкен жолынан етеді. Мектепке дейінгі ша?та балада ?айырымдылы?, жанашырлы?, ?уаныш?а орта?тасу сезімдері калыптасады.

Сезім балаларды белсенді іс-?рекетке: к?мек к?рсетуге, ?ам?орлы? жасау?а, к??іл аудару?а,   ж?бату?а,   ?уанту?а   итермелейді.

       ?арапайым ?деттерді т?рбиелей отырып педагог балдыр?анны? бар істі шын пейілмен ?рі саналы ат?аруына ?ол жеткізеді, я?ни сырт?ы ?намды мінездері оны? ішкі жан д?ниесін, оны? ережеге деген к?з?арасын ай?ындайды.

       Балаларымызды имандылы??а т?рбиелеу ?шін оларды? ар-?ятын, намысын оятып, мейірімділік, ?айырымдылы?, кішіпейілдік, ?ам?орлы? к?рсету, адалды?, ізеттілік сия?ты ?асиеттерді бойына сі?іру ?ажет. Баланы ?лкенді сыйлау?а, кішіге ізет к?рсетуге, иманды болу?а, адамгершілікке баулу адамгершілік т?рбиесіні? жемісі. Балаларды адамгершіліке т?рбиелеуде ?лтты? педагогика ?ашанда халы? т?рбиесін ?лгі ?стайды. Ал, адамгершілік т?рбиелеуді? бірден-бір жолы осы іске к?зін жеткізу, сенімін арттыру. Осы ?асиеттерді бала?а жасынан бойына сі?іре білсек, адамгершілік ?асиеттерді? берік ірге тасын ?ала?анымыз.

?азіргі балалар?а адамгершілік т?рбие беруде келе?сіз жа?дайларды? беле? алып келе жат?анды?ы жасырын емес. Кітап?а деген ?ызы?ушылы? к?рт т?мендеп, оны? орнын теледидар экрандары басты. Ал онда?ы ертегілер мен мультфильмдерді? кейіпкерлеріне адамгершілік пен ?айырымдылы? т?н деп айта алмайсы?. Балаба?ша жасында?ы балалар?а білім беруде ата-аналары к?бінесе танымды? даму?а к?бірек к??іл б?леді. Т?рлі-т?сті энциклопедиялар сатып ?періп, педагог-о?ытушылар?а ?осымша саба?тар?а апарады. Ал отбасында бірігіп кітап о?ып, туыс-бауырларына ?олдан сыйлы? даярлап, бірге ойнап, серуендеуге уа?ыттары жо?. Ал сонда олар?а адамгершілік саба?тарын кім беруі керек? Кім оларды ?айырымды, шыншыл да ?діл болу?а ?йретуі тиіс?

 Баланы? бойына ізгілік, мейірімділік, адамгершілік сынды ??нды ?асиеттерді сі?іруде т?лім-т?рбиені? бесіктен кейінгі ?асиетті ордасы – балаба?ша дер едім. Олай болса, балалар?а рухани-адамгершілік т?рбие беру сия?ты ізгі істі балаба?ша т?рбиешілері ат?арады деп ойлаймын. Ж?не осы игі іске ата-аналарды да ж?мылдыра алу – т?рбиешіні? басты парызы. Мектепке дейінгі жаста?ы баланы? рухани-адамгершлік дамуы балаба?ша мен отбасы арасында?ы ?арым-?атынасты? ты?ызды?ы арт?ан сайын ойда?ыдай ж?зеге асады.

   Т?рбиешілер т?рбиені? бесіктен басталатынын  ескерсек,  ата – бабадан келе жат?ан  д?ст?рлерді е? алдымен ?зіміз  т?сініп,  балалар?а оны? н?рін сі?іре білсек,  болаша? патриот т?рбиелесек деген оймен е?бек ат?арып, ?з ?лестерін ?осуда.

       Жалпы т?л?ада толеранттылы?ты? ?алыптасуы ?шін ол рухани дамуды? белгілі бір сатыларынан ?туі тиіс, ал ол педагогикалы? проблема болып табылады. Сонды?тан 1995 жыл?ы 16 ?арашада ЮНЕСКО-?а м?ше елдер ?абылда?ан «Толеранттылы? принциптеріні? Декларациясында» білім беру саласында толеранттылы? идеясын насихаттау?а басымды? берілген. Педагогика ?ылымында оны? саласы ретінде «толеранттылы? педагогикасы» даму ?стінде, онда толеранттылы?ты? м?нін зерттеу ж?не оны ?леуметтік норма, ?леуметтік ??ндылы? ретінде практика?а ендіруге негізгі к??іл б?лінеді.

        Осы кезекте менде ?з т?жіриебемді бастадым. ?зім жетекшілік ететін ересек «?ыз?алда?» тобыны? балаларын тізімге ала отырып, т?жірибені бастадым. Алдымен топ балаларыны? тізімі негізінде жеке ж?мыстарымен, ?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекетерінде  ?атысуына, ойын, серуен барысында?ы ?абілеттерін бай?ай отыра,  диогностика ж?ргіздім.

       Балалар бойында адамгершілік, ?лкенге ??рмет, кішіге ізеттілік таныту, досты?, мейірімділік секілді ??нды ?асиеттер ?алыптасты. Б?л та?ырып?а сай балалар бойында?ы толеранттылы? негізі ?алыптас?аныны? кепілі екені с?зсіз.











 




 

М?лдір МАХАНБЕТЖАНОВА

№5 «Г?лд?урен» б?бекжай – ба?шасыны? т?рбиешісі, жас маман

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рухани адамгершілік т?рбие негізі- толеранттылы? іспеттес»

Рухани адамгершілік тәрбие негізі- толеранттылық іспеттес


Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңселі, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.

Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.

Адамгершілік тәрбиесі мектепке дейінгі балалардың адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Балалар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі - ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Мен осы кезекте шыбықтай майысып өсіп келе жатқан жас ұрпақтар бойындағы адамгершіліктің игі қасиеттерін қалыптастыру негізі- толеранттылыққа байланыстыра отырып, сол қасиетті дарытуға тырысамын.

Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.

Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді. Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық» деп атап көрсеткен.

Бала өмірінің алғашқы жеті жылы — денсаулықтың, акыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалык дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Мектепке дейінгі шақ — бұл балалардын өміріндегі елеулі кезең, өйткені олар туғаннан мектепке барғанға дейін дамудың үлкен жолынан етеді. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері калыптасады.

Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғанның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.

Қазіргі балаларға адамгершілік тәрбие беруде келеңсіз жағдайлардың белең алып келе жатқандығы жасырын емес. Кітапқа деген қызығушылық күрт төмендеп, оның орнын теледидар экрандары басты. Ал ондағы ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлеріне адамгершілік пен қайырымдылық тән деп айта алмайсың. Балабақша жасындағы балаларға білім беруде ата-аналары көбінесе танымдық дамуға көбірек көңіл бөледі. Түрлі-түсті энциклопедиялар сатып әперіп, педагог-оқытушыларға қосымша сабақтарға апарады. Ал отбасында бірігіп кітап оқып, туыс-бауырларына қолдан сыйлық даярлап, бірге ойнап, серуендеуге уақыттары жоқ. Ал сонда оларға адамгершілік сабақтарын кім беруі керек? Кім оларды қайырымды, шыншыл да әділ болуға үйретуі тиіс?

Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, адамгершілік сынды құнды қасиеттерді сіңіруде тәлім-тәрбиенің бесіктен кейінгі қасиетті ордасы – балабақша дер едім. Олай болса, балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру сияқты ізгі істі балабақша тәрбиешілері атқарады деп ойлаймын. Және осы игі іске ата-аналарды да жұмылдыра алу – тәрбиешінің басты парызы.. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады.

Тәрбиешілер тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек деген оймен еңбек атқарып, өз үлестерін қосуда.

Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген. Педагогика ғылымында оның саласы ретінде «толеранттылық педагогикасы» даму үстінде, онда толеранттылықтың мәнін зерттеу және оны әлеуметтік норма, әлеуметтік құндылық ретінде практикаға ендіруге негізгі көңіл бөлінеді.

Осы кезекте менде өз тәжіриебемді бастадым. Өзім жетекшілік ететін ересек «Қызғалдақ» тобының балаларын тізімге ала отырып, тәжірибені бастадым. Алдымен топ балаларының тізімі негізінде жеке жұмыстарымен, ұйымдастырылған оқу іс әрекетерінде қатысуына, ойын, серуен барысындағы қабілеттерін байқай отыра, диогностика жүргіздім.

Балалар бойында адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік таныту, достық, мейірімділік секілді құнды қасиеттер қалыптасты. Бұл тақырыпқа сай балалар бойындағы толеранттылық негізі қалыптасқанының кепілі екені сөзсіз.





























Мөлдір МАХАНБЕТЖАНОВА

5 «Гүлдәурен» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі, жас маман




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Рухани адамгершілік т?рбие негізі- толеранттылы? іспеттес

Автор: Маханбетжанова М?лдір Мырзахан?ызы

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283452


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства