kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бастауыш сыныптар?а арнал?ан диктанттар жина?ы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ??рал жалпы білім беретін мектептерді? бастауыш сынып м??алімдеріне арнал?ан. Ол 1-4 сынып о?ушыларына арнал?ан диктанттар жина?ы ретінде ??растырыл?ан.

?дістемелік ??ралда?ы м?тіндер о?ушыларды? жас ерекшелігін ескере отырып, ба?дарлама бойынша ?тілген лексика-грамматикалы? та?ырыптар?а сай келеді. ?р диктанттан кейін де?гей бойынша грамматикалы? тапсырмалар берілген. М?ндай тапсырмаларды? берілу ма?саты – о?ушыларды? мемлекеттік тілден ал?ан теориялы? білім д?режелерін ай?ындау?а, тілдік ерекшеліктерді еркінірек ме?геруге, ны?айту?а ж?не жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру ар?ылы ?аза? тілін с?з м?дениеті талаптарына сай де?гейде д?рыс ?олдана білуге жетелеу. Сонымен ?атар б?л ??рал о?ушыларды? ?аза? тілі грамматикасынан ?ткен материалдарды ?айталап, олардан ал?ан білімдерін на?тылап, сауаттылы?тарын арттыру ма?сатын да к?здейді.

Б?л ??ралды? о?у т?рбиелік м?ні зор. ?сынылып отыр?ан ??рал м??алімдерге о?у ?рдісінде ??нды ?дістемелік ??рал болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бастауыш сыныптар?а арнал?ан диктанттар жина?ы» »


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

















«Бастауыш сыныптарға арналған

диктанттар жинағы»



әдістемелік құралы





















Жамбыл 2015




























УДК 373 (с 72)

ББК 74 36







Пікір жазған:

Асанбаева Сәуле Асанбайқызы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университеті Көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры,

ф.ғ.к., доцент





«Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы»

әдістемелік құрал / Джакыпбекова Гулзира Бекбосынқызы – Жамбыл : Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, 2015. – 28 б.





ISBN 978-601-7211-42-4





Ұсынылған әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Бұл құрал 1-4 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған.

Құралдағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай келеді.

Осы құрал мұғалімдерге оқу үрдісінде құнды әдістемелік құрал болып табылады.






УДК 373 (с 72)

ББК 74 36






ISBN 978-601-7211-42-4 © Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, 2015

© Джакыпбекова Гулзира Бекбосынқызы, 2015











Жамбыл облысы Шу ауданы

Шу қаласы Ғани Мұратбаев атындағы орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Джакыпбекова Гулзира Бекбосынқызының

«Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы»

әдістемелік құралына



ПІКІР



Бұл құрал жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Ол 1-4 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған.

Әдістемелік құралдағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай келеді. Әр диктанттан кейін деңгей бойынша грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар бұл құрал оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді.

Бұл құралдың оқу тәрбиелік мәні зор. Ұсынылып отырған құрал мұғалімдерге оқу үрдісінде құнды әдістемелік құрал болып табылады.




Пікір жазған: Асанбаева Сәуле Асанбайқызы, Қазақ мемлекеттік

қыздар педагогикалық университеті

Көптілді білім беруді дамыту орталығының

директоры, ф.ғ.к., доцент































1 сынып. Әліппе кезеңі.

Көру диктанты.
қ, б, Т, А, ш.
Дыбыстық диктант.
ң, г, м, о.
Буындық диктант.
ра, ты, қор, ас.
Сөздік диктант.
дән, пана, бөрене.
Терме диктант.
Аспанда жұлдыздар көп. Ай жарығы көлге түсіп тұр.
Осы сөйлемдердегі “Ө” дыбысы кездескен сөздерді теріп жазу.

Бақылау диктанты.
Аа, Ее, Ққ, Іі, Рр, Ңң, Шш, Тт.
Құрамында “а” және “р” әріптері бар төрт сөз ойлап жаз.

Сөздік диктант.
а) Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.
(10 сөз)

ә) Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл.
(12 сөз)
б) Мына сөздерді буынға бөл.
Айран, шелек, еден, дүкен.

Бақылау диктанты.
Бөлмеде гүл өсіп тұр. (4 сөз)

Қыс мезгілі. Балалар аққала жасады. (5 сөз)

Алтыбақан құрылды. Ән салынып би биленді. (6 сөз)

Қыр асында сайда
Жатыр үлкен айна. (көл) (7 сөз)

Жыл құстары ұшып келді. Оқушылар оларға ұя жасады. (8 сөз)

Көшіру диктанты.
Төлдер.

Көктем шығып қой қоздап,
Қозыларын емізді.
Сиырымыз бұзаулап,
Бізге уыз жегізді.
“Төлдер” сөзін буынға бөл.

Сөздік диктант.

а) щетка, цирк, ащы, асық, тұщы, алқа.
“Щ” дыбысы бар сөздердің астын сыз.
ә) көрімдік, ою, ілгек, барыс, есік, жұмыс.
б) қуыршақ, күрек, ұн, үн, қасқыр, көз.
Жуан дауыстыларды тап.

Бақылау диктанты.
Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Ерлан жақсы окушы.    Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның  сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.    
(14 сөз)

Сөздік диктант.

  1. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап: ине, жіп, кілт, терезе, емен.

  2. Сөздерді буынға бөл: Әйнек, парта, гүлдер, суретші, сүлгі, қайың, таңертең, ауа, қайшы, қоңырау.

Ана тілі кезеңі.
Өздік диктант.

Қала аттарын алфавит бойынша көшіріп жаз.
а) Жамбыл, Павлодар, Ақтөбе, Жетіқара, Арқалық, Лисаковск, Шымкент, Өскемен, Теміртау, Орал.
ә) Мына сөйлемді дұрыс құрастыр:
Еріді қар. Болат кесті ағашты. Ойнады Әсет доп.
б) Мәтінде неше сөз бар.
Құмырсқалар кішкентай болғанына қарамастан ұйымшыл келеді.
в) “Мектеп” тақырыбына байланысты мәтін құрастыр. (2-3 сөйлем)
г) Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз:

Диктант.
Қоңыр үйрек.

Жаз. Күн ыстық. Әкем екеуміз шөп шабуға бардық. Шабындықтың шөбі қалың екен. Ойламаған жерден үйрек ұша жөнелді. Мен шошып кеттім.
(20 сөз)

Ертіс
Ертіс- өзеннiң аты .Ертiс терең, әдемi өзен.Ертісте кеме жүредi.Өзеннiң суы өте суық.Мен Ертісті көрдiм.
 (17 сөз)

Бақылау диктанты.
Гүлдер.

Жайлауға келіп рақаттандық. Маусымның гүл жарған сарғыш, ақшыл көк шөптері самал желмен тербеледі. Біз гүл тердік. (16 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, астын сыз.

Мереке.

Біздің Еркін биыл тұңғыш рет мектептегі жаңа жыл мерекесіне барды. Жасыл шыршаны айнала қоршаған өз достарымен бірге ән салып би биледі.
(20 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
“Мерекесіне” сөзін тасымалда.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап:
Ағай сыныпқа көңілді кірді. Қарлығаш ұясына қонды.

Сандарды сөзбен жаз:
8,9,50,40,7

Диктант.
Екі дос.

Үзіліс кезінде балалар Мұратты ортаға алып шашылған мақта жайында сұрады. Елеусіз қалып қоған Асқардың көзіне жас келді. Өзінің қорқақ, өтірікші атанғанына ұялып жылап жіберді. (24 сөз)

Терме диктант.

Жұматай сол жылы бірінші сыныптан бастап жақсы оқыды. Атасының ақыл айтқанына төрт жыл болды. Жандос бүгін бес алды.
Аталған сөйлемдерден сан есімді тауып астын сыз.
Тыныс белгілерін қой.
Темір үндемеді ағаштың бұтағын кім сындырды қош бол алтын ұям
Диктант.
Қарлығаш.

Арада екі күн өткен соң қарлығаш оралып қораға ұя салды. Өзіне серік тауып жаздай мекендеп жүрді. Асан ылғи бақылап отырды. Күз келіп құстар қайта бастағанда бұл қарлығаш та көрінбей кетті. (28 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Асан ылғи бақылап отырады сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.

Бақылау диктанты.
Қуаныш.

Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді. Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын тапсырды. Талғаттың қуанышында шек жоқ. Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті. Талғатқа анасы қуанып батасын берді. (27 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Өздік диктант.

I. Жоғалған әріпті қойып, көшіріп жаз.
Сер… ен, қара… ым, жа..а, саб…н, ..йрек, жа…лау, сылдырма… .
II. Заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз.
… гүл, ….. адам, … оқушы, ….. дәптер, ….. жол, …… қыс.
III Сұраулы сөйлемге айналдыр.
Атам қалаға келді. Бүгін төрт сабақ болады. Бүгін күн жылы.

Көшіру диктанты.
Мақалдар.

I. Өнер көңілдің – анасы,
Ақылдың баласы.

II. Досың саған қараса,
Қасың жерге қарайды.

III. Білім арзан, білу қымбат.



2 сынып.


1 – сыныпта өткенді қайталау.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
 1.Күз, күн, тәтті үлкен, бір, үш, төрт, қыз, бөлме, ата, әже, алмұрт, қоңырау, сабақ.
(15 сөз)
 2. Білім, мектеп, сынып, оқушы, баға, шулама, дұрыс, жақсы, сұра, кел, ал, екі, үш, тіл, гүл.
(15 сөз)
 3. Бүгін – білім күні. Қазір қазақ тілі. Болат тақтаға шықты. Мен дәптерге жаздым. Қолымды көтердім. Жауап бердім. Жақсы баға алдым.
(19 сөз)
Көшіру диктанты.
Көктем.
Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты.
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты.
(Ш.Әлдібеков)
Тапсырма.
У әрпі бар сөздерді тап.

Бақылау диктанты.
Менің досым
Менің досымның аты – Қайрат. Ол мейірімді, ақылды дос. Оның мінезі жақсы. Ол ата - анасына көмектеседі. Қайрат бос уақытында сурет салады, футбол ойнайды. (21сөз)
Диктант.
Күз болды.
Күз болды. Жапырақтар қурай бастады. Жұрт саудырап кепкен пішендерін қораларына тасып жатыр. Қырман дәнге толды. (15 сөз)
Тапсырма.
Қурай сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Ы, І әріптерінің емлесі.
Сөздік диктант.
Жазушы, толқын, қызық, халық, берекелі, бейбітшілік, әңгіме, тәрбиеші, әнші. (9 сөз)

Буындық диктант.
Іс, іс-кер, іш, іш-ті, ки-ді, ы-дыс, Ы-рыс-ты.
Аш-ты, ме-йір-ім-ді, піс-ті, мұ-ға-лім, шаң-ғы, іл-ді.

Көшіру диктанты.
Оқушы боламын.
Мен оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
(Б.Сарыбасова.)
Тапсырмалары.
1) Ы-әріптерінің астын сыз.
2) Ы-дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаз.

Диктант.
Аңшылық.
Қазақ даласында аңшылықтың кең тараған түрі – аңды бүркітпен аулау. Бүркіт ұстаған адамды саятшы дейді. Бүркітті аңшылар тез қолға үйренгіш деп есептейді. (21 сөз)
Тапсырма.
1) Бүркіт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2) Соңғы сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстарды тауып, бір сызықпен сыз
И әрпінің емлесі.
Сөздік диктант.
Инабатты, иек, инелік, иманды, киік, қасиет, мәдениет, Нәзима, Қалима, сыйлық, тыйым, сыйласу. (12 сөз)

Көру диктанты.
Әрқашанда таң атпай,
Оятады сағаттай.
(әтеш).
Тауық, үйрек – үй құстары. Торғай – кішкентай құс.
Тапсырма.
Дауыссыз й — дыбысының астын сыз.


Сөздік диктант.
Кітап, қалам, тиін, сыйлық, мүйіз, жиырма, кітапхана, лайық, рұқсат, оймақ. (10 сөз)

Диктант
Немере

Әжейдің немере қызы бар еді. Бұрын немере қызы кішкентай болатын.Ол ылғи ұйықтап жататын. Ал әжей өзі нан пісіріп, үй сыпыратын. Кейін әжей қартайды.Ал немересі әжесі үшін нан пісіретін болды. (Л.Толстой)

Тапсырма
1) Соңғы сөйлемдердегі сөздердің байланысын тап және сыз
2) Немересі сөзін тасымалда.

О, Ө әріптерінің емлесі
Сөздік диктанг

Шөбере, Ботагөз, төлдер,көзілдірік, ой, ойыншық, отыру,осы, сол, Орынтай ,орындық, отау, отын, Отан,оқ, өрік,дөңгелек,өшіргіш,өтірік.

Көшіру диктанты.

Тойдың сәні-ән-жыр, ойын-сауық. Асаба тойды өзі бастап, қыздырып әкетеді. Қонақтарға сөз берудің өзіндік реті болады. Әнші көпшілік алдында өнерлерін көрсетеді. (23 сөз) (Сен білесің бе?)
Тапсырма
О,Ө әріптері бар сөздерді тап, буынға бөл.

Өздік жұмыс

Дәр…гер, с..з, …сірді, ..ң, к…л,
Осы сөздерге сөйлем құр.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын бір сызықпен сыз.

Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Қ,Ғ әріптерінің емлесі
Сөздік диктант

Қайық,қиын,қозы,шаңғы,шағала,ғасыр,ғалым,сағыныш,сұңқар,қозғалыс, қараңғы,қарындаш.

Өздік диктант
Тоқтар Әубәкіров –ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері.Тоқтар ата-анасынан жастай жетім қалып,апасының тәрбиесінде болған. Ол ұшқыш болуды армандаған.
Тапсырма
Сөйлемдерді көшіріп жазып,дауыссыз дыбыстардың астын екі рет сыз.
Қатаң дауыссыз дыбыстарды теріп жаз.

Б,п әріптерінің емлесі
Сөздік диктант

Клуб,штаб,қап,сап,кітап,мектеп,шөп.
Тапсырма
Ы,і әріптерінің тиістісін қосып жаз. Үш сөйлем құр.

Н,ң әріптерінің емлесі
Көшіру диктанты
Мақалдар

1.Еріншектің ертеңі бітпес.
2.Күшіңе сенбе ,біліміңе сен.
3Досыңа ат берсең,
Ақырын жүр деме.
Тапсырма
Н,ң әріптерінің астын сыз.
Н,ң әріптері бар сөздерді буынға бөл.

Сөздік диктант

Шаңғы, аңшы,теңіз,нанбайды,қоңырау,көгершін,қоян. (7 сөз)

Диктант
Пайдалы кеңес.
Кітап-сенің досың. Кітапты күтіп ұста.Бетін бүктеме.Кітап-білім бұлағы. Кітапты көп оқу керек. Көп оқыған көп біледі.(19 сөз.)
Тапсырма
Үш буынды сөздерді буынға бөліп жаз.
Кітап –сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Көшіру диктанты.
Аққала.

Жиналдық та көп бала,
Соқтық әне, аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.
“Бала” сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Көшіру диктанты.
Қыс.

Ақ қар басқан дала әлі,
Жазылмаған парақтай.
Қоян қорқып қарады,
Жан – жағына алақтай.
“Қыс” туралы шағын әңгіме құрастыр.

Сөз және оның құрамы
Бақылау диктанты.
Әжесінің баласы.

Есін білетін күннен Алмас әжесіне үйір болды. Жанынан бір елі аттап шықпайды. Дүкенге де бірге барады. Сірә, әжесіндей ертегіні көп білетін адам жоқ шығар жер бетінде. Алмас әжесінің осыншалықты ертегілерді қайдан білетініне таң қалды. Қалай ұмытпайтынына қызығады. (36 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
“Ертегілерді” сөзін тасымалда.

Бақылау диктанты.
Желге мінген желөкпе.

Мұрат таудан төмен қарай шаңғы теуіп келе жатқан. Шаңғының тура жолында өздері соққан аққала тұрған болатын. Мұрат оны қағып өте шықты. Аққаланың басындағы шелек Мұраттың басына киіліп қалды. Сыпырғыш та желөкпе баланың қолында кетті. Аққала қатты ренжіді. (36 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
“Таудан” сөзінің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Сөйлем және оның түрлері
Гүлді баптау.

Жандостың апасы сары құмыраға әдемі қызыл гүл өсірді. Оған өзі су құйып, баптап күтуші еді. Осыны үнемі көріп жүрген кішкентай Жандос та гүлдерді баптағысы келіп кетті. Анасы жұмысқа кеткенде дастархандағы гүлдің суретіне су құйды. Су еденге төгілді. Жандос суретке су құюға болмайтынын енді түсінді. (41 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1) 1-ші сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.

Диктант.
Орман тамашасы.

Біз орманға бардық. Бір теректің айналысы қарақатқа тұнып тұр екен. Себетімізді толтырып ауылға қайттық. Құдайберген алдымыздан жүгіріп шықты. Бір себет қарақатты бере қойдым. Киіз үйге келіп шай іштік. Апам қаймақ пен бауырсаққа тойғызды. Сыртқа шықтық. Күн күлімдеп тұр.
(37 сөз)

Бақылау диктанты.
Доп.

Сұлтан үйде кітап оқып отыр еді. Мұншама қызық болар ма! Ол өзін — өзі ұмытып, қым-қиғаш оқиғаның ішіне еніп кеткендей. Кенет қатты тарс-тұрс, шатыр-шұтыр дыбыс шықты. Басын көтерем дегенше доп кеудесіне топ ете түсті. Сұлтан есін жиды. (38 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Сұлтан есін жиды. Сөйлемдегі етістікті тап.

Бақылау диктанты.
Ағаттық.

Бейбіт мектепке келгенде балалар тыста ойнап жатқан. Сөмкесін қойғалы сыныпқа кірді. Өз партасына жақындағанда қызылды – жасылды бір затқа көзі түсті. Анықтап қараса, шоколад екен. Шоколадты қолына алды. Бірақ жеуге дәті бармады. Шоколадты орнына қойды. Далаға шықты. Үрейден құтылып, қуанып кетті. (40 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемдегі дауыссыз үнді дыбыстардың астын сыз.

Көшіру диктанты
Кім жомарт?Не жомарт?
-Кім жомарт?
-Батыр жомарт
Халық үшін жанын берген!
-Кім жомарт?
-Ұстаз жомарт –
Бар балаға тәлім берген!
-Не жомарт?
-Жер жомарт –
Адамзатты асыраған!
-Не жомарт?
-Күн жомарт –
Жерге нұры шашыраған!
(М.Әлімбаев)

Зат есім
Көшіру диктанты.
I.Көбелек.
Ақ көбелек, көбелек,
Айтқаныма көне кет.
Жаңбыр жауып келеді,
Жаңа – жаңа себелеп.

II. Алатау.
Қошқар мүйіз киелі,
Қарала тақия киеді.
Абыз ата Алатау,
Құздарды жапқан кілемі.

Бақылау диктанты.
Аэропорт.

Кішкентай Айгүл демалысқа шыққан әке-шешесімен бірге Алматыға ұшатын болды. Қуанышында шек жоқ. Апасы жол жабдығын әзірлегенше, әкесі екеуі ұшаққа билет алуға кетті. Аэрофлот кассасының алды ығы – жығы кісі. Бірақ кезек тез жылжыды. Кассаға барып билет сатып алды. (38 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
2-ші сөйлемдегі жуан дауысты дыбыстардың астын сыз.

Көшіру диктанты.

Қаздар аспанда тізіліп ұшып барады. Сапар қаздардың ұшқанын қызықтап, қарап тұр. Ол қол бұлғап құстарды шығарып салды.
(17 сөз)
Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Етістік.

Бақылау диктанты.
Көктем.

Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылды. Арық бойларын мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастады. Жас шыбықтар бүршік жарып, жапырақ жайды. Жер гүлденіп, дала түрленді. (27 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Не істейді? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөзді тап. Астын сыз.

Көшіру диктанты.
Мысықтың айласы.
I. Сайынның тағы да,
Іші қатты пысыпты.
Жатып алып жанына,
Умаждады мысықты.

II. Жұлқылауын қойды да,
Суға сала бастады…
Жіп тақты да мойнына,
Талға байлап тастады.

III. Бейімбет Майлин жазушы Ғабит Мүсіреповпен бірігіп, “Амангелді” кинофильміне сценарий жазған. Бейімбет Майлин есімін халық қашанда қадір тұтады.

Диктант.
Астана.
Астана  солтүстiк  Қазақстанда  орналасқан. Астана  туралы   көптеген  аңыздар бар. Бұл  бейбiтшiлiк  және  достықтың  қаласы. Қалада  үш  бидiң  ескерткiштерi  бар. Ескерткiштер  орталық  даңғылда  тұр. Жаңа  астанада  көптеген  құрылыс  жүрiп  жатыр. Бiздiң  қаладан  Астанаға поезд  барады. Менiң  көкем  Астанада  оқиды. (38 сөз.)

Сын есім.

Бақылау диктанты.
Менің күшігім.

Менің күшігім бар. Өзі сүп-сүйкімді, әрі пысық. Күшігімнің аты – Ақтөс. Айтқаныңды екі етпейді. Қозыларды да сол бағады. Үйді де күзетеді. Есік алдына бөтен мал келе қалса, қуып жібереді. Менің сондай күшігім болғанына өте қуанамын. (33 сөз)

Сан есім.

Диктант.
Демалыста.

Нұрлан менің сыныптасым. Биыл екеуміз де екінші сыныпқа көштік. Үйіміз фермада. Екеуміздің әкеміз бақташы. Нұрлан жазғы демалысты балық аулаумен өткізді. Әкесіне де мал қайыруға көмектеседі. (24 сөз)

Көшіру диктанты.
Аяз.

Бірде ағасы Мұрат пен інісі Марат екеуі қардан жасалған дөңге ойнауға барды. Ол екеуі ұзақ уақыт сол дөңде ойнады. Бір уақытта інісі жылап жіберді. Мұрат інісіне қараса, бетін аяз шалыпты. (29 сөз)

Өздік жұмыс.
“Біздің сынып” тақырыбына шағын мәтін құрастыр.

Өздік диктант.

  1. Заттың қимылын білдіретін 3 сөз жаз.

  2. Заттың атын білдіретін 5 сөз жаз.

  3. Заттың сапасын, түр – түсін білдіретін 2 сөз жаз.

  4. Буынға бөл.
    Көбелек, терезе, орындық, нан, айна.

  5. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Дауысты -, дауыссыз =.
    Достық, ескерткіш, кезекші, шүберек, өшіргіш. (5 сөз)

Диктант.
Аулада
Біздің үй өте үлкен.Ол бес қабатты.Ауланы таза ұстаймыз.Ауламызда қызыл,ақ,көк гүлдер өседі.Оларды өзіміз күтеміз. (19 сөз)

Тапсырма
Сөйлемдердің ішінен сан есім мен сын есімдерді тауып астын сыз,сұрақ қой.

Бақылау диктанты.
Ойыншықтар дүкені
Біздің қалада ойыншықтар дүкені өте көп. Ең үлкен дүкен орталықта орналасқан. Онда неше түрлі ойыншықтар бар. Мен үлкен қонжық сатып алдым. (21 сөз)

Тапсырма
Зат есімдерді тауып, сұрақ қой.

3 сынып

2-ші сыныпты қайталау.

Сөздік диктант.
Көйлек жуу.
Менiң қуыршағым бар. Оның аты – Айсұлу. Айсұлудың көйлектерi көп. Көйлектерi бәрi әдемi. Бiрақ тез кiрлейдi. Оны жиi жуу керек. Мен кiр жууды анамнан үйрендiм. Айсұлудың ұлттық киiмi де бар. Қуыршағымның шашы ұзын. Мен шашын тараймын, жуамын.
(41 сөз)
Қазақстанның  рәмiздерi.
 Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше.Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Жиырма бесiншi қазан – мемлекеттiк мереке.
(32 сөз)

Тапсырма
жiңiшке дыбыстардың астын сызыңдар.

Өздік жұмыс
Әр топқа жататын сөздерді топтап жаз.
1 Көлік түрлері:
2 Туыстық қатынасты білдіретін сөздер:
3 Табиғат құбылысын білдіретін сөздер:
4 Дене мүшелері.

Дауыссыз үнді дыбыстарының астын сыз.
Шығармашылық диктант.
1 Өседі,қаптап,жерде ,арша таулы.
2 Аласа ,бойы, болады, аршаның.
3 Жанады, өте, жақсы,ол.
4 Көгеріп, тұрады, ол, қысы-жазы.
Тапсырма.
Сөздердің орнын ауыстырып сөйлемдерді дұрыс құр

Сөйлем мүшелері.
Диктант.
Еліктің лағы.

Қыс мезгілі. Бір топ елік жайылып жүрді. Араларында кішкентай лағы да бар. Бір кезде тосыннан көкжал қасқыр тап берді. Бұлар лақты ортаға алып, қаша жөнелді. Қасқыр лақты жегісі келеді. Еліктер оған жібермейді. Тіпті мүйіздерімен жасқап қорғап келеді. Жүгіре – жүгіре аузына түк ілікпеген қасқыр шаршап жөніне кетті.
(45 сөз)

Тапсырма:
Жалаң сөйлемді тауып, сызбамен көрсе
Көшіру диктанты.
Жаңылтпаштар.

Қаратпа сөз.
Терме диктанты
“Көке-ау, өзіңді қатты сағындым тезірек әкетсеңші!” -деп бастады хатын.Міне,өнер. Баяғыда найзагерлер шауып бара жатып жыланды сүңгісінің ұшымен желкесінен іліп әкетеді екен.
Тапсырма.
Қаратпа сөздерді тауып астын сыз.

Көшіру диктанты
Тоғайда

Гүлнәр,Әсем,Айдана тоғайға барды. Әсем мен Айдана бүлдірген терді.
Гүлнәр саңырауқұлақ терді.Олардың жанынан бір сұр қоян қаша жөнелді. Жазда тоғай іші қандай жақсы! 26 сөз.
Тапсырма
Төртінші сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдыр.

Сөз және оның құрамы.
Бақылау диктанты.
Шаңғышы.

Қыс түсті. Айнала ақ көрпеге оранды. Балалардың ендігі қызығы шанамен, шаңғымен сырғанау немесе коньки тебу. Ербол үйінен шаңғы алып шығып, сырғанап келе жатыр еді. Алдында сыныптасы Ботагөз тұр екен. Ербол оны жақсы біледі. Шанасын жақында сындырып алған Ербол оны аяп кетті. Екеуі бірігіп шаңғымен қырдан төмен қарай сырғанады. Ботагөз Ерболға риза болды.
(52 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1) 1-ші, 2-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
2) Мына сөздерді “шаңғымен”, “қырдан”, “шанамен” сөз құрамына талда.

Зат есім.
Көшіру диктанты.
Сен бақытты ұлансың.
Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең- өмір тірегің.
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең- асыл ардағың,
Атаң- дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Ағаң-қамқор асқарың,
Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Қарындасың- қанатың,
Ел- Отаның жаннатың.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

(М.Қуанышбеков)

Тапсырма
Тәуелдік жалғауы бар сөздердің астын сыз.

Бақылау диктанты.
Қорқақтық жараспайды.

Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды. Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады. Жаңбыр жауып, күн күркіресе, кірерге жер таппайды.
Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқан. Асан қақпашы еді. Бірде күн бұлттанып, аспан жарқ-жарқ ете түсті.
Асанның зәресі ұшты. Үйіне тұра жүгіруге балалардан ұялды. Қанша қорықса да шыдауға бекінді.
Біраздан кейін жаңбыр да басылды. Балалар ойындарын қайта жалғастырды.
(58 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1) Доп деген сөзді тәуелде.
2) Жаңбыр жауып, күн күркіресе, кірерге жер таппайды. Сөйлемінен етістіктерді тауып астын сыз, сұрақ қой.
3) Үйіне – сөзінің түбірі мен қосымшасын тап. Сөз құрамын талда.

Негізгі, туынды зат есім
Өздік диктанты
I-нұсқа
Қосымшалы сөздерді көшіру.
Сөз құрамына талдау.
Қой – қойшы
Ойын – ойыншы
Төбе – төбешік
Бел – белдік
Бас – басшы
Ауыз – ауыздық

II-нұсқа
Мал – малшы
Оқу – оқушы
Бал – балгер
Дойбы – дойбышы
Кәсіп – кәсіпкер
Жұмыс – жұмысшы

III-нұсқа
Сақ – сақшы
Шөп – шөпші
Би – биші
Бас – бастық
Заң – заңгер
Тіл – тілші
Өздік жұмысы
Зат есімнің тәуелденуі

I-нұсқа
Оқушы, бала сөздерін тәуелде.

II-нұсқа
Кітапханашы, қақпашы сөздерін тәуелде.

III-нұсқа
Дүкенші, қойшы сөздерін тәуелде.

Етістік
Көшіру диктанты

Жеңіс туы.
Рақымжан Қошқарбаев тәуекелге бел байлады. Гришаға белгі берді. Арт жақтан біздің артиллерия оқ атты. Мойнын созса, Рейхстаг көрініп тұр. Қанбақтай Гриша Рахымжанның иығына шықты. Олар Рейхстагтың кеудесіне Жеңіс Туын тікті.
Тапсырма: Сөйлемдердің ішінен негізгі және туынды етістікті тап.
(30 сөз)

Диктант.
Санау.
Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейiн он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшiн ұсақ тастар қолданылды. Бiршама уақыт өттi. Адамдар тастарды жiптерге тiзiп қоятын. Кейiн жiптiң орнына таяқша қолданылды. Бұл қазiргi есеп шоттың бiр түрi едi. Техника өстi. Есептер қиындай түстi. Оларды шешу үшiн машина керек. Электронды есептеу машиналар осылай шықты. 
(64 сөз)

Диктант.
Ана.
Ана отбасының тiрегi. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Анасы бар үй – береке.
Барлық ана бейбiтшiлiктi қалайды. Баласының
бақытты болуын қалайды. Бiз ананы сыйлаймыз, 
құрметтеймiз. Аналар бақытты болсын 
(27 сөз)

Диктант.
Iшiк.
Iшiк – жылы киiм. Iшiктi аң терiсiнен жасайды. Оның сырты қымбат матамен қапталады. Iшiктi қыстыгүнi күн суытқанда киедi. Ол әрi жеңiл, әрi жылы. Iшiк киген адам суықта тоңбайды. Менiң атамда қасқыр iшiк бар. 
Тапсырма: *жасайды*, *тоңбайды* сөздердi буынға бөлiңдер.
(32 сөз)

Көшіру диктанты.
Мақалдар.
1Күлме досыңа,
Келер басыңа.
2Басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
3Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
4Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.

Тапсырма.
Жұрнақ жалғанған етістікті тап.

Шығармашылық диктант.

Болымды, болымсыз етістіктерді қолданып,сурет бойынша әңгіме жаз.

Бақылау диктанты.
Ақ лақ.

Менің ешкім бар еді. Сол ешкім әдемі ала мойын аппақ лақ туды. Ол лағын өте жақсы көреді. Мекіреніп қасынан шықпайды. Бір күні қатты боран соқты. “Тоңатын болды — ау” деп қораға жүгіріп барсам, лағым жоқ. Енесі лағын таппай маңырады. Сөйтсем, қу лағым қорадағы шөптің қуысына тығылып, ұйықтап жатыр.
(47 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемнен сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тап.
3-ші сөйлемнен сөйлемнің тұрлауы мүшелерін тап.

Терме диктант

Сұңғақ,көңілсіз,өнерпаз,ілулі,жарық, бүгін,ақылды,ашық,әдепті,сымбатты, инабатты,кең,үлкен.
Тапсырма
Негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз.
Сын есімдерді пайдаланып сөз тіркесін құр.

Сан есім
Шығармашылық жұмыс
Есептік Реттік
Он, үш, екі он бірінші, үшінші, жүзінші

Тапсырма: Есептік, реттік сан есімдерді жалғастыр.

Бақылау диктанты.
Кәрі әже.

Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты кәрі әжей тұрады. Бірақ ол үйде жалғыз болмайды. Оған мектеп балалары келіп тұрады. Әжей балаларға қызық ертегілер айтып береді. Балалар ынтыға тыңдайды. Қыздар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып қояды. Ұл балалар дүкенге барып, азық – түлік әкеледі.
(42 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. Балалар ынтыға тыңдады. Сөйлем мүшесіне талда.
2. Біздің, үйдің, балалар, қыздар сөздерінің түбірі мен қосымшасын ажырат.

4 сынып

3 сыныпты қайталау.
Көшіру диктанты.
Мәншүк Маметова.
       Мәншүк  Маметова  менiң  шәкiртiм  едi. Оны  екiншi  сыныптан  бастап  оқыттым. Бастапқы кезде  Мәншүк  орыс  тiлiн  бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк  үйренуден,бiлуден  жалықпады. Оның  бойында  қайтпас  талап  бар  едi. Бұл  қасиет  оған  орыс  тiлiн  тез  үйренуге  көмектеседi. Мәншүктiң  тағы  бiр  қасиетi-ұстамдылығы. Алдына  қойған  мақсатын  ол  табандылықпен  орындайтын.
      (З.Байкуловадан.)

Тапсырма: “Қасиет” және “Табандылық” сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

Өздік жұмысы.

1) Қар, аққала, демалыс, шаңғы, мереке, аспан, ағаштар, торғайлар, киім, көктайғақ,балалар,қызық. (12 сөз)
Осы сөздерді қатыстырып, әңгіме құрастыр.

Бақылау диктанты.
Атамекен.

Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.
Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады.
(72 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. 2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
2. 5-ші сөйлемді сызбалап байланыстырып көрсет.
3. “Табиғат” сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Диктант.
Табиғатты  қорғаңдар.
 Табиғат-халық  қазынасы. Сондықтан, байлығын  пайдаланып, қорғай  да  бiлуiмiз  қажет. Саны  сиреп,құрып  бара  жатқан  аң, құстарды,өсiмдiктердi  де  арнайы  кiтапқа  тiркеу  керек. Бұл  кiтапты  «Қызыл  кiтап» деп  айтады. Оның  қызыл  және  сары  парақтары  бар. Қызыл  парағына  құрып  бара  жатқан, сары  парағына  саны  аз  аз  аң-құстар, өсiмдiктер  жазылады. (46 сөз.) 
Тапсырма:
1) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін теріп жаз

Көшіру диктанты.
Қанаттың күй құмарлығы.
Үй іші оңаша. Төрде жатқан бала домбыраны дыңғыр-дыңғыр еткізіп нақышына келтіре алмай әлек. Атасының қолында күмбірлей жөнелген домбыра басын ала қашып, қиюы келмей әуре – сарсаңға түсірді. Қанат атасы келгелі айналдыратыны – осы үшқат қызыл домбыра. Оны тартудан бір жалықпайды. Тұман ішіндегі елестей, қалаған әуені ұстатпай, айдалаға алып қалып, қос ішек титықтатып әурелейтіні бар. Інкәр буып, жанына Қанат атасы үйреткен шерпе күйлерді сағынтады.
Тапсырма: (64 сөз)
1) мәтіннен қос сөздердің астын сыз
2) Атасының, күйлерді – деген сөздерді сөз құрамына талда.

Өздік жұмысы.
Тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, сөйлемдер құра.
1) Зәрем зәр түбіне жетті.
2) Тайға таңба басқандай.
3) Ине шаншар жер жоқ.
4) Жібек орамал кепкенше.
5) Таяқ тастам жер.
6) Қорыққанға қос көрінеді
Зат есімнің септелуі.

Шығармашылық диктант
Аққала
Жиналдық та көп бала,
Соқтық, әне аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.

Тапсырма:
1.Зат есімдерді тап.
2.Бала, аққала сөздерін септеп жаз.
3.Тәуелдеулі зат есімдерді септеп жаз.
а. Анам, үйрегім
ә. Балам, жерім
б. Әкем, үйім

Зат есімнің тәуелденуі.

Өздік жұмыс.
Қуыршақ жылай ма?
-Қызым, қуыршағың жылай ма?
-Жыламайды.
-Кәмпит сұрай ма?
-Сұрамайды.
-Онда оның ақылы көп қой.
-Апа ,сұрайтын оның тілі жоқ қой.

Тапсырма.
1)Тәуелдеулі сөзді тап.
2)Асты сызылған сөздерді тәуелдеп жекеше ,көпше түрде жаз.

Етістік.
Диктант.
Ұялас күшіктер.

Мектептен үйге қайтып келе жаттым. Қарным ашқан соң, сөмкемді ашып, буфеттен сатып алған тоқашымды жайбарақат жеп келе жатқанмын. Артымнан тықыр білінгендей болды. Бұрылып қарасам, бір ит соңымнан еріп келеді. Аш екені көрініп-ақ тұр. Менің қолымдағы нанға ашқарақтана қарап жұтынады. Тоқашымнан бір үзііп, итке тастадым. Соңымнан біраз жүрді де, менде енді нанның жоқтығын біліп, күдерін үзіп қала берді.
Бір күні әлгі ит күшіктейді. Күшіктер бір-біріне ұқсайды екен.
Маған барлық күшіктері де ұнады.
(71 сөз)
Тапсырма:
1) 1-ші сөйлемдегі етістіктерін өткен шаққа ауыстыр
2) соңғы сөйлемнің етістіктерін келер шаққа ауыстыр

Сын есім.

Диктант.
Шахтада.

Менің шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Көкем сыйлаған фонарымды алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер астында күн болмайтынын көкем айтқан.
Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Ерсілі – қарсылы ағылып жатыр. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың есігін жапты. Міне, қызық! Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті. Залда мұртты ағай екеуміз қалдық. (94 сөз)
Тапсырма:
1)дара сын есімдерді тауып, астын сыз.
2) соңғы сөйлемді күрделі сын есімі бар сөйлемге айналдыр.
3) мәндес және қарама-қарсы сын есімдердге мысал келтір.

Сан есім
Бақылау диктанты.
Балапандар.
Майтан ағам бізге шұбар тауық, оның артынан ерген үш қара, бір қызыл сары, екі шұбар кішкентай балапандарды берді. Олар бізге бір күннен кейін үйреніп кетті. Шешесі оларды жақсы бақты. Біз балапандарға үлкен нан беріп қойсақ, шешесі оны балапандарына майдалап бөліп береді. Өзі арасында жеп жүреді. Көп күннен кейін шешесі балапандарын тастап кетті. Өйткені балапандары үлкейіп қалған еді. Алтауы бір-бірінен айрылмайды. Егер біреуі адасып қалса, бәрі шырылдай бастайды. Сонда олар бір балапанды қалдырып кеткендерін біліп, әлгі барған жақтарына қарай қанаттарын жайып жүгіре жөнелді.
(83 сөз)
Тапсырма:
1) мәтіннен сан есім және сын есімдерді тауып астын сыз.
2) Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыр.

Көшіру диктанты.
Үйректі қорыған тауық.

Жадыра жаңадан сатып алған төрт үйректі тауық қораға қамап қойған болатын. Үйректер тауықтармен бірге ұядан сыртқа шығып, үйірден ұзамай, жайылып жүрді. Осы төрт үйректі аяқ астынан қайырып, қоритын қорғаушы табыла кетті. Ол шұбар тауық еді. Қанатын қомдап қойып, үйректердің қасынан бір шықпайды. Ұзап кетсе, үйректерді шоқып – шоқып алдына салып қуып келеді. Ұясынан кіргізіп алып, аузында қанатын қомдап кәдімгідей қоқиланып тұрады. Осы көріністі бірнеше рет тамашалаған Жадыра үйректерді қорыған шұбар тауыққа іштей риза болып жүрді.
(74 сөз)

Тапсырма:
1) мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөйлем ойла.
2) 1-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда

Көшіру диктанты.

Кітап саудасы.

Рауан мен Ержан кітап дүкеніне барды. “Қалжың есеп” кітабын сатып алғысы келген Рауан Ержаннан бір тиын сұрады. Қалтасында 18 тиыны бар еді. “Бұл кітапты сатып алуға менің 19 тиыным жетпей тұр. Егер екеуміздің ақшамызды қоссақ та біз бұл кітапты сатып ала алмас едік,” – деді. Себебі Ержанның қалтасында көк тиын жоқ еді (50 сөз)
Тапсырма:
1) Көрсетілген сандарды сөзбен жаз
2) Екеуміздің, ақшамызды – деген сөздерді сөз құрамына талда.

Шылау

Көшіру диктанты
Гүлдер
Бір топ бала жалаң аяқ гүл теріп жүр.Балалар таласа жарысады.Оларды әрбір гүл “Маған кел ,мені ал,мені иіске” деп шақырып тұрғандай.Бір гүлден бір гүл әдемі көрінеді.Қызыға-қызыға ауылдан ұзап та бар жатты.Ұзаған сайын гүл де көбейе берді,гүлге қонған қонған көбелектер де көбейе берді.(46 сөз)
Тапсырма
Шылау сөздерді теріп жаз.

Үстеу
Диктант
                             Бiлiп  ал.
Бiр  жылда  он  екi  ай  бар. Жыл  төрт  мезгiлге  бөлiнедi. Әр  мезгiл  үш  айдан  құралады. Бiр  айда  төрт  апта,отыз  күн  болады. Көктемнiң  бiрiншi  айы-наурыз. Екiншi  айы –сәуiр,үшiншi  айы-мамыр.Көктемде  үлкен  мейрамдар  бар. Олардың  бiрiншiсi-8 наурыз-аналар  мейрамы. Екiншiсi –наурыз. Аптада  жетi  күн  бар. Әр  күннiң  атын  бiлiп  алыңдар.
(53 сөз.)
  Тапсырма; мейрам - сөзiне  фонетикалық  талдау  жасаңдар.

Бақылау диктанты.
Аққу.
     Бұл  көлдi  «Аққу  көлi»  деп  атапты. Бiз 
«Аққу  көлiне» жақын  келiп  тұрдық. Онда аққулар  қос-қостан  жүзiп  жүр. Аққу  мойыны  ұзын, тiсi  аппақ,өте  көрiктi, сұлу  құс  екен. Әне, екi  аққу  көл  бетiнде  баяу  қалғып  жүзiп  барады. Аққу-көлдiң  көркi.
                                                        (47 сөз.)
Тапсырма: «аққу», «көркi»  сөздерiне  фонетикалық  талдау жасаңдар.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Бастауыш сыныптар?а арнал?ан диктанттар жина?ы»

Автор: Джакыпбекова Гулзира Бекбосын?ызы

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195296


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства