Просмотр содержимого документа
«Мөлдір көжелер дайындау»
8 БӨЛІМ. Бірінші тағамдар
Тақырып 8.2.1. Мөлдір көжелер дайындау
Мөлдір көжелер жеке дайындалатын мөлдір сорпалар мен гарнирлерден тұрады
Мөлдір көжеге арналған сорпаны мөлдірлеу және тағамдық сүйектен, құстан, балықтан жасалған сорпалардың экстрактивті заттарымен қанықтыру нәтижесінде алады. Мөлдірлеу үшін құс және жабайы құс ұшасының сүйектерін, еттерді, жұмыртқаның ақуызын қолданады. Мөлдір көжелерді мөлдірлеудің кәдімгі әдісінен басқа сәбіз бен жұмыртқа ауызынан жасалынған мөлдірлегіш қоспа қолданылады.
Мөлдір көжелер басқалардан шығымының аз берылетындігімен ерекшеленеді : порциялы ыдыстарда 400, ал сорпа кеселерінде порциясына 300 г.
Сорпаны мөлдірлеу үшін 1000 г сорпага 100 г сәбіз және 1,5 дана жұмыртқа қажет. Тазаланған сәбізді үгітеді, жұмыртқаның ақуызын жеңіл көпіршітіп қосады да, қоспаны ібден араластырады.
70 С-қа дейін салқындатылған сорпаға дайын сорпа мөлдірлегішін қосады, араластырады, майсыз қыздырылған сәбіз бен пиязды қосады да, қазанның бетін жауып, сорпаны қайнауына дейін жеткізеді. Қайнатқаннан кейін сорпаның бетінен майы мен көбігін алып, 30 минут баяу жанған отта тағы қайнатады. Қайнатудан соң сорпаны 30 минутқа тындырып қояды да, бетіндегі майын алады, сосын сорпаны сүзеді.
Мөлдір көжелерге арналған гарнир ретінде әртүрлі көкөністер, еттен, құстан, балықтан, жұмыртқадан, жармалардан жасалған бұйымдар, сонымен бірге, қуырмаланған кепкен нан, пирожок, бүрменан, расстегай және тағы да басқалары жіберіледі.
Жіберерде порциялы ыдысқа гарнирді салып, үстіне сорпа құяды. Сорпаға арналған кеселерге тек мөлдір сорпалрды құяды. Пирожокты, бүрменанды, расстегайды, қуырылған кепкен нанды жеке тарелкаларға салып жібереді.
Сорпаны мармитте 1-2 сағ асырмай сақтайды, ұзақ уақыт сақтауда ол күңгірт болып, дәмі мен хош иісі төмендейді.
Еуропа асүйінде мөлдір сорпаны к о н с о м е (фр.cansomme – жақсартылған, ашықтандырылған сорпа) деп атайды.
Мөлдір сорпа дайындау :
Ет сорпасы
Балық сорпасы
Құс сорпасы
Мөлдір ет сорпасы
Күңгірт түс беретін сиыр сүйектерінен тұздық көжелер сияқты сорпа дайындайды. Дайын сорпаны сүзеді және тарту арқылы ашықтандырады.
Тартуды дайындау үшін котлета массасын еттартқыштан өткізеді, екі есе су құяды, тұз қосады және түндыру үшін салқын жерге 1сағ қойып қояды. Кою уақыты кезінде майдаланған еттен су және тұз ерітінділі ақуыздары суға өтеді. Тұндыру аяқталарда жеңіл көпіршітілген жұмыртқаның ақуызын қосады және тартыммен араластырады.
Мөлдір ет сорпасына өзіне тән қоңыр түс беру үшін сәбізді, пиязды және ақ тамырларды күңгірт түске енгенше пештің бетінде майсыз қыздырады.
Піскен сорпаны 50-60 С-қа салқындатады, оның бір бөлігімен тартымды араластырады да, қазанға құйып, абайлап араластырады. Осыған қыздырылған пиязды және тамырларды қосады. Оттяжкасы бар сорпаны абайлап қыздырады және әлсіз отта 1-1,5 сағ пісіреді.
Мұндай кезде сорпа тек ашықтанып қана қоймай, тартымнан өткен ерігіш заттармен байып тұралы. Масса түбіне түсіп, мөлдір болғанда сорпа дайын деп есептеледі. Мұндай процесті адсорбция деп атайды. Дайын сорпаның бетінен майын алып тастайды, татымы бойынша тұз салады және сүзеді.
Мөлдір ет сорпасы майсыз, қоңыр түстес және жағымды хошиісті болуы керек.
Мөлдір құс сорпасы
Оны ашықтандырусыз дайындауға болады. Ол үшін басытқыға, екінші тағамдар үшін арналған құс етіне салқын су құяды, қайнауына дейін жеткізеді және әлсіз отта 1,5-2 сағат қайнатады. Пісуіне 40-60 мин қалғанда сорпаға қыздырылған пияз, сәбіз қосады. Дайын сорпаны сүзеді, қайнауына дейін жеткізеді және мармитте сақтайды.
Егер сорпа лай болса, оны майдалап шабылған құс сүйегінен жасалған тартыммен ашықтандырады (1кг сүйекке 1-1,5л су), тұз, жеңіл көпіршітілген жұмыртқаның ақуызын қосады және тоңазытқышта 1-2сағ ұстайды, 1сағ аралығында қайнатады, содан соң сорпаны майсыздандырады және сүзеді.
Мөлдір балық сорпасы
Тазаланған, бірақ ақтарылған майда балықтан (ерш, алабұға т.б.) немесе балық қалдықтарына тамыр қосып дайындайды. Тартымды үгілген паюсті уылдырықтан ашықтандырады. Сорпаны 1 жұмыртқаның ағымен де ашықтандыруға болады. Дайын сорпаның түсі сарғыш кәріптас түсті болуы керек.
Жіберерде балық кесегін (100г), фрикаделька (100г) немесе клецкиді тарелкаға салалы, сорпа құяды. Пирожокті, расстегайды пирожок тарелкасында жеке береді.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ :
Берілген слайд бойынша лекция жазу;
Сұрақтарға жауап жазу;
Орындарған тапсырмаларды параграф bilim сайтына салу.