kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Диктанттар жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сборник диктантов предназначен для проверки знаний учащихся по грамматическим темам.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Диктанттар жинағы»

Соқыр теке.

1«Соқыр теке» ойыны тапқырлыққа, ептілікке үйретеді. Бұл ойынды балалармен қатар жастар да ойнай береді. Бұл қазақтың ұлтыұ ойыны. Оны жазды күні кешке айлы түнде ойнайды. Ойын ашық алаңда, жазықтау жерде өтеді. Ойын бастаушыны анықтау үшін өзара жеребе салады. Жеребе шыққан ойыншы «Соқыр теке» болуға тиіс.Соларада оның көзі таңылады. Басқалары көзі таңылған ойыншыны түртңп қалып қаша жөнеледі.Соқыр теке өзін түртушілердің біреуін ұстауға тырысады. Егер ол біреуін ұстап қалса, көзін ашпай тұрып, оның атын айтуы керек. Кім екенін тани алмаса, ойын әрі қарай жалғасады. Алқолға түскен адам тақпақ айтады, ән салады. Сонан соң оның көзі таңылады. (98сөз)

Сусыз тіршілік жоқ

2Сусыз тіршілік жоқ. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады.Ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің үштен бірі құрлық. Ал үштен екісін су алып жатыр. Мұхиттар, теңіздер, өзендер,көлдерде су бар. Сонымен қатар жер астында да,топырақта да су бар. Мұздықтармен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада бұлт,тұман, бу, жаңбыр, қар түрінде болады. Су сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді. Судың көптеген заттарды оңай ерітетін қасиеті бар. Табиғатта қоспасы жоқ таза су кездеспейді. Таза суды тек лабороторияда ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ. Теңіз суының құрамында еріген тұздар бар. Сондықтан ішуге болмайды.(104сөз)

3Сулы-азықтық дақыл .Ол бидай мен қар бидайдан кейін үшінші орын алады. Сулысы жайқалған кең алқап әдемі көрінеді .Сулының қауызының ішінде уылжыған ұзынша дәндері болады. Ол мал азығына осы күйінде де жарай береді. Адам тағамына пайдалану үшін оны қауызынан тазартып ақтау керек.Сұлыдан жасалған тағамдық заттар аса пайдалы. Сулы ұнына шелпек ,құймақ ,тоқаш пісіреді. Тәтті сусын ,печеньелер жасайды. Сулының дәнінен жасалған ұнтақ балаларға ең пайдалы тағам болып есептеледі. Сулы жармасынан жасалған ботқа да дәмді болады. Сулы –үй хайуанаттары үшін тамаша азық. Оның дәні ғана емес , сонымен қатар сабаны да іске асады. Сулының сабаның жылқы , сиыр қой, ешкінің жем- шөбіне араластырып береді. (101сөз)

4Сүт-аса бағалы тағамдық өнім. Онда белоктар ,майлар, углеводтар мен витаминдер бар. Егер сүтке микробтар түссе ,сүт тез бұзылады. Сондықтан комбинат ішінде сүт микроб түспейтін құбырлар арқылы ағызылады. Үй жағдайында сүтті пісіреді. Тек шөлмектегі сүтті ғана пісірмей ішуге болады. Шөлмектегі микробтар өлтірілген .Бұл үшін сүтті әуелі он бес ,отыз минуттай алпыс,жетпіс градусқа дейін қыздырады. Одан кейін салқындататын ерекше аппараттан өткізеді Мұндай өндеуді пастерлеу дейді . Қазір постерленген сүтті қағаз пакеттерге құйып та шығарады. Сүт зауытында үлкен автоматты көресің. Онда тізілген бос шөлмектер айналма шеңбер бойымен жылжып жүріп жатады. Олар кезекпен түтік астына келеді де сүтке толады. Келесі машина бұл шөлмектердің аузын қалайы фольгадан жасалған қақпақпен жауып тұрады. Сүт зауытында сүзбе мен ірімшік, айран мен ацидофилин, қатық пен қаймақ та дайындалады. Мұнда сүттен сары май да жасалады.(123сөз)

5Адам әр уақыт тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болып келеді. Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде белокпен,маймен, углеводпен, минералды заттармен, витаминдермен сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы,ірімшік пен сүзбе таза белокпен тұрады. Ет пен балықта да белок болады. Май да әр түрлі болады. Сары май жылқының,сиырдың ,қойдың майы сияқты. Өсимдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес. Қант пен крахмалда, ботқада, нанда,картопта, жеміс –жидектердің құрамында углеводтар көп болады. Адамға тәулік сайын екі литр су қажет. Адамға күніне жүз грамм белок, сексен бес грамм май, төрт жүз грамм углевод қажет.(90сөз)



6Тұзды ештеңемен ауыстыруға болмайды. Дәрігерлер тұз болмаса адам ағзасында зат алмасуды, бұзылатынын анықтады. Табиғатта тұздың қоры жеткілікті. Біздің елімізде тас тұзы Донбаста, Қазақстанда ,Оралда тағы басқа жерлерде өндіріліп келеді.Жер астындағы тұзды алу үшін терең шахталар қазылады. Тұз қабаттарының қалындығы бір шақырымнан асады. Жер астында ұзақ жатқандықтан тұз әбден нығыздалған Ол қатты кристалға айналған . Сондықтан оны тас тұзы деп атайды. Тұзды кеуіп қалған көлдердең де өндіреді. Машиналар тұзды көлдің суын сорады. Сонан соң оны буға айналдырады. Содан аппақ тұз алынады. (86сөз)



Таза бұлақ

7Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ суы мұздай ,салқын, таза екен. Бұлақтың басындағы таста мынадай жазу бар екен: «Ей, жолаушы , болсаң, осы бұлақтай бол!» Үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң, жазуды оқыды, Біреуі саудагер екен,ол айтты: Бұл жазылған ақыл сөз екен .Бұлақ күн-түн ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл. Еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма. Сонда сен де үлкейіп. Мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін,-деді. (86сөз)





Асханада 8Біз мектепте үзілісте асханаға барып тамақ ішеміз. Біздің асханамыз бірінші қабатта. Асхана кең, тап-таза,жарық, әдемі гүлдер өсірілген. Асхананың кіреберісінде ас мәзірі ілулі тұрады. Ас мәзірінде қою таіамдар, сұйық тағамдар, салат түрлері, тәттілер жазылып қойылған. Бүгінгі ас мәзірінде қандай тағамдар бар екен? Түскі асқа біріншіге сорпа, кеспе көже, борщ бар екен. Екіншіге : палау,қуырдақ, қуырылған картоп, дүнген кеспесі, мәнті, тұшпара. Әрине ,қалауың бойынша сүт қатқан шай, кофе,сусындар алуға болады. Біз не аламыз? Мен біріншіге еш нәрсе алмаймын. Екіншіге мәнті аламын. Ол өте дәмді. Сосын сүт қатқан бір кесе шай алайын, өйткені мен шайды жақсы көремін.Тоқаш алуға да болады.Достарым да өздеріне ұнайтын тағамдарын алады.(104сөз)

9Археологтар қазба кезінде тамаша шыны құмыра тапты. Өзі өте әдемі .ол бұдан үш мың жыл бұрын Египетте әзірленген екен.Ежелгі уақытта шыныдан ыдыс-аяқ шығарылған. Бұл жерден көптеген елдерге жөнелтіліп тұрған.Шыны –ғажайып материал. Шыны жасау үшін құм, сода және басқа мөлдір емес заттар қолданылады.Оларды араластырып, арнаулы пештерде балқытады. Сонда созылмалы түссіз сұйық зат пайда болады. Одан қажет болса терезе әйнегі жасалады. Осы сұйық заттан үрлеп шыны құбыр, стакан, графин, сауыт та жасайды. Шыны ыдыс-аяқ, айна, әшекей заттар жасауға қажет. Мөлдір жоғары сапалы шыныдан кино түсіретін камералардың, фотосурет аппараттарының объективтері әзірленеді.(90сөз)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Диктанттар жинағы

Автор: Абишева Майрамбике Туякпаевна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377494

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Орыс тілінде о?итын 5-сынып?а арнал?ан диктанттар жина?ы "
    ["seo_title"] => string(62) "orys-tilindie-ok-ityn-5-synypk-a-arnalg-an-diktanttar-zhinag-y"
    ["file_id"] => string(6) "189884"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427044376"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Бастауыш сыныптар?а арнал?ан  диктанттар жина?ы» "
    ["seo_title"] => string(53) "bastauysh-synyptarg-a-arnalg-an-diktanttar-zhinag-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "195296"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427891426"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?аза? тілі п?нінен 3 сынып?а арнал?ан диктанттар жина?ы"
    ["seo_title"] => string(61) "k-azak-tili-p-ninien-3-synypk-a-arnalg-an-diktanttar-zhinag-y"
    ["file_id"] => string(6) "260533"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448975439"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Диктанттар жинағы"
    ["seo_title"] => string(21) "diktanttar_zhinag_y_1"
    ["file_id"] => string(6) "456205"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1518241683"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Диктанттар жинағы"
    ["seo_title"] => string(21) "diktanttar_zhinag_y_2"
    ["file_id"] => string(6) "466241"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1523787466"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства