kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Диктанттар жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Диктанттар  жинағы,кестелері  бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Диктанттар жинағы»

















3 сынып

бойынша қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының банкісі

































3 сынып бойынша қазақ тілі пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының өлшемі:



Жазба жұмыс түрлері


1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жылдық

Диктант


3

3

3

2

8

Мазмұндама


1

1

2

2

6

Шығарма


1

1

2

2

6

Барлығы: 20 жұмыс



Жазба жұмысының көлемі:

Сөз саны


Жазба жұмысының түрі

1 ж. ж.

2 ж. ж.

Мазмұндама

50-65 сөз

65-80 сөз

Диктант

45-55 сөз

55-65 сөз














Түсінік хат

«Қазақ тілі»-бастауыш мектептегі негізгі пән. Пән бойынша білімді меңгеруде міндетті деңгей мен мүмкіндік деңгей қарастырылады. Оқушыларға сапалы білім беруде мұғалім олардың білім, білік және дағдыларын міндеттік деңгейге жеткізуі тиіс. Ал оны іске асыруда әрине бақылау жазба жұмыстары жүргізіледі.Бұл оқушылардың қаншама қандай деңгейде білім нәтижелерінің бар екенін айқындайды. Жүргізілетін жазба жұмыстары арқылы оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіруге және оқу бағдарламасында берілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендіктері анықталады. Жазба жұмыстарының анықтайтын міндеттері: -оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіреді; -орфографиялық, пунктуациялық біліктіліктерін қалыптастырады; -талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастырады; -өздігінен мәтін құру ; -өз ойларын сауатты түрде жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіреді; - ауызекі және жазба тілде мазмұндау жұмыстарын қалыптастырады;



























Оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар:

3-сынып оқушылары:

-э,ф,ц,в,ч,щ,х,һ әріптерінің емлесін; -мәтін түрлерін; - сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз түрлерін; -жай сөйлемнің жалаң және жайылма түрлерін; -түбір сөз бен туынды сөзді; -түбір мен қосымшаның емлесін; -негізгі және туынды зат есімді; -зат есімнің тәуелденуін; -негізгі және туынды, болымды, болымсыз етістікті; -сын есім мен сан есімді; - сөзге дыбыстық талдау жасайды; -сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдай алады; -мәтіннен қаратпа сөздерді таба алады; -сөздің лексикалық мағыналарын ажыратады; -туынды сөздерді ажыратады; -сөз құрамына және сөз тұлғасына қарай талдай алады; -сөз таптарын өтілген белгілері бойынша талдай алады;























Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:

Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді. Жазылуы қиын сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз әрі каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады. Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары- көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма. Диктант Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырады.Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант әр оқу тоқсаны сайын 1 рет алынады. Бақылау диктанты шамамен 5 рет (әр оқу тоқсаны сайын-1 рет,оқу жылының қорытындысы бойынша- 1 рет) алынады. Мазмұндама мен шығарма. Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.Ауызекі және жазба тілде мазмұндау,шығарма жұмыстары берілген тақырып, тірек сөздер,суреттер,саяхатта көргендері және т.б. бойынша жүргізіледі. Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы жыл бойына барлығы 4 рет (әр тоқсан сайын 1 рет) алынады. Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы шамамен 3 рет ( 1 жартыжылдықта- 1 рет, 2 жартыжылдықта- 2 рет ) алынады.

Диктантты бағалау критерийлері:

«5»-қатесі мүлде жоқ, таза, барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады; «4»- а) 1 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе, б) 1 емле, 2 тыныс белгісі қателері болса, бірақ таза орындалу керек; «3»- а) 3 емле, 2-3 тыныс белгісі , б) 4 емле, 2 тыныс белгісі, в) 5 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады. «2»- 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері: «5» - түгелдей қатесіз орындалған тапсырмаға; «4»- 1 қатесі бар түгел орындалған тапсырмаға; «3» -тапсырма толық орындалмаса; «2» - тапсырма мүлдем орындалмаса;

3 сынып

О-дік үзік диктанты

Диктант №1

Шахтада



Біз қалада тұрамыз.Әкем шахтада жұмыс ітейді.Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым. (40 сөз)







Тапысрма.

1.Фонарь сөзіне дыбыстық талдау жаса.. Сөзде неше дыбыс, қанша әріп бар, жазып қой.

2.Алдыңғы екі сөйлемнен қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.





















3 сынып



Диктант №2



Қуаныш

Көктем шығысымен Анар есігінің алдына гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әжесімен ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екені есіне түсті. Анасына тапсырып кетпегеніне өкінді. Өзі барғанша гүлдер солып қалады деп ойлады. Ұзақ жата алмай , төрт күннен соң үйіне қайтып оралды. Келсе гүлі де, көшеттері де аман екен. Оны көрген Анар қатты қуанды. ( 61 сөз)



Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Гүл сөзін тәуелде.



  1. Гүлдер, әжесімен, анасына, ағашқа

Берілген сөздерді сөз құрамына талда.



3.Оны көрген Анар қатты қуанды.

Сөйлем мүшелеріне талда.























3 сынып

Диктант №3

Күз



Күз айының ашық күні шұғыласын аямай сеуіп тұр. Айналаның бәрі оның алтын шуағына шомылғандай. Сап-сары жапырақтар жер бетін жауып қалған. Құстардың көңілді дауысы естілмейді. Ұзын сырыққа отырып алып кішкентай жылқышы құс шықылықтайды. Оған таяу жерде –шалшық су. Оның аспан суреті түсіп тұрған сарғыш суының ортасында бөдене тұр.

(48 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар:



1.Жапырақтар, көңілді, сырыққа ,жылқышы, сарғыш.

Жазылған сөздерді сөз құрамына талдау

Сөйлем мүшелеріне талдау.

Құстардың көңілді дауысы естілмейді.



















3 сынып

Диктант №4





Қосаяқ

Қосаяқ-кішкентай кеміргіш аң. Шөлді, жазық жерлерде мекендейді. Ол-өте сезгіш аң. Басына төнген қауіптен қашқанда бірнеше метр жерге оңай секіреді. Қосаяқ-құс сүйекті жануар. Күні бойы інінде ұйықтап жатады. Кешке қарай жем іздеуге шығады. Дән және шөптердің тамырымен қоректенеді. Қосаяқтар- түнде қоректенетін жануар. (44 сөз)





Тапсырма.

1.Бастауыштардың астын бір сызықпен, баяндауыштардың астын екі сызықпен сыз.

2. Соңғы екі сөйлемнен қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

3.Мекендейді, қоректенеді сөздерін буынға бөліп жаз.























3 сынып

Диктант № 5





Балық аулаған балалар



Күн жылы еді. Балалар өзенге келді. Біраздан соң қатты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Аздан соң жаңбыр құйып кетті. Балалардың үсті су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды. Жауын басылды. Күн шықты. Балалар қайтадан өзенге келді. Қармақ салды. Балық ұстады. Кешке үйге қайтты. (45 сөз)







Тапсырма



1. Жалаң сөйлемдердің астын сыз. Бастауышты бір сызықпен, баяндауышты екі сызықпен сыз.

2.Қанша жайылма сөйлем бар, жазып көрсет.















3 сынып

Диктант № 6

Жұлдыздар

Жетіқарақшыға ұқсас тағы да бір кішірек «шөміш» бар. Ол да жеті жұлдыздан құралады. Көбінесе Кішіқарақшы деп аталады. Жетіқарақшы бойынша Кішіқарақшыны табу оңай. Олар бір-біріне жақын орналасқан. Бірге туып, бірге батады. Жетіқарақшының басы оң жаққа, сабы сол жаққа қарап тұрады. Ал Кішіқарақшының басы сол жақта, сабы оң жақта. Кіші-қарақшының сабының ұшындағы жұлдыз Темірқазық деп аталады. Ол-жа-рық жұлдыз. (58 сөз)



Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Ол- жарық жұлдыз.

Сөйлем мүшелеріне талдау.

  1. Олар бір-біріне жақын орналасқан.

Берілген жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жаз.

























3 сынып

Диктант № 7





Бүлдіргенге барғанда



Абай бала кезінде бүлдіргенді жақсы көретін. Жәнібек өзенінің бойында бүлдірген көп болатын. Бір топ бала атқа мініп өзен жағасына барды. Олар аттарын жіберді. Өздері бүлдірген теруге кірісті. Алдымен бүлдіргенді тойғанша жеді. Сонан кейін апарған ыдыстардын толтыра терді. Абай шешесіне бүлдіргеннің ең жақсысын бөлек теріп алды. (44 сөз)





Тапсырма:



1.Аттарын, өзеннің деген сөздердің түбірін тап.

2. Бала деген сөзге жұрнақ жалғап жаз.

3.Бірінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауыштарын тауып белгіле.



















3 сынып

Диктант № 8



Аққу



Аққулар адам аяғы жетпейтін жердегі көлдердің қалың қамысына ұя салады. Олар- өте сезімтал, сақ құс. Балапандарын ата-енесі бірге өсіріп жетілдіреді.

Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағында Австалиядан келген қарақумен тату тұрады.

Аққулар- табиғаттың аса ғажап , қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.



Тапсырма:


  1. Тәуелдеулі зат есімнің астын сыз.

  2. Аққу деген сөзді үш жаққа тәуелдеп жаз.

  3. Сый, тый сөздеріне жұрнақ жалғап, туынды зат есімге айналдырып жаз.


























3 сынып

Диктант № 9



Тау өзені

Ауыл жанында өзен бар. Өзен беті мөлдірейді де жатады. Түбі малта тас, лай болмайды. Күн жылынған бойда ауыл балалары өзенге барады. Оның күнгей жағасындағы көк майсалы жерде ойнаймыз. Осы бір кішкентай тау өзені болмаса, басқа жерде шомыла алмаймыз. Сондықтан осы өзен бойында отырған ауыл балаларының суда жүзбейтіні болмайды. (50 сөз)



Тапсырма:



  1. Болымсыз етістіктердің астын сыз.

  2. 1,2 сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.

  3. Мөлдірейді сөзін буынға бөліп жаз.























3 сынып

Диктант № 10

Жаралы үйрек



Әсет Есіл өзенінің жағасына келді. Ол- тәртіпті, ұқыпты бала. Әсет Есілден көтерілген бір топ үйректі көрді. Кенеттен атылған мылтықтың дауысын естіді. Бір үйрек суға құлап түсті.

Әсет үйректің жаралы екенін байқады. Үйректі судан алып шықты. Оқ үйректің қауырсынын сындырыпты..

Жаралы үйректі Әсет үйге алып келді..Қанаты жазылғаннан аейін ұшыоып жіберді. (50 сөз)




Тапсырма:


  1. Туынды сын есімді тап. Астын сыз

  2. Тәртіпті, ұқыпты, жаралы деген сын есмдердің түбірі мен қосымшасын бөліп жаз.






















3 сынып

Диктант № 11





Жаяу Мұса



Жаяу Мұса Павлодар облысы Баянауыл жеріндегі Жасыбай көлі жағасында дүниеге келді. Дарынды ақынның балалық шағы қиыншылықпен өтті. Анасы Нағым ерте қайтыс болды. Мұса жетім қалды.

Мұса жасынан домбыра тартуға құмар болған. Шырқап ән салғанда ел ұйып тыңдайтын. Бала кезінде де ән шығаруға әуестенді.

Жаяу Мұса ән мұрасы бай. Оның әндері қазақ операларында пайдаланылады. (53 сөз)





Тапсырма:


  1. Қанша сөйлем барын анықтап, жазып қой.

  2. Жалқы есімдң тап, астын сыз.

  3. Жасыбай, жетім сөздеріне дыбыстық талдау жаса.




















3 сынып

Диктант № 12





Талғаттың ерлігі

Таңертең ұшқыштар маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын болатын. Талғаттың ұшағы әуеге тез көтерілді. Ұшқыштардың қимылын командир жерден бақылап тұр еді. Ол Талғаттың жауға қарсы шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі әскерлер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қаша бастады. Талғат жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындады. (50 сөз)





Тапсырма:

  1. Бірінші, екінші сөйлемдегі кімдер? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап, астын сыз.

  2. Әуе деген сөздің басқаша қалай атауға болады?

  3. Тапсырма сөзіне дыбыстық талдау жаса.































3 сынып

бойынша қазақ тілі пәнінен мазмұндамалар жинағы





























3 СЫНЫП

Мазмұндама №1

І тоқсан



Жалқау мысық

Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе , сонымен ойнайтын. Ал қазір тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.

(«Балдырған» журналынан)



Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.

Жоспар

  1. Сүйкімді мысық

  2. Ойынға құмар.

  3. Ұнамсыз қылық



















3 сынып

Мазмұндама№2

2 тоқсан

Сыншы бала

Баяғыда бір баланы жат жқрттықтар тұтқындап, еліне алып кетіпті. Еліне әкелген соң, қой бақтырып қойыпты. Бала қой бағып жүріп, далада қалған қу бастың қасына қеліп: «Сенің арғымақтың басы екеніңді кім білсін, менің Толыбай сыншының баласы екенімді кім білсін?»-деп зарлайды екен. Күндердің күнінде баланың қожасы үш арғымақ әкеліп,балаға сынатыпты: -Бала, мына арғымақтардың қайсысы жүйрік?-деп сұрапты. Бала: -Мен білмеймін,әкем білетін еді,-депті. Мұнан соң бай сайгүліктерді балаға бақтырып қойыпты. Бала ең тұлпарын танып, жарата беріпті. Бір күні бала тұлпарға мініп, еліне тайып отырыпты. Жат жұрттықтар жабыла қуыпты. Бірақ бала оларға жеткізбей кетіпті. Сөйтіп,аман-есен еліне жетіпті.



Тақтаға жазылатын сөздер мен сөз тіркестері: жат жұрттықтар, сайгүлік, жарата беріпті.



Жоспар:

  1. Тұтқын бала.

  2. Баланың зары.

  3. Үш арғымақ.

  4. Тұлпарды баптау.

  5. Баланың құтылуы







Мазмұндама №3

3 тоқсан

Аязда

Қыста күн жаздағыдай емес, күңгірт шығады. Қар басқан орман мүлгіп тұр. Барлық тірі атаулы аяздан қатып қалған секілді. Тек анда-санда суықтан тарс етіп айырылған ағаштардың дыбысы шығады. Мен орман ішіндегі алаңға шықтым. Алаңның ар жағында шыршалы орман көрінеді. Барлық ағаштарда ірі бүрлер салбырап тұр. Бүршіктердің көптігі соншалық, бұтақтары жерге дейін иіліп тұр. Неткен мүлгіген тыныштық! Қыста құстардың әнін естімейсің. Олардың көпшілігі оңтүстікке ұшып кетті, ал қалғандары суықтан оңаша түпкірлерге тығылып қалған. Кенет алаңның жоғарғы жағынан бір үйір құс ұшып өтті. Бұл-қайшыауыз торғайлар еді. Оларға аяз қорқынышты емес. Қайшыауыздар шыршалардың басына қонды. Құстар тұтқыр тырнақшаларымен бүрлерге жабысып, олар-дың дәмді дәндерін шығара бастады. Мұндай бүрлер көп болса, оларға аштық төнбейді. Мен алаңда тұрып, қайшыауыздардың осы тірлігін бақыладым. Күн шығып, көңілді құстар мен шыршаларға, бүрлерге нұрын шашты. Маған көктем шық-қандай көрініп кетті.



Жоспар:

1.Мүлгіген орман.

2.Қайшыауыздарға аяз қорқынышты емес.

3. Торғайлардың тірлігі.











3 сынып

Мазмұндама №4

4 тоқсан

Көлдер тарихы

Көлдердің де пайда болу тарихы бар. Бұдан жүз мыңдай жыл бұрын жер бетінде ұлы мұз басыудәуірі басталады. Солтүстік Еуропа тауларында қалың мұзарттар пайда болды. Ормандар мен жазық далаларды мұз басып кетті. Қазіргі Норвегия жерінде орасан зор мұз тауы болған. Кей жерлерде мұздың қалындығы екі кимометрге дейін жеткен. Бірнеше он мың жыл өткеннен кейін ғана күн жылынып, мұз ери бастады. Екі-үш мың жыл өткеннен кейін Еуропаның мұз құрсауы ери бастайды. Каспий , Арал теңіздері сол дүниежүзілік мұзарттардың еруінен пайда болған. Қазір Байкал көлі жан-жақты зерттелуде. Бірақ бұл көл- сирек кездесетін құбылыс.Мұның шешілмеген жұмбақтары әлі де көп. Байкал-ең көне көл. Ғалымдар 25 миллион жылдай өмір сүріп келе жатыр дегенді айтады. Ал Есік көлі бұдан сегіз мың жылдай бұрын жер сілкінуден пайда болған.

Тақтада жазылған сөздер мен сөз тіркестері: мұз басу дәуірі, Солтүстік Еуропа, Норвегия, мұзарттар, Каспий, Арал, Дүниежүзілік, мұз құрсауә,жер сілкенуден.



Жоспар:

1.Ұлы мұз дәуірі.

2. Мұз құрсауының еруі.

3. Көлдердің пайда болуы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Диктанттар жинағы

Автор: Қалымбет Тоғжан Мырзахметқызы

Дата: 10.02.2018

Номер свидетельства: 456205

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Орыс тілінде о?итын 5-сынып?а арнал?ан диктанттар жина?ы "
    ["seo_title"] => string(62) "orys-tilindie-ok-ityn-5-synypk-a-arnalg-an-diktanttar-zhinag-y"
    ["file_id"] => string(6) "189884"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427044376"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Бастауыш сыныптар?а арнал?ан  диктанттар жина?ы» "
    ["seo_title"] => string(53) "bastauysh-synyptarg-a-arnalg-an-diktanttar-zhinag-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "195296"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427891426"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?аза? тілі п?нінен 3 сынып?а арнал?ан диктанттар жина?ы"
    ["seo_title"] => string(61) "k-azak-tili-p-ninien-3-synypk-a-arnalg-an-diktanttar-zhinag-y"
    ["file_id"] => string(6) "260533"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448975439"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Диктанттар жинағы"
    ["seo_title"] => string(21) "diktanttar_zhinag_y_2"
    ["file_id"] => string(6) "466241"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1523787466"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Диктанттар жинағы"
    ["seo_title"] => string(18) "diktanttar_zhinagy"
    ["file_id"] => string(6) "492129"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1545492836"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства