kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"О?ыту м?дениетінде д?ст?рлі, жа?ашыл о?ытуды ?арастыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?гінгі та?да басты м?селе болып отыр?ан – жас ?рпа?ты? сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.?.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – б?л ХХІ ?асырды адамзат дамуыны? негізгі ?оз?аушы к?ші» дегеніні? ?зі – ?лкен к?регендікті? белгісі. Білім саласыны? дамуы к?шінен ?алмай ілгерілеу басты ма?сатымыз. Сол к?шке ілесе алмаса?- бізге сын.  Елімізді? ерте?і жас ?рпа?ты? ?олында.

?азіргі заман талабына сай болаша? ?рпа?ты? о?ып білім алуын еліміз бірінші орын?а ?ойып отыр.  Білім беру мен білім алуда?ы ат?арылатын ?ар?ынды ж?мыс ?стаздары? еншісінде екені айтпаса да белгілі.  Осы орайда ?лы педагог Ушинскийді?  «Бала – бал?ытыл?ан алтын» деген ?анатты с?з бірден ой?а т?седі. Бала?а ?алай ба?ыт берсе?, солай ?седі. Сонды?тан баланы? бойында жа?сы ?асиеттерді? болуына,  оларды? жан- жа?ты дамуын, рухани  бай т?л?а ?алыптастыра білуіміз керек. О?ытуда?ы жа?а т?сілдерді пайдалана отырып, о?ушы бойында ?зіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.   

Орта білім беру ж?йесінде ?лемдік жо?ары де?гейге ?ол жеткізген ана??рлым танымал о?ыту ?дістемелері арасында сындарлы теориялы? о?у?а негізделген т?сіл ке?  тарал?ан. (Hattie,

Осы?ан орай педагогтерді? біліктілігін арттыру курсыны? ?шінші (негізгі) де?гейлі ба?дарламасы негізіне с?йене отырып, ?з т?жірибемде жеті модульді саба?тар топтамамда ?амтыдым.

Осы біліктілікті арттыру курсыны? негізгі ба?дарламасы – м??алімні? білім беру мен о?ытуда?ы ?діс-т?сілдері жа?а бастама болып отыр. Сол ба?дарлама сындарлы о?ыту?а негізделіп отыр. Б?л теория о?ушыны?  тапсырманы орындауда ал?ан білімдерін б?рын?ы білетіндерімен ?штастыру болып табылады. О?ушы саба? барысында жан-жа?ты  дамып, сыныптастарынан ?йренеді, бір-бірін ?йретеді.

О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер жекелеген ??былыс немесе да?ды емес.  Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: о?ыту ?дісін та?дау: ж?йелі ойлау?а ?йрету; о?ушыны? талантын зерттеу ж?не аны?тау;  санды? технологиялар саласында?ы жо?ары ??зыреттілікті дамыту болып табылады.

Осы жа?а т?сілдерді ?олдануда «диалогтік о?ытуды? ма?ызы» ж?не «?алай о?у керектігін ?йретуді» басшылы??а алдым. О?ыту мен о?уда?ы о?ушы мен м??алімні? арасында?ы байланыс ол диалог ар?ылы болары с?зсіз. Осы диалогтік о?ыту саба? барысында тиімді ?олданыл?анда о?ушылар ?з ойларын, к?з?арастарын білдіріп, еркін с?йлеуіне, дамуына к?мектеседі.

 Ал «?алай  о?у керектігін ?йретуде» о?ушы ал?ан білімін есте са?тап, ?з бетімен іздене отырып, жауапкершілікке ?йретеміз. ?алай о?у керектігін ?йрету б?л о?ушыны?  «?зін-?зі реттеу» болып табылатыны аны?. Б?л ?дерісте о?ушылар т?сінеді, ба?ылайды,  ?здерін ?ада?алап ?абілеттерін шы?дайды.  Онда о?ушыны? жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым.  Берілген тапсырмалар ар?ылы ?зін-?зі реттей отырып білімге ??штарлы?ын ояту болып саналады.

Табыс, ?мтылыс ж?не тиімді т?сілдерді ?олдау арасында?ы негізгі байланысты ?алыптастыратын бол?анды?тан, метатану ??ымын бір о?ушыны? «?алай о?у керектігін ?йренуі» деп ?арастыру?а болады.

Шанк пен Циммерман (1994) балаларды? ?з о?уын ба?ылау мен мониторингі ?дерісінде дербестігін ?алыптастыру?а баса назар аударады. ?з бетінше ж?мыс істеу ж?не даму ниетін авторлар метатануды? ма?ызды аспектісі ретінде таниды. О?уды? табысты болуы ынталандыру, ?леуметтік ж?не  эмоциялы? себептер арасында?ы к?рделі ?рекеттік пен метокогнетивті білімге байланысты.

О?ушыларды? ?зін-?зі реттеу ?шін топты? ж?мысты? орны ерекше болды. «Сыныпта?ы бірлескен ж?мыс о?ытылатын п?нні? мазм?нын берумен  шектеліп ?ана ?оймайды, ол сонымен ?атар, м??алімні? ынтыма?тасты? атмосферасында о?уды ?амтамасыз етуіне ба?ыттайды» (Мектептегі т?жірибе кезе?інде орындау?а арнал?ан тапсырмалар, 11бет), деген ойды ескере отырып о?ушылармен саба?ты бастамас б?рын, ?зара ынтыма?тасты? атмосферасын ??рып алу керектігіне к?зім жетті. 

Себебі топ м?шелері бірге ж?мыс жасау?а тырысты, топта ынтыма?тасты? атмосферасын ??ра отырып, жа?а та?ырыпты ?з бетінше ме?геруге м?мкіндік туды.

?р ?стаз саба?ында міндетті т?рде с?ра?-жауап ?дісін ?олданатыны с?зсіз. Сол ар?ылы о?ушыны? саба?ты ?аншалы?ты ме?гергенін біліп отырамыз деуге болады. С?ра? ?оюды?  т?мен ж?не жо?ары д?режелі болып б?лінетін екі т?рі бар

Т?мен д?режелі с?ра?тар «ашы?» немесе «д?рыс емес» деп б?лінеді. Ол жаттап алу?а ба?ытталып ба?аланып отырады. Ал жо?ары д?режелі с?ра?тарда о?ушы жан-жа?ты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге о?ушы?а с?ра?тар ?ой?анда та?ырып?а байланысты т?рткі, сынама, ба?ыттау с?ра?тар ар?ылы білімдерін бекітуге болады.

Ал о?ушыны? берген жауабы ?ате бол?ан жа?дайда, оларды бірден то?татып, ?ате деуге болмайды. Жіберген ?атесі ар?ылы ойланып  т?зетуге м?мкіндік берілуіміз керек. Сол ?атесінен саба? алуы керек. Немесе оларды та?ырып?а ?арай ба?ыттап с?ра? ?оя отырып д?рыс жол?а  т?суіне к?мектесуіміз ?ажет.  Егер ?ате жауабын бас изеп ?абылдай берсек о?ушы  «мен білемінге» салынып  та?ырыпты ме?гермей ?алуы да м?мкін. Білім беруді? диалогтік т?сілдерін дамытуда мен саба?тарымда с?ра? ?ою ар?ылы о?ушыны?: Сындарлы с?йлеуіне ынталандыру?а, білімге ??штарлы?ын ояту?а, сыни т?р?ыда ойлау?а ы?пал етемін, бір-бірін ?йретіп, ?йренуге,пікір б?лісіп, оны ??рметтей білуге, ?здерін ж?не ?згені ба?алай білуге, бірімен бірі диалогтік ?атынас?а т?суге, ойын жина?тап, талдау?а ?йренетіндігін, кез келген жа?дайды шешуде м??алім мен о?ушы, о?ушы мен о?ушы ж?не ?згелер арасында серіктестік ??ру ар?ылы ой б?лісетіндігін дамыта алдым.

Білім алуда пікірлесу, с?ра? ?ою барысында серіктестеріні?  айт?андары  елеулі орын алады  деп білемін. Мерсерді?  зерттеуіне с?йкес, ??гімелесу, с?ра??а жауап беру о?ушыларды? білім алуыны? ажырамас б?лігі деп білемін.

О?ушыларды? білім алуда с?ра??а жауап беруі, ізденуі,  ты?дауы мен с?йлеуі арасында байланыс  ана??рлым н?тижелі болатынына к?зім жетті. О?ушылар ша?ын топтарда ж?мыс жасай отырып, бір- бірімен пікір алмасып, идеяларын орта?а салып, ба?а бере біледі.

О?ушы ?ойыл?ан с?ра?тар?а жауап беру ар?ылы білімдерін шы?дайды. ?зімні? ?дебиеттік о?у п?німде о?ушылар?а т?рлі де?гейдегі с?ра?тар ?ойдым. ?ойыл?ан с?ра??а  о?ушылар жауап бере отырып, д?лелдеуге тырысты. ?тілген ?р та?ырып?а байланысты о?ушылар?а т?рткі, сынама с?ра?тар ?оя отырып, білгендерін орта?а салу?а ба?ыттадым.

«Астана бас ?ала» та?ырыбы бойынша «Астана?а бар?андары? бар ма?»деген с?ра??а Жанн?р деген о?ушы бардым, ма?ан ?нады деп жауап берсе,  «?андай к?рікті жерлерін білесі?дер?» деген с?ра??а Ерн?р « Б?йтерек», «Думан» ойын сауы? ортала?тары бар екендігін айта келе, ?зіні? бар?анына то?талды.  Ал «Елімізді? р?міздері» та?ырыбына байланысты «Т?уелсіздік дегенді ?алай т?сінесі?дер?» деген с?ра??а ?р топтан бірнеше о?ушы «еркіндік»  «бостанды?» деп жауап берді. «Т?уелсіздігімізді ?ашан алды??» деген с?ра?ыма Айс?лу: «1991 жылы 16 желто?санда» деп бірден жауап берді.   «Т?уелсіз ел несімен ерекшеленеді?» деген с?ра??а Асылан «р?міздерімен» деп на?ты жауап айтты. Ал «?ш ба?ытым», «Ту?ан тілім» та?ырыбын  ?ткенде ой ?оз?ау с?ра?тарында «ба?ыт» с?зіне т?сінік бергенде Ай?аным деген о?ушы «атаанамен ?мір с?ру», «денсаулы?» десе, Асылан  «Отанды с?ю», «достарымен тату т?тті болу» деп ?з ойын ?осты.

Мектептегі т?жірибеде б?рын?ы д?ст?рлі саба?тарда ?ойылатын с?ра?тарды ?оймау?а тырысып, оларды? сыни т?р?ыда ойланып жауап айтуларын талап етіп,  дамыттым.

Ал д?ст?рлі саба?тарда ?ойыл?ан с?ра?тар бала ойыны? дамуына кедергі болатынын ж?не ойын тежейтініне к?зім жетті. О?ушы жауабын д?лелдей алмай ??р айта сал?анын т?сіндім. Сонды?тан  о?ушыны? айтыл?ан жауаптарынан кейін «неге?» с?ра?ын ?ою ар?ылы д?лелдеуге ?йреттім. Сол кезде о?ушы ойын жина?тап,  тез шешім ?абылдап  с?ра??а жауап айта алды.

?ылыми т?жірибені? ?зінде диалогті? ма?ызды р?л ат?аратыны аны?.  Мерсер мен Литлтон (2007) ?з е?бектерінде диалог саба?та о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттырумен ?атар, оларды? білім де?гейіні? ?суіне ?лес ?осатынды?ын атап к?рсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті ?арым-?атынас пен достарымен бірігіп ж?ргізілген ж?мысты? балаларды? о?уына ж?не когнетивті дамуына ?сер ететіндігі айтыл?ан.

Выготскийді? о?ыту модулі о?ушы диалог ??ру н?тижесінде білім алады, деп жорамалдайды.  Сонды?тан, о?ушыны? білім де?гейін дамыту?а ?леуметтік ?олдау к?рсетуге м??алімні? р?лі ерекше. О?ушыларды? к?бірек білетін бас?а адамдармен, ?рине, б?л р?лдерде сыныптастары мен м??алімдері болу м?мкін, диалог ж?ргізу м?мкіндігі бол?ан жа?дайда, о?ыту же?іл болма?. Талданатын идеялар  о?ушы т?сінігіні? на?ты б?лігі болма?анымен, «жа?ын арада?ы даму айма?ы» аясында ?арастырыл?анды?тан о?ыту табысты болма?.

Жо?арыда айтыл?ан зерттеушілерді? с?зіне толы?тай ?осыламын. ?ай о?уды алсам да ??гімелесу ар?ылы ж?зеге асатыны белгілі. ??гімелесу о?ушыны? ?зін-?зі реттеуге, білімін толы?тыру?а м?мкіндік ту?ызады. Сонды?тан м??алім о?уды? т?рлі т?сілдерін д?рыс, тиімді ?олдана білуі керек.   О?ушы жан-жа?ты ойланып ж?мыс жасай алатын болады. Олар о?ытуды? мынадай т?сілдерінмен ж?зеге асады: о?ушыларды? іс ?рекетін арттыру ?шін м?мкіндік тудырады. Іс-?рекет танымдылы?ы мектептегі о?у процесіне білім, білік, да?дыларымен ?атар на?ты о?ыту п?німен ?алыптасады.

Себебі мен саба?тарымды диалог ??ру ар?ылы ж?ргіздім. О?ушыда саба??а деген ?ызы?ушылы? пайда болды. Талдау барысында та?ырып т??ірегінен шы?а алды. ?з ойын, пікірін айтып атсалысты. Онда о?ушыны? ойын ?штауда?ы, тиімді білім берудегі ж?не ??зыретті т?л?а ?алыптастыруда?ы тиімді т?сіл. Себебі диалог мынадай ?арым-?атынасты негіздейді: «м??алім мен о?ушы» ж?не «о?ушы мен о?ушы». Б?л ?рдіс мені? б?рын?ы саба?тарымда да орын ал?ан. Алайда ?ткізген д?ст?рлі саба?тарымда ?стіртін ?ана с?ра-жауап ретінде  ж?ріп отыр?анына к?зім жетті. ?йткені о?ушылар «и?» немесе «жо?» деген жауаптар ар?ылы ?ыс?а жауап беріп отырды. Себебі диалогті б?лай ?олдану о?ушыны? тере? ойлауына,  ал?ан білімін талдап, сараптауына м?мкіндік бермегенін т?сіндім.  Егер о?ушы ортада ?з пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толы?тырып, жетілдіре алмайды.  Сонды?тан диалогтік ?арым-?атынас жо?ары де?гейде болу керек.

Осы ма?сатта диалогті жа?аша ?ырынан ?арап, ал?аш?ы  бетпе- бетте ал?ан білімімді жина?тап, талдай отырып т?рлендіре отырып саба?тарымда ?олдандым.

М??алімдерге арнал?ан н?с?аулы?та айтыл?андай  Александер `(2004) о?ытуда?ы ??гімелесу – ?арым- ?атынас жасауды? бір сарынды ?дерісі емес, керісінше идеялар екі жа?ты ба?ытта ж?реді ж?не осыны? негізінде о?ушыны? білім алу ?дерісі ал?а жылжиды деп т?жырымдайды. Диалог барысында о?ушылар ж?не м??алімдер н?тижеге жету ?шін к?ш- жігер ж?мсайтын ж?не Мерсер (2000) сипатта?андай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында те? ???ылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу о?ушылармен диалог ??ру ар?ылы іске асады,  ол бірлескен зерттеу барысында аны?талады.

Мерсерді? зерттеуіне  с?йкес ??гімелесу о?ушыны? о?уыны? ажырамас б?лігі болып табылады. Сол ??гімелесуді? бірнеше т?рі бар. Олар:  Топты? ??гіме о?ушылар?а топты? тапсырма беру барысында ж?зеге асты. Топта?ы о?ушылар берілген тапсырманы а?ылдаса отырып тал?ылап, орта? шешімге келді. Б?л т?сіл сыныпта?ы баяу, енжер о?ушыны? саба??а ?атысуына жол ашты. Себебі ол достарымен бір топта ж?мыс істеп, с?хбаттасты. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытты. Топ ж?мысына ?лес ?осып, бір ?ырынан к?рінді.

Зерттеушілік ??гімеде о?ушылар?а сыни т?р?ыда ойлау?а тапсырма берілгенде топты? ж?мыс ар?ылы ж?зеге асырылды. Саба? барысында та?ырып?а байланысты пікір айтып, тал?ылай алды.

?алымдарды? зерттеуі бойынша н?тижелер д?лелдегендей, саба?та диалогті? орны б?лек.  О?ушылар осы ?діс ар?ылы саба??а ?ызы?ушылы?пен ?атысатын болды.  О?ытуды? ?ай технологиясымен ж?мыс ж?ргізсем де диалогтік  тапсырмаларды ?амту?а тырыстым.  Ж?пты? ж?не топты? ж?мыстарды міндетті т?рде ж?ргізіліп отырды. Мысалы: «Астана бас ?ала» та?ырыбы бойынша  саба?ымда ДЖИКСО ?дісін ?олдану ар?ылы о?ушыларды? арасында диалог ?рбіді.  М?тінді т?сіну барысында сыни т?р?ыда ойлауды? ДЖИКСО ?дісін ?олдана отырып ж?ргіздім. Б?л ?дісті? тиімділігі о?ушы ?зі о?ып, ?згеге де т?сіндіре білуінде болды. Б?л ?дісте о?ушыны? тілі дамиды, с?здік ?оры молаяды ж?не ?орытынды т?жырымды ой айта алатынды?ында болды. ДЖИКСО ?дісін ?олдан?анда о?ушыда ?ызы?ушылы? пайда болды. Сол ?дістегі б?лінген ?ызмет т?рлеріне ?ызы?ып, м?тінді ?здері о?ып  т?сінгендерін білмей де ?алды.  М?тінні? мазм?нын т?сінбей ?алды деген о?ушы болмады, біра? саба? барысында топта?ы енжар, баяу о?ушыларды? ?зі со??ы ба?ылаушыны? айт?анынан т?сінгенін айтып жатты. Нагизбаев Ерн?р топты? ж?мыс кезінде саба??а ?атыспай отыр?аныны? салдарынан т?сінбегенін бай?атты. Біра? со??ы ба?ылаушыны? айт?андарынан ???анын айтып ?уанып жатты.

Жалпы ал?анда сыни т?р?ыда ойлау жа?а ?діс- т?сілдермен ты?ыз байланыста. Ал сыни ойлау мен диалогтік о?у ?дістерін ?атар ?олдан?анда о?ушыны? саба?та?ы белсенділігі артады. Себебі диалог барысында саба?тарда сыни ойлау?а ба?ыттайтын с?ра?тарды пайдалану ар?ылы о?ушы пікірін білдіріп, с?ра? ?ойып диалог?а т?суге жетеледім.

М??алімдік т?жірибемдегі ендігі ма?сат – заман талабына сай ??зіретті т?л?а ?алыптастыруда осы жеті модульді ж?йелі ?олдана отырып, ?з т?жірибемді толы?тыру, жетілдіру болма?.

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер.

1.М??алімдерге арнал?ан н?с?аулы?.  ?шінші (негізгі) де?гей.

2. Мирсеитова С. О?ыту ?зденіс ретінде ж?не ізденіс о?ыту ретінде: о?ушыларды? сын т?р?ысынан ойлауын дамыту нысандары мен ?дістері: ?ара?анды 2011.

3. ?з т?жірибеммен б?лістім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"О?ыту м?дениетінде д?ст?рлі, жа?ашыл о?ытуды ?арастыру" »

Алдабергенова Анаргүл Абиқызы, №8 орта мектеп


Оқыту мәдениетінде дәстүрлі, жаңашыл оқытуды қарастыру


Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын.  Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр.  Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі.  Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің  «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына,  олардың жан- жақты дамуын, рухани  бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.   

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқуға негізделген тәсіл кең  таралған. (Hattie,

Осыған орай педагогтердің біліктілігін арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгейлі бағдарламасы негізіне сүйене отырып, өз тәжірибемде жеті модульді сабақтар топтамамда қамтыдым.

Осы біліктілікті арттыру курсының негізгі бағдарламасы – мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдері жаңа бастама болып отыр. Сол бағдарлама сындарлы оқытуға негізделіп отыр. Бұл теория оқушының  тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты  дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес.  Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; оқушының талантын зерттеу және анықтау;  сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.

Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.

 Ал «қалай  оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының  «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды,  өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды.  Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым.  Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады.

Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдау арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады.

Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқудың табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және  эмоциялық себептер арасындағы күрделі әрекеттік пен метокогнетивті білімге байланысты.

Оқушылардың өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен  шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, 11бет), деген ойды ескере отырып оқушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керектігіне көзім жетті. 

Себебі топ мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысты, топта ынтымақтастық атмосферасын құра отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды.

Әр ұстаз сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз. Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз деуге болады. Сұрақ қоюдың  төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі бар

Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады.

Ал оқушының берген жауабы қате болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып  түзетуге мүмкіндік берілуіміз керек. Сол қатесінен сабақ алуы керек. Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қоя отырып дұрыс жолға  түсуіне көмектесуіміз қажет.  Егер қате жауабын бас изеп қабылдай берсек оқушы  «мен білемінге» салынып  тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін. Білім берудің диалогтік тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда сұрақ қою арқылы оқушының: Сындарлы сөйлеуіне ынталандыруға, білімге құштарлығын оятуға, сыни тұрғыда ойлауға ықпал етемін, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинақтап, талдауға үйренетіндігін, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру арқылы ой бөлісетіндігін дамыта алдым.

Білім алуда пікірлесу, сұрақ қою барысында серіктестерінің  айтқандары  елеулі орын алады  деп білемін. Мерсердің  зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі деп білемін.

Оқушылардың білім алуда сұраққа жауап беруі, ізденуі,  тыңдауы мен сөйлеуі арасында байланыс  анағұрлым нәтижелі болатынына көзім жетті. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір- бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салып, баға бере біледі.

Оқушы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдайды. Өзімнің әдебиеттік оқу пәнімде оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қойдым. Қойылған сұраққа  оқушылар жауап бере отырып, дәлелдеуге тырысты. Өтілген әр тақырыпқа байланысты оқушыларға түрткі, сынама сұрақтар қоя отырып, білгендерін ортаға салуға бағыттадым.

«Астана бас қала» тақырыбы бойынша «Астанаға барғандарың бар ма?»деген сұраққа Жаннұр деген оқушы бардым, маған ұнады деп жауап берсе,  «Қандай көрікті жерлерін білесіңдер?» деген сұраққа Ернұр « Бәйтерек», «Думан» ойын сауық орталақтары бар екендігін айта келе, өзінің барғанына тоқталды.  Ал «Еліміздің рәміздері» тақырыбына байланысты «Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұраққа әр топтан бірнеше оқушы «еркіндік»  «бостандық» деп жауап берді. «Тәуелсіздігімізді қашан алдық?» деген сұрағыма Айсұлу: «1991 жылы 16 желтоқсанда» деп бірден жауап берді.   «Тәуелсіз ел несімен ерекшеленеді?» деген сұраққа Асылан «рәміздерімен» деп нақты жауап айтты. Ал «Үш бақытым», «Туған тілім» тақырыбын  өткенде ой қозғау сұрақтарында «бақыт» сөзіне түсінік бергенде Айғаным деген оқушы «атаанамен өмір сүру», «денсаулық» десе, Асылан  «Отанды сүю», «достарымен тату тәтті болу» деп өз ойын қосты.

Мектептегі тәжірибеде бұрынғы дәстүрлі сабақтарда қойылатын сұрақтарды қоймауға тырысып, олардың сыни тұрғыда ойланып жауап айтуларын талап етіп,  дамыттым.

Ал дәстүрлі сабақтарда қойылған сұрақтар бала ойының дамуына кедергі болатынын және ойын тежейтініне көзім жетті. Оқушы жауабын дәлелдей алмай құр айта салғанын түсіндім. Сондықтан  оқушының айтылған жауаптарынан кейін «неге?» сұрағын қою арқылы дәлелдеуге үйреттім. Сол кезде оқушы ойын жинақтап,  тез шешім қабылдап  сұраққа жауап айта алды.

Ғылыми тәжірибенің өзінде диалогтің маңызды рөл атқаратыны анық.  Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнетивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Выготскийдің оқыту модулі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады, деп жорамалдайды.  Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуге мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болу мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар  оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, «жақын арадағы даму аймағы» аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.

Жоғарыда айтылған зерттеушілердің сөзіне толықтай қосыламын. Қай оқуды алсам да әңгімелесу арқылы жүзеге асатыны белгілі. Әңгімелесу оқушының өзін-өзі реттеуге, білімін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан мұғалім оқудың түрлі тәсілдерін дұрыс, тиімді қолдана білуі керек.   Оқушы жан-жақты ойланып жұмыс жасай алатын болады. Олар оқытудың мынадай тәсілдерінмен жүзеге асады: оқушылардың іс әрекетін арттыру үшін мүмкіндік тудырады. Іс-әрекет танымдылығы мектептегі оқу процесіне білім, білік, дағдыларымен қатар нақты оқыту пәнімен қалыптасады.

Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. Оқушыда сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алды. Өз ойын, пікірін айтып атсалысты. Онда оқушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзыретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Себебі диалог мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен оқушы» және «оқушы мен оқушы». Бұл үрдіс менің бұрынғы сабақтарымда да орын алған. Алайда өткізген дәстүрлі сабақтарымда үстіртін ғана сұра-жауап ретінде  жүріп отырғанына көзім жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды. Себебі диалогті бұлай қолдану оқушының терең ойлауына,  алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бермегенін түсіндім.  Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды.  Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек.

Осы мақсатта диалогті жаңаша қырынан қарап, алғашқы  бетпе- бетте алған білімімді жинақтап, талдай отырып түрлендіре отырып сабақтарымда қолдандым.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай  Александер `(2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш- жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады,  ол бірлескен зерттеу барысында анықталады.

 

Мерсердің зерттеуіне  сәйкес әңгімелесу оқушының оқуының ажырамас бөлігі болып табылады. Сол әңгімелесудің бірнеше түрі бар. Олар:  Топтық әңгіме оқушыларға топтық тапсырма беру барысында жүзеге асты. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы ақылдаса отырып талқылап, ортақ шешімге келді. Бұл тәсіл сыныптағы баяу, енжер оқушының сабаққа қатысуына жол ашты. Себебі ол достарымен бір топта жұмыс істеп, сұхбаттасты. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытты. Топ жұмысына үлес қосып, бір қырынан көрінді.

Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алды.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша нәтижелер дәлелдегендей, сабақта диалогтің орны бөлек.  Оқушылар осы әдіс арқылы сабаққа қызығушылықпен қатысатын болды.  Оқытудың қай технологиясымен жұмыс жүргізсем де диалогтік  тапсырмаларды қамтуға тырыстым.  Жұптық және топтық жұмыстарды міндетті түрде жүргізіліп отырды. Мысалы: «Астана бас қала» тақырыбы бойынша  сабағымда ДЖИКСО әдісін қолдану арқылы оқушылардың арасында диалог өрбіді.  Мәтінді түсіну барысында сыни тұрғыда ойлаудың ДЖИКСО әдісін қолдана отырып жүргіздім. Бұл әдістің тиімділігі оқушы өзі оқып, өзгеге де түсіндіре білуінде болды. Бұл әдісте оқушының тілі дамиды, сөздік қоры молаяды және қорытынды тұжырымды ой айта алатындығында болды. ДЖИКСО әдісін қолданғанда оқушыда қызығушылық пайда болды. Сол әдістегі бөлінген қызмет түрлеріне қызығып, мәтінді өздері оқып  түсінгендерін білмей де қалды.  Мәтіннің мазмұнын түсінбей қалды деген оқушы болмады, бірақ сабақ барысында топтағы енжар, баяу оқушылардың өзі соңғы бақылаушының айтқанынан түсінгенін айтып жатты. Нагизбаев Ернұр топтық жұмыс кезінде сабаққа қатыспай отырғанының салдарынан түсінбегенін байқатты. Бірақ соңғы бақылаушының айтқандарынан ұққанын айтып қуанып жатты.

Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа әдіс- тәсілдермен тығыз байланыста. Ал сыни ойлау мен диалогтік оқу әдістерін қатар қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі артады. Себебі диалог барысында сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды пайдалану арқылы оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып диалогқа түсуге жетеледім.

Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.

  

Пайдаланылған әдебиеттер.

 


1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.  Үшінші (негізгі) деңгей.

2. Мирсеитова С. Оқыту әзденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері: Қарағанды 2011.

3. Өз тәжірибеммен бөлістім.

 

 

























 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"О?ыту м?дениетінде д?ст?рлі, жа?ашыл о?ытуды ?арастыру"

Автор: Алдабергенова Анаргуль Абиевна

Дата: 15.03.2015

Номер свидетельства: 186856


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства