Просмотр содержимого документа
«Салқын тағамдар мен басытқылар»
Салаттар және винегреттер
Салат (итал. Salato, Salata –тұздалған) – әртүрлі көкөністерден немесе жемістердің қоспасынан дайындалған сірке суымен, өсімдік майымен, майонезбен, қаймақпен, лимонның сөлімен, тұзбен, бұрышпен немесе арнайы салат тұздықтарымен тұздықталған салқын тағам.
Көбіне қуырылған етке беріледі, кейде басытқы ретінде ұсынылады. Салаттардың құрамына көктер де кіреді : аскөк, ақжелкен, көк пияз, сарымсақ.
Салат - құрамына көкөністер (шикі, піскен), көктер, жемістер немесе жидектер кіретін құнарлы тағам.
Түрлі түсті көкөністі салат
Дайындалуы: 1. Пиязды жіңішке жарты сақина етіп тураймыз. Оның үстіне қайнаған су мен лимон шырынын құйып, аздап қант салып, шамамен 10 минутқа қалдырамыз. Содан соң оны сүзіп аламыз. 2. Қырыққабат пен болгар бұрышын жіңішке ұзынша етіп тураймыз. Сәбізді үккіштен ұзынша етіп өткіземіз. Аскөк пен ақжелкенді ұсақтаймыз. 3. Барлық көкөністі араластырып, оған дәміне қарай қант, тұз және қара бұрыш салып, барлығын өсімдік майымен араластырамыз.
Ингредиенттер: - 700 г қызылқауданды қырыққабат; - 3 түрлі түсті болгар бұрыштары; - 1 сәбіз; - 1 пияз; - аскөк пен ақжелкен; - 2 ас қасық өсімдік майы; - 1 ас қасық лимон шырыны; - 1 ас қасық қант; - дәміне қарай тұз. Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/52161/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.
Көктемгі көкөністі салат
Дайындалуы: 1. Жас картопты суға пісіріп аламыз. Суыған соң, оны орташа текше етіп тураймыз. 2. Шалғамды жіңішке дөңгелек етіп тураймыз. Көк жуа мен аскөкті ұсақтап тураймыз. 3. Барлық көкөністерді араластырып, Дәміне қарай оған тұз бен қара бұрыш салып, өсімдік майымен араластырамыз. Соңынан бетіне қыша түйіршіктерін себеміз.
Ингредиенттер: - 1 байлам шалғам (редиска); - 2 жас картоп; - 1 буда көк жуа; - аскөк; - 1 шай қасық қыша түйіршіктері; - 2 ас қасық өсімдік майы; - дәміне қарай тұз бен қара бұрыш.
Нәзік көкөністі салат
Дайындалуы: 1. Пекин қырыққабатын жуып, ірі етіп тураймыз. Бірнеше жапырағын тұтастай безендіруге алып қаламыз. 2. Сәбізді үккіштің ірісінен өткіземіз. 3. Болгар бұрышын жіңішке ұзынша етіп тураймыз. 4. Жүгерінің сұйыған төгіңіз. 5. Салатқа алманың қышқыл түрін таңдаған жөн. Оны да ұзынша етіп турап, үстіне лимонның шырынын құямыз. 6. Салаттың тұздығын дайындаймыз. Ол үшін өсімдік майына қара бұрыш, қант, тұз және лимон шырынын салып, барлығын жақсылап араластырамыз. 7. Ыдысқа алдымен қырыққабат жапырағын жайып, үстіне барлық ингредиенттерді саламыз. Соңынан тұздық құйып шығамыз.
Ингредиенттер: - 1 қаудан пекин қырыққабаты; - 1 сәбіз; - 1 болгар бұрышы; - 1 алма; - 1 құты консервіленген жүгері; - 0,5 лимон; - 2 ас қасық өсімдік майы; - 1 шай қасық қант; - дәміне қарай қара бұрыш пен тұз.