kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары "қазыбек би мен бұқар жырау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақтың тақырыбы: қазыбек би мен бұқар жырау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды      Қазыбек би мен Бұқар жыраудың     шешендік  сөздері туралы түсінік  беру, оқушылардың  білім  көзқарасын  жинақтап  қорыту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық  сананы  қалыптастыру.

3. Дамытушылық:    мәтінмен  жұмыс  істей  отырып, баланың  ойына  қозғау салу,  өз  бетінше  салыстыру,  қорытынды  жасай білуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "қазыбек би мен бұқар жырау"»

Күні: 24.11.2016

Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері туралы түсінік беру, оқушылардың білім көзқарасын жинақтап қорыту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру.

3. Дамытушылық: мәтінмен жұмыс істей отырып, баланың ойына қозғау салу, өз бетінше салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


Тренинг «Сағат тілімен»


Оқушыларды екі топқа бөлу.

1 топ – «Би»

2 топ – «Жырау»


ІІ. Жаңа сабақ


Қазақтың билері туралы бейнебаян көрсетіледі.

Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы қысқаша мәлімет. Слайд көрсетіледі.


Қазыбек би

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан.

Ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.


Бұқар жырау

ХҮІІІ ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға- Бұқар жырау. Бұқар жырау Далба тауы бойында 1693 ж. өмірге келді . Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, ел билеуші емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам. Жыраудың қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген.  Жырау 60-тан асқанша осы жаралы, кембағыл, кедейшілік, жоқшылық халде күн кешеді. Алайда өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам өмір сүріп 1781 жылы шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде жерленеді.



Қазыбек би мен Бұқар жырауды салыстыру. (постер)



Қазыбек би

Бұқар жырау












Аңыз-әңгімелермен жұмыс.

Екі топқа екі аңыз-әңгіме беріледі. Мәтіндерді оқу, түсінгендерін айту.


Би тобы

Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.

Жантай тұрып:

- Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып:

Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.

Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды,

Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды.

- Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяқтапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:

- Ас адамның арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондықтан мынаның ақысын бер, күрек тісің құнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.


Сұрақтар:

1. Жантай деген кім?

2. Жантай мен жалшы қандай себеппен төбелесті?

3. Бай мен жалшы кімге барады? Не үшін?

4. Жантай неліктен жалшының ақысын бермеді?

5. Қазыбек би қандай билік айтады?


Жырау тобы

Абылай хан жоңғарларға қарсы бір жорықта алдын барлау үшін, мың адамды екіге бөліп, ержүрек, сенімді батырларын жібереді. Бір тобын Қанжығалы Жантайға, екіншісін ақсақал Бөгенбайға бастатып, ілгері жіберіпті. Батырлар ұзақ уақыт бойы орала қоймаған соң, Абылай уайымдап, өзінің көріпкел жырауы Бұқардан: «Менің жігіттеріме не болды екең оралмауына не себеп?» - деп сұрапты. Сонда Бұқар айтыпты: «Жантай Талқы арқылы барады, ал Бөгенбай Құлжан батыр секілді қиыннан жол тауып өтеді. Ал енді Хан-Баба болса, көп ұзамай қайтып келер. Талқының асуы қысыңқы әрі қауіпті» - депті. Абылай ішінен Жантайдың зор қауіпке душар болғанын сезеді. Жырау сөзін жалғастырып: «Жантай бұзып-жарып өтіп, ұлысын олжалайды. Жантай әкелген аққұба қызды Абылай сұлтан алады» - дейді. Абылайдың айтуынша, сол жолғы болжамның орындалуынан соң, төбесі көкке жеткендей зор қуанышқа бөленсе керек.


Сұрақ:

1. Абылай хан мың адамды қайда жібереді?

2. Жантай кімді әкеледі?

3. Абылай Бұқар жыраудан не сұрайды?

4. Абылай хан нені уаыймдап жүреді?

5.Бұқар жырау Абылайханға не деп айтады?


ІІІ. Сабақты бекіту

Би тобы

Тест

1.Жантай деген кім?

А) кедей

Б) би

С) бай

2. Жантай мен жалшы кімге барады?

А) Қазыбек биге

Б) Абылай ханға

С) Бұқар жырауға

3. Кімнің тісі сынады?

А) Малшының

Б) Қазыбек бидің

С) Жайнтайдың

4. Жантай мен малшы Қазыбек биге не үшін барады?

А) көмек сұрауға

Б) ақша қайтаруға

С) билік сұрауға

5. Жалшы байдан не сұрайды?

А) сынған тісін

Б) ақысын

С) көмек

6. Бай мен малшы не үшін төбелесіді?

А) ақша

Б) сынған тіс

С) тай

7. Қазыбек «Төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың» деп кімге атайды?

А) Жантайға

Б) Малшыға

С) Бұқар жырауға

8. Жантайдың қандай тісі сынады?

А) күрек

Б) алдыңғы
С) ешқандай



Жырау тобы

Тест

1.Абылай хан неше адамды жорыққа жібереді?

А) мың
Б) жүз
С) жүз бес

2. Бірінші тобын кім басқарады?

А) Бөгенбай
Б) Жантай
С)Бұқар жырау

3. Қиын жол тауып жүретін кім?

А) Бөгенбай
Б) Абылай хан
С) Бұқар жырау

4. Абылай хан нені уаймдайды?

А) Жантайдың Талқы арқылы баруын
Б) Бөгенбайдың қиын жол тауып жүргенін
С) Батырлардың ұзақ уақыт оралмауын

5. Аққуба қызды кім алады?

А) Жантай
Б) Хан-Баба
С)Абылай

6. Көп ұзамай қайтіп келетін кім?

А) Хан-Баба
Б) Жантай
С) ақсақал

7. Абылай хан адамдарын қандай халықты барлауға жібереді?

А) найман
Б) жоңғар
С) қазақ

8. Абылай кімге барады?

А) Бұқар жырауға
Б) ақсақалға
С)Жантайға


Қазыбек би мен Бұқар жырау аңызын тыңдату.


Рефлексия

Жазбаша түрде алу (1минут)

Сабақта:

Мен түсіндім___________________________________________________________

Мен білдім_____________________________________________________________

Мен орындай алдым_____________________________________________________________

Қиыншылық тудырды___________________________________________________________

Мені қызықтырды_______________________________________________________

Мен үшін жаңа______________________________________________________________


ІV. Үй тапсырмасын беру

Қазыбек бидің жауабын жаттау.


V. Бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сабақ жоспары "қазыбек би мен бұқар жырау"

Автор: Альназирова Салтанат Асылебковна

Дата: 15.04.2017

Номер свидетельства: 409332

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Б??ар жырау мен ?азыбек биді? шешендік с?здері""
    ["seo_title"] => string(57) "bu-k-ar-zhyrau-mien-k-azybiek-bidin-shieshiendik-sozdieri"
    ["file_id"] => string(6) "257747"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448379763"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(158) "?аза?стан тарихынан саба? жоспары Х?ІІІ ?асырда?ы ?аза?стан м?дениеті, халы? ауыз ?дебиеті"
    ["seo_title"] => string(85) "kazakstantarikhynansabakzhosparykhuiiigasyrdagykazakstanmdieniietikhalykauyzdiebiieti"
    ["file_id"] => string(6) "261005"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449057825"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба? жоспары:" ?азыбек би мен Б??ар жырау""
    ["seo_title"] => string(38) "sabakzhosparykazybiekbimienbukarzhyrau"
    ["file_id"] => string(6) "270653"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451227146"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Тарих саба?ынан саба? жоспары та?ырыбы: "Т?уке хан т?сында?ы ?аза? ханды?ы " "
    ["seo_title"] => string(83) "tarikh-sabag-ynan-sabak-zhospary-tak-yryby-t-ukie-khan-tu-syndag-y-k-azak-khandyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "160896"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422126561"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?аза? хал?ыны? шы?армашылы? д?ст?рі"
    ["seo_title"] => string(41) "k-azak-khalk-ynyn-shyg-armashylyk-d-sturi"
    ["file_id"] => string(6) "262052"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449247270"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства