Просмотр содержимого документа
«Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері»
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Введен орта мектебі» ММ
Тақырыбы:
Оқушыларға
патриоттық тәрбие беру әдістері
Хусаинова Б.А.
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
І. Кіріспе
Педагогиканы мұрат тұтқан Ш.Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ» деген еді.
ҚР-ның үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі болып патриоттық тәрбиенің бекітілуі де бекер емес. Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды.Ендеше,патриоттық тәрбие - тәрбиенің басты бағыттарының бастауы десек, қателеспейміз.
Әрине, бұл кезде мен де ұстаздарымыздың кеңесіне, баспасөз материалдарына, «Мектеп», «Тәрбие құралы» сынды әдістемелік журналдарға жүгіндім
Сонымен, патриоттық тәрбиені ұйымдастыруға мен мынадай жұмыс түрлерін ұсынамын.
Бұл жұмыс түрлерін әр сынып деңгейінде ұйымдастыруға болады.
ІІ. Практикалық бөлім1.Пікірлесу.Тақырып: «Ел тірегі- ер »
«Көшбасшы ... бұл кім? –
халықты біріктіруші хан
ел мақтаны
Ел қорғаныБасқарушы
көшін бастаушы
елді аузына халыққа үлгі
қарататын адам
Тиімділігі: Білімі толық қамтылады, ұмытылған көптеген тарихты еске түсіреді.
Оқушыларды неге үйретеді: Еліне деген жауапкершілікке, жан – жақты оқушы болуға үйретеді.
Нәтиже: Оқушыларға ой салынады, білімі анықталады, қызығушылығы артады, партиоттық сезімі күшейеді.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,
Жаманың жамандығын айт құты қашсын» -
дегендей, ел басының барлық халқы үшін жасаған еңбегін айпай кету мүмкін емес.
2.Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.
“ Ер есімі – ел есінде.” (Қазақстан тарихында өшпес алтын әріппен хандардың аттары мәңгі ел есінде қалады)
Тиімділігі: тіл байлығы дамиды, ұлт жандылыққа, тәуелсіздікті бүгінгі өмірімен байланыстыра отырып мәнін ашуға үйретеді.
Оқушыларды неге үйретеді: елін, жерін сүйуге, ұлт жандылыққа тәбиелейді.
Нәтиже: ұлттық құндылықтарды бағалауға үйренеді.
3.Патриоттық шығарма жазу, өлең жатқа айту байқауы
Бұл ұсыныс арқылы оқушыларды еліміздің патриоттықты өздері насихаттаушы болады.
Тиімділігі: дарынды, өнерлі бала табуға көмектеседі.
Оқушыларды неге үйретеді: өнерлі, шығармашыл болуға үйретеді.
Нәтиже: дарынды, өнерлі, жан-жақты бала анықталады. Патриоттық оқушы жадында сақталады. Өнерге деген құштарлығы артады.
4.Суретпен жұмыс. « Кейіпкерлер үндестігі »
Дайын суреттер бойынша ойын айту
Тиімділігі: Баланың есте сақтау қабілеті артады.
Оқушыларды неге үйретеді: біреудің ойын түсінуге, суретті сөйлету барысында
адамның қандай екенін біле алады.
Нәтиже: қиялдау қабілетін дамытады.
5.Реферат (Конференция)
Қазақтың көрнекті тұлғалары:
Абылай хан
Бөгенбай батыр
Қайрат Рысқұлов
Тәуелсіздік жолында тер төккен қазақ тұлғалары.
Тиімділігі: оқушы ізденеді, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді, жауапкершілігі артады.
күй, қазақ биі, патриоттық әндерді пайдаланып үлкен кеш өткізу. Кеш өткізерде үлкен дайындықпен өткізу.
Тиімділігі: Уақытты үнемдеу, осы кеш арқылы баланың жан-жақты алған білімін бекіту.
Оқушыларды неге үйретеді: Өнерлі болуға, еліне деген сүйіспеншілін, жауапкершілігін арттырады.
Нәтиже: Эстетикалық тәрбие, сахна мәдениетін біледі. Дарынды баланы анықтайды.
ІІІ.Жұмбақтастың жұмбақтары: (Сергіту сәті!)
1.Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек
Ондайлар Отанына өте керек
Тәуке хан жазған екен заң жинағын
Тапсаңдар болғандарың, асқан зерек.
( ................)
2.Қазақта кейбір жандар қыршын болды,
Солардың арқасында бақыт қонды
Серігін Исатайдың айтсаң егер
Бүгінгі жиынымыз болар жөнді.
(:...................)
3.Байқоңыр бар деп бізге жүйрік кеме
Көп жылдар ұша алмадық ғарышқа біз
Ғарышқа тұңғыш ұшқан сен қазақты
Білмесең ұят болады болмас негіз.
(........................)
Қорытынды:
Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
Туған халқымыздың өткен тарихына,әдебиетіне көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз.
Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек, заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.