Үйге 137-138 беттегі ережені жаттау және 138-жаттығу берілді.
III. Бекіту сабағы:
135-жаттығу: Төмендегі сөйлемдердің басыңқы сыңарларын ойдан жазып, себеп бағыныңқылы сабақтас құраңдар.
1. Қуанышы қойына симай, ... . 2. Күн сәулесі кеткендіктен, ... . 3. Сорпа тимеген соң, ... . 4. Соны Ербол біліп қоймасын деп, ... . 5. Көп жатуға уақыт мүмкіндік бермей, ... . 6. Шұға шын ауруға айналған соң, ... .
7. Қысқа жіп күрмеуге келмей, ... . 8. Қастарында көлденең кісі болғандықтан, ... .
1-тапсырма: Себеп-салдар багыныңқы сабақтас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, багыныңқысының баяндауыштарының жасалу жолын түсіндір.
1. Бәйбіше жанымды сығып бара жатқан соң мені ашу кернеп кетті.(-қан+соң) 2. Күн ұзаққа жол жүрген соң арбада отырып аяқтары ұйып та қалған екен. (-ған+соң) 3. Бәкен де ауылдық кеңеске мүше болып өткендіктен бұл ойларын жарыққа шығарады деп ойлап еді.(-дік+-тен) 4. Оқыған бұрынғы мамандығы механизация, электрофикация факультеті болғандықтан Строгов тегінде бұл жүрген механизмдердің көптеген көбін үйреншікті атай білетін.(-дық+-тан) 5. Таныс адам кездесер ме екен деп Жабай жер үйлерді аралап кетті. (-кен+деп) 6. Жаман қауымның жақсысы болғанша жақсы қауымның жаманы бол. (-ған+-ша)
7. Ол мезгілді уақытында келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық. (ма+-й)
2-тапсырма: Құрмалас сөйлемдерді себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жазып, жасалу жолын
айтыңдар. 1.Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді.
2.Сабақ ерте біткен соң, балалар ойын ойнауға жиналды - себеп бағыныңқы сабақтас
3.Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды - себеп-салдар салалас
4. Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді - себеп-салдар салалас
5. Әлияның жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды - себеп-салдар салалас
3-тапсырма: Кестені толтырыңыздар.
№
Бағыныңқы сыңар
Басыңқы сыңар
1
мен орнымнан тұрып кеттім
2
Ол бетімді қайтарып тастаған соң,
3
Ішімдегі сөзімді айта алмай,
4
бір-екі рет қайталауға тура келді.
5
Онсыз да кешіктім деп,
6
біз біраз кешігіп қалдық.
7
Мұрат үй жұмысын орындамай келді
8
Олар шетінен ақын болған соң
9
өте қуанып қалдым
10
Сен мұқият тындамаған соң
4-тапсырма: Мына сөйлемдерді толықтыр.
1. Үйде азық-түлік біткен соң, ... . 2. Күні бойы далада көп жүргендіктен, ... 3. Арман озат оқушы болған соң, ... . 4. Өзін-өзі тежей алмай, ... . 5. Жұмыс бітпегендіктен, ... . 6. Жомарт емтиханға әзірленбеген соң, ... 7. Кеш болып қалғандықтан, ... . 8. Уақыты аз болған соң, ... .
1. ..., балалар далада ойнады. 2. ..., университетте оқи алмады. 3. ..., інісіне сәлемдеме жіберді. 4. ..., басым ауырды. 5. ..., біз Сізді көрмедік. 6. ..., жеміс- жидек алдық. 7. ..., біз қуандық. 8. ..., ерте тұрамыз.
136-жаттығу: Себеп-салдар салаласты себеп бағыныңқылы сабақтасқа айналдырып жазыңдар.
Ой-ұғымы, сезім-түйсігі ұқсас, жаны жалғас адамдар ғана бір-бірімен тату дос бола алады, өйткені ондай адамдар бір-бірінің жай-күйін жақсы ұғысады. Өтірік айтудан сақтаныңдар, себебі өтірікшілер - имансыздар. Тіпті пайдасын көріп тұрсаңыздар да, өтіріктен сақтаныңыздар, себебі түбінде өтірікшінің күні қараң. Әділеттілік - Алланың жердегі терезесі, әділетті адамды сол терезе бейішке бастап апарады. Білім алу жолындағы табандылықтан артық іс жоқ, себебі ілім кісіні ізет пен абыройға жеткізетін құрал болып табылады. Жомарт кісінің қателіктерін кешіріңдер, себебі Алла тағала, ол сүрінген сайын, қолынан ұстап, құлатпайды.
IV. Сабақты бекіту:
5-тапсрма: Оқушыларға суреттер таратылады, олар сол суреттер бойынша себеп бағыныңқылы сөйлемдер құрастырулары қажет.
VI. Қорытынды:
Венн диаграммасы арқылы себеп-салдар салалас және себеп бағыныңқылы сабақтастың сырттай ұқсастықтарын және іштей өзгешіліктерін табу.
Себеп-салдар салалас
1. Баяндауышы тиянақты
2.Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады
3.Жалғаулықсыз іргелес тұрып байланысады
4. Өзара тең дәрежеде байланысады
Себеп бағыныңқылы сабақтас
1. Баяндауышы тиянақсыз
2. Бағыныңқы, басыңқы сөйлем
3. Жасалу жолдары бағыныңқының баяндауышына қарай белгіленеді
Ортақ белгісі
1. Құрмалас сөйлем
2.Күрделі ойды білдіреді
3. Істің себебін білдіреді
V. Үйге тапсырма беру:
1) Ережелерді қайталау
2) 136 - жаттығу.
VІ. Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, үй тапсырмасын орындап келгеніне және сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады