Табиғи тастар жеткілікті беріктік пен қаттылыққа ие, сондықтан адамзат тастарды тұрғын үй салғанда негізгі материал есебінде пайдаланды. Тау жыныстарын, әдетте, құрылыс материалы есебінде көбіне табиғи (құм, қиыршық тас және т.б.) немесе механикалық жолмен өңделген түрде, сондай-ақ арнайы технологиялық процестермен өңделген өнім ретінде қолданды (түұтқыр, керамика, шыны, т.б.).