Просмотр содержимого документа
«"?аза?ты? ?лтты? ойындары" ?аза? тілінен ашы? саба? »
Үй тапсырмасын тексеру
Сөйлем дегеніміз не?
Жай сөйлемнің түрлері. Атап бер?
Жалаң сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
Жайылма сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
Тұрлаулы мүшелерді ата.
Тұрлаусыз мүшелерді ата.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. тәрбиелік: ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, ұлттық ойын түрлерін үйренуге бағыттау.
Ұлттық ойынның түрлеріне тоқталсақ.
1)Аңға байланысты ойындар. Мыс:Ақсерке-көксерке. 2)Малға байланысты ойындар. Мыс:Соқыртеке 3)Түрлі заттармен ойналатын ойындар. Мыс:Алтыбақан. 4)Зеректілік,ептілік,икемділік қажет ететін ойындар. Мыс:Жаяу жарыс 5)Соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Мыс:Сымсыз телефон.
Қыз қуу.
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жету керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.
ҚЫЗ ҚУУ
Асық ату
Бұл ойынды үш-төрт баладан топтап, екі-үш жерде ұйымдастыруға
болады. "Үш табанның" шарты бойынша, әр ойыншыға бір-бірден
асық, бір-бір сақа беріледі. Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың
ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын иіреді.
Сақасы алшы түскен бала бірінші болып, одан кейінгілері рет-ретімен
(тәйке, бүк, шік түскен) «ұшуға» кіріседі.
Ұшу дегеніміз - көмбеден алшақтау жерге барып сақа иіру. Сақасы
алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атуға жолдама
алып, өз шеберлігін көрсете бастайды. Осылай болмаған жағдайда,
асық ату бәрі ұшып болған соң, бастапқы кезек бойынша жалғасады.
Алысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса, көмбеде
қалған ойыншыға кезек тиеді. Көздеген асығына дәл тигізіп және
оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа
ұшырған ойыншы қашан келесі асыққа тигізе алмай қал
ғанша атуды жалғастыра береді. Болмаса, атқан асығы үш табаннан
аспай қалғанда ғана ойын тоқтатып, өзін
ен кейінгі ойыншыларға кезек беруге мәжбүр болады.
Асық ату
Алтыбақан
Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады. Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды.
Алтыбақан
Теңге алу
Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.
Ол – ұлттық ат спорты ойыны.
Теңге алу
Ат сайысы.
Спорттық ойын . Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген. Аламан бәйге . Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.
Ат сайысы.
Көкпар.
Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады
Көкпар.
Сөздікпен жұмыс қызық-интересное жігіт-парень қуады-догоняют жету керек-должен догнать сүйеді-целует соғады-будет бить
1-тапсырма. Қыз қуу .
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жету керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.
.
2-тапсырма.
Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар. Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
3 - тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
Қазақтың ұлттық ойындары – ескі заманнан бері келе жатыр. Рухани мұрамыздың өзге түрлері сияқты оның ұзақ даму тарихы бар. Кез келген ойыннан халық өмірін, тарихын көруге болады. Қазақ халқының ойындары, тұрмысы, салт – дәстүрі, көбінесе төрт түлік малмен, әлеуметтік жағдаймен, адамдар арасындағы қарым – қатынаспен, еңбекпен, шаруашылықпен байланысты.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
5-тапсырма. «Қазақ ұлттық ойындарына» қатысты диалог құрау
6-тапсырма. Сөйлемдерге талдау жасап, жалаң мен жайылма сөйлемдерді анықта. 1. Балалар алаңға шықты. 2. Асқар ойынды бастады. 3. Мен қуандым. 4. Ойын қызықты болды.