kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Диалогтік оқытуда оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында  оқушыларға мемлекеттік  тілді  жақсы меңгеруін, кез келген жағдайда қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз  жастар үшін мемлекеттік тілді  үйрену қажеттілігі туындап  отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Диалогтік оқытуда оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту»



«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат»
К.Д.Ушинский



Тақырыбы: Диалогтік оқытуда оқушылардың

сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында оқушыларға мемлекеттік тілді жақсы меңгеруін , кез келген жағдайда қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз жастар үшін мемлекеттік тілді үйрену қажеттілігі туындап отыр.

Зерттеу мақсаты: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеті: диалогтік оқыту жолдарын тәжірбиеде зерттеу және талдау; ауызекі сөйлеуді қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу; оқушылардың қазақ тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын жаңа технологиялар негізінде меңгеру ерекшеліктерін анықтау; оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеу нысаны: 7 орыс сыныбында диалогтік оқыту модулін енгізе отырып оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Мемлекеттік тілі оқытуда диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасады, ойлау қабілеті дамиды, білім сапасының артуына қол жеткізуге болады, соның нәтижесінде, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығы артады.

Ғылыми-зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбегінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіні айтылған.

Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. (нұсқаулық, 39 бет)

Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады. (нұсқаулық, 40бет)

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар: әңгіме-дебат,топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме.

Осы әңгіменің үш түрін де, тәжірибе кезінде сабақтарымда қолдандым. Бірақ әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болды. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз саныптастарымен шағын топта жұмыс істеді (топта 3 оқушы)

Тақырып бойынша мұғалімге оқушылардың білім деңгейінің қандай екенін түсінуіне ықпал ететінін сабақ барысында бақыладым.
Оларға бір ортақ проблема беріліп, сол бойынша бірлескен түсінік қалыптасты. Мысалы, «Денсаулық» тақырыбына постер салған кезде , оқушылар топта идеяларымен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылады, баға берді; ұжымдық білімдері қалыптасты, ортақ бір шешімге келді.

Осы сияқты әңгімелесуді әр сабақта қолдандым.

Балалардың әрбір сабақтағы іс - әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым - қатынас өте қажет. Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер»-ді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: мәтінді талқылау, әңгімені бірлесіп құру, рөлдік ойын ұйымдастыру арқылы білім алды. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойларын жетілдіріп, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.

Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім. Әсіресе, рөлдік ойын көреткеде оқушылар сабаққа белсенді қатысатын болы. Мысалы, «Дәрігерлік қызмет көрсету сабағында» оқушылар «ауруханада» тақырыбына рөлдік ойынға, белсенді оқушылармен бірге бұрын сабақта аса белсенділік танытпайтын оқушы да қатысты. (Үш оқушыны зерттеуге алған төмен деңгейде оқитын оқушы Лебедев Максим) Бұл оқушының сыныптастарымен бірігіп жұмыс істеу нәтижесі.






Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі - төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады. (нұсқаулық, 41бет)

Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әр түрлі сұрақтарды пайдаландым.

Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
( нұсқаулық, 41 - бет.)

Диалогтік сөйлесуді ұйымдастырған кезде оқушылар бірнеше сабақтан кейін өз ойын тез жинақтап , екінші бір адаммен пікір алмасып, ой қорыту жылдамдығы арта түсті. Бір-біріне сұрақ қоя білуге төселді. Сол арқылы білімі, ой-өрісі дамыды. Сұрақ қоя білу – ойлаудың алғашқы баспалдағы.
Мысалы, «сұрақты ұстап ал» ойынын бірнеше сабақтарымда қолдандым. Бірінші сабақта оқушылар сұрақ қою кезінде көп ойланса, одан кейінгі сабақтарда қиналмай түрлі сұрақтар қоя бастады. (Денсаулыққа пайдалы қандай тағамдарды білесің? Онда қандай дәрумендер бар? Денсаулыққа нелер зиянды?)


Диалогтық оқыту арқылы балалардың өзара дамуын қалыптастыру, Бразилиялық педагог Фриери айтқандай әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр.
Педагог Фриери білім мынадай болуға тиіс деп санайды:
Бірлескен, яғни оқушылардың топтық жұмыстарда ынтымақтастық арқылы өзара дамуын қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындады.Проблемалық тапсырмаларды шешуде диалог арқылы жұмыстар ұйымдастырылды.
Өткізген сабақтарымдағы оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі - аффективті (эмоционалды) сезім арқылы ортақ проблемаларды бірге шешіп, екі оқушы бірге қорытындылады. Сабақтарымда ЖИГСО әдісін қолдану кезінде диалогтік оқыту әдісі іске асып отырды. Оқушылар өз топтарында әңгіме құрып, басқа топқа барып ойларын жеткізе алды. Өз тобына қайтып келіп ойларын саралай алды.

Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырды.

Диалогтік оқытуда бүкіл оқушылар куә болғандықтан, бала өз сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады. Оқытылатын мәселе есінде ерекше сақталады. Тілдік дағдылары жетіліп, тез меңгеруіне ықпал етеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Диалогтік оқытуда оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту

Автор: Рахимбаева Рысжан Оралбековна

Дата: 17.10.2016

Номер свидетельства: 349942

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(224) "?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА О?УШЫНЫ? СЫН                  Т?Р?ЫСЫНАН  ОЙЛАУ  ДА?ДЫСЫН ДАМЫТА ОТЫРЫП,                  С?ЙЛЕУ М?ДЕНИЕТІН ?АЛЫПТАСТЫРУ. "
    ["seo_title"] => string(115) "k-azak-tili-sabag-ynda-ok-ushynyn-syn-tu-rg-ysynan-oilau-dag-dysyn-damyta-otyryp-soilieu-m-dieniietin-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "157154"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421562434"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "О?ыту м?дениетінде  д?ст?рлі, жа?ашыл о?ытуды ?арастыру "
    ["seo_title"] => string(62) "ok-ytu-m-dieniietindie-d-sturli-zhan-ashyl-ok-ytudy-k-arastyru"
    ["file_id"] => string(6) "186853"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426426252"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) ""О?ыту м?дениетінде д?ст?рлі, жа?ашыл о?ытуды ?арастыру" "
    ["seo_title"] => string(64) "ok-ytu-m-dieniietindie-d-sturli-zhan-ashyl-ok-ytudy-k-arastyru-1"
    ["file_id"] => string(6) "186856"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426426641"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту ретінде диалогтік ортаны ұйымдастыру"
    ["seo_title"] => string(80) "okushylardyn_kommunikativtik_ku_zyrettiligin_damytu_retinde_dialogtik_ortany_uiy"
    ["file_id"] => string(6) "499131"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1549780421"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "?аза?  тілін о?ытуда?ы  жа?а ба?ыттар."
    ["seo_title"] => string(32) "kazaktilinokytudagyzhanabagyttar"
    ["file_id"] => string(6) "319372"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460810129"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства